Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Орындаған: ЮП-18-01 тобы студенті Хаирмухаммедова Ұ.Д. Рецензент: з.ғ.к., доцент Алибеков С.К.
Ақтау - 2019 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.Қылмыстың объективтік жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қылмыстың объективтік жағының ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ... ... ... ... ... .. ... ... ...7
2.Қылмыстың объективтік жағы және оның факультативті белгілері...10
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Себепті байланыс түсінігі және қылмыстың объективтік жағының факультативті белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..21
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың сипаттамасы: Жұмыста қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі және факультативті белгілері қарастырылады.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыс құрамы - қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстық объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілермен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамы белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Осы көрсетілген элементтің біреуі болмаса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы Қылмыстың объективтік жағын құрайды. Біршама қылмыс құрамының объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатынастардың объективтік жағын сипаттауда оның факультативті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыс жасау тәсілі жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның қылмыстық құқығы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының ұғымын және түрлерін қарастырып, айқындау.
Курыстық жұмыстың міндеті:
oo Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігін және белгілерін анықтау;
oo Факультативті белгілеріне шолу жасау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қылмыстың объективтік жағы
0.1 Қылмыстың объективтік жағының ұғымы
Қылмыстың объективті жағы - қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісін бейнелейтін белгілер болып табылады. Қылмыстың объективті жағының міндетті белгілеріне мыналарды жатқызамыз:
1. Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік);
2. Қоғамға қауіпті зардап;
3. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен қоғамдық қауіпті зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс.
Қылмыстың объективті жағы - қылмыстық жауаптылыққтың онсыз ол мүлде бой көрсете алмайтын өзіндік фундаменті сияқты. Әрекеттің объективті жағы оны жасаған адамның жауаптылығы үшін түбегейлі маңызын өткен ғасырдың 40-жылдары жас К.Маркс былайша айтқан болатын: Әрекет жасаушы адамның ой өрісін басты мұрат етіп, оның әрекеттерін одан төмен ұстанатын заңдар - заңсыздықтың позитивтік санкциялары болып табылады. Өзімді қаншалықты көрсете алсам, мен соншалықты нақтылық аумағына, яғни заң шығарушының билігіндегі ортаға кіре бастаймын. Өзімнің әрекеттерімсіз мен заң үшін мүлде жоқпын, мүлде оның объектісі болып табылмаймын - деген. Қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатына баға бергенде, оны субъективтік жағынан бағалағанда басты нәрсе болып табылады. Осыған орай қылмыстық істі тергегенде немесе сот қарағанда ең бірінші қылмыстың объективті жағын орнықтырады және тек соның негізінде ғага қылмыстың субъективті жағы белгіленеді. Қылмыстық заң тыйым салған қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаған адамның ойы, ниет мен мақсаты жайлы қорытынды жасалады. Объективті жақтың белгілерінсіз субъективті жақ туралы мәселе болмайды да, себебі, субъективті жақ тек объективті жақпен байланыстың арқасында өмір сүре алады.
Қылмыстың объективтік жағының қылмыстық жауаптылық үшін маңыздылығы, әрі қылмыс құрамының тап осы элементінің қылмыс құрамы және қылмыстық жауаптылықтың барша құрылымының тастабаны болып табылатындығына Қазақстан Республикасы Ерекше бөлімінің баптары диспозицияларында заң шығарушының бәрінен бұрын қылмыстың объективтік жағының белгілерін көрсеткендігі куә бола алады. Мысалыға, қылмыстық заңда әрдайым қоғамдық қауіпті іс-әрекеттің белгілері көрсетіледі, бұларсыз ерекше бөлімдегі баптарды диспозициялау мүмкін емес, сондай-ақ, қылмыстық заңда объективті жақтың басқа да белгілері көрсетіліп жатады. Бұл жерде айта кетсек, олардың бәрінің қылмыстық-құқықтың мағыналары бірдей емес. Қылмыстың барлық құрамына қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) міндетті белгі болып табылады. Объективтік жақтың қалған белгілері факультативтік сипатта, яғни, олар қылмыстардың қайсы бір құрамдарына олардың объективтік жағының белгілері болып саналады және басқаларына өйтпейді. Мысалыға, денсаулыққа зардап келтірудің құрамдары үшін қылмыс қай жерде жасалған болсада олар үшін қылмыстық жауаптылық қайда жасалғанына қарамастан туындайы. Бірақ, бұлбелгі мысалы, судағы жәндіктер мен өсімдіктерді заңсыз аулағаны үшін не өндіргені үшін оның құрамын белгілегенде міндетті болып саналады.
Объективтік жақтың факультативтік белгілері олар қылмыстың тиісті құрамының белгілері болмаса да, едәуір материалдық-құқықтық маңызы болғандықтан жаза тағайындауға әсерін тигізеді. Кейбір кезде, олар жаза тағайындауда кінәлі адамның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде бой көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының 54-бабаына сәйкес жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып объективтік жақтың мынадай белгілері - қоғамға қаіупті зардап(қылмыс жасаудың нәтижесінде ауыр зардаптың болуы), қылмыстың тәсілі(аса қатігездікпен), қылмыс жасаудың жағдайы(төтенше жағдай кезінде қылмыс жасау) және т.б. болып табылады.
Объективтік жақтың факультативтік белгілері қылмыстық іс бойынша әрдайым айтарлықтай дәлелдеушілік маңызы болатынын да еске алу керек. Олардың барлығы да кез-келген қылмыстың қажетті мінездемелері қатарынан орын алады. Айтар болсақ, егер қылмыс орны мен уақыты анықталмаған болса қылмыстық іс ашылды деп есептелмейді. Сол үшін қылмыстың объективті жағының барлық белгілері өздерінің міндеттілігі немесе факультативтігіне қарамастан кез-келген қылмыстық іс бойынша дәрежелеу затына кіреді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөліміндегі бір тараудың ауқымында топтық (арнайы) объект бойынша біріктірілген қылмыстар, бәрінен бұрын объективтік жақтың белгілері бойынша ажыратылған, себебі, тиісті қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің өзіне тән белгілері әдетте, тап осы белгілерің айырмашылығында болады. Мысалы, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстардың көпшілігі бір-бірлерінен қылмыстң объективті жағының белгілері, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекеттің мінездемелері бойынша ажыратылады. Қылмыстың объективті жағының белгілері, тек қана қылмыстық әрекеттерді бір-бірінен шекараларын айыруға ғана емес, сондай-ақ кейбір жағдайларда қылмыстар мен әкімшілік тәртіпке байланысты және өзге де құқық бұзушылықтар шекараларын айыруға негіз болуға қызмет етеді.
0.2 Қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)
Қылмыстық іс-әрекет (әрекет несе әрекетсіздік) объективті жақтың маңызды белгілерінің бірі болып саналаы, тек сол ғана объективтік жақтың жалпы алғандағы және оның жекелеген белгілерінің өзегі ретінде бой көрсетеді, іс-әрекеттің әрекет немесе әрекетсіздік түрінде болады. Әрекет сырт жағынан адамның белсенді мінез-құлқымен анықталады. Бұл әрдайым дене қозғалысынан көрініс береді, ал мұндай қозғалыс әдетте бірнеше дене қозғалысын біріктіреді (мысалы, кісі өлтірушінің пистолеттен оқ атуды көздеуі, одан пистолеттің шүріппесін басу сияқты байланысты дене қозғалыстарынан тұрады). Бірақ қылмыстық әрекеттің басты мінездемесі оның қоғамдық қауіптілігін айғақтайтын әлеуметтік мінездеме болып табылуында. Қоғамға қауіпті іс-әрекет деп қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зиян тигізетін болмаса зиян келтіруге тікелей қауіп төндіретін әрекет саналады. Егер іс-әрекеттер қоғамаға қауіп төндірмесе, онда ол қылмысты әрекет деп танылмайды және қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Қазақстан Респуликасы Қылмыстық Кодексіне сәйкес, осы Кодексте қарастырылған қандай да бір іс-әрекетті белгілерімен формальды түрде болса да көретілгенімен, маңызының шамалылығына және қоғамға қауіп төндірмеуіне қарай, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян әкелмесе және зиян әкелу қауіпін тудырмайтын әрекет (әрекетсіздік) қылмыс болып саналмайды.
Әрекет Қылмыстық құқықтық сипатта болуы үшін міндетті түрде ерік-жігерлі болуы керек. Адамның басқа адамның немесе басқа да тұлғалардың күштеуінен туындаған белсенді іс-әрекеттің қылмыстық-құқықтық сипаты болмайды. Оның қатарына адамға қоғамға қауіпті әрекет жасауға итермелейтін күштеп мәжбүрлеу (мысалы, ұрып-соғу) жатады. Күштеп мәжбүрлеудің қылмыстық-құқықтық сипаты болмауы үшін іс-әрекет мәжбүрлеу нәтижесінде, яғни әрекет жасап отырған адамның еркіне қарсы жасалуы қажет. Мәселен, егер адам әлде бір затты зақымдауға мәжбүрлі болса, онда ол бөтен заттың зақымдалғанына жауап бермейді. Ал күшпен мәжбүрлеу қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, бірақ оған бұл жағдайда қолданылған зорлық қылмыс тағайындарда жауаптылықты жеіңлдететін мән-жайлар қарастырылады. Сондай-ақ, психикалық мәжбүрлеудің де белгілі бір қылмыстық-құқықтық мағынасы болады. Оның қатарына әдетте адамға қоғамға қауіпті әрекет жасау (оның ішінде күштеп мәжбүрлеуде бар) мақсатында қандай да болмасын зардап келтіру қауіпін (қорқыту) жатқызамыз. Бірақ психикалық мәжбүрлеуді де тек қана қорқыту амалымен шектелуге болмайды. Мысалға, мынадай жағдай суреттелген: Т. деген психотерапияның әдіс-құралдарын меңгерген дәрігер-психиатр өзінің пациенттеріне (негізінен жастарға) әсерін тигізетін әрекеттер жасаған, соның нәтижесінде әлгі адамдар құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасап (көбіне өз ата-аналарына тиіскен), өзін-өзі өлтіруге дейін барған, кей жағдайларда олардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтірілген. Әдетте, психикалық мәжбүрлеу әрекеттің еріктілік жағдайын тысқары қалдырмайды, сондықтан жалпы ереже бойынша, оның әсерімен қылмыстық заңда қарастырылған қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамның қылмыстық жауаптылығын ескермей болмайды. Мұнымен қоса күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу де қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде мойынға алынады. Психикалық мәжбүрлеудің әсерінен іс-әрекет жасаған адам аса қажеттілік жағдайында қимыл жасағанда ғана оның қылмыстық жауаптылығын болмады деп санауы мүмкін. Мысалы, өзідерін табан астында өлтіреміз деп қорқытқан қылмыскерлерге ақша беретін болса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылады, өйткені, адам өмірі кез-келген материалдық құндылықтардан да қымбат болып табылады. Сонымен айтатын болсақ қылмыстық-құқықтық әрекет адамның қоғамға қауіпті, ерікті және белсенді әрекетін бейнелейді.
Алдында айтқандай, қылмысты объективтік жағынан алып қарасақ тек әрекетпен ғана емес, әрекетсіздік жолымен де жасалады. Қылмыстық-құқықтық әрекетсіздік дегеніміз қоғамға қауіпті, ерікті және енжар әрекетті айтамыз. Мұның төркіні жеке адамның арқалаған міндеттеріне орай жасалуға тиісті жағдайларды жасамауында жатыр. Адамның бәсең әрекеті - оның әрекетінің сыртқы жағы емес, әлеуметтік мінезедемесі болып табылады. Адамды сырт жағынан алсақ адам өзін өте белсенділікте ұстауы мүмкін, бірақ та ол осы уаытта қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзып, белгілі бір міндетті атқармайтын болса, онда бұл қылмыстық-құқықтық әрекетсіздік болып саналады. Мысалы, тұлға сотқа келуден бас тартып, куә ретінде көрсетпе беруден бас тартса және оның үстіне ол өзінің бақшасында жұмыс істеп жүр десек. Сырт қарағанда, ол адам әрекет жасаған (көкөніс жинаған) бірақ, қылмыстық-құқықтық тұрғыдан әрекетсіздік жасаған (куә ретінде көрсетпелер беруден жалтарған) болып саналады. Жеке тұлғаның әрекет жасау міндеті әр түрлі негіздер бойынша туындауы мүмкін. Біріншіден, заң ережелеріне байланысты. Мысалы, заң кәмелетке толған балаларды еңбекке жарамай қалған ата-аналарына материалдық көмек көрсетуге, ал ата-аналарын - кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндеттейді. Бұл міндетті кәнігі түрде бұзу қылмыстық тұрғыдан жазаланады. Екіншіден, міндет таңдап алынған кәсіпке орай туындауы мүмкін. Айтар болсақ, дәрігер өз кәсібіне қарай ауруларға көмек көрсетуге міндетті және ол бұл міндеттердің орынды себептерсіз орындамаса қылмыстық жауаптылыққа іліндіріледі. Үшіншіден, мұндай міндет өзіне алған міндеттемелерге сәйкес туындауы мүмкін. Мысалы, жас баланы бағуға міндеттелген адамның немқұрайдылығынан, бәсең әрекетінен бала қаза тапса, ол адам қылмыстық заң бойынша жауап береді. Ең соңғы, төртіншіден, міндет қылмыстық заң қорғайтын объектілерді нақты қауіптілік жағдайына киліктіретін адамның әрекетінен туындауы ғажап емес. Мәселен, адамды басып кеткен автокөлік жүргізушісі зардап шеккен адамды жақын жердегі емдеу бөлімшесіне жеткізуге немесе басқа да көмек көрсетуге тиіс. Бұл тұлғаның өзіне жүктелген міндетті орындамауы қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қылмыстық құқықтық әрекет сияқты, әрекетсіздік те ерікті болса онда ол да қылмыстық-құқықтық сипатқа ие болады. Ерікті сипаттан айырылған бәсең әрекет қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Мысалы, күзетші өзінің қорғауына сеніп тапсырылған мүлікті егер қылмыскер оның қол-аяғын байлап тастаса, оны қарсыласу немесе көмекке шақыру мүмкіндігінен айырғандықтан қорғай алмағандығына жауап бермейді. Әрекетсіздік жағдайындағы психикалық күштеу жаза тағайындар кезде кінәні жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылады. Адамның табиғаттың алапат күші әсерінен туындаған бәсең қылығының да қылмыстық-құқықтық сипаты болмайды. Ондай жеңуге мүмкін емес күштің қатарына объективтік факторлардың (табиғаттың, жануарлардың апатты күштері, аурушаңдық процестердің) тигізетін әсері жатқызылады. Жеңуге мүмкін емес күштің қылмыстық жауаптылыққа апарылмауы мынада: жеке тұлғаның әрекет етуі үшін жүктелген міндетті орындау жолындағы кедергілерден асып түсуге шамасы келмейді. Мысалы, дәрегердің өзі ауыр науқас болғандықтан немесе ол пациентіне баратын жолда тасыған өзен кедергі болса, дәрігер өте алмаса, онда оның бұл жағдайдағы әрекеті қылмыстық деп танылмайды. Бірақ жеңуге мүмкін емес күш қатып қалған қағида болып танылмайды. Бұл мәселенің нақты шешілуі жеке тұлғаның міндеттер ауқымын белгілеуде белгілі бір жағдайда оған қойылған талаптарға бағынышты. Мысалы, өрт азамат үшін жеңуге мүмкін емес күш болып есептеледі. Осыған орай оны өзге бір адамды жанып жатқан үйдің ішінде қалдыруға мәжбүр болса, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Өйткенмен де өрт сөндірушіге бұл жағдай оның кәсібіне қарай жауаптылық жүктейді.
2 Қылмыстың объективтік жағы және оның факультативті белгілері
2.1 Қоғамдық қауіпті зардап
Әрбір қылмыстық-құқықтық іс-әрекет қылмыстық заң қорғайтын объектілерде (оларға зиян келтірілсе немесе зиян келтіруге тікелей қауіп төндірілсе) едәуір өзгерістер туындатады. Қылмыстық зардап қылмыстық-құқықтық қорғаудағы объектілерге жасалған қоғамға қауіпті іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздік) нәтижесінде белгілі бір зиян келтірілуі деген сөз. Қылмыстық зардап 2-ге бөлінеді:
1.Материалдық;
2.Формальдық.
Біріншісі мүліктік тұрғыда (мүлікті ұрлау, оны жою, зақым келтіру және т.б) және азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру (мысалы, кісі өлтіру, денеге жарақат салу және т.б). Екіншісі мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты қызметін немесе қоғамдық тәртіпті бұзумен (қызмет бабындағы қылмыстар, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, бұзақылық және т.б) және азаматтардың ар-ожданына тіл тигізу және олардың мүліктік емес құқықтарын бұзумен (жала жабу, қорлау, авторлық, өнертапқыштық құқықтарын қылмыстық түрде бұзғанда және басқа қылмыстар) сипатталады. Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында қылмыстық заңмен қорғалатын объектілеріндегі зиянды өзгерістердің сипатына байланысты қылмыс құрамының барлығы заңда көрсетілген, белгілі бір зардаптың туындауымен байланыстырады. Мұндай қылмыстарды материалдық құрамы бар қылмыстар деп атайды. Олардың қатарына кісі өлтіру, дене зақымы, ұрлық және басқа толып жатқан қылмыстар жатады. Өзге де жағдайларда қылмыстық заң қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасалғаннан кейін қылмысты (белгілі бір қоғамға қауіпті зардап туындағанына қарамастан) аяқталды деп санайды. Мысалыға, өміріне немесе денсаулығының қауіпті жағдайға душар болған біле тұра адамды көмексіз қалдыру жәбірленушінің одан кейін ауыр науқасқа жолықса немесе қайтыс болса не болмаса құтқарылса, оның бәріне қарамастан аяқталған қылмыс болып саналады, себебі бұл жағдайда зардаптар қылмыс құрамынан сыртқар жатыр. Бұл қылмыстық-құқықтық шама қылмыс жасауды жәбірленушінің өміріне қауіп төнген жағдайда қалдыру фактісімен ғана байланыстырады. Мұндай қылмыстар қылмыстық құқық теориясында формальдық құрамы бар қылмыстар деп аталады. Есте ұстайтын бір жайт, нақты болмыста қандай да болмасын қылмыстар(олардың ішінде формальды қылмыстар да бар) әрдайым соңынан қоршаған болмысқа, қылмыстық заңның қорғауындағы объектілеріне тигізетін зиянды өзгерістерін сүйрелей жүреді - зардапсыз қылмыс жоқ, болуы да мүмкін емес. Бірақ, заң шығарушы бұл өзгерістерді, бұл зардаптарды формальды қылмыстардың құрамына енгізбеген және іс-әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын шешер тұста олар назарға ілінбейді. Әрине, бұл зардаптардың қылмыстық-құқықтық мағынасы болуы ғажап емес, бірақ, тиісті қылмыстың құрамын анықтау үшін емес, жаза тағайындарда жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде бой көрсетеді. Мысаы, жұмысқа жарамайтын ата-аналарын асырауға қаржы төлеуден жымысқы түрде жалтарудан сонының нәтижесінде жәбірленушілерге қандай болмасын айтарлықтай зиян келтірілуі талап етілмейді, айталық, ата-аналар мұның нәтижесінде ауыр науқасқа тап болатын болса, бұл Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің 54-бабына сәйкес жаза тағайындарда кінәні ауырлататын мән-жай ретінде ескерілетін болады.
Заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын (материалдық немесе формальдық құрамдарын) құрастырудың тәсілін таңдар кезінде өз еркінше емес, жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігіне тән өзінің ерекшеліктері мен мәнісін, онымен күресудің қылмыстық-құқықтық өзгешеліктерін (әсіресе, олардың мүмкіндіктерін) ескеріп және оларға бағынып таңдайды. Қайсыбір жағдайларда заң шығарушы формальды қылмыстарды құрастыруға қылмыстық іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардаптарының мән-жайын нақты анықтауға мүмкіндік болмағандықтан немесе мұндай анықтаудың айтарлықтай қиын болуына байланысты барады. Бұл жерде сондай-ақ, белгілі бір зардаптардың барлығын процессуалды түрде дәлелдеудің қылмыстық әділет органдарының қызметі барысындағы қиындығы да ескеріледі. Мысалға, жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жеке тұлғаның ар-намысына қастық жасайды. Бұл жерде қылмыстың зияны ар-намысқа нұқсан келтіру болып саналады. Егер заң шығарушы бұл зиянды жала жабудың құрамына енгізсе, онда тергеуші мен сот әрқашан жәбірленушінің өзі жайлы таратылған көрінеу жалған мәліметтерден өзін қаншалықты ауыр қорландым деп сезгендігіне қарамастан жала жабу құрамының бар-жоқтығы жөніндегі мәселені шешіп отыруға міндетті болатын еді. Әрине, мұны дәл солай деу күрделі, себебі, бір жағдайда бір жәбірленушіге мұндай жала жапқан мәліметтер күйзеліске түсуіне себеп болса, ал екіншісі, мұндайды байқамауы да мүмкін. Жала жабу кезінде тигізілген зиян фактісінің өзі дәл анықтауға көнбейді, ал оның ауқымын белгілеу де мүмкін емес. Сондықтан, заң шығарушы бұл құрамның барлығын нақты зардаптың туындауымен байланыстырып жатпай дұрыс жасаған. Көп жағдайларда заң шығарушы азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында нұқсан келтірілген кездерде осылай жасайды.
Өзге жағдайларда, зиянды нақтылау сайын келгенде мүмкін болғанмен, заң шығарушы оларды қылмыс құрамына кіргізбейді.Себебі, қылмыс сол іс-әрекет жасалған сәттің өзінде, қауіптіліктің жоғары сатысында тұрады. Мысалы, зардаптар (шабуыл жасап тонау, қорқытып алушылық және т.б) сияқты қауіпті қылмыстардың құрамдарынан сыртқары жастады. Егер қылмыстардың бұл құрамдары айталық, материалдық тұрғыда қарастырылса, онда олар белгілі бір зиян туындағаннан кейін ғана (мүлікті иеленіп алған соң) аяқталған болып саналатын еді. Мүмкін, мұндай құрастыру жеке адамды қорғау мүдделеріне сай болмай және қауіпті қылмыстармен күресу ісіне айтарлықтай кесірін тигізу мүмкін болатын еді.
2.2 Әрекет немесе әрекетсіздік және қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы арасындағы себепті байланыс
Себепті байланыс - материалдық қылмыстардың объективтік жағының белгісі. Жеке адамның қоғамға қауіпті зиянның туындағаны үшін жауаптылыға жайлы сөз (әрине, оның кінәсі болса) әлгі зардапттар ол жасаған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікпен себепті байланыста болғанда ғана көтерілуі мүмкін. Себепті байланыс жоқ болғанда залалды зияянның туындауына деген қылмыстық жауаптылықта болмайды. Себеп табиғат пен қоғамдағы зардаптардың, құбылыстардың және процестердің жалпыға бірдей объективтік байланысын, өзара тәуелдігін және өзара талаптылығын айғақтайтын философиялық дәреже. Себеп - заңды түрде, ішкі қажеттілікпен салдар ретінде қарастырылатын басқа құбылысты туындататын құбылыс болып табылады. Себептіліктің философиялық түсінігі білімнің барлық салаларына бірдей болып табылады, сондықтан, ол қылмыстық-құқықтағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz