Жоба алды жұмыстар
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Құрылыс инжиниринг кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы: Ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланулары мен жер иеліктерінің кемшіліктерін түзетіу.
Орындаған:Кад-18-1 студенті Есіркепова Г.
Тексерген: аға оқытушы Есболай Г.И.
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 I. Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 1.1 Жерге орналастыруды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7 1.2 Жалпы қағидалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10 1.3 Жерге орналастырудың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14 1.4 Жерге орналастырудың мазмұны және шешетін мәселелері ... ... ... ... ... ... . ...16 II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22 2.1Қазіргі кезде бар ауылшаруашылық кәсіпорындарының жер пайдаланулары мен жер иеліктерінің кемшіліктерін түзету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 2.2 Қалыптасқан жер пайдалануларды талдау және олардағы кемшіліктерді белгілеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26ІІІ бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28 3.1 Жоба алды жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28 3.2 Жерге орналастыру жобаларын топтастыру(классификациялау) ... ... ... ... ... ...30 ІV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33 V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
КІРІСПЕ.
Жер - басты табиғат ресурсы және жалпы алғанда, адамның негізгі тіршілік көзі. Басқа материалдық құндылықтардың қатарында оның орны ерекше. Жер - ең маңызды, ештеңемен салыстырылмайтын ұлттық дәулет. Сондықтан оны жоспарлы түрде тиімді және ысырапсыз пайдалану әр қоғамның басты міндеті. Халық - шаруашылығының қай саласы болса да жер - орналасу орны, ал ауыл және орман шаруашылықтарында ол өндіріс құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан экономиканың басқа салаларына қарағанда ауылшаруашылығының құқықтық тұрғыда н, жерді пайдаланудағы үстемділігі болуға тиісті.
Жер кеңістік базис және өндіріс құралы ретінде шектелген және еркін пайдалануға болмайды. Әсіресе, егіншілікте жерді дұрыс, жүйелі және ғылыми негізделген түрде пайдалану, оның бұл салада қажетті табиғи қасиеттерін арттырады. Ауылшаруашылық пайдалануда егіншілік пен мал шаруашылығында, перспективалық технологияларды енгізу, агротехникалық шараларды пайдалану, мелиорациялау жұмыстарын жүргізу, егіншілік мәдениетін арттыру арқылы жердің құнарлығын көтеру негізінде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін көтеруге болады.
Ал ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттіліктерде жерді тиімді территориялық ұйымдастыру, әсіресе (мүмкіншілігіне қарай) әр жер учаскесін ең жоғары кіріс беретін қажеттілікке пайдалану және әр өндірістік немесе өндірістік емес мекемелерге, ұжымдарға, кәсіпорындарға ыңғайлы территориялық жағдай жасау арқылы бір аудан бірлігіне келетін тиімділікті көтеруге болады. Өнеркәсіп қажеттіліктеріне жер бөлудегі жерге орналастыру принциптерінің бірі - өнеркәсіп кәсіпорындарын территориялық - өндірістік кешендендіру. Оның негізінде транспорттық және басқа шығындарды азайтуға болады және бұл қажеттіліктерге бөлінген жерлердің ауданын кішірейтіп, жерді ысырапты пайдалану тиімділігіне келуге болады.
Әрине ауылшаруашылық жерлердің, оның ішінде суармалы егістік алқаптарының мәні адамзат өмірінде өте зор. Бірақ бүгінгі адамдардың қоныстану жиілігінің жоғарылауы, жер бағасының және жерді жалдау бағасының өсуі, әсіресе ірі мегаполистерде, қалаларда және адамдардың жиі шоғырланған аймақтарда жердің объектілеріді орналастыру орны ретінде өте тез өсуде. Міне, осы жоғарыда аталған қажеттіліктерді жермен қамтамасыз ету, әр жер учаскесін тиімді пайдалану жолдарын анықтау, жер қатынастарын реттеу жерге орналастырудың мақсат, міндеттері болып келеді.
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану
мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс - шаралар жүйесі болып табылады.
Қазіргі кезде Жобалармен басқару деген түсінік жиі кездесіп жатыр. Ал жерге орналастырудың жалпы мақсаты мен міндеті, арналуы - әр жер учаскесін оның табиғи қасиеттеріне, орналасу орнына, нысаналы пайдалану мақсатына және т.б. байланысты тиімді пайдалану жолдарын жерге орналастыру жобаларында белгілеу. Яғни жерді пайдалануда тек қана жоба ұсынысына сүйенуге болады. Сонымен жерге орналастыру жобасы арқылы жерді пайдалануға басшылық жасауға болады. ҚР жерге орналастыру - жер ресурстарын басқару механизмдерінің ірі болып келеді.
Жерге орналастыру жобасының әр түрінде көптеген проблемалар шешіледі. Мысалы шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында жерді салалар арасында, сала ішінде жер иелері мен жер пайдаланушылар арасында тиімді бөлу, арнайы жер қорларын құру, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың шегін белгілеу болып келетін болса, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларында ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жерлерін, оның алқап түрлері, табиғи өсімдіктер, топырағы сумен қамтамасыздығы және т.б. қасиеттеріне байланысты дифференциалды түрде пайдалану, күту және жақсарту жолдары әртүрлі мамандардың ғылыми ұсыныстары негізінде қабылданып, пайдалану жолдары белгіленеді.
Сондықтан жерге орналастыру шаралар жүйесі деп аталады және оны орындауда жерге орналастыру маманынан басқа әртүрлі мамандар қатысады немесе олардың ұсыныстары жобада қабылданады. Жерді пайдалану, күту және сақтау шаралары жерге орналастыру жобаларына әртүрлі ғылыми - зерттеу нәтижелерінің негізінде белгіленеді. Ол әртүрлі ғылым салаларының ұсыныстарынан әр жер учаскесіне жерді пайдалану мақсатына сәйкес керектері таңдалып, жер пайдаланушыға жобада қарастырылған шаралар ретінде ұсынылады.
Учаскелік жерге орналастыруда ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту және бұзылған жерлерді немесе эрозияға қауіпті және эрозияға шалдыққан жерлерде эрозияны болдырмау және тоқтату шаралары қабылданады.
Осы қысқаша жерге орналастыруға шолу оның бүгінгі күндегі жер ресурстарын басқаруда, жер қатынастарын реттеуде, жер заңдылығын сақтауда жалпы жерді пайдалануда алатын орнын жақсы көрсетеді.
Қазақстанда жерге орналастыру Кеңес кезінде өте жақсы дамыған. Бірақ
қазіргі кезде оның тура жалғасы деп айтуға болмайды, өйткені жер заңдылығында болған күрт өзгерістер жерге орналастыруға да әсерін тигізеді. Енді жерге орналастыру жобаларын орындауда меншік түрлері, жер нарығы,нарықтық экономика талаптары ескеріледі.
1.Теориялық бөлім.
1.1 Жерге орналастыруды жобалау.
Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу - жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты - жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жер заңдылығы бойынша бірде бір мекеме, бірде - бір ұйым құрылыс жүргізу жұмыстарын, жер бөлу жобасы бойынша жер бетінде берілетін жер учаскесінің шекарасы түсірілмей, оның мөлшері анықталмай, бастауға тиісті емес. Сондықтан ең басты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Қазіргі жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып, қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескеру негізінде жерге орналастыру жұмыстарында жоспарлы - таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуді талап етеді.
Бүгінгі күнде жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады: есептік - варианттық, статистикалық, монографиялық, экономика - математикалық (ЭММ), болжамдау әдістері және эксперимент жүргізу арқылы. Зерттеуде жерге орналастыру ғылымы диалектикалық - метериалистік зерттеп білу әдісінің талаптарына сүйенеді - фактілерді, құбылыстарды, қоғамдық категорияларды бір - бірімен өзара байланыста және тәуелді, статикалық емес, динамикада (дамуда) зерттеу, дамуды саннан сапаға көшу ретінде қарастыру, фактілерді және құбылыстарды зерттеуде қарама - қарсылықтардың бірлігі позициясынан қарау, жаңашалықты, прогрессивті, болашағы барларын табу.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.
Жалпы жерге орналастыру теориясы жобалаудың экономикалық мәнімен тығыз байланысты. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру әртүрлі болуы мүмкін : жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжам сызбанұсқалар негізінде қаылданған жүйе ретінде қатаң орындалуы тиіс . немесе ауданның жерге орналастыру сызбанұсқасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге 7
орналастыру жобаларын және ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жере орналастыру жобалары жасалады. Осы жолмен қабылданған аудан сызбанұсқасы мен жобалық шешімдер жекеленіп жүзеге асырылады.
Бірақ іс жүзінде әртүрлі жағдайлар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейді, бірақ жобалық шешімдер әр жағдайда жеке таңдалып, орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда жобалау барысында, жерге орналастыру процесі толық орындалған немесе жеке жобалауды жүзеге асыруды жалпы қажетті басқару ережелерімен бірыңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды басшылыққа алу қажет.
Жобаны жасау алдында дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұған мынандай бірқатар іс - қимылдар кіреді:
жерге орналастыру процесіне қатысатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамы анықталады;
жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат - материалдар (құқықтық, планды - картографиялық, іздестіру, экономикалық т.б.) жиналады;
кәсіпорындардың шаруашылық аралық байланыстары;
инфрақұрылымның орналасуы және даму деңгейі;
жер мен табиғатты қорғау жөніндегі талаптар;
жобалық құжаттардың құрамы;
жобаның ықтимал варианттары және жалпы көріністері.
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халықшаруашылығында, әсіресе ауылшаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер, сызбалар және т.б.) жиынтығы.
Жерге орналастыру жобасы игерілгенде көптеген ауылшаруашылықтық және ауылшаруашылығына жастпайтын жер иеліктері мен жер пайдаланулар, жерге орналастыру объектілері пайда болады.
Жерге орналастыру жұмыстарының нәтижелері:
- жер пайдаланудың экономикалық тиімді көлемі, орны және ыңғайлы шекарасы;
- тиімді орналастырылған шаруашылық орталықтары, ауыспалы егістер, 8
жайылымдар, жеміс - жидектер, жүзімдік кварталдары, басқа шаруашылық учаскелері, олардың экономикалық тиімді көлемдері, орналасуы және шекаралары.
Сондықтан жоба, әсіресе ауылшаруашылығы үшін, прогрессивтік технологияны енгізуде және өндірісті ұйымдастыруда негіз болып есептелінеді.
Жерге орналастыру жобаларындағы және сызбанұсқаларындағы өндірісті технологиялық ұйымдастыру мұқият экономикалық дәлелдеуге салынады.
Жоба екі бөліктен тұрады: мәтіндік және графикалық. Жобаның тиімділігін агроэкономикалық, инженерлік - экономикалық және сметалық - қаражатты егжей - тегжей дәлелдеу есептеулері және жобаның графикалық бөлігі бірге біртұтас жобалау - сметалық құжаттары болып келеді.
Жобаның графикалық бөлігіне: жобалау планы, жұмыс сызбалары, сызбанұсқалар және иллюстрациялау суреттері, графиктік диаграммалар жатады. Жобалау планы - негізгі құжат. Онда жер пайдаланудың шекаралары, көлемі және орны көрсетіледі.
Ауылшаруашылығы мекемесі үшін жер пайдаланудың тек қана шекарасы мен мөлшері анықталып қоймай, әрі қарай ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы арқылы ауылшаруашылық өндірісіне прогрессивтік технологиялар енгізіледі, ауылшаруашылық алқаптарының құрамы анықталады, ауыспалы егіс жүйелері, онымен байланысты егіншілік және шаруашылық жүргізу жүйелері белгіленеді.
Ауылшаруашылық мекемесінің ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы оның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізі болады, жалпы шаруашылықтың құрылысын белгілейді.
Жерге орналастыру жобасын орындау дегеніміз - жобаны жер бетіне көшіру, жобаның барлық элементтерін игеру, жерге орналастыру материалдары мен құжаттарын рәсімдеу және тапсырма берушіге тапсыру.
9
1.2 Жалпы қағидалар.
Қазақстан Респуликасы кең - байтақ территорияны қамтиды: батыста - Еділ өзенінің сағасынан басталып, шығысында - Алтай тауларымен жалғасады, солтүстігінде - Батыс - Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде - Іле Алатау тауларымен шектеледі. Территориясының ауданы 272,5 млн.га, респулика дүниежүзі бойынша ең ірі (аумағымен 9 - шы орында) он мемлекеттің бірі болып келеді.
Қазақстан Еуразия материгінің ортасында, Еуропа және Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Әлемнің ең ірі мемлекеттері Ресей мен Қытай Халық Республикасымен, Орта және Орталық Азия мемлекеттірмен шектеседі.
Қазақстанның құрлықтық шекарасының ұзындығы 13392,6 км, оның ішінде: Ресей Федерациясымен - 7591,0 км, Өзбек Респуликасымен - 2351,4 км, Қытай Халық Рсепубликасымен - 1782,8 км, Қырғыз Республикасымен - 1241,6 км, Түрмен Республикасымен - 425,8 км.
2011 жылы 1 қарашасына сәйкес деректер бойынша республиканың әкімшілік - территориялық құрылымы жүйесіне 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала, 161 әкімшілік аудан, 231 қала және поселкілер, 6789 селолық елді мекендер кіреді. Республикада 2453 ауылдық (селолық) округтер ұйымдастырылған.
Жер русурстарын, әсіресе ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалану және жер қатынастарын реттеу жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу арқылы орындалады. Республикада болып жатқан нарықтық қатынастың даму кезіндегі экономикалық реформалар, олардың ішінде жер реформасы - осы өзгерістердің негізгі элементтерінің бірі деп атауға болады.
Жер қатынастарын анықтайтын заңдық негіз жер реформасының экономикалық және қоғамдық талаптарына сай құрылуы керек. 1995 жылжың 30 тамызына дейін жер түгел мемлекет меншігінде болған. 1995 жылдың 22 - желтоқсанында шыққан ″Жер туралы" Қр президентінің заң күшіне ие Қаулысына және 2001 жылдың 24 қаңтарнда шыққан "Жер туралы" заңында Қазақстанда жерге мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшік енгізілген.
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қолданыстағы Жер кодексінде (2003 ж. 20 маусым № 442-II): Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін делінген. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік және жеке меншік бірдей қабылданады және қорғалады. 10
Реформаның негізінде қабылданған жерге жеке меншік жер қатынастарына, жерге орналастыру және жер кадастры жұмыстарын жүргізу әдістеріне көптеген өзгерістер енгізіледі. Жер кадастры жерге орналастыру жұмыстары құрамынан жеке сала ретінде бөлініп шығып, жаңа технологияларды енгізу негізінде өзінің прогрессивтік түріне - автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне біртіндеп көшуде.
Бүгінгі күнде жер заңдылығы ең соңғы, N 442 - II 2003 жылы 20 маусымда қабылданған ҚР Жер кодексімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде анықталғандай, Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша іс - шаралар жүйесі болып табылады.
Жер кодексі бойынша республика жер қоры пайдалану мақсатына қарай жеті санатқа бөлінеді. Жердің тікелей пайдалануын нақты жер пайдаланушылар мен жер иеленушілер жүзеге асырады: мемлекеттік, кооперативтік, қоғамдық, жекеменшік кәсіпорындары мен ұйымдары. Осы шаруашылық субъектілеріне иеленуге берілген жер учаскелері - жер иелігі, ал пайдалануға берілген жер учаскелері - жер пайдаланулар деп аталады. Жер иелігі (жер пайдалануы) - бұл шаруашылыққа, кәсіпорынға немесе басқа заңды құқық иесіне, жеке тұлғаларға нақты мақсатпен берілген және орны, көлемі нақты пайдалану нысаны белгіленген территория.
Жер иелігінің жер пайдалануға қарағанда бір өте маңызды ерекшелігі бар. Жер пайдаланылуы белгілі бір мерзімге және нақты мақсатпен беріледі, ал жер иеленуі мерзімсіз иеленушілік мақсатына сай беріледі.
Жерге орналастыру меншік нысанына, пайдалану мақсатына және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.
Жер ресурстарын, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу және онымен байланысты көптеген күрделі проблемала.рды шешу жерге орналастыру арқылы орындалады. Егістік және мал азықтық алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарылату, топырақ эрозиясымен, сондай - ақ басқа да жерге кері әсерін тигізетін және оның бұзылуы мен ластануына себеп болатын жағдайлармен күресу шаралары жерге орналастыру жобаларында қарастырылады.
Халықшаруашылығы және ауылшаруашылық салалары ішінде, жерге меншік иелері және жер пайдаланушылар арасында жерді бөліп еру, әрдайым 11
даму жолындағы өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және өндірістік салаларына, құрылыстар салу үшін жер бөлу қажеттілігі күнделікті өсуде. Сондай - ақ қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттілігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жерді жеке меншік және жалдау ретінде облыстарда пайдалануда жерге орналастыыру қолднанылады. Ол - Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйеі. Халықшаруашылық масштабында жерге орналастыру сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
Ауылшаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін тағайындап, өмірге енгізу жерге орналастыру негізінде жүзеге асырылады.
Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауылшаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болып келеді.
Қазақстан Республикасының жалпы территориясы 272490.2га. болса, оның ішінде ауылшаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің жалпы көлемі 93727,4га. және оның территориялық көлеміндегі үлес салмағы 34,40%, оның ішіндегі егістік жерлер - 23835,7га, яғни 25.43% - ын құрайды. ТМД - ның басқа аймақтарына қарағанда бұл өте төмен көрсеткіш. Мысалы, Ресейдің Орталық қара топырақ аймағында оның деңгейі 80% - ға жетеді.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдалануы (жер иелігі) қоғамдық немесе жекеменшік болады. Біріншісіне көптеген ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланулары жатады. Жекеменшік жер иеленуі - республикада жаңадан қалыптасқан жерді пайдалану формаларының бірі. Бұларға алдымен шаруа қожалықтарының жер иеліктері жатады. Осымен қатар, жер пайдаланулар мен жер иеліктері мақсатына қарай: ауылшаруашылық және ауылшаруашылықтық емес болып бөлінеді. Біріншілеріне ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың жер иеліктерімен жер пайдаланулары жатады. Ал, ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар - транспорт, өндіріс, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдалануларын қамтиды. Сонымен бірге, жеке жер санаты ретінде тарихи - мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.
Уақыт аспектісінде жер пайдаланулардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады, уақытша түрі - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. 12
Жер пайдаланушылар: мемлекеттік және мемлекеттік емес; ұлттық және шетелдік; жеке және заңды тұлғалар; тұрақты және уақытша; бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.
13
1.3 Жерге орналастырудың даму тарихы.
XX ғасырдың басында, жердің көбі жекеменшікте болған кезде шаруа ұжымдарының, шаруа жекеменшігінің отрубтық және қыстақтық жерлерінде және помещиктердің және басқа жерлердің шекаралары өте дәл аналитикалық тәсілмен жасалған. Жерге орналастыру жұмыстары көбінесе жер бөлудің математикалық және геодезиялық тәсілдерін қолдану және жерді пайдалану құқығы заңмен бекітілген жұмыстарды орындаумен шектелген. Революцияға дейінгі жерге орналастыру жұмыстары жоғарғы айтылған тәсілдермен орындалған.
Үлкен жер пайдаланушылар, ұжымшарлар мен кеңшарлардың жер пайдаланулары пайда болған кезден бастап жерге орналастыру ғылымы өте тез дами бастады, ал жерге орналастыруды жобалау, осы жұмыстардың құралы ретінде, өте тез дами бастады. Техниканы адамдардың ұжымдық бірлестік еңбегін тиімді пайдалану және ірі жер аумағын ұтымды пайдалану үшін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа тәсілдерін ойлап табу керек болды.
Шекараларды жер бетінде белгілеу, планғатүсіру және жер пайдалану құқығын бекітетін актілермен қамтамасыз ету, яғни техникалық және құқықтық аспектілерімен бірге экономикалық және қоғамдық мәселелерді шешу үшін болды: жаңа ұжымшарлар мен кеңшарлардың шаруашылық орталықтарын, өндіріс бөлімшелерін орналастыру және ұйымдастыру, ауылшаруашылық алқаптарының түрлерін және құрылымын жарамды түрге келтіру, дұрыс ауыспалы егістіктерді енгізу және т.б.
Шаруашылық аралық және ішкі шаруашылық жерге орналастыру пайда болды.
Осы жұмыстарды орындау үшін ғылымның мәнін көтеру керек болды. Жерге орналастыруды жұмыстарында және ғылымында қоғамдық - экономикалық бағыт жер өлшеу, техникалық (геодезиялық) жұмыстардан басым бола бастады.
Жерге орналастырудың ұжымшарлар мен кеңшарлардың (1932 - 1938ж.) кезеңінде ғалымдарың арасынан көп еңбек сіңірген ғалымдарды атап кетейік: И.Д.Шулейкин, Н.В:Бочков, С.А.Удачин, Н.Н.бурихин және т.б. Кейінгі кездегі ғалымдардың арасынан М.А.Гендельман, Е.Д.Тихомирова, Э.А.Шойхет, М.Д.Спертор, Я.Я.Мауль, Л.И.Подольский, С.Н.Волков, А.А.Варламов, П.С.Шевченко, Ж.Т.Сейфуллин, Н.Л.Озеранская, Э.В.Белоусова және Ж.К.Қырықбаевтарды атауға болады.
Кеңес үкіметі кезінде жерге орналастыру ғылымының жалпы теориясы 14
жақсы дамыды: яғни табиғаттық аймақтардың, экономикалық аудандардың ерекшеліктерін ескеретін жерге орналастыру жұмыстарының жаңа әдістері алға қарыштады.
Жерге орналастыру мынадай жұмыстармен және ғылымдармен өте тығыз байланыста орындалады: жерді инженерлік - техникалық жабдықтау, жердің құнарлығын бағалау, ауылшаруашылықтық карта жасау, аудандық ауыл шаруашылық пландау, келешек жоспарлау, көп жылдық болжау, мелиорациялау, агроорман мелиорациясы, елді мекенді планды жоспарлау.
15
1.4 Жерге орналастырудың мазмұны және шешетін мәселелері.
Қазіргі кездегі қолданыстағы Жер кодексінде Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде белгіленген, Қазақстан Республикасының заңдарында көздерген тәртіппен қаралған және бекітілген жердің нысаналы мақсаты, жерді пайдалану мен оны қорғау режимі, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, жердің сапасы мен мөлшері туралы және басқа деректер жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады делінген (1, 149 - 151 баптар). Жерге орналастырудың мәні осы бір жер заңдылығының бабында нақтылы көрсетілген. Ал мазмұны мен шешетін мәселелерін келесі анықтама көрсетеді:
Жерге орналастыру дегеніміз - жер қатынастарын реттеуге, жерді, өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай - ақ, жылжымайтын мүлік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға , жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру арқылы тек қана жерді емес және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралары іске асырылады.
Жерге орналастыру объектісі ретінде руспубликаның, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.
Жерге орналастырудың мазмұны қоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәйкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар: ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып, қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу; мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру; қалалардың, Поселкелер мен ауылды елді мекендердің шекарасын өзгерту және бергілеу.
ҚР - да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалану тиімді ұйымдастыруды келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді: 16
ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық сызбанұсқасы (сызбанұсқа);
облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру сызбанұсқасы;
шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
учаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялау, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары.
Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:
ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық сызбанұсқаларын (жобаларын) және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді;
белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын (шегін) анықтау мен белгілеуді, олардың жер - шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
белгілі бір жерде әкімшілік - аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай - ақ жерді пайдалану ме қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;
жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
топографиялық - геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz