АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні : Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы

Тақырыбы : Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері

Орындаған: Юп-17-5 студенті

Назарбаев М. Б.

Рецензент: з. ғ. к. доцент

Садуақасова Л. О

Ақтау 2019

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 5

1. 1 Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы . . . 5

1. 2 Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері . . . 6

2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ . . . 12

2. 1 Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері . . . 12

2. 2 Залалдарды өтеу азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсілі . . . 17

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 25

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Курстық жұмыста қарастырылып отырған «Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері» бойынша жазылған.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Азаматтық айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысу емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасы аумен байланысты. Ғылымда қалыптасқан дәстүрлі түсінік «азаматтық құқықтарды қорғау» ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар жатады. Азаматтық құқықтарды қорғау - бұл азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың бірі болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындық туғызады. Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың қабықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды. Бұл зерттеудің маңыздылығы мынадай көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады.

Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады. Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6-шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей корғалады. Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.

Курстық жұмыстың пәні. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығы.

Курстық жұмыстың құрылымы. Жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыстың мақсаты. Азаматтық құқықтықтарды қорғаудың ұғымын, азаматтық құқықтарды қорғаудын нысандарын, меншік құқығын қорғау, азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдері, оның ішінде субъективтік куқықтарды мойындау, құқықтар бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру құқықтарды бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын әрекеттердің алдын алу, мәмілені жарамсыз деп тану, мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органының актісін жарамсыз деп тану, заңға қайшы келетін мемлекеттік органның актісін соттың қолданбауы, міндеттерді нақты орындату, залалдарды өтеу және айыппұл төлету тәсілдерінің мазмұнын ашып, толық қарастыру болып табылады.

Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып біз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:

• Азаматтық құқықтарды қорғау ұғымына тоқталып, оның маңыздылығын ашып көрсету

• Азаматтық құқықтарды қорғау нысандарын талдау;

• Азаматтық құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдерін зерттеп, мәнін ашып көрсету;

• Азаматтық, құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде залалдарды өтеудің ерекшелігіне тоқталу.

1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және

жалпы ережелері

  1. Азаматтық құқықтарды қорғаудың ұғымы

Ерте кезде бұзылған құқыты қорғау тәсілі өзін өзі қорғау болды. Яғни үшінші тұлғалардың кедергілерін өзінің қорғау құралдары арқылы қорғау. Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемелекеттің қолдауын айтамыз. Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принціпі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады.

Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асрылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан профессор В. П Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: “Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттілігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді”.

Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қарауға тиісті құқықты еншілейді. Қазақстан Респуликасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәләм. Сол салалардың бірі болып табылатын - азаматтық құқық. Азаматтық заңдармен реттелген мүліктік қатынастар жиынтығын анықтай келе, бұл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар Казакстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс жатады. Өзін өзі қорғау азаматтың құқығына жасалған қиянатты өз күшімен жеңу деуге болады, бұл өзін - өзі қорғау, не мүлікті не қаржыға қатысты төлемді ұстап қалу, сондай - ақ өз бетімен кепілдік құқығы жүзеге асыруы түрінде көрінеді. [1]

Өзін өзі көре алмау ұғымы қылмыстық құқықтың аясына жатады, бірақ өзін өзі қорғау жазалауға тұрмаса онда онысы заңды әрекет болып табылады. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғаныста қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарнын сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң тегін көрсетіледі. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне белгіленген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқытардың тоқталуына әкеліп соқтырмайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектілерінің құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтірмеуі тиіс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген құқықта оны жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдеттілік ережелерін сақтауға тиіс. Бұл міндетті шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әділ әрекет жасауы көзделеді.

1. 2 Азаматтық құқықтарды қорғаудың жалпы ережелері

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы барлық салалармен тығыз байланысты.

Жалпы дәстүр бойынша қорғаудың құқығы күші кез келген субъективтік азаматтық құқық құрамына кіреді, ал, егер оны қорғауды осылайша қамтамасыз етпесе, онда құқық өзінің бар болуы шартты түрде айтылады.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі үшін сот жүйесінің бөлінуіне дәлдік қажет. Бүгінгі таңда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот органдарының қылмыстық, азаматтық істер бойынша нысандары Жоғарғы сот пен областық соттардың шаруашылық дауы бойынша алқалары бар бірыңғай жүйесі қызмет жасайды. Әйтсе де, азаматтық іс жүргізуде азаматтық немесе әкімшілік заңға жататындығы айқын ажыратылмаған. Ал, материалдық құқық нормалары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалар) меншік иелері мен өзге де заттық құқық иелеріне өздеріне тиесілі құқықтарын қорғаудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Осында жалпы меншік құқығын қорғаудың азаматтық заңнамада қарастырған әдістеріне ғана тоқталайық.

Азаматтардың меншік құқықтарын қорғау ісінде азаматтық құқық нормалары бірдей рөл атқармайды. Себебі, олардың бірі материалдық игілікті қайсыбір құқық субъектісіне белгілейді немесе тиянақтайды деп айтуға болады. Бұған бірінші кезекте азаматтардың меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болады және игілікті тоқтату туралы ережелер жатады. Олар егер шартта немесе заңда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.

Азаматтардың бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу - сату, айырбастау, сыйға тарту немесе мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Егер азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немсе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. «Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мирасқорларыназаңды тұлғаларына көшеді».

Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республика сының Заң қабылданған ретте ұлт меншігіне алу АК-тің 266-бабында белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындар өтеледі.

Ережелердің енді біреулері меншік иесі өзіне тиесілі құқықты, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттігін иеліктен мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Үшіншілері, меншік құқығын затты барлық үшінші тұлғалардың ықпалынан тікелей қадағалайды және қорғайды. Осыған меншік иелеріне келтірілген материалдық шығындарға жауапкершілікті тағайындайтын нормаларды жатқызуға болады. Оған қоса, азаматтық құқықта меншік құқығын тікелей қорғау туралы арнайы нормалар да бар. Осыған байланысты О. И. Иоффе азаматтық құқықта қалыпты экономикалық қатынастардың дамуын кең мағынада қамтамасыз ететін азаматтық құқықтардың барлық нормаларының жәрдемімен «меншік құқықтарын сақтау» мен құқық қатынасына қарсы құқық бұзуға байланысты пайдаланылатын азаматтық- құқықтық тетіктердің жиынтығы - «меншік құқығын қорғауды» ажыратуды ұсынады.

«Қорғау» мен «сақтау» түсініктерін ажырату қажет. Меншік құқығын сақтау осы құқықтың бұзылу фактісіне дейін жүзеге асып, алдын ала сақтандыру ескерту сипатында болады. Меншік азаматтардың құқығын қорғау азаматтық құқықтық қорғаудың нақты әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет болғанда және бір нәрседе меншік құқығының бұзылуы немесе сондай бұзылу айқын төніп тұрғанда қолданылады. Сол себепті азаматтардың меншік құқығын қорғау және сақтау түсініктерін теңбе- тең деуге болмайды. [2]

Азаматтық құқықтың тар мағанасында алсақ, азаматтардың меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз - азаматтық заңнамада бекімін тапқан меншік құқықтары мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары дейміз. Жалпы профессор Скрябинiң көз-қарасы бойынша қолданыстағы азаматтық заңнама негізінде меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық төрт әдісін бөліп қарастырған. Олар:

1) заттық-құқықтық талап.

2) міндеттемелік-құқықтық талап.

3) меншік құқығын қорғаудың өзге әдістері.

4) меншік құқығын бұзатын мемлекеттік органдарға талап болып табылады. Меншік құқығын қорғау түсінігі осыған дейін заттық - құқықтық және міндеттемелік- құқықтық әдістерін қамтып келді. Қорғаудың осы әдістерін басқа теорияда меншік құқығын қорғаудың өзге азаматтық-құқытық әдістері де қарастырады. Оған, атап айтқанда, хабар - ошарсыз кетен немесе өлді деп жариялаған адамдардың тірі оралуынан тауындайтын жағдайлар туралы нормалар жатады. Қазақ КСР-сінде меншік туралы «заңның, одан кейін КСР Одағы мен республикалардың 1991 жылғы Азаматтық заңнамалары негізінің қабылдауына байланысты меншік құқығын қорғаудың нақты азаматтық-құқықтық әдістері саласындағы актілерде мемлекеттік органдарға, олардыңменшік құқығын бұзатын шешімдерін даулау үшін талап қою мүмкіндігі қарастырылды. Азаматтардың меншік құқығын қорғаудың жоғарғыда келтірген әдістердің бірде-біреуіне жатпайтын, меншік құқығын қорғаудың жаңа әдісі пайда болды.

Жалпы қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: Бұл тәсілдер азаматтардың меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсалюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шартың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады.

1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару

2) бүлінген заттарды жөндеу

3) затты пайдалануға кедіргіні жою

Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бір затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсалюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.

Азаматтардың құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің құны төленеді немесе бүлінгені өтеледі, яғни келген зиян - шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.

Сонымен қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтірледі, ал міндеттемелiкте - ақшалай өтеледі.

Заттық - құқықтық тәсілдерді қолданудың ерекшелігі сонда - мүлік зат түрінде болады, ал бүлінген мүлік қалпына келтіріледі, олай болмаған жағдайда меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдері қолданылады.

Азматтырдың құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік - құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады:

1) Мемлекеттік басқару органының, жергілікті өкілдік органның меншік иесінің немесе өзгелей заттық құқық иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтың немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру.

2) Мемлекеттік басқару органның, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актiсiн заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтың актіні қолбанбау туралы талап қою.

3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтоғанда оны қорғау.

Азаматтық - құқықтық қорғаудың кең көлемі қоғамның экономикалық қатынастарының кедергісіз дамуын және жақсы қамтамасыз етілуіне бағытталған азаматтық құқықтық нормамен көзделген барлық әдіс - тәсілдердің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық-құқықтық қорғаудың тар көлемі деп бұзылған заңды мүдделерді қорғау және де меншік құқығын тану немесе қалпына келтіруге бағытталған әдіс-тәсілдер мен заңда көрсетілген шаралардың жиынтығын айтамыз.

Бұрын еселе Қазақстанның цивилистік доктринасында мүлдем шешілменен. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Азаматтық кодексі Титулдық неденуді адамның өз иелінін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар. Ал, іс жүзінде иемденуді азаматтық кодексттің 240-бабының 2 тармағында, мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүмкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы деп көрсетілген.

Бұнда қорғау туралы еске салғаны болмаса, иемденуді қорғау мәселесін тиянақтайды.

Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар» -деп тиянақталып, онда меншік иесі болмағанымен, занда немесе шартта көзделгендей мүлікті иемденетін, өз иелігін меншіктенушіден де қорғауға құқығы болатын тұлғалардың мүліктік құқығын қорғауға құқық беріледі.

Заңды, ең дұрысы титулдық иемденушілердің құқықтарын қорғау туралы талаптардың болу қажеттілігін былайша негіздеу керек. Алдымен, титулдық иемденушіге анықтама береміз. Ол заттық құқықты иеленуші болады да, өзінің субъективтік құқығын мүлікті меншік иесімен заңнамалық актілерде не шартта қарастырылған негізде жүзеге асырады. Кейбір жағдайда затты меншік иесі оны шаруашылық пайдалануды тікелей жүзеге асырады. Әйтсе де, азаматтық реттеу ісі субъективтік меншік құқығын жүзеге асырудың басқа, тіпті неғұрлым тиімді әдістерінің болатындығын көрсетіп отыр. Олардың схемасы оңай түрде былай болады. Мүлікке меншікт иесі заң немесе шарт негізінде меншік иесі затты шаруашылық пайдалану құқығын береді. Мүліктік құқықты осылай берудің мақсаты меншік иесінің өзі затты дәл солай пайдаланғандағыдан гөрі көп табыс алуға кеп тіреледі. Осы жағдайда меншік иесінде, оның басқа тұлғаның иелігіндегі мүлкі меншік иесінің өзінде болатын секілді, заңмен сенімді қорғалатындай белгілі бір құқықтық кепілі болуы тиіс. Қарастырылып отырған ахуалда титулдық иемденуші ең алдымен затқа өз құқығын қорғайтыны белгілі жай. Бірақ бұл жоғарыда айтылғанға қайшы келмейді, керісінше, оны үйлесімді толықтырады. Азаматтың өз өкілеттігінің бөлігін басқа шаруашылық субъектісіне беру тұжырымдамасы ірі, мемлекет сияқты меншік иелері үшін өте - өте өзекті, өйткені, оның өз меншік құқығын дербес жүзеге асыруына ешбір мүмкіндігі болмайды.

Титулдық иемденуді қорғау әдістері меншік құқығын қорғау әдістеріне көп жағынан ұқсас болып келеді. Әйтсе де, олардың ерекшелігін атап өткен жөн. Біріншіден, титулдық иемденуші бұзылған құқығын қорғау үшін, дербес анықталған затқа өз иемденуін дәлелдеуі немесе құқықтық негізін (титулды) көрсетуі тиіс. Әдетте, дәлел ретінде, тиісті мүлiктi меншік иесімен жасалған шарт танылады. Екіншіден, жоғарыда атап өткендей, титулды иемденуші өз иелігін тіпті оның меншік иесінен де қорғауға құқығы болады. Мұндай жағдай меншік иесінің әрекеті титулдық иемденушімен шартқа негізделмеген болса, немесе қолданыстағы заңнама тараптарына сай келмегенде орын алады. Басқаша айтқанда, титулдық иемденушіге меншік иесінің құқыққа қайшы әрекеттерінен қорғануға мүмкіндік беріледі. Мұндай қорғау иемденушіге, меншік иесінің әрекетінің дұрыс еместігі дәлелденгенен кейін ғана, иемдену мерзімі ішінде беріледі. Егер меншік иесінің араласуын сот заңсыз деп тапса, онда оның қорғау құқығы болмайды. Үшіншіден, өз иелігін қорғай отырып, иемденуші басқа тұлғаның да меншік құқығын қорғайды. Бұл жерде заңды иемденушілердің талабы кем егімен меншік құқығын жанама, аралық қорғауы туралы айтуға болады. [3]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын қорғаудың заттық - құқықтық тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың балама тәсілдері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түрлері және жіктелуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі
Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иелену
Азаматтық құқықтарды қорғауды зетрреу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz