БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТҮРЛЕРІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР
ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
Бизнес және құқық факультеті
Құқықтану кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Азаматтық құқық
Тақырыбы: Бағалы қағаздар - азаматтық құқықтық объектісі ретінде
Орындаған: ЮП-18-01 тобы студенті Хаирмухаммедова Ұ.Д. Рецензент: аға - оқыт. Орамахова М.Н.
Ақтау - 2019 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Бағалы қағаз түсінігі және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
0.2 Бағалы қағаз шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.1 Акциялар бағалы қағаз түрі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Облигациялар мен вексельдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 ҚР заңнамаларында көзделген басқа да бағалы қағаздар ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың сипаттамасы: Бұл жұмыста бағалы қағаз туралы жалпы түсінік және бағалы қағаздың түрлері қарастырылған.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін. Борыштық бағалы қағаз - эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар. Бағалы қағаз - түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;
Бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
Бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.
Бағалы кағаздар акциялар, облигациялар және басқа да бағалы кағаздардың жиынтығынан тұрады. Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.
Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанның Азаматтық құқығы бойынша бағалы қағаздың ұғымын және түрлерін қарастыру.
Курыстық жұмыстың міндеті:
oo Бағалы қағаз түсінігін және белгілерін анықтау;
oo Бағалы қағаз шығу тарихына тоқталу;
oo Акциялар бағалы қағаздың түрі ретіне шолу жасау;
oo Облигациялар мен вексельдерге және ҚР заңнамаларында көзделген басқа да бағалы қағаздарға тоқталу;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2.1 Бағалы қағаз түсінігі және белгілері
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 129 - бабының 1 -тармағына сәйкес бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
Бағалы қағаздар берешектік (борыштық) және үлестік болуы мүмкін. Борыштық (берешектік) бағалы қағаз - эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.
Үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүліk иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйkес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық аkтілеріне сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi. [1. 52 - 53 бб]
2. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық аkтілеріне сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiрkеуге уәkiлеттi kәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi kөшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногының kәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi kөшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады. Азаматтық Kодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реkвизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны kөрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды kуәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз - түрі және мазмұны заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мысалға:бағалы қағазбен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетті талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгілеген нысанына сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеледі;
ә) бағалы қағаз бағалы қағазды иеленушінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін - көрсеткенде не бергенде құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді).
Азаматтық Kодекс бағалы қағазды құжаттаумен қатар оны зат деп те көрсетеді. Себебі - кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжат бағалы қағаз бола алмайды, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталған да бағалы қағаз құқығын алады. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздарға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 136, 139-баптарында және Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасы занының 11, 12, 15-18-баптарында және өзге де заңнамалық және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындалған акциялар, облигациялар, Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді валюталық, ноталары, қазақстандық депозитарлық қолхат және т.б. жатады. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаздар нысанына қойылатын талаптар, сондай-ақ өзге де қажетті талаптар заңи құжаттармен немесе соларда kөзделген тәртіп негізінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының объектілеріне:
1) Қазақстан Республикасы резиденттерінің - ұйымдарының мемлекеттіk емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
2) Қазақстан Республикасының резиденті емес - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттіk емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
3) Қазақстан Республикасының резиденттері - ұйымдардың шығарылымы шет мемлекеттің заңнамасына сай тіркелген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары;
4) халықаралық қаржылық ұйымдардың Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары;
5) мемлекеттіk эмиссиялық бағалы қағаздар;
6) туынды бағалы қағаздар;
7) өзге де қаржылық құралдар жатады.
Мемлекеттіk және мемлекеттіk емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалық актісінде белгіленген талаптар мен тәртіп негізінде уәкілетті орган жүзеге асыратын міндетті мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік және коммерциялық банктер бағалы қағаздар рыногында эмиссиялық, инвестициялық, кәсіби қызметтерін және бағалы қағаздар рыногына көрсететін қызметіне байланысты басқа да операцияларды жүзеге асырады.[ 3.182 - 184 бб]
Бағалы қағаздар туралы қазіргі Қазақстан заңдары біраз кезеңнен өтті. 1917 жылы Қазан революциясынан дейін Қазасқтан Ресей империясның бір бөлігі болғандықтан XVIII - XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және сауда қатынастары орыстың саудалық құқықтық ережелерімен реттелді. Революциядан кейінгі Кеңес үкіметінінң алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР - дың азаматтық заңдармен жүргізілді. Сол кездерде бағалы қағаздардың толық құқықтық мүмкіндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтатын болсақ, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылды. Солармен қатар тауарды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу - сату келісімдерінде қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б бағалы қағаздар қолданылған. Заң жүзінде бағалы қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздардың өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ. Ал негізгі бағалы қағаздарды, яғни акциялар мен заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және қор биржалары мен бағалы қағздар нарығының кәсіби делдалдары туралы құқықтық негіз болмады. Себебі делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді. Азаматтық заңдардың негіздерінде бірсыпыра құқықтық актілер қабылданды. Олар:
1997 жылдың 7 наурызындағы бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы бағалы қағаздарды реттеуге, оларды тіркеуге, бағалы қағаздар нарығындағы делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жұмыс істеуіне рұқсат беретін заң;
2018 жылдың 2- шілдедегі Қазақ КСР - ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен Бағалы қағаздар туралы ережелер шығарылатын бағалы қағаздардың түрлерңн және олардың әрқайсысында жазылатын мағұлматтарды белгіледі;
Осы нормативтік актілер ненгізінде шығарылған ержелер жиынтығы мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару, заңды тұлғалар шығарған бағалы қағаздардыңэмиссяисын мемлекеттік тіркеу және басқа да құжаттрады шығаур тәртібін белгіледі;
Мүлікті мемлеет меншігінен алу және жекеменшіктендіру арқылы кәсіп орынды акцияландыру, сол сияқты ивестициялық қорлардың жұмысын реттеу туралы бірсыпыра заңдар мен ережелер; [2. 115 - 116 бб]
1.2 Бағалы қағаз шығу тарихы
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал соммасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат көзін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын , голлондық компониялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумкен байланысты дүниеге келді. Міне осылар бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларында сатылды.
XVI- XVII ғғ Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын. Сол кездегі Лондондық брокерлер келісімді тікелей көшедде немесе кафелерде жасаған. Осыдан да болар көше рыногы деген атқа ие болуы. Өнеркәсіп төңкерісінің басталауы, ірі өңдеуші өнер кәсіп орындарының құрылуымен байланысты акцияны сату кең өріс алды. Бұған жауап ретінде лондондық брокерлер 1779 жылы королеваның меняльнигіннің бір бөлігін жалға алды. Ол өз кезеңінде өнер кәсіп пен сауданың дамуына ықпал етті.
Алғашқы Американдық қор биржасы 1791 жылы Филадельфияда пайда болды, ал 1792 жылы бұған пара пар бүгінде әлемге әйгілі Нью- Йорк қор биржасы құрылды. Бүгінгі таңда дүние жүзінің 60- тан астам елінде шамамен 200 биржа бар. Солтүстік Америкада 15 биржа, Еуропада - 100 ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада 20, қалғандары Африка, Азия және Австалияда. Дамыған капиталистік елдерде кем дегенде бір - бірден биржа бар. Биржалар жаңадаен дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар, сол сияқты Қытай мен Венгрия бар. 31 биржа Халықаралық қор биржаларының федерациясына еіреді. Бұл федерацияның мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады. Бастапқы биржжалар акция сатумен емес, үкімет пен темір жол компаниялары шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса ірі машина өндірісінің инфроқұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын .Өткен ғасырдың аяғынан бастап акционрелік меншіктің кеңінен дамуы биржаларды акциялар сатуды мамандырды да облигациялар мен жұмыс көше рыногына ауысты. XIX ғасырдың 6- жылдары тағыда бір маңызды оқиға болжы. Германияда ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарылған бағалы қағаздар мен делдадалдық операцияларды жүргізуді универсалды инвеститциялық банктер өз қолдарына алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Германияда келген болатын . Маклер, акция, биржа деген ұғымдар осындай финанс инвиститциясның тәжірбиесі мен бірге санааға енді. Сонымен бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі болып саналады. Банк шын мәнінде комерциялық банк болса қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып ( облигациялар, акциялар) олардан түстеін ақшаны оондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалаы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады, өзара байлынсыты әрекет етеді. Мысалы: комерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылағн бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар нарығының маңызды бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді ( бір жылға дейін) қарыз міндеттемелрі бар вексельдер айналыста болады.Яғни бағалы қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты. Бағалы қағаздар тікелей алғашқы және қайталама рыноктан тұрады. Алғашқы рынокта мемлекеттік және мунципалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық немесе қаржылық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Алғашықы рынокта бағалы қағаздарадың тікелей инвесторлары комерциялық және инвиститциялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпарациялар және жеке адамдар.
1996 жылдың аяқталуы кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашықы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан қор биржасы қызмет көрсетуде. 1997 жылдың 5 наурызында Бағалы қағаздар нарығы және Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мәмілені тіркеу туралы қабылданған екі заң негізінді қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфроқұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып , 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруда және лицензиялауды реттейтін нормативтік - құқықтың актілердің брокерлік - дирлерлік, костодиандық бағалы қағаздарды ұстаушылардың рестерлерін жүргізу бойынша пкетін бектітті.
1997 жылы жүргізілген тендердің нәтижесінде Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан ҚОр биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфроқұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі.
Заң негізінде бағалы қағаздар қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілік пен айналысуға тыйым салу жіне меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік - дилерлік құрылым да тәртіпке салынады. Егер 1997 жылдың басында брокерлік - дирлерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43 - ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 және 14 еді. Сондай - ақ осы жылы алғашқы кастодиан- банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші - реестр қызметі құрылды. Егер жылбасында тек 4 тіркеуші болса, ал жыл соңында ол 34 - ке жетті.
Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескеріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының құқықтық инфроқұрылымын жетілдіру мақсатында сңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібін , бағалы қағаздар нарығының субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай - ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымы мен тәртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа заңдар қабылданды. Олар:
2008 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы;
2018 жылғы 15 шілдедегі Акционерлік қоғамдар туралы;
2018 жылғы 25 мамырындағы Бағалы қағаздар нарығы туралы ;
2003 жылғы 4 шілдедегі Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы
[2 . 122 - 123 бб ]
2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗ ТҮРЛЕРІ
2.1 Акциялар бағалы қағаз түрі ретінде
Акция - үлесті немесе меншікті куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады.
1) меншікті акцияландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
2) бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
3) жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден - бірі түрі. Акция компанияның акционерлер алдында қарыз міндеттемесі
Акция бірнеше түрге жіктеледі. Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша - жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
1) Атаулы акция - иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.
2) Ұсынушыға арналған акция - иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.Себебі еш жерге тіркелмеген бұндай акцияларды екінші нарықта еркін сатуға болады. Ал атаулы акцияны еркін қолма - қол ақшаға айырбастауға болмайды, сондықтан олардың өтімділігі акционерлерге кейбір жағдайда қолайлығын туғызады.Акцияның осы екі түрін жүзеге асыру жолы да әртүрлі:
Біріншіден, сату механизімі бойынша. Атаулы акцияның иесі оларды компаниядан сатып алғанын куәландыратын барлық акция санына бір толтырылған сертификат алады. Бұл акцияларды сатқандағы сертификаттың сырт жағында екі жақтың қол қойылған " индоссамент " деген белгі қойылады.
Содан соң акционерлердің тізіміне өзгеріс енгізу үшін сертификат корпорацияға жіберіледі. Содан кейін ғана акциялардың жаңа сертификаттарын алады.Ұсынушыға арналған акцияны сатқанда оларды иемденуші тікелей, яғни қолма-қол екіншіге береді.
Екіншіден, акцияның осы екі түрінің жаңа данасын иемденушілер құқын белгілеу тәртібі әртүрлі. Бұл туралы атулы акция иесі корпорацияда хабарландыру хат алса, ал акцияны ұсынушыға бұндай механизмнің жүруі мүмкін емес. Ұсынушы акциясында кесіп алатын купоны болады. Соны толтырғаннан кейін корпорацияға жіберіп, өзінің меншік құқын жүзеге асырады.
Корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша жай және артықшылықты акциялар болып бөлінеді. Жай акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының мөлшеріне байланысты дивиденттер алу құқығы, жиналыстарда дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді. Себебі девиденд корпорацияның шаруашылық нәтижесіне байланысты. Дивиденд корпорацияның таза пайдасының бір бөлігі, басқаша аитқанда, дивиденд төлеу пайданың салық төлегеннен қалған қалдығын бөлуге негізделген. Дивиденттің мөлшеріне күшті өзгерістерді әсер етуі кездейсоқ жәйіт емес. Жай акцияның меншітеушілердің өкілеттіктері мыналар:
1.Директорлар кеңесін сайлуға дауыс беруге және сол кеңеске өзі сайлануға құқылы. Директоратқа сайланғанда кейбір корпорацияның жарғысында кей жағдайда мүлік цензі көрсетіледі, яғни үміткердің қолындағы жай акцияның ең төменгі қажетті мөлшері көрстеілуі тиіс. Директорлар кеңесі корпорация атынан бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама береді. Ол жыл сайын өтетін жиналысқа мына хабарларды: корпорацияның жылдық есебін, жылдық байланысты және таза пайданы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz