Техногендік шөлейттену



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультет: география және табиғатты пайдалану

Кафедра: География, жерге орналастыру және кадастр

СӨЖ

Тақырыбы: Шөлдену проблемалары және оның таралу заңдылығы.
(Жамбыл-Түркістан)

Орындаған: Бұзаубаев Д.О.

Қабылдаған: Оразымбетова К.Ш

Алматы 2019

Мазмұны:

I. Кіріспе.

II.Негізгі бөлім:

1) Қазақстан аймағындағы шөлейттену проблемалары ... ... ... ... ... ..

2)Бетпақдала аймағына сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..

3)Мойынқұмға жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
III.Қорытынды.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Шөл - ауа температурасы құбылмалы, жауын-шашын өте аз түсетін климат жағдайында қалыптасатын ландшафтың яғни жердің кедір-бұдырының бір түрі. Шөлде түсетін жауын-шашын мөлшерінен булану шамасы 7 - 30 есе артық болады. Шөл топырағы және грунтына қарай: ертедегі аллювийлік жазықтың борпылдақ жыныс қабаттары үстінде қалыптасқан құмды Шөл гипстелген құрылымды үстірт пен тау алды жазығындағы малтатасты және құмды-малтатасты Шөл; үстірттегі және тау алды жазығындағы гипстелген қиыршық тасты Шөл; аласа таулар және ұсақ шоқылардағы тастақты Шөл; жамылғысы сәл карбонатты саздақты жердегі саздақты Шөл; тау етегі жазығындағы ллссті Шөл; тау алды жазығы мен өзендердің ескі атырауларындағы саздақты тақыр Шөл; тұзды мергелдік және сазды аласа таулы өңірдегі саздақты-шөладырлы шөл; тұзды құмтөбелер және теңіз жағалауындағы сортаң Шөл болып бөлінеді. Құрлықтың ішкі бөлігінде орналасу жағдайына қарай құрлықтық (Гоби, Такла-Макан, т.б.) және құрлықтардың батыс жағалауларында орналасқан жағалаулық (Атакама, Намиб, т.б.) Шөлдерге бөлінеді. Географиялық орнына қарай: тропиктік, субтропиктік, қоңыржай белдеу және Арктика мен Антарктида (арктиктік Шөл немесе мұз Шөлі) шөлдері болып бөлінеді; тауларда шөл (суық биіктаулық шөл) биіктік ландшафт белдеуін құрайды.

Қазақстан аймағындағы шөлейттену проблемалары
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуына ықпал ететін негізгі табиғи фактор-құмдардың (30 млн. га-ға дейін) және сортаңданған жерлердің (127 млн.га) кең таралуына алып келетін климаттың құрғақтығы, су ресурстарының тапшылығы мен өзен торабының республика бойынша біркелкі еместігі. Сонымен қатар, топырақ-өсімдік жамылғысының сирек қалыптасуы мен өсімдіктердің өсу қарқынының төмендігі шөлейттенудің алғы шарты болып табылады. Қолда бар деректер бойынша, елдің шамамен 75% аумағы экологиялық тұрақсыздандырудың жоғары қатеріне ұшыраған.
Қазақстандағы шөлейттену процестерінің туындауына және дамуына алып келетін антропогендік факторлар, ең алдымен шаруашылық қызметтердің мынадай түрлерімен: артық мал жаю, егін шаруашылығы, жер қойнауын игеру, өнеркәсіптік, әскери және азаматтық нысандарды пайдалану. Шөлейттену, сондай-ақ, ормандарды жоспарсыз жаппай кесудің, мал азығы мен отынға бұталар мен жартылай бұталарды шабудың, орман және дала өрттерінен, жүйесіз рекреацияның салдарынан, елді мекендер аумағында қоқыстарды тастаудың, топырақтардың және жер асты су көздерінің улы заттармен ластануы, көлік қозғалысының әсер етуінің нәтижесі болып табылады.
Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенцияда қабылданған белгілерге сәйкес айқындалған Қазақстанда шөлейттенудің басты тұрпатына мыналар жатады: өсімдік жамылғысының деградациясы, топырақтың су және жел эрозиясы, топырақтың сортаңдануы мен құнарсыздануы, топырақтың, жер асты және жер үсті суларының химиялық заттармен ластануы, жердің және гидрологиялық режимінің техногендік бұзылуы.
Соңғы оншақты жылда Қазақстанда орман алқаптарының қысқаруы 10%-ға кемігенін көрсетті. Орманды жерлердің азаюы және жасанды орман өсіру көлемінің қысқаруы Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және басқа да массивтердің басым шөлейт бөлігінде жайылымдардың тозуы мен жұтаңдануына үлкен қауіп төндіреді. Соңғы 40 жылдың ішінде қылқан жапырақты ормандардың өнімділігі 70%-ға кеміген, майқарағай ағаштарының ауданы 13% кеміген, Кенді және Оңтүстік Алтай ормандарында ағаштардың сиреуі айқын байқалады. Жоңғар және Іле Алатауларында өсетін алма ағашты ормандардың ауданы 24%-ға қысқарды. Әсіресе шөлді жерлердегі өзендердің алабындағы ормандар қатты жұтаңдауда. Топырақтағы ылғалдың мөлшері кемігендіктен өсімдік түрлерінің кейбіреулері түрөзгеріске ұшырауда. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Сырдария өзенінің алабында тұранғы ағашының шамамен үштен бір бөлігі құндылығы төмен жыңғылдың бұталарына айналуда.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру Қазақстанның дала экожүйесіне теріс және кешенді әсерін тигізді. ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттіктің деректері бойынша, 188,9 млн.га-дан соңғы дәрежелі жұтаңдауға 26,6 млн. га жеткен, күшті және өте күшті шөлейттенген. Республиканың орманды-дала және дала аймақтарында жерлерінің 34,8 млн.га жерін жайылымдар құрайды, оның 5,6 млн. га өте қатты жұтаңдаған. Жайылымдардың жұтаңдану процесінің жалғасуы әлі де байқалып отыр.
Техногендік шөлейттену. Қазақстандағы индустриалдық өндірісті дамыту және пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, көлік және инженерлік инфрақұрылымды салумен, су және жер ресурстарының қарқынды пайдалануы мен ластануы экожүйелерге әсері тікелей және жанама түрде байқалуда.
Автокөлік жолдарының жүйесі де шөлейттенуге әсерін тигізуде. Республикада автокөлік жолдарының жалпы қашықтығы шамамен 120 мың км, оның жартысы асфальт жолдар. Қоршаған ортаға әсер ететін желілік инфрақұрылымның өзге де түрлеріне темір жолдарды, мұнай және газ құбырларын, жоғары вольтты электрожелілерді жатқызуға болады.
Шөлейттенудің негізгі теріс салдарының бірі болып түрлердің жергілікті популяциялардың толық жойылуы есебінен де және олардың мекен ету ортасы мен санының азаюы есебінен де, әрі фитоценологиялық белсенділігінің және репродуктивтік қабілетінің төмендеуінен де болатын биоалуантүрліліктің жұтауы болып табылады. Шөлейттенуге алып келетін антропогендік факторлардың әсерінен республиканың жануарлар әлемі де біраз өзгеріске ұшырады.
Шабындық жерлердің шөлейттенуі әсіресе, Іле, Сырдария, Шу өзендерінің атырауларында және жайылмаларының төменгі бөліктерінде шабындық өсімдіктерінің қатты өзгерістері болды. Мұнда биологиялық өнімділігі жоғары қамысты қауымдастықтар толық жұтаған.

Бетпақдала
Бетпақдала -- Қазақстанның орталық бөлігіндегі кең байтақ аймақты алып жатқан шөлді өңір.Географиялық орны: Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстары аумағында орналасқан. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Жер бедері: Батыстан шығысқа қарай 500 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км аумаққа созылған. Ауданы 75 мың км2 шамасында. Бетпақдала үстіртті шөлінің орташа абсолюттік биіктігі 300-350 м. Абсолюттік биіктігі 200-300 метрдей болатын көлемді оңтүстік-батыс бөлігі жазық, ал абсолюттік биіктігі 400-700 метрдей солтүстік-шығыс бөлігі қыратты. Геологиялық құрылымы палеозой эрасының тау жыныстары (гранит, порфирит, әктас) тереңде жатыр, бетін мезозой мен палеоген кезеңінің шөгінді жыныстары (құмтас, саз, малтатас, құм) жапқан. Ең биік жері - Жамбыл тауы (974 м). Бұл бөлік Сарыарқаның каледондық құрылымының жалғасы. Су торабы Сай-жыралармен тілімденген Бетпақдала жазығында сор, тақыр және жазда құрғап қалатын тұзды көлдер кездеседі. Көктемде жауын суымен толығып, жазда құрғақ арнаға айналатын Қарқаралы, Қарасу, Талдыеспе сияқты кішігірім өзендер бар. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, құрғақ, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы - 12 -140С, шілдеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Қазіргі уақыттағы глобальды экологиялық проблемалары
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Аймақтық экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін зерделеу
Каспий өңірінің экологиялық проблемалары.Жаңа Өзен кен орының топырақтарының мұнаймен ластануы
Топырақ және топырақ жамылғысы
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Мен және мені қоршаған орта
Пәндер