Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық сипаттама
1.1 Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері мен шектері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2 Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың ерекшеліктері
2.1 Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Кәмелетке жасы толмағандарға басқа да қылмыстық құқықтық
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..24

Кіріспе
Елімізде тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық
Осыған сәйкес 1995 жылғы тамыздың 30 жұлдызында референдум
Қылмысты алдын алу шаралары олардың негізгі - көрсеткіштеріне
Дегенмен, барлық шараларының құрамында қылмыстық жазаның да рөлі
Біріншіден жаза - қылмыс жасаған адамға берілетін қоғамдық,
Екіншіден, жаза - қылмыстылықпен күрестің қажетті құралы.
Үшіншіден, жазаның тәрбиелік мәні өте зор. Жазаны пайдаланып
Міне осындай жағдайларға қарамастан бұл үлкен де мәнді
Жастар арасындағы қылмыстылықпен күресуде жасалған қылмысты заңға сәйкес
Жоғарыда аталған мән-жайлар, осы тақырыптың өзектілігін ашады.
Бұл тақырыптың мақсаты болып - кәмелетке жасы толмағандарға
кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлерімен шектерін анықтау
оларға тағайындалатын жазалардың ерекшеліктеріне салыстырмалы құқықтық талдау жасау.
Кәмелетке жасы толмаған адамға жаза тағайындауға арналған ҚК
1 бөлім. Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге тағайындалатын жазаларға қылмыстық
Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындаудың түсінігі мен мәні.
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза жүйесіне қылмыстық-құқықтық сипаттама бермес
Кәмелетке толмағандар деп анықтаушы қылмыс жасады деп күмән
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауға итермелейтін себептерді сөз ете
Кәмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай 14-ке
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда он төрт жас - әлеуметті
Әрбір жат қадамның зардабын, оның кері әсерін осы
14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекеттің нақты
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің тұлғасын қарастыру алдында ең әуелі
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің моральдық бейнесінің ерекшеліктерінің бірі ол
Жалпы, қылмыстық жауапкершілікті анықтаудағы негізгі мәселе - жас
Қай елдің Қылмыстық Заңын алып қарасақ та, кәмелетке
Кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық сипаттамасын көрсетудегі негізгі мақсат
Статистика мәліметтеріне жүгінсек қылмыс жасаған кәмелетке толмағандардың арасында
Қоғамда позитивті бағаланатын тұлғаларға қарағанда кәмелетке толмаған қылмыскерлердің
Соңғы жылдары ғалымдарымыз кәмелетке толмағандар арасындағы психикалық анатомиялардың
Жазаны жеке даралауды қарамас бұрын біз жаза түсінігі
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі
Біріншіден, қылмыстық жаза - мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жаза мемлекет
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза тек
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі
Жалпы қоғамдағы қылмыстылық пен күресу кезінде қолданылатын
Қылмыстық құқық теориясында, жалпы басқа да арнаулы әдебиет
Толық көлемдегі іс қимылға қабілеттілік 18 толғаннан кейін
Сөйтіп ҚР ҚК-нің жаңа 6-шы бөлімі кәмелетке жасы
Біріншіден, тек кәмелетке толмағандарға ғана (қылмыстық жазадан басқа)
Екіншіден, кәмелетке толмағандарға ересектер үшін көзделген жаза түрлерінің
Үшіншіден, бірқатар жазалардың жасөспірімдер үшін қолданылуының өзіндік шарттылықтары
Төртіншіден, кәмелетке толмағандар үшін қылмыстық жазаны, оның ішінде
Бесіншіден, олар үшін жазадан босатудың нақтылы және шартты
Ақыр соңында, қылмыстық заңда кәмелетке толмағандар үшін қылмыстарды
Е.В.Благовтың жаза тағайындаған кезде келтірілген факторлардың кез келгені
Кәмелетке жасы толмаған адамға жаза тағайындауға арналған ҚК
Осыған байланысты ҚР Жоғарғы Сотының қосымша нұсқаулар беруі
Құқықтық нормаларда кәмелетке жасы толмағандарға жаза тағайындауға ықпал
Сотталушының жасы кәмелетке толмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазаны
Л.Л.Кругликов бұл мәселеге орай негізді түрде мынадай ой
Құқықытық қолдану тәжірибесінде проблемалық мәселелердің бірі кәмелетке толмағандық
1. 2 Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын мынадай жаза түрлері көрсетілген:
1) айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) Бас бостандығын шектеу
6) бас бостандығынан айыру.
Жаза мен тәрбиенің дұрыс сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтыла
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабының 1 бөлігінде
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес жасы кәмелетке толмағандарға
1) Қылмыстық заң жасы кәмелетке толмағандарға жаза қолданудың
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының тізімі қылмыстық кодекстің
Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану кәмелетке толмағандар
2) Қолданылып жүрген қылмыстық заңға байланысты кәмелетке жасы
Кәмелетке жасы толмағандардың өзіндік жалақысы мен мүлкінің көп
Жаңа көрсетілген жазалардың ішінде түзеу жұмыстарын кәмелетке толмағандарға
3) Жасы кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасын
Кәмелетке жасы толмағандардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар.
Айыппұлдың нақты мөлшері жасаған қылмыстың ауырылығына, кінәлінің материалдық,
Кәмелетке толмай сотталған адамға айыппұл салу жазасын тағайындарда
Он сегіз жасқа толмай қылмыс жасап айыппұл салуға
Кәмелетке толмағандар белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру
Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қылмыстық заңда жазаның жаңа
Түзеу жұмыстары сот үкім шығарған кезде 16 жасқа
Бас бостандығынан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға қылмыстық заңға
2 Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындаудың
eрекшеліктері
Шартты түрде соттау
Соттар ҚК-тің 63-бабында көзделген шартты түрде соттаудың, әдетте, бұрын сотталмаған, жеңіл немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдарға қолданылатындығын ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатысқандардың кейбіріне, өгер олардың негізгі қылмыскер еместігі анықталса, сонымен қатар оның жеке басына берілген мәліметтер мен қылмыс жасаған кездегі жағдайлар жаза тағайындаған кезде ҚК-тің 63-бабының ережелерін колдануға негіз бола алған жағдайда ғана колданылады.
1.Егер түзеу жұмыстары, әскөри қызмөт бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген қорытындыға көлсе, ол тағайындалған жазаны өтемей түзелуі мүмкін деген корытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.
2.Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасаған қылмыстың сипаты мен коғамдықкауітілік дәрежесін, айыптының жеке басын, соның ішінде жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескереді.
3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мінез-кұлқымен өзінің түзелгенін дәлелдөуге тиіс сынақ мерзімін белгілейді. Сынақ мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады (63-бап, 1,2,3-бөліктер). Яғни, шартты түрде соттау адамға белгілі бір талаптар қоя отырып, оған тағайыңдалған жазаны нақты етуден босату. Шартты түрде сотталғандарға заң бойынша белгілі бір міндеттерді орындау талабы қойылады. Олар: "шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырушы арнаулы мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмауды, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, сөз ауруларынан нөмесе ВИЧ ЖҚТБ-дан емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық көмек көрсөтуді жүктеуі мүмкін. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне септігін тигізетін басқа да міндеттерді орындауды жүктей алады (63-бап, 5-бөлігі).
Шартты түрде сотталған адамның мінез-құлқыл бақылауды оған уәкілдік берілген мамандандырылған мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде әскери бөлімдер мен мемлекеттердің командованиесі жүзеге асырады. Шартты түрде сотталған адамның мінез-кұлқын бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімі ішінде сот шартты түрде сотталған адам үшін бұрын белгіленген міндеттерді толық немесе ішінара бұзуы не толықтыруы мүмкін. Шартты жазаға сотталған кезде мүлікті тәркілеуден басқа қосымша жазалар тағайындалуы мүмкін. Қосымша жазалардың тізбегі Қылмыстық кодекстің 39-бабының 2-бөлігінде көрсетілген. Шартты жазаға сотталғанда тағайындалған қосымша жаза нақты түрде өтелуі тиіс. Шартты сотталуы туралы қаулы шығарған кезде сот сотталғанға, оның заңды өкілдеріне сотталған адамның міндеттерін орындамаған немесе әкімшілік құқық бұзушылық, жана қылмыстар жасаған жағдайда ҚК-тін 64-бабында көзделген шараларды колдану мүмкіншілігі туралы түсіндіруге міндетті7. Қылмыстық заңда шартты түрде соттаудың күшін жою немесе сынақ мерзімін ұзартудың тәртібі де көрсетілген. Шартты түрде соттаудын күшін жоюдың немесе сынақ мерзімін ұзартудың түрлі негіздері Қылмыстық кодекстін 64-бабында мына төмендегідей етіп берілген: "1. Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі өткенге дейін түзелгенін дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мінез-кұлқына бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшін жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы өте алады. Бұл орайда шартты түрде сотталудың белгіленген сынақ мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң күші жойылуы мүмкін.
2.Егер шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтарса немесе сол үшін өзіне әкімшілік жаза салынған қоғамдық тәртіпті бұзса, сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша сынақ мерзімін ұзарта алады, бірақ ол бір жылдан аспауы керек.
3.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде өзіне сот жүктеген міндеттерді ұдайы немесе әдейі орындамаған, сол сияқты қоғамдық тәртіпті ұдайы немесе қасақана бұзған жағдайда сот осы баптың бірінші бөлігінде аталған органның ұсынысы бойынша шартты түрде сотталудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы өтеді.
4.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім ауырлықтағы қасақана қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот жаңа қылмыс үшін жаза тағайындалған кезде шешеді.
5.Шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде орташа ауырлықтағы қасақана қылмыс, ауыр нөмесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшін жойып, оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда да жаза осы ережелер бойынша тағайындалады".
Шартты жазаға сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңадан басқа бір қылмыс істемесе ол сотталмаған адам боп есептелінеді.

Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою институты қылмыстық құқықта дереу пайда болмаған. 1922 жылғы РСФСР Қылмыстық кодекстінде және 1924 жылғы КСРО және Одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негіздерінде де соттылықты жою ережелері көзделген.
Алғаш рет қылмыстық заңда соттылықты жою туралы ереже 1925жылы 9 ақпанда РСФСР орталық комитетінің декретімен Қылмыстық кодекстің 37-бабына толықтыруымен енгізілді. Онда былай делінген: "егер шартты түрде сотталған тұлға сынау мерзімі ішінде бас бостандығынан айыруға әкеп соғатын қандай да бір қылмысты жасамаса, сот үкімі күшін жойған деп есептелінеді және шартты түрде сотталған адам соттылығы жою деп танылады.
Соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын анықтаудың теориялық және тәжирбиелік маңызы зор. Соттылықты жоюды дұрыс ұғыну оны сот тәжирбиесінде нақты қолдануды қамтамасыз етеді. В.Н. Курляндский, Н.С.Лейкина, Е.А. Фролов соттылықты жоюдың құқықтық табиғатын қылмыстық жауаптылықпен байланыстырады. Қылмыстық жауаптылықтың аяақталуы жазаның толық өтелу кезеңімен байланысты, ал тиісті жағдайда соттылықты жою немесе алып тастау. Мұндай тұжырым даулы болды.
1926 жылғы РСФСР-ң Қылмыстық кодексінде 37-бабының ережесін қабылдады, тек шартты түрде сотталған тұлғалардың соттылығын жою мерзіміне ғана өзгерістер енгізілді. Егер, 1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 37-бабында шартты түрде сотталған адамның соттылығы жойылуы үшін сот үкімімен белгіленген сынақ мерзімі ішінде қандай да бір қылмыс жасамауын талап еткен, ал 1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 57-бабы шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі ішінде ауыр қылмысты жасамауын талап етеді.
Ал, КСРО орталық атқару комитетінің қаулысымен 1927 жылы 25 ақпанда қабылданған КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізі 10-бабымен толықтырылды.
Осы негіздің 10-бабына сәйкес, соттылығы жоқ деп танылатындар:
1) сотпен ақталған тұлғалар;
2) шартты түрде сотталған адам сынақ мерзімі ішінде жаңа қылмыс жасамаған тұлғалар;
3) алты айдан жоғары бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өткенге дейін жаңа қылмыс жасамаған тұлға;
Үш жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалардың соттылығы жойылмайтын болған, оларға соттылықты рақымшылық немесе амнистия түрінде алып тастау ережесі қолданылатын болған. Рақымшылық немесе амнистиялық акті негізінде соттылықты алып тастау жазаның мерзімі мен ауырлығына қарамастан жүзеге асырылған.
1958 жылы 25 желтоқсандағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші жиналысының екінші сессиясында қабылданған КСРО және Одақтас Республикалардың қылмыстық заңдарының негізі сол уақытқа дейін тәжірбиеде өзін ақтаған соттылықты жою институтының ережесі қабылданды.
Соттылық жойылады, егер: а) заңда белгіленген мерзімі өтсе; б) заңда белгіленген мерзім ішінде тұлға жаңа қылмыс жасамаса. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Жоғарыда біз соттылықты жою ережесінің қысқаша тарихына тоқталдық. Енді, қазіргі қылмыстық заңда көзделген соттылықты жою ережесінің ерекшелігін атап көрсетуге тырысамыз. Соттылықты жою ережесі Қылмыстық кодекстің 77-бабында көзделген.
Азаматтың соттылығы жойылғанан (алып тасталғаннан) кейін тиісті құжаттарда "сотталмаған", - деп көрсетуге құқылы. Оған бұрынғы сотталғандығымен байланысты жалпы құқықтық сипаттағы құқықтық шектеулер қолданылмауы тиіс.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жазаның алға қойылған мақсатын тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік берумен бірге, қылмыстылық пен қарсы күрес жүргізуге зор үлесін тигізеді. Сот тәжірбиесі көрсеткендей, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың қайталамалы қылмыс жасауы жазаны толық өтеп шыққандарға қарағанда едәуір төмен. Мұның өзі, жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың қысқа мерзім ішінде қылмыстық жазаның алға қойған мақсаттарына жетуіне тиісті көмегін тигізетінін көрсетеді.
Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату деп сотталған адамды үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға адал көзқарас негізінде үкім бойынша тағайындалған жазаны өтеуден мерзімінен бұрын босатып, оған сынақ мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасамау шартын қоюды айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 70-бабына сәйкес:
1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әсери қызмет бойынша шектеу, тәртіптік әскери бөлімінде ұстау немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзінің түзелуі үшін сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейді деп таныса, ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуы мүмкін. Бұл орайда адам қосымша жаза түрін өтеуден толық немесе ішінере босатылуы мүмкін.
2. Сот мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы Кодекстің 63 бабының 5-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктеуі мүмкін, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлігі ішінде орындауға тиіс.
3. Жазадан шартты түрде - мерзімнен бұрын босату сотталған адам.
1) кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
2) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін;
3) аса ауыр қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін, сондай-ақ бұрын жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамға егер мерзімінен бұрын - шартты түрде босату осы баптың жетінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзімі 6 айдан кем болмауы керек.
5. Сот тағайындалған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде 25 жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
6. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босатылған адамның мінез-құлқына бақылау жасауды оған мамандырылған өкілетті мемлекеттік орган, ал әскери қызметшілер жөнінде - әскери бөлімдер мен мекемелердің командованиесі жүзеге асырады.
7. Мерзімінен бұрын - шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлігі ішінде:
8) өзіне әкімшілік жазасы салынған қоғамдық тәртіпті бұзса немесе оған мерзімінен бұрын - шартты түрде босатуды қолдану кезінде сот жүктеген міндеттерді орындаудан әдейі жалтарса, сот осы баптың 6-бөлігінде аталған органдардың ұсынуы бойынша мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою және жазаның өтелмей қалған бөлігін орындау туралы қаулы ете алады;
8) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезінде мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді;
9) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстің 60-бабында көзделген ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзімінен бұрын - шартты түрде босатудың күшін жойса, абайсызда қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы ережелер бұрын - шартты түрде босату тағайындалады.
Өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібі бойынша бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға мерзімінен бұрын -шартты түрде босату қолданылмайды.
Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың айырмашылығы оның шартсыз, түпкілікті босатылуында болып табылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстырудың негізі болып жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудағы сияқты сотталған адамның үлгілі мінез-құлқы және еңбекке, оқуға деген адал көзқарасы есепке алынады. Сот тәжірбиесінде түзелу жолына нақты түскен адамдарға ғана жазаны ауыстыру қолданылады. Мұндай жағдайда жазаның алға қойған мақсатына түпкілікті жету жеңілірек жазаны өтеу арқылы-ақ жүзеге асырылады. Жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру сотталған адамға мына негіздерге қолданылуы мүмкін.
1. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс үшін бас босатандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға сот оның жазасын өтеу жөніндегі мінез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түрімен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрінде өтеуден толық немесе ішінара боатылуы мүмкін.
2.Жазаның өтелмеген бөлігі оның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адам жаза мерзімінің кем дегенде үштен бір бөлігін нақты өтегеннен кейін ауыстырылуы мүмкін.
3. Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру кезінде сот осы Кодекстің 39-бабында аталған жаза түрлеріне сәйкес, осы Кодексте әрбір жаза түрі үшін көзделген шекте жазаның кез келген неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы мүмкін (Қылмыстық кодекстің 71-бабы).
Жазаның өтелмеген бөлігі жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған сотталған адамды сот қосымша жазадан толық немесе ішінара босату да, босатпауы да мүмкін. Бұл мәселе нақты жағдайларға қарап шешіледі. Егер жеңілірек жазамен ауыстырылған ретте, қосымша жаза одан гөрі қатаңырық болса, мұндай ретте сотталған адам міндетті түрде қосымша жазадан да босатылуы қажет. Жаза жеңілірек жазамен ауыстырылу қолданылған адам жазаның өтелмеген бөлігі ішінде қылмыс істесе, сот мұндай жағдайда кінәлі адамға Қылмыстық кодекстің 60-бабына сәйкес үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындайды да, бірінші үкім бойынша өтелмей қалған жазаны соңғы жазаға қосады.
Жазаны өтеген уақыттан бастап соттылықты жою шарты басталады, яғни, оның жойылу мерзімі. Соттылықты жою мерзімі - тұлға сотталған деп есептелінетін уақыт аралығын білдіреді. Соттылықты жою мерзімі Қылмыстық кодекстің 77-бабының, 3,4-тармақтарында көзделген. Заңда көзделген мерзім өткеннен кейін соттылық жойылады. Ал, соттылықты жою тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық: а) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде - сынақ мерзімі өтуі бойынша; б) тәртіптік әскери бөлімінде ұстау, әскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген әскери қызметшілер жөнінде - іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; в) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша; г) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; д) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; е) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде - жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады. Егер сотталған адам заңда белгіленген тәртіппен жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылса немесе жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылса, онда соттылықты жою мерзімі жазаның нақты өтелген мерзімін негізге ала отырып, негізгі және қосымша жаза түрлерін өтеуден босатылған кезден бастап есептелінеді. Егер сотталған адам жазаны өтегеннен кейін өзін мінсіз ұстаса, сот оның өтініші бойынша соттылықты жою мерзімі өткенге дейін одан соттылықты алып тастай алады. Егер сотталған адам соттылықты жою мерзімі өткенге дейін тақы да қылмыс жасаса, соттылықты жою мерзімі тоқтатылады. Бірінші қылмыс бойынша соттылықты жою мерзімі соңғы қылмысы үшін негізгі және қосымша жазаны іс жүзінде өтегеннен кейін қайта есептелінеді. Бұл жағдайда адам екі қылмыстың ең ауыры үшін соттылық мерзімі өткенге дейін олар үшін сотталған деп есептеледі. Соттылықты жою немесе алу соттылыққа байланысты барлық құқықтық зардаптардың күшін жояды.
Тұлға соттылық жойылатын мерзім ішінде жаңа қылмыс жасамаса соттылығы жойылған деп танылады.
Қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап, кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтеуін айтамыз. Мұндай мерзімінің өтуі қолданылатын шараның тиімділігі, қажеттілігін жояды, сондықтан да ол қылмыс ескірген қылмыс қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп, ескірген қылмысты тергеу оған дәлелдерді жина, істі сотта қарау кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де кезінде жинақталған мәліметтерді қайта жаңғыртудың өзі де көптеген қиындықтарды туғызады. Сондықтан да жауапқа тарту мерзімі ескірген қылмысы үшін кінәлі адамға қылмыстық жауаптылық жүктеудің қажеті жоқ. Қылмыстық кодексте (69-бап) мұндай жауаптылықтан босатудың негіздері істелген қылмыстың ауырлығына байланысты болып көрсетілген.

2.1
Жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататан мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау көзінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар қылмыстық заң арқылы белгіленеді. Қылмыстық заңда (53-бап) жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың үұлгі тізбегі ғана берілген, өйткені жаза тағайындағанда жауаптылықты жеңілдететін, заңда көрсетілген басқа мән-жайларды да соттың еске алуына болады. Ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың (54-бап) заңда көрсетілген тізбегі тұжырымды, сот осы заңда көрсетілген мән-жайлардан басқаларды жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануға кұқылы емес.
Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды қылмыс құрамының қажетті, жетілген немесе женілдетілген белгілерімен шатастыруға болмайды. Мазмұны немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық сипаттама
Кәмелетке толмағандарға айыппұл жазасын тағайындау және атқару тәртібі
Кәмелетке толмағандар қылмыстық жауаптылығының жалпы мәселелері
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының жағдайы мен кезеңдері
Қазақстан Республикасынның қылмыстық саясаттың түсінігі және сипаттамасы
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Пәндер