Қылмыстық істің материалдарымен танысуға және сот шешіміне шағымдану құкығын беру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ
«Бизнес және құқық» фақультеті
«Құқықтану» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қылмыстық процестік құқығы
Тақырыбы: «Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері»
Орындаған: Юп-17-5 студенті
Утешова А. М
Рецензент: з. ғ. к доцент Алибеков С. У
Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
I ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ . . .
1. 1. Заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы . . .
1. 2. Аппеляциялык шағым беру, наразылык білдіру кұқығы және тәртібі . . .
II АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ . . .
2. 1. Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері . . .
2. 2. Аппеляциялық сатыдағы өндірістің және шешім қабылдаудың тәртібі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері қарастыру.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында Қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бурмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яғни істі қысқарту жөніндегі қаулы - бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жүргізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотың тексеруіне жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқықтары мен бостандықтарының соттық қорғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың құқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.
Апелляциялық сатыдағы (инстанциядағы) өндіріс - күшіндегі заңның новелласы болып табылады. Алайда, кылмыстық іс жүргізудің бірде-бір сатысы жана ҚПК-сі қабылданған уакыттан бері мұндай өзгертулерге ұшыраған жоқ.
Апелляциялық өндірістің алғашқы варианты заң шығарушымен істердің сотта қаралу нәтижелерін тексеру нысанында болды. Істердің апелляциялық тәртіппен кайта каралу тәртібі, ол кұрылған сәттен бастап көптеген сенімсіздіктер туғызғандығын айта кету керек. ҚПК-нін тиісті ережелерінің күшіне енгізілуінің кейінге қалдырылуының себептерінің бірі осы болса керек.
Қазақстан Республикасының 2001 жыл 11 шілдедегі Заңымен бекітілген сот шешімдерін шағымдану және наразылык білдіру тәртібі бұрынғы кассациялық және апелляциялық өндірістің жеке элементтерін біріктірді. Яғни, бұл жерде бұл шағымдану, наразылық білдіру тәртібінің жаңадан туылғандығы жөнінде айтуға болады.
Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін бейтаныс болғандыктан, апелляциялық өндіріс туралы ережелердің іс жүзінде қолданылу проблемалары кім-кімді де қызықтырары анық. Бұл жерде қылмыстық іс жүргізу қызметі субъектілерінің алдында тұрған міндеттердің үлкен маңыздылығын, күрделілігін және айрықшалығын ескере отырып, апелляциялық өндіріске арналған отандық құкықтық әдебиеттердің жоқтың қасы екендігін, ал қазақ тіліндегі ондай әдебиеттердің жоқ екендігін айта кету керек.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығында алғаш рет қылмыстық іс жүргізудің жаңа сатысы, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру, яғни апелляциялық сатысын кешенді түрде талдау жасауға талпынысымен анықталады.
Жүргізілген зерттеу қылмыстық сот өндірісіндегі жаңа саты, апелляциялық сатының мәнін, мазмұнын ашуға, тәжірибеде қолданылуын зерттеуге, тарихи және салыстыру-құқықтық талдаулар жасауға және қылмыстық іс жүргізу сатыларының ішінде алатын маңызды орнын ашуға мүмкіндік береді.
Осы жоғарыда айтылғандарды ашу, зерттеу және талдау жасау бітіру жұмысының мақсаты болып табылады және ол мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
- заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылықкелтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы, апелляциялық өндірістіңмазмұнын анықтау;
- Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері қарастыру;
- апелляциялық шағымдануға қүқықты тұлғаларды, олардың тәжірибеде қалыптасқан шағымдану, наразылық білдіру әрекеттерін зерттеу;
- апелляциялық сатыда істі қарау тәртібін және оның бұрынғы кассациялық, апелляциялық сатылардан айырмашылығын ашу;
- апелляциялық өндірісітің тарихи және салыстыру-құқықтық талдауларын шығару.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ШЕШІМДЕРІ МЕН ҮКІМДЕРІНЕ НАРАЗЫЛЫҚ КЕЛТІРУ, ШАҒЫМДАНУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
- Занды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық келтіру, шағымданудың түсінігі, мәні және маңызы.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қазакстандық сот жүйесінің негізін, мәнін анықтайтын құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заң болып табылады. Бұл құқықтық актілерге сәйкес, соттар инстанцияларға бөлінеді. Бірінші инстанциялы сот - істі мәні бойынша қарайтын сот. Екінші инстанциядағы сот - заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдеріне наразылық және шағым негізінде істерді аппеляциялық тәртіпте қайта қарайтын сот. Үшінші инстанция - занды күшіне енген сот шешімдері мен үкімдерін қадағалау тәртібінде қайта қарайтын сот.
Жоғарыда аталған соңғы екі инстанциядағы соттар өздеріне заң жүктеген тәртіпте I инстанциялы және одан кейінгі соттардың үкімдерінін, шешімдерінің, қаулыларының негізділігін және заңдылығын тексереді. Тексеру сатысының ең басында аппеляциялык тұрады.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ қателесуден корғау міндеттерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін қайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі соттық тексеруге жатқызылады.
Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады. Оның шығу тарихы сонау көне римдік құқықтан бастау алады. Ол заңды күшіне енбеген сот шешімдерін айта қарау сатысы ретінде жақсы таныс. Аппеляция сот өндірісінің басқа да нысандары сиякты әр уақытта дұрыс көзқараспен қабылданып, түрлі жолдармен дамытылып отырған.
Қылмыстық істің мәні бойынша қабылданған сот шешімі әрқашанда қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғаға, іс жүргізуге қатысқан азаматтарға қоғамға және мемлекетке өте маңызды болып табылады. Сот шешімдері көбінесе сол іспен байланысты адамдардың тағдырын, құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін түбегейлі түрде өзгертеді. Мемлекет сот төрелігін жүргізу өкілеттігін өзіне ала отырып, бүкіл халык атынан әрекет етеді және қоғам алдында қылмыстық істердің әділ, ізгілікті, жылдам және уакытылы шешілуіне жауапты болады. Үкім шығаруда заңды және фактiлiк қателерге бой алдыруға, заң бекіткен тәртіптен ауытқуға болмайды.
Алайда, сот қателерін және іс жүргізушілік нысан нормаларының бұзылуын толық жою өкінішiке орай мүмкін болмай отыр. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін: субъективизм, біліктілігінің төмен болуы немесе судьялардың шатасуы коррупция, қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әрекеттері және т. б. Мұндай кереғар жағдайларды жою үшін заң истанциялы сот шешімдерінің және үкіметінің түпкілікті емес екендігін және оларды қайта қарау үшін шағымдану және наразылық келтіру тәртібін көрсетеді.
ҚР ҚПК-сі аппеляциялық өндірісті заңды күшіне енбеген сот шешімдері мен үкімдерін қайта қарау деп түсінеді. Үкімнің заңды күшіне енуі сот шешімінің атқарылуға жіберілгендігін білдіреді. Басқаша айтқанда, осы уақыттан бастап сот мемлекеттің еркі, Қазақстан Республикасының территориясындағы барлық азаматтарға, заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға міндетті болып саналады және өзінің құқықтық күшіне байланысты заң актісіне тең болып табылады.
Заң шығарушы сот қателерін анықтау және оны жою мақсатында ҚР ҚПК-нің кез-келген уәкілетті субъектілері шағымдануға және наразылық білдіруге құқықты он тәуліктік мерзiм белгілейді. Осыған сәйкес, сот үкімдері мен шешімдеріне аппеляциялық наразылық келтіру және шағымдану институты сот шешімдерін тексерудің тиімді тәсілі болып табылады, елдегі сот билігін жүзеге асырудың заңдылығын және әділдігін қамтамасыз етеді.
Сонымен, заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен шешімдерін қайта қарау дегеніміз - басты мақсаты азамат пен қоғамды сот қателерінен қорғау, қылмыстық-құқықтық қатынастардың барлық қатысушылардың заң нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, сот төрелігін әділ, ізгілікті және демократиялы жүргізілуіне кепілдік туғызу болып табылатын кылмыстық процестің ерекше сатысы.
Іс жүргізу әрекеттеріне, сот шешіміне, сот өндірісіне шағымдану еркіндігінің конституциялық ұстанымын орындау мақсатында заң тараптардың жарыспалылығы мен тең құкықтылығы негізінде айыптауға және қорғауға шағымдану, наразылық білдіру үшін бірдей қүқық береді. Тараптар жасалынған шағымдарға, наразылықтарға қатысты өз ойларын айтуға өздерінің қарсылықтарын білдіруге, іс кұжаттарын бірінші сатыдағы сотта қаралмаған қосымша материалдармен толықтыруға мүмкіндік алды. Егер шағымдану, наразылық білдіру мерзімдері дәлелді себептермен өтіп кетсе, оларды қалпына келтіруге кепілдік берілді.
Апелляциялық инстанция - тараптар үкім туралы, оның негізіне алынған дәлелдемелер туралы өзінің ой пікірін жеткізетін сот.
- Аппеляциялық шағым беру, наразылық білдіру құқығы және тәртібі
Еліміздің қылмыстық заңы аппеляциялық өндірісті қозғауды тараптардың еркіне жүктейді. ҚР ҚПК-нің 416-бабына сәйкес, заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының үкімдерін қоспағанда, тараптар аппеляциялық тәртіппен шағымдануы және наразылық білдіруі мүмкін. Үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және онын өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.
Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекетгік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, обылыс прокурорлары мен оның орынбасарлары, аудандардың строкурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысуына қарамастан өз құзыреті шегінде наразылық білдіруге құқылы.
Аппеляциялық шағымның немесе наразылықтың болмауы, заңды күшіне енбеген сот каулыларың, үкімдерін қарайтын алпеляциялық ендірістің жоқ болуына әкеп соғады.
Шағымдау және наразылық келтіру - аппеляциялық қайта қарау сатысының бастамасының жалғыз ғана шарты болып табылады.
Аппеляциялық өндіріс соттың бастамасымен басталуына заңмен тыйым салынған. Тараптардың аппеляциялық өндірісті қозғау құқығын түсіндіру үкім шығарған сотқа жүктелген. Заңшығарушы I инстанциялы соттағы төрағалық етушіге сотталушыға және басқа да қатысушыларға мынаны түсіндіруді міндеттейді:
- төрағалық етуші сотталушыға (ақталушыға), процестің басқа да . қатысушыларына үкімге шағым жасаудың тәртібі мен мерзімін, сот отыры сының хаттмасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ істі аппеляциялық қарауға қатысу туралы өтініш беру кұкығын түсіндіреді;
- ақталушыға оның заңсыз ұсталумен, тайыпкер ретінде тартумен, бұлтратпау шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтірілген Зиянның орнын толтыруға деген қүқығы, сондай-ақ осы кұкықты жүзеге асыру тәртібі түсіндірілуге тиіс,
- егер сотталушы ерекше жаза түрі - өлім жазасына кесілген болса төрағалық етуші оған кешірім жасау туралы өтініш беру куқығын түсіндіреді
Заң аппеляциялық шағымға, наразылыққа ерекше талаптар қояды.
ҚР ҚПК-нің 423 - бабына сәйкес, аппеляциялық шағымда:
1. Апелляциялық шағымда, прокурордың өтінішхатында:
1) шағым, прокурордың өтінішхаты жолданып отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;
2) шағым берген немесе прокурордың өтінішхатын келтірген адамның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы деректер;
3) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемде шағым берілгенін, прокурордың өтінішхаты келтірілгенін көрсету;
5) шағым берген, прокурордың өтінішхатын келтірген адамның өз пікірі бойынша сот үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормаларының бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;
6) шағымның, прокурор өтінішхатының авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, прокурордың өтінішхатына қоса берілетін материалдардың тізбесі;
8) шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген күн және шағым авторының, өтінішхат келтірген прокурордың қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
Жасалған шағым, келтірілген наразылық осы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, олар берілген деп есептеледі, бірақ аяғына дейін рәсімдеу үшін мерзімі көрсетіліп қайтарылады. Егер қайта жасалғаннан кейін аппеляциялық шағым, наразылық аталған мерзім ішінде сотқа табыс етілмесе олар берілмеген болып есептеледі.
Аппеляциялық шағымды, оның нысаны мен мазмұны ерекше құқықтық табиғатына байланысты қисындалған арнайы шағым ретінде түсінуге болады. Аппеляциялык шағым мазмұнының құрылымы бұлай регламенттелуі, бұл құжатта ең маңызды кұжаттардың бірі - мемлекет атынан шығарылған сот үкімінің күмандандырылуымен түсіндіріледі. Шағым арқылы заң негізінде қабылданған сот төрелігінің актісі дауланады және сотталушыға, жәбірленушіге, қоғамға тиісті салдар әкеледі. Сот шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге бағытталған әрекеттер тек заңда бекітілген жағдайда және тәртіпте, тиісті құқықтары мен шағымдануға жеткілікті заңдық және фактілік негіздері бар субъектілермен берілуі тиіс.
Сот үкімдерін және шешімдерін қайта қарау тек қана моральдық және құкықтық жағынан ғана емес, материалдық жағынан да шығынды болып табылады. Істі аппеляциялық қайта қарау істің материалдарын жаңадан (толық немесе ішінара) зерттеумен, куәларды шақырумен, дәлелдемелерді қайта зерттеумен және басқа да күрделі әрекеттерді орындаумен байланысты болады.
Осыған байланысты, заңшығарушы аппеляциялық шағым мәнінің талаптарын нақтылай отырып, сот қателерін және оның салдарын тиімді, рационалды және толық жоюға мүмкіндіктер беретін кажетті кепілдіктер туғызады. Шағымданушыны өзінің позициясын нақты және аргументті түрде көрсетуге, оның берген қорытындыларының дұрыстығын дәлелдейтін материалдар беруге міндеттейді.
Наразылық заңмен прокурордың заңбұзушылыққа шара көру актісі ретінде анықтайды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күшi бар Жарлығының 19-бабына сәйкес: прокурор Конституцияға, заңдарға және Республика Президентінің актілеріне қайшы келетін нормативтік және өзге де құқықтық актілерге, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен ісәрекеттеріне наразылық жасайды. Наразылық оны шығарған органға немесе жоғары тұрған органға беріледі.
Аппеляциялық наразылық білдіру құкығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларына, облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларына, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар «мен олардың орынбасарларына тиесілі. (ҚР ҚПК-нің 414-б. )
ҚР ҚПК-де немесе жоғарыда аталған Жарлықта прокурордың наразылығының анықтамасын толық түрде ашып көрсетпейді. Алайда, заңның мағынасынан мынаны анықтауға болады, яғни, сот шешіміне прокурордың наразылығы - бұл прокурордың ҚР Конституциясына, ҚПК-не немесе басқа нормативтік актісіне қайшы келетін сот шешімін толық немесе ішінара күшін жою туралы талабы көрсетілетін, үкім шығарған сот арқылы жоғарғы тұрған сотқа берілетін бекітілген нысандағы жазбаша өтініші.
Прокурорлық наразылыктың іс жүргізшілік нысаны заңда көрсетілмеген, алайда, жалпы ережелерге сәйкес, бұл құжат та прокурордың, сыныбы (шені), тегі - наразылықтың бастамашысы істің қысқаша фабуласы және наразылық келтірілетін шешімнің мәні, күшіндегі заңға сілтемемен көрсетілетін прокурордың позициясы, үкімді жою немесе өзгерту туралы және шара көру туралы талабы, сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 416-бабында көрсетілген басқа да жагдайлар болуы тиіс.
Шағымның наразылықтан негізгі айырмашылығы, шағымның авторы сотталушы ақталушы, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдері, жәбірленуші және оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері болса, ал наразылықтың авторы тек мемлекттің арнайы лауазымды тұлғасы - прокурор болады. Шағымаданушылар көбінесе жеке мүдделерін қорғаса, прокурор өзінің ерекше құқықтық мәртебесіне байланысты қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамсыз етеді.
Сонымен қатар, Қазакстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" күшi бар Жарлығының мазмұнын талдауда, прокурордың наразылық білдіруге фактілік негізі заңның бұзылуы болса, шағымның пәні ҚПК-де нақты түрде шектелмеген. Яғни, шағымданушы тек қана занға қайшы әрекеттерді ғана емес, оның ойынша құқыққа қайшы әрекеттерді мысалы, олардың моральға немесе этикаға жат әректтерді де даулай алады. ҚПК-нің 414-бабына сәйкес, шағымдар, наразылықтар үкім қабылдаған сот аркылы беріледі.
Аппеляциялық сатыларға тікелей келіп тускен шағымдар, нарзылықтар сотталушыны немесе ақталушыны, қоғаушыны, айыптаушыны, жәбірленушіні және оның өкілін, сондай-ак егер шағым, наразылық олардың мүдделерін қозғайтын болса, шағымды немесе наразылықты хабарлау үшін үкім қабылдаған сотқа жіберілуге жатады. Шағымның, наразылықтың көшірмесі бұл тұлғаларға жазбаша түрде және келсiпеушіліктерін білдіру мүмкіндігі, оның мерзімі түсіндіріліп жіберіледі,
Шағым бірнеше нұсқада сот кеңсесі арқылы беріледі. Бір нұсқасы сот кеңсесінде қалады және кейін судьяға жіберіледі. Екіншісінде штамп қойылып, құжаттың кіріс номері және мерзімі қойылады. Бүл нұсқа шағымданушыда қалады және тіркеуде шағым беру фактісін куәландырады. Үшінші нұсқасы немесе көшірмесі осы актімен мүддесі қозғалатын тұлғаға жіберіледі. Прокурордың наразылығы секратариатта (кенседе) тіркеледі және сотқа курьер немесе пошта арқылы жіберіледі. Заң аппеляциялық шағымның басқа әлiспен жіберілуіне тыйым салмайды. Шағымдарды заказда хатпен немесе экспресс-поштамен де жіберуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz