Атқарудың негіздері және атқару құжаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

Бизнес және құқық факультеті

Құқықтану кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы
Тақырыбы: Атқару өндірісіне ғылыми көз қарас

Орындаған: Юп-17-5 студенті
Сарыбаев М.К.
Рецензент: з.ғ.к. доцент
Садуақасова Л.О.

Ақтау 2019
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Атқарудың негіздері және атқару құжаттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Аткарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ӨНДІРІСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ...
2.1 Мәжбүрлек атқару шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Мүлікке өндіріп алу жүргізудің тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

АТҚАРУШЫЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ЖАЛПЫ ТӘРТІБІ

1.1 Атқарудың негіздері және атқару құжаттары

Атқару негіздеріне -- атқарушылық іс жүргізудің ережері бойынша орындалуға жататын соттардың немесе басқа органдардың актілері жатады.
Атқарылуға жататын акт негізінде құзыретті орган мүдделі адамның өтініші бойынша атқару кұжатын береді.
Занда тікелей көрсетілгендей, юрисдикциялық актілер атқарудың негіздері (мәжбүрлеп атқару құқығының пайда болуы) болып табылады.
Атқару негіздеріне тән белгілер бар, оларға мыналар жатады:[7]
1. атқарушылық іс жүргізудің пайда болуына негіз болатын заңды фактілердің болуы. Атқарушылық іс жүргізудің пайда болуына негіз болатын нормативтік актілер атқарудың негіздері болып табылады. Атқарушылық іс жүргізу көбінесе, басқа да құқықтық қатынастар секілді, заңды фактілер жиынтығының бір-бірімен байланысуының нәтижесінен пайда болады. Бірақ, кейбір жағдайларда, атқарушылық іс жүргізу бір ғана заңды фактінің негізінде пайда болуы мүмкін. Егер, атқарушылық іс жүргізуді қозғау үшін керекті барлық заңды фактілердің жиынтығы өзінің құрамына атқарудың негіздерін қоспаса (аткаруға жататын актілер бомағанда), онда атқарушылық іс жүргізу пайда бола алмайды. Сонымен, өндіріп алушыға мәжбүрлі орындау құқығын беретін заңды фактілерді атқарудың негіздері деп тануға болады. Шынында атқарудың негізі болғанда ғана тұлға өндіріп алушы бола алады.
1. атқарудың негізі юрисдикциялы органдардың актілері. Мемлекеттік билік және басқару органдарының барлық актілері атқарудың негізі бола алмайды. Себебі, орындау үшін мәжбүрлі шараларды қажет етпейтін актілер атқару негізі ретінде қарастырылмайды. Мысалы, тану туралы талап арыз бойынша шешімдер.
2. тек қана тікелей заңда көрсетіген юрисдикциялы органдардың актілері атқарудың негізі бола алады. Олар.
- азаматтық істер бойынша шығарылған қаулылар, ұйғарымдар, шешімдер;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды түлғалар);
- халықаралық және шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдері; - заңдарда көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
4. тараптардың субьективті құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар заңмен қорғалатын мүдделерін анықтайтын юрисдикциялы органдардың құжаттары атқару негізі бола алады. Демек, акт мәжбүрлі атқаруға жатады және атқарудың негізі бола алады, тек қана оны шығару нәтижесінде құқық туралы мәселе немесе даулы материалдық құқықтық қатынас шешілетін болса. Сот істі қарау барысында әр мәселе бойынша көптеген актілер шығарылады, бірақ олар тараптарың және басқа да қатысушы тұлғалардың материалдық құқықтарын қозғамай, күнделікті іс жүргізушілік мәселелерді шешеді (мысалы, іс жүргізушілікті тоқтату туралы ұйғарым, іс жүргізушілік мерзімдерді ұзарту туралы ұйғарым)
Атқарушылық іс жүргізу пайда болу үшін негіздерден басқа атқару құжаттардың болуы маңызды. Атап айтанда, атқару құжаты сәйкес сот актісінің немесе өзге де органдар актісінің негізінде берілетін құжат. Ол сот немесе басқа да органдардың шешімін және сот бұйрығын орындамаған борышкерге атқару құжат өндіріп алушының атқарушылық мәжбүрлі сипаттағы тәсілдерге жүгіну құқығын куәлендіреді. Атқару негіздері болмаған жағдайда да атқару құжатынсыз атқарушылық іс жүргізу қозғалмайды.
Атқару құжаттары атқару негізінен кейін екінші заңды факт болып келеді. Заңды факт ретінде өзінің дербестігіне қарамастан, атқару құжаты атқару негізінен туындайды, себебі атқару негізінсіз атқару кұжаты болмайды. Өйткені, атқарушылық іс жүргізудің ережелері бойынша орындалуға жататын соттардың немесе басқа органдардың актілері шықпайынша, атқару құжаттары берілмейді.
Атқару құжаттардың ішіндегі ең көп тарағаны атқару парақтары. Шешім, дереу орындалатын жағдайлардан басқа, ол заңды күшіне енгеннен кейін, заңмен белгіленген тәртіп бойынша орындалады. Сот шешiмi заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы жазылады, ол ендіріп алушыға беріледі не оның жазбаша өтініші бойынша сот оны аумағы бойынша атқарушылық іс жүргізудің тиісті органына орындау үшін жібереді. Мүлік тәркіленген, мемлекет кірісіне өндіріп алынған, қылмыспен келтірілген залал өндіріп алынған, алименттер өндіріп алынған, жарақаттанудан немесе денсаулыққа өзге де зақым келуден, асыраушысынан айрылуынан келтірілген залалдың орны толтырылған жағдайларда сот өз бастамасымен атқару құжатын аумағы бойынша тиісті атқарушылық іс жүргізу органына орындауға жібереді. Соттың дереу орындалуға тиісті шешімі бойынша атқару парағы жазылып, шешім шығарылғаннан кейін дереу орындауға жіберіледі. Атқару парақтарын бірінші сатыдағы сот шешім заңды күшіне енген немесе іс жоғары тұрған соттан қайтқан күннен бастап үш тәулік ішінде жазады және ол құжаттың мазмұнында мыналар көрсетілуі тиіс:
- атқару құжатын берген соттың атауы, - істің нөмірі мен шешімнің шығарылған күні; - шешімнің қарар бөлігі (сөзбе сөз); - шедімнің заңды күшіне ену уақыты; - атқару катының берілген күні;
- ендіріп алушының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі, немесе, егер өндіріп алушы заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер, банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
- борышкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, оның тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, оның жұмыс орны мен жұмыс орнының банк реквизиттері туралы мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса, оның банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі (егер істің материалдарында бар болса) немесе, егер борышкер заңды тұлға болып табылса, оның атауы, нақты тұрған жері не бірыңғай Мемлекеттік тіркелімнен мәліметтер (егер істің материалдарында бар болса), банк реквизиттері мен салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
Атқару парағының нысанын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Сондай-ақ атқару парақтарын сот парақтарын ҚР заңдар халықаралық шарттарда өзара түсіністік негізінде көзделген болса шетел соты мен аралық соттардың шешімдерінің негізінде бере алады.
Аралық соттардың шешімінің негізінде атқару парақтары беріледі. Егер аралык соттың шешімі онда белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған жағдайда, аралық соттың шешімі өз пайдасына шығарылған тарап (өндіріп алушы) осы бапта көзделген ережелер бойынша аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы арызбен аралық сот дауды қарайтын жердегі сотқа жүгінуге құқылы. Атқару парағын беру туралы арызға мыналар қоса тіркеледі:
1) аралық сот шешімінің түпнұсқасы немесе көшірмесі. Тұрақты жұмыс істейтін аралық сот шешімінің көшірмесін осы аралық соттың төрағасы растайды, нақты дауды шешу үшін аралық сот шешімінің көшірмесі нотариатта куәландырылуға тиіс;
2) занда белгіленген тәртіппен жасалған аралық келісімнің түпнұсқасы немесе нотариқат растаған көшірмесі.
Атқару парағын беру туралы арыз аралық соттың шешімін ерікті түрде орындауға арналған мерзім аяқталған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмей берілуі мүмкін. Белгіленген мерзімін өткізіп алған не оған қажетті құжаттар қоса тіркелмей берілген атқару парағын беру туралы арызды сот қарамай кері қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады, оған белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. Егер сот аталған мерзімді өткізіп алу себептерін дәлелді деп тапса, атқару парағын беру туралы ары зды беру мерзімін қалпына келтіруге құқылы. Судья атқару парағын беру туралы арызды сотқа арыз түскен күннен бастап он бес күн ішінде жеке-дара қарайды. Өндіріп алушының аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындату туралы түскен арызы, сондай-ақ оны соттың отырысында қарау орны мен уақыты туралы сот борышкерді хабардар етеді. Оның арызын қарау орны мен уақыты туралы өндіріп алушы да хабардар етіледі. Егер борышкерден сот отырысына келуі мүмкін болмауының дәлелді себептері көрсетіліп, арызды қарауды кейінге қалдыру туралы өтінім түспесе, борышкердің немесе өндіріп алушының сот отырысына келмей қалуы арызды қарауға кедергі болмайды. Сот аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы арызды қараған кезде аралық соттың шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес. Сот арызды қарау нәтижелері бойынша атқару парағын беру туралы не оны беруден бас тарту туралы ұйғарым шығарады. Атқару парағын беру туралы соттың ұйғарымы дереу орындалуға тиіс.
Сот аралық соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуға арналған атқару парағын беру туралы ұйғарым шығарған кезде атқару парағы Кодекстің 236бабының ережелері бойынша беріледі.
Әдетте, әрбір шешімге бір атқару парағы беріледі. Егер, атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса немесе шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылатын болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп, не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құжатын жазуы мүмкін (ADЖК-нің 236 бабы).
Соттармен берілген атқару құжаттары ҚР бүкіл аумағында заңды күші бар. Атқару парақтарында аткарудың өндірісі туралы белгілер қойылып отырылуы керек.
Заңның 5 бабына сәйкес, атқару парағынан басқа, атқару құжаттарына мыналар жатады:
1) сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес берілетін сот бұйрықтары;
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдік соттардың және төрелiк соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінің негізінде берілетін атқару парақтары;
3-1) аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот қаулылары;
5) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы соттардың қаулылары;
6) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулысы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары.
Атқару құжаты жоғалған жағдайда атқару құжатын берген орган Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен беретін оның дубликаты өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды тұлғалар) шығарған қаулыларына мыналарды жатқызуға болады:
-егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс істемесе немесе басқа себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өніріп алу мүмкін болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны оны шығарған сот заңдарда көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушысына жібереді (ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай мәтін бойынша ӘҚБК) 708 бабының 4 бөлігі);
11 - заңды тұлға шоттарында ақша болмаған жағдайда ақша сомасын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулы заңға сәйкес жазаны заңды тұлға мүлкінен өндіріп алуға айналдыру үшін сот орындаушысына жіберіледі (ӘІЖК-нің 709бабының 4 бөлігі);
- заңды тұлға құрылтайшыларының (басқару органдарының, лауазымды адамдардың) немесе жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі сот қолданылған әкімшілік жаза өз еркімен орындамаған жағдайда қаулы өкілетті органдардың атқару іс жүргізу тәртібімен орындалады (ӘҚБК-нің 723-бабының 3 бөлігі);
- соттың салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулысын өзі жөнінде осы әкімшілік жаза шығарылған адам орындайды. Өз еркімен орындалмаған жағдайда қаулыны өкілетті орган атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындайды (ӘҚБК 725-бабы).
Заңдарда көзделген жағдайларда өзге де органдардың қаулылары атқару құжаттары болып табылады:
- алимент төлеу туралы келісім. Осы келісім жазбаша түрде жасалады және оны нотариус куәлендіруге тиіс. Куәландірілген келісім атқару парағының күшіне ие болады. (Неке және отбасы туралы ҚР заңы. 1998 жыл 17 желтоқсан 143 және 144 баптары);
- заңның 73 бабына сәйкес сот орындаушыларының борышкерге атқару құжатын орындау барасында салынған айыппұлдарды, атқару бойынша шығыстарды өндіріп алу туралы қаулылары.
Атқару құжаты жоғалған жағдайда, қаулы шығарған орган заңда көзделген тәртіппен берген, оның көшірмесі (дубликаты) өндіріп алудың негізі болып табылады. Атқару ісі жоғалған жағдайда жойылған атқару ісін жүргізуді қалпына келтіру туралы арыз шешім орындалатын жеріндегі сотқа беріледі. Қалпына келтіру туралы іске қатысты адамдардың не прокурордың арызы бойынша қозғалады. Арызға, сақталып қалған және іске қатысы бар, бекітілген тәртіппен куөлендірілмеген болсада, қүжаттар мен олардың көшірмелері қосылып беріледі.
Сот істі қарау барысында іс жүргізудің сақталған бөліктерін іс жүргізу жоғалғанға дейін істен азаматтар мен ұйымдарға берілген құжаттарды, бұл құжаттардың көшірмелерін, іске қатысы бар басқа материалдарды пайдаланады, қажет болған жағдайда қатысқан адамдардан жоғалған іс бойынша істі қараған сот құрамына кірген адамдардан, сондай-ақ сот шешімін орындаған адамдардан соттың куә ретінде жауап алуына болады (АІЖК-нің 411 бабы).
Атқару құжаты жоғалған жағдайда қаулы шығарған орган заңда көзделген тәртіппен беретін оның көшірмесі өндіріп алу үшін негіз болып табылады.
Атқару парағы мен бұйрықта міндетті түрде мыналар көрсетілуге тиіс. -Атқару құжатын берген соттың атауы, -істің нөмірі және шешім шығарылған күн, -шешімнің қарар бөлігі (сөзбе-сөз) -шешiмнiң күшіне енген уақыты, -атқару құжаты берілген күн.,
-өндіріп алушы мен борышкердің атауы, олардың мекен жайы мен реквизиттері көрсетілуге тиіс.
Сот қаулысы негізінде берілген атқару парағы оны берген судьяның қолы қойылып, соттың елтаңбаланған мөрімен куәландырылады.
Сот бұйрығымен алимент төлеу жайлы екі тараптың келісімін куәландырып отырған нотариустың атқару жазбалары ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі және КР Неке және отбасы кодексімен анықталып, реттеледі. Бұл құжатттарды оны шығарып және куәландырып отырған тұлғалардың қолы қойылып, мөрмен куәландырылады.
Сотттың әрбір шешімі бойынша бір атқару парағы беріледі. Егер атқару әртүрлі орындарда жүргізілетін болса не егер шешім бірнеше талап қоюшының пайдасына немесе бірнеше жауапкерге қарсы шығарылған болса, сот өндіріп алушылардың өтініші бойынша атқару орнын дәл көрсетіп не осы атқару құжаты бойынша атқарылуға тиіс шешімнің сол бөлігін көрсете отырып, бірнеше атқару құлатын жазады.[8]
Заңның 5-бабы 1 тармағының 6 тармақшасына сәйкес сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу туралы қаулысы атқару құжаты болып табылады. Атқару құжаттарын орындамағандығы үшін жауапкершілік борышкер атқару құжатын орындамағаны үшін әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. жауапқа тартылған борышкер бірақ атқару әрекеттерін жасаудан босатылмайды. Атқару құжаты нақты орындалған кезде өндіріп алынған соманың яғни мүлік құнының он проценті мөлшерінде немесе жеке тұлғалардан он айлық есептік көрсеткішжәне мүліктік емес сипаттағы атқару құжаттары бойынша меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде атқарушылық санкция өндірілініп алынады.
Ал, занның 7-бабының 1 тармағында осы атқару құжатының орындауға беру мерзімі қарастырылмаған. Атқару санкциясын өндіріп алу көрсетілген, Яғни біздің оймызша, санкцияны өндіріп алу туралы қаулыда орындауға беру мерзімі көрсетілуі тиіс. Себебі, мерзім олар берілгеннен күннен бастап есептеледі және сот орындаушысының қаулысы ерекше болып саналмайды.
Бірақ, осы таңға дейін сот орындаушысының атқару санкциясы туралы қаулысын орындауға беру мерзімі реттелмеген. Бірақ көңіл бөлетін жайт, заңның 11-бабының 1 бөлігіне сәйкес атқару құжаты белгіленген тәртіптерге сәйкес болмаса атқару құжатын қайтаруға негіз болып табылады және осындай атқару құжаты бойынша мәжбүрлі орындау жүргізуге болмайды.
Шешімді мәжбүрлеп атқарудың мүмкіндігі нақты бір мерзіммен шектелген. Шешімді атқарудың ескіру мерзімі институтын енгізу мына жағдаймен түсіндіріледі. Ұзақ уақыт аралығында өндіріп алушымен борышкердің сарым-қатынасын анықсыз жағдайда қалдыра беру қолайсыз. Егер, өндіріп алушы негізді себептерсіз, шешім заңды күшіне енгеннен кейін, заңда көрсетілген уақыт аралығында оны өндіруге ықылас білдірмесе, онда мемлекет борышкерді, шешімді өз еркімен орындамаса, мәжбүрлеп атқару катерiнде шексіз ұстауға мүдделі емес (Заңның 7 бабы).
Сондықтан атқарушылық іс жүргізудің 7 бабына сәйкес аткару құжаттары мына мерзімдерде:
1) сот актілері негізінде берілетін сот бұйрықтары мен атқару парақтары - үш жыл ішінде;
1-1) аралық соттардың немесе төрелiктiң шешімдерін мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негізінде берілетін атқару парақтары - үш жыл ішінде;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған сот қаулылары - егер заңмен өзге мерзімдер белгіленбесе, бір жыл ішінде;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қаулысын мәжбүрлеп орындату туралы сот қаулылары - бір жыл ішінде;
4) прокурордың қаулылары - үш ай ішінде берілуі мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараған органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларын мәжбүрлеп орындатуға беру мерзімі ҚР ӘҚБК-де көрсетілген, яғни егер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл ішінде орындалмаса, ол орындалуға жатпайды (ӘҚБК-нің 703-бабының 1 бөлігі). Атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындатуға беру мерзімі бойынша екі нормативтік-құқықтық актіде қарамақайшылық туып отыр. Нормативтік-құқықтық актілер туралы ҚР заңының 4 -бабы 2 бөлігінің 2-1 тармақшасында және 6 бабының 1 бөлігінде әр деңгейдегі құқықтық актілердің құқық нормаларында қайшылық болған жағдайда жоғары деңгейдегі актінің нормасы әрекет ететіндігі көрсетілген. Сондықтан, біздің ойымызша, ӘҚБК-те бекітілген нормаларды қолдану дұрыс болады.
Заңның 5-бабы 1 тармағының 6) тармақшасына сәйкес сот орындаушысының атқару санкциясын өндіріп алу туралы қаулысы атқару құжаты болып табылады. Ал, заңның 7-бабының 1-ші тармағында осы атқару қүжатынын орындауға беру мерзімі қарастырылмаған. Атқару санкциясын өндіріп алу туралы қаулыны құрудың жағдайлары 77-баптың 1-тармағында көрсетілген, яғни, біздің ойымызша, санкцияны өндіріп алу туралы қаулыда орындауға беру мерзімі көрсетілуі тиіс. Себебі, мерзім олар берілген күннен бастап есептеледі және сот орындаушысының қаулысы ерекше болып саналмайды.
Бірақ, осы таңға дейін сот орындаушысының атқару санкциясы туралы қаулысын орындауға беру мерзімі реттелмеген. Бір көңіл бөлетін жайт, заңның 11-бабының 1-ші бөлігіне сәйкес атқару құжаты белгіленген тәртіптерге сәйкес болмаса атқару құжатын қайтаруға негіз болып табылады және осындай атқару құжаты бойынша мәжбүрлі орындау жүргізуге болмайды.
Ескіру мерзімдері шешімнің заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Аталған мерзімдер:
1) мүлікті өндіріп алу бөлігінде соттардың шешімдері мен үкімдері негізінде берілген атқару парақтарын орындау кезінде - үкімнің не шешімнің заңды күшіне енген немесе шешімді орыднау кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту кезінде белгіленген мерзім аяқталған күннің ертеңінен бастап, ал шешім дереу орындалуға тиіс болған жағдайларда - оны шығарған кейінгі күннен бастап,
2) өзге соттар шешімдерінің негізінде берілген атару парақтарын орындау кезінде - осы соттар мәжбүрлеп орындату туралы шешім қабылданғаннан кейін келесі күннен бастап;
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау кезінде - қаулы шығарған күннен бастап;
3) қалған аткару құжаттарының барлығы бойынша - олар берілгеннен кейінгі күннен бастап есептеледі (Заңның 7-бабы).
Мерзімді төлемдер өндіріп алу туралы шешімдер (алимент өндіріп алу туралы, меріктірумен немесе денсаулығына өзгедей зақымдаумен келтірілген зиянды өтеу туралы және басқа істер бойынша) атқару құжаттары төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін сақтайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі (Заңның 7 бабының 3 бөлімі).
Ескіру мерзімінің өтуі атқару құжаттарын атқаруға берумен, сонымен қатар борышкердің атқару құжаттарын жарым-жарты орындаумен тоқтатылады. Үзілістен кейін мерзімнің өтуі қайтадан басталады, бірақ үзіліске дейінгі өткен уақыт жаңа мерзімге қосылмайды.
Аткару құжаттарын өндіріп алушыға беру ескіру мерзімін өтуін үзбейді және тоқтатпайды. Атқарудың ескіру мерзімі өткеннен соң сот және басқа органдар атқару құжаттарын бермейді, ал сот орындаушысы бұрын алған құжаттарын іс жүргізуге қабылдамайды (Заңның 10 бабы).
Өндіріп алушы, атқару парағын орындауға беру мерзімін өткізіп алғанда, шешім шығарған сотқа өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы арыз беруге құқылы. Сот атқару парағын орындауға беру мерзімін өткізіп алу себебін негізді деп таныған жағдайда, мерзім қалпына келтіруі мүмкін. Қалған атқару құжаттары бойынша өткізіліп алған мерзімдер қалпына келтірілуге жатпайды (Заңның 9 бабы).
Заңмен атқару парағын ұсынудың мерзімін белгілеу шешімнің тез атқарылуын қамтамасыз етеді.
Атқарушылық іс жүргізуден туындайтын істерді қарау кезінде осы мәселе бойынша заңнаманың Қазақтан Республикасының Конституциясына, Қазақтан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың нормаларына негізделетінін және "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақтан Республикасының Заңынан (бұдан әрі - Зан), Қазақтан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұратындығын назарда ұстау қажет.
Заңның 6-бабына сәйкес, мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану үшін сот орындаушысы Заңмен белгіленген тәртіпте өндіріске қабылдаған атқару құжаты негіз болып табылады.
Атқару құжаттарының тізбесі Заңның 5-бабында келтірілген. Сот орындауруысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымды қарау кезінде сот атқарушылық іс қозғаудың негізділігін де тексеруге міндетті.
Сот орындаушысының атқару құжатын орындау жөніндегі әрекетіне немесе сондай әрекеттерді жасаудан бас тартуына байланысты борышкер немесе өндіріп алушы шағым жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Заңның 87бабына сәйкес, шағым сот орындаушысы әрекет жасаған күннен бастап он күннің ішінде немесе әрекет жасау уақыты мен орны туралы хабарланбаған жағдайда осы аталған адамдарға ол жөнінде белгілі болған күннен бастап сот орындаушысы қызмет көрсететін учаскенін аудандық сотына беріледі.
Шағым басқа тұлғалармен Қазақтан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 3-бабының екінші бөлігінің негізінде АІЖКнің 280-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде берілуі мүмкін.
Егер шешімнің орындалуы үшінші жақтардың мүліктік мүдделеріне қатысты болса, онда мұндай адамдар бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өндіріп алушы мен борышкерге талап қойып, сотқа жүгіне алады. Сот мұндай істерді талап қою өндірісінде қарайды және сот орындаушысын өз алдына бөлек дербес талап қоймайтын үшінші жақ ретінде, егер талапкер оны үшінші жақ ретінде немесе қосымша жауапкер ретінде тануды сұрамаса, іске қатыстыруға міндетті.
Жеке және заңды тұлғалар сот орындаушыларының әрекеттеріне шағым берген кезде Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Cальник кодексі) Қазақтан Республикасы кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 501-бабының 14) тармақшасына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Өздеріне қатысты атқарушылық әрекеттер жүргізілген, мүлікке құқығы бар үшінші жақтар талап қойған жағдайда, Салық кодексінің 496-бабы 1тармағының 1) тармақшасымен көзделген тәртіпте мемлекеттік баж төленуге жатады.
Сот нақтылы атқару құжатын орындауға байланысты сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағымдарды қарау кезінде сот отырысының орны мен уақыты туралы сот орындаушысына хабар беруге міндетті.
Сот орындаушысы болмаған (сот орындаушысы жұмыстан босатылған, еңбек демалысында болған, ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыз болған (10 күннен артық) немесе іссапарда жүрген жағдайда сот отырысына осы аумақтық учаскеден басқа сот орындаушысы жіберілуі мүмкін. Сот орындаушыларының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздіктерінің нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша не сот шығындарын өндіру туралы талаптар қойылған кезде Сот әкімшілері жауапкерлер ретінде қатыстырылуы мүмкін.
Сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жасалған шағымдарды, атқару құжаттарының орындалу процесінде үшінші жақтың мүліктік мүдделерін қорғау туралы талаптарды қарай отырып соттар:
- егер атқару құжатын да өзгеше тәртіп белгіленбесе, атқару құжаттары бойынша өндіріп алу бірінші кезекте борышкердің ақшасына, оның ішінде банк мекемелерінде жатқан, үшінші жақтағы ақшасына аударылатынын;
- борышты өтеу үшін борышкердің ақшасы болмаған жағдайда төлеттіріп алу борышкерге тиесілі басқа мүлікке аударылатынын назарда ұстауы қажет.
Сот орындаушысының өндіріп алуды борышкерге тиесілі басқа мүлікке (ақшадан басқа) аудару әрекетінің заңсыз екендігі туралы шағым жасалған кезде сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізу шеңберінде қандай әрекеттерді жүзеге асырғанын, осы әрекеттердің Заңның 46-бабының талаптарына сәйкестігін, атап айтқанда мүліктің борышкерге тиесілі екендігін, оның нақтылы құнын және оған салынған шектеуді анықтаған-анықтамағанын сот тексеруге тиіс. Мүліктің борышкерге тиесілі екендігін анықтау кезінде сот орындаушысы мүлікті тізімдемеге енгізуге және өндіру көлеміне қарай барлық мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуға тиіс. Аталған әрекеттерді сот орындаушысы сот шешімінің орындалу тәртібі мен тәсілін өзгерту туралы сотқа өтініш жасамай жүзеге асырады.
Телеттіріп алу жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікке (мысалы, жұбайлардың меншігі, жекешелендірілген үйге ортақ меншік, жекешелендірілген шаруа (фермер) қожалығы меншігі) аударылған жағдайда
сот орындаушысы немесе атқару ісіндегі тарап борышкердің жалпы ортақ меншіктегі үлесін анықтау туралы тиісті ұсыныспен немесе өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті. Сот мәселені қараудың нәтижелері бойынша ұйғарым шығарып, онда өндіріп алу борышкердің мүлігіне аударылатын болса, оның осы мүліктегі нақты үлесін белгілейді.
Заң бойынша айналымнан алынған тыйым салынған мүлікті және сатудың өзгеше тәрбубелгіленген мүліктен басқа сатуды (Заңның 50 және 51-баптары) Тыйым салудың негіздемелері мен мүліктің түрлеріне қарамастан сот орындаушысы сауда ұйымдары және өзге де мамандандырылған ұйымдар арқылы комиссия шарты бойынша не сауда-саттықтарда жүргізеді. Борышкердің жалпы ортақ меншіктегі мүліктен бөлініп шығарылған үлесін сату Қазақтан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - AK) 222бабында көзделген тәртіпте жүргізіледі.
Сот орындаушысының тыйым салынған мүлікті сауда ұйымдары немесе сауда-саттықтарда комиссиялық негізде сатпай беру жөніндегі әрекеті атқарушылық іс жүргізу шеңберінде заңсыз деп танылуға тиіс. Егер борышкердің мүлкі тізімдемеге енгізілмесе және оған тыйым салынбаса, онда мұндай мүлік өндіріп алушы мен борышкердің келісімі (бітімгершілік келісім) бойынша осы мүліктің бағалануына екеуара келіскен кезде және мүліктің құны өндіріліп алуға жататын сомадан аспаған жағдайда атқару құжаты бойынша орындау есебіне өндірушіге берілуі мүмкін.
Борышкердің басқа мүлкі оған қойылған барлық талаптарды толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда сот орындаушысы:
- кепіл ұстаушының кепілге қойылған мүліктің құнынан өз талабын артықшылықпен қанағаттандыру құқығын сақтай отырып, ипотекалық тұрғын үй займының міндеттемесін қамтамасыз ететін жылжымайтын мүлікті қоспағанда, оның үшінші жақта кепілде тұрған мүлкінен өндіріп алуға;
- уәкілетті органды өндіріп алу туралы жазбаша хабардар ете отырып, уәкілетті органның шешімінің негізінде пайдалануға шектеу қойылған борышкердің үлкіне аударуға құқылы. Өндіріп алу аударылған, кепілге қойылған және иелік етуіне шектеу белгіленген мүлікті сату жария сауда-саттық жасау жолымен жүргізіледі.
Сот орындаушыларының мүлікті заттай беруге байланысты іс-әрекеттеріне шағымдарды қарау кезінде өндірушіге мүлікті төмендегі жағдайларда заттай беруге болатындығын соттың ескергені жөн:
- атқару құжатында көрсетілген белгілі бір заттардың өндіріп алушыға берілгені туралы шешілгенде;
- тыйым салынған мүлікті сауда-саттық хабарланған сәтте белгіленген бағасы бойынша екі ай ішінде сауда-саттық өткізу арқылы сату мүмкін болмағанда, ако
алғашқы бағалаудан жиырма пайызға төмендетілген баға бойынша саудасаттық өткізілмеді деп танылғанда;
- мүліктің бастапқы құнының кем дегенде елу пайызы болуға тиісті соңғы жарияланған баға бойынша қайталама сауда-саттықтар өткізілмеді деп танылғанда;
- өндіріп алушы мен борышкердің арасындағы мүліктің заттай берілуін көздейтін бітімгершілік келісім бекітілгенде.
Мүліктің құны атқару құжатын орындау барысында айқындалған бағасына сәйкес келмеді деген уәж бойынша сот орындаушысының іс-әрекеттеріне шағым келтірілген жағдайда сот оның Заңның 43-бабының талаптарын сақтағандығын тексеруі тиіс.
Маманның мүлікті бағалауына дау айтылатын болса, онда ол іс талап қою тәртібімен жүргізіліп, қажет болған жағдайда сот орындаушысы қосымша жауапкер ретінде іске қатыстырылады. Сот "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақтан Республикасы Заңы талаптарының сақталуын тексереді, мүлікті бағалау кезінде анықталған мән-жайларды меншік құқығын тоқтату кезінде мүліктің нарықтық бағасы негізге алына отырып бағалануын көздейтін АК-нің 257-бабының ережелерін ескере отырып бағалайды.
Мүліктің нарықтық құны деп бәсекелестік жағдайларда иеліктен шығарылуы мүмкін мүлік бойынша ықтимал сатып алушылар үшін осы мүлік туралы барлық қолжетімді мәліметтер ұсынылған кезде әлдеқайда ықтимал баға қойылуын түсінген жөн.
Заңның 1-бабында атқару құжаты толық мәжбүрлеп орындалғаннан кейін сот орындаушысының өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының он пайызы мөлшерінде борышкерден немесе мүліктік емес сипаттағы атқару құжаттары бойынша он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жеке тұлғалардан және жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде заңды тұлғалардан атқару санкциясын өндіріп алу туралы ұсынысы бойынша сот өндіруі көзделген.
Атқару санкциясы атқару құжатын өз еркімен орындамаған борышкердің мүліктік жауапкершілігінің дербес түрі болып табылады. Толық мәжбүрлеп орындату деп атқару құжаты сот орындаушысының өндірісінде болған кезеңде, Заңның 10-бабының тәртібі бойынша өз еркімен орындау үшін сот орындаумысы борышкерге белгілеген мерзімді қоспағанда, атқару құжатының толық көлемде) мәжбүрлеп орындалуы деп түсінген жөн. Осыны негізге ала отырып, сот орындаушысының Заңның 34-бабында аталған атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау туралы әрекеті, сондай-ақ хатталған және тыйым салынған мүліктерді сату бойынша қабылданған шаралар, борышкердің еңбекақысы мен басқа да табыстарынан, басқа тұлғалардың қолындағы мүлкінен өндіріп алу мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары ретінде бағалануға тиіс.
Сот орындаушысының ұсынымы АІЖК-нің 240-бабында көзделген тәртіппен, соттың атқару құжатының орындалатын орны бойынша борышкерді ұсынымның қаралатын уақыты мен орны туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, аудандық сотта қаралады. Алайда, сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған борышкердің келмеуі ұсынымды қарауға кедергі болып табылмайды. Сот орындаушысы ұсынған атқару құжатының толық және мәжбүрлеп орындалуын растайтын дәлелдемелер сот отырысында зерделенуге жатады.
1. Атқару санкциясын өндіру туралы сот ұйғарымының негізінде атқару парағы жазылады, ол Заңмен белгіленген тәртіпте орындалады. Заңның 17-бабының тәртібімен сот ұйғарымы бойынша өндірілген ақша сомасынан атқару санкциясын өндіруге жол берілмейді.

1.2 Аткарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі

Заңмен белгіленген атқарушылық іс жүргізудің жалпы ережелері азаматтардың және заңды тұлғалардың мүлкіне өндіріп алу жүргізілгенде, заттық және заттық емес даулар бойынша атқару құжаттарды орындауда күші бар.
Заң атқарушылық іс жүргізудің жалпы мерзімін анықтайды -атқарушылық әрекеттер атқару құжаттары түскен күннен бастап сот орындаушысымен екі ай мерзім ішінде жүргізілуі тиіс. Атқару құжаттарының талаптарын дереу атқару жағдайлары осы ереженің ауытқуы болып келеді. Заңда бекітілген атқару әрекеттерінің мерзімдері ұзартылуға жатпайды.
Атқарушылық әрекеттерді екі ай мерзім ішінде жүргізілуі тиістігі ережесін әр уақытта сақтау мүмкін емес. Заңның 10-бабының 2 бөліміне сәйкес сот орындаушысы борышкердің атқару құжатында көрсетілген талаптарды ерікті орындауға мерзім белгілейді. Бұл мерзiм бес күннен аспау керек. Ал 49 баптың 3-ші бөлігіне сәйкес өндіріп алушының талаптарын қанағаттандыру үшін екі ай мерзім ішінде мүлік сатылу қарастырылған. Осы көрсетілген мерзімдерді Кәдімгі арифметикалық қосу арқылы екі ай мерзім ішінде атқарушылық іс жүргізуді салыстырмалы аяқтауға мүмкін еместігі көрініп тұр.
Юрисдикциялық актілер борышкердің тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс орны бойынша не оның мүлкі тұрған жері бойынша сот орындаушысымен атқарылады.
Бұл жағдайда сот орындаушысы өзінің функциялары таралатын аумақта, атқару барысында керектілік туған жағдайда басқа аумақта да атқарушылық әрекеттер жүргізе алады.
Егер атқару құжатын орындау барысында борышкер басқа жерге кетіп қалса және борышкердің бұрынғы тұрған жерінде өндіріп алынатын мүлік қалмаса, сот орындаушысы бұл жөнінде дереу акт жасайды және атқару құжатын борышкердің жаңа тұрғылықты жері бойынша сот орындаушысы үш күннен кешіктірмей жіберіп, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды (Заңның 24 бабы).
Атқарушылық әрекеттер жұмыс күндерінде сағат 6.00 - ден 22.00 дейін жүргізіледі. Атқарушылық әрекеттердің нақты уақыты сот орындаушысымен анықталады. Демалыс және мейрам күндері, сонымен қатар түңгі уақытта атқарушылық арекеттерге соттың рұқсатымен және тек қана кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда немесе борышкердің кінәсiмен басқа күндері оларды жүргізуге болмаған жағдайда жол беріледі (Заңның 25 бабы).
Заң кейінге қалдыруға болмайтын атқарушылық әрекеттердің түсінігін ашпайды, бірақ борышкер түнгі уақытты пайдаланып, мүлікті тығып қою немесе басқа да әдіспен шешімді орындаудан бас тарту үшін қолданылуы мүмкін деген негіз болатын мән-жайлар туған жағдайларда атқарушылық әрекеттер жүргізіледі. Практикада заңмен көрсетілген мәжбүрлеп атқару бойынша барлық әрекеттер үшін емес, ал тек борышкердің мүлкіне тыйым салу үшін ғана қолданылады. Сот орындаушылары демалыс күндері сауда саттық жүргізбейді, бірақ та біздің ойымызша, осы күндері сауда-саттыққа көп адамдар қатысуы мүмкін.
Алимент өндіріп алу, мертiктiру немесе денсаулығына өзге де зақымдау арқылы келтірілген зиянды өтеу, асыраушысының қайтыс болуы жөніндегі істер бойынша, сондай-ақ борышкердің жүрген жері белгісіз болған өзге де жағдайларда сот орындаушысы сотқа ішкі істер органдары арқылы іздеу салу туралы ұсыныс жасайды. Осы көрсетілген істер бойынша, сондай-ақ мемлекет мүдделеріне орай жауапкердің болған жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы арқылы іздестіру жариялауға міндетті (АІЖК-нің 135 бабы).
Іздеу атқару құжаты орындалатын орны бойынша немесе соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша немесе мүлкінің орналасқан жері бойынша, сонымен қатар өндіріп алушының тұрғылықты жері бойынша салынады. Борышкерді іздеу жөніндегі шығыстар атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатады және сот арқылы борышкерден жергілікті бюджетке өндіріп алынуға тиіс (Заңның 18 бабы).
Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өндіріп алушы атқарушылы әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылатын тиісті шығыстарды жасау үшін жеткілікті мөлшерде депозиттік шотқа аванс жарнасын төлеуге құқылы (Заңның 76 бабы) .
Борышкердің және отбасы мүшелерінің мүдделерін қорғау мақсатында заң атқарушылық әрекеттер жүргізу уақытына қатысты нақты тыйымдар мен шектеулер белгіленген. Мысалы, демалыс және мереке күндерінде, сондай-ақ түнгі уақытта атқарушылық әрекеттерге сот рұқсатымен және кейінге қалдыруға болмайтын немесе оларды борышкердің кінәсінен басқа күндерде және осы зада белгіленген уақытта жасау мүмкін болмаған жағдайларда жол беріледі.
Атқарушылық іс жүргізу қозғау, атқарушылық әрекеттерді жүргізу және аяқтау сатыларынан тұрады.
Сот орындаушысы атқару құжаты келіп түскеннен кейін қаулы шығарып атқарушылық іс жүргізуді қозғайды. Дереу, бірақ үш тәуліктен кешіктірілмей, дереу орындауға тиісті атқару құжаттарын қоспағанда бес күн мерзiм бере отырып, борышкерге атқару құжатын өз еркімен орындау туралы ұсыныс жасайды (Заңның 10 бабы).
Атқару құжаттарын орындаумен байланысты мәжбүрлеу шараларын қолдану оз еркімен орындаудың мерзімі өткен соң жүзеге асырылады. Заңның 10 бабына сәйкес оған дейін сот орындаушысы заңның талаптарын сақтай отырып, акт жасау арқылы прокурордың санкциясымен борышкердің мүлкіне тыйым салып, мүлкін хаттайды. Атқарушылық іс қозғау жөніндегі қаулыда хаттау жүргізілген туралы көрсетілуі керек.
Заңның 14 бабында көрсетілген жағдайларда, яғни атқарушылық әрекеттер жасауға кедергі келтіретін жағдаяттар болған ретте сот орындаушысы өз бастамасы немесе тараптардың өтініші бойынша атқарушылық әрекеттерді кейінге қалдыруы мүмкін. Ол туралы аға сот орындаушысымен немесе сот орындаушылар органының басшысымен бекітілген тиісті қаулы шығарады. Бұл туралы аткаруашылық іс жүргізу қатысушы тұлғаларға хабарлануы тиіс. Заң кейінге қалдырудың негіздерін бекітпеген. Бірақ, біздің ойымызша, тізімге тоқтата тұрудың міндетті және факультативті негіздерінде көрсетілмеген негіздер кіруі мүмкін. Кейінге қалдыру мерзімі атқарушылық әрекеттер жүргізу мерзімінен аспауы керек.
Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру кейбір жағдайларда міндетті, ал кейбір факультативті (сот орындаушысының құқығы) сипатқа ие. Атқарушылық іс жүргізу міндетті түрде тоқтатыла тұрады:
1) егер сот белгіленген құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, борышкер қайтыс болған, ол қайтыс болды деп хабарланған немесе хабар ошарсыз кетті деп танылған;
1) борышкер болып танылатын заңды тұлға қайта құрылған немесе оның таралуы туралы заңда белгіленген тәртіппен шешім қабылданған немесе дәрменсіздігі (банкроттық) туралы іс қозғалған;
2) борышкердің немесе өндіріп алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
3) борышкер атқару құжатын сот тәртібімен даулаған;
4) әкiмшiлiк жаза қолданған органдардың (лауазымды тұлғалардың) әрекетіне сотқа шағым берілген;
5) сот немесе аткару құжатын бергенде негізге алынған шешімнің орындалуын тоқтата тұру құқығы заңмен берілген лауазымды тұлға қаулы шығарған
6) сотқа атқару құжаты бойынша өндіріп алатын мүлікті хатталудан шығару туралы (пайдалануға тыйым салудан босату) талап қойылған;
7) борышкер немесе өндіріп алушы борышкер мүлкін бағалау нәтижелерін дау шығарған жағдайларда (Заңның 15 бабы).
Атқарушылық іс жүргізуді сот орындаушысының тоқтата тұру құқығы заңның 16 бабына сәйкес мына жағдайларда жүргізіледі:
1) сот орындаушысының атқаруға жататын қаулыны шығарған органға түсіндіру туралы үндеу жібергенде;
борышкердің ұзақ қызмет сапарда болған,
2) борышкердің емдеу мекемелерінде болған;
3)сот орындаушысының әрекетіне шағым берілген;
4)борышкерге іздеу салынған;
5)өндіріп алушы өтініш берген;
6) өндіріп алушының немесе борышкердің елді мекеннен тыс болған жағдайларда;
Заңның 15 және 16 баптарындап баяндалған атқарушылық іс жүргізудің тоқтата тұру тізімі толық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушылық өндірісінің қатысушылары
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі
Атқару өндірісінің мәні мен маңызы
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібін талдау
Атқару өндірісінің құқық жүйесінде толық және азаматтық сот өндірісінде ішінара орын алуы
Мәжбүрлек атқару шаралары
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың орнын ауыстыру
Қазақстанның құқықтық саясатының тұжырымдамасы негізіндегі атқару ісін дамытудың құқықтық
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Пәндер