Қылмыстық құқықтың әдісі мен жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қылмыстық құқық - бұл жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық құқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстың қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімі курсын оқу барысында болашақ заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамда қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттары нақты, терең біліп үйренеді.
Ал, қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі қылмыстың жеке түрлеріне қылмыстық жауаптылық негіздерін және осы қылмыстардың құрамының белгілерін, сондай-ақ оған тағайындалатын тиісті жаза түрлерін белгілейтін нормалардың жиынтығы болып табылады. Қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімдері өзара тығыз байланыста болады, осы екі бөлімнің жиынтығы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығын құрайды.
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы құқықтың негізгі саласының бірі болып саналады.Ол белгілі бір материалдық игілікті жасау барысындағы қоғамдық қатынастарды реттемейді.Солай боп тұрса да оның реттейтін нәрсесі жеткілікті.
Қылмыстық құқық қылмыс жасалғаннан кейінгі мемлекет атынан құзіретке ие болған құқық қорғау органдары мен қылмыс жасаған адам арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуының заңды фактісі қылмыс жасау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қылмыстық заң жағынан тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері принциптерін, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілері мен олардың жазаланушылық шектерін таныстыру.
Курстық жұмыстың міндеті. Қылмыстық құқықты оқыту барысында
жеке адамдардың нақты іс-әрекетіндегі қылмыс құрамының барын дәл анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды дәлме-дәл қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды: бұл жерде жасалған іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің мәнің және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән жайларды ескер отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты білуге үйрету болып табылады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
1.1Қылмыстық құқық түсінігі
Қылмыстық құқық -- қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.
Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) -- мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады.
Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі -- 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады.
1. Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы - ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады.
2. Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.
3. Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.
Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан функциясы бойынша оқшау сала. Себебі, ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды, сонымен қоса, пәрменді кушпен қорғайды. Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді. Мысалы,мүлікті қалай пайдалану, иелену, билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды, оны азаматтық құқық реттейді. Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрылық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.
Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара ерекше бөлімнің нормаларымен тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
1.2 Қылмыстық құқықтың әдісі мен жүйесі
Осы жоғарыда аталған қоғамдық қатынастырды реттеу үшін арнайы әдістерді қолдану кажет. Әдіс дегеніміз -қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатындағы құқық саласының ықпал ету шараларының жиынтығы.
Әрбір қылмыстық құқықтық қатынастардың өзіне тән әдістері бар:
1).Қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық нормалардың санкцияларын қолдану әдісі,
- қылмыстық жауаптылықтан және қылмыстық жазадан босату әдісі;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану әдістері жатады.
2).Реттеушілік қылмыстық-кұқықтық қатынастарға:
- барлық қоғам мүшелеріне жеке адамға, қоғам мен мемлекетке
келтірілген қауіпті әрекеттермен белсенді күресу құқықтарын бөліп беру.
Мысалы, қажетті қорғану құқығы.
3).Ескертушілік қылмыстық-құқықтық қатынастарға:
- қылмыстық-құқықтық тиым салуды орнату әдісі жатады.
Сонымен, қылмыстық құқық - бұл қандай әрекеттердің қылмыс болып
табылатынын және қандай жазалар мен басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары осы қылмыс жасаған адамға тағайындалатынын, сонымен бірге қылмыстық жауаптылықтың негізі мен қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың негіздерін белгілейтін құқық нормаларын біріктірген құқықтың бір ерекше саласы.
Қылмыстық-құқықтың ауқымын құрайтын ерекше бөлінген қоғамдық
қатынастарға оларды реттеудің өзіндік әдістері сәйкес келеді. Әдіс қоғамдық
қарым-қатынастарға оларды реттеу мақсатында құқықтық әсер ету құралдарының жиынтығы ретінде құқық саласының маңызды сипаттамасы болып табылады, сондай-ақ құқықтың салаларға бөлінуіне қосымша негіз сипатында бой көрсетеді. Құқықтық реттеу тәсілінің проблемасы - заң ғылымдарының ең күрделі және әлі де болса жеткіліксіз зерттелген тақырып болып есептеледі. Қылмыстық- құқықтық ғылымда бұл үрдіс курстар мен оқулықтардағы кіріспе тараулар санатында ол, әдетте қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзғаны үшін жаза қолдану деңгейінде ғана қалады. Ал, шын мәнінде құқықтық реттеу тәсілі -- көптеген тарамдармен бейнеленетін едәуір толымды ұғым. Солардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:
1) құқықтарды және заңдылық міндеттерді белгілеудің тәртібі;
2) берілген құқықтардың анықтығы мен олардың субъектілері іс-
қимылдарының дербестілігі;
3) қүқықтық қарым-қатынастар туындататын фактілерді сұрыптау;
4) шаралар жүзеге асырылатын қүқықтық қарым-қатынастардағы тиісті
жақтардың өзара қатынастарының сипаты;
5) субъективтік құқықтарды қамтамасыз етудің жолдары мен тәсілдері.
Көрсетілген мінездемелердің үйлестірілулеріне орай әдетте құқықтың
жалпы теориясында құқықтық реттеудің үш тәсілін (түрін) ерекшелейді:
Ерік беру;
Жарлық беру;
Тыйым салу;
Алғашқы тәсіл азаматтық-құқықтық реттеумен байланыстырылады, оның ерік берушілік бағыты ең алдымен азаматтық құқық субъектілерінің шамалары ауқымын айқындайды, олардың құқық қабілеттілігі мазмұнының, азаматтық-құқықтық байланыстардың туындауының негізделуінде, азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдерінің ілгері тұратын-дығында жатыр және т.б. Жарлық беру болса реттеудің әкімшілік-құқықтық түрі ретінде бой көрсетеді (материалдық әкімшілік құқық негізінен жарлық беру сипаты бар заңдылық міндеттерін тиянақтайды). Тыйым салу құқықтық реттеу тәсілі ретінде қылмыстық құқықпен байланыстырылады (қылмыстық құқықтың жеке адамға, қоғамға және мемлекетке қауіпті тәртіпке тыйым салынуының үлгілерін тұжырымдауды да анықтауға мүдделі екені есепке алынады).
Құқықтық реттеудің түрлерін мұндай дәстүрлі сұрыптаудан ерік беру тек
қана азаматтық, жарлық беру - әкімшілік, ал тыйым салу - тек қылмыстық
құқыққа ғана тән деген ұғым әсте туындамайды. Құқықтық реттеудің үш түрін де заңның әртүрлі салаларынан кездестіруге болады, бірақ бір салада ерік беру алда тұрса, екіншілерінде - жарлық беру, үшіншілерінде - тыйым салуға жетекші рөл берілген. Айталық, азаматтық құқықта тыйым салу (қорғау) шамалары да бой көрсетеді, бірақ рұқсат беретін шамалармен салыстырғанда олар бұл салада тек көмекші рөл атқарады. Әкімшілік құқықта тыйым салу шараларының ара салмағы едәуір жоғары реттеудің қылмыстық-құқықтық тәсілі, сондай-ақ тек қана тыйым салумен шектеле алмайды. Мәселен, бұрын атап өтілгендей, қылмыстық заңның қажетті қорғану жайлы шамалары мүмкіндік берудің мұндай түрлері жайлы қылмыстық-құқықтық тәсілдің өзіндік түрі ретінде пайымдауға мүмкіндік береді.
Құқықтық реттеудің аталған үш түрінің құқықтың әр саласында қосымша өзіндік мүмкіндіктері болуы кәдік, олар салааралық тәсілдер сипатында орнығуы да мүмкін. Мұндай тәсілдер салалар арасындағы әдістерді нақтылай түседі.
Мәселен, қорғаушылық қылмыстық-құқықтық қарым-қатынастар мынадай түрлермен реттеледі:
1) қылмыстық құқық шамаларының (қылмыстық жазаның) санкцияларын қолдану;
2)қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату (бұған кәме-
летке жасы толмағандарға тәрбиелік әсер етудің еріксіз шара-
ларын қолдану да кіреді);
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды ес түсін білмейтін күйде
қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті әрекеттер жасағандарға және
қылмыс жасалғаннан кейін психикалық бұзылуға ұшырағандарға қолдану - мұндай жағдай жазаны та-ғайындауға немесе оны орындауға мүмкіндік бермейді; есі дұрыс болғанымен қылмыс жасаған және психикалық бұзылуға душар болғандарға, сондай-ақ қылмыс жасаған және маскүнемдік пен нашақорлықтан емделуге мәжбүр деп табылған тұлғаларға қолдану.
Іс жүзінде осы үш тәсілдің де құқықтың өзге салаларында әрқилы дәрежеде
өздеріне ұқсас үрдістері бар. Айталық, санкцияларды қолдану әкімшілік
құқыққа да, азаматтық құқыққа да тән болып келеді; бұл салаларда құқық
бұзуға қауаптылықтан босату мүмкіндіктері де қарастырылған. Бірақ, сыртқы
ұқсастықтарына қарамастан, бұл тәсілдер қылмыстық құқықта мазмұны жағынан өте ерекше болып бөледі. Мәселен, сол санкцияларды қолдану тәсілін алайық,қылмыстық жаза қылмыстық-құқықтық санкцияларды жүзеге асыру санатында мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал түрі болып табылады.
Қылмыстық құқықтың жүйесі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі мен міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен одан босату негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші, қылмыс жасау сатылары туралы ұғым мен қылмысты қатысып жасау, жаза және оның мақсаты мен жүйелері, жаза тағайындаудың немесе қылмыстық жазадан босатудың басты мәселелері зерттеледі.
Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және. оларды жасағаны үшін
белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз
байланысты, сондықтан осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.
Қылмыстың мақсаты жөнінде қылмыстық құқык теориясында бірнеше ойлар айтылған. Мысалы, профессор Е.І. Қайыржановтың айтуынша, мақсат дегеніміз - қандай да бір әрекеттерді қолдану немесе іске асыру арқылы қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже, ал міндет деген сол нәтижеге жету жолдары. Яғни, қоғамда мақсатсыз міндеттер (болмайды, ал міндет мақсатсыз тууы мүмкін емес деген сөз.[2]
Бұл тұрғыдан алғанда, қылмыстық құқықтың негізгі мақсаты қылмыскерді жазалау немесе белгілі бір мемлекетте, қоғамда қауіпті болып табылатын әрекетті жасағаны үшін қаралау емес, керісінше, қоғамға кауіпті әрекеттерді болдырмау және қылмыстың алдын алу болып табылады және бұл жөнінде қылмыстық занда көрсетілуі тиіс.
Қылмыстық құқық құқықтың дербес саласы бол тұрса да құқықтың басқа да салаларына ұқсас. Атап айтқанда, әкімшілік құқықпен ұқсас. Екеуіне де құқық бұзушылық жасаған адамдарға әжбүрлеу, жазалау жолдарымен әсер ету тән. Қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті айырмашылығы олардың қоғамға қауіптілігімен сипатталады. Әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін бағалау заңмен бегіленеді, сонымен бірге қолданылатын мәжбүрлеу шараларының сипаты анықталады. Әкімшілік шараның да алдын алу сипаты болады, бірақ оның қылмыстық құқықтық шаралардан айырмашылығы - ол сипатына қарай ауырлығы онша емес және соттауға жатпайтын, қоғамға қауіптілігі де онша емес тәртіп бұзушылықта қолданылады.
Қылмыстық құқық міндеттері жалпы болғандықтан, әсіресе қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық - атқарушылық құқықтарымен де тығыз байланысты. Құқық қорғау органдары өздерінің қызмет процесінде қылмыстық істері қарау жұмысында қылмыстық іс жүргізу заңдарын басшылыққа алады. Қылмыстық құқық мемлекет пен қылмыс жасаған тұлғаның арасындағы пайа болған қарым- қатынасты реттейді. Ол қылмыстық жауаптылықтың, қылмыстың құрамын және тағайындалатын жазаның жалпы ережелерін белгілейді. Қылмыстық іс жүргізу нақты бір қылмыс жасалған жағдайда, оны кім жасады және ол үшін қандай жаза тағайындау жөніндегі мәселелерге байланысты мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы қатынасты реттейді.
Қылмыстық іс жүргізу қылмыстық құқыққа қарағанда мазмұны мен нысандарының айырмашылығына тәуелді. Бұл әрине қылмыстық іс жүргізудің өзіндік ерешекшеліктері болмайды деген ойға әкеп тіреуі тиіс емес.Қылмыстық іс жүргізу құқығы нақты қылмыстық - құқықтық қатынасты белгілейтін белгілі бір өкімет органдарының қызмет түрін реттейді.Осыған орай, қылмыстық іс жүргізудің өзін қылмыстық - құықтық қатынасты белгілейтін айырықа құқықтық нысан деп айтуға болады. Осындай түсініктің өзінде де қылмыстық іс жүргізуге қарағанда материалдық қылмыстық құқықтың шешуші роль атқаратындығы көрініп тұрады. Қылмыстық іс жүргізудің қызметтік ролі қылмыстық - құқықтық қатынастың өзі осы қылмыстық процессуальдық қатынастар арқылы белгіленіп және жүзеге асырылатындығында, ал соңғысы бастапқысына байланысты туындап, жүзеге асады және дамиды.

2ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ БАСТАУЛАРЫ
2.1 Қылмыстық заң
Жалпы заң дегенiмiз құқықтық нормалардан құралған жəне заң шығарушы орган қабылдаған нормативтi акт. Ал қылмыстық құқық нормаларынан құралған нормативтi актiлердiң жүйесi қылмыстық заң деп аталады. Яғни, қылмыстық құқықтың маңызды көрiнiсi жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр қайнар көзi болып қылмыстық заң табылады.
