Халықаралық маркетинг ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика факультеті
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: PR (паблик рилейшнз) рыногынің дамуы

Орындаған: Айтуған Бибігүл
Тексерген: Садуақасов Абай

Алматы қ. 2019 жыл

Мазмұны:

Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------------- ------ 2 - 3

Негізгі бөлім
I - тарау

0.1. Маркетинг принциптері мен салалары --------------------------- 4 - 6
0.2. Халықаралық маркетингтің даму тарихы ----------------------- 7-8
0.3. Халықаралық маркетинг ----------------------------------- --------- 9- 11
0.4. Халықаралық маркетинг ерекшеліктері ---------------------------12- 14
0.5. Халықаралық маркетингтің ішкі және сыртқы басқарылмайтын аспектілері ----------------------------------- ----------------------------- 15- 16
0.6. Халықаралық маркетинг ортасы ----------------------------------- - 17- 18

II - тарау

2.1. Сыртқы рынокқа шығу тәсілдері ----------------------------------- ---- 19 - 20

2.2 Маркетинг микс ----------------------------------- --------------------------- 21-22

Қорытынды ----------------------------------- ----------------------------------- ---- 23-24

Пайдаланылған әдебиеттер ----------------------------------- ------------------- 25
Сілтемелер ----------------------------------- ----------------------------------- ----- 26

Кіріспе

Маркетинг деген термин АҚШ экономикалық әдебиеттерге XIX - XX ғасырдан бастап қолданыла бастады. Маркетинг термині ағылшынша market (рынок) сөзінен шыққан және дәлме дәл мағынасы рынокпен байланысты кәсіпкерлік әрекетті білдіреді. Алайда ұғымның мәні одан өте кең де, ауқымды. Сондықтан мұның көптеген анықтамалары бар. Маркетинг концепциясының негізгі мәні тұтынушылардың мұқтаждарын қанағаттандырумен тығыз байланысты. Бұл концепцияның өмірге келу себебі де тауарлардың молынан өндірілуінен, оларды сатып алушыға өткізу ісінің қиыншылықтарға кездесіп, күрделене түсуінде. Сондықтан да XX ғасырдың басында маркетингті өтім әдісі ретінде қолданылып, маркетинг жөнінде коммерциялық түсінік орын алды. Яғни өндіруші, демек сатушы сатып алуға жеткілікті шамасы бар сатып алушыны тауып, өнімін шығаруы тиіс еді. Яғни маркетинг теориясын басқару жүйесінде қолданып, оның басты принциптеріне сәйкес тек сенімді түрде сатылатын өнімді өндіру және фирма осыған сай ұйымдастырылуы тиіс еді.
Сондықтанда маркетингтің мәні оның алдына қойылған атқаратын қызметтерімен белгіленеді демсек те болады. Біздің дәуірімізде маркетинг мәні жетіліп өзгерді, Оның мәнінің өзгерісі өнімді шығару және өнімді өткізу шарттары өзгерісімен байланысты. Қазіргі кезде маркетинг әрекетінің мәні сайып келгенде жоғары пайда ал үшін рыноктың, демек тұтынушылардың нақты қажеттерін зерттеу, соның негізінде фирманың барлық қызметін (таарды өндіру, өңдеу, өткізу, жылжыту) ұйымдастыру жүйесі болып табылады. Мұнда есте болатыны маркетингке сүйене отырып фирманың түбінде пайдалы әректін ұйымдастыр үшін, алғашқы оның қадамдары уақытша пайдасыз, кейде тіпті шығынды болы мүмкін. Бұл болжамды шығындар немесе ойда болған уақытша кездесетін қиыншылықтар болып табылады. Одан кеін мол табыс әкелетін немесе фирманың қанағаттты пайда тауып рынокта тұрақты іс - әркетін көздеген маркетингтік нысанасы орын алуы тиіс. Осы тәрізді маркетинг нысанасы тек пайданы көбінен табу ғана емес, әлеуметтік, тұрақтылық, фирманың іс - әрекетінде қауіпсіздік т.б. с.с. нысанасы болуы мүмкін.
Тауардың өмірге келуін әрине сұранысс белгілейді. Ал сұранысты айқындайтын да, оны қалыптастыратын да маркетинг үрдісі болады. Сондықтан маркетинг қазіргі бизнестің концепциясы ретінде зерттеу, талдау, ойлау және ойлау үрдісін қамтиды. Ол әртүрлі шешімдердің әр дәрежеде қолданылуын қамтамасыз етеді. Маркетинг концепциясына сәйкес фирманың жан - жақты жұмыстарын рынок жағдайнда алдын ала реттеу және әлеуетті тұтынушылардың мұқтаждығы мен қажеттіліктерін нақтылы білу, олардың болашақта өзгеруін болжамдар арқылы есепке алынып отырады. Өндірген тауарды сатудың орнына, сатылатын затты өндіріңіз, Тауарды емес клиентті жақсы біліңіз - бұл маркетинг концепциясындағы фирманың сенімі.
2
Маркетинг саласындағы белгілі маман Ф.Котлер мынадай анықтама берді: Маркетинг айырбас арқылы мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Бір жағынан мұндай қызмет рынокты жан - жақты, жүйелі зерттеуге, тұтынушылардың нақты қажеттіліктерін және талғамдарын табуға, оларға өндірісті бейімдеуге бағытталған. Сонымен қатар өндірілген тауарларды тиімді өткізу үшін рынокты және қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған нысаналы және белсенді іс - әрекеттерді болжап белгілейді. Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты - тұтынушы мен өндірушіні бір - бірімен тығыз байланыстыру, бір - бірін табуға көмектесу болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрін тұжырымдасақ, маркетинг қызметіне төмендегілер жатады:
* әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;
* тұтынушыға керекті және қажеттіліктерін қанағаттандыратын тауар шығару;
* тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;
* өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;
* рынокқа сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.
Осы маркетинг қызметтерінің әрқайсысының бағыттары, олардың құндылығы және маңыздылығы тек оларды бірге қарастырылып қолданса өседі. Бұл жағдайда маркетинг концепциясы қалыптасады және оның қолданылуы мүмкін.
Шетел фирмаларының тәжірибесі көрсетіп отырғандай рыноктағы табыс фирманың тек қана өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар маркетингті дұрыс қолданылуын да дәлелдейді. Өйткені маркетинг:
* кәсіпорындарды басқару принципі ретінде тиісті рынок шешімдерін дәйекті бағыттау үшін тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру жолдары мен әдістерін белгілейді;
* рынок әрекетінің құралдары ретінде ерекше тәсілдер арқылы бәсекелестерге қарағанда басымдылық алуын қамтамасыз етеді;
* рынок әдісі ретінде өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделері үйлесуіне қол жеткізуі.

3
I тарау.
0.1. Маркетинг принциптері мен маркетинг салалары

Маркетингтің негізгі принциптері оның концепцияларынан қалыптасып, мыналардан тұрады.
Біріншісі, фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету. Сайып келгенде мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш басты компонентін анықтайды: мерзімін, ресурстарды, жауапкершілікті. Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді.
Екіншісі, фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплексті түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. Ал жиынтық түрінде емес, тек жеке алынған маркетинг әрекеттері (тұтынушылары зерттеу, рынокты болжау, тауарды зерттеу, жарнама, өтімді ынталандыру және т.б.) ойдағыдай нәтиже бере алмайды, керісінше түбінде сәтсіздікке соқтырады. Қазақстандағы көптеген фирмалар маркетинг туралы айтқанымен, оны өздерінің жұмысында толық қолданбай жатады. Олар бір - бірімен байланыспаған элементтерін қолданумен қанағаттанып, жоспарлаған мақсатына жете алмайды.
Үшіншісі, әрекеттенуге таңдап алған рыноктың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен бірге ол рынокқа нысаналы әсер ету. Өндіруші өзінің тауары мен фирмасын тұтынушымен ұтымды және тығыз қарым - қатынасын қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың талаптарына неғұрлым бейімделуі, олардың іс - әрекетін өзіне бейімдеу мақсатымен әсер ету.
Төртіншісі, келешекті сезу және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерімен тауарын өңдеу. Тек осы жолмен ең жоғары коммерциялық нәтижеге жетуге болады.
Бесіншісі, фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді реакция қамтамасыз ететін белсенділік, бастаушылық, іскерлік көрсету. Ондай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес. Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын тез арада творчестволықпен қолданғанды, тез арада өзгертіп жатқан рынок жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирмалар тиімді жұмыс жасай алады.
Бұл принциптер маркетинг шалалары арқылы жүзеге асырылады. Маркетинг шараларын белгілеу жұмысы рынок мүмкіндіктерін талдаудан басталады. Бұл талдау комплексті маркетингтік зерттеуді жүргізу арқылы шешіледі. Зерттеулер қорытындысы фирма қызметінің болашағын анықтайды және капиталдың қорлануының тартымды бағытын бейнелейді. Фирманың маркетинг мүмкіндіктерін анықтау жұмысы
4
болашағы кең нысаналы рынокты таңдап алуға мүмкіндік береді.
Коммуникация дегеніміз - тұтынушыларды тауарды алуға үгіттеу мақсатымен тауарлар және фирманың өзі туралы тартымды ақпарат таратумен байланысты фирманың іс - әрекеттері. Ол жарнама, арнайы сату әдістері, өтімді ынталандыру әдістері, қоғаммен байланыстар, т.б.
Маркетингті тиімді басқару үшін қосымша маркетинг жүйесі қолданылады. Ол жүйенің құрамындағылар: маркетингтік ақпарат жүйесі, маркетингті жоспарлау жүйесі, маркетингті ұйымдастыру жүйесі, маркетингті бақыла жүйесі.

Маркетинг салалары.
Маркетингті нақтылы жүзеге асыру ісі, яғни ол істің маңыздылығы мен бағыты кәсіпорынның салалық сипатына, оның ұсынатын тауарларының пайдалану орнына (жеке адам қажеті, немесе өндіріс қажеті орындауына) байланысты болады.
Маркетинг салалары бірнеше түрге бөлінеді:
1) Өндірістік маркетинг;
2) Қызмет маркетингі;
3) Халықаралық маркетинг;
4) Банк маркетингі;
5) Бейкоммерциялық маркетинг;
6) Инвестициялар маркетингі;
7) Интеллектуалды өнімдер рыногындағы маркетинг:
Осы аталған маркетингтің бірнеше түрлеріне қысқаша тоқтала кетсем.
Өнеркәсіптік маркетингі дегеніміз - өндіріс үдерісінде тұтынылатын тауарлармен, қызметтермен, оларды тұтынатын және сауда - саттықпен айналысатын фирмалармен шұғылданады.
Қызмет маркетингі дегеніміз - өнім ретінде қызметтермен шұғылданатын маркетинг түрі. Қызмет маркетингтің нәтижесінде фирмалар маңызды маркетинг мәселелерін шешеді.
Халықаралық маркетинг - кәсіпорындардың сыртқы экономикалық әрекеттерінде қолданылатын маркетинг түрі. Халықаралық маркетинг маркетингтің сыртқы ортасын зерттеуді, сыртқы рынокқа шығу мүмкіндіктерін анықтауды, нақты рыноктарды таңдауды және оларға шығу әдістерін, халықаралық маркетинг жоспарын өңдеуді болжайды.
Банк маркетингі дегеніміз - жалпы капитал рыногында және оның жеке салаларында, айталық банк саласында, несие салалысында, құнды қағаздар рыногында болып жатқан үрдістерді зерттеуді және есепке алуды болжайтын банкті басқару жүйесін сипаттайды.
Бейкоммерциялық маркетинг - институционалды маркетинг деп атайды. Оны ұйым және жеке тұлғалар өздерінің идеяларын тарату үшін қолданылады.
Инвестициялар маркетингі - бұл маркетингтің біршама жаңа бағыты. Инвестициялар маркетингінің негізгі ерекшелігі қажет қаржылар көзін анықтап, тарту болады.

5
Интеллектуалды өнімдер рыногындағы маркетинг. Тауар ретінде интеллектуалды өніммен маркетинг әрекетін жүргізу ерекше тәсілдерді қажет етеді. Өйткені бұл тауарлардың өзіндік ерекшеліктері болады:
* Интеллектуалды өнімді құқықтық жағынан қорғау қажет, яғни интеллектуалды өнімнің иесін (авторын, өнертапқышты) опасыз бәсекеден, оның затын заңсыз көшіруден қорғау қажет;
* Патент, патенттік лицензия және басқа құжаттар құқықтық қорғау құралы ретінде интеллектуалды өнімнің иесіне рынокта ұзақ мерзім монополиялық үстемдік алуға мүмкіндік береді;
* Тауардың патенттік қорғауға алынуы - қаржы салушының капиталы ретінде тиімді болуына қосымша кепілдік жасайды.

6
1.2. Халықаралық маркетинг даму тарихы

Маркетинг ұстанымдары мен әдістерін қолдану сыртқы экономикалық қызметте айрықша маңызға ие болды. Бұл сапада кәсіпорын қабылдайтын шешімдер стратегиялық және оперативтік сипатқа ие. Ең маңызды стратегиялық шешімдерге халықаралық еңбек бөлінісінде қандай да бір формада қатынасу туралы шешім нарық түрін және оған ену тәсілін таңдау, таңдалған нарықта кәсіпорын тәртібі жатады.
Осы шешімдерді қабылдау мен дайындау кәсіпорынның халықаралық нарық қызметінің кешенді бағдарламасын дайындауды талап етеді.
Шетелдік практикада оны халықаралық маркетинг деп атайды.
Халықаралық маркетинг туралы алғашқы ұғымдар өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдардың басында пайда болды. Осындай маркетингтің орынды қолданылуы, елеулі көлеміне дейін жеткен халықаралық тауар мен көрсетілген қызмет саудасының тиімді қамтамасыз етілу қажеттілігімен түсіндіріледі. 60-шы жылдардың басында халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастарының негізгі құрамдас бөлігі ретінде саналады. Халықаралық экононимкалық қатынастарының елеулі дамуы халықаралық сауданың белсенділігіне әкеліп, жалпы әлемдік экономика жағдайына позитивті әсерін тигізді.
Халықаралық сауданың ары-қарай дамуы бөлек тұрған елдер арасындағы тереңдей еңбек бөлінісін қамтамасыз етіп, ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға ары-қарай интеграциясына әрекет жасады. Осындай жағдайда түрлі елдердің фирмалары сыртқы нарықтар арқылы өнім өндірісінің көлемін артырып, мамандандырылуын нығайтқан және сыртқы нарықтарда өзінің кәсіпкерлік қызметі үшін анағұрлым қолайлы жағдайларын іздеуді бастады.
Фирмалар сыртқы нарықтарда тиімді кәсіпкерлік қызметін қамтамасыз ету үшін, олар сыртқы нарықтардағы қызметінің спецификасын есепке ала отырып, ұлттық нарықтарда жүзеге асырылатын маркетингті қолдана бастады.
Сөйтіп, ұлттық экономикаларының ғаламдану мен интеграция үрдісін туғызған халықаралық экономикалық қатынастардағы болған жағымды өзгерістері халықаралық маркетингтің басты себептерінің бірі болды. Либерализация мен ынтымақтастықтың қағидаларының негізінде үнемі қалыптасқан жаңа экономикалық режим халықаралық маркетингтің пайда болуы мен практикалық қолданылуын және оның ары-қарай даму өрісін тапты.
Интернационализация және ғаламдану үрдістері кәсіпкерлік секторда терең өзгерістерге және көпшілік кәсіпорындардың даму стратегиясын қайта қарастыруға әкеліп соқтырды. Сыртқы нарыққа шығып, онда қызмет жасаған кезде кәсіпорын түбегейлі жаңа жағдаймен кездеседі. Бұл жаңа жағдай шешім қабылдауға әсер етуші факторлар санының елеулі өсуімен сипатталады. Кәсіпорын қызметінің интернационализациясы, оның орналасқан елдегі қолданылатын маркетингтік тапсырыстары мен міндеттерінің өзгерісіне, диверсификациялауына әкеледі. Бұл трансформация
7
маркетингтің жаңа сапалы құралға, яғни кәсіпорынның сыртқы нарыққа шығу кезіндегі қызметінің дербес салаға айналуына әкеледі. Авдокушиннің анықтамасы бойынша Халықаралық маркетинг - бұл әртүрлі сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асырушы фирмалар арасындағы коммуникациялық кеңістіктегі шешімдерді өңдеу және қабылдау үрдісі. Перцовскийдің анықтамасы бойынша Халықрлық маркетинг - бұл өздерінің мақсатына тиімділікпен жету үшін кәсіпорынның шетелдік нарықтарда ұсынатын тауарлар мен қызметтеріне деген сұранысты зерттеу, қалыптастыру және қанағаттандыру бойынша жүргізетін іс-шаралар жүйесі.
Халықаралық маркетинг өз ішіне келесілерді қамтиды: халықаралық нарықтық ортаға әсер етуші іс-шараларды талдау, жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау. Ол ішкі ұлттық маркетингпен тығыз байланысты және оның дамуының ерекше, жоғары сатысын көрсетеді. Халықаралық маркетингтің объективтік сипаты келесі негізгі үрдістермен шарттастырылады: өндіріс пен капиталдың интернационализациясы және ғаламданауы; әлемдік шаруашылықта бірыңғай экономикалық кеңістіктің пайда болуы;
Маркетингтің жалпы қағидаларының ұлттық нарықтан халықралық экономикалық кеңістікке ауысуы, оның ерекше белгілермен толықтырылуына және дербес пән ретінде бөлініп шығуына әкелді.
Халықаралық маркетинг - бұл көптеген сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыратын фирмалардың коммуникациялық процестерде шешімдерді қабылдау мен өңдеу үрдісі.
Халықаралық маркетинг фирманың өзінің мақсатына тиімді түрде жету үшін ұсынатын тауарлар мен қызметтеріне сұранысты қалыптастыру мен қанағаттандыру және шетелдік нарықты зерттеу арқылы кәсіпорнның жүзеге асыратын іс-шаралар жүйесі.

8
1.3. Халықаралық маркетинг

Халықаралық маркетинг маркетингтің жоғарғы мектебі болып саналады. Себебі экспорт барлық уақытта сауда ісін ұйымдастырудың жоғарғы деңгейімен сипатталады, ал сыртқы рынокта әрекеттенетін кәсіпорындар маркетинг жетістіктерін қолдану қажеттілігін сезеді.
Халықаралық маркетинг ұғымының экспорт ұғымынан айырған жөн. Дәстүрлі экспортта отандық кәсіпкер өзінің өнімдерін басқа мемлекет фирмаларына, яғни импортерлерге жеткізумен ғана айналысады. Жабдықтандырушылардың өніммен ие болғаны, тұтынушылардың қажеті қаншалықты қанағаттанғаны экспортшыны қызықтырмайды. Ал халықаралық маркетингке келер болсақ, мұнда тұтынушыға тауарды жеткізу жолындағы халықаралық рыноктың әр сатысын белсенді, жоспарлы және жүйелі игеру, оны өңдеу іс - әрекеті қамтылады. Халықаралық маркетинг дамуының бірнеше сатысын қарастыруға болады.
1) Дәстүрлі экспорт - тауарды түпкі тұтынушыға қарай жылжытусыз шетелге сату. Эспортшының сатып алушының алдында жауапкершілгі тауарды жеткізгенге дейін ғана болады және тауар сатылғаннан кейін қамы болмайды.
2) Экспорт маркетингі - экспортшы жүйелі түрде шетел рыногын зерттейді және сол рынок талабына сай өзінің өндірісін бейімдейді. Экспортшы тауардың түпкі тұтынушыға жылжу жолын бақылауға тырысады.
3) Халықаралық маркетинг - Экспортшы рынокты терең зерттейді және оны игеру үшін барлық маркетинг құралдарын, сонымен қатар әртүрлі сыртқы экономикалық байланыстары түрлерін (ғылыми - техникалық айырбасты, келісім шарт өндірістерін, бірлескен кәсіпорындарын, еншілес кәсіпорындарын құру, экспорт ) толық қолданылады.
4) Әлемді (Глобальный) маркетинг - шетелге тек тауарды өткізу ғана емес, сонымен қатар шетелдегі кәсіпорын әрекеттерінің барлық іс - әрекеттері: жабдықтау, зерттеу мен өңдеу, кадр, қаржы және т.б. қамтылады.
Фирманың халықаралық маркетингпен айналысуына түрткі болатын екі факторы бар. Біріншіден, ішкі рыноктың даму деңгейі (рынокты тауарлармен толықтыру: бәсекелестердің көбеюі;) делдалдық сауда тәуекелділігінің өсуі. Осыдан шетел рыноктарына шығу, қаржыны тиімді басқа жаққа құю қажеті қалыптасады. Екіншіден, фирма тауарлары басқа елдерде сатылу мүмкіндіктерінің өсуі. Шетел рыногына шығу мүмкіндіктері қалыптасқан жағдайда қосымша шығындарға және басқа да қиыншылықтарға қарамасатан ішкі рыноктан қол үзбей - ақ , фирма өзіне тартымды сыртқы рыноктарды игеруі мүмкін. Өйткені олардың капиталы халықаралық сипат алады. Мысалы, трансұлттық компанияларға
Нестле, Кока - кола, Юнилевер және т.б. жатады.
Соңғы кезде ірі трансұлттық компаниялар әлемдік (глобалды) сипат
9
алған. Өйткені олар әлемдік (глобалды) маркетингпен айналысады.
Шетелге тауарды өткізуді ұйымдастырудан бұрын фирмаға көп нәрсені ұғынып шешу қажет. Ол халықаралық маркетинг ортасын, оның ерекшеліктерін зерттеп білуімен байланысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада көптеген өзгерістер орын алды. Бұл өзгерістердің ең маңыздылары мыналар:
1) Әлемдік экономиканың интернационализациялануы;
2) АҚШ - пен қатар басқа елдердің дүниежүзілік саудада салмақты орын алуы, соған байланысты сауда балансының түпкі мәселелерінің қалыптасуы;
3) Әлем рыногының Жапонияның экономикалық қуатының күшеюі;
4) Халықтарының қаржы жүйесінің қалыптасуы;
5) 1973 жылдан кейін әлемдік табыстың көзі мұнай өндірушілеріне ауысуы;
6) Ішкі рынокты шетелдік бәсекелестерден қорғау үшін қалыптасқан әртүрлі сауда кедергілерінің молаюы;
7) Жаңа ірі рыноктардың (мысалы, Қытай, ТМД, араб елдері) қалыптасуы.
Шетелдердің басқа елдерден тауар мен қызметтерді қабылдауға дайындығы және олардың шетелдік фирмалар үшін тартымдылығы экономикалық, саяси - құқықтық, мәдени т.б. с.с. ортаға тәуелді болады.
Халықаралық маркетинг --
1.ұйым орналасқан елден тыс жерлердегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтер маркетингі;
2.соңғы ғасырда қалыптасқан ғылым және соған сәйкес халықаралық нарықтардағы айырбас үдерістері туралы пән. Ол осы нарықтарды тұтынушылар мен тауар өндірушілердің мүдделері үшін жетілдіру жөнінде ақыл-кеңес береді;
3.шетелдегі төлем төлеуге қабілетті сұранымның иелерін олардың қажеттерін неғүрлым толық ескеріп, қанағаттандыру есебінен жоғары коммерциялық нәтиже алуға бағытталған жаңа іскерлік философия;
4.заттай нысандағы тауарларды, зияткерлік өнім мен көрсетілетін қызметтерді жылжыту үшін әлемдік нарықта оның заңдары мен дәстүрлерін пайдалану жұмысы. Қазіргі кезде Халықаралық маркетинг тауарлар экспортымен ғана емес, сонымен бірге тікелей шетелдік инвестициялармен де байланысқан. Халықаралық маркетинг негізгі үш түрге бөлінеді, олар: жаһандық, көп ұлттық және экспорттық халықаралық маркетинг.
Жаһандық маркетинг - мұнда бір өнім бүкіл әлемге арналып өндіріледі.
Көп ұлттық маркетинг - мультиұлттық компаниялар көптеген елдерге тауарларды экспортқа шығарады және сол жерлерде жұмыс істейді. Көпұлттық компаниялардың бірнеше елдерде еншілес фирмалары болады. Олар үшін компания белгілі бір нарықта жұмыс істеу үшін бейімделген маркетинг кешенін әзірлейді.
Экспорттық маркетинг - тауарларды шетел нарығына экспортқа шығаратын компаниялардың маркетингтік қызметі.
10

Компаниялардың көбі үлкен ішкі нарықта жұмыс жасауды қаласа, онда бизнесті жүргізу сенімдірек әрі қауіпсіздеу болар еді. Алайда бірқатар факторлар компанияларды халықаралық нарыққа шығуға мәжбүр етеді:
* Компанияның ңшкң нарығы ғаламдық компаниялар шабуылына ұшырауы мүмкін;
* Кей сыртқы нарық мол табыс көзі;
* Өндіріс масштабында үнемділікке жету үшін накрықты кеңейту керек;
* Тәуекелді азайту үшін компания бір ғана нарыққа тәуелділікті төмендету қажет;
* Шетелде қызмет ететін жергілікті тұтынушылар ұлттық шекарадан тыс қызмет етуді талап ету ықтимал;

Халықаралық маркетингтің тұжырымдамалары
Шетелде тауар не қызмет өткізуге бел бумай тұрып, фирма көп нәрседен мағлұматты болады. Ол халықаралық маркетинг ортасының ерекшеліктерін жан-жақты тануы керек. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл ортада керемет өзгерістер болды. Жаңа мүмкіндіктер мен проблемалар орын тепті. Көзге түсерлік өзгерістерден мыналарды айталық:
1) дүниежүзілік экономиканың интернационалдануы, бұл халықаралық сауда және шетелдерде қаржы салудың қарқынды өсуінен көрініс тапты;
2) АҚШ-тың бірте-бірте үстемдік рөлін жоғалтуы (азайтуы) және осыған байланысты сауда теңдігінің пассивті проблемалары және дүниежүзі нарығыда доллар құнының өзгерулері;
3) Жапония экономикасы қуатының дүниежүзілік нарықта өсуі;
4) валюталар алмасылымдылығына көбірек еркіндік беретін халықаралық қаржылық жүйенің енгізілуі;
5) 1973 жылдан кейін дүниежүзілік табыстардың мұндай өндіруші компаниялардың пайдасына ауысуы;
6) бірте-бірте ҚХР, ТМД және араб елдері секілді рыноктардың ашылуы.
Саясаттық, мәдени, экономикалық және институционалдық қоршаулар айырмашылықтары мен ықпалдылығы маңызды факторлар болады және маркетинг кешеніне айтарлықтай әсер етеді. Анықталған қажеттіліктерді, бұлармен маркетинг кешені шұғылданады, қанағаттандыруға арналған тауар және қызметтер жиынын Франция бойынша алсақ, мысалы, Қазақстанға арналаған жиынмен салыстырғанда көзге түсерліктей өзгеше болады. Қоршаудың халықаралық маркетинг контексіндегі маңызы жеке қандай да бір елдің аумағындағы маркетингтің маңызынан әлдеқайда артық. Осы есепті қоршау маркетинг кешенінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылады. Басқа сөзбен айтсақ, маркетинг кешені, бейне бір екі топтан тұрады: сыртқы (бақылаусыз, экзогендік), ішкі (бақылаулы, эндогендік) элементтер.

11
1.4. Халықаралық маркетинг ерекшелігі

Әрине, халықаралық маркетингтік қызмет маркетингтің қандай да бір жаңа функцияларын пайдалануды көздемейді. Маркетингтік міндеттерді қою, Мақсатты нарықтарды таңдау, өнімді позициялау, маркетинг кешенін әзірлеу және маркетингтік қызметке бақылау жүргізу-осы іргелі талаптардың барлығы фирманың шетелде жұмыс істеуінің өзектілігін сақтайды. Ішкі нарықтағы жұмыста негізгі маркетингтік принциптерді сақтамайтын кәсіпорындағы тиімді халықаралық маркетинг болуы мүмкін емес. Алайда, сыртқы нарықтардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен және оларға маркетингтік қызмет шарттарымен туындайтын белгілі бір ерекшелік халықаралық маркетингке ұлттық компанияларды ескеруге міндетті ерекшеліктер береді. Жалпы, бұл келесідей:
Біріншіден, сыртқы нарықтардағы табысты маркетингтік қызмет үшін айтарлықтай және мақсатты күш салуға, маркетинг қағидаттарын дәйекті сақтауға, ішкі нарықта талап етілгеннен гөрі маркетингтік тәсілдерді, әдістерді, рәсімдерді пайдалануға тура келеді. Әдетте, сыртқы нарықтар тек жоғары ғана емес, оларға ұсынылатын тауарларға, олардың сервисіне, жарнамаға да ерекше талаптар қояды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын процестерін басқарудағы маркетинг қызметі
Халықаралық маркетинг жүйесі
Халықаралық маркетингтің теориялық ерекшеліктері
Халықаралық маркетингтің анықтамасы
Бизнесті тарату стратегиясы
Халықаралық маркетинг ортасы
Халықаралық маркетингтің даму деңгейі
Маркетинг түсінігі
Маркетинг және менеджмент негіздері
Туризм және тауар-ақша қатынасының теориясы
Пәндер