Жеке тұлға түсінігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделетін басқа да мүліктік қатынастар, сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі.
Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары және міндеттері болады, олар құқық қатынастарының объектілері деп аталады. Азаматтық кодекстің 1 бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген. Азаматтық құқық қатынастардың субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары Конституцияның 10 - бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан, бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген.
Азаматтық құқық шеңберінде кәсіпкерлер үшін ерекше режим жасау Азаматтық кодекстің маңызды жаңалығы болып табылады. Кәсіпкерлік қызметпен тек заңды тұлғалар ғана емес, жекелеген азаматтар да айналыса алады. Атап айтатын болсақ, Азаматтық кодекстің кейбір баптарында кәсіпкерлерге арналған арнаулы режим бар нормалар: міндеттемені мерзімінен бұрын орындау, қосылу шарты және басқалар келтірілген.
Азаматтық құқық - жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және әкімшілік - аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс-әрекеттерімен тығыз байланыстағы Қазақстан Республикасы құқығының бір саласы. Тауар - ақша, қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың негізгі пәні. Жеке мүліктік емес қатынастардың мәніне жатпайтындықтан, әрі басқа заңдарда қаралмағандықтан, мүліктен бөлек, жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық заңнамалармен реттеледі. Азаматтық құқықтың реттейтін қоғамдық қатынастардың негізгі түрлерінің біріне, құқық нормалардың ықпалына ұшырайтын мүліктік қатынастар жатады. Материалды игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, бағалы қағаздармен тағы да басқа мүліктермен) байланысты қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мүліктік қатынастар мүлікке деген меншіктік қатынастардың негізінде пайда болатындықтан, азаматтық заңнамалардың іс - әрекетіне бағынады. Осы тұрғыдан, мүліктік қатынастар дегеніміз мүлікті алу, иелену немесе басқа субъектілерге беру барысында, айырбас сату немесе тауар - ақша қатынастары азаматтық құқықтық реттеудің негізгі объектісі болады.

1.АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СУБЪЕКТ ҚҰҚЫҚТАРЫ
1.1 Жеке тұлға түсінігі

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым - қатынасы философия, психология, педагогика, тарих тағы басқа қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым - қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдың, М.Ф.Харламовтың Педагогика атты еңбектері, Н.Козлованың Тәрбие теориясына кіріспе, В.М.Гинецинскийдің Педагогика теориясының негіздері, Б.С.Гершунскийдің XXI ғасырдағы білім берудің философиясы, В.А.Сухаевтың Біз әртүрлі тілде сөйлейміз, А.Ф.Малышевский, В.А.Корпунин, К.С.Пироговтардың Философияға кіріспе, А.С.Арсеневтің Жеткіншектер философтар көзқарасымен, А.М.Қасабеков пен Ж.Алтаевтың Қазақ философиясының тарихына кіріспе, Д.Кішібековтің Философия, Г.К.Нұрғалиеваның Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы сияқты ондаған монографиялық аса құнды ғылыми еңбектер жарық көрген болатын.
Бұл еңбектердің бәрінде де жеке тұлға мен қоғамдық қарым - қатынас, жаңа қоғам мүшелерін тәрбиелеудің маңызды мәселелері қозғалады. Әсіресе Д.Кішібековтің Философия атты еңбегінде: Жеке тұлға деген не? Тұлғаның қоршаған ортаны танып білу механизмі қандай? Таным процесіндегі қарым - қатынастың маңызы қандай? Жеке тұлғаның ұжымдағы орны деген не? - деген мәселелер философиялық тұрғыда жан - жақты талданған. Осы еңбектерге сүйене отырып, жеке тұлға деген не, оның тұлғалық ерекшеліктері неге байланысты, әр адамның айналасын танып білуінің сыры неде деген мәселелерге тоқталамыз.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында өмір сүреді де, өзі тіршілік етіп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне бірдей ортақ мінез - құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Адамдар дүниеге тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігі бірден келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру, дамыту қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын қоғам мүшелері басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүруім керек деген принципті ұстанғанымен, шын мәнінде өмірде олай емес.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол оның өзіне тән мінез - құлқындағы, іс - әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшеліктерімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірдей талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой - пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, қорытуы, сын - пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басы-на физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байла-нысты. Мәселен, біреулердің бір нәрсені жасауға іскерлік қабілеті болса, екінші адамда оның болмауы;біреудің ұйымдастырушылық қасиеті күшті болса, екінші бір адамның ұйымдастыру ісіне қабілетсіз болуы; біреуі білімді тез қабылдаса, екінші адамның білімді салбыр, баяу қабылдауы; біреудің дене күші дамыған болып келсе, екінші адамның абстракциялық ойлау қабілетінің баяу дамуы және т.б.
Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың ұжымдық қарым - қатынасынан көрінеді. Сонымен бірге, адамның өмірде үзіліссіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой - санасын білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас жораларының, таныстары,достары-ныңда белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелі-гінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқаймыз.
Мінекей, осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, Карл Маркс жеке тұлғаның ерекшелігі жөнінде Адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуын оның өзінің мінез - құлқы жағынан белсенді әрекетіне және әр түрлі әсерленуіне қарамастан, саяси экономикалық, идеологиялық,адамгершілік, эстетика-лық, діни т.б. қоғамдық қатынастардың бірлігінде қарастыру керек - деген қорытындыға келді. Оның себебі, ол қатынастардың өзара байланысы, бір - біріне ықпалы қоғамдық ортада біркелкі болмайды да, ол адамдарға әр түрлі деңгейде әсер етеді, сондай - ақ адамдардың басқалардың көзқарас, ой - пікірлерін қабылдау дәрежесі де түрліше болады. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір - біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез - құлқы, іс - әрекеті, өмірге деген икемдік қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше дараланған жеке тұлға деп қараймыз. Бір қоғамда өмір сүрушілерге ортақ әлеуметтік, моральдық - этикалық заңдардың ортақтығына қарамас-тан, жеке тұлғалардың әлеуметтік қарым - қатынаста қатесіз бірдей болуы да мүмкін емес. Олай болса, жеке тұлға деген түсінікке не кіреді?
Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерінің қандай түрлері жеке тұлғаны анықтай алады дегенге, ол сана мен өзін - өзі саналандыру қасиеттері деуге тура келеді. Сана ақыл - ойдан туындайды. Адамның ақыл ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бірін - бірі бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Олар көбінесе өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады. Абайдың өмірде Көре алмас іші тар, несі артық менен деушілердің көп болатынын дөп басып айтуы да осы ойға сала-ды. Сонымен бірге, жеке тұлға өзін - өзі бағалауға да, өзінің іс - әрекетін, оның нәтижелерін басқалардың бойындағы қасиеттермен салыстырып көре, тани білуге, соған теңелсем, сондай болсам екен деп ұмтылыс, іс - әрекет жасауға да қабілетті.
Жеке тұлғаға тән қасиет - ақыл, ес, яғни өмірді өзінің сана - сезім өлше-мімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу дегені-міз миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын,естігенін,көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс - әрекетін, мінез - құлқын, сана - сезімін байытады, толықтырады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады және оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін - өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс - әрекетінен үйрену, оны өз бойының жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Осы қасиетті көре білген Абай:
Оны ұғарлық адамда сана барда - деген Абай сөзі де соны растайды. Мысалы, суретші алдымен өз ойында қорытылған ішкі сезімді жинақтап, қыл қаламмен, бояу құдіретімен айналасындағыларға сурет арқылы бейнелеп береді немесе ақын, жазушы өз замандастары туралы эссе жазу арқылы олардың жақсы, я жаман қасиеттерін оқырмандарға білдіреді.
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік - жігерінің іске асуы, яғни өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайын-дығы және оны іске асырудың нәтижесі, көрінісі. Ерік - жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тәне жеке басы қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс - әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нәрсені істерде алдымен еркін ақыл парасат таразысына салып, осы істі іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? - деген ойға қалады. Олай болса, ерік - жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағы-нышты. Ерік өлді немесе әлсіз, сылбыр немесе қайратты, сақ немесе бұзып жарушы болып бөлінеді. Өмірде кейбір адамдар бір іс - әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп мың ойланып, жүз толғанып іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр - топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік - жігер күшінің түріне байланысты.
Сонымен бірге, тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш - сүйініштің бойға жинақталған көрінісі. Мысалы, стадиондағы футбол жарысына қатысушылардың қызбалығынан осыны байқаймыз. Театрда спектакльді көріп отырып, біреулердің солқылдап жылауы немесе ішегі қатып күлуі әрбір жеке тұлғаның ішкі сезімінің сыртқа шығуы. Алайда әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік бер-се, екінші біреу іштей булығып, көгеріп, сазарып, тас - түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімін ұстай алу еркіне байланысты құбылыс.
Сонымен, жеке тұлғаның ерекшеліктеріне тән қасиеттер оның санасына, өзіне өзінің сын көзімен қарауына, адам баласының есіне әсер ететін ішкі және сыртқы түсінік, түйсіктердің әсеріне және оның ерік - жігер күші мен әсерленушілік сезім дүниесіне байланысты құбылыс демекпіз.
Әрине, бұл қасиеттер жеке адамның тұлғалық бейнесін айқындай алмай-ды. Жеке тұлғаны анықтауда оларды тұтас бірлікте қарастыруға тура келеді. Бұл қасиеттер бір - бірімен тығыз байланысты, бірінсіз - бірі жоқ деп қарағанда ғана әр тұлғаға тән өзіндік менін айқындай аламыз. Әр адамның тұлға ретінде қалыптасуы адам өмірінде сыртқы күштердің - табиғаттың және әлеуметтік жағдайлардың әсерімен, ішкі күштердің бірлігінде ғана іске асырылады. Біз әр адамның өзіндік өмір жолы бар деп қарасақ, оған туған - туысқандары мен жора - жолдастарының да, ауыл - аймақтың да әсерінің болатынын естен шығаруға тиісті емеспіз, яғни жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру ісінің қоғамдық ортадан тысқары болуы мүмкін емес.
Ж. Аймауытовтың 1918 ж. өзінің Абай журналында жарияланған Тәрбие атты мақаласында Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата - ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара - бара әсерлер адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі. Тәрбиеге туған жұрттың тілі, мінезі, тұрмысы да әсер қылмақ. Қысымшылық көрген, жасқаншақ болған, жалыншақ, жабыңқы елдің баласы да сондай болмақ. Ашық көңілді, сауықшыл ел - жұрттың баласы да сондай болмақ. Ашық көңілді, сауықшыл ел жұрттың баласы да сондай болмақ. Діндар елдің баласы діндар келеді. Тәрбиеге үлкен әсер беретін шарттың бірі - медресе. Баланың ақылын арттырып, білім беретін, ілтипатты, табанды, талантты, ыждаһатты қылатын, өмірлік азық беретін жақсы медресе болу керек - дейді.
Ұлы ойшыл Абайдың Әркімді заман өсіреді. Кімде - кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват деуі де адам тәрбиесінің қоғамдық ортамен тығыз байланыстылығына әкеледі.

1.2 Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттілігі

Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық - құқықтық реттеудің негізгі бастамаларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды. Азаматтық құқық қағидалары, бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, Азаматтық кодекстің 2 бабында көрініс табады.
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияның негізінде қолданылады, яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мына- дай қағидалары бар:
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік бағалы және жеке мүлік-тік емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз емес, олар нақты бір жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне негізделген. Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің дифференциясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім.
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір сипаттылығы кез - келген мүліктік бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды мазмұнының жалпылығын анықтай-ды.
Жалпы бөлім табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қарама - қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды азаматтық - құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және басқа да заттық құқықтарды, міндеттемелік құқықтарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді қарастырса, ерекще бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін, интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халықаралық жеке құқық қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлі мен дифференциясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде(әрі қарай - нормативті актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың қайнар көздері атаймыз. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы азаматтық заңдылықты құрайды.
Азаматтық кодекстің 3 бабында азаматтық заңдылық түсінігіне тек АК және оған сәйкес қабылданған өзге заңдар кіреді. Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нор-мативтік құқықтық актілер, салт - дәстүрлер, шарт.
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланыс-ты қатаң иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен анықталады. Нормативтік актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құралуының тек қана теориялық емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әр түрлі шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші бар нормативті акт қолданылады. Барлық заңдар күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты нормативті актілер бөліп бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті актілерге қараған-да басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан Респуб-ликасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізін заңы болып табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар. Олардың ішінде азаматтық құқықтық нормалары да бар. Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.
Азаматтық кодекс салалық кодификацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл территориясында мүліктік - бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды қалыптарын бекітеді. Кодификацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін реттейтін арнайы заңдар құрайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы заңы, сақтандыру ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды реттейді; Қазақстан Республикасының Патенттік заңы мүліктік және құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру, құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР Тұтынушылар құқықтарын қорғау заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын құқықтық актілер түрінде белсенді рөл атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдермен есептесуі керек.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт арқылы іскер ғұрыпты санкцияға кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық заңдылық жүйесіне кіреді. Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі.
АК күшімен кәсіпкерлік салада қолда-нылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен қарастырылма-ған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері, мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер айналым дәстүрі қандай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне қара-мастан қолданыла алады.
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Пленумы жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Пленумының талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық соттап үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады. Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап, түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды. Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнар көзі болып табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сонымен қатар сот прецеденті жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады. Азаматтық заңдылық әрекеті.
Азаматтық заңдылық уақытта, кеңістікте және қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған. АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық құқықтың уақыт аралы-ғындағы әрекеті деп заңның әрекет ету мерзімін қарастырамыз.Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы. Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз. Сонымен қатар кейбір актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете алады, оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез - келген тараптарға даруын айтамыз. Мысалы, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен заңды тұлғалары. Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек.

2 АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
2.1 Азаматтық құқықтық құқық қабілеттілігі

Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық Кодекстің 1 бабында азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай - ақ әкімшілік - аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10 бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны көрсетілген.
Азаматтық кодекстің 1 - ші бабында көрсетілгендей, азаматтық - құқықтық қатынастарының негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық кодекстің 13 - ші бабына сәйкес азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол - азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтық құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т.б. жағдайларына қарамастан, Қазақстан Республи-касының барлық азаматтарына теңдей мойындалады. Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық заңдарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл - есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге заңда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген.
Азаматтық Кодекстің 525 - ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұра-гермен тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұны-на тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14 - ші бабында айқын көрсетілген. Азаматтық меншік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында еркін жүріп - тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез - келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнерта-быстарға - ғылым, әдебиет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
Қылмыс жасаудың нысаны - әрекет
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Әлеуметтанудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Пәндер