ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ атындағы КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Жаза түсінігі және мақсаты

Орындаған: ЮП-18-3 тобы студенті
Ибрагимов Жандос А.
Рецензент: з.ғ.к.,доцент. Алибеков С. Қ

Ақтау-2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша жазаның негізгі түсінігі ... ... ... ..4
1.2 Қылмыстық құқықтағы жазаның белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1 Жазаның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.2Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері ... ... ... ... ... ...9
2.3Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері ... ... ...15
2.4 Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жаза түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.5 Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

КІРІСПЕ
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелері- не ерекше көңіл бөледі.
Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдану да ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалык, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады.
Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып,.өз.ерекшеліктерімен.оқшаула нады.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы дайындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді.

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша жазаның негізгі түсінігі
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелері- не ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдану да ең негізгі басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып өткен экономикалык, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана-сезімін жетілдіру арқылы асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып,.өз.ерекшеліктерімен.оқшаула нады. Біріншіден, қылмыстық шара - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған.
Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық занда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен көрі, неғұлым, жеңілірек, жаза, тағайындауға, құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмыстық кодекстің 38-бабында "жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы" делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлттарпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік өзіне шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде-біреуі кылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны колдану - тек қана соттың құзіреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады, ал басқа жағдайларда бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады, Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік.күштеу.шараларынан.мәнд і.өзгешелігін.көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда "адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қыл- мыстық жауапқа тартылуға тиісті", - делінген. Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізген немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға (68-бап) болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де үштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан кылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауыда мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе
сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып.табылады. Қылмыстық жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға.жат.теріс.әрекеттер.үшін.ға на.тағайындалады.
Екіншіден, қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда кұкылық зардап болмайды. [1, 175б.]

1.2 Қылмыстық құқықтағы жазаның белгілері

Жаза - бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелмейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады, ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.
Жазаның белгілері:
-жаза бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
-жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
-жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.
15-17 ғ қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
1) рудан қуып жіберу;
2) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
3) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
4) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
5) өлім жазасы жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
6) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.

2 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖАЗАНЫҢ ТҮРЛЕРІ

2.1 Жазаның мақсаты

Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. Қылмыстық. кодекстің 2-бабындағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді. жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленіп, қылмыс ұғымы дайындалады, қылмыс істеген адамдарға қолданылуға тиісті жазамен өзге де
қылмыстық-құқылық ықпал.ету.шаралары.белгіленеді.
Арнаулы сақтандырудың иелері болып, қылмыс істеп сотталғандар танылады. Жазаның мақсаты бұл адамдардың тарапынан тағы да қылмыс істеу фактісінің орын алмауын көздеуі болып табылады. Жазаның осы көздеген мақсатына жетуінің құралы - сотталғандарды түзеу арқылы, еңбекке адал, заң талаптарын мүлтіксіз орындау. рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл жерде түзеу дегеніміз қылмыс істеп .сотталған тұлғаның әлеуметтік, психологиялық көзқарасын өзгертіп қылмысты құбылысқа, қоғам ережелерін бұзуға, еңбексіз күн көріске деген пиғылдарын, жазадан қорықса да өзгертіп дұрыс,.жолға. салу. болып .табылады.
Сондықтан да қылмыскерге жаза тағайындау арқылы оны түзеу жазадан қорықса да қылмыс істемейтін, заң талаптарын қалт жібермей мүлтіксіз орындайтын адам етіп қалыптастыру болып .табылады. Жазаның басқа бір мақсаты - басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру болып табылады. Бұл қылмыс істемеген, бірақ тәртіптік, әкімшілік құқық қалыптарын бұзып, биморальдық күйге түсіп .жүрген, .қылмыс істеуі. мүмкін, тұрақсыз элементтерге бағытталады. Мұндай әлеуметтік тұрақсыз адамдарды қылмыстық құқықта көрсетілген жазамен қорқыту арқылы және қылмыс істегендерге казаның сөзсіз қолдануын ескерту, қылмыстан сақтандырудың жалпы түрі. болып табылады. Мұндай. сақтандыру қылмыстық құқықтың тәрбиелік функциясының бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық құқық қалыптарының жеке түрлерінің. санкцияларында көрсетілген жазаларда қылмыс істеген кінәлі адамдарға қолданбақшы болып қорқыту арқылы қылмыстық заң барлық азаматтарға, олардың психологиялық сана-сезіміне әсер ету арқылы, олардың әлеуметтік әділеттілікті, адам өмірінің қорғалуының, құқық тәртібін нығайтудың қажеттілігі туралы.көзқарастарының.қалыптасуына .жағдайлар.туғызады. .
Сол .сияқты. жаза - қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемейді. Бұл. тарихи қалыптасқан қылмыстық құқықтың адамгершілік принципі болып табылады. Осы жерде жазаның мақсаттары туралы. Заңның қалпының өзінде қарама-қайшылық жоқ па екен деген заңды сұрақ туындайды. Жаза сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарына шек қою арқылы, сөз жоқ, оның жанын қинайды, адамгершілік намысына тиеді. Бұл жерде қарама-қайшылықты жою үшін жазаның мақсатын және. құрамын, мазмұнын дұрыс айыра білген жөн. Жаза қылмыстының жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп қорғау мақсатын тіпті де көздемейді. Сотталған. адамның құқықтары мен бостандықтарына заңда көрсетілген шекті қою жазаның мазмұнын, ал арнаулы және жалпы сақтандыруды жүзеге асыру жазаның мақсатына жету құралын құрайды. Сотталған адамның қоғамнан. оқшауланып, түзеу мекемесінде жазасын өтеуі, әлбетте, оның жанын жеуі сөзсіз, бұл жазаның жазалау. элементтері болып табылады. . . . . .

2.2 Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері

Жаза дегеніміз - сот үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу т.б.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 39-бап)40-Бап.[2].
ҚР-ның Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жазаның түрлері:
Қылмыстық кодекске сәйкес: Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлә деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
1) айыппұл салу
2) түзеу жұмыстары
3) қоғамдық жұмыстарға тарту
4) қамаққа алу қолданылуы мүмкін
5) Қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға мынадай негізгі жазалар:
6) айыппұл
7) түзеу жұмыстары
8) бас бостандығынан шектеу
9) бас бостандығынан айыру;
10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
1) мүлкін тәркілеу
2).арнаулы,.әскери,немесе,құрмет ті,атағынан,сыныптық.Шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларын айыру;
3) Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
4) ҚР-ның азаматтығынан айыру;
5).Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген кылмыстық занда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлыгына карай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі Республика аумағында қылмыстық құкық бұзушылыққа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталған адамға келтірілетін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1.Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялык дәрежесінен, біліктілік сыныбынан жэне мемлекеттік наградадан айыру.
2.Сотталған адамның құқығына шек коюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану кұқыгынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу: шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР-ның шегінен тысқары жерге шығарып жіберу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамаққа алу. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен 3 топка бөлінеді: Бірінші топты негізгі жазалар қүрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жекедара жаза ретінде, жазаның максатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жазатүрлерін айтамыз.
ҚР-ның 2014 жылы қабылданган Қылмыстық Кодексінің 40-бабына сәйкес жаза түрлері қылмыстық теріс қылық жасағаны және кылмыстык құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке дара белгіленген. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылғандарға мынадай негізгі жазалар: 1) айыппүл; 2) түзеу жұмыстары; 3) қоғамдық жүмыстарға тарту; 4) қамаққа алу қолданылуы мүмкін.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарга мынадай негізгі жазалар:
1) айыппүл салу;
2) түзеу жұмыстары;
3) бас бостандығынан шектеу;
4) бас бостандығынан айыру;
5) өлім жазасы қолданылуы мүмкін (40-бап, 2-бөлігі).
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға косылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған комекші рөл атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын Қылмыстық жаза тағайындаган кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы 1999 жылғы 30 сәуірдегі №1 нормативтік қаулысының 25, 26-тармақтарында Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім шығарган кезде эр іс-бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажет тілігі мәселесін қараған жөн.
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, кабылданған шешімнің дәлелдерін үкімнің дәлелдеу бөлігінде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жағдайда бұл туралы үкімнің қорытынды бөлімінде ондай сілтеме жасалмайды. Кінәліні соттаған кезде қылмыстық заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп табылса, сот оны ҚК-нің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана ҚК-нің 55-бабына сілтеме жасай отырып қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіре отырып, қолданбауы мүмкін.
Соттардың назары мынаған аударылсын: қосымша жазаның айыппұл, мүлікті тәркілеуі сияқты түрлері қосымша жаза ретінде тек егер олар сотталушыны кінэлі деп таныған - ҚК-нің баптарының диспозицияларында косымша жаза ретінде көзделген болса ғана колданылуы мүмкін. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу күқынан айыру, арнайы, әскери немесе кұрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру косымша жаза ретінде ҚК-нің Ерекше бөлімінің қылмысты саралаған бабында жаза ретінде көзделмесе де тағайындалуы мүмкін. Бүндай жазаны қолдану туралы шешім қабылданғанда, үкімнің корытынды бөлігінде ҚК-нің тиісінше 41 немесе 50-бабына сілтеме жасалуы керек. Ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін сотталған кезде, сот үкіммен бірге ҚК-нін 50-бабы 2-бөлігінің негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің атына сотталушыны мемлекеттік наградалардан немесе Қазакстан Республикасы Президенті тағайындаған кұрметті, әскери, арнайы атағынан, сыныптык шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыру туралы тиісті үсыныс енгізу туралы мэселесін карауы тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза ҚК-нің 41 немесе 50-баптарының негізінде қолданылса, оның мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгілеген шектен аспауы керек, -делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында косымша жазаларды қолдану немесе колдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тагайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал косымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнін қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасалмайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстық заңның баптарында косымша жаза колдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болган жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, кабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған қосымша жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жекедара тағайындалмайды, ол тек кана негізгі жазаға қосылып тағайындалады.
Қылмыстық қүқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазамен қатар мынадай қосымша жазалар:
1)мүлкін тәркілеу;
2)арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сынаптык шенінен, дипломатиялык дәрежесінен, біліктілік сыныбына және мемлекеттік наградаларынан айыру;
3)белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқығынан айыру;
4)шетелдікті немесе азаматтығы жок адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу қолданылуы мүмкін.
Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыстық кұқық бұзушылыкпен тиімді күрес жүргізудің негізгі шарты болып табылады. Енді осы жазаның жекеленген түрлеріне сипаттама береміз.
43-бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту.
1.Қоғамдық жұмыстар соттапған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады..
2.Қоғамдық жұмыстар қылмыстық теріс қылықтық үшін - жирмадан екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін екі жүзден бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамды оларды өтеу уақытты кезінде негізгі жұмыс орны бойынша еңбек міндеттерін орындаудан босата отырып не оқудан бос уақытында кұніне төрт сағаттан асырылмай өтеледі.
2.1 Қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда, олар:
1) қылмыстық теріс қылық үшін сотталғандарға - қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін қамаққа алудың бір тәулігі есебімен қамаққа алуға;
2) қылмыс үшін сотталғандарға қоғамдық жұмыстардың орындалмаған төрт сағаты үшін бас бостандығын шектеудің немесе бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығын шектеуге не бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
2-2.Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, аяқталмаған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ жазаны ауыстыру кезінде қоғамдық жұмыстардың мерзімі осы бапта белгіленген ең төменгі шектен төмен болуы мүмкін.
3. Қоғамдық жұмыстарға тарту жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейінгі жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырган еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтагы мүгедектерге, әскери қызметшілерге тағайындалмайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту деп жергілікті өкімет органдары белгілеген жұмыстарды сотталған адамның қоғамның пайдасына тегін істеуі айтылады. Жазаның бұл түрі негізгі жаза ретінде Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі баптардың санкцияларында тікелей көрсетілген жағдайларда ғана қолданылады. Қоғамдық жұмыстардың ұзактығын сот 60 сағаттан 300 сағатқа дейін, күніне 4 сағаттан аспайтын егер сотталғанның тұрақты жұмыс орны болмаса немесе оқумен айналыспаса, күніне сегіз сағатка дейінгі, бірақ аптасына 40 сағаттан көп емес мөлшерде тағайындайды жэне сотталған адам оны негізгі жүмысынан және оқуынан бос уақытында тегін өтейді. Сотталган адамдардың істейтін қоғамдық жұмыстарының тізбегі жергілікті өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары аркылы белгіленеді. Сотталған адам қоғамдык жүмыстарды орындаудан жалтарған ретте осьг Кодекстің тиісінше 45-бабының ережелері ескеріле отырып, олар қоғамдық жұмыстардың төрт сағаты үшін бір тәулікке қамаққа алуға ауыстырылады.
Әскери кызметшілерге, үш жаска дейінгі жас балаларын өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастагы және ол жастан аскан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жаска дейінгі балалары бар әйелдерге, 1 немесе 2 топтағы мүгедектерге коғамдық жұмыска тарту тағайындалмайды.
49-бап. Арнаулы, әскери немесе күрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру.
1.Қасақана қылмыстық қуқық бұзушылық жасаганы үшін соттаган кезде сот кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оны арнаулы, әскери, құрметті немесе өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сол сияқты Қазақстан Республикасының Президенті берген арнаулы, әскери, құрметті немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттаган кезде сот үкім шығарғанда сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ұсыныс енгізе алады, ал сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 49-бабы, 1-бөлігінде касақана кылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттау кезінде сот айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери арнаулы немесе өзге де атағынан: сыныптык шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан айыра алады.
Қасақана қылмыстық қүқық бұзушылыктың түсінігі Қазакстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 20-бабында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 40-бабы, 3-бөлігі бойынша бүл көрсетілген жаза тек қана қосымша жаза түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті берген құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені, дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды қасақана қылмыстық құқық бұзушылық үшін сотталған ретте сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сот үкім шыгарған кезде ол сотталған адамды осы наградалардан, атақтардан, біліктілік шенінен, дипломатиялық дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныс енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді (49-бап, 2-бөлігі).
Мемлекеттік наградалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы туралы арнаулы заңында белгіленген. Қүрметті атактар мемлекет алдындағы аса ерен еңбегі үшін Президенттің жарлығымен беріледі (мысалы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер).
Әскери атақтар - Республика Қарулы күштерінің офицерлік құрамдағы әскерилерге берілетін атақтар.
Арнаулы атақтары әр түрлі ведомстволар мен үкімет саласындағы өкімет функциясын, өкілдігін жүзеге асыратын адамдарға беріледі (мысалы, кеден, салық, ішкі істер органдары қызметшілеріне).
Басқадай атақтарға, мемлекеттік ғылым саласындағы бақылау комитеті беретін ғылыми атақтар (профессор, доцент, ғылым кандидаты, ғылым докторы, т.б.).
Сыныптық шен прокуратура органдарында белгіленген.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге біліктілік сыныптары жоғары, біріншіден - он алтыншы сыныпқа дейін белгіленген.
Дипломатиялық дәреже - Сыртқы істер министрлігі қызметкерлеріне, өкілетті және төтенше елшілерге, консулдық қызметшілерге беріледі.
Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айырылғандар осыған байланысты пайдаланатын жеңілдіктер мен артыкшылықтардан қоса айырылады. Осы айтылған атақтардан және наградалардан айыруды сот мерзімсіз уақытқа белгілейді.
Сотталған адамды атақтары мен наградалардан айыру туралы ұсынысты сот тиісті органдарға үкім заңды күшіне енген соң тоқтаусыз тез жолдауы қажет.
Сотталған адамды атақтары мен наградаларынан айыру туралы үкімнің көшірмесін алғаннан кейін тиісті орган заңда белгіленген тәртіппен арнаулы кұжаттарға сотталған адамның атақтары мен наградаларынан айырылғандығы туралы белгі сот, олардың осы атактары үшін пайдаланып келген жеңілдіктер мен артыкшылыктан айыру туралы шара қолданып, кабылданған шешім жайлы үкім шығарганын сотқа хабарлайды.
Егер сот үкімі апелляциялық, кассациялық немесе бақылау тәртібімен кінәлінің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы жоқ болуы немесе оның кінәсінің дәлелденбеуі себепті бұзылса, онда сот төралка қаулысын атақтар мен наградалар берген органға жіберіп, ақталған адамның бұрынғы кұкығын қалпына келтіру туралы мәселе қояды.

2.3 Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері

50-бап. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
1.Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымдарды атқаруға не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуга тыйым салудан турады.
2.Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан он жылга дейінгі мерзімге белгіленеді.
Осы Кодекстің 120-бабының үшінші бөлігінің 5) тармағында және төртінші бөлігінде, 121-бабының үшінші бөлігінің 5) тармағында және төртінші бөлігінде, 122-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 124-бабының екінші және үшінші беліктерінде, 132-бабының екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде, 133-бабының екінші және үшінші бөліктерінде, 134-бабының төртінші бөлігінің 2) тармағында және 312-бабының үшінші бөлігінің 1) және 2)тармақтарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан айыру міндетті түрде тагайындалады және педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруга өмір бойына тыйым салудан тұрады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан айыру міндетті түрде тағайындалады және мемлекеттік қызметте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Үлттық Банкінде және оның ведомстволарында, мемлекеттік ұйымдарда және жаргылық капиталында мемлекет үлесі елу пайыздан асатын ұйымдарда,оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы аталган еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудан турады.
3.Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, егер сот жасалган іс-әрекеттің сипаты мен қоғамда қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере отырып, оның белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол осы Кодекстің Ерекше бөлігінің тиісті бабында тиісті қылмыстық қуқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде көзделмеген жағдайларда да тағайындалуы мүмкін.
4. Бас бостандыгынан айыруға, қамаққа алуга қосымша жаза ретінде осы жазаны тағайындау кезінде, ол негізгі жазаны өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл ретте оның мерзімі бас бостандығынан айырылган, қамаққа алынган кезден бастап есептеледі. Жазаның басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу қуқығынан айыру тағайындалган жагдайда, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталган кезде оның мерзімі үкімнің заңды күшіне енген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жазаның белгілері
Әкімшілік жазалардың түрлері
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық құқық бұзушылыққа тағайындалатын жаза түрлері
Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен қағидалары
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Республикасының азаматтығынан айыру
Қылмыстық заңның әрекет етуінің шегі
Қылмыстық құқықтық міндеттері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы түсінігі
Пәндер