Қазақ батырлар жырлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Елбасының Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар және Ұлы даланың жеті қыры мақалаларында жүктелген басты міндет өткенді дәріптеп, тағзым қылу. Жас ұрпақты халқымыздың рухани асыл қымбат мұрасымен, ерлік пен елдікті, намысты ту еткен тарихымыздың қатпарындағы батырлар есімін жаңғырту басты парыз етілді. Қазақтың кең сайын даласы ертеден өжет батырларға бай, құтты қоныс. Топырағынан айдарлы аждаһадай Қарасай-Ағынтай батырлар, Шапырашты Наурызбай батыр, Қанжығалы Бөгенбай, Бәсентиін Малайсары батырлар жаралған.
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Ауыз әдебиетінің арналы саласы болған батырлар жыры ұлттық әдебиетіміздің көркем де бай мұрасы екені белгілі құбылыс. Батырлар жыры арқылы халқымыздың ғасырлар бойғы тарихы мен шежіресін, ерлігі мен көзсіз батылдығын аңғарамыз. Батырлар жыры ерлік пен елдікті, жігер мен намысты, Отансүйгіштік пен ұлт жандылықты жырлайтын ұлттық әдебиетіміздегі көне мұра. Батырлар жыры жас ұлан мен жас өспірімдерге өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы - жақсылық пен ізгіліктің, ерлік пен батырлықтың, адалдық пен әділдіктің ұрығын себеді. Әдебиет пәнінің әр сабағы адам бойындағы асқар арман, әдемі сенім, әсемдік пен сұлулыққа құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десек те артық болмас. Ал, батырлар жыры арқылы оқушының рухани дүниесі байып, туған тілін, елін құрметтеуге, қорғауға дейінгі сезімдер қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақтың батырлар жырларының поэтикалық көркемдігіне тоқталу, батырлар жырының нұсқаларын талдау, батырлар жырындағы идеализация ұғымына түсінік беру;
Курстық жұмыстың міндеттері:
- қазақтың батырлар жырларының поэтикалық көркемдігінің ерекшелігі;
- ұлттық мұра- батырлар жырын меңгеру;
-практика мен теория жүзінде дұрыс қолдана білу;
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері. фольклор саласында еңбек еткен ғалымдардың еңбектерін, көркем әдебиеттерді, ғылыми журналдарды пайдаландым
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы көлемі - бет.

1. БАТЫРЛАР ЖЫРЫ-ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
1.1 Батырлар жырының зерттелу тарихына шолу
Қазақ әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі -- батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан шыққан. Басқыншы жаудың шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғаған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жыр жырлаған. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат бере алған. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлықтың ісінен кем санамаған. Сондықтан бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық ой-сананың, көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің ел арасынан жиналуы өткен ғасырдан басталады. Батырлар жыры ел арасынан XIX ғасырдың ішінде жазылып алынған. Бұл жөнінде де зор еңбек еткендер ғалымдар көптеп кездеседі. Бұған, әсіресе, Ш. Уәлихановтың, В. Радловтың, Н. Ильминскийдің, Г. Потаниннің, А. Ва-сильевтің, А.Диваевтың, т. б. жинап бастырған батырлар жыры жайындағы еңбектер дәлел. Дегенмен батырлар жырының молынан жиналған кезі кеңестік дәуір. Қазақтың Ұлттық ғылым академиясының қолжазба қорында батырлар жырының, көлем жағынан ғана алғанда, алты мың баспа материалы болуы -- кеңестік дәуірде ауыз әдебиетін жинау ісіне көп көңіл бөлініп келгенінен. Батырлар жырын зерттеу ісі де кеңестік дәуірде қолға етене алынды. Батырлар жыры жайында газет, журналдағы мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. Қазақтың батырлар жырын зерттеуде С.Сейфуллин (Қазақ әдебиеті, 1932 ж.) М.Әуезов , С. Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Б. Кенжебаев, С. Орлов, С. Смирнова , Т.Сыдыков секілді әдебиетші-ғалымдар бірсыпыра зерттеулер жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұра, бұл зерттеулер батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді. Батырлар жырын зерттеуде қате-кемшіліктер де болмай қойған жоқ. Кейбір еңбектерде батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей халықтық деп бағалау, асыра мақтау басым болды. Бертін келе батырлар жырының бар-лығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен тарихшылардың еңбектерінен орын алды.
Шынына келгенде, батырлар жыры жайында орын алған бұл екі көзқарастың екеуі де теріс, зиянды еді. Батырлар жырының барлығын кіршігі жоқ, таза халықтық шығармалар деп бағалау немесе олардың бәрі де халыққа жат деп көрсету -- тарихқа жасалған үлкен қиянат еді. Батырлар жырының тіпті жалпы ауыз әдебиетінің ерте заманда, халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде туғандығын, олар ауызша туып, ел арасында ауызша айтылу арқылы тарағандығын, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айту негізінде жет-кендігін, осының негізінде әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес талай-талай өзгерістерге ұшырағанын еске алсақ, әрбір жырдың жай-күйі аңғарылмақ. Кейбір жырлардың алғашқы нұсқасы халықтық ортада туып, кейіннен оны үстем таптың иемденіп кеткенін де аңғарамыз. Сондықтан біз батырлар жырын сөз еткенде оның туу, ел арасына тарау жайын, қандай жағдайда және қалай дамығандығын білу керекпіз. Батырлар жырының барлығын таза халықтық немесе бәрі де халыққа жат керексіз мүлік деп қараушылықтың зиянды екендігін есте сақтау керек.
Көне замандар эпосының кейбір ерекшеліктері туралы М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықов та өздерінің бірлесіп жазған еңбегінде құнды ойлар кездеседі. Бұлар көне эпосты былайша түйіндейді: ... ертедегі адамдардың ру тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, тұрмыс-тіршілігі, күнкөрісі, шаруашылық жайлары, бақташылық, аңшылық кәсібі, дүние танудағы көзқарасы, наным-сенім ұғымдары, т. б. суреттелген. Бұлардың көпшілігі мифтік-фантастикалық негізде әңгімеленеді. Мысалға Құламергенді алайық... Зор тартысқа құрылған Құламергеннің басты кейіпкерлері әр түрлі ғажайып жағдайларға душар болады, жердің асты-үстін кезіп жүріп, өздерінің ізгі мақсаттарын жүзеге асыру үшіп бар күшін салып алысады. Жырдағы Құламерген мен Жоямерген неше түрлі зұлымдыққа қарсы тұрып, жақсылық үшін, шат өмір үшін күреседі. Сиқырлы, айлалы мыстан да, оны қолдаушы хан да қаншалықты күшті болғанымен, соңынан жеңіліс табады, оларды әділет үшін күрескен Құламерген жеңеді де, ойлаған мақсатына жетеді. Аталған тұстың эпосында кездесетін Құбағұл, Айдос тәрізді батырлар да әрі мықты, әрі айлалы, оң қолдарынан өнері тамған жігіттер. М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықовтың эпостық шығармалар табиғаты, эволюциясы жөнінде пікірлері де жанр ерекшелігін ескеруден туған. Олар: Қазақ халқының эпикалық шығармалары бір ғасырдың ғана жемісі емес, ол сандаған ғасырмен бірге жасасып, талай тарихи кезеңдерді басынан кешірген - деп шешім шығарады. Бірақ алға қойған нақтылы міндеті ескі эпосқа толық тоқталу болмағандықтан, бұл ғалымдар мәселеге әрі қарай кідірмеген. Халқымыздың бірнеше таңдаулы эпикалык жырларына талдау берілген бұл еңбекте архаикалық эпосты зерттеу алдағы күннің уәзипасы екені ескертілген. ...Орта Азия мен Қазақстан халықтары эпосының шығу төркіні, сондай-ақ оның даму ерекшеліктері жөніндегі мәселелер әлі де жеткілікті зерттелінбеген .
Батырлар жыры - ұлттық әдебиетіміздің ерлік, батылдық, батырлықты жырлайтын кестелі де төкпелі үлгісі. Сонымен батырлар жырын оқытудың басты мақсаты - оқушыларды халық даналығы, халық өсиеттері, батырлар ерлігінен үлгі алу, Отансүйгіштік, парасаттылық, адамгершілік, елдік пен ерлікке тәрбиелеу. Батырлар жырының ауқымы да, мүмкіндігі де, маңызы да ерекше болып келеді. Әдебиет - жан дүниені, он екі мүшені, алпыс екі тамырды түгелдей жайлап, еш уақытта да көзге көрінбейтін сезім қылдары арқылы ақыл иесі - адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние.

1.2 Қазақ батырлар жырлары
Әрбір халықтың да эпикалық аңыздары қатарынан қаһармандық жырлардың алатын орны айшықты. Бұлай болуының түрлі себептерін атауға болады. Ең алдымен батырлық эпос елдің сан ғасырларда бастан кешкен тарихын, салт-санасын өзгеше көркем саралайды; түрлі оқиғаларға өзіндік көзқарасын, бағасын белгілейді, алдан күткен үмітін, аңсау шыңын білдіреді. Тарихта орын тепкен белгілі оқиғалар мен істердің дәлме-дәл шежіресі, көшірмесі болмағанымен, қаһармандық эпос сондай құбылыстардың терең, түпкілікті мәнін, тұжырымын байқатады. Осы тұрғыдан алып қарағанда батырлық жырлар тарихтың желісі де емес, әрі сол желіден мүлде қара үзіп те қалмайды. Эпикалық жинақтаулардың қайталанбас ғажайып табиғатының бір қыры осында. Қаһармандық эпостың халыққа қызықты болып, атадан балаға, әулеттен әулетке ауысып, ұмытылмай келуінің тағы да бір құпиясы оның теңдесі жоқ көркемдік болмысына, өз бойына қиялдау, бейнелеудің алуан өрнектерін сыйғыза білгендігіне байланысты болып келетіні анық. А. М. Горькийдің ең жарқын, терең, көркемдігі кемел тұлғалар ауыз әдебиетінде жасалған дейтін тұжырымы мейлінше шындаққа жанасатыны мәлім. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптен кездеседі. Адам бойында ұшырайтын ұнамды, ұнамсыз мінездер мен қасиеттерді әсірелеп, ірілеп, естен кетпестей көрнекті етіп бере білушілікте эпос әрдайым биік үлгі саналады.
Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеямен суарылғандығы болып табылады. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, қастасқан жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі проблема еді. Дәл осы аңсар батырлық жырлардың айрықша сипаты ретінде алынды. Бұл жөнінде фольклоршылар пікірі бір жерге түйіседі. Қазақ эпосының күрделі бөлегін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен кездеседі. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Сонда да болса қаһармандық аңыздардың басты пафосы - ерлік, Отан қорғау болып келеді. Батырлық жырлардағы ерліктің сипаты өзгеше. Мұндағы қаһармандар ел үшін қандай да болмасын қауіпке қарсы барады, жаулармен арпалысады, неше түрлі сергелдең, сарсаңға, ауыр сындарға душар болады; ақырында жеңіске, мұратына жетеді. Міне, осындай жеңілмейтін қаһармандарды суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін көрсетеді. Тарихтың ұзына бойында орын тепкен түрлі ұрыстар, ел басына түскен ауыртпалықтар эпостың ішкі заңдылығына бағындырыла суреттеледі. Белгілі бір соғыстың немесе тартыстың ауқымында ғана қалу эпосқа тән емес. Эпос өмірде болған оқиғалардың санын да, хронологиясын да қуаламайды. Батырлық жырға қандай да болма сын құбылыстардың ел аңсарына сәйкес тұстары ғана іріктеліп алынады. Халқымыздың тарихында тәуелсіздік үшін жүргізілген оқиғалардың ұзын тізбегі бар екенін білеміз. Жеріміздің байлығына көз тігіп, халықтың ішіндегі түрлі қайшылықтарды, сәтсіз жағдайларды пайдаланып, замандар бойында сыртқы жаулар ауық-ауық қырғын соғыстар ашып, елді ауыр апаттарға ұшыратып отырғаны мәлім. Тарихи еңбектерде сол оқиғаның нақты себептері, жағдайлары, қатысушылары, нәтижесі тізілсе, эпос әлгіндей құбылыстарды өзінше пайымдайды. Өмірде орын тепкен үлкен күрестердің қашан да себеп, түрткілері нақтылы болып отырса, эпос соларды барынша екшеп, сығымдап, ең нәрін ғана талғайды. Тарихи еңбекте озбыр жаулаушының, аты-жөні анық ескертіліп, мекені, кәсібі, салты неғұрлым толық қамтылуы шарт. Ал эпос үшін дұшпанның аты емес, заты қажет. Сондай-ақ батырлар жырында пәлен соғыста түген батыр ерекше ерлік көрсеткенін дәл білу міндет саналмайды. Эпостағы қаһармандар көбінше өмірдегі болған адамдардың емес, ел түсінігі бойынша болуға тиісті жандардың бейнесін елестететіні осыдан. Қазақтың қаһармандық эпосы ішінен жұртшылыққа неғұрлым танымал Алпамыс батыр, Қобыланды ба тыр, Ер Тарғын, Қамбар батыр секілді нұсқалардың жалпы бітімінде классикалық батырлар жырына тән өрнектер толығырақ байқалатынын көреміз. Мұның өзі түрлі халықтар эпосы арасында кең мағынасындағы тарихи-типологиялық ұқсастықтар, маңызды заңдылықтар орып алатындығын аңғартады.
1.2.1 ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР
Қобыланды батыр жырында қаһарманның айқасатын жауларының ұлты бірде Қалмақ, бірде Қызылбас деп аталады. Осының өзі де эпикалық жинақтаудың заңдылығына сай. Жыршы мен тыңдаушы жұртшылық үшін жаудың аты кім болғаны онша есеп емес, сол дұшпанды жеңіп кеткен есені қайтару, елдің бірлігін қалпына келтіру, бейбіт өмірге қолын жеткізу маңызды. Басқа жырлардағы эпикалық жаулар табиғаты туралы да осыны айтамыз. Бүкіл қазақ жырында эпикалық жаулардың екеу-ақ - қалмақ пен қызылбас болып келуі де осы пікірімізді дәлелдей түседі. Тек Мұрын жыраудан жазылып алынған жырларда ғана тағы бір эпикалық дұшпан - ындыс аталады. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ұшырасқан жауларының аты-жөні бұл көрсетілгеннен анағұрлым көп болғанын білеміз. Бірақ олардың нақтылы аттары уақыт өте келе ұмытылып, кейінгі замандағы көп жауласқан ел - қалмақтар ғана эпикалық дұшпан деп саналған. Мұның тағы бір себебі эпикалық шығармалар тек өткен дәуірдің шындығын ғана бейнелеумен шектелмей, өз кезеңінің де жанды оқиғаларын қамтып отыратындығында. Эпостың ұмыт болмай, ғасырдан ғасырға ауысып, ұласып келуінің де мәні оның заманалық тілектерге жауап бере алатындығында. Міне, мұндай жағдайда ұмыт бола бастаған бұрынғы эпикалық жаулардың, ру мен тайпалардың атаулары кейінгі нақтылы тарихи жағдайларға, эпикалық процестерге лайық өзгеріп, жаңарып отыруы заңды құбылыс. Қазіргі түркі халықтарының шығу тегі бір эпикалық шығармаларындағы ру, тайпа, қаһарман аттары кейде сәйкес келе бермеуі де олардың бертінгі тарихи өмірінің өзгешелігінен туса керек. Тіпті мұндай айырмашылық бір халық көлеміндегі жырдың версиялары мен варианттарынан да байқалып отырады. Эпикалық сана мәселесін сөз еткенде де осындай жағдайға кездесеміз. Асылы, өмірде орын тепкен кішігірім істер, күрестер халық жадында сақталмайды. Тағдыр жолында сан рет қайталанған, ел ісінен мәңгілік кетпестей болып із қалдырған, жер бетінде бар болу мен жоқ болудың тайталасы секілді орасан оқиғалар ғана жыршы, жырау назарына ілінген. Сол себептен эпикалық санада нақтылықтан гөрі жалпы шындық басым жатады. Жырларды оқу үстінде және де бір заңдылықты аңғарғандай боламыз. Ел жадында әйтеуір батырлық, күштілік атаулының бәрі сақтала бермейді екен. Батырлық, ру, тайпа, ел қорғауға, азаттық күреске жұмсалғаны ғана ерекше ілтипатқа алынған. Рулар арасындағы жүріп отырған әдеттегі талас немесе көрші халықтарға жасалған әділетсіз шабуыл халықтың эпикалық санасында сақтала бермейтіні байқалады. Кейде рулар арасындағы барымта немесе өзге елдерге жасалған әділетсіздік эпостан көрініс тапқанмен, олар мадақталмай, қайта кінәлау, айыптау тұрғысынан жырланатынын аңғару қиын емес. Өмірде жақсы істердің ғана өлмес даңққа ие болатыны секілді эпостың талғайтыны да қалың қауымға пайдасын тигізген ірі оқиғалар болмақ. Халықтың әділетсіз соғыстарды, кімге де болса да нақақтан тиісіп, зәбір көрсетуді қолдамайтын көзқарасы эпостың өзінен де айқын көрініс беріп отырады. Қобыланды батыр жырында Қобыланды, Қарамандар Қазан ханды жеңіп қайтар жолында Көбіктінің де елін олжалай кетпек болған әрекеті тосын қиыншылықтарға кездестіретіні мәлім. Осы жолы Қобыландының өзі қолға түсіп, Қарлығаның көмегімен ғана тұтқыннан босайды. Эпикалық сана әділдік пен қиянат мәселесінде ешқашан ауытқымай, адаспай отыратынының бір мысалы осы. Қобыланды батыр жырында батырлар бастан-аяқ қыпшақ елінің, кең мағынасында алғанда ноғайлы жұртының мүддесі үшін күреседі. Қобыландылар Қазан ханның еліне ежелгі кекті қуалап, ата жау болған соң ғана аттанады. Қазан да, Көбікті де, Алшағыр да кез келген сәтте қыпшақты шауып алуға әзір тұрған бітіспес, мәмлеге келмес жаулар деп есептеледі. Сондықтан да Қобыландының оларға аттануын эпикалық сана ақтайды, өте қажет, орынды әрекет деп есептейді. Қобыландының жорығына ноғайлы қауымының бір бөлегі болып саналатын қият руы, оның Қараман бастаған батырлары да қатысады. Алпамыс, Ер Тарғын, Қамбар батыр жырларының да жетекші сарыны ел мүддесі үшін жасалған ерлікті мадақтау. Бұл мақсат, әсіресе, Алпамыста айрықша қуатты сезіледі. Алпамыс өзінін қалыңдығы Гүлбаршынды жау ортасынан сан түрлі ерлік көрсетіп, алып қайтқанда да, Байбөрінің жылқысын айдап кеткен қалмақ ханы Тайшық әскерін қырғанда да қапысыз батыр, қоңырат үшін шыбын жанын аямайтын адал перзент болып сипатталады. Алпамыстың барлық әрекеті өз басы үшін емес, бүкіл қоңырат руластарының теңдігі мен бейбіт өмірі үшін болады. Осы мақсат жырдың бойына өшпес, нұрлы идея дарытады, орталық қаһарманды халық махаббатына бөлейді.
Үстірт қарағанда Ер Тарғын жырында батырдың намыс отына қайралып, хас дұшпанға атой салуына тікелей себеп жоқ секілді. Өйткені эпоста Тарғынның өзі елінен қылмысты болып, бой тасалап кеткен, Қырым жұртына сіңген адам болып көрінеді ғой. Бірақ шындығында ол қалмаққа діні, тілі, тағдыры бір ноғайлы атынан аттанады. Бұл оның ұмтылыстарына табиғи негіз, дәлел бола алады. Бір кезде бүгінгі қазақ, ноғай, қарақалпақ ноғайлы деген жалпы атпен мәлім болғаны белгілі. Тарғын түптеп келгенде жалпы ноғайлының намысын жыртқан ер есебінде көрсетіледі. Оның жауды жайпап түсетін қайратында шек жоқ болып сипатталады. Сонда да болса Ер Тарғынның артында тілектес өз елі, туған отандастары тұрмағаны оны кейде қиындықтарға душар етеді. Бұл, әсіресе, Тарғынның Ханзада ханның жауын мұқатып беріп, өзі кездейсоқ ағаштан құлап, белі мертіккенде, айдалада қалдырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Фольклор және әдебиет
Фольклорлық практика есебі
Лиро - эпостық жырлар
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Фольклор және топонимика
Ноғайлы әдебиеті
Қобыланды батыр жайлы
Пәндер