Азаматтық талап қою


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП . . .

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап: негіздері мен алғышарттары . . .

1. 2 Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы . . .

2 МӘНІ, МАҒЫНАСЫ, НЕГІЗІ МЕН АЛҒЫШАРТТАРЫ » АЗАМАТТЫҚ ТАЛАПТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ . . .

2. 1 Жалпы ұғымдар азаматтық талап . . .

2. 2 Азаматтық талап құралы ретінде қылмыстан келген зиянның орнын толтыру . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қылмыстық іс бойынша қойылатын азаматтық талап өзінің мәнісі бойынша азаматтық істер бойыншақойылатын талап ұғымына сәйкес болып табылады. Ал, азаматтық істер бойыншақойылатын талаптардың мынадай түрлері болады:

  • өндіру туралы талап;
  • құқықтық қатынастарды тану (анықтау) туралы талап;
  • құқықтық қатынастарды өзгерту немесе жою (тоқтату) туралы талап.

Қылмыстық істер бойынша қойылатын талаптар негізінен өндіру талабына жатады. Яғни, бұл талаптардың мәні тікелей қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ қылмыстыңсалдарынан болған шығыстарды өтеттіру болып табылады. Сонымен қатар, зардап шеккен тұлға қылмыспен келтірілген моральдық зиян үшін де өндіру талабын қоюға құқылы.

Азаматтық талап қою.

Есі кіресілі-шығасылыадамдардың қылмысы немесе ҚР қылмыстық Кодексте көзделген әрекет нәтижесінде зиян шеккен адамдар неоның өкілі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап, бірақ сот ттергеуі басталғанға дейін кез-келген уақытта азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтық талап жазбаша нысандаберіледі. Талапты қандайқылымыстық іс боынша, кім, кімге қандай негіз және қандай мөлшерде азаматтық талап қойылатындығы көрсетледі, сондай-ақ зиянды өтеу үшіннақтылы ақша соммасын немесе мүлікті өндірутуралы өтінішжазылады. Азаматтық талаптың негізінжне талаптың мөлшеріннақтылау қажет болған кезде ол адамқосымша азаматтық талапқоюға қөқылы. Айыпталушы ретінде жауапқа тартылатынадамдардың анықталмауықылмыстық істе азаматтық талапқоюға бөгет болмайды. Қылмыстық процестеазаматтық талапқоймаған адамның сондай-ақталабын сот қарамайқараған адам аны азаматтық сот ісін жүргізутәртібімен қоюға құқылы. Қылмыстық ізге түсу иммунитетінің болуына байланыстыайыпкер ретіндежауапқа тартуға талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібіменқойылуы мүмкін. ҚІЖҚ-нің 62-баптың 2-бөлігінде көзделген жағдайда қылмыстық істе прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.

Азаматтық талапкер деп тану.

Егер қылмыстық материалдарынанақыл есінен айырылған адам қылмысы арқылы немесе ҚР Қылмыстық Кодексіндетыйым салынған әрекетімен азаматқы немесе заңды тұлғағазиян келтірген депқаралса, анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот оларға немесе олардың өкілдеріне азаматтық талап қою құқығыбар екенің түсіндіреді. Талап қойған жеке немесе заңды тұлға ҚІЖҚ-нің77-бабының1-бөлігі белгіленген тәртіппеназаматтық талапкер деп тану құқығы хабарланады және ҚІЖҚ-нің 77-бабының 4-бөлігінде көзделген . Азаматтық талап қою үшінҚІЖҚ-ң 154-бабындакөзделген негіздер болмағанжағдайда талап қойғаназаматқа немесе заңды тұлғағаазаматтық талапкер деп тануданбас тартуы мүмкін, бұл дәлелді қаулы шығарып, оған шағымыдану құқығытүсіндіріледі. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізусатысында тұлғаны азаматтық талапкер дептанудан бас тартуооны сотта сот тергеуібасталғанға дейін азаматтық талап қою және азаматтық талапкер деп тану туралы өтініш білдіру құқығынан айырмайды.

Қылмыстық іске қойылған азаматтық талаптықарау кезінде зиянды өтеу негіздемелері, шарттары, көлемі және әдісі азаматтық, еңбек және басқы заңдардың нормаларына сәйкес белгіленеді. ҚР бекіткен халықаралық шарттардакөзделген жағдайдахалықаралық құқық нормалар мен шет мемлекеттің заңдары қолданылады.

Азаматтық талапкер өзі қойған азаматтық талаптан бас тартуға құқылы. Азаматтық талапкердің қылмыстықіс бойынша сотқа дейінгііс жүргізу сатысында талаптан бас тарту туралы өтініші жазбаша туралы беріліп, қылмыстық іске қоса тіркеледі. Егер азаматтық талапкерді талаптан бас тартуы сот отырысында білдірілсе, онда ол сот отырысының хаттамасына еңгзіледі. Талаптан бас тартуды анықтаушы, тергеуші немесе прокурор қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізудің кез келген сәтінде қабылдайды, бұл туралы қаулы шығарылады. Талаптан бас тартуды сот қаулы шығара отырып, сотты іс қараудың кез келген сәтінде, бірақ сот үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін қабылдай алады. Талаптан бас тартуды (қабылдау ол бойынша іс жүргіздітоқтатуға әкеп соғады) қабылдағанға дейінқылмыстық процесті жүргізуші орган азаматтық талапкерге ҚІЖҚ-ң 168-быбының 4-бөлімінде белгіленген бас тартуды салдарын түсіндіруге міндетті.

Қылмыстық процесті жүргізетін орган, егер азаматтық талапкердің талаптан бас тартуы заңғақайшы келсе немесе кімнің де болсынқұқығын және заңменқорғалатын мүдделерін бұзатын болса онда бас тартуды қабылдамайды, бұл туралы дәлелді қыулы шығарады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, төрт бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП

1. 1 Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап: негіздері мен алғышарттары

Адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық ретінде тану мемлекетке оларды қорғау жəне сақтау міндетін жүктейді. Мұндай құндылықтардың сақталуы мен қорғалуының негізгі жəне маңызды кепілі ретінде өзінің конституциялық құқықтарын сот арқылы қорғау табылады десек қателеспеспіз.

Бұл тұрғыда ерекше орынға ие болатын мəселе тұлғаға қылмыс арқылы келтірілген зиянның орнын толтыру мəселесі, яғни азаматтық талап қою арқылы тұлғаның өз бұзылған құқықтарын қалпына келтіру. Бұл ғылыми мақалада аталған мəселе төңірегінде ой толғап, азаматтық талап қоюға негіз болатын мəн жайларға жіті тоқталып кетеміз.

1997 ж. ҚР ҚІЖК қабылданғаннан кейін қолданыстағы заңнама мен сот тəжірибесі қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың пəнін кеңейтті. Кеңестік ҚІЖК мен қазіргі қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын салыстыра келе, ҚР ҚІЖК-де осы институттың елеулі дəрежеде жетілдірілгенін байқауға болады.

Кеңестік ҚІЖК жəбірленушінің өліміне, асыраушысынан айрылуына жəне жерлеуге кеткен шығыстарды өтеуге байланысты азаматтық талаптарды қарастырды. Қазіргі ҚР ҚІЖК нормалары жоғарыда аталған талап түрлерінен бөлек қылмыстық процесте жеке жəне заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi əрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк жəне моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жəрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне жəне сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптарын қарастырады.

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қылмыстық іс қозғалған сəттен бастап мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңызды процессуалды құралы. Осыған сəйкес, сот, прокурор, тергеуші мен анықтаушы мүдделі тұлғаларға олардың қылмыстық іс жүргізуде өз бастамашылығымен азаматтық талап қоюға құқылы екендіктерін түсіндіріп, азаматтық талапқа қатысты қамсыздандыру шараларын уақытылы жүзеге асыруға міндетті.

Тек сот үкімі ғана қылмыстың орын алғандығы не болмағандығы, осы қылмыс бойынша айыпталушы тұлға кінəлі болып табылады ма, жоқ па, сотталушы келтірілген зиян үшін жауапты ма, жоқ па сияқты сауалдарға жауап беріп, анықтайды. Сот үкімі қылмыс салдарынан келтірілген зиянды шеккен тұлғаны да анықтайды. Аталған мəн-жайлардың анықталуы қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптарды қанағаттандырудың алғышарттары болып табылады.

Қазіргі кезде процессуалисттер арасында азаматтық талапты қанағаттандыру құқығын жүзеге асырудың алғышарттары мен шаралары бойынша ортақ пікір қалыптаспаған.

Талаптың құқықтық негізділігі материалды құқық саласына, ал іс жүзіндегі негізділігі процессуалды құқық саласына жатады. [1]

Талапты қанағаттандыру құқығының пайда болуы материалды заң мен тиісті заңды фактілерді орын алуы (талаптың құқықтық жəне іс жүзіндегі негізділігі) негіз болып табылады. [2]

Көптеген ғалымдардың пікірінше, азаматтық талапты қанағаттандыруға құқықтың пайда болуы бірнеше алғышарттан тұрады: талап қою құқығы; талаптың құқықтық негізділігі, яғни талаптың қай заң нормаларына сəйкес қойылғандығын көрсетуі; талаптың іс жүзіндегі негізділігі, яғни талапкердің жауапкерге қойған талабын негіздейтін фактілердің дəлелденуі. Соңғы екі алғышартты қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың материалды жəне құқықтық негізі ретінде қарастырып, үшінші негіз ретінде процессуалды алғышарттарды бөліп көрсетті. [3]

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талаптың пəні азаматтық деликтілік құқықтыққатынастар саласына жатқызылып, азаматтық заңнамамен реттелінеді. Азаматтық заңдармен реттелінетін, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшелігі олардың қылмыстық заңнама нормаларымен реттелінетін жоғары қоғамдық қауіптіліктің пайда болуындағы үйлесімінде.

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер ҚР АК нормаларымен реттелінеді. Зиянның орнын өтеудің негізі болып келтірілген зиян фактісі болып табылады.

Дəлелдеу пəніне жеке жəне заңды тұлғалар мен олардың мүлкіне келтірілген зияннан басқа қылмыс пен келтірілген зиян арасындағы айыпталушының əрекеті не əрекетсіздігіндегі себепті байланыстың болуы; келтірілген зиянның көлемі; зиян келтірушінің кінə деңгейі; іс бойынша азаматтық жауапкер ретінде танылуы мүмкін айыпталушының материалды жағдайы.

Азаматтық талаптың қылмыстық-процессуалды доктринасы кінəні оның негізі ретінде ретінде қарастырмайды, себебі кінəсіз қылмыстың жасалуы мүмкін емес. Тұлғаны қылмыс жасады деп тану үшін оның кінəлілігі дəлелденуі тиіс. [4]

Қылмыстық іс жүргізудегі кiнəсiздiк презумпциясына сəйкес, əр адам оның қылмыс жасағандығы үшiн кiнəлiлiгi ҚІЖК көзделген тəртiппен дəлелденгенге жəне соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнəсiз деп саналады.

ҚР АК 917-бабына сəйкес, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiлiктерi мен құқықтарына заңсыз iс-əрекеттермен (əрекетсiздiкпен) келтiрiлген (мүлiктiк жəне (немесе) мүлiктiк емес) зиянды, оны келтiрген тұлға толық көлемiнде өтеуге тиiс.

Заң актiлерiнде зиянды өтеу мiндетi зиян келтiрушi болып табылмайтын тұлғаға жүктелуi, сондай-ақ өтеудiң неғұрлым жоғары мөлшерi белгiленуi мүмкiн. Яғни азаматтық заңнама нормалары бойынша, зиян келтіру салдарынан туындаған азаматтық құқықтық қатынастарда зиян келтіруші кінəлі болып табылады жəне өзінің кінəсіздігін дəлелдеуге мінедетті. Зиян қылмыс құрамының саралаушы белгісі болып табылады, сəйкесінше, кінə қылмыс құрамының субъективті жағы ретінде қарастырылады, себебі азаматтық құқықбұзушылық құрамында кінə дəлелденуге жатпайды.

Азаматтық құқық теориясында азаматтық құқықбұзушылық құрамының құрылымы даулы мəселе болып табылады. Көп жағдайларда азаматтық құқықбұзушылық құрамына құқыққа қайшы əрекет (əрекетсіздік), зиян салдары, əрекет (əрекетсіздік) пен зиян арасындағы себепті байланыс жатады.

Кінə қылмыс құрамының құрылымдық элементі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартудың бір негізі болып табылады, бірақ қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қоюдың негізі болып табылмайды. Құқыққа қайшы əрекеттер азаматтық жəне қылмыстық құқықтық қатынстар қатысушыларының субъективті құқықтарын қорғайтын объективті құқық нормаларын бұзады. Əрекеттің қоғамдық қауіптілігі - бұл қылмыстың арнайы белгісі болып табылады жəне өзге құқықбұзушылықтарға мұндай белгі тəн емес деген пікір де қалыптасқан. [5]

Қылмыстық-процессуалдық құқығында азаматтық талапқа қатысты кең тараған пікір бар. Оған сəйкес, талапкердің талабы заңмен белгіленген заңды фактілер нəтижесінен туындайды. Материалды- құқықтық қатынастардың пайда болуын туындататын заңды фактілер болмаған жағдайда қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап та қойыла алмай, сот қарауына жатпайды.

Азаматтық талаптың негізі талапкердің талаптарын білдіретін заңды фактілерден тұратындығын атап көрсетеді. Бұл заңды фактілер талапкер мен айыпталушы (жауапкер) арасындағы келесідей құқықтық қатынастардың пайда болуына əкеледі: қылмыстың жасалғандығы; қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік жəне моральдық зиянның болуы; қылмыс пен моральды зиян арасындағы себепті байланыстың болуы. [6]

Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талап қою үшін жоғарыда аталған негіздерден басқа белгілі бір шарттар болуы тиіс. Оларды əдебиеттерде, əдетте, қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары деп атайды. Көптеген ғалымдар алғышарттар қатарына келесідей мəн-жайларды жатқызады: талапкердің əрекет жəне құқыққабілеттілігі, даудың соттылығы, алдын-ала қойылған талаптың пəні мен негіздері бойынша сот шешімінің шығарылмауы. [7]

Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың алғышарттары мəселесі заң əдебиеттерінде маңызды рольге ие. Аталған мəселе бойынша алғаш рет теориялық ұсыныстарды білдірген. Автор негізінен процессуалды алғышарттар туралы ой қозғап, олардың қатарына келесідей мəн-жайларды жатқызды: шағымданушының процессуалды құқыққабілеттілігі; даулардың сот органдарына ведомстволылығы; бір пəн мен негізде қойылған талап бойынша заңды күшіне енген сот шешімінің, не талапкердің талап арыздан бас тарту туралы, не тараптар арасында татуластырушы шарттарды бекіту туралы сот анықтамасының болмауы; жəбірленушінің шеккен материалдық зияны; айыпталушының əрекеттерінде қылмыс құрамының болуы; қылмыс пен материалды зиянның арасындағы себепті байланыстың болуы. [7]

Сот-тергеу тəжірибесін талдау тергеу жəне сот органдарымен талап қою құқығын жүзеге асыруда екі түрлі қателік жіберетіні анықталды. Көп жағдайларда тергеу органдарымен заңды тұлға болып табылмайтын жəне соған сəйкес қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкердің құқықсубъектілігіне ие бола алмайтын ұйымдардан келтірілген зиянның орнын өтеу туралы өтініштер қабылданады.

Екінші қателік, азаматтық талапкер ретінде заңды тұлғалардың өзін емес, олардың өкілдерін тану болып табылады. ҚР ҚІЖК 162-бабына сəйкес, азаматтық аталап қылмыстық іспен бірге қаралады, яғни талап арыздың соттылығы қылмыстық істің соттылығына сəйкес келеді.

Егер қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылмаса немесе шешімін таппаса, онда талап азаматтық сот өндірісі тəртібімен қойылады. Осылайша, ҚР АІЖК 35-бабының үшінші бөлігіне сəйкес, қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мəлімделген немесе шешілмеген болса, осы Кодексте белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тəртібімен қарауға беріледі.

1. 2 Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы

Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы N 1 нормативтік қаулысы

Азаматтық талаптарды қылмыстық процесте қаралуын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

1. Азаматтық талапты Қазақтан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (бұдан әрі - ҚІЖК) көзделген тәртіппен қылмыстық іспен бірге қарау, қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетiмен өздеріне моральдық, күш қолдану арқылы немесе мүліктік зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде қорғаудың кепілі болып табылады. Соттар осыған байланысты қылмыстық істерді қарау кезінде қойылған азаматтық талаптарды материалдық және процессуалдық заңдардың талаптарын сақтай отырып дұрыс шешуді қамтамасыз етуге тиіс.

ҚІЖК-нің 2-бабының екінші бөлігіне және 162-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, қылмыстық процесте азаматтық талапқа қатысты мәселелер қылмыстық іс жүргізу заңының негізінде шешіледі. Іс жүргiзу қатынастары ҚІЖК-мен реттелмеген жағдайларда азаматтық iс жүргiзу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.

2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот азаматқа немесе заңды тұлғаға, егер іс бойынша қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы адамның қоғамға қауіпті әрекетімен оларға мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілгенін байқаса, олардың азаматтық талап қою құқығын түсіндіреді.

3. Адамдар азаматтық талап қойғаннан кейін азаматтық талапкер деп танылады.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық талап қоюға құқылы адамдардың тобы ҚІЖК-нің 62, 77 және 163-баптарында айқындалған. Олардың қатарына: қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетiмен өздеріне зиян келтірілген жеке және заңды тұлғаларды, олардың заңды өкілдері мен өкілдерін, прокурорды жатқызуға болады.

ҚІЖК-нің 77-бабына сәйкес, аталған адамдар іс бойынша анықталған мән-жайлар тікелей қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетiмен оларға зиян келтірілгенін растаған кезде ғана емес, оларға осындай зиян келтірілді деп санауға тиісті негіздер жеткілікті болған жағдайларда да азаматтық талап қоюға құқылы.

Мүліктік зиян келтірілген кезде жойылған мүліктің меншік иесі ғана емес, сонымен бірге заңды негіздер бойынша өзінде тұрған мүліктің иесі де (жалға алушы, сақтаушы және басқалар) азаматтық талап қоюға құқылы.

ҚІЖК-нің 75-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, жәбiрленушiнiң өзiне келтiрiлген моральдық зиянды өтеу туралы талабы қылмыстық процесте қаралады. Егер мұндай талап қылмыстық iсте қойылмаса не қараусыз қалдырылса, онда жәбiрленушi оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы.

Азаматтық талап қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап кез келген уақытта, қылмыс аяқталған немесе аяқталмаған кезде не есі кіресілі-шығасылы адам қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған жағдайда, сондай-ақ айыпталушы анықталмаған жағдайда, бірақ сот тергеуі басталғанға дейін қойылуы мүмкін.

Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010. 06. 25 N 10 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2011. 04. 21 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

4. Азаматтық талаптар тек жазбаша түрде, демек талап арызды беру арқылы қойылуы мүмкін. Онда Қазақтан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК) 150-бабында және ҚІЖК-нің 163-бабының екінші бөлігінде көзделген мән-жайлар көрсетіледі.

Талап арызда көрсетілген азаматтық жауапкерлердің санына қарай талап арыздың көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Азаматтық талапты қарау туралы өтініш сондай-ақ ҚІЖК-нің 390-бабының тәртібімен жеке айыптау ісін қозғау туралы шағымда да көрсетілуі мүмкін.

Егер қойылған азаматтық талаптың негіздерін немесе талап қоюдың мөлшерін айқындау қажет болса қосымша азаматтық талап қойылуы мүмкін.

Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қою кезінде талапкер мемлекеттік бажды төлеуден босатылады.

Қылмыстық істе қойылған азаматтық талаптың соттылығы қылмыстық істің соттылығымен анықталады.

5. Адамды азаматтық талапкер деп тану туралы, азаматтық талапкер деп танудан бас тарту туралы немесе адамның қылмыстық процеске азаматтық талапкер ретінде қатысуын тоқтату туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізуші орган дәлелді қаулы шығару арқылы қабылдайды. Қаулы тиісінше талап арыз түскеннен кейін дереу не адамның аталған процессуалдық жағдайда болуға негіздің жоқ екенін көрсететін мән-жайлар анықталған соң шығарылуға тиіс.

Қабылданған шешім туралы азаматтық талапты қойған адам, сондай-ақ азаматтық талапта мүдделері қозғалып отырған процеске қатысушылар хабардар етіледі.

Азаматтық талапкер деп танылған адамдарға бір мезгілде олардың ҚІЖК-нің 77-бабында көзделген процессуалдық құқықтары мен міндеттері түсіндірілуге тиіс.

Прокурордың азаматтық талап қойғаны туралы сол талапта мүддесі қорғалып отырған адамдар да хабардар етілуге тиіс.

Басқа адамдардың мүддесін қорғап азаматтық талап қойған прокурор азаматтық талапкер болып танылмайды, себебі оның процессуалдық жағдайы өз алдына ҚІЖК-нің 62-бабында белгіленген. Бұл жағдайда өзінің мүддесін қорғап талап қойған адам талапкер болып танылады.

6. Анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде ҚІЖК-нің 62, 77 және 163-баптарындакөрсетілген адамдардың ҚІЖК-нің 162-бабына сәйкес берген талап арыздарын қабылдамауға құқылы емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талап қою мерзімінің өтуі
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шарттары
Азаматтық құқықтағы талап қою мерзімі
Азаматтық талап қою мерзімі
ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері
Талап мерзімі және мерзімді есептеу
Мерзімдерді есептеу және талап мерзімі
Мерзімді есептеу тәртібі
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz