Ерте ортағасырлық топонимдер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Адамзат қоғамы қашанда өзін қоршаған дүние құбылыстарына атау бермей тіршілік етуі, әрі қарай ілгерілеп дамуы мүмкін емес. Әдетте жер-су атаулары қандай да бір адамдар қауымдастығының, этностардың қоғамдық, шаруашылық, тұрмыстық қажеттіліктеріне сай пайда болып, өшіп, өзгеріп, қайта жаңғырып отырады және сол қауым мүддесіне қызмет етеді. Алайда атаулар табиғи түрде пайда бола ма, әлде мақсатты түрде жасанды жолмен дүниеге келе ме, одан оның басты қызметі мекенжайлық, бағдарлық қызметі өзгермейді.

Қоғамда әр кезде орын алатын саяси, әлеуметтік дағдарыстар, нақты бір территориядағы халықтың этникалық құрамының өзгеруі (көбеюі, азаюы), мемлекеттік құрылымдық өзгерістер өз кезегінде жер-су атаулар репертуарында да тікелей көрініс тауып отырады. Кез келген этностың, халықтың түрлі тарихи дәуірлерде мәдени, тілдік, әлеуметтік дамуына сыртқы, экстралингвистикалық факторлар тікелей ықпал ететіндігі белгілі. Қоғам құрылымының алмасуы, қоғамдық институттар мен оның идеологиясының ауысуы құндылықтар жүйесінің өзгеруіне алып келетіндігі анық. Қазақ қоғамы да өзінің пайда болу, даму тарихында осындай бірнеше қоғам құрылымының, мемлекеттік идеологиясының өзгеруін, басқа кеңестік республикалардағыдай бірнеше даму кезеңін бастан кешірді. Ең алдымен, бұл өзгерістер жергілікті халықтың жер-су атаулар жүйесінде көрініс тауып отырды.

Бұрынғы топонимдер орнына жаңа топонимдердің орнығуы жер-су атауларын қолдануда жарыспа варианттылыққа (ескі мен жаңаның қатар қолданылуы немесе ресми жаңа қолданыспен қатар бейресми ескі атаудың қолданылуы), алақұлалыққа жол береді. Осыған байланысты Еуропа елдерінде ертеректен бастап, қазіргі кезеңде әлемнің көптеген өркениетті мемлекеттері өз жеріндегі жер-су атауларын реттестіруге, стандарттауға әрқашан айрықша көңіл бөліп келеді

Тілдегі жер-су атаулары тобын ғылыми тұрғыдан топоним деген терминмен атайды. Жалпы географиялық жер-су атауларына қатысты арнайы ономастикалық терминологияны, осы саланың іштей жіктелуіне сай, көпшілік қауымға түсінікті болу үшін төмендегідей танымдық-деректік ақпаратты келтіреміз.

Топоним - Жер бетіндегі табиғи нысаналардың жалқы атауы (мұхит, өзен, көл, тау, т. б. ), сондай-ақ Жердегі адам жасаған, нақты бір аймақта тіркелген нысана атауы (қала, ауыл және түрлі елді мекен түрлері, коммуникация жолдары, т. б. ) .

Топонимика - топонимдердің пайда болу жолдары мен заңдылықтарын, даму, қызмет ету ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттейтін ономастиканың дербес ірі саласы.

Топонимикон - топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі.

Топонимия - қандай да бір нақты тілдің, нақты аймақтың, нақты мәтіннің, нақты дәуірдің топонимдер жиынтығы.

Географиялық нысаналар - орналасу нүктесінің нақтылығымен сипатталатын, қазіргі кезеңде бар немесе бұрын болған, тұрақтанған Жердің тұтас құрылымдары құрлықтар, мұхиттар, теңіздер, аралдар, бұғаздар, тау, өзен, мұздықтар, шөл далалар мен өзге де көптеген табиғи нысаналар, сондай-ақ республикалар, өлке, қала және өзге елді мекендердің түрі, аудандар, теміржол бекеттері және т. б. осы сынды нысаналар.

Географиялық нысана атаулары - географиялық нысаналарға беріледі және оларды бірінен-бірін айыру, тану үшін қызмет етеді. Терминдік мағынасы жағына топоним терминіне синонимдес болып келеді.

Географиялық нысана атауларын нормалау (нормаға келтіру, жүйелеу, бірізге келтіру) географиялық нысана атауының ең жиі қолданылатын нұсқасы таңдап алу және ол қолданылатын тілдің заңдылығына сай жазылуын анықтау және тұрақтандыру.

Қазақ тіліндегі жер-су (географиялық) атауларын орыс тілінде және орыс тіліндегі атауларды қазақ тілінде таңбалаудың Нұсқаулығы Қазақстан Республикасындағы географиялық нысаналардың бірізділігін және дұрыс пайдаланудың бірегей ережелерін белгілейді.

Қазақ даласын мекендеген ежелгі ру-тайпалардың сонау ықылым заманан басталатын ұзақ тарихы болғанымен, сол халықтар туралы, олар қоныстанған жерлер туралы жазба деректер тым аз.

Курстық жұмыстың мақсаты

Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Қазақстан топонимикасының шығуын, пайда болуын және қалыптасуын зерттеу

- Қазақстан топонимикасын кезеңдерге жіктеу.

- Қазақстан топонимикасын атаулар бойынша жіктеуді қарастыру.

- Қорытынды шығарып, тұжырымдама жасау.

Курстық жұмыстың тарихнамасы мен деректері. Біздің заманымызға дейін келіп жеткен, қазақ жеріне қатысты көне жазба деректердің бірі - таста қашалған Бехистун жазуы. Бехистун жазуы парсы патшасы Дарий I атынан жазылған. Дарий және одан бұрын өмір сүрген Кир сарбаздары соғысып, сак және массагет тайпалары мекендеген жерге дейін келген. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, Дарий жәе Кир әскерлері Амударияның орта тұсынан өтіп, сақтармен Арал теңізі маңында соғысқан. Тарихшы Герадот көне қазақ жері туралы біраз мағұлмат келтіреді. Ол Каспий теңізінің арғы жағындағы жән ойлы-қырлы жерлердің алып жатқанын, онда биік таулардың бар екенін баяндайды.

Қолбасшы Александр Македонский әскерлерінің құрамында жорыққа ғалымдар да аттанғаны белгілі.

Македония ғалымдарының жазбаларында Қазақстанның географялық объектілері туралы деректер ұшырасады. Орта Азия мен Қазақстанның ұлы өзені Сырдарияны олар бірде Дон (грекше Танаид, Танаис), бірде Яксар деген.

Скифтер Сырдарияны Силис десе, ал Александр Македонский әскерлері оны Танаид деп атаған. Гректердің Танаиды скифтердің дон «өзен» деген сөзінен алынған. Осы күнгі осетиндер қай өзен болсын оған «донды» қосып айтады: Донгом, Ардон, Гизельдон, Ганадон, Мамисидон. Сонау көне заманнан келе жатқан Дон өзенінің аты - скиф тілінің қалдығы.

Ал көне гректердің Яксарт деген атауы түркілердің Қасарт деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде ғұлама ғалым Әбу Райхан әл-Бируи өзінің шығармасында жазады.

Македония ғалымдарынан кейін Қазақстан топонимикасы жонінде Рим ғалымдары Страбон және Птолемей жазыпды. Мысалы, Птолемей Окс көлі (қазірге Арал теңізі) туралы жазған. Көне грек және Рим тарихшыларына, географтарына Қазақстан жерінің Каспий теңізінің төңірегі, Арал теңізінің маңы және Сырдария бойы жақсы мәлім болған.

IV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жеріне көшпенділер империясы пайда болды. Алтай түркілерінің қағанаты VII ғасырға дейін өмір сүрді. Сол кезде Византия императоры Юнистиан II түркі қағаны Дизабулға Земарх Киликийдің елшілігін жіберді.

Земарх Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларымен, Волга(Еділ), Орал (Даих), Эмба (Их) өзендерінен өтеді. Қайтарда ол Хорезмде, Әмударияда болады. Земарх 12 күн бойы үлкен көлдің құмды жағалауларымен жүріп отырған. Академик В. Бартольд өз еңбегінде ол көлді қазіргі Арал теңізі деп жазады.

Қазақ жері туралы құнды деректерді араб саяхатшылары да қалдырған. Солардың ішіне Ибн-Хордабектің, Ибн-Хаукальдың, Ибн-Рустанның еңбектерін атап өткен жөн.

Ибн-Хордабек «Китаб ал-масалик ва-л-мамалик» жазбасында Фараб (Отырар), Талас өңірі жөнінде әңгімелейді. Талас атырабы көшпелі өмірге ыңғайлы екенін айтады. Испиджабтан Таразға дейінгі жолды жазады. Сол арада бірнеше қала мен елді мекендер - Шараб, Тамтадж, Абарджадж, Джувикат орналасқанын айтады.

X ғасырдың араб саяхатшысы Ибн-Хаукаль Фараб қаласының маңының табиғатын, жер ерекшеліктерін жазды. Оғыздардың бас қаласы Ягикент жөнінде мағұлмат береді. Қызылорда обылысындағы Қазалы қаласының маңыдағы Жанкнт қалдықтары сол Хаукаль жазған Янгикент болуы керек.

Сол дәуірдегі кейбір қала аттарының түрікше және соғдыша аталғанын авторы белгісіз «Худул-ал-алам» деген кітапта келтіріледі: «Беклеғиг-үлкен елді мекен соғды тілінде ол Расмакана». «Худуд-ал-аламда» қарлұқтврдың бай өлкесіне орналасқан қала мен елді мекендер жөнінде баяндалады. Соның ішінде - Құлан, Меркі, Талғар, Атлалиг, Балиг, Барсхан, Сикуль, Пенчул т. б қалалар бар.

Құлан, Талғар, Мерке деген атаулар осы күнге дейін бар. Академик Ә. Х. Марғұлан Құла деген қаланың қалдықтары қазір Қарағаты өзенінің бойындағы Лугова станциясының (Жамбыл облысы) қасыда екені жазған.

Ал Талғар атауына келсек А. Әбдірахманов «Топонимика және этимология» кітбында оның екі компеонеттен құралғанын айтады. «Тал-ғар. Тал тәжік тілінде (холм, пригорок, горка) . . . Атаудың екінші бөлімі ғар көптеген тілдерде, соның ішінде түркі тілінде тау дегенді білдіреді . . . Сонымен, -деп түйіндейді атор, - Талғар атауы өте ертеде көптеген тіл бірлігі заманында жасалған ».

Моңғол шапқыншылығы кезінде қазақ жеріне қатысы географиялық мәліметтер беретін еңбекетер жоқтың қасы. Дегенмен, Мухаммед Джувайни, Фазлаллах Рашид-ад-дин еңбектерінде қазақ жеріне қатыстыгеографиялық атауларды кездестіруге болады.

XIII ғасырдан бастап Еуропа елшілері мен саяхатшылары қазақ дласының үстінен өтіп бара жатып жазып отырған жазбаларыда сол жерлер туралы кейінге ұрпаққа көптеген құнды, қызықты деректер қалдырған. 1246 жылы Рим папасы Иннокентий IV елшілік ұйымдастырады. Елшілікті басқарған Иоанн де Плано Карипни Қазақстан жерін басып өтіп, Моңғолияға жетеді. Өзінің жазбаларында ол Сырдария өзені, Жоңғар Алтауының солтүстік жағы, тарбағатай таулары жайыда баяндайды.

Моңғолияға 1253 жылы сапар шеккен француз саяхатшысы Вильгельм де Рубрук Еділден өтіп, 12 күн жол жүріп Ягак (Жайық) өзеніне жеткенін, бұл үлкен өзен Паскажир (Башқұрт) елінен ағатынын, Каспий теңізіе барып құятыын өзінің «Шығыс елдеріне саяхат» деген кітабында жазған.

Рубрук сапар шеге отырып, Жетісу елдеріне жетеді. Қайықпен Іледен өтіп, өзеннің арғы жағындағы егіні жайқалған тегістікке тап болды. Сол кең далада балшықтан соғылған көне қалалардың қалдықтарын көреді.

Рубрук сол көне кездегі Қарлұқ хандығының кайлак (Қаялық) деген астанасында біреше күн болды. Қарлұқтардың еліде бұрын көп қала болғанын, моңғол шапқыншылары қалаларды тс-талқан етіп қиратып, егістіктерді құртып, сол жерлерді жайылымға айналдырып жібергенін баяндайды.

Қазақстан жеріндегі біраз атауларды XVI ғасырда жазылған Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» деген еңбегінде кездестіреміз. Мұхаммед Хайдар Дулати қазіргі Балқаш көлі Көкшетеңіз деп атйды. Мұхаммед Хайдар өмір сүрген кезде, яғни XVI ғасырда, Тараз қаласы Яны деп атағанын, ал сол қаланың тұрғындарын янлық деп атғанын «Тарихи Рашиди» кітабынан көреміз.

Курстық жұмысының зерттеу пәні: Қазақстан топонимикасын оның ішінде Жетісу және Сарыарқа жерлерін зерттеу.

Курстық жұмысының зерттеу нысаны. Қазақ топонимикасының хронологияға байланысты өзгерісін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 3бөлімнен, 10 тараудан және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмыста пайдаланылған әдебиеттер мен деректерге сілтемелер берілген.

  1. ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ

ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

1. 1 Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдер

Кең-байтақ, ұланғайыр жеріміздегі жүздеген, мыңдаған жер-су аттары (топонимдер) ғасырлар жәдігері, мәдениетіміз бен тарихымыздың кұнды қазына байлығы деп айта аламыз. Тек қана өзен аты 85 мың болса, көл аттары 50 мыңның үстінде. Олардың ең ірілері: Балқай, Алакөл, Сасықкөл, Теңіз, Марқакөл, Зайсан, Шалқар, Индер, Қарасор, Шортанды, Шабақты, Үлкен Шабақты, Бурабай, Сілеті теңіз, Құсмұрын, Шағалалы теңіз, Үлкен Қараой, Сарықопа, Арыс, Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Кеңгір т. б. Ал қалалар мен кенттер, ауыл, село атауларымен қатар физика-географиялық атаулардың шамадан тыс мол.

Топонимдердің (жер-су аттарының) шығу, пайда болу тарихы ең алдымен халық тілінің байлығына, әрбір тарихи дәуірдегі қоғамдық өмірдің құрылысына, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, ел-жұрттың кәсіби тірлігіне, мемлекеттің дамып өсуі мен елді мекендердің сан жағынан артып, молая түсуіне тікелей байланысты болып отырады.

Жеріміздегі мыңдаған атаулардың шығу, пайда болу, дамып өсуі бір ғана дәуірге тән емес, талай ғасыр, тарлан дәуірлердің куәсі, біздің заманға жеткен бай қазына, асыл мұрасы. Қазіргі қазақ жерінде сан қилы тарихи оқиғалардың болып өткені, бұл қасиетті де, қүдыретті жерімізді талай ұлыс, тайпа, ел, халықтың жерлеп, мемлекет қүрып ғұмыр кешкендігі тарихтан мәлім.

Біздің дәуірімізден бұрынғы VII-IV ғасырларды қазақ жерінде сақтар өмір сүріп, тарихта із тастағаны, ал ІІІ-ІІ ғ. каңлылар, ІІ-І ғасырларда Іле бойындағы сақтар мен оғыздарды ығыстырып, үйсін мемлекетінің өмір сүргені, жыл санауымыздың I ғасырынан, қытай жазбаларының көрсетуінде, қыпшақтардың, алшын, дайлардың болуы, V ғасырдан арғын тайпасының, 5 VIII ғасырдан Найман, Керей, Қоңырат, Жалайыр тайпаларының шығыс өлкемізді, 12 ата байұлының батыс аймағымызды мекендегені араб, батыс және қытай, грек галымдарының еңбектерінен олардың жылнамаларынан белгілі. [1, 14б. ] .

VI-VIII ғасырларда Іле бойында Батыс түрік қағанатының астанасы болғандығы, ал VIII-X ғасырларда Қарлұқ мемлекеті, одан соң оғыздардың ІХ-ХІІ ғ. ғ. өмір сүргені, ХІ-ХІІ ғ. ғ. Қимақтар мен Қыпшақтарды, XIII-XIV ғ. Моңғол үстемдігі, XIII-XIV ғ. қыпшақ бірлестігі, яғни Дешті қыпшақ, кейіннен Жетісу, Талас өңірлерінің Моғол мемлекеті қол астында болуы мыңдаған жер-су аттары арқылы өз іздерін қалдырып отыр. Бұл атаулардың ішінде тарихқа дейінгі, яғни біздің дәуірімізге дейінгі жер-су аттары мен орта ғасыр, ортағасырлық көне атаулар көптеп кездеседі.

Б. д. дейінгі гидронимдер мен оронимдер:

а) теңіз атта­ ры: Каспий теңізі, Арал теңіз;

ә) өзен аттары: Арыс, Та­лас, Ертіс, Есіл, Іле, Елек, Кеңгір, Шу

б) тау аттары: Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазығұрт, Қарқара, Қарқаралы, Күршім, Тарбағатай, Маңырақ т. б.

Ерте орта ғасырға тән жер-су аттары: Тараз, Екіөгіз, Қоялық, Суяб, Сығынақ, Сауран, Орал, Талкиз (Талгар), Сарық, Кермен, Кеш, Торғай .

Ортағасырлық жер-су аттары: Кұлан, Отырар, Созақ, Сайрам, Сүткент, Жайық, Теке, Аспара, Шымкент, Туркістан т. б.

Жоғарыда көрсетілген жер-су аттарының мағыналары қазіргі тіліміздің лексика-морфологиялық табиғаты жағынан түсінікті, әрі мағынасы айқын сияқты көрінеді. Мәселен, Алакөл - «ала-құла көл», Хантәңірі - «тәңірі хан», Қаратау - «қарайып жатқан тау», Үлытау - «үлкен тау» т. б. Алайда бұлайша талдап, түсіну үстірт, жеңіл қарау болар еді. Өйткені ондай ескі, көне атаулар қазіргі түркі тілдерінің лексикалық әрі фоно-морфологиялық заңдылығына бағына бермейді. Сондықтан ондай атауларды тарихи-салыстырмалы және тарихи-топологиялық жолмен зерттеу нәтижелі болмақ.

Жазба деректер мен археологиялық қазба материалдар - өткен дәуірдің орта ғасырында қазақ жерінде тұрақтар мен елді мекен және қала, қалашықтардың көп болғанын растап отыр. Оның негізгі себебін Орта Азия халықтары өмірінде көшпенділікпен қатар отырықшылықтың да болғаны кеңінен дәлелдей түседі.

Тарихшылардың баяндауынша: «Отырықшылдық пен қала өмірінің даму қарқыны қазақтың барлық жерінде бірдей болмайды. Сырдария мен Талас, Шудың оңтүстік аудандарын- да қалалардың дамуы әсіресе V-VIII ғасырда үдей бастайды»[, б. ] .

Қазақстанның көне дәуір қалаларының аттарын зерттеу, лингвистикалық тұрғыдан талдаудың тарихи-географиялық әрі этнографиялық мәні мен маңызы аса зор. Қазақстан тарихында Х-ХІІ ғасырлардағы ортағасырлық қалалар мен кенттердің қалыптасу жайы толық сипатталған.

Қазақстанның ұланғайыр даласы бірнеше табиғи-шаруашылық зонаға бөлініп қаралады. Олардың әрқайсысындағы қала тірлігінің, оның тарихының өзіндік ерекшеліктері болғаны да тарихымызда жете айтылған.

Соңғы жылдары Қазақстан археологтары көне қалалардың орындарында қазба жұмыстарын жүргізіп, қорған аумағындағы қалалар мен қалашықтардың аумақтары мен жер көлемдерін анықтады. Мәселен, Тараз қаласының аумағы 6, 5 гектар болса, Отырар 20, Құлан 12, Талғар 9 гектар жерге орналасқан. Қазақстандағы Ерте ортағасырлық және ортағасырлық қалалар әсіресе Батыс түркі қағанаты заманында (VI-VIII ғ. ғ. ), Қармұқтар үстемдігі кезінде (VIII-X ғ. ғ. ), Оғуздар мемлекеті тұсында (ІХ-ХІІ ғ. ғ. ), Қимақтар мен қыпшақтар дәуірінде (VIIIXII ғ. ғ. ) көптеп салынып, ерекше гүлденгені белгілі. [2. 11б. ] .

Қазақстан топонимдері ерте заман оқымыстылар: Геродот, Страбон, Птолемей, Марко Поло, Земарх Клиний еңбектерінде, сондай-ақ саяхатшылар мен әртүрлі елдердің елшілерінің (Пла­ но Карпини, Андре Лонжомо, Вильгельм де Рубрук) жазбала- рында біраз кездеседі. Әсіресе Х-ХІІ ғасырлардағы араб саяхат- шылары мен ғылымдарының еңбектерінде жер-су аттарының көптеп кездесетінін Ибн-Хордазбек, Ибн-Хаукал, Әл-Махдуси, Әл-Масуди, Әл-Идриси еңбектерінен анық көреміз. [, б. ] .

«Худуд-ал-алам» мағлұматы бойынша Қарлуқтар билігі кезінде 25 тен аса қала мен елді мекендердің болғаны, олардың ішінде: Қулан, Мерке, Амлалық, Тузун, Балыг, Барсхан, Сикул, Талгар, Тоң, Пенгул сияқты қалалардың аттары аталатынын оқимыз.

XI ғ. авторы ал-Идриси «Нүзхат ал-Муштак» атты еңбегінде қимақ хандарының 16 қаласының атын атайды да, оның 12 қаласы қимақтардың түрған жері, ягни Гамаш өзені алабын- да Хоған астанасымен бір жерде орналасқан деп көрсетеді. [3, 55б. ] .

Бұл мәліметтерден қарлұқ, оғыз, қыпшақ тайпаларының өзбек, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түркімен, қарақалпақ т. б. халықтарының қалыптасуына тікелей жер еткенін байқаймыз. Қарлұқтар мен оғыз, қыпшақ тайпаларының өзбек, қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, қарақалпақ т. б. халықтарының қалыптасуына тікелей эсер еткенін байқаймыз. Қарлұқтар мен оғыз, қыпшақ, сондай-ақ, көне үйсін, қаңлы этнонимдерінің қазақ тайпалары мен руларында сақталып отырғаны бұған дәлел. Осымен байланысты ерте орта ғасыр мен орта ғасырдағы қала аттарының тілдік сипаты жағынан қайсы халыққа тәндігін анықтау - қазіргі түркі тілдері үшін, сол тілде сөйлейтін халықтар үшін аса маңызды мәселе болып табылады.

Қазақстанның көне топонимдері тарихи лексика материалдары ретінде де аса құнды да бағалы. Әсіресе қазіргі республи­ка аумағында замандар бойы түрлі этникалық топтардың өмір сүргендігін, ал ономастикалық материалдар олардың тілдерінің қалдықтары ретінде біздің заманымызға жеткендігін, сол тілдердің құпия сырларын ашуға септігін тигізетін аса зор деректер боп саналатынын анық көреміз.

Тарихи-салыстырмалы, салғастырмалы-типологиялық және құрылымдық-морфологиялык әдістерді қолдана зерттеу нәти- жесінде көне топонимдердің тілдік табиғатын, қайсы тілге тәндігін анықтай аламыз.

Қазақстан топонимдерін талдау барысында олардың бірнеше хронологиялық дәуірге тәндігін байқаймыз.

  1. Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдер

Қазіргі топонимдер құрамында қазақ тілі материалы түрғысынан талдауға көнбейтін, әдеби тіл нормасында жоқ лексикалық қабаттар жиі ұшырайды. Ондай топонимдердің кейбіреулері тарих атасы Геродот Страбон, К. Пто­лемей т. б. кездессе, басқалары V-VIII ғ. ғ. коне түркі жазба ескерткіштерінде, енді біреулері біздің дәуірімізден бұрынғы үйсін, қаңлы тілдеріне тән болып келеді. [4, 35б. ] .

Бұндай атаулар Қытай халқының «Ханнама», «Тарихнама» сияқты атақты тарихи ескерткіштерінде бар. Ресейдің Жоңғартану ғылымының негізін қалаушы синолог-ғалым Я. Бичуриннің «Орта Азия байырғы ұлттарының тарихи материалдары» атты белгілі еңбегі, француз тарихшысы Хоутема «Ханна­ма» мен «Тарихнамадағы» Батыс өңірлерін аударып, ондағы ономастикалық материалдары көрсетсе, Жапон оқымыстысы Ушида Канпу т. б. ғалымдар бірге отырып, «Жоңғу» тарихи кітаптарындағы Батыс өңір тарауларын аударып, түсінік жасап, баспадан шығарды. Міне осылардың бәрінде де түркі атаулары, оның ішіндегі қазіргі қазақ халқын құрап отырған ірі тайпалар: үйсін, қаңлы, қыпшақтар туралы, оларға тән топографиялық материалдар көптеп келтіріледі. [4, 60б. ] .

Біздің дәуірімізге дейінгі топонимдердің көпшілігі тау, теңіз, өзен, көл атаулары болса, кейбіреулері қала аттары ретінде ұшырайды. Мәселен, Алтай, Хантәңірі, Қаратау, Қазығұрт, Ұлытау, Алатау, Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі (бурын теңіз аталған), Ертіс, Арыс, Талас, Іле, Есіл, Сырдария, Ойыл, Қиыл, Тобыл, Жайық, Ембі (Жем), Хантәңірі, Талгар, Шыгу, (Чегу), Тараз т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Оңтүстік Қазақстанның географиялық атауларының шығу тегі мен мағыналық жүктемесінің физикалық-географиялық негіздері
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Материалдық мәдениетке байланысты калыптасқан этномаркерлі топонимдер
Қазақстан Республикасында топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер
Қазақ даласының әулиелері мен әйгілі адамдары
Эпостық жырлардағы топонимдер
Тарихи атауларды қалпына келтірудің маңызы
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz