ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1...ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың белгілері мен түрлері ... ... ... ... ... ... 7
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату ... ... ... ... ... ... ... . ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНҒАН...ӘДЕБИЕТТЕР...ТІЗІМ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады.
Қылмыстық жазадан босату - бұл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату.
Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату -- дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады
Бұлар өзара мазмұны, негіздері, заңдық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау органы жүзеге асыра алады.
Жұмыстың өзектілігі. Жалпы қабылданған тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына кей реттерде қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы, жазаны өтеуден босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен жетуге болады.
Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алу немесе оның сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқық бұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын-алу болып табылады. Егер аталған мақсаттарға жету үшін қатал қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары қажет болмаса заңда көрсетілген тәртіппен сотталғанның жазасын жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдетуге жол беріледі. Жазаны өтеуден босату деп мемлекеттің кінәлі адамға заңда көзделген қылмыстық жазалау шараларын қолданудан бас тартуы деп түсінуіміз керек. Мұндай жазадан босатудың негіздері әртүрлі. Атап айтқанда, жазаны өтеуден босатуға сотталған тұлға түзелген және қайта тәрбиеленді сондықтан жаза мақсатына оны өтеусіз-ақ жетуі мүмкін деп танылса, немесе жазаны қолданудың орынсыздығын көрсететін басқа да жағдайлар (мысалы, ауыр науқастық мүгедектік) болған кездерде жол берілуі мүмкін.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға тағайындалған жазаның мөлшерін жеңілдету немесе оны өтеуден босатуды рақымшылық актісі немесе кешірім беру тәртібімен жүзеге асырылған кездерден басқа жағдайларда, заңда көзделген тәртіп пен шарттар бойынша сот қана қолдана алады.
Осыған орай алынған тақырыптың өзектілігі орынды деп атауға болады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелерін, оның ұғымы мен қылмыстық құқықтағы алатын орны мен рөлін анықтау.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босату түсінігін, мазмұнын, оның актілерін және құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың теориялық мәселелеріне тоқталу;
Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың түрлеріне жалпылама сипат беру;
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды анықтау, жалпы сипаттама беру болып табылады.
Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы қылмыстық жауаптылықтан босату теориясы болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық жүйесі.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі мен мазмұны
Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қоланылатын қылмыстық - құқықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс-қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған:
1) шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап);
2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66-бап);
3) жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67-бап);
4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап);
5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жаздан босату жағдайлары да қарастырылған. Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:
1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату (70-бап);
2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап);
3) жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап);
4) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);
5) төтенше мəн - жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап);
6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап);
7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап);
8) Соттылық (77-бап).
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік мəні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені, мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың əлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтан босату - адамның әрекетінің қоғамға қауіптілігі аз, онша қауіпті болмауы және адамға қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзілуі мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау институтын орнықтырған. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрі қылмыс құрамының белгілері, қылмыстық жауаптылықтың негізі бар болған жағдай да ғана қолданылады. Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық іс жүргізу заңдарын негізге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешімге келеді. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын әрекеттері болған жағдайда ғана қарастырылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауаптылықтан босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықтан, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қылмыстық жауаптылықтан босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату. Қажетті қорғану -- бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:
-бірінші рет қылмыс жасаса;
-жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
-жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
-жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауаптылық жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
-кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
-орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
-ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
-аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату -- жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.
-барлық жаза үшін мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
-жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
-сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз -- сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың белгілері мен түрлері

бірінші рет қылмыс жасаса;
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.

Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері.

Барлық жаза үшін мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.
Сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Рақымшылық және кешірім жасау Жауаптылықтан және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.
Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету -- бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді -- шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу жəне мемлекет, қоғам тарапынан қылмыстың бетін басу) жəне заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мəнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-əрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық қылмыстық құқықтық қатынас мəсілімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқықтың зардабы.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады. Яғни, бұл дегеніміз қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенде, яғни, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықпен істегенде айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады [4].
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқықтық қатынас та жоқ. Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық, ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқықтық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасалған адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқықтық қатынас бір жағынан мемлекет атынан əділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінəнің нысаны, дəрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұндай қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма жəне т.б. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мəселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс жүргізу құқықтық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мəселелері қылмыстық іс жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уəкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың объектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады жəне сотталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект жəне объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олар сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды [4].
Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптайтынды кінəлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінəлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеу арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені, жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады.
Сондықтан да қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге əділ соттылықты жүзеге асыру да заңдылықтың кепілі ретінде көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады. Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмайды делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас (қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінəлі адам, егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққа жəне жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сəйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті ретте емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2 бөліктерінде: Қылмыс белгілері бар əрекет жасаған адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған əрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [5].
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін делінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген. Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1- бөлігінде: Кішігірім жəне орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мəн-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа əкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатудың негізі ғана көрсетілген.
Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын жəне жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық-құқықтық түсінік екендігін оның жазасыз-ақ қолданылатындығын жəне орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық жəне жаза өзара тығыз, бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-əрекетті істеу болып табылады (ҚР ҚК 3-бап). Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа жəне жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-əрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мəселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінəлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі (қылмыстың субъективтік жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады. Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастардың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында көрсетілген. Сонымен, қылмыстық жауаптылықтың негізі болып немесе қылмыс құрамы болатын білдік. Іс-əрекетінде қылмыс құрамының ең кем дегенде бір белгісі жоқ болса ол адамда қылмыстық жауаптылыққа тартатын негізі жоқ [6].
Қылмыс жасаған адамның міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа тартылуы керектігі еш талас тудырмайды. Заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден -бір негізі болып табылатынын атап өткен жөн. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет. Егер қылмысты жасау - қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы - оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекетті жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың іс үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды.
Қылмыс құрамының негізгі белгілері мынадай:
1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz