Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
НЕГІЗГІ . . . 10
1. Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны.
2. Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Отан дегеніміз-халық, халық дегеніміз-адам. Адамды сүю оған жақсылық жасау. Ендеше отаншылдық-сонау ерте замандардан қалыптасып келе жатқан қасиетті сезім. Патриоттық тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып жас ұрпақтын ішкі жан дүниесін, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрмету оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс-жүзінде үлес қосу.
Патриотизм (грек тілінен аударғанда - отандас, патриот - атамекен) - Отанға деген махаббатпен, жеке мүддені ел мүддесіне бағындырумен мазмұндалатын өнегелі және саяси қағида, әлеуметтік сезім. Патриотизм өз еліне және азаматтығына, тіліне, дәстүріне тиесілігін сезінетін ерекше құбылысы. Патриртизм ұғымын Отанға деген жүректі тулатар қатынаспен байланысты, бірақ патриотизмнің ішкі мәні туралы ойы әр адамда әр түрлі.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Патриоттық тәрбие ұлттық, ерлік дәстүрлерге сүйене отырып жас ұрпақтын ішкі жан дүниесін, ой санасы мен сезімін, адамгершілікке, отансүйгіштікке бағыттау.
Көпшілік ортасында көзге түсу үшін де кемел болмыс керек. Төл тарихы мәдениеті мен өнері, экономикалық қуаты жоқ ел басқа елдерге де қызығушылық тудырмайды. Ал оларды кең таныту үшін алдымен, қадір-қасиетінді өзің жақсы білуін, мақтаныш ете алу керек.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ол азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы, олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы, қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі, ұлттық тіл, дінді сақтауға кедергі жасамай қолдау көрсетсе, міне осы жағдайларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санауға болады.
Зерттеу жұмысының әдістері. Топтық және жеке әңгімелесу, сауалнама, сыныптар арасында патриоттық тәрбие жайлы сұрақтар қою, сынып-сағаттары, тәрбие сағаттары, тест және т. б
Зерттеу жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс төрт бөлімнен тұрады. Кіріспе, негізгі бөлім, қосымша, қорытынды және де пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындау;
-Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру;
-Қазақстандық патриотизмнің даму жолдарын қарастырып, жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыру;
-Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындау;
-Жас ұрпақтын адамгершілік, экологиялық, экономикалық, эстетикалық, құқықтық қасиеттерін дамыту
Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орны
Патриоттық тәрбие - маңызды мемлекеттік міндет. Ол үшін жасөспірімдердің рухани-адамгершілік қасиеттерін және азаматтық саналылығын қалыптастыра отырып, өз Отанын сүюге, өз қоғамына, мемлекетіне қызмет ете алатындай етіп тәрбиелеу керек.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Еліміздің дербес, толыққанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері - Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат - мұраты бар. Мұрат - алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат - ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші - идеал. Қазақ халқының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған заңдылық тұрғысынан да қарауға болады. Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былай деп суреттеледі: “Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді” - деген көне жазу қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын көрсетеді
Жазбадан патриотизмнің - халықты көбейтіп, байыту үшін еңбек ету, ата-баба мекеніне ие болып отыру жолында жан аямау, діл бірлігін қорғау екендігін аңғарамыз. Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне жалаң қылышпен қарсы шабуға жетелеген де осы Отанына деген сүйіспеншіліктің, патриотизмнің қуатты күші.
Қазақ тарихын зерделеу барысында олардың табиғаты, әлеуметтік жағдайына, тұрмыс-тіршілігіне байланысты патриот халық екенін айқын аңғаруға болады. Бұны қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов жақсы зерттеген және өзінің патриоттық сезімін: “Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін”, - деген екен. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып әулет, тумаластарға деген сүйіспеншіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді.
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізі
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм", ұғымдары сол заманның ақиқаты - наным - сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты.
Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол. Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz