Құқықтық мәртебеге ресми атауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«Бизнес және құқық» факультеті

«Құқықтану» кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні : Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік құқығы

Тақырыбы : Алдын-ала тергеп тексеру

Орындаған: Юп-17-5 студенті

Сарыбаев М. К.

Рецензент: з. ғ. к. доцент

Алибеков С. К

Ақтау 2019

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. АНЫҚТАУ НЫСАНЫНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ . . . 5

1. 1 Анықтау қызметінің тергеу әрекетіндегі рөлі . . . 5

1. 2Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ерекшелігі . . . 11

2. ХАТТАМАЛЫҚ НЫСАНДА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ . . . 17

2. 1 Хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мазмұны мен ерекшеліктері . . . 17

2. 2 Тергеушінің қылмыстық іс органдарымен күштерін біріктіру мәселесі . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

ІІІ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 25

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Курстық жұмыста қарастырылып отырған «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары»бойынша жазылған.

Қурстық жұмыстың өзектілігі: Заңмен белгіленген құқықтық мәртебелерге байланысты қылмыстық іс жүргізудің қатысушылары деп-өзінің немесе өздері білдіретін қықтар мен мүдделерін қорғау мақсатында қылмыстық істі тергеу өндірісіне мемлекеттік органдармен тартылған немесе жіберілген жеке не заңды тұлғаларды айтамыз. Сонымен қатар, олардың қатарына кең ісжүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. Осыған байланысты Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір ісжүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің қозғалысына әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 437 (бірінші, екінші және алтыншы бөліктерінде), 438 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441 (бірінші бөлігінде), 443(бірінші бөлігінде), 447 (бірінші бөлігінде), 448 (бірінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 460, 463 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызметті шақыру немесе келісімшарт бойынша өткеріп жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персональнын адамдары өз қызметтік міндеттерін орындауға байланысты немесе осы бөлімдер, құрамалар және мекемелер орналасқан жерде жасаған, осы баптың он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырма екінші - Жиырма төртінші бөліктерінде көрсетілген істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді әскери полиция органдары жүргізеді. Осы баптың жиырмасыншы бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған, олар бойынша анықтау жүргізу міндетті емес және жиналған материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылатын барлық өзге де қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 (бірінші бөлігінде), 236 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қаржы полициясы органдары не кеден органы жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 (бірінші бөлігінде), 345 (бірінші бөлігінде) . 348 (бірінші бөлігінде), 353 (бірінші бөлігінде), 378, 379 (бірінші бөлігінде), 382 (бірінші бөлігінде), 390 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ішкі істер органы не егер олар күзету іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тікелей тізбесі заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізеді. Анықтау - өндірісі аяқталысымен істе бар дәлелдер мен дәйектемелерді негізге ала отырып, анықтаушы айыптау хаттамасын жасайды.

Хаттамада оны жасаған уақыты мен орны, хаттама жасаған анықтаушының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіледі; қылмыс жасау мән-жайлары түгел баяндалады; айыпкер туралы мәліметтер, іске қатысы бар деп есептелген басқа да мән-жайлар айыпкерді жауаптылыққа тарту жөніндегі Қылмыстық кодекстің бөлігі, бабы, тармақтары көрсетіледі.

Айыртау хаттамасына анықтау барысында алынған барлық материалдар, сонымен қатар сотқа шақыруға қажет деп танылған адамдар тізімі қоса тігіледі, сәйкес өзіне айыптау хаттамасын жасаған адам айыптаушы деп танылады.

Айыптау органының бастығы (оған жататындар: бас басқарма, басқарма, бөлім, бөлімше және басқа анықтау органының құрылымдық бөлімше бастықтары) өз өкілеттігі шеңберінде істі материалдарымен қоса прокурорға жолдау үшін бекітуге немесе оны бекітпеуге құқығы бар.

Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы.

Қурстық жұмыстың құрылымы: жазылған курстық жұмыстың көлемі екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттерден турады.

Тақырыптың мақсаты . Курстық жұмыстың мақсаты анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

1 Анықтау нысанында жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру

1. 1 Анықтау қызметінің тергеу әрекетіндегі рөлі

Қылмыстық іс жүргізу қызметі іс-жүргізушілік-құқықтық қатынас нысанында жүзеге асырылады. Ал өз кезегінде мұндай қатынасқа түскен субъектілер заңға сәйкес белгілі бір іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болады. Сонымен қатар, олардың қатарына кең іс-жүргізушілік құқықтар мен міндеттерге ие болатын, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органда және көмекші қызметтерді атқаратын өзге тұлғалар мен органдар жатады. Осыған байланысты қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеу мәселелесімен көптеген авторлар айналысқан. Қылмыстық іс жүргізу қатысушыларын жіктеудің қандай түрі болмасын, ондағы басты рөлді мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар атқарады. Оларға қылмыстық істі жүргізу, қылмыстық ізге түсуді бастау, қылмыстық істі бағыттау және оның тағдырын анықтау туралы шешімдерді қабылдау бойынша арнайы өкілеттіктер берілген. Іс жүргізудің қалған қатысушыларының орны өзгеше. Олардың өздері іс бойынша ешқандай шешім қабылдамайды, бірақ іс жүргізуге қатыса отырып, белгілі бір іс-жүргізушілік қызметті жүзеге асырады және сонысымен қылмыстық істің қозғалысына әсерін тигізеді.

Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарына прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы және анықтаушы жатады (ҚР ҚПК 7-бап) . Біздің диссертациялық зерттеу пәніне анықтау органы мен анықтау органы бастығының іс-жүргізушілік-құқықтық қызметтері мәселелері кіреді. Сондықтан да, біз іс жүргізу заңдылығын жетілдіру мақсатында осы екі субъектінің төңірегінде жиналған, әлі шешілмеген сұрақтарды қарастырамыз. Соның ішінде, әсіресе, “Анықтау органдары дегеніміз не, олар немен айналысады. Оның құқықтық мәртебесі және Анықтау органының бастығы деп кімді айтамыз, Оның құқықтық мәртебесі қандай деген мәселелерді қозғаймыз. Анықтау органы мен анықтау органы бастығының құқықтық мәртебелерін реттей отырып, заң шығарушы бұл іс жүргізудің қатысушыларына нақты және толық анықтамалар бермеді. Бір жағдайда оларға мемлекеттік органдар жатады:

1. Ішкі істер органдары;

2. ұлттық қауіпсіздік органдары;

3. әділет органдары - сот шешімдерінің атқарылу тәртібін бұзуға байланысты Қылмыстар туралы істер бойынша;

4. қаржы полициясы органдары;

5. кеден органдары- контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша:

6. әскери долидия органдары - ҚР қарулы күштерінде, ҚР басқа да әскерлері мен әскери драмаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азаматтар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша;

7. мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері - өртке байланысты барлық қылмыстар туралы істер бойынша;

Басқа жағдайларда оларға мемлекеттік органдар мен мекемелердің басшылары жатады:

1. шекара бөлімдерінің командирлері - ҚР мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ ҚР континентальдық шелфiнде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша;

2. әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың, командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары-ҚР Қарулы Күштерінде басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынышты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық Қылмыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша;

3. ҚР дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктердің басшылары - өздерінің қызметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша;

Заң анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтар мен міндеттерді сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына жоғарыда аталған анықтау органдары алыс, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктейді.

Біріншіден, анықтау органдарының бұндай топтарға бөлінуі, ондағы анықтауды жүргізетін лауазымды тұлғалардың санына байланысты. Жоғарыда айтылған екінші топтағы анықтау органдарына қарағанда, бірінші топтағы анықтау органдарында (әсіресе ішкі істер органдарымен салыстырып қарағанда лауазымды тұлғалардың саны басым болып келеді. Бұны ол екі топтың да анықтау органдарымен жүргізілетін Қылмыстық істердің мөлшерімен де түсіндіреді.

Екіншіден, мемлекеттік органдар басым көпшілік қылмыстық істер бойынша анықтауды жүргізетіндіктен, олардың негізгі функциясы болып анықтауды жүргізу функциясы табылады. Ал екінші топтағы анықтау органдарының негізгі функциясы мысалы әскери бөлімдерде әскери тәртіп пен құқық тәртібін сақтау болғандықтан, әдетте, бұл мекемелермен анықтау жүргізілетін Қылмыстық істер аз немесе мүлдем болмауы мүмкін (мысалы, теңіз кемелерінде) . Сондықтан да, анықтау өндірісі соңғы аталған органдарда эпизодикалық сипатқа ие болып, тұрақты функция ретінде бола алмайды. [1]

Анықтау органының бастығы реттелген, бұл нормаға сәйкес анықтау органы бастығы болып өз құзыретінің шегінде Бас басқарманың (Департаментiң), басқарманың, бөлімінің, бөлімшенің және анықтау органының өзге де бөлімшелерінің бастықтары табылады. Біздің ойымызша, анықтау органының бастығы түсінігіне берілген бұл анықтама нақты және толық емес, оның себебі, ол тек 65-бапта көрсетілген орган деп аталатындарға ғана қатысты, ал қалған анықтау органдарының түрлеріне қолдануға жатпайды ( шекара бөлімдерінің командирлері, әскери бөлімдердің, сұрамалардың командирлері, дипломатиялық өкiлдердiң, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдердің басшылары, т. с. ) сонымен қатар, бұл анықтама анықтау органы бастығына тән барлық белгілерді ашып көрсетпейді. Бұл екі категория түсініктеріне баға бере отырып, біз олардың бір-біріне өте жақын және ұқсас ұғымдар екенін тұжырымдаймыз. Бұндай қортынды жасауға көптеген ісжүргізуші ғалымдардың осы екі түсінікке берген көзқарастары, пікірлері себеп болды. В. Н. Шпилев, А. П. Рыжаков пен А. И. Сергеев, В. М. Савицкий мен Ф. А. Томасевич, А. А. Чувилев, Р. Х. Якупов, Л. В. Павлухин, т. с. с. Енді жоғарыда айтылған анықтау органы мен анықтау органының бастығы түсініктеріне жанжақты, толық және нақты дефинициялар беру мақсатында бұл субъектілердің құқықтық мәртебелерін ескере отырып, осы ғалымдардың көзқарастарын қарастырайық.

Анықтау органы болып оның құзыретіне жатқызылған кез-келген іс бойынша анықтауды жүргізуге құқылы басшы табылады. Анықтау органының бастығы анықтауға басшылық етіп, нақты істер бойынша анықтауды жүргізу үшін тұлғаларды тағайындайды.

В. Н. Шпилевтің көзқарасы бойынша, анықтау органы-бұл анықтауды жүргізуге екiлеттiгi бар мекеме немесе сол мекемені басқарушы лауазымды тұлға. Демек, осы анықтамаға және ҚР ҚІЖК 65-бабының 2-бөлігіне сүйене отырып, анықтау органдары болып мыналар табылады екен: ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, қаржы полициясы, кеден, әскери полиция органдарының бастықтары, шекара бөлімдерінің командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары, өртпен күресу қызметінің мемлекеттік орган бастығы, ҚР дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және өкілетті өкілдіктердің басшылары.

Басқаша айтқанда, анықтау органы бастығының мәртебесін белгілейтін сол анықтау органы немесе мекеме, ал ондағы біз айтқан орындаушылар, яғни лауазымды адамдардың мәртебесі олардың өкілеттіктері, құқықтары мен міндеттері негізінде белгіленеді. Ал осыған байланысты, В. М. Савицкий мен Ф. А. Томасевич басқашалай анықтама берген. Олардың пікірінше, анықтау органының бастығы белгілі бір мекеменің тек әкімшілік басшысы болып табылады және ол ешқандай да ісжүргізу қызметтеріне ие бола алмайды. Біз бұл ғалымдардың берген анықтамасымен жартылай келісеміз. Оның себебі, бір жағынан, кез-келген мемлекеттік мекеме бастығы қызметінің негізгі сферасы әкімшілік немесе басқарушылық сипатқа ие. Ал, екінші жағынан, ҚР ҚІЖК 66-бабына көз жүгіртетін болсақ, анықтау органының бастығы процессуалды басшылық ету және тергеу функцияларын жүзеге асырады, олай болса, оның қызметі сонымен бірге, іс-жүргізушілік құқықтық сипатқа да ие. Осы анықтамаға ұқсас, біршама толық пікірді Ю. Н. Белозеров те білдірген болатын. Оның көзқарасы бойынша, полиция қызметіне тән үш бағытты бөліп қарауға болады және олардың әрқайсысының айрықша құқықтық сипаты бар. Олар: әкімшілік қызмет, жеделіздестіру қызметі, анықтау өндірісі. Алайда, ҚР “Жедел-iздестiру қызметі туралы” Заңының 6-бабына сәйкес анықтау органдарының кейбіреуінің ғана жедел-iздестiру қызметімен айналысуға құқығы бар. Олай болса, Ю. Н. Белозеровтың берген бұл пікірі заңда белгіленген барлық анықтау органдарына қатысты бірдей қолдануға келмейді. Сол себептен де, анықтау органдары түсінігінің дефинициясын берген кезде олардың жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыратындығын ерекше белгілеп айтудың керегі жоқ. Өйткені, бұндай жағдайда біз, анықтау органдарына кіретін мемлекеттік органдар мен мекемелердің санын жасанды түрде азайтып алуымыз мүмкін.

Бірқатар ғалымдардың пікірлерін қарастырып, олардың әрқайсысына біздің көзқарасымызды білдірігенен кейін, жоғарыда айтып өткендей бұл категориялардың іс-жүргізушілік-құқықтық мәртебесіне көңіл аударғанды жөн көріп отырмыз. Ең біріншіден, құқықтық мәртебенің не екенін, оның элементтерін еске түсірейік. “Мәртебе” этимология мағынасында - бұл субъектінің “құқықтық жағдайы, қалпы”. Яғни, егер құқықтық мәртебені тұлға мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің, индивид пен басқа индивидтің өзара қатынасын көрсететін белгілер жүйесі ретінде кең мағынада қарастырсақ, онда адамның қоғамдағы шынайы жағдайын заңи түрде анықтайтын, сипаттайтын, кепілдейтін, бекітетінінің барлығы құқықтық немесе заңды мәртебені құрайды. Құқықтық мәртебенің элементтерін Д. Д. Цабрия аса шеберлікпен сипаттап өтті. Ол, басқару органдарының құқықтық мәртебесін талдай отырып, олардың мемлекеттік органдардың жалпы жүйесінде орнын, түрін, белгілеуін, сипатын анықтайтынның барлығы мәртебенің сипатын құрайтынын айтты. Құқықтық мәртебеге ресми атауы; құрылу тәртібі мен тәсілдері; аумақтық қызметі; Қызметтің мақсаттары; міндеттер мен функциялар; нақты билік өкілеттіктерінің көлемі мен сипаты; қызметтің нысандары мен әдістері; органдағы ведомстваға қарасты мәселерді шектеу тәртібі; жауапкершілік; органды қаржыландырудың қайнар көздері; заңды тұлғаның құқықтарының бар-жоқтығы; белгілі бір құрылымға ие болу құқығы және міндеті, мемлекеттік рәміздерді пайдалану құқығы және міндеті. Мәртебе қызметінің мазмұнын сипаттайтын элементтерге, яғни мақсаттарға, міндеттерге, функцияларға, нақты билік өкілеттіктеріне және жауапкершілікке ерекше назар аудару керек. Бұл элементтер куқықтық мәртебенің өзегі болып табылады. Сонымен қатар, А. П. Круглоков анықтау органдарының құқықтық мәртебесінің элементтері қатарына олардың қылмыстылық пен күресті жүргізетін басқа да мемлекеттік органдармен және азаматтармен процессуалдық қарым-қатынасын жатқызады. Бұл мәселелерді ұғып алғаннан кейін, құқықтық мәртебенің бұл элементтерін ең біріншіден, анықтау органына қатысты қолданайық. Анықтау органының мақсаттарын сөз еткенде, олардың іс жүргізу заңдылығында көзделмегендігін ескерген жөн. Бұл іс жүргізу заңдылығындағы тағы бір кемшілік. Ол заң ғылымында “мақсаттар” және “міндеттер түсініктерінің теңдестіріл-гендігімен түсіндіріледі. Логика тұрғысынан алып қарағанда қылмыстық іс жүргізудің міндеттері осы қылмыстық іс жүргізудің жалпы мақсаттарынан тікелей шығу керек және шығады, ал қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары өз кезегінде Қылмыстық сот ісінің жалпы бағыттарын анықтайды. А. Л. Хан өзінің диссертациялық зерттеуінде қылмыстық іс жүргізудің мақсаттары болып іс бойынша ақиқатқа жету және жазаны жүзеге асыру табылады және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу органдарының алдына міндеттер қойылады деп жазған. Анықтау органының сотқа дейінгі қызметпен айналысатынына байланысты, оның міндеттері жалпы міндеттерден, қылмыстық іс жүргізудің кейбір қағидаларынан және дәлелдеуге жататын мән-жайлардан шығады. Олар төмендегідей:

Қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және әділ қылмыстық жазаға тарту - істің мән-жайын обьективті, жан-жақты және толық зерттеп, қылмыстық заңды дұрыс қолдану;

- азаматтарды заңсыз айыптау мен соттаудан қорғау, заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда толық ақтауды қамтамасыз ету;

- дәлелдемелерді табу мен бекіту негізінде оларды қылмыстық іс жүргізуде және сотта қолдану үшін алғышарттар жасау;

- қылмыспен келтірілген зиянның бар-жоқтығын анықтау, бар болған жағдайда, оның мөлшерін анықтау және оны қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау;

- қылмыстың алдын алу мен оны жасауға итермелеген жағдайларды анықтау, оларды жотю;

- заңды және дәлелді түрде айыпталушы ретінде жауапқа тарту;

- заңдылық пен құқық тәртібін нығайту;

- құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыру.

Анықтау органдарының функцияларын жалпы 3-ке бөліп қарауға болады: әкімшілік, тергеу және жедел іздестіру. Бiрак, соңғысын барлық анықтау органдары бірдей жүзеге асырмайды. Оның себебін біз жоғарыда толық түсіндіріп кеткен болатынбыз. Анықтау органдары мемлекеттік мекемелер мен басшылар деп бөлінген, ал мемлекеттік мекемелердің өздері оны басқаратын басшыдан және лауазымды тұлғалардан тұрады. Демек, олар қылмыстарды тергеуге бағытталған іс жүргізу қызметі мен басқа қызметтерді атқарады. [2]

Аныктау органдары іс жүргізу қызметін жүзеге асырған кезде келесі құзыреттерге ие болады: - қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану; - алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша көзделген тәртіппен Қылмыстық іс жүргізу және жедел - іздестіру әрекеттерін орындау; - алдын ала тергеу міндетті емес iстер бойынша анықтауды жүргізу; - алдын ала тергеу жүргізу мерзімі екі ай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропалық одақ институттарының принциптері жайында
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Сертификат беру
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты
Дипломатиялық және консулдық құқық ұғымы
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың ынтымақтастығы
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы және құқықтық мәртебесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz