Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР және Инжиниринг университеті
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері

Орындаған: ЮП-18-3 студенті
Қаберов Нұрберген
Рецензент: Доцент
Алибеков С.К.

Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қылмыстық жауаптылықтан босату жүйелерінің ұғымы мен маңызы ... ...9
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .13
2.2 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..27

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың сипаттамасы. Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.Қылмыстық..жауапкершілі ктен..босатуды..сот,.прокурор,.терг еуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: күшігірім немесе орташа ауырлықты қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу. Қылмыстық құқық -Қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық Қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстыққұқықтық нормалар тек кана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстыққұқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қоғамда қылмыстық жауаптылықтан босату түрлерінің түсінігін, түрін, ұғымын, мақсатын, сипаттамасын, маңыздарына тоқтала өтемін. Қылмыстық жакаптылықтың босату түрлері, әлеуметтік құбылыстарды, қылмыстық жауаптың босату түрлерін басқа нысандармен басқа нысандарымен өзара әрекетін толықтай зерттеймін. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігін, түрлерін, сипаттамасын және т.б. тоқтала өтіп, талдаймын.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстық жауаптылық әдетте жаза арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та кейбір жағдайларда қылмыспен күрес жаза қолданбай-ақ жүргізіле беруі мүмкін. Қылмыспен күрес практикасында қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату институттары мейлінше кең таралған. Аталған институттарды қолдану негіздері босату түріне байланысты әрқилы болғанымен, жасалған іс әрекеттің құқықтық сипаты өзгеріссіз калады. Яғни ол іс-әрекет қылмыстық сипатта болады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеуді біртіндеп жеңілдетумен азайту тенденциясын бейнелейді. Барлық жауаптылықтан босату түрлері әр жағдайда индивидуалды, тұлғаның жеке қасиеттерін терең талдау нәтижесінде және осы тұлғаның қылмыстық жаза шарасын қолданбай түзелуі мүмкін деп танылған жағдайда ғана қолданылуы тиіс. Өзінің мазмұны бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату тек жазаны өтеуден босатуды ғана емес, сонымен бірге жазалау шараларын белгілеуден де босатуды білдіреді. Қылмыстық жауаптылықтан босату -- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазадан босатудан басқа жағдайларда, тиісті органның құқығы болып табылады. Ал, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жауаптылықтан босату бұл органдар үшін міндетті болады.
Қылмыстық жазадан босату - бұл кінәлі адамды жазаның құрамдас бөліктері болып табылатын белгілі бір құқықтарын шектеумен құқықтарынан айырудан босату. Аталған институтты қолдануға сот тағайындаған жазаны орындаудың тиімсіздігі немесе жазаны атқаруға мүмкіндік болмауы негіз болады. Кейде қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың бір формасы ретінде түсініп оны қылмыстық жауаптылықтан босатудың құрамдас бөлігі ретінде құрастырып қате тұжырым жасайды. Ал іс жүзінде, жазаны өтеуден босату - дербес қылмыстық-құқықтық институт болып табылады. Бұлар өзара мазмұны, негіздері зандық салдарлары және қолданудың процессуалдық тәртібіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жазадан босату тек онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстар үшін ғана емес одан да кең шеңберде қолданылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату тек үлкен қауіп тудырмайтын онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы Қылмыс жасаған адамдар үшін ғана қолданылады. Жазаны өтеуден тек сот қана босата алады, ал қылмыстық жауаптылықтан босатуды тергеуші, прокурор, анықтау77органы77жүзеге77асыра77ала ды.Сондай.ақ,..қылмысты..адам..жаза ны..өтеуден..босатылғанымен..қылмыс тық..жауаптылықтан..босатылмайды..А л..қылмыстық..жауаптылық..жазақолда нусыз жүзеге асырылуы мүмкін.
Курстық жұмыстың құрылымы, көлемі. Курстық жұмысым кіріспеден және 4 тақырыпшадан құрайтын, 2 тарауға бөліп тастадым. 1тарау бойынша мынадай мәселелерді қарастырдым: қылмыстық жауаптылықтың түсінігін, босату жүйелерінің жүйелерінің ұғымы мен маңызын толықтай айтып өттім. Ал 2 тарау бойынша қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, жалпы сипаттамасын толықтай айтып, түсіндіремін. Және қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі

Жалпы қабылданған тәртіп бойынша қылмыстық жауаптылық қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаға сот тағайындаған жазаны қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бірақ та қылмыспен күресудің көздеген мақсатына кей реттерде қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартпай немесе оларды жауаптылыққа тартып, бірақ жазаны өтеуден босату арқылы, жазаны өтеуден босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдеу жазаға ауыстыру жолымен жетуге болады. Қылмыстық жаза тағайындаудың мақсаты қылмыс жасаған адамнан кек алу немесе оның сазайын тарттыру емес. Оның негізгі қолданылу мәні құқық бұзушыны тәрбиелеу, түзеу, оның қайта қылмыс жасауының алдын-алу болып табылады. Егер аталған мақсаттарға жету үшін қатал қылмыстыққұқықтық ықпал ету шаралары қажет болмаса заңда көрсетілген тәртіппен сотталғанның жазасын жазаны өтеуден толық босатуға дейін жеңілдетуге жол беріледі. Жазаны өтеуден босату деп мемлекеттің кінәлі адамға заңда көзделген Қылмыстық жазалау шараларын қолданудан бас тартуы деп түсінуіміз керек. Мұндай жазадан босатудың негіздері әртүрлі. Атап айтқанда, жазаны өтеуден босатуға сотталған тұлға түзелген және кайта тәрбиеленді сондықтан жаза мақсатына оны өтеусіз-ақ жетуі мүмкін деп танылса, немесе жазаны қолданудың орынсыздығын көрсететін басқа да жағдайлар (мысалы, ауыр науқастык мүгедектік) болған кездерде жол берілуі мүмкін.
Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамға тағайындалған жазаның мөлшерін жетілдету немесе оны өтеуден босатуды рақымшылық актісі немесе кешірім беру тәртібімен жүзеге асырылған кездерден басқа жағдайларда, заңда көзделген тәртіп пен шарттар бойынша сот қана қолдана алады. Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипаттамасы қылмыстық жауаптылықтың өзімен тығыз байланысты.
Сондықтан, бір жағынан қылмыстық жауаптылық ұғымы, мәні және мазмұны туралы теориялық мәселелерді шешу қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипаты жөніндегі мәселелерді шешу үшін негіз болады. Екінші жағынан, қылмыстық жауаптылықтан босату мәселелерін заң актілері арқылы шешу - бізге заң шығарушының қылмыстық жауаптылық мазмұны, оны жүзеге асыру кезендері туралы пікірін білуге мүмкіндік беретін материал.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың құқықтық сипатын анықтау процессін қылмыстық жауаптылық пен оның мәні туралы мәселеде нақты бір пікірдің жоқтығы қиындата түседі. Бұл мәселені шешуде екі негізгі тенденция бар. Бірінші бағытты ұстанғандар бұл проблеманы қылмыстық жауаптылық пен жазаны біртұтастандыру арқылы және қылмыстық жауаптылықтан босатуды қылмыстық жазадан босатумен біріктіру арқылы шешуге тырысады. Екінші көзқарастың негізін қылмыстық жауаптылық ұғымымен қоса қылмыс жасаған адамға қатысты заңда белгіленген басқада тиімсіз салдарлар жатқызылады. Ал қылмыстық жауаптылықтан босату өтеуден босатумен шектеліп қалмай, басқа да тиімсіз салдарлардан, мысалы сотталудан да босатылуды қамтиды.
Бұл екі бағыттың да қолданушылары өте көп. Карпушин, Курляндский сияқты ғалымдардың ойынша "қылмыстық жауаптылық - бұл кінәлі адамның жасаған қылмысының занда көрсетілген барлық тиімсіз салдарларын өткеру міндеті".
Екінші көзқарасты ұстанушылар (Алексеев, Карнеева, Галперин) "қылмыстық жауаптылық - жазаны өтеу" деген анықтаманы дұрыс санайды.
Ал біз алғашқы көзқарасты қолдаймыз. Яғни біздің ойымызша қылмыстық жауаптылық тек жазаны өтеумен ғана шектеліп калмауы тиіс.
Ұстанған бағытымды түсіндіріп өтейін:
Біріншіден, егер басқа көзқарасты қабыл етсек, онда қылмыстық заңда Қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық жазадан босату ұғымдары арасында ерекшелік барын және бұл ерекшелік ешқандай негізделмегенін мойындауымызға тура келеді.
