Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі


Қорқыт Ата атындағы қызылорда мемлекеттік университеті
Әскери кафедра
Мамандығы 310100
Қаржылық қамтамасыз ету
Реферат
Орындаған:Тәшім Мәди
Қабылдаған:Смайлов М. О.
Оқу взводы: 481-взвод
Қызылорда 2019 ж.
Қаржы экономикалық дайындық
№3 тақырып.
ҚР ҚМ әскери бөлімдерінде, ұйымдарында және мекемелерінде бухгалтерлік есепті жүргізу ережелерімен ұйымдастыру негіздері.
№13 сабақ.
Техникалық жай күй актілері бойынша әскери мүлікті есептен шығару тәртібі
Оқытушы: Смайлов М. О.
Оқу сұрақтары:
1. Техникалық жай күй актілері бойынша мүлікті есептен шығару тәртібі
2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс обьектілерін мүліктік жалдауға беру қағидалары бекітілсін.
3. Негізгі құралдарға тозуды есептеу тәртібі. Инспекторлық куәліктер бойынша жоғалған мүлікті есептен шығару тәртібі.
1. Техникалық жай күй актілері бойынша мүлікті есептен шығару тәртібі
Техникалық жай-күйi актілерi бойынша жарамсыз (шектi) жай-күйге келген есепте тұрған мүлiк:
1) белгіленген қызмет мерзiмдерiнiң өтуi бойынша;
2) қолбасшылықтың жоспарлары бойынша өткiзiлген сынақтар немесе тәжiрибе жұмыстары процесiнде;
3) егер ол өзiнiң техникалық жай-күйi бойынша жөндеуге (қалпына келтiруге) және тiкелей мақсаты бойынша пайдалануға келмейтiн болса, белгiленген сақтау шарттарын, жаңарту және техникалық қызмет көрсету тәртiбiн сақтаған кезде жедел және стратегиялық запаста сақтаудың белгiленген мерзiмiнiң өтуi бойынша есептен шығарылады.
Техникалық жай-күйi актілерi бойынша оған қызмет мерзiмi белгiленбеген, егер ол өзiнiң техникалық жай-күйi бойынша жөндеуге (қалпына келтiруге) және мақсаты бойынша пайдалануға келмейтiн болса, қалыпты пайдалану процесiнде жарамсыз (шектi) жай-күйге келген мүлiк есептен шығарылады.
Техникалық жай-күйi актiлерi бойынша белгiленген жарамдылық мерзiмдерi өткеннен кейiн және бақылау-талдау зертханаларынан алынған олардың жарамдылығы туралы қорытынды (талдау) негiзiнде дәрi-дәрмек құралдары (оның iшiнде соғыс уақытында басым қолданылатындары да) есептен шығарылады.
10. Есептен шығаруға жататын мүлiктiң техникалық жай-күйiн анықтау және оны есептен шығаруға техникалық жай-күйi актілерiн жасау оның құрамына осы құралдар бойынша мамандар кiретiн комиссиялардың қарауына жатады.
11. Техникалық жай-күйдi анықтау үшiн:
1) ұсынылған мүлiктi қарау, өлшеу мен тексеру жүргізіледi, мүлiктің техникалық жай-күйi актісiн жасау үшін негіз болған бар ақаулар тозудың дәрежесi мен себептерi белгіленедi;
2) формулярдың (паспорттың) дұрыс толтырылуы тексерiледi және комиссия төрағасының қолымен және әскери бөлiмнiң елтаңбаны мөрiнiң бедерлемесiмен расталады;
3) мүлiктi пайдалану және сақтау шарттарының қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң талаптарына сәйкес келуi тексерiледi;
4) мүлiктiң iс жүзiнде пайдалануда болу ұзақтығы белгiленедi және оны жөндеу мен мақсаты бойынша бұдан әрi пайдаланудың орындылығы айқындалады;
5) есептен шығаруға жататын мүлiктiң жинақтамасы тексерiледi;
6) оларды алған соң кейiннен кiрiске алу үшiн негiз болатын, есептен шығарылатын мүлiкте болатын құнды (түстi) металдар, асыл тастар, иондаушы сәулелену көздерi мен радиоактивтi заттар тiзбесiн қоса бере отырып техникалық жай-күйi актiсi жасалады. Есептен шығарылатын мүлiкте құнды (түстi) металдардың, асыл тастардың, иондаушы сәулелену көздерi мен радиоактивтi заттардың болмау фактiсi немесе олардың жетiспеушiлiгi техникалық жай-күйi актiсiнде көрсетiледi;
7) мүлiктi тұтастай және әрбiр құрылғы бойынша, оның iшiнде есептен шығарылғаннан кейiн құнды (түстi) металдар мен асыл тастарды да қамтитындарын неғұрлым мақсатты пайдалану туралы ұсыныс енгізiледi, оларды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырылады;
16. Техникалық жай-күйi актiсi:
әскери бөлiм командирiнiң (бастығының) бекiтуi үшiн үш данада;
жоғары тұрған лауазымды адамның бекiтуi үшiн төрт данада жасалады.
Техникалық жай-күйі актілерi мүлiктiң тиесiлiлігі бойынша әскери бөлiм қамтамасыз етуде тұрған басқару органына беріледi.
Пайдаланылуы (жұмысы) паспорттарда (формулярларда) ескерiлетiн мүлікті есептен шығаруға техникалық жай-күйi актiсiн ұсынған кезде оның барлық бөлімдерi техникалық жай-күйi актiсiне қол қойылатын күнге толық ресiмделген және қол қоюмен әрi әскери бөлiмнiң елтаңбалық мөрiнiң бедерлемесімен расталған паспорт (формуляр) мiндеттi түрде қоса берiледi.
Өрт сөндіру машиналары мен қозғалтқыш сорғыларын есептен шығару кезінде техникалық жағдай туралы актіге тиісті органның арнайы жабдықтары туралы қорытынды қосылады.
17. Техникалық жай-күйiнiң бекітілген актiсi онда көрсетiлген мүлiктi әскери бөлiмнің есебiнен шығару және есепке алу тiркелiмдерi, кiтаптары мен карточкалары бойынша бөлшектеуден алынған агрегаттарды, тораптарды, аспаптарды, бөлшектерді, материалдарды, металл сынығы мен басқа да мүлiктi кiрiске алуға сапалық жай-күйiнiң өзгеруi актiсiн (осы Ережеге 2-қосымша) жасауға негiз болады.
18. Қару-жараққа, техника мен мүлiкке техникалық қызмет көрсетудiң және жөндеудiң регламенттік жұмыстарын жүргiзген, өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар кезiнде жұмсалған шығыс және пайдалану материалдары, зымыран отыны, жанармай, қосалқы бөлшектер және қосалқы құралдар мен керек-жарақтар (бұдан әрi - ҚҚЖ) бөлiмшелерден қолданыстағы нормаларға сәйкес есептен шығару актілері (нұсқама) бойынша, ал жөндеу бөлiмшелерiнен (шеберханалардан) орындалған жұмыстар актілері бойынша есептен шығарылады.
19. Жөндеу бөлiмшесiнде (шеберханасында) орындалған жұмыстар актілерi ауыстырылған агрегаттар (жеке жүйелер), қосалқы бөлшектер, материалдар мен ҚҚЖ туралы есепке алу кiтабынан үзiндiлер негiзiнде жасалады және жөнделген техниканы (мүлiктi) қабылдап алушылар бұрыштама қою үшiн ұсынылады 21. Қабылдау, сақтау және тексерiс (түгендеу, тексеру) кезiнде анықталған табиғи азаю нормалары шегінде мүлiк жетiспеушiлiгi есептен шығару актiлерi негiзiнде әскери бөлiм қызметтерiндегi есептен шығарылады.
Есептен шығару актiлерiне табиғи азаю есебi қоса берiледi.
2. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру, өткізу және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс обьектілерін мүліктік жалдауға беру қағидалары бекітілсін.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті беру тәртібі
11. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың жедел басқаруына беру, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерін Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссия ұсынымдарының негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті мемлекеттік орган шегінде беру мемлекеттік органның бірінші басшысы актісінің негізінде жүзеге асырылады.
12. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілік кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдары ағымдағы жылғы бірінші сәуірге
қарай уәкілетті органға пайдаланылмайтын әскери мүлікке қажеттілікке арналған өтінім береді, оны уәкілетті орган бір ай мерзімде қарайды.
13. Жалпы тізбеден Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар және арнаулы мемлекеттік органдар талап етпеген пайдаланылмайтын әскери мүлік әскери-патриоттық тәрбиені арттыру және Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар үшін кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарына уақытша өтеусіз пайдалануға берілуі мүмкін.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру ұйымдарына берілетін қару-жарақ, арнайы құралдар мен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік тірі немесе өзге де нысаналарды талқандау, сондай-ақ белгі беру мүмкіндіктерін конструктивті түрде болдырмауы тиіс.
14. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті (оның ішінде қару-жарақты) беру кезінде тапсыратын және қабылдайтын тараптар арасында тиісті шарт жасалады.
15. Пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.
Қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде қорғаныс өнеркәсібі кешенінің ұйымдарына не өндірістік қызметте және/немесе әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) шығаруда, әскери мақсаттағы жұмыстар мен қызметтер көрсетуде пайдалану үшін мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акциясын төлеуге берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қорғаныс объектілері және автомобиль көлік құралдары түріндегі пайдаланылмайтын әскери мүлкі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомостволық бағынысты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге берілуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
Тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз, есептен шығарылған, запаста сақтаудың кепілдік мерзімін өтеген пайдаланылмайтын әскери мүлік жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не мемлекет қатысатын акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беруге жатпайды.
16. Барлық талап етілмейтін пайдаланылмайтын әскери мүлік осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес өткізуге және 4-тарауына сәйкес құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюға жатады.
Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын пайдаланылмайтын объектілердің тізбесін қорғаныс объектілерін есепке алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары бөлімшелерінің ұсынымдары негізінде уәкілетті орган жасайды және уәкілетті органның басшысы бекітеді. Мүліктік жалға беруді (жалгерлікке беруді) уәкілетті орган (бұдан әрі - жалға беруші) жүзеге асырады. Жалға беруші мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартуға құқылы.
Мүліктік жалға беруге (жалгерлікке беруге) жататын объектілердің тізбесі ресми басылымдарда жарияланады.
34. Өтінім жалға берушіге мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) қорғаныс объектісіне мұқтаждықтың техникалық-экономикалық негіздемесі;
2) нотариалды расталған құжаттар (заңды тұлғалар үшін) ;
3) паспорт немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжат (жеке тұлғалар үшін) .
35. Өтінім берілген күнінен бастап бір ай ішінде қаралады.
36. Өтінімді қарау нәтижелері және ұсынылған құжаттар бойынша жалға беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) қорғаныс объектісін мақсатты бағыты бойынша мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) туралы;
2) осы объекті бойынша тендерлік іріктеу өткізу туралы;
3) себебін жазбаша түрде көрсете отырып бас тарту туралы
Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сату тәртібі
16. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті Қазақстан Республикасының Үкімет уәкілетті еткен ұйым (бұдан әрі - ұйым) жеке және заңды тұлғаларға жекешелендіру объектілері үшін заңнамада белгіленген жекешелендіру тәртібіне және шарттарына сәйкес сатады.
17. Қару-жарақ уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі комиссия ұсыныстарының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатылады.
18. Сатылатын мүліктің бағасын анықтау үшін ұйым бағалау қызметі туралы заңнамада белгіленген тәртіппен мүлікті бағалауды жүргізеді.
19. Пайдаланылмайтын әскери мүлік, оны кәдеге жарату шартымен сатылуы мүмкін.
20. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті сатудан түскен қаражат республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
21. Барлық сатылмаған әскери мүлік осы Ереженің 4-тарауына сәйкес кәдеге жаратуға жатады.
Кәдеге жарату үшін тізбеде мыналар көрсетіледі:
1) мүлік типі;
2) шығарылған жылы;
3) саны;
4) жиынтықтаушы бұйымдардың болуы;
5) орналасқан жері немесе қоймаға салу орны;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz