Бизнес және құқық факультеті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы
Тақырыбы: Қылмыстық процесті іс жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зияңды өтеу қылмыстық іс жүргізу құқығындағы ұғымы

Орындаған: Юп-17-5 студенті
Назарбаев М.Б.
Рецензент: з.ғ.к. доцент
Алибеков С.К

Ақтау 2019
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯҢДЫ ӨТЕУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердiң түсiнiгi және жалпы ережелерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2. АЗАМАТТЫҢ ӨМIРI МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТIРIЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қабылдауы ... ... ..15
2.2 ҚР Заңнамасында моральдық зиянды өтеу туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .27

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Курстық жұмыста қарастырылып отырған Қылмыстық іс жүргізуші органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу институтының қалыптасуы және бүгінгі күнгі жай-күйібойынша жазылған.

Қурстық жұмыстың өзектілігі: Қылмыстық сот өндірісінің теориясы мен практикасында ақтау ұғымының дәл анықтамасы жоқ, ондай анықтаманы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі де бермеген. Сонымен бірге ақтау ұғымы Қылмыстық іс жүргізу Заңында қарастырылып, онда ақтау ұғымының мазмұны толық ашылып көрсетіледі. Заңда зиянды өндіруге құқығы бар адамдардың тізімі анықталған, сот тәртібімен адамның абыройлы аты мен атағын қалпына келтіруге азаматтарға кепілдік беретін ақтаудың негізі мен тәртібі және қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекетінен келтірілген зиянды өтеу көзделген (ҚР ҚІЖК 4-тарау). Ақталған адам кінәсіз деп есептеледі және оның Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да болмасын шектеуге болмайды.
Ақтау дегеніміз, біздің пікірімізше, адамға қатысты ақтау үкімін шығаруы немесе анықтау, тергеу органдарының, прокурордың, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабына сәйкес қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығаруы деп түсініледі.
Тергеуші немесе прокурор адамды ақтау бойынша занда көзделген және қылмыстық істі жүргізу органының заңсыз әрекеті нәтижесінде ақталушыға келтірген зиянды өндіру жөнінде барлық шараларды жүзеге асырады. (ҚІЖК39бап, 2-бөлім). Заңның мағынасы бойынша негізінен өтелуге жататын шығын) заңсыз сотталғаны үшін; заңсыз қылмыстық жауапқа тартылғаны үшін;) заңсыз қудалау шараларын қолдану - ұстау, қамауға алу, шықпау туралы қолхат алу. Азаматтың зиянды өндірудегі құқығын танудың шешуші мәні мынада:
Зиян міндетті түрде қылмыстық қудалау органының заңсыз іс жүргізу әрекетінің нәтижесінен туындайды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында моральдық зиянды өтеу институты пайда болғаннан бері соттармен моральдық зиянды өтеуге қатысты көптеген істер қаралды. Осы құқықтық институттың салыстырмалы жаңалығын едкере отырып, моральдық зиянды өтеумен байланысты материалдық және процессуалдық құқықтардың бірнеше мәселелерін қарастырайық.
Заңсыз іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіз) жасалған кез келген жеке тұлға, егер іс-әрекет жасаушы басқаны дәлелдемесе, моральды зиянға шыдап төзген деп танылады. Бұл зардап шегушінің бағытын маңызды түрде оңайлатады. Бірақ мұны заңсыз іс-әрекет жасаушы теріске шығара алады. Мәселен, жалақор жәбірленушінің ол туралы мәліметтерді жария болуы сипатындағы масқаралауды дәлелдей алмау қабілетсіздігіне (мәселен, жарыместігі салдарынан) сілтеме жасауға құқылы және бұл жағдайды дәлелден, моральдық зиянның жауапкершілігінен босатылуы мүмкін.
Соттардың тәжірибесіне жасалған шолуға сәйкес, сот- тар моральдық Зиянды есептейді, яғни заңсыз әрекеттің жа- салғандығы дәлелденіп, моральдық зиян келтірілген болып есептелсе, одан әрі ақшалай өтемақы мөлшерін қарастырады.
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы.
Қурстық жұмыстың құрылымы: жазылған курстық жұмыстың көлемі екі бөлімнен,қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден турады.
Тақырыптың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасында адамға заңсыз ұстап алудың, күзетпен ұстаудың , үйқамақтың, лауазымынан уақытша шеттеудің, мәжбүрлеу шараларын қолданудың салдарынан келтірілген зиян қылмыстық процесті жүргізетін органның кінәсі бар-жоғына қарамастан, толық көлемде Республикалық бюджеттен өтеледі.

1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІ ІС ЖҮРГІЗУШІ ОРГАННЫҢ ЗАҢСЫЗ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯҢДЫ ӨТЕУ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ҰҒЫМЫ
1.1 Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқығы бар адамдар

Жоғарыда айтқандай "Ақтау" сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру, жақсы атақты, бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді. Яғни адамды ақтау ұғымы, заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда, қылмыстық ізге түсудің тоқтатылуы, жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді. Сонымен бірге қылмыстық іс (қылмыстық ізге түсу) тоқтатылуының бәрі бірдей қылмыстық іс жүргізушілік мағынасындағы ақтауды білдірмейді. Ақтау- бір кездері басталған қылмыстық ізге түсуді, сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.
Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты. Сондықтан, Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек Қылмыстық процесті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет. Кылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады. ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:
- қымыс оқиғасының болмауы;
- әрекетте қылмыс құрамының болмауы;
- сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамның қылмыстың ізіне түсудің мүмкін емес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы;
- егер қылмыстық ізге түсу органынының сол айыптау бойынша кылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның Қылмыстық ізіне түсуден бас тарту. Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Констшуциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.
Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болатын ақтау негіздерінің мәні туралы М. С. Строговичтің айтқан пікірі ерекше мәнді. Ол былай деп жазды: "Осы негіздердің әрбірі адамның айыпталушы ретінде тартылуына жол бермейді және айыпталушы ретінде тартылған адамның кінәсіз екенін аныктайды, өйткені бұрын жорамалданғанына қарамастан қылмыс жасалмаған, не жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Адамды ақтау үшін көзделген негіздер түгелдей толық қамтылған және кеңейте түсіндіруге жатпайды. ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі Қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағдайда ғана ақтауға болады. Сонымен, қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт -- соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.
Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану -- соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.
Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол айьшталушының ақтау үшін негіздер бар екенін байқаган жағдайда істі соттан басты сот гергеуі басталғанға дейін кері қайтары алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында байқалған болса, іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың қолданылуын қажет етеді.
Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз ісәрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары (прокурор, тергеуші, анықтау органы, анықтаушы) жатады. Айьшталушы қылмыстық іс жүргізушілік ақтау үшін негіздердің байқалуы Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттері заңсыз болғанын білдіреді. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы нақты ақтау негізімен, қылмыстық процесс сатысымен және қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің шеңберімен байланысты. Бұзылған құқықты қалпына келтіруге бағытталған өзге де жалғас нысандардың таңдалуы заңдылықтың бұзылуына қандай органның жол бергеніне байланысты. Зандылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ зандылықтың бұзылуына себеп болған мәнжайларды жою үшін оның маңызы бар.[1]
Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінара болып бөлінеді (ҚІЖК-нің 42-бабы). Толық ақтау адамның бұзьғлған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз ісәрекеттері салдарынан келгiрiлген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын айыптаудың көлемімен айқындалады. Егер әңгіме қылмыстық істі айыптаудың бүкіл көлемі бойынша, ҚК-те көзделген, жүктелетін барлық әрекеттер бойынша тоқтату жайында болса, ақтау толық деп танылады. Егер іс ҚІЖК-тің 39-бабында көзделген негіздер бойынша адамға тағылған айыптар бойынша тоқтатылатын болса, ақтау ішінара сипатта болады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның зандылыктың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді. Мәселен, адамға ҚК баттарының жиынтығы бойынша айьш тағу, сол баттардың бірі бойынша қылмыстық процесті тоқтату ақтау туралы ереженің тек айыптаудың іс жүргізу тоқтатылған көлемінде ғана қолданылуына әкеліп соғады, бірақ ҚК-тің Ақтау үшін негіздер көзделмеген бөлігі мен баптары бойынша қылмыстық істің тоқтатылуына әкеліп соқпайды. Басқаша айтсақ, адамға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Сол баптардың бірі бойынша мерзімі ескірген. Мерзімі ескірген қылмыс бойынша қылмыстық істі тоқтату, сол қылмысқа байланысты заңсыз іс-әрекеттер салдарынан келтірілген зиянды өтеу ішінара ақтаудағы білдіреді, өйткені өзге қылмыстар бойынша қылмыстық іс одан әрі жүргізіле береді.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған сезіктер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұсталудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ.