Екіншіден, бұл көзқарас бойынша қылмыстық жауаптылықтан босату қай кезеңде жүзеге асырылғандығына мән берілмейді. Бірақ та қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу зандары тұрғысынан қарағанда жауаптылықтан босатудың қылмыстық жауаптылықтан адамды айыпкер деп танығанна дейін босату мен айыпкер деп танылған соң босатуда, сотқа дейін немесе сотта айыптау үкімі шығарылғанға дейін босатумен сотталғанды айыптау үкімін шығарып жазаны өтеуден босатуда және жазаны одан әрі өтеуден босатуда құқықтық мәні мен құқықтық салдарлары бірдей емес екендігіне көз жеткіземіз. Бұл жағдайларда тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шараларының көлемі әртүрлі.
Үшіншіден, жазаны өтеуден босату тек кінәліге қатысты жаза қолданылып, орындалып, оны кінәлі адам өтеп жатса ғана мүмкін болады. Яғни мұндай жағдайда мысалы бас бостандағынан айыруға сотталған адам бас бостандығынан іс жүзінде айырылған фактілер туралы ғана айта аламыз.
Яғни, қылмыстық жауаптылықтан босату менің пікірімше, бұл жазаны іс жүзінде атқарудан босату емес, жазаны өтеу міндетінен босату. Әрине, бұл жағдайда кылыстық жауаптылыққа тартылмаған кінәлі адам қорқыныштан басқа ешқандай тиімсіз салдарлар көрмейді және қылмысы үшін жауаптылық көру міндетінің мәнін жояды деп қарсылық білдіруге болар еді. Бірақ бұл міндет кінәлі адам әдiлсоттылықтан құтылып кететін қалыптан тыс жағдайларда каралмауы тиіс. Жалпы аталған міндет қалыпты жағдайда жазаны өтеудің бір түріне айналады. Яғни бұл процесс жазаны аз қару міндетінің дамуы мен жүзеге асуы процессі болып табылады.
Сонымен, жасаған іс әрекеті үшін жауап беру міндеті жүзеге асырылуы керек және осы мақсатта әділ сот органдары қызмет етеді. Ал олардың көп жағдайда қылмыскерді жауапқа тарта алмауы қылмыстық заңның беделіне емес, осы органдардың беделіне нұқсан келтіреді.
Енді біз "қылмыстық жауаптылықтан босату" ұғымын қарастырып көруге тырысайық. "Босату" ұғымының өзі белгілі бір шектеулердің бар екендігін көрсетіп тұрса керек. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қылмыс жасаған және осы қылмысы үшін жауап беру міндеті жүктелген тұлғаға қатысты ғана қолданылуы мүмкін. Сәйкесінше міндеттерінен босату дегеніміз бұл қылмыс жасаған тұлғаға қылмысына байланысты жүктелген міндеттерін алып тастау деген сөз. Жауаптылық дегеніміз бір нәрсе немесе әрекет үшін жауап беру қажеттілігі, міндеті.
Егер адам жауап беруге міндетті болмаса, демек ол жауаптылықтан босатуды да қажет етпейді. Егер тұлға қылмыстық іс-әрекет жасамаса оны Қылмыстық жауаптылықтан босату да орынсыз болып қалады. Мұндай жағдайды дәлірек айтқанда "аталған тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатпайды" деуге болады. Сәйкесінше қылмыс істеген тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартуға жатады, ал қылмыс істеген адам жатпайды.
Филимонов, Курляндский, Карпуцин, Келина сияқты ғалымдар адамды қылмыстық жауаптылықтан босату үшін алдымен сол тұлғаның жасаған қылмысының құрамын сараптап, анықтап алу қажеттігіне баса көңіл аударады.
Филимонов В.Д. Біздің заң актілерімізде қылмыстық жауаптылықтан босатудың әрқилы түрлерінің болуы, оларды қолданған жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз жоқ дегенді білдірмейді. Керісінше олардың қолданылғандығы қылмыстық жауапқа тартуға негіз болғандығын дәлелдейді. Егер қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіздер болмаса, бұл жауаптылықтан босату туралы мәселе көтерудің өзі қисынсыз болған болар еді. Біз қажетті қорғану мен аса кажеттілікте қылмыстық жауаптылықтан босату мәселесін қоймаймыз ғой. Қоймайтын себебіміз бұл жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз жоқ немесе басқа сөзбен айтқанда "қылмыс құрамы жоқ" дейді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарын жоғарыда қарастырып өткен нюанстармен байланыстыра отырып талдасақ.
Мысалы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату туралы 69 бабында қылмыс жасаған адам егер қылмыс жасаған күннен келесі мерзімдер өтсе қылмыстық жауаптылықтан босатылуы тиіс делінген. Адам қылмыс жасағаны белгілі болғандықтан қылмыстық жауаптылықтан босату туралы сөз қозғағаны орынды. Сондай-ақ егер мерзімдердің өтіп кетуі сот мәжілісі уақытында анықталса қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылып тек жазадан ғана босатылады.
Сондықтан жоғарыда аталған бапты "қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату" деп қайта құрса толық және нақтырақ болар еді.
Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған кінәлі адамға жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы" 1999 жылғы 30 сәуірдегі нормативтік қаулысында: "қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ, олардың түзелетіндігі мен қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені талқылап, негіз болған жағдайда ондай адамдарды ҚР ҚК-нің 65-69-баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзеуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты, толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және сотталушының жеке басы туралы мәліметтерге негізделуі қажет" деп атап көрсетілген. Осыған орай кейбір реттерде Қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен бірге ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты тәжірибеде жиі қолдану Қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да керсетілген мәселелерді қолдану заңға негізделген және тиімді болған жағдайда ғана қылмыспен күрес мақсатының қылмыстық жауаптылық немесе жазаны қолданбай-ақ жүзеге асырылуы жағдайында ғана қолданылуы қажет.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық, т.б. Мұның өзінде қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы кетірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасалу тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп - қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.

Қылмыстық жауаптылықтан босату жүйелерінің ұғымы мен маңызы

Қылмыстық жауаптылықтан босату жүйелері дегеніміз - ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде жазалар жүйесі
39-баптың 1 бөлігінде орналасқан.
Әділ қазылық мәселелерін шешуде жазалар жүйесін белгілеудің методологиялық және практикалық елеулі маңызы бар.
Оның методологиялық маңызы сол - әрбір жазаңың қолдану жағдайын, дәл шегін және тәртібін көрсетіп, олардың толық тізімін беру арқылы қылмыспен күресте жазалау саясатының бірлігіне, сот қызметінде заңдылық принципін сақтауға қол жетізе аламыз. Ал оның практикалық маңызы сол, онда жазаңың түрлері бір жүйемен (ең жеңілінен бастап ең ауырына қарай) берілген, соның нәтижесінде сот заңға сүйене отырып, сот практикасының тәжірибесін, қоғамдық көзқарасты және ғылыми ұсыныстарды ескеріп, сотталғанға ықпал жасаудың әртүрлі шараларын тиімді де үғымды пайдалана алады.
Заңмен белгіленген жазалар жүйесінің маңыздылығы сонда сол арқылы кай жазаңың аса қатаң, ал қай жазаңың онша қатаң емес екендігін анықтай аламыз. Бұл тек жаза тағайындалғанда ғана емес, жазаңың өтелмеген бөлігін жазаңың жұмсақтау түріне ауыстырғанда да керек.
Жалпы жаза түрлерінің жүйесі және жазаның әрбір жеке түрі көптеген тәсіл арқылы сотталғанға ықпал жасау мүмкіндігін береді, сол төсілдер арасынан сот ең орынды шараны таңдап ала алады. Осы жүйеге сәйкес соттар ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған адамдарға қатысты да, онша кауіпті емес қылмыс жасаған адамдарға қатысты да ауырлығы әртүрлі жаза қолдануға құқылы.
Сонымен, жаза түрлерінің біршама көптігі қылмыстың да, оны жасаған қылмыскердің де қоғамға қауіптілігін ескеріп әділ жаза тағайындауға мүмкіндік береді, алдында тұрған мақсатқа жетуге көмектеседі (23-баптың 1 бөлігі).
Жазаның түрлері мен жүйесі, сонымен қатар, қылмыскерлікпен күресу тәсілдеріне және қылмыстың өзіне деген қоғамда қалыптасқан пікірдің көрінісі. Адамның өмірі, денесі, бостандығы, ар-ожданы жазаңың объектісі, ал өлім, жарақат, күш көрсетіп қинау, қамау, қудалау, мүлкінен айыру, масқаралау - жаза қолданудың салдары болып табылады. Жаза қолданғанда қылмыскер әруақта мемлекет атынан айыпталады.
Қылмыстық жаза қоғамдағы үстем көзқарасқа және оның өмір сүруінің негізгі шарттарына сәйкес келетін көзқарастарға жауап беріп келді, жауап береді де. Заңдарға бұрынғы ескірген жазаларды енгізсек, оны қоғам тарихи анахронизм деп санар еді, ол жазалар жүрмес еді.
Керісінше, егер заңдарға қоғам саяси да, сана жағынан да әлі дайын емес жазаларды енгізсек, олар да жұмыс істемес еді.
Қылмыстық заң мен жаза адамдардың қалыптасқан өміріне, қоғамдық қатынасқа, сол қоғамның идеологиясы мен таптық құрылымына, мемлекет экономикасының ахуалына, және осы негізде қалыптасып отырған этикалық және құқықтық көзқарастарға сәйкес келуі тиіс.
Егер жаза түрлерінің қоғамның және қоғамдық қатынастардың даму деңгейімен байланысына көз жүгіртсек, мынадай заңдылықты байқауға болады: өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен кезде қоғамдық тұрмыс та нашар, мәдениет те төмен деңгейде болды, оған сәйкес идеология болды; жазалаудың аса қатаң түрлері қолданылды - ашықтан ашық үрей тудыру, өлтірудің, жарақаттаудың жетік түрлері болды; қоғам ішіндегі қайшылықтың ушығуы жазаңы қатайтуды қажет етті; аса қатаң жазалау кейінгі феодализмге тән әрекет еді.
Қылмыстық құқығында қылмыс ұғымының формальды анықталуы кең тараған Батыс Еуропа елдеріне қарағанда отандық қылмыстық құқық үшін оның қылмыстық заңмен тыйым салынған, қоғамға қауіпті іс-әрекетке жататын материалдық формальды анықталуы дәстүрлі болып табылады. Егер қылмыс ұғымының формальды анықталуда формальды белгілермен қатар қоғамға қауіпті әрекетке немесе әрекетсіздікке жататын материалдық белгілердің де болуы міндетті.
Қылмыс ұғымына анықтама ҚК-нің 9-бабында берілген: "Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады".
Бұл анықтаудан көріп тұрғанымыздай, қылмыста бірқатар міндетті белгілер болады екен. Олар - қоғамға қауіпті іс-әрекет, оның құқыққа қайшылығы, айыптылығы және жазаланатындығы. Осы көрсетілген белгілердің түгел жиынтығы ғана қылмыс болып табылады.
Қылмыстың бірінші белгісі - оның қоғамға қауіптілігі.
Қоғамға қауіптілік, бұл әрекеттің (іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) объективтік қасиеті, ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға нақты зиян келтіреді немесе қауіп төндіреді. Әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін ескере отырып заң шығарушы іс-әрекеттің қылмысқа жататын немесе жатпайтындығы туралы мәселені шешеді. Қандай да бір іс-әрекет қоғамға қауіпті болған жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілік белгіленеді. Тіптен заң шығарушы қылмыстық заңда қандай да бір іс-әрекетке тыйым салу қажет деп санаған күнде, заңда көрсетілген сол іс-әрекеттің белгісі бар әрекетті немесе әрекетсіздікті қалай да қылмысқа жатқызуға болмайды.
Бұл жерде ол әрекеттің қоғамға қауіптілігін анықтау керек. ҚК-нің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес "Осы Кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген қайсыбір әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлектке зиян келтірілмеген және зиян келтіру қауіпін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды".
Қоғамға қауіптілік тек қылмысқа ғана тән қасиет деп санауға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық та, мысалы, жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіре алады. Бірақ оның қоғамға қауіптілік дәрежесі едәуір төмен. Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан бөлгенде заң шығарушы ҚК-нің Ерекше бөліміндегі баптардың диспозициясында қылмыстық іс-әрекеттің салдарын сипаттайтын белгілерді көрсетеді. Мысалы, шаруашылық және өзгедей қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзғандық үшін ҚК-нің 227-бабымен қылмыстық жауапқа тартқанда қоршаған ортаның едәуір ластануы, адам денсаулығына зиян келуі, жануарлардың немесе өсімдіктердің жаппай қырылуы және басқадай ауыр зардаптардың міндетті түрде орын алуы тиіс, ал көлік құралын басқарушы адамды жолда жүру және көлік құралын пайдалану ережесін бұзғандығы үшін ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігімен айыптау үшін - адам денсаулығына ауыр және ауырлығы орташа зиян келуі тиіс. Бұл көрсетліген зардаптар болмаса немесе олар елеусіз болса, онда, тиісті жағдайдаларда, әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
Қылмыстың маңыздылығы бойынша емес, қару реті бойынша екінші тұрған белгісі - қылмыстық құқық қайшылығы, іс-әрекетке қылмыстық заңда тыйым салынғандығы. Құқыққа қайшылық, бұл - қылмыстың формальды белгісі. Кеңестік кездегі заң әдебиетінде формальдыға қарағанда материалдықтың басымдығы қолдау тапты, ондай пікірге марксизм- ленинизм ілімі ықпал етті. Қазіргі кезде, заңдылық принципі құқықтық мемлекеттің ірге тасына айналған кезде, формальды белгі материалдықтан кем түспеуге тиіс. Олар өзара тығыз байланыстағы белгілер. Заң шығарушы, әдетте, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге қылмыстық-құқықтық тыйым белгілейді, ал кейін ол іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі жойылған кезде тыйым да алынып тасталады. Кейде қоғамға қауіптілігі шамалы деп танылған әрекет немесе әрекетсіздік те, немесе бұзақылық та кейбір қоғамдық қатынастарға елеулі нұқсан келтірілуі мүмкін, ал заңда олардың зиян келтірілуіне тыйым салынбаған, яғни ол қоғамдық қатынастар заңмен қорғалмаған. Екі жағдайда да іс-әрекет қылмыс деп танылмайды.
Қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекет ғана қылмыс деп саналады. Құқықтың басқа салаларына қайшы келгендік іс-әрекетті қылмыс деп тануға негіз бола алмайды. Мысалы, Қазақстан аумағында шет ел валютасымен мәміле жасауға Валютаны реттеу заңы тыйым салған, ал мұндай іс-әрекет ҚК-де қарастырылмаған, сондықтан ол қылмыс емес. Бәлкім, қылмыстың формальды белгілерінің қазіргі кезде ерекше маңыздылыққа ие болғандығын атап өткісі келіп заң шығарушы ҚК-нің 9-бабының 1-бөлігінде қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық норманы сөзбе сөз берген. Басқа сөзбен айтқанда, "Заңды жазасыз қылмыс жоқ" деген ежелгі қағида Конституцияда бекімін тапты.
Қылмыстың кінәлілік және жазалаушылық сияқты белгілері құқыққа қайшылықпен тығыз байланысты.
Заң шығарушының кінәлілікті, яғни адамның әрекетінде немесе әрекетсіздігінде кінәнің бар екендік фактысын өзінше дербес белгі ретінде қарастырылуы бұл институтқа үлкен мән бермегендіктің белгісі. ҚК-нің 19-бабының 2-бөлігінде зиянды жазықсыз келтірілгендік үшін қылмыстық жауапқа тартуға жол берілмейді делінген. Сол баптың 3-бөлігінде сәйкес іс-әрекетті қасақана немесе абайламай жасағанда ғана адам қылмыс жасаған болып саналады. Кінәлілік құқыққа қайшылықтың міндетті шарттарының бірі болғандықтан, субъектінің әрекетінде кінәнің болмауы оның іс-әрекетінде қылмыстық құқыққа қайшылық белгісінің де жоқ екендігін білдіреді.
Қылмыстың келесі белгісі - қылмыстық жазалаушылық. Жаза қолдану қаупі жоқ қылмыстық-құқықтық тыйым ол тыйым салынған іс-әрекетті қылмыс деп санауға негіз бермейді. Мысалы, ҚК-нің Жалпы бөлімінде бірқатар тыйымдар белгіленген (іс-әрекеттің қылмыстылығын немесе жазалануын белгілейтін, сол әрекетті жасаған адамның жауапкершілігін немесе жазасын күшейтетін немесе жағдайын өзге жолмен нашарлататын заңға кері күш беру және т.б.). Бірақ бұл тыйымдар, мысалы ҚК-нің 350-бабында көзделген қылмыстық белгілерге жатпаса, оларды бұзғандық қылмыс болып табылмайды.
Жазалаушылық, яғни заңда жаза қолдану қаупі болу ғана қылмыс белгісін береді. Қоғамға қаупті, қылмыстық заңда жазамен қорқытып тыйым салынған нақты іс-әрекетті жасағаны үшін айыпты адамның жазасыз қалуы да мүмкін, бірақ жасалған іс-әрекет одан қылмыстық сипатын жоғалтпайды. [2]

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық жауаптылық екі жолмен: жаза тағайындаумен байланысты және жаза тағайындау мен байланысты емес жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда қылмыстық жауаптылықтың мазмұны болып жаза болып табылады, ал екінші жағдайда қылмыстық жауаптылық адамға жаза тағайындамай тоқтатылады.
Гумманизм және әділеттілік принциптеріне сүйеніп ҚР Қылмыстық заңы кінәлі адамдарды жазадан ғана емес қылмыстық жауаптылықтан босату белгілі бір шамада қылмыстық құқықтың арнайы принциптерінің бірі - жауаптылықтан құтылмайтындық принципіне қайшы.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының қылмыстық құқықтық маңызына келсек, ең бастысы ол қылмыстылықтың алдын алу қызметін атқарады. Мысалы, шын өкінуіне байланысты немесе жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормалары кінәлі адамдарды ынталандыруға шақырады.
Сонымен, кейбір жағдайларда қылмыстылықпен күресу мақсатына қол жеткізу кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ немесе оларды соттаған кезде жазаны өтеуден босату арқылы да мүмкін болады. Осыған байланысты қылмыстық құқықта қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институты енгізілген.
Қылмысты жауаптылықтан босату - қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңдарына сәйкес жүргізілетін мемлекеттің өкілетті органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында немесе айыптау үкімі шыққанға дейін сот талқылауы кезінде орындалуы мүмкін.
Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздеріне мына жағдайлар жатқызылады:
-шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 65 бабы);
-қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 66 бабы);
-жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 67 бабы);
-жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 70 бабы);
-ескіру мерзімінің өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 71 бабы);
-рақымшылық жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тің 78 бабы);
Жоғарыда көрсетілген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері міндетті және факультативтік болып бөлінеді.
Қылмыстық жауаптылықтан міндетті босатылу болып ескіру мерзімінің өтеуіне байланысты босатылу болып табылады.
Қылмыстық жауаптылық заңдық жауаптылық түрлерінің бірі, оны мемлекет қылмыстық заңда белгілейді және қылмыс жасауда айыпты адам жүктейді.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыскерлікпен күрестің аса маңызды құрамы болып табылады, ол қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды сақтауда, сотталғандарға жазалау және тәрбиелеу ықпалын тигізуде, сондай-ақ қылмыстардың алдын алудан үлкен рөл атқарады.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық негіздеріне онша көп анықтама жоқ. Ондай анықтаманы қылмыстық құқық ғылымы береді.
Әдебиетте қылмыстық жауаптылық негіздерінің әртүрлі анықтамалары кездеседі. Кейбір авторлар қылмыстық жауаптылыққа қылмыс жасаған адамның мемлекет алдында жауап беру міндетті деп анықтама береді, бірақ бұл пікірді дұрыс деп айту қиын. Г.Ф. Поленов дұрыс айтады: "қылмыстық жауаптылық, ол - қылмыс жасаған адамның мемлекет алдында жауап беру міндетті ғана емес, оның қолданылған қылмыстық құқықтық шаралардан немесе мемлекеттің бетке басу фактісінің өзінен, іс-әрекет пен оны жасаған адамды кінәлаудан күйзеліс шегуі"
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны мыналарды қамтиды:
а) жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекет пен оның жасалуына кінәлі адамды мемлекеттің айыпталуы; б) соттың заңда көзделген қылмыстық жазалау шараларын қолданылуы.
Мемлекет тарапынан айыптауды алдын ала тергеу органдары, сонан сот жүзеге асырады, ол жасалған іс-әрекетке заң тұрғысынан қылмыс деп танудан көрініс табады. Бірақ, мемлекет тарапынан айыптау өне бойы айыптыға жаза тағайындаумен аяқталмайды, себебі қылмыстық заң жасалған адамға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын қарастырған. Мысалы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары, тәрбиелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Жасы толмағандарға қылмыстық жауаптылықтан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың түсінігі
Қылмыстық жауаптылықтан босату
Арнайы белгілерге байланысты қылмыстардың санаттары бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН ЖӘНЕ ЖАЗАДАН БОСАТУ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Пәндер