Қылмыс заты мен қылмыс құралының айырмашылығы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафердрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Қылмыстың заты және оның қылмыстық - құқықтық маңызы
Орындаған: ЮП-18-01 тобы студенті Аяпберген Н. Ш. Рецензент: з. ғ. к., доцент. Алибеков С. К.
Ақтау - 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАТ ҰҒЫМЫ . . . 5
1. 1 Қылмыстық зат мазмұны, мәні . . . 5
1. 2 Қылмыстың заты және оның қылмыс объектісімен байланысы . . . 8
2. ҚЫЛМЫС ҚҰРАЛЫНЫҢ ТҮСІНГІ . . . 14
2. 1 Қылмыс заты мен қылмыс құралының айырмашылығы . . . 14
2. 2 Қол сұғушылықтың заты және оның белгілері . . . 15
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 17
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 19
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Құқықтық нормаларда бекітілген ережелердің бұзылуы кез келген қоғамда жаппай сипатқа ие болып оған айтарлықтай материалдық және моралдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалатын іс - әрекеттердің себептерінің, жағдайларының, субъектілерінің және сипаттарының әртүрлілігіне қарамастан олардың барлығы оларды бір әлеуметтік құбылыс - құқық бұзушылыққа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілерге ие болады.
Адамның кез-келген іс-әрекеті оның қоғамдық қауіптілігі барысында құқық бұзушылық ретінде бағаланады.
Құқық бұзушылықта қылмыс объектісінің маңызды белгісі, яғни қылмыстық заты болып табылады. Қылмыстың заты дегеніміз - қылмыс объектiсiнiң элементi мен қылмыс құрамының белгiсi болып табылатын, кінәлі қылмыс жасау кезіне қолданатын және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансы материалдық сапаға ие объективтi дүниенiң басқа да заттары. Мысалы, мүлiктi, яғни автокөлiктi ұрлауда қылмыстың заты - автокөлiктiң өзi, ал объектiсi сол автокөлiк иесiнiң меншiк құқығы болы табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Осы курстық жұмыстың мақсаты - қылмыстық заты туралы ілімнің қылмыстық құқық теориясында алатын орны және қылмыстық зат мен құралдың заңнаманы жүзеге асырудағы маңызын терең ашып, оған теориялық талдау жасау жолымен зерттеу жүргізу болып табылады. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қоюға болады: 1) Қылмыс заты ұғымының ғылыми негіздері мен заңи негіздеріне талдау жасау; 2) Қылмыс заты мен құралының қылмысты саралаудағы және қылмыстық заңнаманы жүзеге асырудағы практикалық қолданбалы маңызын ашып көрсету; 3) Қылмыс заты мен қылмыс құралына талдау жасау жолымен жапы теориялық базасын тұжырымдау.
Курстық жұмыстың зерттелуі деңгейі.
Қылмыстың затын қылмыс құралынан ажырата білу қажет. Қылмыстың құралы дегеніміз бұл қылмыскердің сол құрал арқылы затқа қол сұғып әсер етуін айтамыз. Мысалы, оқ ататын қару кісі өлтіруде, шабуыл жасап тонауда қылмыстың құралы ретінде пайдаланылады. Қол сұғудың заты қылмыс құрамында жалғыз болуы мүмкін (мысалы, мүліктік қылмыстардағы материалдық заттар) бірақ сонымен қатар бірнеше қол сұғу заты бар құрамдар да болуы мүмкін (мысалы, бандитизмнің барысында қол сұғушылықтың заты болып материалдық дүниелер, мекемелердің қызметі табылуы мүмкін) .
Курстық жұмыстың құрылымы.
Тақырыптың сипаты мен ерекшеліктеріне байланысты және аталған тақырыптың зеттелу деңгейіне сәйкес курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, тиісті екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұратын құрылымы жасақталған.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАТ ҰҒЫМЫ
1. 1 Қылмыстық зат мазмұны, мәні
Сыртқы дүниенің материалдық затына ықпал етумен байлаынсты қылмыс жасалғанда айыптының әрекеті сол затқа бағытталады. Қылмыстың мұндай құрамдарында қылмыс заты міндетті белгі болып табылады. Ұқсас қылмыстарды бір - бірінен ажыратуды тек объектілері бойынша ғана емес, барлық құрам элементтерінің белгілері, оның ішінде қылмыстың заты бойынша жүргізуге болады. Қылмыстың заты Ерекше бөлім баптарының диспозициясында тікелей аталғанда, яни осы баппен квалификация жасау үшін баптың диспозициясында келтірілген заттар қолданыла отырып немесе осы заттарға байланысты іс - әрекет жасалған болуы керек. Егер жасалған қылмыста құрам элементтерінің өзге белгілері белгілі бапқа толық сәйкес келгінмен, бірақ қылмыс заты сай келмес, онда іс - әрекет басқа қылмыс түрімен квалифацияланады. Материалдық дүниенің заттары қылмыс заттары болып табылады, оларға ықпал ете отырып адам қандай да бір қоғамдық қатынастарға, яғни қылмыс объектісіне қастандық жасайды. Адам қылмысты сол қылмыс заты үшін жасайды. Қылмыстың заты дегеніміз - қылмыс объектiсiнiң элементi мен қылмыс құрамының белгiсi болып табылатын, кінәлі қылмыс жасау кезіне қолданатын және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансы материалдық сапаға ие объективтi дүниенiң басқа да заттары. Мысалы, мүлiктi, яғни автокөлiктi ұрлауда қылмыстың заты - автокөлiктiң өзi, ал объектiсi сол автокөлiк иесiнiң меншiк құқығы немесе пара алу нысанында қылмыс заты - шенеунік алған ақша. Қылмыс заты қандай да бір белгілермен сипатталады. Мысалы, бөтен адамның мүлкін жойғанда немесе бүлдіргенде (ҚК - нің 187, 188 - баптары) кез келген мүлік емес, бөтен адамның мүлкі ғана қылмыс заты болады. Екіншіден, бұл мүлік оның иесі үшін қалайда құныдылық болуы тиіс. Әйтпесе, бұл қылмыстарда қылмыс заты болмағандықтан құрамдар да бола алмайды. Қылмыстың заты жанды немесе жансыз болуы, ол кейбір қылмыстардың жансыз материалдық заттарды, мысалы, есірткі, атылатын қару, радиактивті заттар, мүлік, құжаттарды пайдаланып немесе сол заттарға қатысты әрекеттерді жасай отырып, қылмысты іске асыруды көздеуін түсінуіміз керек. Ал жанды заттар ретінде жануарларға қатысты, яғни экологияға, адамгершілікке қарсы әрекеттер жасай отырып, қылмыс жасау кезінде жанды құндылықтарға зиян келуін түсінеміз. Сонымен, қылмыстың заты ұрлықтың (меншіктің) кез-келген түріне, коммерциялық пара алуға (ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік және мүліктік қызметтер), есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды (есірткі немесе психотроптық заттар) заңсыз тарату және т. б. үшін құрамның міндетті белгісі болып табылады. Адамдар қылмыс затына жатқызылмайды. Себебі адамдар қылмыстық құрамдарда жәбірленуші немесе кейде құрал ретінде кездеседі. Кейде қылмыстың заты болып адам, яғни оның денесiне əсер ету арқылы объектiге қарсы қолсұғылады. Мұндай жағдайда «қылмыстың жəбiрленушiсiң терминiн қолданған дұрысырақ. ҚР ҚIЖК 75-бабының 1-бөлiгiне сəйкес «қылмыстық процесте оған тiкелей қылмыспен моральдық, дене жəне мүлiктiк зиян келтiрiлдi деп ұйғаруға негiз бар адам жəбiрленушi болып табылады. Егер заң жəбiрленушiнiң ерекше қасиетiн (мемлекеттiк қайраткер, прокурор, тергеушi, жүктi əйел) көрсеткен болса, мұндай жəбiрленушiнiң қасиеттерi қылмыс құрамының құрылымына енгiзiледi. Қылмыстың жəбiрленушiсi тұлғасын зерттеумен криминология ғылымының «виктимологияның» деп аталған бағыты айналысады. Сонымен, көптеген ғалымдар қылмыс заты ретiнде қоғамдық қатынастың материалдық, заттай жағын көрсетедi. Л. Д. Гаухман «жәберленуші адам ретінде қылмыстың затынан, мысалы РФ ҚК 318 - бабында көрсетілгендей өкімет өкілдеріне қатысты күш қолдану құрамындағыдай олардың қызметіне байланыста сипаттама болуы мүмкін», - дейді. Қылмыс заты қылмыстық құрамдарда жәбірленуші түрінде емес, қылмыстың орындалуын міндетті және материал түрінде кездесуімен ерекшеленеді. Зат - нақты зат, ал объект осы зат жөнiндегi əлеуметтiк қатынас. Қылмыс арқылы барлық уақытта объектiге зиян келтiрiледi жəне бұл зиянды қалпына келтiруге немесе жоюға мүмкiндiк бола бермейдi, ал қылмыс заты көбiне қол сұғушылықтан жойылмайды, бүлдiрiлмейдi, олай болған күнде оны қалпына келтiруге болады. Қылмыс заты - кез келген қылмыс объектiсiнiң қажеттi, бiрақ мiндеттi емес элементi, оған ықпал жасай отырып қылмыскер қылмыстық заң нормалары қорғайтын мүдделерге елеулi зиян келтiредi. Алайда, бiрқатар авторлар (мысалы, профессор Е. I. Қайыржанов) затсыз қылмыс болмайды, кез келген қылмыстың заты болады деген де тұжырым айтады. [1, 30 б] Қылмыстың заты және қылмыс объектісі қылмыстық құрамда қылмыс объектісі элементіне қосыла отырып қарастырылады. Қылмыстың заты бірнеше мағыналарда объектіге жақындығын байқатады немесе қылмыс объектісінен кейін бірден анықталуы қажет екендігін көрсетеді. Біріншіден, қылмыстың заты жасалған қылмыстарда көрініс алуы арқылы заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келгенін білдіреді. Мысалы ұрлық қылмысының объектісі болып табылатын меншікті ақша, киім, тамақ, бұйым құрап, ондай игіліктер қылмыстың затын білдіреді. Яғни, қылмыс затының көрініс табуы объектіге зиян келегенін білдіре алады. Екіншіден, қылмыс заты міндетті белгі болып табылатын құрамдарда бұл белгі болмаса қылмыс объектісі бола алмайды. Үшіншіден, қылмыс затының қоғамдағы маңыздылығы объектінің құндылық дәрежесін, қылмыстың ауырлық деңгейін көрсете алады. Мысалы, ұрлық (188 - бап) және ерекше құнды заттарды жымқыру (193 - бап) . Төртіншіден, қылмыс затының құрамдарда бірдей анықталуы, ол қылмыстардың объектісінің де бірдей екендігін көрсетеді. Мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық қылмыстарының, сондай - ақ алаяқтықпен қорқытып алушылықтың заттары бірдей, соған орай олардың объектілері де бірдей анықталады. Қылмыстың заты қылмыс объектісімен салыстырғанда қосымша белгі ретінде қолданылады. Себебі, ол барлық қылмыстың құрамында белгілі бір заттың қолданылуы міндетті болмауында, заңдағы көпшілік қылмыстарға құқықтық телдау бергенде және ол қылмыстардың жасалу табиғатына зер салғанда арнайы бір заттардың қолданылуы шартты болмауына байланысты. Мұндай қылмыстарда өзге элементтердің белгілері және қылмыс объектісі болса қылмыс құрамы бар деп танылады. Кейбір қылмыс түрлеріне зат қосымша емес, міндетті белгісі ретінде қолданылады, яғни қылмыс жасалды немесе заңмен қорғалатын объектіге келді есептеу үшін қылмыстың заты көрініс алуы керек болып табылады. [2, 68 б] Қылмыс затының маңыздылығы - оның көмегімен қылмыстың объектісін анықтай аламыз. Мысалы, егер дәріханадан есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарға жататын дәрі - дәрмек жоғалса, онда қылмыскер халықтың денсаулығына қастандық жасаған болып саналады (ҚК - нің 260 - бабы) . Егер жоғарғы да аталғандарға жатпайтын препарат ұрланса және қылмыскер бұл дәріханада ондай заттардың болмайтындығын бұрыннан білсе, онда ол меншікке қастандық болып табылады(ҚК - нің 175 - 179 - баптары) . Қылмыс заты міндетті белгісі болып табылатын құрамдарда сол заттың түрі баптың атында немесе оның диспозициясында көрсетіледі, сондай - ақ бапта зат түрі аталғанда объектінің мағынасын аша отырып анықтауды қажет ететін кездер болады. Қылмыстың заты 218 - бапта (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру(жылыстату) ), 219 - бапты (Кредитті заңсыз алу немесе бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалану), 288 - бапта (Қаруды заңсыз жасау), 253 - бапта (Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау), 298 - бапта (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді жымқыру не қорқытып алу), т. б. тікелей баптардың атауында көрсетіледі. Мәселен нақты бір бапты алып саралайық. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізуді (231-бап) алайық. Заң бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылықтың заты болатын нәрселерді ҚР Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен монеталары, мемлекеттік бағалы қағаздары немесе ҚР валютасындағы басқа да бағалы қағаздар не шетел валютасы немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздар деп атап көрсеткен. Осы бапта қылмыстың заты заңның мәтінінде айқын көрсетіліп тұр. [3, 97 б]
1. 2 Қылмыстың заты және оның қылмыс объектісімен байланысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz