Қылмыс құрамының белгілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні:Қылмыстық құқық
Тақырыбы:Қылмыс құрамының ұғымы,элементтері және түрлері
Орындаған: ЮП-18-5 тобы студенті
Муратова Ж.Б.
Рецензент: з.ғ.к.,доцент.
Алибеков С.К.
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ҚЫЛМЫСҚҰРАМЫЖӘНЕОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚҚҰҚЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1Қылмыс құрамының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2Қылмыс құрамының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Қылмыс құрамының объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2Қылмыс құрамының субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3Қылмыс құрамының объективті жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4Қылмыс құрамының субъективті жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі.Қылмыс құрамы жасалған қылмыс үшін жаза тағайындауда басты роль атқаратыны және де қылмыс құрмы элементтерінің бірінің болмауы оның қылмыс болып табылмайтындығы.Осы курстық жұмыстың тақырыбы "қылмыс құрамы" қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Қылмыстық-құқықтық тыйымдарды бұзатын,қоғамға қауіпті, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға (әлеуметтік игіліктерге) елеулі, орны толмас зиян келтіретін адамдардың мінез-құлқы қылмыс деп танылады.Қылмыстық құқық ғылымында қылмыс құрамын қылмыстық заңмен белгіленген қоғамдық қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығы ретінде анықтауды неғұрлым орныққан деп есептей аламыз.Қылмыс құрамы-заңнамалық түсінік. Ол қандай да бір түрдегі қылмыстардың сипаттамасын жинақтап, жекелеген қылмыстық көріністердің әртүрлілігінен қылмыстың осы түрінің болуын анықтау үшін қажетті және жеткілікті неғұрлым маңызды типтік белгілерді топтау негізінде құрылады.Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі ретінде қылмыстың әлеуметтік-саяси және заңды мазмұнын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді және қылмыс құрамы нақты белгілерде қылмыстың жекелеген түрлерінің мазмұнын ашуға көмектеседі.Қылмыс құрамы басты төрт элементтен тұрады: объектісінен, субъектісінен, сонымен қатар қылмыстың сыртқы белгісін қылмыстың объективтік жағы сипаттайды, ал қылмыстың ішкі белгісі субъективті жағы.
Зерттеу объектісі.Қылмыстық құқықтағы- қылмыс.
Жұмыстың мақсаты.Қылмыс құрамының сипаттамасын (түсінігін, мәнін, элементтерін,түрлерін) қарастыру болып табылады.
Жұмыстың мақсаттарынан жұмыстың нақты міндеттері туындайды:
- қылмысқа түсініктеме беру;
- қылмыс құрамын зерттеу;
- қылмыс құрамының элементтерін,мәнін зерделеу;
- қылмыс пен қылмыс құрамының байланысын талдау;
- қылмыс құрамының негізгі түрлерін сипаттау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МАҢЫЗЫ
1.1Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыс және қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты,бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқықтық түсініктер.Олардың мазмұны да,бағыты да әртүрлі.Қылмыс дегеніміз-адамның әлеуметтік-құқықтық,қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан тұратын ерекше іс-әрекет болып табылады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс,яғни қылмыс құрамының өзіндік ерекше белгілерінен тұрады.Қылмыстың құрамы-бұл қылмысты
әрекетті емес,тек соның нысанын сипаттайды.Ол-нақты қылмыстың заңды сипаттамасы ғана емес және де жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі болып табылады.
Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән белгілер:қоғамға қауіптілік,құқыққа қайшылық,кінәлілік және жазаланушылық болса,ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндетті белгілерінің жиынтығынан тұрады.Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес,қылмыстың басты белгісі болып табылады.Нақты қылмыстың құрамы қылмыстылықтық жауаптылықтың негізі болса,ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың,қылмыстық құқықта оның құқықтық,әлеуметтік,саяси түсіндіру қажеттілігінен туындайды[1,51].
Қылмыстық құқық теориясында,оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен берілген.Жалпы және нақты қылмыс құрамының түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым ғана емес,ғылыми ұғым да болып табылады.Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен,қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап,көрсетуге мүмкіндік береді.Нақты қылмыс құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетед,бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән,жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын,яғни кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін көрсететін белгілері болады[2,62].
Алайда,қылмыстың құрамынсыз қылмыстық жауаптылықты жүзеге асыру мүмкін емес.Қылмыс құрамы бұл өте маңызды міндетпен қатар қосалқы міндеттерді де жүзеге асырады.Қылмыс құрамының негізінде ғана қылмысты саралау мәселесі жүзеге асырылады,себебі ол қажетті қылмыстық-құқықтық үлгі (эталон) болып табылады,онымен салыстыра отырып құқық қолданушы жасалған қылмыстың мазмұны мен сипатын дәл және толық көрсететін тиісті қылмыстық-құқықтық норманы туындатады.
Қылмысты саралау проблемасы-қылмыстық құқықтағы,тек теория тұрғысынан ғана емес,практика жүзінде де,ең күрделі де маңызды мәселелердің бірі,себебі қылмыстық заңның тиімділігі,сол заң қолданылатын адамның тағдыры ол жасаған іс-әрекеттің қалай сараланғандығына байланысты.Классификация (саралау) термині латын тілінен аударғанда gualis-сапа және facere-жасау дегенді білдіреді.Қылмыстық құқыққа қатысты айтатаын болсақ,ол-қоғамға қауіпті іс-әрекеттің сапалы бағасын беру дегенді білдіреді.Басқа сөзбен айтқанда,қылмысты саралау деп адам жасаған іс-әрекеттің нақты белгілерінің қылмыстық-құқықтық нормада көзделген қылмыстың нақты құрамының белгілеріне дәл сәйкестігін анықтау және заңда бекіту болып табылады.
Қылмыс құрамының белгілері тек ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияларында ғана емес,Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да сипатталған.Ерекше бөлімінің баптарында қылмыстың қайсыбір құрамының белгілерінің көпшілігі берілген.Қылмыстардың барлығы үшін немесе қылмыстың жекелеген топтары үшін ортақ белгілер Жалпы бөлімнің баптарында аталады (кінәнің формасы,жауапкершілік басталатын негізгі жас,аяқталмаған қылмыстық әрекет,қылмысқа қатысушылық және т.б.).Мысалы,адам өлтіргендік үшін жауапкершілік көзделген 99-баптың диспозициясында адам өлтірген адамның қай жастан осы қылмысқа қылмыстық жауапқа тартылатындығы көзделмеген.Бұл жайлы ақпарат Жалпы бөлімнің 15-бабында берілген.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында,әдетте,аяқталған қылмыстардың немесе тікелей орындаушының өзі жасаған қылмыстардың құрамдарының белгілері беріледі.
Егер алдын ала қылмыстық қызмет немесе қылмысқа қатысу (ұйымдастырушы,арандатушы,көмектесу ші) орын алса,былай қарағанда ол іс-әрекетте Ерекше бөлімінің тиісті бабында көрсетілген қылмыстың қандай да бір құрамының белгілері түгелдей емес сияқты боп көрінеді,бірақ қылмыс құрамы бұл жағдайда да болады,бірақ ол Ерекше бөлімінің баптарында ғана емес,Жалпы бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген белгілерге сілтеме жасау арқылы қалыптасады.
Қылмысты саралағанда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің бабы немесе оның сол іс-әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар дәл көрсетілуге тиіс,ал аяқталмаған қылмыстық әрекет,қатысушылық болса Жалпы бөлімінің тиісті баптарына сілтеме жасалынады.Қылмысты саралаудың қорытындылары іс жүргізу құжаттарында (қылмыстық істі қозғау туралы,айыпталушы деп тану туралы қаулыларда,үкімдерде және т.б.) көрініс табады.
Қылмысты саралаудың маңыздылығы,ол-заңды фактының (қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау) бар екендігін растайды,нәтижесінде қылмыстық жауапқа тарту түріндегі реттеуші функциясын іске асыратын тетікті қосады.
Одан қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екендігін ұғынуға болады,ол жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілеріне әлеуметтік-құқықтық дәл талдама жасау арқылы қамтамасыз етіледі.Іс-әрекетті дұрыс саралау,қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің мән-жайын ашу үшін,сондай-ақ құрамның қылмысты қылмыс еместен,бір қылмысты басқа қылмыстан бөлектейтін белгілерін жақсы білу қажет.Айта кеткенде,қоғамдағы заңдылықтың жайы құқық қолдану органдарының қылмысты қаншалықты дұрыс саралайтындығына едәуір байланысты[3,77-79].
Жалпы,қылмыс құрамы деп қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттауға мүмкіндік беретін,заңмен белгіленген міндетті түрдегі объективті және субъективті белгілерінің жиынтығы.Сөйтіп,қылмыс құрамының мәні: а)қылмыстық жауаптылықтың заңи негіздемесімен; ә)дұрыс саралау шартымен; б)соттың жазаның түрі мен мөлшерін не қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа шараларды анықтау негіздемесімен; в)адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерімен,сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мен нығайтуға жағдай жасауынан көрінеді[4,77].
1.2 Қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс құрамының өзіне тән міндетті және факультативті белгілері болады.
Міндетті белгілер деп қылмыстың барлық нақты құрамдарына тән белгілер.Қылмыстық құқық ғылымы бүкіл қылмыс құрамы белгілерінің жалпы санынан іріктеп алу жолымен заң шығарушының кез келген қылмыс құрамын құрастыру кезіндегі қажетті белгілерді ғана бөліп алумен ерекшеленеді.Жекелеген құрамдардың немесе осындай құрам топтарының ерекшеліктерін анықтаушы белгілер осы жиынтыққа кірмей оның сыртында қалып қояды.Қылмыс құрамы ұғымын аша отырып,қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың барлығы үшін міндетті белгілерді қолданады.Осы белгілер қылмыстың барлық түрі мен барлық нақты жағдайында бәріне бірдей ортақ болып табылады.Міндетті белгілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің нақты баптарында қарастырылады,не ҚР ҚК-нің Жалпы бөлімінің нормаларында белгіленеді.
Факультативті белгілер-бұл қылмыс құрамының бәріне бірдей емес,тек қана кейбіреуіне ғана тән белгілер.Заң шығарушы факультативті белгілерді тек қана жекелеген құрамдарды қарастыру кезінде осы қылмысқа тән нақты қасиеттерін бөліп көрсету үшін негізгі белгілерге қосымша ретінде қолданады.Бұл жерде мұндай белгілер факультативті деп тек қана қылмыс құрамының жалпы ұғымында аталатынын көрсете кету керек.Қылмыстық құқықтың нақты нормаларында бұл арнайы белгілер факультативті бола алмайды,олар заңи тұжырымдарға қосылғандықтан міндетті болып табылады.Қылмыстың факультативті белгілері қылмыстық құқықта екі мағынасы бар:
Бірінші мағынасы,заң шығарушымен негізгі құрам белгілерінің қатарына енгізілгендіктен,яғни ҚК Ерекше бөлімінің қылмыстық-құқықтық нормаларының диспозицияларында көрсетілгендіктен саралау үшін міндетті болып табылады.
ҚР ҚК 361-бабында көрсетілген(лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану)қылмыстық белгілерінің бірі-мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзі немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсаты.Бұл белгі негізгі белгіге қасақаналық кінәға қосымша ретінде енгізіліп,қылмыстың субъективті жағын сипаттайды және бұл қылмыстың құрамы үшін міндетті болып табылады.
Факультативті белгілердің екінші мағынасы құрамның құрылысында,
атап айтқанда негізгі құрамда да,негізгі құрамға шартты түрде де (ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар құрамына)енгізіліп көрсетілмегендіктен қылмысты саралауға ықпал ете алмауынан көрінеді.
Мұндай қосымша белгілер факультативті болып саналады.Бұл жағдайда жауаптылықтың негіздемесі қылмыстық-құқықтық нормада көрсетілгеніндей,жинақталуы аздау құрам болып табылады.Бірақ заң жеке белгілердің саны,яғни қосымша құрамдар талап ететіндей нақты істелген қылмыста қосымша белгілердің көп болатынына немқұрайлы қарамауға тиіс[4,89-92].
1.3 Қылмыс құрамының түрлері
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу,олардың белгілерін
анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінеді.
Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (крийтериясы) бойынша:біріншіден,іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі,екіншіден,
қылмыс құрамының сипатталу әдісі,үшіншіден,қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай қылмыс құрамдары негізгі,жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдеттін қылмыс құрамдары болып бөлінеді.Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі бір түрі бойынша оның негізгі,тұрақты белгілерінің болуын айтамыз.Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын не жеңілдететін жағдайлары көрсетілмейді.Мысалы,Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жататын көруге болады.Онда кісі өлтірудің жай түрі көрсетілген,ал ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.
Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе,онда бұл қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп айтуға болады.Мұндай қылмыс құрамына ҚК-тің 101-бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (аффект жағдайында болған кісі өлтіру)[1,54].Мәселен,ауырлататын жағдайларсыз кісі өлтірсе,РФ ҚК 105-бабы 1-бөлігінің санкциясы алты жылдан он бес жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгілейді.Ал егер тап осындай қылмыс-кісі өлтіру қажетті қорғану шектерінен асып кеткендіктен орын алса,онда жаза айтарлықтай төмендетіліп,екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға тағайындалады.Осы қылмыс құрамы жеңілдететін мән-жайлары бар кісі өлтірудің құралы болып табылады.Бұл заң түрінде әдетте ҚК-тің жеке басында түсіндіріледі[5,198].Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы,дәрежеленген қылмыс құрамы (яғни,жауаптылықты ауырлататын қылмыс)деп танылады.Сондай-ақ қылмыстың құрам қатарына 130-баптың 3-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады немесе 188-баптың 2-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар:адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы,бірінші рет т.б. жағдайлар жатады[1,55].
Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай,күрделі,балама қылмыс құрамдары деп бөлінеді.
Жай құрам деп қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы,яғни оның бір ғана объективтік жағының ғана болуы.Бұған,мысал ретінде 125-баптың 1-бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады[1,55].Сонымен қатар,онда бір іс-әрекет баяндалады,оның бөлімдері мен кезеңдері өзінше дербес қылмысты құрамайды,яғни құрам элементтерінің әрқайсысы жеке данада берілген[3,84].
Қылмыстың күрделі құрамында қандай да бір элементтің күрделенуімен сипатталады(объект,объективтік жақ,субъективтік жақ).Мысалы, қарақшылықпен шабуыл жасауда күрделі құрам, өйткені меншікке және адамның жеке басына қастандық жасалады,әйел зорлау (психикалық немесе физикалық зорлық қолданылады не жәбірденушінің дәрменсіз жағдай пайдаланылады және жыныстық қатынас жасалады)[3,84].
Балама құрам дегеніміз - бұл Қылмыстық Кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз.Мысал ретінде,297-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау,сатып алу,сақтау,тасымалдау,жөнелту немесе сату[1,55].
Қылмыс құрамдарын олардың объективті жағының белгілеріне қарай топтастырудың үлкен маңызы бар.Қылмыстың материалдық,формальдық және келте құрамдары осы бойынша ажыратылады.
Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе,аяқталған қылмыс ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды.Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап емес,заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Мысалы,қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады(361-бап)[1,55].
Қылмыстың формальды құрамы деп қылмысты аяқталған деп санау үшін қылмыстық заңда көзделеген іс-әрекетті жасау жеткілікті деп танылатын құрам.Зардап осы жерде қылмыстың міндетті белгілері бола алмайды.Мысалы,мемлекеттік опасыздық,әйел зорлау.Егер іс жүзінде қоғамға қауіпті зардап туындаса,онда олар формальды құрамдарда не саралаушы белгілердің рольн атқарады (мысалы,жәбірленушіге соз ауруын жұқтырған, әйел зорлау), не жаза тағайындалғанда ескеріледі.
Кейбір жағдайларда заңшығарушы қылмыстың аяқталу кезін алдын ала қылмыстық қызметтің кезеңдерінің біріне-даярлануға немесе оқталуға алып келеді.Мұндай қылмысты аяқталған деп тану үшін қылмыстық зардаптың болуы ғана емес,оны туындата алатын әрекетті аяғына дейін жеткізудің қажеті де жоқ.Қылмыстың мұндай құрамдары келте құрам деп аталады (қарақшылық,бандитизм және басқалар)[3,85].
Құрамдарды түрлерге бөлудің іс жүзіндегі маңызы үш өлшемдік негіздер тұрғысынан алғанда,олар тергеу мен соттың қылмыстың нақты белгілерін анықтауға және заңға сәйкес қатаң түрде қоғамдық қауіпті әрекеттерді дұрыс саралауына көмек береді.Әсіресе құрамдарды құрылысы жағынан материалдық,формальды және келте деп бөлудің іс жүзіндегі рөлі тым жоғары. Осы мәселені шешудің бастапқы сәті кез келген қылмыстың құрамы заңмен белгіленген міндетті белгілердің жиынтығы туралы мызғымас ереже болып табылады.Осыған байланысты,егер адам істеген әрекетінде,яғни қылмыскердің қылмыс құрамының объективті жағының белгілерін орындау сәтінен бастап ҚР ҚК Ерекше бөлімінің нормасымен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері болса,қылмыс аяқталған деп танылады.Формальды құрамдағы қылмыс әрекеті орындалған сәттен бастап,қысқартылған құрамдағы қылмыс (қауіптілік құрамымен) - қоғамдық қауіпті зардаптардың болуы анық қауіп тудыратын әрекетті орындау сәтінен бастап;материалдық құрамы бар қылмыстар істелген әрекеттен заңды түрде қылмыстық зардап пайда болатын сәттен бастап аяқталған деп танылады.Аталған салдар(зардаптар) болмаған жағдайда (қылмыстың толық құрамдары болмағанда),әрекет қылмысқа дайындалу немесе оқталу деп қарастырылады және ол Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің бабы бойынша ғана емес,ҚР ҚК Жалпы бөлімінің 24-бабы бойынша сараланады[4,87].
2 ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1 Қылмыс құрамының объектісі
Заң әдебиетінде қылмыстың әр құрамында оның міндетті төрт элементі бар деп көрсетілген,олар:объект,объективтік жақ,субъект және субъективтік жақ.Қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен тығыз байланысты.Егер жасалған іс-әрекетте (әрекетсіздікте) осылардың тым болмағанда біреуі болмаса,онда жалпы қылмыстық құрам да,қылмыстық жауаптылықтың негізі де болмайды.Мысалы,бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысының(202-бап) белгілері біріншіден,басқа біреудің мүлкіне қол сұғу,
екіншіден,осы мүлікті жою немесе бүлдіру,үшіншіден,осы әрекетті қасақана істеу,төртіншіден,бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауаптылыққа тартылады.Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі болмаса,онда қылмыс құрамы болмайды.Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа да бір қылмыс құрамы болады,себебі,бұл жерде 202-бапта көрсетілгендей қылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу.Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптарының диспозициясында ғана емес,қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылған.Ерекше бөлімнің баптарының диспозицияларында әртүрлі қылмыстың көпшілік белгілері аталып көрсетілген.Барлық қылмыстарға жалпылама ортақ немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімінің баптарында анықталған.Мысалы,бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық Кодекстің 190-бабының диспозициясында осы қылмыстың не субъектісі,не кінәнің формасы аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық Кодекстің 15 және 20-баптар аралығында көрсетілген.Қылмыстық Кодекстің 188-бабында ұрлыққа тән белгі-басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана көрсетілген.Осы белгісі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді.Әрбір қылмыс істелген мезгілінде көптеген белгілермен сипаталады.Осы белгілердің барлығы да қылмыстың құрамына жатпайды.Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған ғана түрлік белгілер қосылады.Түрлік белгілер дегеніміз-барлық қылмыстарға ортақ немесе тән,олардың қоғамға қауіптілігің және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтықтың көрінісі.Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер ғана қылмыс құрамына қосылмайды.Сондықтан да олар қылмыс құрамынан тысқары болады да,осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы да болмайды.Мысалы,басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі-оны жасырын ұрлау болып табылады.Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес,ашық түрде іске асса,онда ұрлық емес,басқа қылмыс құрамы тонау болады.Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада-бір бапта ғана көрсетілуі мүмкін[6,53].Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісіне қоғамдық қатынастар жатқызылғандығын көрсетеді.Кез келген қоғамда көптеген қоғамдық қатынастар бар,олар адамдар арасында,адам мен мемлекет арасында,адам мен ұйымдар арасында және т.б. жағдайларда қалыптасады.
Жеке тұлғалар да,заңды тұлғалар да (кәсіпорын,ұйым,мекеме) сол қоғамдық қатынастардың субъектісі болып табылады.Қоғамдық қатынаста белсенділікті тек адам ғана көрсетеді,себебі тек оның әрекетінен немесе әрекетсіздігінен барып қоғамдық қатынастар өзгереді немесе тоқтайды.
Әр адамның өзіне тән жүріс-тұрысы болғанымен,оның қоғамдық қатынастардан тысқары шығуына жол берілмейді.Кейбір жағдайдайларда ол белгілі бір әрекеттер жасауға (мысалы,әскери қызмет атқару) немесе одан бас тартуға тиісті болады.
Қоғамдық қатынастардың маңызды элементтеріне жалпы қоғам мүдделері,мемлекет пен ұйым мүдделері,жеке адамдар мен топ мүдделері жатады.Егер адамның жасаған іс-әрекеті басқа адамдардың мүдделеріне,қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе,ол қылмыс деп саналмайды,себебі онда қоғамға қауіптілік жоқ.Оның үстіне,бұд мүдделерді қорғау кезінде қастандық жасаушыға зиян келтіру заңды қылық болып табылады.Мысалы,қастандық жасаушыға қажетті қорғаныс кезінде зиян келтіру(ҚК-тің 32-бап).
Мүддеұғымы мұқтаждық ұғымымен өзара тығыз байланысты.Мұқтаждық-қоғамдық қатынас субъектісінің керек ететіні,ал адамдардың мүддесі әрқашанда қандай да бір материалдық немесе өзгедей мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталған.
Қылмыстың қоғамға қауіпті іс-әрекет деп танылатындығы сондықтан,
себебі оның жасалуы мемлекеттің,қоғамның мүдделеріне,жеке адамдардың мүдделеріне қайшы келгендіктен,аса қажетті мұқтаждықтарды қанағаттандыруға кедергі болады.
Қоғамдық қатынастар құқықтың барлық жүйесімен,соның ішінде қылмыстың құқықпен,сондай-ақ мораль нормаларымен реттеледі және қорғалады.Қылмыстық заң зияннан қоғамдық қатынастардың барлығын бірдей қорғамайды,тек заң шығарушының пікірінше аса құнды деп саналатындарын ғана қорғайды,оның шеңбері әрқашан өзгереді.
Бұдан ең маңызды да құнды қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісіне жатады деген тұжырым жасаймыз.
Әр қылмыстың міндетті немесе негізгі белгісі-оның объектісінің болуы.Белгілі бір объектіге қастандық жасалмай қылмыс болмайды.Қылмыстық заңмен қорғалуға жатпайтын қоғамдық қатынастарды бұзатын әрекет қылмыс деп танылмайды.Мысалы,дәлелді себептерсіз жұмысқа бармау,онда еңбек құқықтық қатынасы бұзылады,бірақ ол қылмыстық құқықпен қорғалмайды.
Қылмыстық қастандық объектісін дұрыс түсінудің тәжірибеде маңызы зор,ол қылмысты қылмыс еместен ажыратуға көмектеседі[3,80,86-88].
Қылмыс объектісі - қылмыстың қастандық жасау нәтижесінде зиян келтірілетін немесе зиян келтірілуі мүмкін және қылмыстық заңмен осындай қастандықтардан қорғалатын мүдделер (игіліктер).Олар РФ ҚК-нің 2-бабында тізілген және қағидасында үш түрге:жеке адам және оның құқықтары,қоғамдық және мемлекеттік мүдделер болып бөлінеді[5,193].
Яғни,қылмыстың объектісі деп қоғамдық қатынастарды айтамыз,сондай-ақ қылмыстық қолсұғушылықтың нәтижесінде зиян келтірілетін немесе зиян келтірілуі мүмкін және осындай қолсұғушылықтардан қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделер мен объектілер болып табылады.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 2-бабы бойынша қылмыс объектісі адам мен азаматтың құқықтары,бостандықтары мен заңды мүдделері,меншік,ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік,қоршаған орта,Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы,қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделері,бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігі бола алады.Қоғамдық қатынастар деп қандай да бір игіліктер мен әлеуметтік құндылық салдарынан туындайтын адамдар арасындағы ұйымдар,мемлекеттер және азаматтар арасындағы қатынастар.Соларды жүзеге асыру барысында материалдық құндылықтар мен игіліктер құрылады немесе адамдардың қажеттілігі қанағаттандырылады.Осы аталған қатынастардың қасиеттерінен қылмыс объектісінің нақты сипаты да көрініс табады.Осы қол сұғылатын қоғамдық қатынастардың сипаты бойынша ең
бірінші кезекте қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты ашылады.Қоғам үшін
қылмыс объектілері неғұрлым маңызды болып табылады,ол құнды болған сайын,оған қарсы істелген қылмыстың ауырлығы да жоғарылай түседі[4,79].
Қылмыстық құқық теориясында қоғамдық қатынастардың мазмұнын құрайтын элементтер жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.Мысалы,профессор Б.С.Никифоров қылмыстың жапы объектісі болып табылатын қоғамдық қатынастың құрамында қоғамдық мүддеорын алады деп санаған.Профессор Я.М.Брайнин осыған ұқсас пікірді қолдап қоғамдық қатынастарға басқа әлементтермен бірге қоғамдық қатынастардың субъектілерінің мүдделері де кіредідеп айтқан.Профессор Е.А.Фроловтың пікірінше мүдде-қоғамдық қатынастардың ядросыболып табылады.Профессор Ю.И.Ляпунов мүдде-барлық қоғамдық қатынастардың мазмұнын бейнелейдідеген пікірге келген.Қазақстандық ғалым,заң ғылымының докторы,профессор Е.І.Қайыржанов қоғамдық қатынастар деген түсінікті қоғамдық мүдде деген түсінікпен алмастыруды ұсынған.Профессор А.В.Наумов қылмыстың жалпы объектісін қылмыстық заңмен қорғалатын кез келген игіліктер деп бекіткен.
Қылмыстық ғылым теориясында қылмыстың объектісін жалпы,топтық және тікелей деп топтастырады.
Қылмыстың жалпы объектісі дегеніміз-бұл қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің кез келгенінің барлық уақытта да қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне зиян келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді[6,64].Яғни,қылмыстың объектісі деп қылмыстық заңның қылмыстық қастық етуден қорғайтын игіліктердің (мүдделерінің) жиынтығы болып табылады.Мысалы,РФ ҚК-нің 2-бабының 1-бөліміне сәйкес,олар-адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары,меншік,қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік,қоршаған орта,Ресей Федерациясының конституциялық құрылымы,бейбітшілік және азаматтың қауіпсіздігі.Бұл объектілер мынадай мінездемемен айқындалады:бір жағынан,кез келген қылмыс тек осы объектілерге зиян келтіруі мүмкін,ал екінші жағынан-қылмыстың қайсысы болмасын,осы объектілердің біріне ғана зиян келтіруі мүмкін,өйткені жалпы объект-қылмыстық заң қорғайтын объектілердің қосындысы[5,209].
Топтық объект деп қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып саналады.Мысал ретінде,қарақшылық,басқа біреудің мүлкін ұрлау,тонау,оны алаяқтықпен алу,бір топтық объектіге-басқа біреудің мүлкіне,меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмысты қол сұғуды білдіреді.Бір топтық объектіге қол сұғуына байланысты қылмыстар Ерекше бөлімнің жеке-жеке тарауларындаа біріктірілген.Қылмыстың топтық
объектісінің атауы көп жағдайларда Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің тарауларында көрсетіледі,кейбір реттерде заң шығарушы оны Ерекше бөлімнің бір бабында ғана атап көрсетеді.Ал кейбір жағдайларда оның атауы қылмыс құрамының мазмұнына талдау жасау арқылы анықталады.Мысалы,
ҚР ҚК Ерекше бөлімінде жеке адамға қарсы қылмыстар(1-тарау),меншікке қарсы қылмыстар(6-тарау),бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар(4-тарау) деген тарауларда қылмыстың топтық объектісі тікелей көрсетілген.Ал ҚК-тің 387-бабында әскери қылмыстардың жалпы түсінігімен бірге осы қылмыстың топтық объектісі-әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібі атап көрсетілген.Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген нақты қылмыстардың құрамының мазмұнына талдау жасай отырып та қылмыстың топтық объектісін анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы,мемлекеттік қызметтің мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі болып мемлекеттік аппараттың дұрыс,бірқалыпты қызметін бұзу екендігі осының тұрғысынан қылмыстар құрамын талдау арқылы анықталады.Себебі,бұл қылмыстардың бәрі де біртектес қоғамдық қатынастарға қол сұғады.Ал қоғамдық қатынастардың біртектілігі қоғамдық қатынастардың мазмұнын түзейтін олардың әлеуметтік мүдделерінің дәлдігімен сәйкестігі және осы қатынастың қатысушыларының ұқсастығы арқылы анықталған.
Сонымен,қылмыстың біртектес тобының объектісі ҚК-тің Ерекше бөліміндегі тараулардың өзара орналасу негізін жасаумен бірге,істелген қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін нормалардың және қылмыстардың нақты,ғылыми түрде топтастырылуына жол ашады.Қылмыстық топтың объектісін анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен дұрыс жіктеп,ажыратуға мүмкіндік туғызады.Мысалы ,жеке адамға қарсы қылмыстар мен бұзақылықты бір-бірінен ажырату объект арқылы жүзеге асады.Себебі,жеке адамға қарсы қылмыстың объектісі-жеке тұлға(оның өмірі,денсаулығы,ар-намысы),ал бұзақылықтың объектісі-қоғамдық тәртіп болып табылады.
Қылмыстың тікелей объектісі деп қылмыстық заң арқылы қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстарға тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.Мысалы,ҚК-те көрсетілген бұзақылық қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған.Яғни,қоғамдық тәртіп-осы бұзақылықтың тікелей объектісі.Кейбір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz