Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
ИНЖИНИРИНГфакултеті
ҚҰРЫЛЫС ИНЖИНИРИНГ кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні:Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы:Ауыл шаруашылығына жатпайтын қәжеттілікке жер бөлу

Орындаған:Кад-18-1 студенті Наурызбаева.М
Тексерген:аға оқытушы Есболай Г.Й



Актау 2019
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1Жерге орналастыруды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... .7
2.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.1Ауыл шаруашылығына жатпайтын қәжеттілікке бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттілікке кәсіпорындардың , ұйымдардың және мекемелердің жер пайдалануларын құрудың мазмұны және шешілетін мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.4 Ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдалануды жобалау ерекшеліктері жәнежер учаскесін құқықтандыру құжаттарың рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.Қаламқас кен орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
4.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
5. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

КІРІСПЕ
Барлық жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану,жер қатынастарын реттеу , осыған байланысты көптеген күрделіпроблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айланымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.
ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі мемлекеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп,энергетика,азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді.Cондай-ақ бар заңдамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттігі туындайды.
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге орналастыру қолданылады.Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарында сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйыдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.
Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудың аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.
Шаруашылық ішіндегі аймақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.
Қазіргі күнгі жерде орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде,сондай-ақ жылжымыйтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асыуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүесі болып

1.Теориялық бөлім
1.1 Жерге орналастыруды жобалау
Жерге орналастыру дегеніміз- жер қатынастарын реттеуге,жерді өндірістің маңызды құралы,табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мулік ретінде толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Жерге орналастыру арқылы тек қана жерді емес және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға,егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралары іске асырылады.
Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың қалалардың және басқа да елді мекенднрдің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіп орындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары,жеке жер алқаптары мен үчаскелері болып табылады.
Жерге орналаструдың мазмұны қоғамдық өндірістің,әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәйкес анықталады.Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар:ауылшаруашылық және басқа қәжеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу,ауылшаруашылық мекемелерінің,шаруа қожалықтарының және басқа шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын жақсартып,өайтадан құру,ауылшаруашылық мекеменінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу;мемлекеттік,жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;қалалардың,поселкелер мен ауылдық елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.
ҚР-да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруды келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді:
-Ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық сызбанұсқасы;
-Облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру сызбанұсқасы;
-Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
-Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
-Уаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялық, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары.
Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:
* Ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастырудың,жерді аймақтық сызбанұсқаларын және жер ресурстарын пайдалану,жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
* Қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын анықтау мен белгілеуді;
* Белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді,олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
* Белгілі бір жерде әкімшілік - аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
* Жерге орналастыру,бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын,сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;
* Жерді түгендеу ісін жүргізүді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрге немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анығтауды;
* Топографиялық - геодезиялық ,картографиялық, топрақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
* Жер ресурстарының жай-күйі мен пайдалануының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.Жобалау-жерге орналастыру процестерінің ең маңызды,көлемді және күрделі кезең болып саналады.Жобаны жасау және оны негіздеу жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.
Жерге орналастыруды жобалаудың заты-жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық,экологиялық,әлеуметтік және заңдылық негіздеу.
Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халықшаруашылығында,әсіресе ауылшаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық,техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының(есептеулер,сызбалар және т.б)жиынтығ
1.2 Берілетін жер учаскесінің ауданын анықтау және негіздеу
Объектінің бас планы мен орналасу схемасына қарай және әртүрлі мақсаттарға арналған жер белгі беру нормалары мен құрылысты салу тыңыздығы ескеріле отырып берілетін жердің бірінші жуықтаудағы ауданы есептеледі.
Берілетін учаскенің орналасуы бірнеше варианттарда қаралады.Соңғыларға мынандай бірқатар талаптар қойлады.
Біріншіден, учаске запастағы ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлердің қурамынан бөлініуге тиісті.
Екіншіден,бұл іс-әрекет межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың территориялық тұтастығын, ішкі шаруашылық реттілі- гін бұзбауға тиісті.
Үшіншіден, учаскенің қоршаған ортаға теріс әсер (эрозияның өршуі, топырақтың батпақтану және ластануы т.с.с) етпеуге тиісті. Осы талаптарға сай вариант ең тиімді болып саналады.
Жер учаскілерінің аудандарына қарай межелері әртүрлі масштабы пландарға түсіріледі.Көбінесе бұл 1:10000 масштаб, бірақта бұдан да ұсақ масштабты пландар қолдануы мүмкін.
Алынатын жердің алаптық құрамы мен құндылығын анықтау. Бөлінген жердің ауданымен бірге оның алтаптық құрамы анықталады. Бұл жөніндегі мағлуматтар жобалық экспликацияға 0,1 га дәлдікпен жазып толтырылады.Учаскенің құрамы алаптардың пайдалануға берілген мерзімі (тұрақты түрде,ұзақ және қысқа мерзімді) бойынша да есептеледі.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау мақсатымен берілген жердің сапалық құрамы (құндылығы) табылады.Ол үшін топырақты зерттеу,бонитировка және жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға қатысы материалдар қолданылады.
Ауылшаруашылық өндірістің шығынын анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық айланымның тұрақты немесе уақытша тиіс қалуы ауылшаруашылық өндірісті белгілі бір мөлшерде шығынға әкеліп соғады.Заң бойынша бұл шығындар өтелуге тиісті.Олардың келемі жер қоныстары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті дайындайтын нормативтер арқылы анықталады.Осы Қаулы бойынша шығындардың мөлшері алынған жердің ауданына тек жаңа жер учаскелерін игеруге қажетті қаржының көлемінде белгіленеді.Мысалы, топырақтың бонитет балына қарай оның шамасы әрбір гектарға 66,8 мың теңгеден 806,6 мың теңгеге дейін барады(1994 ж.бағасымен).
Жер иеленушілерге кетірілген залалдарды анықтау және өтеу. Жердің ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға алғанның салдарынан жер иеленушілер
бір қатар залалдарға ұшырайды.Олар: алынған жерде орналасқан ғимараттар мен құрылыстар немесе учаскеден тиіс орналасқан бірақта пайдалануға келмей қалған осындай тәріздес объектілер; жеміс-жидек және басқа көпжылдық көшеттер; аяқтамаған өндіріс (жерді өңдеуге,тыңайтқышқа,тұқым себуге және басқа технологиялық картамен қамтылған жұмыстарға жұмсалған шығындар); алынбай қалған өнім және т.с.с.
Топырақтық құнарлы қабатын (ТҚҚ) алу және пайдалану жөніндегі техникалақ шарттарды дайындау.Бұл мәселе орналастыру жобасының құрамында бөлек жұмысшы жобаны жасауға арналған тапсырма ретінде қаралады.Техникалық шарттарда ТҚҚ алынатын учаскелердің аудандары, құнарлы қабатының қалыңдығы,оны пайдалану жөніндегі талаптар белгіленеді.Қосымша тиісті сызбалар жасалады.
Рекультивация жүргізу жөніндегі техникалық шарттарды дайындау.Бұл мәселе де жерге орналастыру жобасының құрамында қамтылады.Осы жөніндегі шарттарда бүлінген жерлердің аудандары мен орналасыуы, олардың қалпына келтірілгеннен кейін (төселетін ТҚҚ қалындығы,құнарлы қабаты алынатын танаптардың аудандары т.с.с.)бүлінген жерлерді қалпына келтіру мерзімі айқындалады.Бұған да керекті сызбалар дайындалады
Берілген жеоді пайдалану жөніндегі ұсыныстарды дайындау.Бұл ұсыныстыр жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қортындысы дайындалып,аудандық әкімшіліктің шешімінде көрсетіледі. Осы мәселе бойынша табиғат пен қоршаған ортаны қорғау,шаралары қарастырылады. Сонымен қатар бұл құжаттар мәдени және тарихи ескерткіштерің бүлінбеуі, транспорттық байланыстардың бұзылмауы,басқа иелеушілер мен жер пайдаланушылардың құқықтарын шектеуі ескеріледі.
Межелес жер иеленушілік мен мен пайдаланушылықтарды қайта құру және реттестіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау. Ірі жер учаскілері алынған межелес орналасқан жер иеленушіктер мен жер пайдаланушылықтарда қайта құру, реттестіру кейбір елді мекендерді, құрылыстарды т.с.с көшіру қажеттілігі тууы мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұсыныстар шаруааралық жерге орналастыру схемасы немесе жобасы ретінде дайындалады.
Өндіріс кәсіпорындары - көмір және темір кендерін; құрылыс материал- дарын және т.б. өндіру-жер пайдаланынуын бөлінгенде,жердіңибетінде өте үлкен өзгерістер болады,оның құнарлығы жойлады.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жобалық шешімдердің варианттары бір қатар техника - экономикалық және экономикалық көрсеткіштер арқылы салыстырып бағаланады. Сол көрсеткіштердің қатарына
жерге орналастыру процесіне қатыстырылған жер иеленушіліктердің саны мен құрамы, әртурлі шығындар мен келтірілген залалдардың мөлшерлері және кқптеген басқалары жатады.
Негізгі техника - экономикалық көрсеткіштер ретінде берілген жердің ауданы мен қундылығы алынады.
Ауылшаруашылығы өндірісіне ең жақсы,құнарлы жерлер берілуітиіс. Осы принципке байланысты, ыңғайына қарай, ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке ең құнарсыз, ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі. Ауылшаруашылығы пайдалануынан алынған жерлердің құны төлену керек.
Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке жер алушы субъект алынған жерінің құнарлы қабатын тіліпалып,сақтап,кейін рекультивациялау үшін пайдалануы тиіс. Уақытша алынған жер учаскесін қажетіне пайдаланып болғаннан кейін, жер пайдаланушы өзінің қаражатына жердің құнарлылығына қайта орнына келтіріп беруі керек.
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құрғанда шаруашылық аралық жерге орналастырудың шешетін мәселелеріне бұл мекемелердің жұмыс жасауына қажетті орын,кеңістік базис дайындау ғана емес, осымен бірге республикалық жер ресурстарын тиімді пайдалануға әсер ету және құнарлы жерлерді орынсыз пайдалануға жол бермеу керек.

Негізгі бөлім
2.1 Ауыл шаруашылығына жатпайтын қажеттіліккежер бөлу
Республика территориясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндіріспен айналысатын кәсыпорындар орналасқан. Сондықтан әртүрлі мемлекеттік, қоғамдық қажетті жер учаскелері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді. Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа юридикалық мәнге ие болады. Енді бұлар жер иеленушілік қалпынан жер пайдаланушылық статусына аусады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдаланушылықтарды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу іс - әрекеттерін қамтиды.Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлелдеумен бірге жер учаскесін белгі беру, соңғысының межелерін жер бетіне түсіру және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік тиісті шешімі қабылдау жатады.
Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылшаруашылық емес объекттердің орналасыуы өндіргіш күштерді орналастыру принциптерінің негізіндехалықшаруашылық салалардың экономикалық даму жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.Бұл жерге орналастырудың міндеті емес.Бірақта,ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтардың нақты орны,аудандары,межелері және кескін үйлесімдіктері жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады,өйткені жердің бір саладан екіншісіне,бір категориядан басқасына ауыстырылуы орын алады.
Ауылшаруашылық емес объектілер түрлі - түрлі болады.Бұл ұазып шығару және өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындары,энегетика,транспортты байланыс және басқа көптеген (денсаулық сақтау,табиғат қорғау т.б) салаларға жататынқұрылыстар мен объектілер,мекемелер мен ұйымдар.Осымен қатар бұлардың жер пайдаланушылықтарының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
Уақыт аспетісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтар жерді пайдалану ерекшеліктеріне, территория реттілігі мен қоршаған ортаға әсер етуіне қарай мынандай бірқатар түрлерге топтастыруға болады:
* Қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері;
* Табиғат пен межелес территорияға зор әсер тигізетін (жер,су және
* атмосфералық ластануы,халықтың көшірілуі,ғимараттар мен өндірістік құрылыстардың жойылуы т.с.с.) ірі кәсіпорындарға берілген кең ауданды жер массивтері ;
* Сызықтық объекілерге (жолдарға, электр жүйелеріне, құбырларға, каналдарға т.с.с.) бөлінген ұзын пішінді жер уческелері;
* Су қоймаларының астына бөлінген ірі жер массивтері;
* Пайдалы кендерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.
Жер заңдары бойынша ауылшаруашылық емес жер пайдаланушыларға учаске бөлініп берілгенде ауылшаруашылықтың жерге деген приоритеті ескерілуге тиісті.Бұл принципті жүзеге асыру үшін мынандай бір қатар шарттарды орындап отыру қажетті:
* Ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды жерлер, бірінші кезекте,осы мақсатқа беруге тиісті;
* Ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндіріске жарамсыз немесе сапасы өте төмен жер танаттарын белгі беру қажетті;
* бұндай объектілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Министрлеркабинетінің Қаулысы мен жер иеленушілердің келісімі бойынша ғана беріледі;
* ауылшаруашылық өндірістің шығындарын жер алған кәсіпорындар міндетті түрде өтеуге тиісті;
* Сонымен қатар олар берілген учаскенің топырағының құнарлы қабатын алып басқа жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрыңғы қалпына келтіруге тиісті.
Сонымен,шаруааралық жерге орналастырудың міндеті тек жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды тиімді түрде ысырапты жұмсауды қамтуға тиісті.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жүргізілетін шаруашылық аралық жерге орналастыру мынандай талаптардың орнындалуын қамтамасыз етуге тиісті.
* Берілген учаске мақсатына сай және басқа жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың мүдделері ескеріле отырып орналастырылады;
* Учаскенің ауданы, пішін кескідігі қойылған талаптарға сай, пайдалануға ыңғайлы түрде жобаланады;

* Берілген жердің тиімді пайдалануы,айнала ортаның ластанбауы қамтамасыз етіледі;
Ауыл шаруашылығының жерге деген приоритеті сақталады.Ауылшаруа- шылық емес жер пайдаланушылырды құру процесі үш стадиядантұрады.
Бірінші кезең - объектінің орны мен оған берілетін жер таңбаның ауданы жөніндегі алғашқы келісімді жасау.Жер алуға мүдделі кәсіпорындар,мекемелер, ұйымдар тиісті органдарға (әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерге) сұрап отырған жер учаскесінің ауданы мен орны көрсетілген өтініш жазады.Осы өтініш бойынша аталған органдар шешім қабылдайды.Бұл шешімді негіз етіп жобалау институттары(ҒӨО "Гипрозем") жобалау - іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жалпы бірінші стадия мынандай іс-әрекеттеріқамтиды:
* Дайындық жұмыстар
* Жобаны жасау
* Жобаны қарап, тексеру және келісу;
Жер учаскесін бөліп беру екінші стадияда жүзеге асырылады.Жоба бекітілгеннен кейін оған қосымша тағы да бір қатар құжаттар дайындалады.Бұлар:жерді рекультивациялау (пайдаланып болғаннан кейін жерді алғашқы қалпына келтіру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын алу, сақтау және пайдалану) жөніндегі жобаларды жасау, аудандық әкімшіліктің жер беру туралы шешімі және т.б.Соңынанда бірінші стадия жасалған жобалық ұсыныстар нақтыланып толықтырылады.
Үшінші кезең - жер пайдаланушылықты рәсімдеу.Жер учаскесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін жоба (учаскенің межелері ) жер бетіне тусіріледі. Жер пайдаланушылырға куәлік ретінде (егерде учаске тұрақты пайдалануға берілсе) мемлекеттік акт тапсырылады.
* Жалпы турінде ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы осындай құрам бөлшектерден тұрады.
* Берілетін жер учаскесінің (жер пайдаланушылықтың ) ауданын анықтау және негіздеу;
* Берілетін учаскені орналастыру;
Алынатын жердің алқаптық құрамы мен құндылығын анықтау және осында орналастырылатын обьектінің қоршаған орта мен шектес өндірістерге теріс әсер етуін айқындап,оған қарсы шараларды белгілеу;
oo Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау және оларды өтеу
жолдарын белгілеу;
oo Жер иеленушілер шеккен залалдардың түрлері мен мөлшерлерін анықтап, оларды өтеу жолдарын іздестіру;
oo Рекультивациялау жөніндегі техникалық шарттарды дайындау;
oo Берілген жерді пайдалану жөніндегі негізгі шарттарды анықтау ;
Межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру, керекті жағдайларда өндірістерін өзгерту, жұртты көшіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
2.2 Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке кәсіпорындардың ұйымдардың және мекемелердің жер пайдалануларын құрудың мазмұны және шешілетін мәселелері.
Республика рерриториясының басым бөлігінде ауылшаруашылық өндірісі- мен айланысатын кәсіпорындар орналасқан.Ауылшаруашылығына жатпайтын жер паидаланулар көбінесе ауылшаруашылық жерлерінде орналасады.Сондықтан әтүрлі мемлекеттік,қоғамдық мұқтаждықтарға қажетті жер учаске- лері ауылшаруашылық мекемелерінің үлесінен бөлінеді.Бөлінген жерлер құқықтық жағынан мүлде басқа заңдық мәнге ие болады. Енді олар негізінен жер иеленуі қалпынан жер пайдалануы статусына ауысады. Осыған байланысты жерге орналастыру процесі экономикалық және техникалық мәселелермен қатар жаңадан құрылған жер пайдалануларды құқықтық тұрғыдан рәсімдеу - әрекеттерін қамтиды.Демек, жерге орналастыру процесіне жобаны жасау және дәлеледеумен бірге жер учаскесін белгілеу, оның межелерін жер бетіне түсіру және жер пайдаланушыға пайдалануға құқық беретін құжаттарды тапсыру жөніндегі мемлекеттік органдардың тиісті шешімін орындау жатады.
Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке жер бөлу шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау арқылы орындалады.Бұл жерге орналастыру жобаларында экономикалық тиімділігін дәлілдеумен бірге, заңдық және техникалық мәселелерді шешудің мәні көтеріледі.
* Әртүрлі өнеркәсіптік, транспорттық және басқа ауылщаруашылық емес объектілердің орналасуы өндіргіш куштерді орналастыру принциптерінің негізінде халықшаруашылығының салаларының экономикалық даму барысында белгіленеді. Шаруашылық аралық жерге орналастыруарқылы сол объектілердің орны нақтыланып, алып жатқан аумағы, шекарасы анықталып,бекітеледі. Жер өндіріс құралынан кеңістік базисына айналады.Бұндай жағдайда шаруашылық аралық жерге орналастыру салааралық сипатқа ие болады, өйткені жердің бір саладан екіншісіне, бір категориядан басқасына ауыстыруы орын алады.
* Ауылшаруашылығына жатпайтын объектілер әртүрлі болады. Сонымен қатар бұлардың жер пайдалануларының аудандары мен орналасуы да әртүрлі болады.
* Ауылшаруашылығына жатпайтын объектілерге тататындар:
* Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптер,энергетика,транспорт,б айланыс кәсіпорындары;
* Мәдени,ғылыми,денсаулық сақтау, демалу мекемелері;
* Су, орман шаруашылығы, табиғатты қорғау және т.б.объектілер.
* Уақыт аспектісінде жер пайдалануға тұрақты түрде немесе уақытша берілуі мүмкін.
* Ауылшаруашылығына жатпайтын объектілердің жер пайдалануын құру жобасын жасағанда келесімәселелер шешіледі:
* Ауыл шаруашылығына жатпайтын объектілерді жермен қамтамасыз ету;
* Олардың өндірістік жұмыстарын орындау үшін территориялық жағдай жасау;
* Жерді тиімді пайдалануды және қорғауды ұйымдастыру.
Бұл жұмыстарды орындауда міндетті түрде шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы қамтитын шаруашылықтардың, мекемелердің, халық шаруашылығының әр саласының мүддесі және ауылшаруашылығының жерлі пайдаланудағы құқығының үстемділігі міндетті түрде орындалып отырады.
Ауылшаруашылығына жатпайтын қоғамдық және мемдекеттік қажеттілік- терге жерлер барлық санаттардан беріледі.Жерге орналастыру жұмыстарының бұл түрінде экономикалық жағына қарағанда заңдық және техникалық жақтарының мәні жоғарылайды.
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулардың көлемдері, алып жатқан орындары, конфигурациясы әртүрлі болады.Олар алып жатқан ортаға әртүрлі әсерлерін тигізеді. Кейбіреулері топырақ пен суды ластайды, жерді ылғалсыздандырады немесе керісінше су алдырып жібереді.Осының барлығы жерге орналастыру барысында еске алынулары керек.
Территорияны ұйыдастыруда, жерді пайдалануда, қоршаған ортаға тигізер әсеріне байланысты ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдаланулар келесі турлерге бөлінеді:
oo Қалыптасқан өндіріс пен территориялық реттілігін бұзбайтын шағын ауданды жер учаскелері:
oo Жер аумағы үлкен өндіріс кәсіпорындары, қалыптасқан территорияны бұзады: құрылыстарды бұзуға, адамдарды көшіруге әкеледі,ортаға кері әсерін тигізеді, жерді,суды ластайды:
oo Ұзын объектілер:жер көлемі аз болса да, қоршаған ортаға тиетін әсері үлкен:
oo Пайдалы кендерді өндіретін кәсіпорындарға бөлінген жер.
oo Өндіріс кәсіпорындары- көмір және темір кендерін:құрылыс материалдарын және т.б. өндіру - жер пайдалануын бөлгенде, жердің бетінде өте үлкен өзгерістер болады, оның құнарлығы жойылады.
oo Су қоймаларына бөлінген ірі жер массивтері
Ауылшаруашылығы өндірісіне ең жақсы, құнарлы жерлер берілуі тиіс. Осы принципке байланысты, ыңғайына қарай, ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке ең құнарсыз, ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер беріледі. Ауылшаруашылығы пайдалануынан алынған жердің құны төлену керек.
Ауылшаруашылығына жатпайтын қажеттілікке жер алушы субъект алынған жерінің құнарлы қабатын тіліп алып, сақтап, кейін рекультивациялау үшін немесе құнарсыз жерлердің құнарлылығын жоғарылату үшін пайдалануы тиіс. Уақытша алынған жер учаскесін қажетіне пайдаланып болғаннан кейін, жер пайдаланушы өзінің қаражатына жердің құнарлығын қайта орнына келтіріп беруі керек.
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құрғанда шаруашы- лық аралық жерге орналастырудың шешетін мәселелеріне бұл мекемелердің жұмыс жасауына қажетті орын, кеңістік базис дайындау ғана емес, осымен бірге республикалық жер ресурстарын тиімді пайдалануға әсер ету және құнарлы жерлерді орынсыз пайдалануға жол бермеу көзделеді.
Жер заңдары бойынша ауыл шаруашылығына жатпайтын жер пайдаланушы- ларға жер учаскесі бөлініп берілгенде, ауыл шаруашылығының жерді пайдалану- дағы құқықтық үстемділігі ескерілуге тиіс. Бұл принципті жүзеге асыру үшін келесі шарттарды орындап отыру қажет. Ауылшаруашылығына жатпайтын мекемелерге жер бөлгенде міндетті түрде орындауға тиісті жайлар:
oo Ауылшаруашылығын жүргізуге жарамды жерлер, біріші кезекте, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне берілуге тиісті;
oo Ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға ауылшаруашылық өндірісіне жарамсыз немесе сапасы өте төмен жерлер берілуге тиіс;
oo Берілетін жер учаскелері ауылшаруашылығына жатпайтын мекеменің функционалдық қажеттілігіне сәйкес келулері керек ;

oo Қоршаған ортаны сақтауды,жерді, суды,ауаны ластамауды қамтамасыз ету.
oo Бұндай объектілерге ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер ерекше жағдайларда Үкіметтің шешімімен, жер иеленушілердің келісімі бойынша ғана беріледі.
oo Ауылшаруашылық өндірістің шығындарын жер алған кәсіпорындар міндетті түрде өтеуге тиісті
Сонымен қатар олар берілген жер учаскесінің топырағының құнарлы қабатын алып, юасқа жерлерді жақсару мақсатымен қолдануға міндетті, ал уақытша берілген жерлерді пайдалану мерзімі өткеннен кейін бұрынғы қалпына келтіруге тиісті.
2.3 Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды және жер меншігін құру іс- барысы:
oo Берілетін жердің орны және ауданы жайында қызығыушылығына тиетін мекемелермен , кәсіпорындармен, ұйымдармен және жеке азаматтармен ;
oo Жергілікті жерде сол жер учаскесін таңдап алу;
oo Жер бөліп беру жобасын жасау және оны пайдалануға беру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құруға өтініш берушінің арызыны байланысты тиісті деңгейдегі әкімшіліктегі объектінің орналасатын орнын анықтау бойынша шешімі негіз болып келеді.
Жеке адамлар мекемелер шаруашылықтар,басқа жер алұға мүдделер жобалау жұмыстарын жүргізер алдында жер иелерімен,жер пайдаланушылары- мен және тиісті Үкімет орындарымен алдын ала объектінің орналасатын орны және алынатын жер учаскесінің ауданы жайында келісім жасаулары керек.
Алдын ала келісім жасау
Объектінің орналасуы жайында алдын ала келісім материалдары тапсырма берушімен келісім құжаттары мен жобалауға тапсырма бойынша дайындалады. Бұл кезеңде келесі жерге орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
oo Дайындық жұмыстары;
oo Жергілікті жерде жер учаскесін таңдап алу және оның ауданын және орналасқан орнын негіздеу;
oo Таңдап алынған жер учаскесінің шамамен мөлшері,орны жайындағы

құжаттарды дайындау және келісім жаса.
Дайындық жұмыстарында тиісті құжаттар мен материалдар жиналады:жер бөліп беруде қамтитын жер пайдаланулар мен жер иеліктерінің пландарының көшірмелері және жер- есептік деректері:жерге орналастыру объектісінің территориясында жүргізілген топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық бағалау материалдарын жинау және зерттеу:өндірістік маңызы бар пайдалы зерттеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жоба алды жұмыстар
Жерге орналастырудың экологиялық - экономикалық мәні
Жерге орналастырудың мақсаты мен мазмұны
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Пәндер