Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ИНЖИНИРИНГ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚҰРЫЛЫС ИНЖИНИРИНГ кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Жерге орналастыруды жобалау
Тақырыбы: Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жер пайдалануларын құру

Орындаған: КАД 18-1студенті Қабиева Г.
Тексерген: аға оқытушы Есболай Г.

Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
I Теориялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.1 Жерге орналастыруды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жер пайдалануларын құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Ауылшаруашылық мекемесінің жер пайдалануын құру жобасының мазмұны, орындау және негіздеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.3 Ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша шаруашылық аралық жергеорналастыру жобаларын экономикалық тұрғыдан дәлелдеу ... ... ... ... ... ..24
2.4 Жер пайдалануды территорияда орналастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауылшаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынасын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек таратуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге кері әсер ететін және оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

Қазақстан Республикасы Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге нгізгі мемлкеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.
Халық шаруашылығы салалары арасында және ауылшаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сондай-ақ бар заңнамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттілігі туындайды.

Еліміздің бірыңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге орналастыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйыымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.

Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.

Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.

Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.

I ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

0.1 Жерге орналастыруды жобалау

Жерге орналастыруды жобалау дегеніміз- жерге орналастырудың әртүрлі түрлерімен пішіндерін зерттейтін ғылым саласы. Жерге орналастыруды жобалау жерге орналастыру процесінің ең негізгі бөлігі болып табылады. Бұл жоба екі бөлімнен тұрады:
а) графиалық бөлім;
б) жазбаша бөлім.

Графикалық бөлімінде жобалық жоспар көрсетіледі. Жазбаша бөлімде схемалар, графиктер, диаграммалр көрсетіледі.
Жерге орналастыру процесі келесі этаптардан тұрады:
* алдын ала зерттеу жұмыстары;
* жерге орналастыру жобаларын, схемаларын, болжау сызбаларын құрстыру;
* құжаттарды қарастыру және бекіту;
* бекітілген жобаны шынайыға айналдыру;
* жерге орналастыру материалдары мен құжаттарды беру;
* жобаның бекітілуі бойынша іске асуын қадағалау.

Жерге орналатыру ауылдық жерлермен бірге қалалық жерлерде де өткізіледі. Бұл жұмыстарға қала территориясын жоспарлау, қалааралық жолдарды жобалау, қала айналасындағы елді мекендерді, саяжай жерлерін жобалау. Қала ішін аймақтық аудандаға бөлу, айтылған жерлерді жобаланған мақсатына байлансты пайдалану, қорғау жұмыстары жатады. Жоба жасау кезінде аймақты төтенше жағдайлардан қорғау, техногендік мінездегі зоналарды қоршау, зиянды әсері бар заводтар территориясын бекітуге көп көңіл бөлінеді.

Жерге орналастыру дегеніміз-жер қатынастарын реттеуге, жерді, өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға, жер заңдылығын жүзеге асыруға және оның сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.

Жерге орналастыру арқылы тек қана жерді емес және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар іске асырылады.

Жерге орналастыру обьектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың 5
жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.

Жер пайдалануды жоспарлау меншік және шаруашылық жүргізу
нысандары түрлеріне қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген жоспарлау, жерді пайдаланудың нысаналы мақсаты, жерді пайдалану режимі және оларды қорғау, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, осы жердің сапасы мен саны туралы және басқа да деректер заңнамада қаралған және бекітілген тәртіпте, жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Жерге орналастырудың мазмұны қоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәйкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар: ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерледі іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарыныңжәне басқа шаруашылық құрылымдардың жер пайдалануларын жаңадан құру және жақсартып, қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу; мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру; қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.

ҚР-да жерге орналастыру қызметі жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыруға келесі жобаларды орындау негізінде қамтамасыз етеді:
- Ғылыми негізделген болжамдар түріндегі бас республикалық сызбанұсқасы;
- Облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру сызбанұсқасы;
- Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;
- Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
- Учаскелік жерге орналастыру, жақсарту, мелиорациялық, рекультивация жөніндегі жұмыс жобалары.

Жерге орналастыру келесі мәселелерді қамтиды және қамтамасыз етеді:
- Ландшафтық-экологиялық негізде жерге орналастыруды, жерді аймақтарға бөлудің респбликалық, облыстық және аймақтық сызбанұсқаларын және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
- Қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру және шекарасын белгілеуді;
- Белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді, олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
- Белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
- Жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру

6
жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді;
- Жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
- Топографиялық-геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
- Жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды қамтиды және қамтамасыз етеді.

Жобалау- жерге орналастыру процестерінің ең маңызды, көлемді және күрделі кезең болып саналады. Жобаны жасау және оны негіздеу- жерге орналастыру іс барысының ең маңызды кезеңі.

Жерге орналастырды жобалаудың заты- жоба шешімдерін орындау әдістері, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және заңдылық негіздеу.

Жерге орналастыру жобасы дегеніміз - халық шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер, сызбалар және т.б.) жиынтығы.

Жобалау - жерге орналастыру процестерінің ең маңызды және күрделі кезеңі болып саналады. Жобаны құру және негіздеу - барлық жерге орналастыру процесінің жүрегі. Жобалық шешімдерді өңдеу әдісі, оларды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және құқықтық негіздеу жерге орналастыруды жобалаудың пәні болып табылады.

Барлық Жер ресурстарын бәрінен бұрын ауыл шаруашылық міндет атқаратын жерлерді тиімді пайдалану, жер қатынастарын реттеу, осыған байланысты көптеген күрделі проблемалар туындайды. Оны шешу жерді халық шаруашылық айналымында жерлерді көбірек тартуды талап етеді. Егін дақылдары мен өнімді алқаптарды қарқынды пайдалануды жоғарлату, барлық топырақ эрозиясымен, сондай-ақ басқада жерге жаман әсер ететін оның бұзылуы мен ластануымен қарқынды күресу.

ҚР Конституциясында 30.08.1995 жылы референдумда қабылданған жерге негізгі мемлекеттік құқығы мен қатар жеке меншік құқығы тең заң шеңберінде және негізінде, жағдайында қабылданады.

Халық шаруашылығы салалары арасында және ауыл шаруашылық салалары ішінде жерге меншік және пайдаланушылар арасында, жерді бөліп беру, үнемі жер массивтеріне өнеркәсіп, энергетика, азаматтық және тұрғындық құрылыстар үшін беруді талап етеді. Сонда-ақ бар заңнамалар негізінде жер қатынастарын жетілдіру және реттеу қажеттігі туындайды.

7
Еліміздің біріңғай жер қорын басқару бойынша маңызды құрал ретінде, жер қатынастарын реттеуге, заң актілерінің қолдануын бақылауға және жеке меншік және жер арендасында облыстарда пайдалану жағдайында жерге орналастыру қолданылады. Ол Қазақстан Республикасы жер заңдарына сәйкес жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Халық шаруашылық масштабында сала аралық немесе сала жоспары ретінде жүргізіледі.

Елімізде ауыл шаруашылығын жүргізудің аймақтық жүйесін өңдеп және енгізіп жатыр, ол жерге орналастыру негізінде жүзеге асады.

Шаруашылық ішіндегі аумақты ұйымдастыру ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлы негізде ұйымдастыру болады.

ҚР да жерге орналастыру жүйесі қызмет етеді, онда жер ресурстарын пайдалануды тиімді ұйымдастыру төмендегілерді өңдеу жолымен:

* ғылыми негізделген болжаулар түріндегі бас республикалық схема;

* облыстық және әкімшілік аудандардың жерге орналастыру схемасы;

* шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары;

* шаруашылық жерін және учаскелік жерге орналастыру жобалары;

* жеке учаскелерді құру, жақсарту,мелиорация, рекультивация жөніндегі жұмысшы жобалар.

Қазіргі күнгі жерге орналастыру өндірістің маңызды құралы, табиғи ресурс және операциялық базис ретінде, сондай-ақ жылжымайтын мүлік ретінде жер қатынастарын реттеуге, жерді толық және ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған жер заңдарының жүзеге асуын, сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс- шаралар жүйесі болып табылады.

Оның мазмұны қоғамдық өндіріс, бәрінен бұрын экономиканың аграрлық сектор талаптары мен анықталады. Осыған байланысты жерге орналастырудың маңызды қызметіне жатады:

- ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жаңа құнарлы жерлерді анықтау;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындардың, бірлестіктер, шаруа қожалықтары және басқа шаруашылық құрылымдар да бар жер пайдаланушылар мен жер иеленушіліктерін жетілдіру және жаңадан құру;

- ауыл шаруашылық кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері аумағында шаруашылық жерін ұйымдастыру
8
- мемлекеттік, жеке және қоғамдық қажеттіліктер үшін жер учаскелерін алу және бөліп беру;

- қалалардың, поселкелер мен ауыл елді мекендердің шекарасын өзгерту және белгілеу.

Жерге орналастыру қызметіне: топография - геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және т.б. іздестірулер мен зерттеулер жатады, қолданылатын материалдар тек қана жерге орналастыру жобаларын негіздеу және құру үшін пайдаланып қоймай, сонымен бірге мелиорация, жол құрылыстарында және т.б. қолданылады.

Жерге орналастыру мазмұнының күрделігіне қарай түрлерге және әр түрге бөлінеді. Оның өзіндік әртүрлі формалары объектінің аймақтық табиғи және экономикалық ерекшеліктеріне, шаруашылықтың әлеуметтік және өндірістік типіне, жерде шаруашылық жүргізудің көп түрлі формаларының әрекет етуіне байланысты. Ал жерге орналастыруды жүргізудің өндірістік және құқықтық процестері бірнеше кезеңдерден тұрады. Оларға:

* дайындық жұмыстары;

* жобаны құру;

* жобаны қарау және бекіту;

* жобаны натураға шығару;

* жеке меншікке, жер пайдаланушыларға, арендаторларға құжаттарды рәсімдеу және беру;

* жобаның жүзеге асуына авторлық бақылау.

Аталған кезеңдер көлемі және мазмұнымен ерекшеленеді. Олар әртүрлі әдістер және тәсілдермен жүргізіледі.

Жерге орналастырудың ғылыми түсінігі қалыптасты, оның мақсаты мен міндеті, ұйымдастырудың жалпы қағидалары, жерге орналастыру шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыру болып бөлінуі ұсынылды, шаруашылық жерін орналастырудың құрылымдық бөлінуі өңделді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жерге орналастырудың жалпы теориясын одан әрі дамыту және экономикалық аудандар мен табиғи аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып жобалау әдісін жетілдіру жөнінде жұмыстар жүргізілді. Жер-бағалау жұмыстарымен, аудандық ауыл шаруашылық

9
жоспарлаумен, келешектік жоспарлаумен, ұзақ мерзімді болжамдармен, мелиорациямен, агроорманмелиорациясымен, жол жұмыстарымен,ауыл елді мекендерді жоспарлаумен және т.б. жерге орналастырудың өзара байланысы ескеріліп отырады.

Жерге орналастыру объектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке жер алқаптары мен учаскелері болып табылады.

Қазіргі кезде жерге орналастыру теориясы экономикалық, құқықтық проблемалар бойынша бұрынғы негізгі техникалық, технологиялық аспектілерді сақтай отырып қоғамдық құрылымдағы түпкілікті өзгерістерді ескере отырып яғни жоспарлы - таратушы жүйеден нарықтық қатынасқа өтуі жерге орналастыруда айтарлықтай өңдеуді талап етеді.

Қазіргі жерге орналастыру ғылымы зерттеудің қазіргі әдістерін кең қолданады (есептік - варианттық, статистикалық, монографиялық, экономико - математикалық(ЭММ), болжамдау әдістері және т.б.), ұғымның диалектік - материалистік әдііне негізделген.
Жерге орналастыру ғылымының даму барысында жоғарғы оқу орындарында жеке ғылыми пәндер қалыптасып келеді. Солардың ішінде Жерге орналастырудың ғылыми негіздері, Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау, Жерге орналастыруды жобалау, Жер ресурстарын пайдалануды жоспарлау және болжау, Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар және т.б.

Жапы жерге орналастыру теориясы жобалаудың, оның экономикалық мәні мен тығыз байланысты және бірге көп жылдар бойы дамып келеді. Жобалық жұмыстарды ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: жер, су және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі болжамдық белгілер негізінде қабылданған жүйе бойынша қатаң болуы мүмкін, ауданның жерге орналастыру схемасын құрады, сосын шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларын және шаруашылық жерін орналастыру жобасын, экономикалық мүмкіндіктерінің пайда болуы мен талабының өсу шамасына қарай жеке учаскелерге әртүрлі шараларды қажет ететін учаскелік жерге орналастыру жобалары өңделеді. Осындай жолмен қабылданған ауданның схемасы мен жобалық шешімдері жекеленіп жүзеге асады.

Бірақта, тәжірибеде әр түрлі ситуациялар кезігіп жатады, бұндай кездері көрсетілген қатаң жүйені сақтау мүмкін болмайды немесе қиынға соғады. Бұндай жағдайларда жобалық мәселелерді шешу әдісі мен ұйымдастырылуы қатты өзгермейтін өңделген жобалық мәселелер жеке таңдап орындалады. Дегенмен, кез келген жағдайда анық белгілермен басқару, жалпы ережелерімен жерге орналастыру процесі толық және жеке жобалауды жүзеге асыруы біріңғай талаптарды, қағидаларды және нормаларды орындауды талап етеді.
10
Жерге орналастырудың ірі жер массивтерін, адамдардың коллективтік еңбегін ұтымды пайдалануды және машина техниканы пайдалану өндірісін қамтамасыз ететін ең жетілген жаңа әдістерін өңдеу қажеттілігі туды. Бұнымен қатар, құқықтық және техникалық аспектілермен бірге жаңа шекаралары рәсімдеумен байланысты жерге пайдалану құқығына мемлекеттік актілерді беруге жер пайдалануды дайындау, бірінші жоспарда колхоз және совхоздың шаруашылық орталығын орналастыру жөнінде, өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру және оған жер массивтерін бекіту, қажетті алқаптар құрылысын белгілеу, дұрыс ауыспалы егісті енгізу және т.б.жаңадан орналастыру бойынша экономикалық және әлеуметтік мәселерді шешуге алып келеді. Жерге орналастыру ауылдар арасынан ауылдар ішіне ауысуынан, шаруашылық аралық және шаруашылық жерін орналастыруға өтті. Көрсетілген мәселерді шешу жолдарын ғылыми өндеудің объективті қажеттілігі туды. Жерге орналастыру ғылымында және тәжірибесінде жобалау әлеуметтік - экономикалық бағыттан жер өлшеу - техникалық(геодезиялық) бағытта болды.

1.2 Жер пайдаланудың ауданын анықтау

Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, Жер пайдалануды
Жоспарлау жүйесі Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуына
бағытталған жер қатынастарын реттеу, тиімді ұйымдастыру, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге арналған кешенді іс-шаралары жүйесі болып табылады.Жер пайдалануды жоспарлау меншік және шаруашылық жүргізунысандары түрлеріне қарамастан барлық санаттағы жерлерде жүргізіледі.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жұмыстарды жүргізу нәтижесінде белгіленген жоспарлау, жерді пайдаланудың нысаналы мақсаты, жерді пайдалану режимі және оларды қорғау, шектеулер мен ауыртпалықтар, жер учаскелерінің шекарасы, осы жердің сапасы мен саны туралы және басқа да деректер заңнамада қаралған және бекітілген тәртіпте, жер құқығы қатынастары субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру - негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.

Жер пайдалануды жоспарлау - өндіріс әмбебап құралдар мен кеңістіктік объектілердің орналасқан жері, ауыл-ауыл шаруашылығы және сақтау және қоршаған ауыл шаруашылығы ландшафтарды, қоршаған ортаны жақсарту талаптарына міндетті сақтай отырып, ауыл шаруашылығы емес жер ретінде жер пайдалану жұмысын және ұйымдастыруды реттейтін заңдар мен ғылыми тәжірибелержиынтығы.
Жер пайдаланудың мөлшері шаруашылықтың өндірістік қуатына және
мамандығына байланысты анықталады. Жобаланған мөлшері тиімді болу керек.
11
Тиімді мөлшер дегеніміз- басқаруға ыңғайлы, өндірістің әр саласының жақсы дамуына қажетті алқаптардың құрамы және мөлшері.

Жер пайдаланудың мөлшеріне келесі факторлар әсерін тигізеді (кейбіреулері үлкейтеді, кейбіреулері керісінше- кішірейтеді)
-мамандығы;
-өндірістің қарқындылық деңгейі;
-қолданылатын байланыс және транспорт түрлері;
-жолдардың жағдайы;
-ауылшаруашылық алқаптардың құрамы, сапасы, контурларының жер бедері;
-жер массивтеріеің конфигурациясы;
-елді мекендердің орналасуы;
-сумен қамтамасыздығы және т.б. Жобалауда барлық факторлар есепке алынады.

Жоғарыда айтылғандай, жер иеленушіліктің және жер пайдаланудың ауданы мен құрамы шаруашылықтың өндірісіне, мамандығына тікелей байланысты.

Жер пайдаланудың есептік көлемін табуда:
а) ғылыми мекемелердің ұсыныстары қолданылады:орналасқан аймағына және өндірісиік типіне қарай;
ә) аналогтар әдісі;
б) статистикалық топтау және орта мөлшерлер тәсілі;
в) есептеу конструктивтік;
г) экономикалық-математикалық;
ғ) экономикалық-статистикалық модельдеу әдістері қолданылады.

Жер пайдаланудың есептік ауданын анықтауда нақты табиғи-экономикалық аймақ және шаруашлықтың өндірістік типіне байланысты ғылыми мекемелердің ұсыныстары қолданылады. Бұндай ұсыныстар әрбір аймақ бойынша, шарушылықтың өндірістік типіне қарай жер пайдаланудың ұтымды аудандары ұсынылады.

Сонымен қатар жер пайдаланудың тиімді мөлшерін анықтауда аналогтар(ұқсастық) әдісі қолданылыды. Ұқсастық әдісінің мәні жер пайдаланудың аужанын басқа, сондай табиғи экономикалық аймақта орналасқан және өндірістік типті жоғары тиімді шарашылықтардың жер пайдалануының мөлшеріне сай белгілеу.

Бұған қосымша, қабылданған жобалық шешімдерді толығырақ негіздеу үшін экономикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Бұл әдістің мәні: шаруашылықтарды статистикалық талдауға салу арқылы ең қолайлы жер иеленушілік ауданы таңдалады. Жер иеленушіліктер олардың аудандарына қарай топтастырылып, әрбір топқа енген шаруашылықтардың экономикалық
көрсеткіштерін салыстырып, мақсатқа сай жер пайдаланулардың көлемі 12
айқындалады. Жалпы және тауарлы өнімі бір гектарға шаққанда ең мол болған шаруашылықтың жер пайдалануының мөлшері орынды болып табылады.

Аталған әдістер арқылы жер пайдалануның ауданы жуық шамамен белгіленеді. Ал оның нақты ауданын табу үшін жерге орналастыру тәжірибесінде басқаша бірқатар әдістер пайдаланылады. Оның ішінде баланс, нормотивтік, факторлық және т.б. әдістер.

Жерге орналастыруда аса кең тараған әдіс- есептік-конструктивтік әдіс. Оның мәні бірнеше нұсқалардың әртүрлі көрсеткіштерін талдауға салу.

Қазіргі уақытта экономика-математикалық әдіс қолданылып жүр. Компьютерлік технологияның және есептеу техникасының дамуына байланысты бұл өте перспективалы бағыт болып саналады.

Аналогтар тәсілі экономикалық-статистикалық тәсілмен толықтырылады. Статистикалық топтау арқылы ауылшаруашылық алқаптарының көлемі әртүрлі шаруашылықтар кейбір көрсеткіштер бойынша топталу арқылы салыстырылады. Жер ауданының бірлігіне келетін тауарлық өнімнің мөлшері еі көп және шығынды қайтару мерзімі неғұрлы қысқа шаруашылықтардың көлемдері тиімді деп саналады. Бұл тәсілдердің дәлдігі де төмен.

Баланс тәсілі мал азығының қажеттілігі, жасыл конвейердің, ауылшаруашылық дақылдары егістерінің көлемін, құрылымын есептегенде қолданылады.
Есептеу-конструктивтік тәсілі әртүрлі варианттарды салыстыру арқылы орындалады. Тиімді жер пайдаланудың аудыны варианттарды талдауда салыстыру принципін бұзбай, критерий ретінде 1 ірі қара мал келетін шартты кадастрлық егістің мөлшерін пайдалану арқылы анықталады.

13
ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын мекемелердің жер пайдалануларын құру

Жер пайдалануды құру дегеніміз - жерге орналастыру жобасын құру арқылы ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын агро-құрылымға өндірісін жүргізу үшін территориялық жағдай жасау. Жер пайдаланудың көлемі мен шаруашылықтың мөлшері - әртүрлі түсініктер.

Жайылымы үлкен қой шаруашылығының көп жері құнарсыз, соған байланысты шаруашылылықтың мөлшері кіші көлемі аз, бірақ жері аз жүзімдіктер мен жеміс жидекпен айналысатын шаруашылықтардың жалпы алатын өнімі жоғары. Жер пайдаланудың мөлшері, орналасуы, компактілігі алынатын өнімнің тек қана көлеміне әсерін тигізіп қоймай, әртүрлі шығындардың көлеміне, өндірісті басқаруға әсерін тигізеді. Сондықтан жер пайдалануды құру - негізгі мәселелердің бірі. Ол экономикалық және экологиялық негізделген жобаны құру арқылы шешіледі.

Жер тікелей пайдалану құқығы жер пайдалану нысанында пайдалануға
және жалға беру, меншік жер учаскелерi бар мемлекеттік және кооперативтік
ұйымдардың, мекемелердің, ғылыми-зерттеу институттарында, шаруа (фермер) шаруашылықтары мен олардың бірлестіктерінің, АҚ және ЖШС арқылы жүзеге асырылады.

Жер пайдалануды құру жобасыньң құрам бөліктері:
- жер пайдалануды орналастыру және құру;
- 3 орталықтарын орналастыру (жаңа шаруашылық құрылғанда);
- жер пайдаланудың шекараларын орналастыру;
- жер пайдаланудың құрамындағы ауылшаруашылық алқаптардың түрлерін, аудандарын, өзара қатынастарын белгілеу;
-террииторияларын ішкі шаруашылықтық орналастыру схемасын жасау.

Енді әлеуметтік-экономикалық теорияға негізделді, жиырмасыншы жылдары көрнекті ғалым П.Н.Першин (1890-1970ж.ж.) сол уақыттағы жерге орналастыру ғылымына ұйымдасқан - құқықтық және жер өлшеу-техникалық бағытымен қарама қайшы келді. П.Н. Першин алдын ала көрді халық шаруашылығының жоспарлы жүйесі барысында Аумақты жерге орналастырумен құрылған мемлекет ұйымдастырушы әрекеттің жемісі болады, қоғамдық шаруашылық формасында қоғамның өндірістік күшін дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығын реттеумен байланысты жаңа жерге орналастырудың мәселесін қалыптастыруды алғаш рет профессор И.Д.Шулейкин берді. Оның актив қатысуымен қысқа мерзім ішінде(1932-1938ж.ж) Аумақты Ұйымдастыру Ғылыми Зерттеу Институтын құрылды, үлкен ғылыми жұмыстар жүргізді, оның
14
нәтижесі бір қатар монографияларда жарық көрді.

Жобалау жүргізуде дайындық жұмыстарының материалдары, жобалауға тапсырма, аудан және облыстық жерге орналастыру схемасы және басқа жоба алды ұсыныстар қаралу керек.
Жобалау есептеулері бір-бірімен территориялық және экономикалық өзара тығыз байланысты шаруашылықтар немесе әкімшілік аудан шаруашылықтары бойынша бойынша жүргізіледі.

Жер пайдаланудың параметрлері және орналасуы олармен тығыз байланысты шаруашылық өндірісінің әрі қарай даму жолдарына, орналасуына, мамандығына сәйкес болулары керек және агроөндірістік кешеннің басқа элементтерімен тығыз байланыста шешілулері керек.
Жер пайдаланулардың әрқайсысын орналастырғанда территорияның жағдайы және қалыптасқан ұйымдастырылуы есепке алынады.

Бұрынғы енгізілген капиталды неғұрлым толық пайдалануға тырысу кажет;
өндіріс орталықтарының ыңғайлы орналасуы;
- компакті массив ретінде;
- тегіс жерлерде квадратка немесе тікбұрышты төртбұрышқа ұқсас жасау;
- бірнеше учаскеден тұрганда - олар бір-біріне жақын, байланысы ыңғайлы болуы керек.
- әрі қарай территорияны үйлестіруге ыңғайлы.

Жер иеленушілік талапқа сай болу үшін мынандай бip қатар принциптерді нұсқау ету қажетті:
* Жеке жер иеленушіліктердің орналасуы ауыл шаруашылығының әлеуметтік- экономикалық мүдделіктеріне, басқа осы территорияда орналасқан жер иеленушіліктердің мүдделеріне де өзара сәйкесті болуға тиісті;
* Жер иеленушіліктің ауданы, біріншіден, шаруашылык өндірістің көлеміне, мамандандырылғандығына, екіншіден, аймақтық табиғи ерекшеліктерге сай болуға қажетті;
* Жер иеленушіліктің құрамына жердің ұтымды пайдалануын қамтамасыз ететін жер шаруашылыктың мамандандырылғандғына сай алаптардың аудандары мен түрлерін енгізу керек;
* Жер иеленушіліктің кескін үйлесімі (конфигурациясы) әртұтас және өндіріс пен территорияны ұйымдастыруға ыңғайлы болуға тиісті;
* Жер иеленуіліктің территориясындағы шаруашылық орталықтардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ету, олардың өзара және алаптар мен сырттағы өндірістік орталықтарымен транспорттық байланыстарын қолайлыландыру қажетті. Ауылшаруашылық жер иеленуіліктерге қандай өзгерістер болса да осы принциптердің негізінде енгізілуге тиісті.

Жобаны дәлелдеудің мазмұны жалпы алғанда төмендегіге келеді: 15
- жобалық жерге орналастыру есептері; - жобаны ұйымдастыру шаруашылық тұрғыдан негіздеу;
- варианттарды салыстыру (жобаның ең қолайлы нұскасын таңдап алу).
Жобалық варианттар мен шешімдерді бағалау және экономикалық тұрғыдан негіздеу жобаның ең күрделі және көлемді құрам бөлшегі болып саналады. Бұл тапсырма мынандай бip қатар жұмыстарды қамтиды.

Аграрлық реформаға байланысты бұрынғы мемлекеттік шаруашылықтар мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, әртүрлі шаруашылықтың серіктестіктеріне, кооперативтерге ауысқан.

Жаңа агроқұрылымдардың жер пайдалануын ұйымдастыру үшін орналасқан жерімен, топырағымен, жер бедерімен, табиғи өсімдіктерімен, көлемімен және жинақылығымен, гидрогеологиялық және басқа жағдайларымен ауылшаруашылық дақылдарын, көп жылдық жеміс-жидек өсімдіктеріе және өндірістердің мал өсруге жарамды, өнімді жер массивтері берілуі тиіс. Бұл жерлер аылшаруашылық технологияларын, механизмдерін пайдалануға және басқаруға ыңғайлы болуы керек. Жер пайдалануды ұйымдастыру шаруашылық орталықтарын және жолдарды орналастырумен тығыз байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобалау
Жоба алды жұмыстар
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Жерге орналастырудың экономикалық факторлары
Жерге орналастыру жобасы
Жерді пайдаланудың құқықтық негіздері
Жерге орналастыру
Берілетін учаскені орналастыру
Пәндер