Өтелуге тиісті материалдық зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуға жеткілікті. ҚІЖК-тің 40-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянның етелуіне құқығы бар адамдар бес топқа бөлінген.
1.ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес қылмыстық іс жүргізушілік ақтауға жататын адамдар осы тараудың 1 параграфында егжей-тегжейлі баяндалған).
2.Өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалмауға тиісті, ал қозғалған іс ҚІЖКтің 40-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында көзделген бірқатар негіздер бойынша қысқартылуға тиісті адамдар. Ол негіздер мыналар:
Жәбірленушінің айьшталушымен татуласуы. Бұл жағдайда ауыртпалығы шағын немесе орташа қылмысты алғаш жасаған айыпталушы Жәбірленушіге келтірілген зиян жуып-шайылған жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (ҚК-тің 67-бабы). Жеке айыштаушының ҚІЖК 33-бабының 1-бөлігінде көзделген жеке айыптау қылмыстар туралы істер бойынша айыптаудан бас тартуы. Аталған негіздерді жүзеге асыру үшін міндетті шарттар мыналар:
-- жеке айыптау ісі бойынша Жәбірленушінің шағымы болмауына, жи Қылмыс дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабылетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтынын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтыны көрсететін белгілер болмауына қарамастан қылмыстық іс қозғау (ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігі, 34-бабының 2бөлігі);
-- қылмыстық істі ҚІЖК 33-бабының 2-бөлігінде, 34-бабының 2бөлігінде көзделген белгілердің болмауына қарамастан қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар анықталған сәттен кейін тоқтатпастан одан әрі жүргізу.
3. Өздеріне қатысты қылмыстық іс рақымшылық ету актісінің шығуына, жасалған қылмыс үшін жаза соған сәйкес қолданылмайтын болуына, сондай-ақ мерзімнің ескіруіне байланысты тоқтатылуға тиісті адамдар. Келтірілген зиянды етеу үшін аталған негіздер міндетті шарт ретінде қолданынғанда қылмыстық ізге түсу, қылмыстық істі қысқартудың тиісті негіздері анықталғанына қарамастан, одан әрі жалғастырылады.
Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы мынада:
-- егер мерзімнің ескіруі анықталын, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану принципі бұзылады;
-- егер айьшталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның Қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану принципі бұзылады;
-- қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.
Аталған негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе Қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін негіздерді қашан анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды. Мысалы, мерзім іс жүзінде 1 қаңтарда бітті делік. Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұл мән-жайды 15 қаңтарда анықтады. Айыпталушының адвокаты бастама жасамай, 3 қаңтарда қозғалған істі тоқтату туралы тиiстi өтiнiштi 10 қаңтарда ғана берді. Келтірілген зиянды етеу құқыпы пайда болатын сәт деп 3 қаңтарды санау қажет.
Мерзімі ескірген сәт пен осы негіз бойынша қылмыстық істі тоқтату үшін нақты негіздер пайда болатын сәт әрдайым бірдей үйлесе бермейді. Мұндай арақатынас қылмыстық істі рақымшылық ету актісіне байланысты тоқтатуға негіздер бар болған жағдайда да сақталады. Келтірілген зиянды адамға өтеу үшін нақты негіз рақымшылық ету актісі занды күшіне енген сәттен бастап немесе ракымшылық ету айыпталушылардың нақты категориясына қатысты болатын сәттен бастап пайда болады.
4.Жасалған қылмыстын саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінін жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Бұл шарттар сараланудың ҚК бойынша өзгертілуі жаңа, неғұрлым жеңілдеу жаза белгіленуін немесе үкiмнен айыптың бір бөлігінің алып тасталуын және соған байланысты жазаңың кемітілуін көздейтін жағдайларға да қатысты. Занда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелік ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешімі сот жолымен тоқтатылған жағдайларда да зиянның өтелуі көзделген. Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру заңсыз өтелген мерзім адамға кылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне құқын беретін мән-жайлар анықталған сәтте ең соңында қолданылған КҚ бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаңың ең жоғары мөлшері асырылатын сәттен бастап есептеледі.
5. Занды негізсіз тиісті мерзімінен артық қамауда ұсталған, сонымен бірге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында іс жүргізуге мәжбүр етудің кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар. ҚІЖК-тің 153-бабына сәйкес қамауға алудың түрлі мерзімдері көзделген: екі айдан (іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде қамауға алудың жалпы мерзімі) он екі айға дейін (ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Бас прокурорының рұқсатымен). Қамауға алу мерзімі біткеннен кейін, егер ол ұзартылмаса, айыпталушы дереу босатылуға тиіс. Келтірілген зиянды өгеттiру құқығы айыпталушыны қамауға алу немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы тиісті қаулыда көрсетілген қамауда ұстау мерзімі біткен сәттен, оның күзетпен ұстаудан дереу босатылу кұқығы жүзеге асырылатын жағдайларда пайда болады. Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтетгіру құқығы азамат қайтыс болған жағдайда да сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады. Төленуі тоқтатып қойылған зейнетақы мен жәрдемақы оларды алу құқығы асыраушысынан айырылуы себепті жәрдемақымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы ереже өздеріне қатысты отбасы мүшелеріне көшкен жағдайда қайтадан төлене бастайды. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мәселен, зиянның өтелуіне талапкер адамның ұстауға, қамауға алуға, үйде қамауда ұстауға, қызметтен уақытша шеттетуге, арнаулы медициналық мекемеге орналастыруға, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеліп соққан жағдайларды қасақана туғызғаны қылмыстық сот ісін жүргізу барысында дәлелденетін болса, ол аталған іс-әрекеттердің оған заңсыз қолданылғаны сөзсіз анықталатын болса да, өзіне келтірілген зиянды өтеттiру құқығынан айырылады. Сонымен бірге ерікті түрде өзіне-өзі жала жабу, зиян келтірілген адам жөнінде қоқан-лоқы, зорлық-зомбылық және нақты немесе басқадай ықпал етудің басқа да заңсыз шаралары колданылуына байланысты белгілердің болуына жол бермейтінін ескеру қажет. Аталған белгілер бар болған жағдайда адамның келтірілген зиянды өтеттiру кұқығы сақталады.

1.2 Зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелердiң түсiнiгi және жалпы ережелерi

Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, кауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.Жоғарыда аталған субьектілердің іс-әрекеттері зиян келтіре отырып, бірқатар жағдайларда, куқыққа қайшы сипатқа да ие болады. Олар, оларды жасаған тұлғаға азаматтық-құқықтық жауапкершілік жүктелуге мүмкін болатын белгілерге сәйкес болған кезде, азаматтық құқық бұзушылық, басқаша айтқанда деликтілік, сника ие болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, олар азаматтық құқықтық жауапкершіліктің негіздемесі ретінде бағаланады. Бұдан ары біз осыған қажетті шарттарды (талаптарды) сондай-ақ зиян келтіру салдарынан туындайтын құқықтық қатынастарды қарастыру кезінде қолданылатын түсініктерді айқындайтын боламыз. Алдымен азаматтыққұқықтық жауапкершілік тусінігіне қысқаша тоқталайық.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс кала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастарының реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын, бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзшылықты одан әрі ушықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбір көрген тарапты озбырлыққа (рұқсат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзшылық жасауға итермелеуі мүмкін. Тұлғалардың бұзылған құқықтары меп мүдделерін бірдей калпына келтіруге, аталған темденциялардың қауіптілігін елеулі түрде төмендетуге мүмкіндік беретін азаматтық құқықтың институты болып азаматтық-құқықтық жауапкершілік табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қырлары шарттық міндеттемелерді қарастыру кезінде зерделенген болатын. Онда шарттық жауапкершілік туралы сөз болған. Бұл жауапкершілік көп жағдайда азаматтық құқықтық шарттар қатысушыларының арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеуге септесетіндігімен сипатталады. Сонымен қатар белсенді қолданысқа деликтілік жауапкершілік те ие. Оны субъектілер өзара шарттық қатынастармен байланысты болмайтын жағдайларда құқық бұзушылықтар жасағаны үшін туындауға тиіс болатын азаматтық құқыктық жауапкершіліктің бір түрі деп атауға болады (қазіргі құқық аясында оны бұрынғыдай біржақты түсінбейді).
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің аталған түрлерінің ортақтығына қарамастан олардың айырмашылықтарын да атап ету қажет. Деликтілік жауапкершілік дәстүрлі түрде азаматтық құқыктык өз алдына бөлек институты болып табылады. Оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар ең алдымен оның құрамында императивтік нормалардың басым болуымен сипатталады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік - заңдық (құкыктық) жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Оған да заңдық жауапкершіліктің белгілері тән. Олар:
1) мемлекеттік мәжбүрлену мен ажырағысыз байланыс;
2) іс-жүзіндегі негіздеме - құқық бұзушылық болуы;
3) құқық бvзушы тәртібінің мемлекеттік және қоғамдық айыптаумен байланысы.
Алайда азаматтық-құқықтық жауапкершілік спецификалық өзіне тән ішкі белгілерге ие. Ол кылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық тәртіптік жауапкершілілікпен қатар жеке өзіне арналған мақсаттарға ие. Азаматтыққұқықтық жауапкершілік субъектілері іс-әрекеттерінін айрықша азаматтыққұқықтық салдарына реакция бiлдiру ретінде қолданылады және өзі сонымен бірге өзін колдану үшін түрткі болғандардан ерекшеленетін, белгілі бір азаматтық-құқықтық салдарға алып келеді. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің басқа да заңдық (құқықтық) жауапкершіліктерден тағы бір ерекшелігі, ол туралы нормалар оны жүзеге асырудың ерікті тәртібін де жоққа шығармайды. Соған орай азаматтыққұқықтық жауапкершілікті азаматтық құқық теориясында жасалып қойған құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қажеттілігі ретінде анықтайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен деликт жасаған құқық бұзушыға әсер ету шарасы болып табылатын, оның санкцияларын ажыратқан жөн. Зиян келтіргені үшін (шарттан тыс, дейліктілік) жауапкершілік аясында негізгі санкция болып келтірілген зиянды өндіріп алу табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік жеке сипатқа ие. Яғни оның қолданылуы құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілген субъектінің немесе жәбірленушінің атынан талап-арыз коюға құқылы тұлғаның еркіне тәуелді болады. Кәмелетке толмағандардың мүдделеріне зиян келтірілген кезде егер олар ата-анасының қамқорлығында болмаса, талап-арыз бала тәрбиелеу мекемелерімен, корғаншылар мен қамқоршылармен, тікелей қорғаншылық және қамқоршылык органдарымен немесе прокурормен қойылады. Өз құқықтарын өздері қорғай алмайтын тұлғаларға зиян келтірілген жағдайларда азаматтық-құқықтық жауапкершілік мүмкіндігінше мүлтіксіз жүзеге асырылуға тиіс. Ол үшін қажетті жағдайлар заңнамамен қалыптасуға тиіс. Мұндай қажеттілікті деликтілік құқық нормаларын қолданатын мемлекеттің құзіретті органдары мен соттары тарапынан ескерген жөн. Мемлекетке, жария мүддеге зиян келтіру жағдайларына да қатысты осындай ой айтыла алады.
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің жеке сипаттылығының тағы бір қыры - азаматтық-құқықтық жауапкершілік лекциялары жәбірленушінің өз пайдасына қолданылады, ал жария-құқықтық жауапкершілікті қолдану санкцияларды салыстырмай-ақ біреудің пайдасына не мемлекет пайдасына қолдануға алып келеді. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жеке-құқықтық сипаты зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер құрылымын құрастырудың бірден бір себебі болып табылады. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік міндеттемелік құқықтық қатынас нысанынан басқа нысанда жүзеге асырыла алмайды. Ол қатысты болып табылады және жауапкершілік субъектісін де, құқықтық талаптілек білдірудің, иесін де сөзсіз айкындауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің аталған түрі заңнамаға сәйкес туындайды. Ол тараптардың келісімі бойынша тоқтатыла алмайды. Оны іс жүзінде жүзеге асыру, алдында атам өткеніміздей, жәбірленуші субъектінің өз еркіне тәуелді болады. Ол, жалпы өзі аркылы адамдардың қандай да бір әлеуметтік маңызы бар қызметін (тауарларды беру, жұмыстарды атқару, кызметтер көрсету) туындату мақсатын көздемейді, ол тұтастай және толығымен адамдардың бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес аяларын қалпына келтіруге бағытталған. Сондықтан зиян келтіруден туындайтын міндеттеме азаматтық-құқықтық міндеттеменің ерекше бір түрі болып табылады. Оның мақсатына сүйене отырып, оны қорғаушы міндеттеме ретінде анықтайды. Егер оның пайда болу негіздерін ескеретін болсақ, онда зиян келтіруден туындайтын міндеттемені деликтілік міндеттеме деп атаған жөн.[2]
Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелермен реттеу аясы туралы осы айтылған сөз, осындай міндеттемеге сүйене отырып, міндетті субъект баска субъектінің таңдасына зат (тауар) беруге тиіс болатындығын жоққа шығармайды, бірақ бұл бұзылған құқықтарды қалпына келтіру қажеттілігімен жетеленеді. Міндетті субъектімен жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету тәжірибе жүзінде колданылмайды, бірақ жоққа шығарылмайды. Бұл орайда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме осындай жан-жақты мазмұнға барлық жағдайларда емес, ал, тек зиян мүлікке ғана (тұлғалардын жеке мүліктік емес игіліктері мен құқықтарына емес) келтірілген жағдайда ие болады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме, басым жағдайларда субъектілердің абсолюттік құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл оны тұлғалардың кез келген құқықтарын оларға кез келген құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау мақсаттарында пайдалануға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда деликтілік міндеттеме күрылымын пайдалана отырып тұлға өзінің нақты бір субъектіге қатысы бар, катысты құқықтарын да қорғап алады. Бұл, мысалы тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жетіспеушілігімен келтірілген зиянды өндіріп алу кезінде орын алалы.
Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келтірушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін камтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністін) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме. Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтыққұқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялық, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардын бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.
Оларға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің санкпияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалын да сезінері анық. Бұл азаматтық құқықтық жауапкерпііліктін белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышкор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумалық бөліністер бола алады. Объективті түрде, өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.
Борышқорлар ретінде де, құқыққа қайшы іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынаң зиян келтірген, кез келген субъектілер танылады. Басқа тұлғалардың әрекеттері үшін заң бойынша жауап беретін тұлғаларға ата-аналар (асырап алушыилар) қамқоршылар, оқу, емдеу, тәрбие және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз тұлғаларға қадағалауды жүзеге асыруға тиіс өзге де мекемелер мемлекеттік ұйымдар жатқызылуы мүмкін. Орын алған жағдайға, зиян келтіруден -туындайтын міндеттеменін пайда болу себебіне (не мүліктің не мүліктік емес зиянды келтіру), міндеттемелер қатысушыларына байланысты оларды әмбебап құқық мирасқорлығына немесе суброгацияға жол берілуі мүмкін. Мысалы, мұрагерлер, құқық мирасқорлығының нәтижесінде, қайтыс болған азаматтың мүлкіне келтірілген зиянды өтеуді талап ету құқығына ие болуы мүмкін. Сақтандыру ұйымы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартына катыса отырып, сақтандыру жағдайы туындаған және ол зиянды етеу кезінде зиян келтіруден туыйдайтын міндеттемеде кредитор орнын иеленетін болады. Борышқор ин зиянды өтеген тұлға (мысалы, солидарлы борышқорлардың бірі) да одан қатысты регрестік міндеттеме аясында кредитор болады.
Міндеттеме түрі болыл ол бойынша тиесілі өтем табылады. Өзге міндеттемелерге қарағанда зиян келтіруден туындайтын міндеттеме пәні өте жиі жагғдайларда анықталмаған болып табылады. Зиян келтіруден туындайтын талап-арыздар "бәсекелесе"" алатын талап-арыздарға жатады, зиян мөлшері және тиісінше тиесілі өтем ақы мөлшері талап-арыз бергенде, тәжірибе жүзінде дәлме-дәл есептеле алмайды. Сол себептен міндеттеме пәні әдетте сотпен нақтыланады. Міндеттеме пәні зиянды өтеудің сотпен таңдап алынған тәсіліне байланысты болады. Сот зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты тұлғаны келiтiрiлген залалдарды толығымен өтеуге немесе оны заттай етеуге міндеттейтін болады. Адам өмірі мен денсаулығына және моральдық зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша міндеттеме пәні өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндетеме бір жақтың міндеттеме болып табылады. Сондықтан оның мазмұнына зиян келтіруші тұлғаның (өзге де тұлғаның) келтірілген зиянды өтеу міндеті кіреді. Оны өтеу тәртібі, мерзімдері заңнамамен, сот шешімімен, тараптардың келісімімен анықталатын болады немесе міндеттеме мәнісінен туындайды. Ал жәбірленуші зиянды өтеу жөніндегі міндетті оның алдында іс жүзінде орындауды талап етуге құқылы. Жоғарыда атап өткеніміздей, көптеген қатысушылары бар міндеттеме туындауы мүмкін. Жәбірленушілер тарапынан тұлғалардың көптігі, мүлік екі және одан да көп тұлғалардың ортақ бірлескен меншігінде болған кезде немесе өзге де соған ақсас жағдайларда орын алады. Зиянды бірлесе отырып келтіру ретінде зиян келтіру сол үшін жауапты бірнеше тұлғалардың ортақ ниеттерімен бірлескен іс-әрекеттермен жүзеге асырылған) қамтылатын жағдайлар бағаланады.

2. АЗАМАТТЫҢ ӨМIРI МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТIРIЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ
2.1 Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қабылдауы

Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбек міндетін атқаруына байланысты мертігіп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншіктің барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуі жөніндегі ережесінің 15-бабының мағынасы бойынша жұмысшыға келтірілген зиянды өтеу туралы талап арыз оның өзінің талабы бойынша немесе қайтыс болған жұмысшының отбасы мүшесінің талабы бойынша ұйым әкімшілігінің шешімі шығып, оған зардап шегуші немесе қайтыс болған адамның отбасы мүшесі келіспеген жағдайда немесе әкімшілік сол талаптарды бекітілген он күндік мерзім ішінде қарамаған жағдайда сот өндірісіне қабылданады. ўкімшілік зардап шегушінің арызы бойынша уақытылы шешім қабылдамаған жағдайда, соңғысы тікелей сотқа шағымдануға құқылы. Зардап шегушінің әкімшіліктің зиянды өтеу туралы шешіміне келтірген шағымын қараған кезде, сот талап арызды даулы ақша сомасына қатысты ғана емес толық көлемде қарауға міндетті. Сот зардап шегуші медициналық куәландырудан өткеннен кейін жаңа мерзімге сомалар тағайындау туралы талап арыздарын өз өндірісіне алғашқы түскен арыздар тәртібінде қабылдайды. Толық не ішінара кәсіби еңбек қабілеттілігін, ал ондайы болмаған жағдайда - жалпы еңбек қабілеттілігін жоғалтқан зардап шегушілер денсаулыққа келген зиянды өтеттiруге құқылы. Егер мертігу немесе өзге де денсаулықтың зақымдануы кәмелетке жетпеген, жасы 14-ке толмаған және еңбек ақы алмайтын адамға келтірілсе, денсаулығының зақымдануына байланысты шығындар өтелуге жатады. Зардап шегуші (асыраушы) қайтыс болған жағдайда оның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейін одан жәрдем алып тұруға құқы болған еңбекке жарамсыз адамдар, сондай-ақ адам қайтыс болғаннан кейін дүниеге келген оның баласы зиянды өтеу құқына ие болады. Келісім-шарт бойынша, еңбек (қызмет), міндеттерін, әскери-қызмет міндеттерін орындаумен байланысты жұмысшы денсаулығына келген зиянды ұйым немесе жумыс беруші жеке тұлға, егер олардың кінәсі танылған жағдайда ғана өтейді. Мұндайда денсаулыққа келтірілген зақымның ұйым аумағында немесе одан тыс жерде жасалғаны ескерілмейді.
Егер жұмысшы денсаулығына келісім-шарт бойынша, еңбек (қызмет) міндеттерін, әскери-қызмет міндеттерін орындаумен байланысты зиян қатерлі орын туғызу арқылы келтірілсе, бұндай зиян келтіргені үшін қатерлі орын туғызушы иесі жауапты болады. Бірақ, егер жұмысшының өміріне және денсаулығына келген зиян ұйымның немесе жұмыс беруші-жеке тұлға берген көлігі арқылы жұмыс орнына бара жатқанда немесе одан қайтар жолда туындаса, онда олар зардап шегушінің алдында жауапты болады. Кызметін басқа адамдарға қауіп-қатермен байланысты жеке және заңды тұлғалар, егер зиянның келтірілуі бой бермейтін күштің салдарынан немесе зардап шегушінің қасақаналығынан болғаны дәлелденбесе, қатерлі орын туғызу арқылы келтірілген зиянды өтеуге міндетті. Қатерлі орын туғызу иесі келтірілген зиян үшін қазіргі заң негізінде белгіленетін мөлшерде жауап береді. Жүзеге асырылуы адамның оны толық бақылауға алуына келмейтіндіктен зиян келтіретін қатерлі орын туғызатын кез келген әрекеттер, сондай-ақ осындай сипаттағы өндірістік, шаруашылық және басқа да бағыттағы заттар мен өзге объектілерді пайдалану, тасымалдау, сақтау жөніндегі қызмет қатерлі орын туғызушы болып танылады. Соттар заңды тұлғалар мен азаматтардың үй (оның ішінде қызмет және күзетші иттерінің) және жабайы жануарларының зиянды және бақылауға келмейтін қимылдарын кейбір жағдайларда қатерлі орын туғызушыға жатқызуға болатындығын ескеруі тиіс.
пайдалануды меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оперативтік басқару құқығы ретінде немесе басқа да негіздер бойынша (жалға алу келісім бойынша, көлік құралын жүргізу туралы сенім хат бойынша, құзыретті органның қатерлі орын туғызушыны тапсыру туралы өкімі бойынша) иелену негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаны немесе азаматты қатерлі орын туғызу иесі деп тану керек.
Қатерлі орын туғызушыны оның иесімен еңбек шарты бойынша басқарып отырған адам (жүргізуші, машинист, оператор және т.б.) қатерлі орын туғызушының иесі болып танылмайды және зардап шеккен адамның алдында жауапты болмайды. Егер автокөлік кәсіпорындары және басқа да кәсіпорындар автомашиналарын өзінің жұмысшыларына, яғни кәсіпорынмен еңбек қатынастарында болып, кәсіпорын мүддесінде еңбек еткен адамдарға жалға беру шарты бойынша тапсырса және көлік құралы нақты айтқанда кәсіпорынның иелігінен шықпаса, онда келтірілген зиян үшін қатерлі орын туғызу иесі ретінде кәсіпорын жауапты болады. Қатерлі орын туғызушылардың өзара әрекеттестігі нәтижесінде олардың иелерінің денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, соттар келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің жалпы негіздер бойынша туындайтынын ескеруі керек.
Соттар зардап шеккен жұмысшыға зиянды өтеу үшін оның алмақ болған немесе анық алмақ болған жалақысын (табысын), бір жолғы жәрдем ақыны төлеу және денсаулығына зиян келумен байланысты, егер оларды қажет ететіні және оларды ақысыз алмайтыны танылса, (емдеу, қосымша тамақтану, дәрі сатып алу, протез жасау, біреудің күтуінде болу, курорт-санаторлық емдеу, арнайы келік құралдарын алу, басқа мамандық алуға дайындау және т.б.) басқа да қосымша шығындардың орнын толтыру керек екенін ескеруі керек. Бұл орайда, соттар жоғалтқан жалақысын (табысын) белгілеген кезде зардап шегушінің мертігуі немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты денсаулығына зиян келтірілгенге дейін және одан кейін тағайындалған мүгедектік ақы, сондай-ақ зейнетақы төлемдері өтеу есебіне кірмейтінін ескеруі тиіс. Сондай-ақ зардап шегушінің денсаулығына зиян келтірілгеннен кейін алған жалақысы есептелмейді.
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға ETM әкімшілігі тапсырмасы бойынша жұмыс істеген кезде келтірілген зиянды өтеу жалпы негіздер бойынша жүзеге асырылады. Талап арызды қанағаттандырарда сот өз шешімінде ұйымның, жұмыс беруші жеке тұлғаның зардап шегушінің денсаулығына зиян келтіруде немесе асыраушының қайтыс болуына нақты кінәсі қандай екенін көрсетуі тиіс. Талап арызды қанағаттандырмаған кезде ұйымның, жұмыс беруші жеке тұлғаның денсаулыққа зиян кетіруде кінәсі жоқ екенін негіздеу қажет. Зиянды өтеу үшін берілетін ақшалай сомалар зардап шегушіге денсаулығына зақым келу нәтижесінде бұрынғы орта айлық еңбек ақысынан айырылған кезден бастап, ал қайтыс болған адамның асырауындағы адамдарға - ол қайтыс болған күннен бастап, бірақ сараптама комиссиясының қорытындысында көрсетілген мерзімде немесе өмірлік олардың зиянды өтеу үшін берілген ақшалай сомаларды алу құқына ие болған күннен кейін берілуі тиіс.
АК-тің 283-бабының талаптары бойынша ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сома (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) ең төменгі жалақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырса, онда зиянды өтеу мөлшерін оның азаюына қарай қайта қарауға болмайды. Зардап шегушіге қайта есептелуге тиіс орга айлық еңбек ақысының деңгейі төмендеген жағдайда, бірақ ең төменгі еңбек ақы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша есеп
Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары
Университеттің ғылыми кітапханасы
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Мемлекет және құқық теориясы
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік құқық негіздері
Қылмыстық процестегі тараптардың тең құқықтылығы мен сайыскерлігі қағидасы. Кәсіптік практика есебі
Отбасылық мейрамхананың бизнес жоспары
ҚР әкімшілік өндірісі
Құқықтық сана және жалпы түсінігі
Мемлекеттік меншікке түсінік
Пәндер