Қылмыстық заң - қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн бекiтетiн, қоғамға қауiптi əрекеттердiң қайсысы қылмыс болып табылатындығын жəне оларды жасағаны үшiн қандай жазалар қарастырылатынын анықтайтын, сонымен бiрге қандай жағдайларда қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босату мүмкiн екендiгiн белгiлейтiн заңдық нормалардан құралған мемлекеттiк билiктiң өкiлеттi органы қабылдаған нормативтi акт. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61- бабының 1-тармағына сəйкес заң шығару, оның iшiнде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына, Республика Үкiметiне берiледi жəне тек ғана Мəжiлiсте жүзеге асырылады. Осы ереженi басшылыққа алып ҚР Парламентi 1997 жылдың 16-шiлдесiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiн қабылдап, ол 1998 жылдың 1 қаңтарында заңды күшiне ендi.
Осы қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнiң 1-бабының 1- бөлiгiнде, Қазақстан Республикасының Қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуы тиiс деп айтылған. Яғни, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексi барлық қылмыстық заңдардың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстық заңға мына белгiлер тəн:
- Қылмыстық заң (ҚР Конституциясымен реттелген тəртiп бойынша) мемлекеттiк билiктiң жоғары органдарымен қабылданады (заңды қабылдау процедурасы).
- Қылмыстық заңның жоғары заңдық күшi бар. Яғни,
а) бiрде бiр органның бұл заңды өзгертуге немесе жоюға құқығы жоқ;
б) барлық өзге нормативтiк актiлер заңға қайшы келмеуi тиiс;
в) өзге нормативтiк актiлерге қайшы келген жағдайда қылмыстық заң артықшылықты иемденедi.
- Қылмыстық заңның келесi белгiсi - оның нормативтiлiгi. Қылмыстық заң өзiнiң қолданылу мерзiмi iшiнде адамдардың жалпыға мiндеттi мiнез құлқын, тəртiбiн реттейдi.
- Өзге заңдардан ерекшелiгi қылмыстық заң тек қана қылмыстық құқық саласына жатады жəне қылмыстық құқықтың бiрден бiр жалғыз қайнар көзi болып табылады. Қылмыстық құқық теориясында осы құқық саласының қайнар көзiн екiге бөледi: формальды жəне материалды. Қылмыстық құқықтың формальды жəне жалғыз қайнар көзi болып қылмыстық заң табылса, материалдық қайнар көздерiне мемлекеттiк билiктi, ҚР Конституциясын, жалпыға белгiлi халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерiн жатқызады.
Қылмыстық заңның мiндеттерi қылмыстық құқықтың мiндеттерi сияқты өз дамуының түрлi сатыларында қоғам мен мемлекет алдында тұрған əлеуметтiк-экономикалық мəселелерден шығып қалыптасады. Бұл мiндеттер көбiнесе қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейiне, елдегi заңдылық пен құқықтық тəртiптiң қамтамасыз етiлу қажеттiлiктерiне байланысты туындайды.
ҚР ҚК-нiң 2-бабының 1-бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң мiндеттерi көрсетiлген.
Қылмыстық құқықтық қорғаудың басымдықтары халықаралық тəжiрибеге жəне адам, оның өмiрi мен денсаулығын, ар намысы - қадыр қасиетiн, қол сұғылмаушылығы мен қауiпсiздiгiн - жоғары əлеуметтiк құндылық деп танитын Конституцияға негiзделген. Қылмыстық-құқықтық қорғаудың бұрынғы басымдықтары ең алдымен мемлекеттiң, қоғамдық мүдденiң, содан кейiн жеке адам, оның мүдделерiн қорғаудан шыққан едi.
Қылмыстық заңның мiндеттерi оны қалыптастыру кезеңiнде немесе мемлекеттiң қылмыстық саясаты өзгерген кезде нақтыланып, толықтырылуы мүмкiн, мемлекеттiң қылмыстық саясатының негiзгi мазмұны қылмыстық заңды қолдану мiндеттерiн анықтау жəне заңды қылмыстылықтың деңгейi мен жағдайына сəйкестендiрумен түсiндiрiледi.
Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.
Бiрiншi мiндет - адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.
Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.
Жоғарыда аталған мiндеттердi шешу үшiн қылмыстық заң қылмыстық жауаптылықтың негiзi мен принциптерiн анықтап, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатындығын айқындайды, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқық жайында
Қылмыстық құқық міндеттері
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Құқық жүйесі
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің негізгі салалары
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Құқықтың түсінігі
Пәндер