Мұнай өндіру, тонна



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5
1
Геологиялық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
1.1
Кен орынға жалпы шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
1.2
Кеңкияқ кен орнының геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.3
Кеңкияқ кен орнының игеріл жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
11
1.3.1
Кеңкияқ мұнай газ өндіру басқармасының кенішін игерудің казіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

13
1.4
Тектоникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17
1.5
Стратиграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
2
Техника-технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
21
2.1
Кен орнын игерудің технологиялық режимдерін қолдану ... ... ... ... ... ...
21
2.2
Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.3
Кенқияқ кен орындағы ұңғы өнімдерін жинау және дайындау ... ... ... ... .
26
2.4
Енбекті қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27
2.5
Қоршағаң ортаны қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
31
Қорытынды
37
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
38
Қосымша

Кіріспе
Кеңқияқ мұнай-газ конденсат кен орнының мұнай газын өңдейтін арнайы кәсіпорын. СНПС-Ақтөбемұнайгаз - бұрғылау, мұнай өндіру, мұнай мен газды дайындау, сол сияқты мұнайды жене мұнай өнімдерін өткізу жұмыстарымен айналысатын акционерлік қоғам. "СНПС-Ақтебе" ашық акционерлік қоғамы акцияларының негізгі иегері - Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы, ол өзінің. Қазақстандағы инвестициялық қызметін 1997 жылы бастады. 2002 жылы бұрыннан бар газ өңдеу зауытын қайтадан жарақтау жұмыстары тамамдалып, жаңа зауыт салу жұмысы басталды. Оның жобалық құны 170 млн. АҚШ долларын құрайды. Жаңа зауыттың мұнай дайындау қуаты жылына 2 млн тонна, газ дайындау қуаты-жылына 1 млрд 400 млн. м³. Бұрыннан бар зауытпен салыстырғанда жаңа зауытта мұнай мен газ дайындаудың ең жаңа технологиялары пайдаланылатын болады, басқару жүйесі автоматтандырылады
Ақтөбемұнайгаз - Ақтөбе өңірінде мұнай мен газ кендерін барлау және мұнай-газ өнімдерін өндірумен айналысатын акционерлік қоғам. Ақтөбе облысында мұнайдың алғашқы өнеркәсіптік көзі 1931 ж. Шұбарқұдық тұз күмбезіндегі перм және триас дәуірінің тұз үстіндегі шөгінділерінен ашылды. 1937 ж. Шұбарқұдық кенін, кейін Жақсымай кенін өнеркәсіптік өңдеуге беруге байланысты Темір қ-ндағы Солт. мұнай барлау басқармасы негізінде "Ақтөбемұнай" тресі құрылды. Ол Ақтөбе облысында мұнай мен газды іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізді. 1953 ж. Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында екі дербес ұйым "Ақтөбемұнайгазбарлау" тресі мен "Қазақстанмұнай" бірлестігі құрылды. Шұбарқұдық мұнай өндіру басқармасы осылардың құрамына кірді.
Дала геофизикасының, сейсмиканың дамуы мен бұрғылаудың техникасы жақсы жабдықталуы 60 ж. Ақтөбе облысы жерінің геологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерттеуді кең көлемде жүргізуге жол ашты. Бұл өңірде 1959 ж. Кеңқияқ мұнайлы ауданы жоспарлы түрде зерттеле бастады. Осы аймақта басталған кең көлемді параметрлік бұрғылау 1971 ж. Кеңқияқта шөгінділердің тұз астындағы кешенінен мол мұнай қорын ашты. Осы кезден бастап барлық жұмыс мұнай көздерін тұз астындағы шөгінділерден іздестіруге жұмылдырылып, 1978 ж. Жаңажол мұнай конденсаты кені ашылды. Мұнда мұнай мен газ қоры таскөмір қыртысының қуатты корбонат қабатынан табылды. Ақтөбе облысындағы мұнай кендерін өндіруді жеделдету мақсатында 1981 ж. құрылған "Ақтөбемұнай" өндірістік бірлестігі 1993 ж. "Ақтөбемұнайгаз" акцион. қоғамына айналды. Мұнда мұнай өндіру жұмыстарын "Октябрьмұнай" және "Кеңқияқмұнай" мұнай өндіру басқармалары жүргізеді. Ал бұрғылау жұмыстарын жүргізетін Октябрь бұрғылау жұмыстары басқармасы 1997 ж. ТМД елдері арасында тұңғыш рет тереңдігі 4080 м көлденең скважинаны бұрғылады. Мұндағы аса маңызды объект -- Жаңажол газ өңдеу зауыты. "Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғам 1997 жылдан өзінің бақылау пакетін (60,3%) алған Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірге жұмыс істей бастады.
Ақтөбе облысы экономикасына инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанның көмірсутек шикізатын өндіру көлемі бойынша мұнайгаз операторларының алғашқы бестігіне кіретін СНПС-Ақтөбемұнайгаз акционерлік қоғамы - өңірдегі ірі инвесторлардың бірі

1 Геологиялық
1.1 Кен орынға жалпы шолу
Кенкияқ мұнай кен орны оңтұстігінде орналасқан Ақтөбе қаласынан 180 км, оңтүстік - батыстағы Емді станциясынан 80 км ара қашықтықта орналасқан. Ол Кенкияқ тұзды күмбезіне бағынады.
Мезазой қабаттарын терең бұрғылау 1959 жылы алымы 45,6 м3күнге Саркөл свитасындағы құмды қабаттан К - 34 құрылым - іздегіш ұңғымысынан және орта юралық қабаттан К-17 ұңғымасы бойынша алынған мұнайдан соң басталды. 1962 жылы оңтүстік ылдида бұрғыланған 47 және 48 ұңғымалардан перм қабатындағы мұнайы алынды. 1969 жылы тұз асты жынысының мұнайлылығын тексеру мақсатында 8-П параметрикалық ұңғымасы бұрғыланып басталды. Бұл бұрғалаудың нәтижесінде артиндік жыныстың мұнайгаздылығы орнатылды.
Кенкияқ кен орны көпқабатты. Онда жоғары пермде, төменгі триаста , төменгі және орта юрада және төменгі борда орналасқан мұнайдың өндірістік кеніштері саз құмайттардан, алевролиттерден, алевриттерден және құмайттардан тұрады. Жоғарғы перм қабатында 13 мұнай және екі газ горизонты бекітілді, төменгі триаста - үш мұнай , төменгі юрада - бір мұнай, иаленде - бір мұнай, байосбатта - екі мұнай және бір газ, готерде, барремда, аптта және альбта - бір - бірден мұнай горизонттары орнатылды. Жоғары пермде және төменгі триастағы мұнай кеніші тектоникалық - экрандалған, төменгі юрада - стратиграфиялық, орта юра мен төменгі бордагы - жалпы мұнайлылық этажы - 1200 м-ден көп қабатты күмбезден тұрады және кеніште серпімді су арынды режим қалыптасқан.
Кенкияқ қанатының оңтүстік бөлігінің казан қалыңдығында бір мұнай және бір газ, татар қалыңдығында бір газ және он екі мұнай горизноты орналасқан. Олар 649 - 2475 м тереңдікте орналасқан. Жіңішке жиекше тәрізді қалыңдығы 400 - 600 м-ге дейінгі мұнай кеніші тұзды сілімге қарай ығысқан және олар СМН - ның өзіндік мөлшерімен, 2,5 м - ден 41 м-ге дейінгі мұнайлылық қуаттымен ерекшелінеді.
Негізінде Саркөл тастопшаға жататын бірінші төменгі триастағы горизонт оңтүстікте 585 - 750 м тереңдікте, ал солтүстікте 430 - 585 м тереңдікте, сәйкесінше мұнайлылық қалыңдығы 9,5 - 16 м. 850 м3 ауданы бар кеніштің биікткгі 110-160 м. Кеніштің солтүстік қанатындағы СМН -388,7 м абсолюттік белгіде, ал оңтүстігінде - 575 м белгіде жүргізіледі.
Төменгі юра горизонтының мұнайлылық қалыңды - 2-8 м, теріңдігі - 320,5-990 м. 2438 мың м2 ауданның мұнайлылық сатысы 32 м - ге тең. СМН солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған, ал оңтүстік қанатта - 161-174 м белгіде, оңтүстікте - 180-185 м белгіде жүргізіледі.
Аалянстық горизонт 280-377 тереңдікте орналасқан, оның мұнайлылық қалыңдығы - 2,7-22 м-ге тең. Солтүстік қанатта 145-151 м және оңтүстікте 180-185 м абсолюттік белгідегі СМН солтүстік - батыстан оңтүстік - батысқа қарай бұрылған.
Бірінші байос-батыс горизонтының мұнайлылық қуаты 3-27 м , тереңдігі 284 - 360 м - де орналасқан. Кеніштің биіктігі 110 м, ауданы 5479,5 мың. м2. СМН еңкіш, солтүстік қанатта 120,5 - 122 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 148-165 м-ге төмендейді.
Екінші байос - баттық горизонт 234 - 335 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдығы 1,5 - 48,5 м . Кеніштің көлемі - 10085,5 мың м2 , биіктігі 68 м. СМН еңкіш, , солтүстік қанатта 75 - 88 м абсолюттік белгіде жүргізіледі, оңтүстікте 88 - 98 м-ге төмендейді.
Үшінші байос - баттық горизонт 200 - 320 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы 6 - 14 м. Кеніштің биіктігі 38 м, СМН 40-63 м белгіде жүргізіледі.
Готериевский горизонты 185 - 246 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1 - 5,2 м. Кеніштің биіктігі 34 м, ауданы - 7731,5 мың м2. СМН 36 м белгіде жүргізіледі.
Барремский горизонты 159 - 195 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 1,0 - 16,5 м. Кеніштің биіктігі 31 м, ауданы - 7 426 мың м2. СМН 7 м белгіде жүргізіледі.
Аптский горизонты 77 - 125 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 0,21 - 2,9 м. Кеніштің биіктігі 10 м, ауданы - 150 мың м2. СМН 90,6 м белгіде жүргізіледі.
Алъбский горизонты 50 - 85 м тереңдікте орналасқан, мұнайлылық қалыңдылығы - 3,7 м. Кеніштің биіктігі 10 м, СМН 110 м белгіде жүргізіледі.

1.2 Кенкияк кен орнының геологиялық құрылымы
Кенкияк тұзасты кен орнында бұрғылау кезінде қалыңдығы 6000 м (төменнен жоғары қарай) болатын, девон, төменгі таскөмір, орта таскөмір, төменгі перм, жоғары перм, төменгі триас, юра, бор және төрттік қабаттардан тұратын девон-төрттік жасындағы қабаттар ашылды. Юра, төменгі перм және таскөмір қабаттары Кенкияк кен орнындағы негізгі мұнайлы қабаттар болып табылады. Тұзасты қабаттарда мұнай кеніштері литологиялық экрандалған түрдегі перм қабаттарында, және массивті-қабатты түрдегі таскөмір қабаттарында жақсы дамыған. Перм аймағында коллектор болып терригенді жыныстар табылады, ал таскөмір карбонатты қабатта - карбонатты жыныстар.
Кенкияк кен орнындағы төменгі перм қимасы ассель, сакмар, артин және кунгур ярустарының қабаттарымен сипатталады.
Ассель ярусы.Ассель ярусының қабаттары таскөмір жынысының шайылған бетінде сәйкесінсіз жатыр. Литологиялық жағынан гравийлі-галечникті материалдан тұратын әктастың қалың емес қабатшалары бар құм-сазды жыныстың бумаларымен сипатталған. Құмайттар түрлі түйіршікті полимикті, берік, құрамында ОРО бар, әлсіз әктасты болып келеді. Аргиллиттер тығыз, қабатталған, қара түсті болады. ярус қалыңдығы 65-287 м аралығында ауытқиды.
Сакмар ярусы.Сакмар ярусының қабаттары құмды-сазды жыныстармен, линзалармен және аргиллит қабатшалары бар гравийлі-галечті материалдың қабатшаларымен сипатталады. Құмайттар орта түйіршікті, берік болады. қалыңдығы 122-185м аралығында өзгереді.
Артинді ярус.Артинді қабаттар литологиялық жағынан гравелит және конгломераттың бөлек қабатшалары бар күшті құм-аргиллитті қабатпен сипатталады, құмайттар берік цементтелген және тығыз болып келеді. Артинді қабаттардың қалыңдығы жоғарғы қабаттардың шайылуынан тұрақсыз және 240-377м аралығында өзгеріп тұрады. Артинді қабаттарға кен орын мұнайының негізгі қоры бар үш мұнайлы бума сәйкес.
Күнгүр ярусы.Күнгүр ярусы тұзды қабаттармен сипатталады. Тасты тұздың қалыңдығы 50-357м аралығында ауытқиды. Күнгүр қабаттарында үш бума бөлінеді: төменгі-сульфатты-терригенді, орта-галогенді және жоғарғы-сульфатты-терригенді.
Башқұр мезгілінде ұсақсулы фацияның шөгу ауданы бірте-бірте төменгі таскөмір мезгілімен салыстырғанда ұлғая береді. Осы мезгілде Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде аудандық көтерілімдердің тектогникалық қозғалысы жиі болып тұрды. Пайда болған органогенді құрылыстар диагенетикалық немесе диагенетикалық емес сипаттағы процестердің әсеріне түсіп отырды. Жоғарғы- және ортабашқұр қабаттары толығымен шайылған. Бұл башқұр мезгілінде ойпаттың қысқару және кебу процесі аяқталып жатқанын білдіреді.
Төменгі башқұр ярусы.Литологиялық жағынан инклюзивті-түйіршікті, коралды әктастармен сипатталады. Төменгібашқұр подьярусында мұнай кеніші дамыған. Ярус қалыңдығы 45-100м аралығында өзгеріп тұрады.
Литологиялық жағынан фораминиферовты, инклюзивті-түйіршікті, тікентерілі детритті әктастармен сипатталады. Үлкен ауданда көкшіл-жасыл және жасыл балдырлы әктастар дамыған. Олар төменгі таскөмір бөлімінің карбонатты қабатының негізгі қасиеті болып табылады. Серпуховты яруста мұнай кеніші дамыған. Жыныс қалыңдығы 310м құрайды.
Визей ярусы.Визей ярусының қабаттарыдевон жынысының шайылған бетінде сәйкессіз орналасқан. Литологиялық жағынан қабаттар әктастар мен доломиттердің аргиллиттің қабатшаларымен қабаттануымен сипатталады.Әктастар ашық-күлгін түсті, аз кристалданған, тығыз, кей жері жарықшақталған болып келеді. Жыныс қалыңдығы 270м.

1.3 Кеңқияқ кен орнының игерілу жүйесі
2003 жылғы есеп бойынша 585300 тонна мұнай және сұйық 1535925 м3 игерілуде. Соның ішінен: тұз үсті мұнайы 348335 тонна және сұйық 1262616 м3. Кен орында игеру басынан 13133802 тонна мұнай және 28875961 м3 сұйық игерілді. Кеңқияқ кен орнын тұз үсті комплексінің 12601148 тонна мұнай және 28260661 м3 сұйық. Тік беткейден 1035671 тонна және 1580805 м3 сұйық игерілді.
Тұз асты комплексінен 532654 тонна мұнай және 615300 м3 сұйық. Осы жыл ішінде жалпы Кеңқияқ кен орнында тұз үсті және тұз асты сулану 75%. 2003 жылда 864 ұнғы қоры (ШТС, Бұрандалы сорап және Сваптау) бір ұңғының орта тәулік шығымы 1,7 тоннатәу. мұнай және 6,0 м3 сұйық. Қазіргі қорда 13 тұз асты ұңғысынан орта тәулік шығымы 1 ұңғыдан 143,3 тонна тәу. мұнай және 145,5м3тәу. сұйық.
Кен орнында 2003 жылдан бастап солтүстік - шығысында және оңтүстік шығысында 85 жаңа тұз үсті ұңғылар бұрғыланды.
Соның ішінде бесеуі тік бетке де (66026, 61065, 61020, 61016, 61040, 66025, 61056, 61055, 61062, 61041, 61039, 66024, 61045, 61053, 61,059, 61052, 61046, 61027, 61060, 66019, 61038, 61034, 61033, 61028, 64024, 61019, 66023, 61035, 610348, Т-1249, 61061, 61051, 61029, 61066, 61007, 64041, 64043, Т-1252, 70007, 70008, Т-2392, 64025, Т-2421, Т-2370, Т-2371, 70011, 66017, 65025, 65008, Т-1313, 65009, 64042, Т-1203, 65002, Т-1205, 64039, Т-2399, 70012, 24026, 66016, 66018, 61015, 65018, 61058, Т-1251, Т-994, Т-996, Т-1098, Т-1147, Т-2396, Т-1207, Т-2422, 64032, 61026, Т-1254, 61043, 61049, 61054, 61074, 61081, 2001кс, 2002кс, 2003кс, 2004кс, 2005кс) оның төртеуі тұз асты ұңғылары (Н-8002, Г-235, Г-8017, Г-8011) және екеуі 2003 жылдан бұрғыланып келе жатқан ұнғы. Жыл ішінде жаңа ұңғылардан 13348 тонна мұнай және 276653 тонна сұйық игерілді сулануды орташа 52% құрады. Бір ұңғының орташа дебиті 1,6 тонна мұнай, 5,0 тонна сұйық. 2003 жылда тұз үсті ұңғыларда бұрандалы сорапты қондырғылар саны 54- тен 87- ге дейін өсті. 2003 жылдың сәуірінен бастап кен орнын шығыс бөлігінде циклдік бу айдау қайталанды. 2003 жылы 92653 тонна бу айдалды, бастапқы планы бойынша айдалатын бу 150000 тонна. Тоқтап тұрған ұңғыларда сваптау әдісін қолданып тәуліктік мұнайды өндірілуін жоғарлатты, консервацияда тұрған ұңғыларына сваптау әдісін қолданып пайдалану қорына 303 ұңғы ауыстырылды. Және орта тәліктік шығымы 44 тонна тәуліктен 80 тонна тәулікке дейін өсті 2003 жылда кенкияк кен орында 877 ұңғы табиғи режимде пайдалануда мұнай ұңғыларында сұйықтың шығымын қалпына келтіру үшін 1004 ұңғыда жер асты жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 843 ұңғыда құм тығынын тазалау мен сорапты ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Ұңғы сорапты және сорапты компрессорлы құбырды жоғары көтеріп қараған кезде перфорация интервалында орташа 30 метр құмның жиналуы байқалды (кесте 1.1).
Кесте 1.1
Жылдар бойынша мұнай мен сұйық өндіру және суланудың өсу динамикасы
Жылдар
Мұнай өндіру,
тонна
Сұйық өндіру, т
Орташа жылдық сулану, %
Жұмыс істеп тұрған 1 ұңғының орташа шығымы

Мұнай
б-ша, ттәу
Сұйықтық
б-ша, ттәу
2002
487500
1346281
75
1,6
5,5
2003
585300
1535925
75
1,7
6
2004
1145000
1904000
74
1,5
6
1.3.1 Кеңкияқ мұнай газ өндіру басқармасының кенішін игерудің казіргі жағдайы
Қазіргі кезде 2005 жылға дейін мұнайды игеру тұз асты және тұз үсті кенішінен өндіруде. Тұз үсті мұнай кеніші төмен борлы орта юра, пермь, триас, жоғарғы пермь горизонттарында орналасады. Ал тұз асты мұнай кеніші төменгі пермь және карбонат қабаттарында орналасқан.
Кенқияқ кен орнының пайдалану қорының ұңғылыры. Кенқияқ кен орын бойынша 1838 ұңғы қазылған, соның ішінен 1813 ұңғы тұз үстінде және 25 ұңғы тұз астында. Мұнай және сұйық өндіру игеру басынан 15233137 тонна мұнай және 137890000 тонна м3 сұйық өндірілді.
Соның ішінде: Тұз асты комплексінен 1405000 тонна мұнай және 1658000 тонна м3 сұйық. Тұз үсті комплексінен 13828649 тонна мұнай, 36239000 тонна м3 сұйық.
Жыл басынан мұнай мен сұйықтың өндірілуі кен орын бойынша 1145000 тонна мұнай, 1904000 тонна м3 мұнай, 1904 тонна м3 сұйық.
Соның ішінен: Тұз асты комплексінен 871833 тонна мұнай және 983484 тонна м3 сұйық. Тұз үсті комплексінен 273167 тонна мұнай, 1047000 тонна м3 сұйық. Кенқияқ кен орнынан мұнайды өндіру өткен 2003 жылдан салыстыра қарағанда екі есеге өсті. Кен орынның пайдалану ұңғылар ішіндегі өнім беретіні 613 ұңғы. Соның ішінде 595 ұңғы тұз үсті комплексінде. 18 ұңғы тұз асты комплексінде. 18 ұңғы фонтандайды, 486 ұңғы штангілі сораппен өндіруде. Бұрандалы сораппен 85 ұңғы.
Тоқтап қойылған 211 ұңғы. Бақылау ұңғысы 18, бұрғылануда 9 ұңғы. Кен орын бойынша бу айдайтын ұңғылардың қоры. Барлығы 28 ұңғы қазылған, соның ішінде 8 ұңғы бу айдап тұр, 12 ұңғы ыстық су айдайды, 4 ұңғы салқын су айдайды. Игеру басынан 436595 тонна м3 бу айдалынды. Ал жыл басынан айдалынған будың көлемі 250870 тонна м3 . Игерілу басынан Кенқияқ кен орында газдың өндірілу көлемі 279507630 м3 өсті.
Игеру басынан Юра ІІ, ІІІ горизонттарынан 11577660 тонна мұнай және 28373904 тонна м3 сұйық өндірілді. Юра ІІ, ІІІ горизонттарынан жыл басынан өндірілген мұнайдың көлемі 243109 тонна, сұйық көлемі 983122 тонна м3. Сурет 1.1 де көрсетілген.

Сурет 1.1 Кеңқияқмұнай МГӨБ бойынша өндіру және тапсыру

2005 ж. жалпы Кеңқияқ кен орны бойынша, жоба 2 млн. тонна болғанда, іс жүзінде 1 982 900 тонна өндірілді, орындалу 99,1% құрады, жалпы кен орын бойынша өндірілген өнім көлемі 837 900 тоннаға, орта тәуліктік шығым 2 900 тнтәу өсті. Тәуліктік мұнай өндіру 1.01.06 мерзіміне 6 500 тнтәу құрады.. Соның ішінде: тұз үсті кешен бойынша, жоба 309 730 тонна болғанда, іс жүзінде 306 630 тонна құрады, ауытқу 3100 тонн. 2005 ж. жалпы Кеңқияқ кен орны бойынша, жоба 2 млн. тонна болғанда. Тұз асты кешен бойынша, жоба 1 690 270 тонна болғанда, іс жүзінде 1 676 270 тонна өндірілді, ауытқу 14 мың тонна құрады, НКТН КазТрансОйл желісіне, жобалық 1 956 240 тонна болғанда, іс жүзінде 1 914 343 тонна тапсырылды, орындалу 97,8 % құрайды. Мұнайды өндіру мен тапсыру бойынша жобалардың негізгі орындалмау себебі, бұрғылаудан ұңғыларды уақытында енгізбеу және меңгеру үрдісіндегі қиындықтар. 2004 ж. салыстырғандағы мұнай өндіру деңгейінің өсуі, негізінен пайдалануға 13 тұз асты ұңғыны (№ Н8023, Н8024, Н8025, 8016 Н8009, Н8015, 7001, 7043, Н8012, Н8034, 7049, 7048, 7037) енгізумен және ағымды-профилактикалық жұмыстармен (түз үсті ұңғылардың жұмыс режимін оңтайландыру, тұз асты ұңғыларды ТҚӨ) байланысты, сурет 1.2 бойынща:

Сурет 1.2 Кеңқияқ мұнай МГӨБ бойынша ұңғылардың орташа істеп тұрған қоры
01.01.06 ж. мерзіміне пайдалану қоры 1431 ұңғы құрады, олардан істеп тұрған қор 992 ұңғы, істемей тұрған 438 ұңғы:
- өнім беріп тұрған - 781 ұңғы.
- уақытша тоқтап тұрған - 12 ұңғы.
- консервацияда - 0 ұңғы.
- айдау қоры - 28 ұңғы.
- 8 ұңғыда бу айдалып жатыр.
- 4 ұңғыда ыссы су айддалып жатыр.
- 12 ұңғыға ағынды су айдалып жатыр.
- 4 ұңғыға полимерлі ерітінді айдалып жатыр.
Бұрғылаудан кейін 2 тұз асты ұңғы игерілуде (8012Н, 7038) 2005 жылы 13 ұңғының сағасы жабдықталған (8023, 8024, 8025, 8016, 8015, 8009, 7001, 7043, 8034, 8012, 7048, 7049, 7037). 2005 жылға жобамен 3 тік ұңғыны бұрғылау қарастырылған, іс жүзінде 3 ұңғы (7037,7048,7049) бұрғыланған және пайдалануға енгізілген, бір ұңғы №7031 бұрғылануда. 2004 жылдан 4 тік, 7 көлденең ұңғы қалды, іс жүзінде 3 тік (7001,7043,8016), 7 көлденең (8023, 8024, 8025, 8009, 8015, 8034, 8012) ұңғы пайдалануға енгізілген. 1.01.2006 мерзіміне 9 тұз асты ұңғы бұрғылануда: №№7011, 8110, 7010, 7016, 7024, 8006, 7038а, 7031, 8012.
Осы жылы, жоба 1650 ұңғы болғанда, іс жүзінде 1425 ұңғыны жер асты жөндеу жүргізілді. Олардан: сорапты алмастыру мен жуу - 1034 ұңғыоперация, Сорапты алмастыру- 200 ұңғыоперация, қалған жөндеулер - 191 ұңғыоперация. Бір ҰЖАЖ (ұңғыны жер асты жөндеу) цехының бір бригадасымен тұз үсті кешеннің ұңғыларына күрделі жөндеу жүргізілді. Ұңғыларды күрделі жөндеу саны, жоба бойынша 10 ұңғы болғанда, іс жүзінде 15 ұңғыны құрады. Олардан: фильтрді түсіру - 7 ұңғыжөндеу, фильтрді алмастыру - 4 ұңғыжөндеу, АСПО-мен өңдеу (химреагенттерді айдау) - 2 ұңғы, геофизикалық аспапты шығару -1 ұңғыжөндеу, қосымша перфорация - 1 ұңғыжөндеу сурет 4 бойынша;

Сурет 1.3 Ұңғыны жөндеу

1.4 Тектоникасы
Кен орын аймағы Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінің Кенкияқ тектоникалық сатысы аумағында орналасқан. Зерттеліп жатқан ауданның шөгінді қабатында үш құрылымдық-тектоникалық қатар көрсетіледі: тұзасты, күнгүрлы-жоғары перм және мезозой.Ойпаттың шығыс бөлігінің геологиялық дамуының сипаттамалық ерекшелігі территорияның біртексіз ұзақ түсуі болды, ол дамушы Орал геосинклинальды ауданынан және қалыңдығы 8м. қалың күнгүрға дейінгі шөгінді қабаттың қалыптасуынан туындаған Ф және П1 тіректік сейсмикалық горизонттарының арасында орналасқан тұзасты кунгурға дейінгі комплексте визей-жоғарыдевон және өте ежелгі қабаттар бар, олардың седиментациясы ойпат ауданы бойымен меридиан бағытымен дамыған ертепалеозой Жоғарыембі каратон маңы ойпатының жағдайында болған.
Геофизикалық берілгендер бойынша Кенкияқ тұзасты комплексінің қимасында келесі тіректік сейсмикалық горизонттар көрсетіледі: П3, П2 , П2, П1. П3 горизонты жоғары девонға дейінгі жастағы терригенді қабаттардың бетімен шартты түрде байланысады. П3 горизонтынан жоғары жоғарыдевондық-төменгіпермдік жастағы комплекс жатыр, оның құрылымдық жоспары П2 горизонтын көрсетеді. П2 горизонты төменгі карбонатты қабаттың жабынына сәйкес (КҚ-ІІ). КҚ-ІІ қабаттары төменгі перм жасындағы терригенді комплекспен жабылады, оның құрылымдық жоспары П1 горизонтын сипаттайды.
Тұзасты қабаттардың беті моноклинальды түрде шығыстан батысқа қарай Ащысай ауданынан ойпаттың орталық бөлігі жағына қарай болады (батады): Әлібекмолада 1,7 км-ден, 2,5 км Бештауда, 3,4 км Башенколде және Шұбарқұдықта 5,4 км-ге дейін. Тұзасты қабаттардың моноклинальды батуы кезінде құрылымдық жоспар тектоникалық сатылармен анағұрлым күрделенеді. Шығыстан батысқа қарай ені 15-20-дан 35-60 км болатын, бір-бірінен тереңдік құрылуымен ерекшеленетін Жаңажол, Кеңкияқ, Қоздысай және Шұбарқұдық сатылары көрсетіледі. Сатылардың құрылуы субмеридианды созылымның жергілікті және біліктүзгіш көтерілімдермен күрделенеді. Кеңкияқ тұзасты құрылымының құрылысын нақтылау үшін үшөлшемді сейсмикалық зерттеулер жүргізу кезінде, бұрғылау берілгендерінің комплексінде алынған интерпретацияланған материалдар қарастырылды.

1.5 Стратиграфия
Кенкияқ кен орнында бұрғыланған ұңғымалармен кең стратиграфиялық диапазонда палеозойдан бастап кәдімгі қалдықтардан аяқталатын шөгінділер ашылды.
Пермдік жүйе Кенкияқ кен орнында ашылған ежелгі жыныстарға перм жүйесінің палеазой тобы жатады. Перм жүйесінің ең ежелгі жыныстарына артинский ярусы жыныстары жатады. Бұл шөгінділер тұз дөңесіне бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. П - 88 ұңғымасында олар 3780 - 3918 м тереңдікте орналасқан, олар 40 - қа дейігі құлау бұрышы бар құмайттар мен аргиллиттерден тұрады.
Ариллиттер қою көкшіл , полимиктілі және ізбестілі, орташа және уақ түйіртпекті, қабатты, қатты, аздап жарықтау, ізбастілі цементті келеді.
Кунгур ярусындағы шөгіндіде үш қабат бөлінген: төменгі сульфатты - терригенді, галогенді және жоғарғы сульфатты - терригенді.
Төменгі сульфатты - терригенді қабат құмайтты және ангидритті аргиллиттерден және алевролиттерден ьтұрады, гравелиттердің жалаң қабаттарыда кездесіп қалады.
Аргиллиттер қою көкшіл және қара, алевролитті және ізбестілі, ангидриттелген учаскілері бар, қабатты, қатты, аздап жарықтау (жарықтары ангидриттермен толтырылған келеді.
Алевролиттер пен құмайттар қою көкшіл , сазды және ізбесткалы, полимиктілі, ұсақ түйіртпекті, қабатты және плинчатты.
Ангидриттер көкшіл - көк, сазды учаскілі, ұсақ және орташа кристалды, қабатты, қатты, кейде жарықтау келеді.
Галогенді қабат ақ, орташа - ірі кристалды , массивті тұзды тастан құралған. Бұл қабатта әртүрлі қалыңдықтағы бірнеше қабатшалардан тұратын сульфатты - терригенді жыныстар қабаттары кездеседі. Кенкияқ кен орнында галогенді қабаттартар қалыңдығы үш мың метрден ( 3185 м ) асады.
Жоғары сульфатты - терригендік қабат алевролитті қабатшалардан тұратын аргалиттерден , құмайттардан және ізбестілі ангидриттерден тұрады. Оның қалыңдығы 600 м аралықта.
Жоғары пермдік қызыл түсті континентальды шөгінді Кенкияқ кен орны тілігінде уфимский, казанский және татарский ярустарынан тұрады. Бұл шөгінділер тұз ылдиына бұрғыланған ұңғымалар арқылы ашылды. Бұл шөгінділер күмбездер аралық ойпаттарда орналасқан, олардың қалыңдығы екі мың метрден жоғары. Олар құмайтты, алевролитті және Аз қалыңдықты ізбескілер қабатшаларынан құралған аргиллиттерден тұрады. Бұл жыныстар қызыл - қоңыр түсті келеді, құрамында гравилиттер, конгломераттар мен ангидриттер кездеседі.
Триас жүйесі жыныстары төменгі бөлімнен тұрады. Төменгі триастың субаквальды өзенді - континентальды шөгінділері Кенкияқ төбесінің күмбезі бөлігіндегі кунгур ярусында, ал төбе қанатында татар ярусында жатыр.
Шөгінді жыныстары бірінен соң бірі төслген жұқа құмайтты және сазды жыныстардан тұрады.
Құмайттар мен құмдар қызғылт - қоңырлау, поликтивитті, сазды, ұсақ және әркелкі түйіртпекті болып келеді.
Саздар әртүрлі түсті, қоңыр ө кызыл және көкшіл - жасыл, алевролитті, тығыз келеді. Шөгінді қалыңдығы 400 м шамасында.
Юралық жүйе Кенкияқ кен орнының тілігіндегі юра жүйесі төменгі және жоғарғы жүйеден тұрады.
Төменгі юра шөгіндісі литологиялық құрамы бойынша екі қабатқа бөлінеді: құмайттыгалчникті және сазды.
Құмдар негізінде кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, тез бұзылғыш кварцтан және құмайт линзаларынан тұрады.
Саздар сұрлау - ақшыл, аздап алевролитті, тығыз, шарт сынғыш және өсімдік қалдықтарынана тұрады. Қкабат қалыңдығы 90 м - ге дейін жетеді.
Орта юралық лагунді - континентальды шөгінділер құмайтты және сазды қабаттардан тұрады.
Құмайтты қабат құмдардан тұрады. Құмдар сұрғылттау , кварцтыалаңдышпатты келген ашық - сұр түсті, ұсақ және орташа түйіртпекті, әркелкі түйіртпекті, түйіртпек негізінен көмірлі және жартылай опырылғыш, тез бұзылғыш келеді .
Сазды қабат саздардан, шымқай - сұрлау және қою - сұрлау, алевролитті, құмайтты, қабатты, тығыз , тас көмір қабатшаларынан тұрады. Жыныс қалыңдығы 150 м - ге дейін жетеді.
Бор жүйесі жыныстары төменгі және жоғары бөлімнен тұрады. Төменгі бор жүйесі валанжин яруынан басқа ярустардың бәрінен тұрады. Бұл жыныстар өзара кезектескен сазды , құмайтты - сазды және құмайтты қабатшалардан тұрады. Ашық боялған әртүрлі түстердегі құмайты - сазды шөгінділерден тұратын баррем ярусы қабаты назар аударарлық.
Саздар әртүрлі түсті, біресе қою қызғылт - кызыл, ашық қызыл және көкшіл - жасыл түсті, құмайтты, ізбескілі емес, тығыз, аргеллит тәрізді келеді.
Құмайттар әртүрлі түсті және жасыл - сұрлау, полимикті және сазды, ұсақ және орташа түйіртпекті, түйіртпектер көмірлі және шарт сынғыш, жұқа келеді. Қабат қалыңдығы шамамен 400 м - ді құрайды.
Жоғары бор шөгінділері барлық ярустардан тұрады. Алайда тіліктер ярусы толықтай емес, ол жоғары жатқан қабаттарға байланысты. Жоғары бор шөгінділері литологиялық жағынан құмайтты - сазды шөгінділерден және мергелдерден, сондай - ақ саздардан мен фосфор конкрецияларынан тұрады. Жоғары бор шөгінділері қалыңдығы 350 м - ге жетеді.

2 Техника-технологиялық бөлім
2.1 Кен орнын игерудің технологиялық режимдерін қолдану
Кенкияк кен орнын игеру процесінде үш режим қолданылып келеді, яғни табиғи режим, қабатқа бумен әсер ету және су айдау режимдері. Кенкияк кен орнының тұз үсті қабаттарында белгілі бір серпінді су арынды режимі еріген газбен ығыстыру режимі солтүстік қанатта және оңтүстік қанаттың шығыс бөлігінде пайдалануда. Кен орын игерудің алғашқы кезеңінде (1966-1975) мұнай өндіру жоғары қарқында жүргізілді, ұңғының тәуліктік өнімі 3,9-5,3 тоннаға жетті. 1966-1975 жылдары пайдалануға берілген ұңғылардың орташа тәуліктік өнімі жоғары болды, 8,3 тоннаға дейін жетті, ал өнімнің сулануы төмен болды. 1966-1972 жылдары пайдалануға берілген ұңғылардың орташа өнімі 5,2 тоннаны құрады, сулануы 1,4 % тең болды. Соңғы жылдары мұнайды сумен ығыстырудың тиімсіз екені анықталып келеді, себебі мұнай мен газдың тұтқырлығы әртүрлі болуына байланысты болып келеді. Кен орны игерудің алғашқы екі жылынан соң, көптеген өндіру ұңғылары су бере бастады, соған байланысты мұнай өндіру бірден төмендеді. Мысалы, 1983 жылы 408 ұңғы қабаттың табиғи режимімен жұмыс жасады, алғашқы тәуліктік мұнай өндіру 5,5 тоннаны құрады, алты жылдан соң тәуліктік өнім алу 2 тоннаға түсті, сулану 5% -55% дейін жетті.
Кен орнын игеру көрсеткіштеріне мынадай технологиялық шаралар әсер етеді: буды сіңіру техникасының қолданылуы; будың сапасын жоғарлату және бу айдау көрсеткіштерінің тиімділігін жоғарлату; бу генераторының қысымы 6,8МПа; саға қысымы- 5,3 МПа; бу генераторының температурасы 282°C будың құрғақтылығы- 79%; бу айдау жылдамдылығы 194 тонна тәулігіне; бір кезеңде бу айдау мөлшері 2692 тонна; бу айдау жеделдігі 122 тм; Бу айдаған соң ұңғыны жабу уақыты- 2-3 тәулік.
Кенкияк кен орнының тұз үсті қабаттарында мұнайды өндіру орта юра және жоғарғы перм аймақтарынан жүргізіледі. 2015 жылдың қаңтарына тұз үсті қабаттары бойынша пайдалану фонды 1457 ұңғыны құрайды, соның ішінде 988 ұңғы жұмыс жасап тұр. Тоқтап тұрған ұңғылар саны 519, айдау ұңғылары 31, бу айдауға 8 ұңғы, құрғақ бу айдауға 4 ұңғы, полимер ертіндісн айдауға 4 ұңғы, қабат қысымын ұстауға 11 ұңғы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңқияқ кен орнының игерілу жүйесі
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі
Кен орнының геологиялық құрылымы
Көрсеткіштер өндіру жылдары
Мұнай мен газ өндіру саласында
Қазақстан Республикасының мұнай газ саласының қазіргі жағдайы
Пәндер