Жауаптың қалыптасу кезеңдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ЖАУАП АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
1.3 Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ЖАУАПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Жауаптың қалыптасу кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Беттестіру және беттестіру тактикасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста Тергеп-тексеру амалы ретіндегі беттестіру және оның рәсімделуін анықтау.
Тақырыптың өзектілігі. Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады.
Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куəден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қолданылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушініңосы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, платтарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алушы - тергеуші әр куəден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.
Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең - оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті. Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді.
Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті.
Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауарайынын жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Курстың жұмысының мақсаты. Тергеп-тексеру амалы ретіндегі беттестіру және оның рәсімделуін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттерін анықтау,
Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстарын қарастыру;
Беттестіру
Жауаптың қалыптасу кезеңдері талдау;
Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістерін қарау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАУАП АЛУ ЖӘНЕ БЕТТЕСТІРУ
1.1 Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері
Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар.
Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куəден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалық әдістер қолданылады. Бірақ ол каншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.
Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстын болған уакыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағань, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мәнжайлары анықталады.
Бұлар - заңда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар, кылмысты оқиғаға тікелей қатысы бар деректі мәліметтер. Сондай-ақ, жауап алу арқылы тікелей қылмысты оқиғаға қатысы жоқ, бірақ Қылмысты ашуға керекті аралық мәліметтер де алынады. Айталық, Қылмыскердің қайда жүргенін, оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің ең жақын адамдарынан да жауап алуға тура келеді.
Жауап алудың мұндай аралық түрінің, қылмысты оқиғаға тікелей қатысы болмаса да, істі тез ашуда, қылмыскерді тауып ұстайда, істің кейбір мән-жайын анықтауда үлкен маңызы бар. Жәбірленушінін, куəнің жауаптары істегі басқа деректерді нақтылап, тергеушінін согтың оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына зор септігін тигізеді. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын қылмыскердің өзінен артық ешкім білмейді. Сондықтан, қылмысты мойындап, өз қателігін дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады.
Бірақ оны асыра бағалап, оған ерекше сенімділікпен қарауға болмайды. Өйткені, істегі деректердің дәлелдемелік күштері бірдей, бірінен-бірінің артықшылығы жоқ.
Осы тақырыпты қорытындылай келе жалпы қылмыскердің қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей жағдайларда кылмыскердің жасаған ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ Қылмыстарын мойнына алып, тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр қылмыстарынан құтылып кетуге тырысуы мүмкін. Айып істегі барлық деректердің тұжырымды қорытындысына ғана негізделуі тиіс.
1.2 Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары
Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушініңосы тергеу әрекетін өткізу алдында жүргізген дайындық жұмыстары көп әсер етеді. Куәден, жәбірленушіден, не кылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды толық оқып, танысып алуы керек. Іспен толық танысып болғаннан кейін, әрбір жауап алу барысында қандай мәселелерге назар аудару керектігін анықтап, жоспарлап, жазып алуы тиіс. Әр жауапкерге қандай сұрақ қою керек екендігін және осы сұрақтарды қандай кезекте қою керек екендігін алдын ала анықтап, белгілеген жөн.
Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн. Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шегтеу керек.
Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнін, денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн. Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс.
Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.
Қай жерде жауап алу керек екендігі де алдын ала жоспарланады. Көбінесе тергеуші дауапты өзінің жұмыс бөлмесінде алады. Кей жағдайларда жауапкердің денсаулығына байланысты жауапты оның үйіне, не ауруханаға барып алуға тура келеді. Қылмыскер қамауда отырса, тергеуші одан жауапты көбінесе сол қамау орнында алады. Кейде айыпкерді тергеушінің талап етуі бойынша, қамау орнының әкімшілігі тергеушінің жұмыс бөлмесіне жеткізеді.
Жауап алуға керек жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәден жауап алғанда педагог, дәрігер, не тергеушінің қалауы бойынша жасы толмаған куәнің ата-анасы да қатысады. Дайындық жұмысы жауап алу жоспарын құрумен аяқталады.
Осы тараудағы қырытындылай келе әр адаманан жауап алынатын әр адамға арнап кұрған жоспарда, оған қойылатын сұрақтар жазылады, істегі кандай деректер мен фактілердің дәлелденілетіні көрсетіледі, ол деректерді қандай кезекте көрсету керектігі белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі аз, жас тергеушілерге өте қажет. Көп көріністі істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық зерттеп, анықтауға көмектеседі.
1.3 Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары
ҚР ҚПК-нің 210-бабы бойынша Жауап алуды жүргiзудiң жалпы қағидалары.
1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жауап алу алдында жауап алынатын адамның жеке басына көз жеткізуге тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп отырған тiлдi білетіні-білмейтініне күмән келтірсе, оның айғақтарды қай тiлде бергiсi келетiнi анықталады. Қажет болған жағдайларда оны аудармашымен тегін қамтамасыз етеді.
2. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.
Бір іс бойынша шақырылған адамдар басқа жауап алынатын адамдардан бөлек жауап береді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам бір іс бойынша жауап алуға шақырылған адамдардың жауап алу басталғанға дейін бір-бірімен сөйлесе алмауы үшін шаралар қолданады.
3. Жауап алу жауап алынатын адамға iстің өзiне белгiлi болған мән-жайларын айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтатын болса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс.
4. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылауға және толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетелеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады.
5. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтауға қиын өзге де мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы, олар жауап алынатын адамның өтiнiшхаты бойынша немесе оның келiсiмiмен хаттамаға қоса тiгілуі мүмкiн.
6. Егер жауап алу барысында жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдемелер мен құжаттар көрсетілсе, басқа тергеу әрекеттерінің хаттамалары жария етілсе және тергеу әрекетінің дыбыс- және (немесе) бейнежазба, киноға түсiру материалдары тыңдатылып-көрсетілсе, онда бұл туралы жауап алу хаттамасында тиісті жазба жасалады. Бұл ретте хаттамада жауап алынып отырған адамның оған көрсетілген дәлелдемелер, жария етілген хаттамалар, тыңдатылып көрсетілген тергеу әрекеттерінің дыбыс- және (немесе) бейнежазбалары, кино түсiрілімдер бойынша берген айғақтары көрсетіледі.
7. Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбiрленушiден, күдіктiден, айыпталушыдан жауап алу, сұрау, аударма дағдыларын меңгерген адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетiледi.
8. Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болған кезде одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
9. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шешімі бойынша, сондай-ақ күдіктінің, айыпталушының, куәнің немесе жәбірленушінің өтінуі бойынша жауап алу кезінде дыбыс- және бейнежазба қолданылуы мүмкін. Жауап алынатын адамға мұндай дыбыс- және бейнежазбаның қолданылатыны туралы жауап алу басталғанға дейін хабарланады.
10. Дыбыс- және бейнежазба жауап алудың барысын толығымен көрсетуге және жауап алынатын адамдардың айғақтарын толық қамтуға тиiс. Жауап алудың бiр бөлiгiн дыбыс- және бейнежазбаға түсiруге, сондай-ақ сол жауап алудың барысында берiлген айғақтарды жазып алу үшiн арнайы қайталауға жол берiлмейдi.
11. Жауап алу аяқталғаннан кейiн дыбыс- және бейнежазба толығымен жауап алынып отырған адамға тыңдатылып-көрсетіледі. Айғақтардың дыбыс- және бейнежазбасына жауап алынып отырған адам жасаған толықтырулар да фонограммаға және бейнеграммаға енгiзiледi. Дыбыс- және бейнежазба жауап алынатын адамның олардың дұрыстығын куәландыратын мәлiмдемесiмен аяқталады.
12. Жауап алу барысында дыбыс- және бейнежазба қолданылып алынған айғақтар жауап алу хаттамасына енгiзiледi.
Жауап алу хаттамасы, сондай-ақ:
Дыбыс- және бейнежазбаның қолданылғаны және бұл туралы жауап алынып отырған адамға хабарланғаны туралы белгiнi;
ғылыми-техникалық құралдар, дыбыс- және бейнежазба жағдайлары мен оны тоқтата тұру фактiлерi, тоқтатудың себептерi мен ұзақтығы туралы мәлiметтердi;
жауап алынып отырған адамның дыбыс- және бейнежазбаны қолдану себебі жөнiндегi мәлiмдемесiн;
жауап алынып отырған адамға дыбыс- және бейнежазбаның тыңдатылып көрсетілгені туралы белгiнi;
жауап алынып отырған адамның және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның хаттаманың және дыбыс- және бейнежазбаның дұрыстығын куәландырғанын қамтуға тиiс.
Жалпы осы тақырыпты қысқаша қорытындылай келе тергеп-тексеруде фонограмма мен бейнеграмма iспен бiрге сақталады және олар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн мөрмен бекiтiледi.
2 ЖАУАПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ТАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРІ
2.1. Жауаптың қалыптасу кезеңдері

Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады.
Бірінші кезең - оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту),
екінші - осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау,
үшінші - осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.
Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты.
Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді.
Объективті себептер - көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті - есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты тудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауарайының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.
Қабылдауға субъективті түрде әсер ететін себептермен, яғни жауап беріп отырған адамның қабылдау мүшелерінің кемістігімен, есту, көру мүшелерінің қабылдау қабілетінің төмендігімен бірге, оқиғаны толық және анық қабылдауға жауап беруші адамның мамандығы, жасы, интеллектуалдық кабілеті, ол оқиғаға зер салып, көңіл аударып, бақылай алды ма, жоқ па, міне, осының бәрі әсер етеді. Айталық, жол-көлік оқиғасын екі куә бір кезде, бірдей жағдайда көрді дейік.
Куәлердің біреуі - айталық қарт адам, екіншісі - автокөлік жүргізушісі.
Екеуі де оқиғаны бір жерден бірдей қашықтықтан көрді дейік.
Оқиғаны бірдей жағдайда көргенімен толық мәліметті жүргізуші бере алады.
Ол машинаның маркасын, түрін ғана айтып қоймай, қай машина жол жүргізу ережесін бұзғандығы жөнінде де мәлімет бере алады. Байсалды, сабырлы адамның оқиғаны қабылдау қабілеті, аңғалақ, жеңілтек адамға қарағанда, әрине жоғары. Сабырлы, байсалды адамдар оқиғаның кейбір көзге көп іліне бермейтін маңызды сәттерін аңғарып қалуы мүмкін, алт аңғалақ адамдардан мұны күту қиын.
Сондай-ақ, әсіресе, жасы толмаған, куә есебінде жауап алынатын балалар, көрген оқиғаға қиялындағысын қосып, өсіре айтуы, сөйтіп жалған мәліметтер беруі мүмкін. Сондықтан тергеуші жас балалардан жауап алғанда олардың осындай психологиялық ерекшеліктерін ескеруі тиіс.
Жауаптың толықтығына, шындығына, сонымен қатар куәнің, жәбірленушінің болған оқиғаны ұмытпай, ойында сақтау қабілеті де әсер етеді. Ал, ондай қабілет әр адамда әр түрлі - кейбіреулер белгілі бір қимыл-әрекетті есте жақсы сақтайды, екінші біреу - көрген жерін ұмытпайды, сондай-ақ естігенін есте жақсы сақтайтын, керісінше, өте ұмытшақ адамдар бар.
Тергеуші жауап алғанда осының бәрін ескеріп, қажеттілік туса ұмытылған жәйттерді еске түсіру үшін қолайлы жағдай жасауға әрекет етуі керек. Болған оқиғаны есіне түсіріп, жауабын толық айтып жеткізу қабілеті де әр адамда әр түрлі.
Жауап алғанда бұл да мұқият ескерілуі тиіс. Жауап куәнің, не жәбірленушінің болған оқиғаның мән-жайын еркін баяндауынан басталады. Куә, не жәбірленуші, өзінің өтініші бойынша, жауап бергеннен кейін, жауабын өз қолымен жазуына құқығы бар.
Тергеуші толық жауапты естігеннен кейін, жауап беруші адамға қосымша сұрақтар қойып, істің кейбір мән-жайын нақтылайды Қосымша сұрақ бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек: - қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;
- жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды;
- берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қорлауға, қорқытуға бағытталмауы керек.
Жауап алғанда осы тергеу әрекетін жүргізуге қолайлы, тиімді жағдай жасалуы тиіс. Егер куә асып-сасып, ренжіп, қобалжып отырса, оның көңілін жуатып, жайландырып, содан кейін ғана жауап алуға кірісу керек.
Осы тақырыпты қорытындылай келе жауап алғанда куəнің не жәбірленушінің мінез-құлқын, мінезінің психологиялық ерекшеліктерін (мақтаншақ, қызба, сабырлы) ескерудің маңызы айрықша. Себебі мұның бәрі тергеушінің жауап үстінде дұрыс тактикалык байланысын ұстауына негіз бола алады.
2.2. Жауап алғанда қолданылатын тактикалық әдістер
Жауап алғанда тергеуші мен жауап беруші адамның арасында белгілі бір қарым-қатынас қалыптасады. Психологиялық тұрғыдан ол қарым-қатынас олардың көзқарасында қайшылықтың бар-жоғына байланысты орнығады.
Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән-жайын толық айтып отырса, мұндай пікір қайшылығы жоқ жағдай деп есептеледі. Ал, егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мәнжайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса, мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылықты жағдай деп саналады. Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады.
Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мәнжайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, онын шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталады. Кейбір кәден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал сезікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі.
Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық. Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған оқиғаны белгілі бір ретпен, тізбектей, оның ұмытылған кейбір сәттерін есіне тез түсіреді.
Сонымен қатар, болған оқиғаны, керісінше, соңынан басына қарай қайталатса жауап беруші оқиғаның кейбір мән-жайын есіне түсіріп, өзінің жауабын толықтыруы мүмкін. Осындай тактикалық жағдайда тағы бір жиі қолданылатын әдіс - ол жауап беруші адамның ойын жаңғыртуға бағытталған әрекет.
Егер жауап беруші екі оқиғаны, фактіні бір мезгілде және белгілі бір жағдайда қабылдаса, тергеуші оқиғаның өзін емес, сол жағдайды ғана есіне түсірсе, жауап беруші тергеуге қажетоқиғаны да есіне түсіреді.
Жауап алушы және жауап беруші адамның арасында қайшылықты жағдай қалыптасқан кезде, басқаша тактикалық әдістер қолданылады, ол әдістер жауап беруші адамның төтірік айтып отырғандығын әшкерелеуге бағытталады. Мұндай жағдай көбінесе айыпкерден жауап алғанда, яғни айып кердің қылмысты мен жасаған жоқпын, ол уақытта мен басқа жерде болдым деп иындықтан жалтарған кезінде кездеседі.
Мұндайда айыпкердің алибиін әшкерелеу үшін қолданылатын ең бірінші тәсіл - жауап беруші адамнан неғұрлым толық жауап алу, ұсақ оқиғалардың бәрін қамту.
Біріншіден, мұның, яғни ең елеусіз сәттерге дейін ескеріліп, жауап алынуы, олар тексерілген кезде бекімесе, жауап беруші адамның өтірігін шығаруға көмектеседі.
Екіншіден, айыпкер жалпы оқиға бойынша беретін жауабын алдын ала дайындап келгенмен сұрақтың бұлай қойылатынын білмегендіктен, ол жауап бергенде абдырап өз өтірігін өзі шығарып алады. Әсіресе, қайта жауап алғанда осылай болады.
Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді пайдалану керек. Деректерді пайдалану тәсілдері бар.
Ең алдымен дәлелдеме есебінде елеусіздеу деректерді айыпкерге көрсетіп, оны мойындамаса неғұрлым маңызды, бұлтартпас деректерге көшіп, жалған жауапты әшкерелеуге болады. Айталық, айыпкердің бір пәтерден шыққанын екінші біреу көрді, бірақ айыпкер ол пәтерде болғанын мойындамады делік.
Мұндай жағдайда стол үстінде қалған бөтелке мен стаканды, стаканда айыпкердің қалған қолтаңбасын көрсетіп, айыпкердің ол пәтерде болғанын тергеуші мойындаттыра алады. Қолтаңба сараптама қорытындысымен бекітілуі тиіс. Айып керден жауап алудың тағы бір тактикалық әдістерінің бірі ішкі істер органдары арқылы жауап алу процесіне жедел-іздестіру деректерін пайдалану.
Мұндай деректер:
- жауап берушінің қылмысты оқиғаға қатыстылығын, оның жасалған қылмыс жөнінде каншалықты хабардар екендігін болжаттыратындай жеке сипатына, тергеу кезінде оның аталған істің нәтижесіне мүдделілігіне;
Қылмыстың жекелеген элементтерін жариялауға немесе қылмыстың ашылуына;
- жауаптау кезінде алынуы мүмкін дәлелдемелерді тексеру әдістеріне қатысты пайдаланылады.
Аталған деректерді жауап алу барысында пайдалану сипаты әрқилы. Егер жауап берушінің жеке басына қатысты мәліметтер жауап алу тактикасын саралаған кезде ескеріліп, бірақ оның жауабында айтылмаса, жауапты тексерудің мүмкін жолдары туралы мәліметтер, жауап алу процесінде ғана ескерілсе, онда қылмысты оқиға және оның жасалу тәсілі туралы жеделіздестіру деректері, жауап берушінің жауабына қолданылуы керек.
Жауап алу кезінде жедел-іздестіру барысында алынған деректердің орнын мейлінше құпияландырудың маңызы өте айрықша. Сондықтан, тергеуші жедел-іздестіру деректері бойынша айыпкерден жауап алғанда, қойылатын сұрақтарына өте мұқият болуы тиіс. Егер жауап алу күрделі жағдайда өтетін болса, онда тергеуші ең маңызды сұрақтарды алдын ала іріктеп, құрастырып алғаны жөн.
Жедел-іздестіру деректерін пайдаланғанда, мұның маңызы өте зор болады. Әйтпесе, сәтсіз қойылған сол сұрақтың өзі жедел-іздестіру деректерінің алынған көзін айпкерге сездіріп алуы әбден мүмкін.
Сондай-ақ, мұндай деректерді қай кезде, қалай пайдалану керектігін де ескеру қажет. Жедел-іздестіру деректеріне қатысты сұрақтар, оның құпиясы берік сақталған кезде қойылуы тиіс. Жедел-іздестіру деректерін белгілі бір мәліметтермен бірге қатарластыра пайдалануға болады.
Мұндай жағдайда, бұл деректерге жауап берушінің назары әдейі аударылмайтындай деңгейде әрекет еткен жөн.
Жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың барлық әдістерін егжей-тегжейлі сипаттап беру мүмкін емес. Өйткені, ол тексерілетін нақты іске байланысты өзіндік ерекшелігімен, өзіндік тәсілдерімен анықталады.
Дегенмен, криминалистика ғылымы жедел-іздестіру деректерін пайдаланудың жалпыға, мейлінше ортақ бірқатар тәсілдерін ұсынады.
Ондай тәсілдер төмендегідей:
а) жауап алу барысында сұрақтардың сипатына орай айыпкер оның шыққан көзін байқап қалатын деректерді пайдаланбағаны жөн;
ә) егер қолданылған шаралардың барысында айыпкердің қылмыстық жолмен жинаған күңды заттары, мүліктері, т.б. заттай айғақтары жасырылған жерлерді анықтайтын қайсыбір деректер табылса, ол заттарды, не мүліктерді тергеу әрекеттері (тінту, т.б.) арқылы қолға түсіріп, содан кейін ғана оның нәтижелерін, жауап алу кезінде пайдалану өте орынды болады.
Мұның өзінде бұл заттай дәлелдемелердің қалай алынғандығын айыпкер білмеуі тиіс;
б) жауап алу барысында қаралатын іс бойынша барлық айғақтарды айыпкерге толық көрсетуге асықпау керек. Мұндай асығыстык тергеу орнына қайсыбір заттай дәлелдемелердің қалай түскенін айыпкердің байқап қалуына соқтыруы мүмкін;
в) егер жауап алушыға жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында анықталған қайсыбір фактілерді жауап алу жөніндегі хаттамаға енгізу қажеттігі туындаса, ол фактіні растайтын жәйттерді (уақытқа, тұраққа т.б. байланысты алдын ала мұқият тексеріп алу керек. Егер жауап беруші тергеушінің назарын аударған мәселеге қажет қосымша деректерді білдірсе,
Жауап алудың тактикалық маңызды кезеңінің бірі ол жауапталушымен психологиялық байланыс жасау. Психологиялық байланыс жасаудың әртүрлі жолдары бар. Кекелегенде, тергеушімен жауапталушының арасындағы жақсы қалыптасқан психологиялық байланыстың салдарынан ол болған оқиға туралы толық, жан-жақты ерін түрде, тергеушіге қажетті ақпараттарды береді.
Қарым-қатынас процесіндегі өзараәрекеттестіктің жүйесі ретінде қарастырады, ол екі жақтың сеніміне негізделетіндігін айтады.
Сонымен қатар, психологиялық байланыс жасау жауапберушінің шын жауап беруіне тең нәрсе емес екендігін естен шығармаған жөн. Жауапталушымен психологиялық байланыс жасау шын жауап беруге қатысты жасалынған алғашқы қадамдар ғана болып саналады. Жауап алу барысында даулы ахуалдың пайда болуында тергеуші жауапталушымен психилогиялық байланыс жасап, оны тек қана жәй әңгімеге тартып, даулы ахуалға қарамастан, онымен еркін әңгімелесу жағдайына жеткізу керек.
Психологиялық байланыс жасау тергеушінің беделдігіне, шеберлігіне, нақты бір сурак қағидасын ұстауға байланысты болады. Ол жағдайда тергеуші өзінің алдында отырған адам екендігін және онан ауырлық түсіру, оны жеңілдету мақсатында ескеру керек. Қандай да болмасын әрекеттер жасау барысында тергеуші заң шеңберінен шықпауы тиіс.
АКТ Дегенмен де, тергеушімен жауапталушының арасында психологиялық байланыстың орнауы, олардың арасында тең құқықтық орнатылды деп түсінуге болмайды. Криминалистикалық әдебиеттерде көрсетілгендей, тергеушімен жауапталушының арасында психологиялық байланыстың орнауы-бұл заң өкілімен жеке тұлға арасындағы екендігін және де сезіктімен және айыпталушының қылмыс жасалатындығын білу керек.
Психологиялық байланыс орнату үшін тергеуші жауапталушыны өзіне сендіре білуі қажет. Ол үшін сезіктінің, айыпталушының жеке өмірі, оның тағдырына мүдделілік тану маңызды болып табылады. Егерде тегеуші кіммен жауап алып жатқанына жанашырлықпен қарамайтын болса, сезіктіге суық болса, онда екеуінің арасында ешқаштан психологиялық байланыс орнатылмайды. Тергеулі әрқашан тік, адамгершілікпен қарауы тиіс.
Жауапталушымен суық, оның тағдарына бейтарап қарау әрқашанда кері әсерін көрсетеді. Сонымен қатар, жауап алу барысында тергеуші сезіктіден тек қана жасалған қылмыс бойынша шындықты анықтауы және де басқа да ешқандай әрекет бойынша айыптауға мүдделі емеса екендігін байқатып, оны тыңдау үшін дайын екендігін көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, бір уақытта жауапталушыға өтірік көрсетiм бергені ешқандай нәтиже бермейтіндігін және оның ешқандай қажеттілігі жоқ екендігін және оның барлық айтқанына сене бермейді екендігін байқату керек. Егерде жауапталушы өзін дөрекі ұстап, сыпайсыздық танытатын болса, онда әрекеттерді дер кезінде доғарып тасту керек.
Мұндай жағдайларда әсіресе, сыбырлы түрде ескерту жасаған тиімді нәтиже береді, сондай-ақ, тергеуші ешқашанда қарсы өрескелдік жібермеуі тиіс. Жауап алу барысында кез-келген үзіліс немесе қарсы әрекет жасаған үлкен әбігерге түсіреді, себебі қайтадан психологиялық байланыс жасау қиындықтар туғызады. Тағы да маңыздысы, жауап галушыдан көрсетім алу тергеушімен сұхбаттасу барысында алынған үлкен мүдделік танытады. Жауап алу барысында тергеушінің мінез-құлқы үзіксіз болуы тиіс. Жекелегенде, ол көрсетімдерге қатысты өте ұстамды болып, жауаптың шынайылығына немесе қате екендігіне тергеу әрекетінің соңында ғана баға беруі керек.
Психологиялық байланыс жасауға көптеген кездерде жауап алу жағдайларыда әсер етеді. Жауап алу жағдайы байсалды, мүмкіндігінше назарды аударатын кезеңдерді болдырмау керек. Жауап алудың тағы да бір психологиялық аспектісіне тоқталып өтейік. Жоғарыда көрсетіліп өткендей жауап алу барысында тергеушімен жауапталушының өзара әрекеттестігі қажетті ақпараттарды алуға бағытталуы тиіс. Жауап алу- мәліметтерді алудың белсенсіз емес, екі жақты қатысушылардың белсенді қызметі, екі жақтың бір-біріне психологиялық әсер етуі болып табылады. Яғни, тергеуші жауапталушыға тек қана әсер етіп қана қоймай, қылмыстық істің мүдделігі үшін қажетті әрекеттер жасауға сендіруі керек.
Заңгерлердің арасында тергеушінің жауапталушыға психологиялық әсер етудің заңсыз екендіктері туралы біраз пікірлер айтылған. Дегенмен де бұл анық қате пікір. Психологиялық әсер ету екі жақты да қандай да болмасын, қандай да байланыста жасалынатын әрекет. Жауап алу барысында бір-біріне психологиялық байланыс жасауға рұқсат бермеу мүмкін емес, бұл тұста Әңгіме тек қана оның заңдылығы жайлы жауапталушыға тергеушінің әсер ету заңдылығы туралы болады.
Яғни, психологиялық басымшылық пен заңды түрде психологиялық әсер ету арасындағы шекара болып біріншіден: тергеушімен заңды түрде тактикалық әсер жауап алу барысында қолданылады, және екіншіден жауапталушының қандай да болмасын позицияны таңдауға мүмкіндік бостандығының болуы. Жауап алу тиімді болуы үшін тергеуші жауапталушыға әсер ету әрекеттерін жасауы тиіс. Яғни, жоғарыда көрсетіп кеткендей қандай да болмасын әсер ету тек қана заң шеңберінде болуы тиіс.
Жауап алу барысында тергеуші, жауапталушыны алдауға немесе оған қатысты физикалық күш қолдануына жол берілмейді. Тәжірибе көрсеткендей, жедел іздеу уәкілдерімен жауапталушыларға қатысты физикалық күш қолданып өздеріне қажетті көрсетім алған оқиғалары байқалады. Ондай әрекеттер кез-келген уақытта өзінің теріс нәтижесін көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, ондай тәсілдерді қолданған қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалған деректер де жоқ емес. Ал егер жауап беріп отырған адам жалған жауап беріп, істің кейбір мәнжайларын жасырып, айтқысы келмей жалтарса мұндай жағдай келіспеушілік, яғни қайшылыкты жағдай деп саналады.
Іс бойынша толық мәлімдеме алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады. Бірінші жағдайда тергеу әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мәнжайларын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруіне бағытталса, екінші жағдайда тактикалық әдіс-жауап беріп отырған адамның өтірігін шығарып, әшкерелеп, оның шындықты айтуына мәжбүр етуге бағытталған. Кейбір куәгерлерден, жәбірленушіден жауап алғанда көбінесе жауап үстінде пікір қайшылығы жоқ жағдай байқалады да, ал күдікті адамдардан және айыпкерлерден жауап алғанда келіспеушілік жағдай жиі кездеседі. Осыған байланысты жауап алуда қолданылатын әдістерді қалыптасатын тактикалық жағдайға сәйкес қарайық.
Біріншіден, жауап алып отырған адамға жайлы тыныш жағдай туғызса, оның асықпай, болған оқиғаны толық есіне түсіруіне жеңіл болады. Болған оқиғаны хронологиялық тәртіппен басынан аяғына дейін айтқызу арқылы да толық жауап алуға болады, себебі, мұндай жағдайда жауап берген адам болған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz