Жалпы тіл кемістігі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жалпы тіл кемістігі

Жалпы тіл кемістігі - есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемістіктері.

Жалпы тіл кемістігін дефектология ғылыми зерттеу институтының Р. Е. Левина бастаған ғылым қызметкерлер /Н. А. Никашкина, Г. А. Каше, Л. Ф. Спирова, Г. И. Жаренкова және т. б. /50-60 жылдары мекктеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тіл кемістіктерін жан-жақты зерттеулердің қорытындысының нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.

Дыбыстарды бұзып айтуын, фонетикалық есіту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу қоры мен грамматикалық сөйлем құрылысының артта қалуы жалпы сөйлеу тілі дамыған балалардың барлығына тән кемшілік.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі өйлеу патологияларының түрлерінде байқалуы мүмкін.

Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде тілдің мүлде қалыптаспауы жатады. Ондайларды мақау балалар дейді. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынандай болып келеді: былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланылады, сөцлемді былдырлап мүлде түсініксіз өтіп үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анықталмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Олар айтайын деген ойын қолдарын өрбеңдету арқылы бет-аузын қисаңдатып, ымдап түсіндіруге тырысады. Сөйлеу тілінің бұндай кемістіктері ақыл-ойы кем балаларда да болуы мүмкін. Бірақ та сөйлеу тілі дамыған есі дұрыс балаларды ақылына қарап-ақ сөйлеу тілі дамыған /олигофрен/ ақыл-ойы кем балалардан оңай ажыратуға болады. Бұл біріншіден, сөйлегенде пайдаланатын сөздік қорына қарағанда енжар сөздік қорының артықшылығы. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған есі дұрыс балалардың олигофрен балалардан өзгешелігі, ойларын тыңдаушысына жеткізу үшін дене мүшелерінің қимылын және мәнерлі ымды пайдаланады. Оларға өзінің сөйлеу тілінің көмшілігіне сын көзімен қарап, оны қалайда түзетуге бар ықыласымен жолын ақылдың дұрыстығына тән қасиет бар.

Сонымен сөйлеу тілінің ұқсастық жақтарына қарамастан ой-өрісі сөйлеу тілінің дамуы жағынан бір-біріне ұқсамайды.

Сөздік қорлардан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және ақыл-іс әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардан шығатын табыстарын ұқсастығына қарап өздерінің балдырлаған тілімен барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді. Мысалы: «дөде» - машина, солай, кетіпті және т. б. Сонымен бірге қимыл-іс әрекеттерді білдіретін сөздерді заттың атымен орын алмастыра беретін жағдайларда байқалады. Мысалы: «адас» - қарындаш, жазу, сурет салу; «тәй» - шай, ішу, тамақ жеу.

Сөйлеу тілі дамыған баланың кейде бір сөзді сөйлемде де пайдаланатын ерекшелігі болады. Н. С. Жукованың ескерткеніндей, бір сөзді сөйлемдегі сөздің түбірі бұзылып тұлғасыз айтылатын жағдай, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған болады да байқалуы мүмкін.

Бірақ ол тек 5-6 ай ғана созылады, оның үстіне ондай сөздер онша көпте болмайды. Сөйлеу тілі қатты тежеліп өте баяу дамығанда бұл мерзім ұзақ уақытқа созылады. Сөйлеу тілі дұрыс дамыған бала сөздерді байланыстырып сөйлем құрап айтуды ерте пайдалана бастайды. Сөздердің ішінде тұлғасыз сөздер де араласып айтылып кетуі мүмкін, бірақ оларды біртіндеп түзетіп дұрыс айтуға дағдыланып кетеді. Сөзлеу тілі жалпы дамымаған баланың да сөйлемінің көлемі 2-4 сөзге дейін кеңейтіндігі байқалады, бірақ бұнда құрылысы бұзылған сөз тіркестері бұрынғы қалпында өзгеріссіз сақталып ұалады. Тап осы жағдай сөйлеу тілі дұрыс дамыған балада ешуақытта байқалмайды.

Сөйлеу мүмкіндігі төмен баланың өмірден алған тәжірибесі аз және айналасындағы өмір тіршілігі туралы мағлұматы жеткіліксіз болып келеді /әсіресе табиғатқа байланысты құбылыс/. Дыбыстардың қолданылуы тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөйлегенде көбінесе 1-2 буыннан тұратын сөздерді ғана қолданады. Буындары көбірек қиын сөздерді айтқан кезде оның 2-3 буынына дейін қысқартылып, түсіп қалады. Мысалы: жұмыстқа-ұтқа, домбыра - дома. Фонетикалық түйсігі бұзылғандықтан аттары бір-біріне ұқсас, мағынасы әр түрлі сөздерді сұрыптай алмай қиналады. Мысалы; бала-балға, жаға-жаңа. Бұл деңгейдегі балалар дыбыстың талдау жолын түсінбейді. Сөйтіп жалпы тіл кемістігінің бірінші деңгейін былай сипаттауға болады:

1. Сөздік қоры жоқтың қасы. Ол былдырлап түсініксіз айтылған сөздерден, басқа дауысқа еліктеген дыбыстардан /р-р-р, ш-ш-ш, -з/ күнделікті қолданылатын кейбір оңай сөздерден тұрады.

2. Баланың өнжар сөз қоры пайдаланатын сөз қорынан едәуір молырақ болады, бірақта, сөз түсінігі тым таяз. Сөздерді бірнеше рет қайталанған таныс ситуацияда түсінеді. Мысалы: «Қолынды қалтаңнан ал» деген бұйрықты бала дұрыс орындауы мүмкін, «қалтанды көрсет» дегенде ол көрсере алмайды. Өйткені ол қалта деген сөздің мағнасын түсінбейді. Байналыстырып сөйлеу қабілеті мүлдем дамымаған.

3. Сөздің, дыбыстың, буының құрамын сақтап қайтлау қабілеті дамымаған.

Сөйлеу тілі дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен былдыр сөздерден басқа бұрмаланған болса айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын сөздер пайда болады. Мысалы: Қыт. Бадя тет туй. Қыс. Балалар шана теуіп жүр.

Баланы жан-жақты тиянақты тексерудің нәтижесі оның фонематикалық есту қабілетінің нашарлығын, дыбыстарды талдау мен жинақтауға балаға тапсырма бойынша берілген дыбыстардан суретті іріктеп алу және дыбыстарды орнына қойып сөз құрау қиындық туғызады. Дағдылануды игеруге дайын емес екенін оңай анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы корреуциялық оқытудың ықпалмен сөйлеу тілі дамуының Ш-деңгейіне өтуі баланың айналасындағылармен қарым-қатынасының кеңеюіне мүмкіндік туғызады.

Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі балалар төмендегідей сипатталады:

  1. Балалардың белсенді /активный/ сөздігі зат есім, етістік, сын есім, үстеу сөздерімен толықтырылады.
  2. Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана бастағаны байқалады.
  3. Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
  4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
  5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айт а алмайды. Дыбыстық талдау, жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.

Сөйлеу тілінің дамуының ІІІ деңгейінде сөйлем құралысында лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды. Осындай дәрежеде, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ қанша дегенмен де өзінің айтайыне деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Тіпті, бала дұрыс айта алды-ау деген кейбір дыбыстарды өзі де өз бетімен сөйлегенде жеткілікті түрде айқын шықпайды.

Сонымен бірге балалар барлық сөз таптарын пайдалануды, грамматикалық құрылымының қарапайым түрлерін қолдануды үйренеді, салалас құрмалас пен бағыныңқы құрмалас сөйлемдерді құрастыруға тырысады. Мысалы: Айдош мектептен келді де сабағын оқуға отырды.

Баланың тіліл жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда сөздегі дыбыстардың дұрыс, дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға болады, сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған заттың атын, түсін, тұлғасын, сапасын, белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай қиналмайды.

Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы, айналасында болып жатқан тіршілік туралы емін -еркін әңгімелеп бере алады, қысқа әңгіме де құрастырады.

Алайда сөйлеу тілінің хал-жайын жан-жақты мұқият тексерген кезде тілге қатысты жүйенің /лексиканың, грамматиканың, фонетиканың/ бір бөлігінің толық дымымауын айқындайтын көріністі көруге мүмкіндік туады.

Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөзді, нақышты сөз тіркесіп айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктепр айтарлықтай анық көрінеді.

Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған қатарластарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.

Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын агрмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық тұлғалардың немесе категориялардың әр түрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамытудағы ойын мен жаттығулары
Тіл кемістігі бар балалардың тілін дамыту
Фонетика-фонематикалық тіл дамымаушылғы бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілін қалыптастырудың теориялық мәселелері
Жазбаша тілдің бұзылуы
Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы
Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде логопед жұмысын ұйымдастыру
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Тіл кемістігі және оның себептері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz