Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТ ҚАРАҒАН ІСТЕРДІ АПЕЛАЦИЯЛЫҚ САТЫДА ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ5
1. 1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі……… . . . 5
1. 2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау . . . 11
2. СОТ ОТЫРЫСЫН СОТТЫҢ ІСТІ АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ҚАРАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕР14
2. 1 Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың қойылуы тәртбі . . . 14
2. 2Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізудің ерекшеліктері17
3. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ. . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу қылмыстық істерді қарауға және шешуге халық өкілдерін тарту болып табылады. Бұл жерде сот құрамы бір жағынан қылмыстық оқиғаның болған немесе болмағанын анықтау және қылмыс болған жағдайда жаза тағайындау мәселелерін шешуге құқық берілген кәсіпқой емес алқабилерден, екінші жағынан барық мәселені құқықтық тұрғыдан шешуге құқылы кәсіпқой судьядан тұрады. Алқаби - санасы заң қағидаттарының ықпалынан тәуелсіз, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі туралы шешім қабылдаған кезде тек ар-ұятты, әділдікті және өзінің сенімін басшылыққа алатын алқа құрамына қылмыстық істер жүргізу заңының талабына сай іріктеліп алынған адам.
Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық-процестік кодексінде алқабилер қатысатын соттың істі талқылауындағы, сот тергеуiндегі өзіндік ерекшелiктерi көрсетілген. Алқабилер сот процесінде сотта қаралатын дәлелдемелердi зерттеуге қатысып, төрағалық етушi арқылы сұрақтар қойып, сот тергеуiндегi барлық әрекеттерге қатысуға толық мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар, төрағалық етуші алқабилердi дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректермен таныстыруға тиiс емес, егер сот талқылауы барысында дәлелдемелер ретiнде жарамсыз нақты деректер табылса, оларды дәлелдемелер қатарынан алып тастау туралы мәселенi алқабилер жоқ кезде шешіледі.
Жұмыстың өзектілігі. Алқабилердің қатысуымен Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық істер бойынша қаралуға жатады.
Бұл орайда айыпталушыға, сотталушыға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс жасағаны туралы айып тағылса, ол қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және де алдын ала тыңдауды өткізу аяқталғанға дейін өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін беруге құқылы.
Яғни осындай өтініш берілген және оны қолдаған жағдайда міндетті түрде қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің әділдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау ерекшеліктері және оның маңызын ашу.
Қурыстық жұмыстың пәні- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Қурыстық жұмыстың құрылымы- Курыстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АЛҚАБИЛЕР ҚАТЫСАТЫН СОТ ҚАРАҒАН ІСТЕРДІ АПЕЛАЦИЯЛЫҚ САТЫДА ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1. 1 Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу тәртібі.
Қазақстан Республикасының заңымен 2007 жылдың 1- қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК- не жаңа «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» атты 14-бөлім енгізілді. Құқықтанушылардың айтуы бойынша сот алқабилері алғаш рет 829 жылы Францияда, одан соң 1066 жылы Англияда пайда болған дейді. 17- ғасырдың ортасында, буржуаз- демократиялық революциядан кейін Еуропа мемлекеттеріне тарай бастады. АҚШ- та сот алқабилері 1776 жылы тәуелсіздік Декларациясы қабылданғаннан кейін пайда болды. Патшалық Ресейде ол 1864 жылы құрылып, 1917 жылы Казан революциясынан кейін жойылған болатын. Ресей Федерециясында 1993 жылы 16 шілдесінен бастап қайта құрылды. 1917 жылы Казан жойылған болатын. Орта Азия мемлекеттерінде және Қазақстанда патшалық империя кезінде сот алқабилері болған емес. Дүние жүзі бойынша сот алқабилерінің классикалық түрі, яғни бір сот және он екі алқабиден тұратын түрі көп тараған Францияда алқабилер кұрамы тоғыз алқаби, бір төреші және екі запастағы сот төрешісі болады.
Сот алқабилерінің сотқа қатысуы, айыпталушының, алқабилердің антына соттың әсер етуіне және негізсіз сотталуынан қорғайды. Сот алқабилерінің қатысуымен шығарылған қаулыда сот қателері жеке кәсіпқой сотпен салыстырғанда мейілінше аз болады. Бұл сот алқабилеріне тек адал, өмірлік ерекше ант құзырын қабылдауға сотталушының айыпталуы мен айыптылығы дәлелденгендігі жатады.
ҚР ҚІЖК - нің 630 - бабына сәйкес сот алқабилердің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша іс жүргізу ҚР ҚІЖК - нің 14 - бөлімінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қарастырылады. Сот алқабилерінің қатысуымен қарайтын қылмыстық істер бойынша негізгі ерекшеліктері мынадай:
-егер айыпталушы өтініш еткен жағдайда сот алқабилерінің қатысуымен жүргізеді;
-халық өкілеттіліктері мен кәсіпқой сот төрешілері арасындағы әділ сотта өкілдіктердің бөліну мен жіберілуі мынадай;
-алқабилері қылмыс оқиғалары туралы сұрақтар мен сотталушының айыптылы туралы сұрақтарды шешеді;
Төрағалық етуші мен сот төрешісінің хабардарлығы құқықтық сұрақтарды шешу болып табылады. Келтірілгендердің барлығы да сот алқабилерінің мот отырысындағы негізгі ерекшелік болып табылады. Кәсіпқой сот төрешілерімен салыстырғанда сот алқабилері екі сот төрешісінен және тоғыз алқабиден тұратын сот құрамы. 2006 жылдың 16 - қаңтарынан бастап жергілікті атқару органдары «Алқабилер туралы» ҚР заңына сәйкес кандидаттарды таңдап оларды әліпби реттілігін сақтай отырып алғашқы, дара және запастағы алқабилер тізімін құрады. Алқабиге кондидаттар тізімін жергілікті атқару органдары 1 желтоқсанға дейін алдын ала құрып қояды. Алғашқы, дара және запастағы алқабилер санын жыл сайын облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы береді.
Облыстық соттың беруі бойынша алғашқы кандидаттар тізімін жергілікті аудандық басқару органдары (облыстық негіздегі қала), запас тізімін - облыстық атқару органдары (Республикалық негіздегі қала, астана) . Дара кандидаттар тізімін облыстық жергілікті атқару органы Республикалық негіздегі қала ) алғашқы кандидаттар тізімі негізінде облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жіберіледі. Алқаби кандидаттарына мынадай ерекше талаптар қойылады: -25 жастан үлкен болу керек: -өтелмеген немесе алынып тасталған соттылығы болмауы керек: -соттың пікірінше әрекетсіз болмауы керек: -наркология немесе психоневрология диспансерінің тізімінде болмауы керек:
Сот алқабилеріне кандидарттарды жіберу кезінде олардың әлеуметтік, қызметтікжәне мүліктік, нәсілдік, ұлттық, жыныстық, дін тұтушылық немесе т. б. жағдайлары соттың шектеуімен рұқсат етілмеуі керек. Қылмыстық іс толық аяқталғаннан кейін ай сайын алкабиге мемлекет қаражатынан соттың немесе оған теңестірілген соттың жарты еңбекақы мөлшерінде, бірақ алқаби төрағасының негізгі сотта болған (жұмыстық күн саны) уақыттық жалақысынан төмен сыйақы тағайындалмауы тиіс. Бір есте сақтайтыны, бір алқаби жылына бір рет қана алқаби ретінде сот отырысына қатыса алады. Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің дәлелдігінде.
Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді. -«Вердикт» латын тілінен алынған және ол «айтылған шындық» деген мағына береді.
Қылмыстық іс жүргізуде вердикт - бул алқабилердің сотталушыны айыпты деп танып шығарған үкімі. Облыстық және оған теңестірілген сотта алқабилердің қатысуымен соттың қарауына барлық істер жатады. Негізінен алқабилердің қатысуымен тек қылмыс жасаған және ҚК бойынша өлім жазасы берілетін істерді ғана қарастырады. Егер айыпталушы ҚК - тің бірнеше баптарымен істің біреуі алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істерді айыпталушының өтініші бойынша сот алқабилерінің қатысуымен істі қайта қаратуға құқылы. Ауыр қылмыс жасаған іс бойынша бірнеше адам айыпталса, онда істі алқабилердің қатысуымен қарау жөніндегі айыпталушылардың біреуі өтініш берген жағдайда істі алқабилердің міндетті түрде қатысуы бойынша қарастырады. Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға істің барлық материалдарын таныстыру кезінде оған соттың оның ісін алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініш беру құқығын, сондай - ақ соттың алқабилердің қатысуымен шығарған үкіміне шағым жасау және шағымды қарау ерекшеліктерін қоса, осындай өтінішті қанағаттандырудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті. Әр жаңа қылмыстық істі қарау үшін сот төрағалық етуші сот алқабиіне алқабилерді таңдауға кандидаттарды сотқа шақыратынын есте шығармау керек. Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді.
Сонымен төрағалық етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым процедурасын жүргізеді. Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді Сот отырысына қатысу үшін алқабиге он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса.
Істер бойынша алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібі. (630-бап)
Сот алқабилердiң қатысуымен қарайтын қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу осы бөлiмде белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодекстiң қағидаларына сәйкес жүргiзiледi.
Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдаудың тәртібі.
Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылғаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алқабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге кандидаттардың келуін қамтамасыз ету туралы үкім береді. Сот қаулысында ісін бойынша тандап алынған алқабилердің саны көрсетілуі қажет. Басты сот татқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етуші үкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы біріңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді. Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің дәлелдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді.
Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, олaдың тегі, аты, әкесінің аты және мекен - жайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабилер кандидаттарға, сот тақылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті. Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым процедурасын жүргізеді.
Сот талқылауына қатысу үшін алкабиге кандидаттарды іріктеу (ҚР ҚІЖК 639- бап) .
1. Кандидаттар ішінен алқабилердi iрiктеу осы Кодекстiң 350 - 363-баптарының талаптары орындалғаннан кейiн:
1) төрағалық етушiнiң алқабиге кандидаттарды iстi қарауға қатысудан босатуы;
2) өздiгiнен бас тарту туралы мәселелердi шешу;
3) қарсылық білдіру туралы мәселелердi шешу;
4) алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру арқылы жүзеге асырылады.
2. Сот отырысының хатшысы төрағалық етушiге алқабиге кандидаттардың сот отырысына келуi туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның тегiн көрсете отырып билет жазып бередi.
3. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттар алдында:
1) өзiн таныстырып;
2) тараптарды таныстырып;
3) қандай iс қаралуға жататынын хабарлап;
4) заңға сәйкес алқабилердiң мiндеттерi және олардың осы қылмыстық iстi қарауға қатысу тәртiбi туралы хабарлап, қысқаша кіріспе сөз сөйлейдi.
4. Алқабиге кандидатты iстi қарауға қатысудан босату туралы мәселенi объективтi түрде шешу мақсатында төрағалық етушi алқабилердi iрiктеу кезiнде кандидаттарға прокурор, жәбiрленушi, айыпталушы және оның қорғаушысы жазбаша нысанда ұсынған сұрақтарды, сондай-ақ өзiнiң қалауы бойынша, алқабилер алқасын құру үшiн маңызы бар басқа да сұрақтарды қоя алады.
5. Алқабиге кандидат iстi қарауға қатысу үшiн iрiктеу кезiнде төрағалық етушi қойған сұрақтарға шынайы жауап беруге, сондай-ақ оның талабы бойынша өзi туралы және iске қатысатын басқа адамдармен қарым-қатынасы туралы өзге де қажеттi ақпараттар беруге тиiс.
6. Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардың абыройы мен қадiр-қасиетiн түсіретiн сұрақтар қоймайды.
Төрағалық етуші сұрақ пен жауаптың процеске басқа да қатысушылар мен залда қатысып отырған адамдар үшін қолжетімді болмауын сақтай отырып, алқабиге кандидатқа кейбір сұрақтарды қоюға құқылы, ал кандидат оған жауап беруге құқылы.
7. Төрағалық етушi алқабиге кандидатты iстi қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелердi, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық білдірулерді кеңесу бөлмесiне кетпей тұрып, сот отырысының хаттамасына судьяның қаулысын енгізе отырып жеке-дара шешедi.
8. Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесiнен азы келсе не олардың кейбiрiн сот талқылауына қатысудан босатқаннан кейiн немесе төрағалық етушi судья өздiгiнен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттандырғаннан кейiн олар он жетiден азайып қалса, төрағалық етушi сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетiспейтiн санын қосалқы тiзiмнен толықтыру туралы өкiм бередi. Бұл жағдайда сот отырысында алқабиге қосалқы кандидаттарды шақыру үшiн үзiлiс жарияланады.
Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың алдында олар үшін қысқаша сөз сөйлеп кетеді, себебі ол олар үшін өте маңызды:
-өзін және тараттарын түгел таныстырып өтеді; -қандай іс қаралуға жататынын хабарлайды;
-алқабилердің міндеттері мен олардың қылмыстық істі қарауға заңға сәйкес қатысу тәртібі туралы хабарлайды;
1) Алпыс бес жастан асқан адамдарды;
2) Үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;
3) Өзінің діни нанымына байланысты сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу өзі үшін мүмкін емес деп есептелген адамдарды;
4) Сот отырысына қатыспау үшін дәлелді себептері бар өзге де адамдарды алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.
Сонымен қатар төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын істің мән жайлары туралы олардың хабардарлығын анықтайды. Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай - ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке - дара шешеді.
Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу. (641-бап)
Төрағалық етушi алқабиге кандидаттардан олардың қайсыбiрiн iстi қарауға қатысудан босату үшiн заңда көзделген себептердiң бар-жоғы туралы сұрайды. Келген алқабиге кандидаттардың әрқайсысы өзінің алқаби мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн дәлелдi себептерін көрсетуге, сондай-ақ өздiгiнен бас тартуды мәлiмдеуге құқылы. Төрағалық етуші тараптардың пікірін тыңдап, алқабиге кандидаттың өздігінен бас тартуын қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарады.
Алқабиге кандидаттарға уәжсіз қарсылық білдіру (Қ. Р Қ. І. Ж. К 643бап) Егер КІЖК 642-бабының талаптарын орындау нәтижесiнде сот отырысына қатысу үшiн алқабиге кандидаттардың он жетiден астамы қалса, төрағалық етушi алқабиге кандидаттардың қалған санын жариялайды, одан кейiн олардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiкке салады, билеттердi араластырады және жәшiкте он жетi билет қалу үшiн одан қанша қажет болса, сонша билеттi алып тастайды.
1. Төрағалық етушi осы баптың бiрiншi бөлiгiнің талаптары орындалғаннан кейiн мемлекеттiк айыптаушының, сондай-ақ сотталушының және (немесе) оның қорғаушысының уәжсіз қарсылық білдіруді жүргiзуі үшiн алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген қалған он жетi билеттi бередi, оның нәтижесiнде алқабиге он екi кандидат қалуға тиiс.
2. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы және оның қорғаушысы төрағалық етушi арқылы алқабиге кандидаттардың қайсыбірінен өзiн таныстыруын сұрауға құқылы.
3. Егер iске бiр сотталушы қатысса, алқабиге екі кандидатқа уәжсіз қарсылық білдіруді - мемлекеттiк айыптаушы, одан кейiн алқабиге үш кандидатқа уәждеусіз қарсылық білдіруді сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы көрсетiлген кезектiлiкпен жүргiзедi.
4. Егер iске бiрнеше сотталушы қатысса, мемлекеттiк айыптаушы әрi кеткенде алқабиге екi кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы. Бұл ретте алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру - сотталушылардың өзара келiсуi бойынша, ал мұндай келiсу болмаған жағдайда, егер мүмкiн болса, қарсылық білдірілетін алқабиге кандидаттардың санын олардың арасында тең бөлу арқылы жүргiзiледi.
5. Осы баптың бесiншi бөлiгiнің талаптарын орындау мүмкiн болмаған жағдайда, бiрнеше сотталушының алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруі барлық сотталушының тегі көрсетілген билеттердi жәшiкке салып, жеребе тастау арқылы жүргiзiлуге тиiс. Жеребе тастау қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың санына тең санда жүргiзiледi. Төрағалық етушi сотталушының тегi көрсетiлген билеттi жәшiктен қанша рет алса, алқабиге сонша кандидатқа сотталушы қарсылық білдіруге құқылы.
6. Сотталушылардың қайсыбiрiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартуы басқа сотталушылардың алқабиге кандидаттардың кемiнде он екiсi қалғанға дейiн оларға қарсылық білдіру құқығына шек қоюға әкеп соқпайды.
7. Мемлекеттiк айыптаушы, сотталушы немесе оның қорғаушысы алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттерге уәждерiн көрсетпей-ақ, қойылған қолдарымен бекітілген "қарсылық білдіру" деген жазу арқылы алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруді мәлімдеуі мүмкiн.
8. Сотталушы өзiнiң қорғаушысына алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығын жүзеге асыруды тапсыруға құқылы. Егер сотталушы өзiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартса, онда қорғаушы оның келiсiмiнсiз алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіруге өз бетiнше қатысуға құқылы емес.
9. Сотталушы немесе iске бiрнеше сотталушы қатысса, барлық сотталушы өздерiнiң алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіру құқығынан бас тартқан жағдайда, олардың қарсылық білдіруі жеребе тастау арқылы жүргiзiледi, оның барысында сот отырысының төрағалық етушiсі не хатшысы алқабиге кандидаттың қаншасына қарсылық білдірілуі мүмкiн болса, қарсылық білдірілмеген сонша алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттердi жәшiктен алып тастайды.
10. Тараптар уәжсіз қарсылық білдірген алқабиге кандидаттардың тегi көрсетiлген билеттер iс материалдарына қоса тiгiледi.
1. 2 Сот отырысын соттың істі алқабилердің қатысуымен қарау.
Сот отырысын тағайындау. Айыпталушының істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өтініші болған кезде сот төрешісі барлық сотталушылар мен олардың қорғаушыларымен бірге алдын-ала тыңдау жүргізеді. Сот отырысының дайындық бөлімі мынадай қатарлардан тұрады.
Төрағалық етуші сот отырысын ашып, қай iстiн қарауға жататындығын жариялайды. Отырысқа қатысушы адамдарға өзін таныстырады, кімнің мемлекеттік айыптаушы, қорғаушы, хатшы кім екенің хабарлайды, сотталушының жеке басын анықтайды, мәлімделген қарсыластарды шешеді. Мемлекеттік айыптаушы айыптау қорытындысының қарар бөлігін жария етеді. Сот төрешісі сотталушыға айыптаудың түсінікті болған-болмағанын анықтайды, қажет жағдайларда оған айыптаудың мәнін түсіндіреді және ол ісін соттың алқабилердің қатысуымен карауы туралы берген өз өтінішін растайтынын не растамайтынын сұрайды.
Егер сотталушы ісін соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растаса, онда сот төрешісі осы өтiнiштiң қанағаттандырылғаны туралы шешім қабылдайды және мемлекеттік айыптаушы, жәбірленуші, сотталушы және оның қорғашысы мәлімдеген басқа өтініштерді қарауға көшеді.
Егер сотталушы ісі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы өз өтінішін растамаса, сот төрешісі алдын ала тыңдау аяқталғанын хабарлайды.
Алқабилердің қатысуымен қарастыратын іс бойынша сотталушы алғашқы пікірін өзгерткен кезде де алдын ала тыңдау өткізілгеннен кейін сот төрешісі өзінің қаулысын шығарып, ол ақырғы шешім болып табылады. Бұл жағдайда соттың каулысы қайта қаралуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz