Баспасөз қызметінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Журналистика факультеті
ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Баспасөз қызметінің ерекшеліктері

Орындаған: Молдахмет Асыл
Тексерген: Садуақасов.А.А.

Алматы 2019

Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1. Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрлымы мен құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Баспасөз орталығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.1. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру
және баспасөз хатшысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
IV. Cілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
V. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .27

Кіріспе
Баспасөз - мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз - халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі. Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі -- газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда -- 1609 жылы, Ұлыбританияда -- 1622 жылы, Францияда -- 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым -- 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген "Түркістан уәлаятының газеті". Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың ,баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах). Баспасөздің екінші түрі -- мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі -- кітап. Кітап басу ісі 8 -- 9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің "Жақұт сутра" (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап -- "Сейфүл-мәлік" қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап). Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т.б. шығады.
Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.

3
1.1.Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары.
Баспасөз хатшысының жұмысының мәні президенттің ұстанымы мен ойын дәл жеткізу, сол арқылы келесі жасалатын қадамын мейлінше нақты жоспарлауға, баспасөзге үкіметтің немен айналысып жатқандығын білуге жәрдемдесу. Бұл екі бірдей қожайынға амалдап қызмет етуге мүмкіндік беретін теңгермешіл жұмыс, - дейді Ақ Үйдің президенті Джордж Буштың баспасөз хатшысы Ари Флейшер.[1.22-23] Осы ойлары арқылы ол баспасөз хатшысының қызметіне жалпы түсінік береді және демократилық қоғамда қалай жұмыс істеу керек екенін анықтайды. Олардың сол кездегі айтқан ой-пікірлері күні бүгінге дейін өз мәнін еш жойған жоқ. Билікті жүзеге асыру үшін таңдау жасауға жол ашып, тек ақпарат негізінде дербес шешім қабылдауға мүмкіндік жасау керек. Оған қол жеткізу үшін дәл әрі сенімді ақпарат қажет. Ал мұндай ақпаратты тәуелсіз БАҚ-тан алуға болады. БАҚ биліктің іс-әрекеттері туралы ақпараттарды әлеуметке жеткізе отырып, оларды пікірталасқа шақырады. Демократия жағдайында халыққа қызмет ету БАҚ-тың да, мемлекет шенеуніктерінің де атқаратын негізгі функциясы.
1980 жылдары АҚШ-тың бірінші ханымы Нэнси Рейганның, 1988 жылы вице-президент Джордж Буштың президенттік компаниясында баспасөз хатшысы болып істеген Шейла Тейт: Үкіметтің халықпен байланыс жүргізетін күллі жүйесінің орталығы - үкіметтің бұқарамен байланыс байланыс қызметі, - дейді. Тейттің пікірінше: Үкімет баспасөз қызметі үкіметтің күнделікті тыныс-тіршілігі, іс-әрекеті жөнінде БАҚ ақпарат алатын арна. [1.26]
Оның басты міндеті - азаматтарға үкімет саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, олардың қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Баспасөз қызметінің бұл қыры үкімет шенеуніктерінің қамқорлығы мен жоспарларын көпшілікке жеткізе отырып, үкіметтің белгілі бір іс-әрекеттерінің жеке адам өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіруге көмектеседі.
Біздің жұмысымыз тек қана ақпарат таратумен шектелмейді, - деп есептейді, Мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоциация президенті Йони Инман. Біз мемлекет пен халық арасында байланыс орнатып, үкімет тарататын ақпараттарды әлеуметке түсінікті боларлықтай қалыпқа ғана түсіріп қоймаймыз, сонымен қатар айнлада, өзімізді қоршаған ортада не болып жатқандығын үкімет шенеуніктеріне де жеткізуіміз керек.
Баспасөз қызметі мекеме мен қоғам арасын ақпарат алмасумен қамтамасыз ететін байланыстырушы буын болып табылады. Мемлекеттік, қоғамдық, бизнес-құрылымдар жан-жақты байланысты ұйымдастыруды нақты іске асыру үшін баспасөз қызметін, баспасөз орталығын және әртүрлі модификацияларын қолданады. [2.9-10]

4
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті - БАҚ арқылы қоғамды ақпараттандыру. Бұл қызмет баспасөз конференциясы, баспасөз хабарламасы, редакциялық мақала, тұтынушылармен, ақпарат тарататын қауыммен, сайлаушылармен кездесуді өткізуді үйлестіретін пресс-жоспар негізінде құрылады.
Баспасөз қызметі екі мәселені шешеді:
* Ұйым қызметі туралы ақпараттың толыққандылығын және жеделдігін қамтамасыз ету;
* Аккредиттацияланған журналистердің жұмысына үйлесімді, қолайлы жағдай жасайды.
Баспасөз қызметінің маңызы мен міндеті:
Ұйымдардағы баспасөз қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы ортаға бөлуге болады. Ішкі ортасына ұйымның өзі және аймақтық салалары кіреді. Ал сыртқы ортасына мекеменің барлық қоршаған ортасы жатады.
Мекеменің баспасөз қызметінің негізгі мақсаты:
БАҚ-қа мекеме қызметі туралы ақпарат беру және осы арқылы ұйымның жағымды имиджін қалыптастыру;
Ұйым ішінде және сыртқы ортасында бірдей ақпараттық ағынды қалыптастыру.
Мекеменің ішінде баспасөз хатшысы ұйымның алғашқы және жергілікті баспасөз хатшыларымен бірігіп әрекет жасайды және ішкі ақпараттық алаңды құрады. Бұл оперативті ақпарат берудің жақсы қойылған коммуникациялық бағыты.
Сыртқы ортаға - БАҚ, түрлі деңгейдегі билік органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар жатады.
БАҚ-пен байланыс ресми өкілі әртүрлі сұрақтарға байланысты лауазымды тұлғаның позициясын көрсететін және лауазымды тұлғаға тікелей байланыса алатын болуы қажет. Ресми өкіл шұғыл жаңалықтарды лауазымды тұлға кез келген уақытта хабарлай алатын мүмкіндігі болуы керек. Мұндай мүмкіндік мекемеде қалыптасқан қызметкерлердің төменнен жоғарыға бағынуға қайшы келуіне қарамастан, бұл ұйымның БАҚ-қа байланысты сұрақтарға тез жауап қайтаруға жағдай жасайды.
Саясатын анықтайтын тұлғалар өздерінің шешімдері қоғамға қалай әсер ететінін түсіну үшін БАҚ-пен байланыс өкілі шешім қабылдау барысына қатысуы қажет. Егер БАҚ-пен байланыс өкілі бағдарламаны дайындауға қатыспаған болса, оған сөйлем құрамын түсіну және оны БАҚ-қа мәлімдеу қиын болады.
Ұлттық баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцициясының мүшесі Йони Инманның айтуынша: Егер мемлекеттік шенеунік қандай да бір іс-әрекетке кірісуді жоспарласа, оның қалай қабылданатынын міндетті түрде білу керек. Қоғамның көңіл-күйін жақсы түсінуші мамандарды уақытында жұмысқа араластырылмауы күтпеген жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасуына апарады. Сондықтан жұмыстың алғашқы талқылау сатысында ақпараттық тарату мамандарын шақыру қажет.
5
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті:
1. Баспасөз қызметінің күнделікті қызметі;
2. Ұйымның өткізген іс-шараларын БАҚ-та жариялау;
3. БАҚ-ты ұйым қызметі туралы үнемі ақпараттандырып отыру: ұйымдық өзгертулер, қоғамдық маңызы бар шараларға және жобаларға қатысуы, ұйымның билікпен әріптесуі.
4. БАҚ-пен бірігіп қоғамдық акция ұйымдастыру, теле және радио бағдарламаларын дайындау;
5. Баспалармен байланыс
6. Баспасөз мәслихатын, брифингтерді ұйымдастыру;
7. Баспасөз орталығының құрамын жасақтау және оның жұмысын шараларды өткізуде ұйымдастыру;
8. Ұйыммен тұрақты түрде қарым-қатынас жасайтын сенімді журналистер тобын құру;
9. Ұйым қызметіне қатысты ақпараттық материалдар, имиджді қалыптастыратын мақалалар, баспасөз хабарламасы, анықтамалар, тағы басқа да материалдар дайындау;
10. БАҚ-қа ұйымның басшысымен немесе бағдарлама жетекшісімен сұхбат ұйымдастыру;
11. Баспасөзбен байланыс туралы және ұсынылған тапсырмаға БАҚ-тың қуатты реакциясы жайлы ұйым басшымен және аппаратпен кеңесу;
12. Көпшілік алдына шығып сөйлеуді қадағалау, дайын болған мәтінді және хабарламаларды қарап шығу;
13. БАҚ-та жарияланған барлық материалдарды қадағалап отыру. Ақпарат құралдарындары, ондағы мақалалар, видеоматериалдар, радио бағдарламалардың аталуы, күні, шығу мерзімі және қысқаша мазмұнына мониторинг жасау.
14. Өткен іс-шараларға талдама жасау және болшаққа жоспар жасау;
15. БАҚ-тың мәліметтер жинағын жасау және БАҚ-тағы өзгерістерін бақылап отыру;
16. Алыстан келген журналистерді көлікпен қамтамасыз ету және қонақ үйлерге орналасуына жағдай жасау;
17. Журналистерді аккредитациялау;
18. Журналистердің және БАҚ-тың құқықтары мен мүддесін қорғайтын ұйымдармен әріптесу;
19. Аймақтағы билік органдарының қоғаммен байланыс департаменттерімен және баспасөз қызметтерімен байланыс;
20. Қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметімен әріптесу және бірігіп акция өткізу;
21. Қажет болған жағдайда газет, журналдарға мақалалар жазу;
22. Жеке баспа өнімдерін шығару (көп данамен шығаруы керек және оны ұйым мүшелеріне таратады)

6

23.Жеке жарнама өнімінің фирмалық стилін жасауға қатысу (банктар, визиткалар, палакаттар, естелік календарлар, көрнекілік құралдары, брошюралар және т.б.) [3.8]
Баспасөз қызметінің құрамы:
Баспасөз қызметі аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Баспасөз қызметінің басшысы немесе баспасөз хатшысы тікелей бастыққа бағынады және барлық құрылымдық бөлімшелермен бірігіп қызмет атқарады.
Ұйымның қызметіне және құрылымдық бөлімшелеріне байланысты баспасөз қызметінің құрамы әртүрлі болады. Тәжірибе бойынша күнделікті жұмыс уақытында, үлкен іс-шаралар өткілізмеген жағдайда баспасөз хатшысы және оның көмекшісі де жеткілікті. Ал көлемді шаралар мен акциялар өткізу кезінде баспасөз орталығын құру және ұйымның бастапқы және аймақтық баспасөз хатшыларын тарту қажет. Бастапқы ұйымның баспасөз хатшылары баспасөз қызметінің негізгі әріптесі болып табылады. Баспасөз хатшысы олармен үнемі байланыста болады. Маңызды шаралар, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат береді, семинар және мастер-класс өткізеді.
БАҚ-пен байланыс жұмыс ауқымына қарай оны орындаушылар құрамы:
1. Баспасөз хатшысы;
2. Баспасөз-бюросы;
3. Баспасөзбен жұмыс бөлімі;
4. Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы
5. PR қызметі (оның басшысымен)
6. Штаттан тыс қызметкерлер немесе ішкі кеңесші фирма
Баспасөз қызметінде штаттан тыс 1, 2 адамнан 20-ға дейін болуы мүмкін. Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі ПР-бөлімнің бөлімшесі болуы мүмкін. Баспасөзбен екіжақты байланыстың негізгі өзегі - баспасөз қызметі. Баспасөздің барлық өтініштері баспасөз-орталығы арқылы жүргені дұрыс. Әдепкі жағдайда баспасөзбен байланысқа жауапты адам ұйым атынан байланыс жасайды. Дегенмен, ұйым үшін өмірлік маңызы бар мүдделі сұрақтарға басшының өзі жауап беруі қажет.
Баспасөз қызметінің маңызды функциясының бірі - баспасөзбен байланыс стратегиясын жасау. Ақпараттық кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер, мәтін және құжаттарды жариялау. Кез-келген ұйымның жұмысының нәтижелілігі - уақытылы және нақтылы ақпараттар тарату. Мұндайда ақпараттық орталық жоспарлар жасауда және мақсатқа жетуде бірігіп әрекет ететін ұйымның негізгі өзегіне айналады.
Маңызды оқиғалар орнында баспасөз қызметі субпресс-центр құрылады немесе пресс-атташе жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдай Олимпиада ойындарында көп байқалады. Пресс-атташе халықаралық байланыста және шетелдік құрылымдары бар ұйымдарда болады. Олар негізінен шетелдік БАҚ-пен байланыс байланыс кеңесшілері, сарапшылары болып табылады.
7

Баспасөз қызменіңі жұмысы мына шарттар арқылы тиімді болады:
* Ақпараттық қорының болуы және қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі;
* Басшымен немесе маңызды қызметкерлермен байланыста болуы, стратегиялық шешімдер жасауға тікелей араласуы;
* Барлық ресми ақпаратты алуы;
* Сарапшыларды тарту мүмкіндігі
* Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ете алуы.
Халықаралық ұйымдардың ірі баспасөз қызметтері көрнекті техникалық жабдықпен ерекшеленеді. Оларда телефон, факс, телетайп, компьютерлер, мағлұматтардың электрондық бланктері, ішкі теле-радио жүйелері, қазрігі баспасөз кітапханасы, ақпараттық-анықтамалық орны, бюллетень, баспасөз хабарламасын жазу және тағы да басқа қажетті материалдарын жазатын мүмкіншіліктері зор. Сондай-ақ қызмет көрсету де өте жақсы жолға қойылған (тамақтану, экспедиция, көлік т.б.)
Ұзақ өтетін іс-шаралар - конференция, симпозиум, фестивальдерде баспасөз қызметінде әртүрлі мақсатта арналған жедел хабаршы телефон аппараттары орнатылады. Аккредитация тобы журналистерге аккредитациялық карточкасын береді. Сонымен қатар теледидар, фотокорреспондент тобының шығармашылық қызметкерлеріне құжат береді. Белгілі бір мерзімге белгіленген БАҚ өкілдеріне құжаттардың ақпараттық пакетін, соңында өздерінің ақпарат жәшігінің кілтін тапсырады.
Аккредитация квотасын БАҚ өкілдеріне мекеменің басшысы, баспасөз қызметінің директоры баспаның өтінішіні және техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып береді. Сондай-ақ журналистің жұмыс істейтін орны, ақпарат құралының беделі де маңызды. БАҚ редакциясының квотасы мен өтінішіне байланысты бақылау тізімі және журналистерге аккредитациялық анкета толтырылуға беріледі.
Баспасөз қызметінің басшылары журналистерге арнап баспасөз конференциясын және мәдени бағдарламаларды ұйымдастырады.
Баспасөз қызметінің шығармашылық тобында БАҚ-қа материалдарды өздігінше дайындайтын өздерінің жеке корреспонденттері, ТВ-репортерлері және операторлары болады.

1.2.Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы қызметінің ауқымы жағынан баспасөз қызметінен шағын, бірақ сол бір міндетті атқарады. Пресс-орталық ведомстволық деңгейде құрылады. Ол министрлік, мемлекеттік комитет, басқару және жергілікті басқару құрылымдарында болады. Мысалы, қалалық немесе облыстық әкімдіктің баспасөз орталығы.
Осыған байланысты кейбір зерттеулердің пайымдаулары байқалады. Онда баспасөз қызметін 2 түрге бөледі:

8
- үнемі әрекет етуші (президент әкімшілігіндегі, үкімет жанындағы, министрліктерде, саяси партияларда және ұйымдарда, үлкен мекемелер мен банктерде). Бұны толық ұйымның баспасөз қызметі деуге болады.
- уақытша баспасөз қызметі - оқиға, түрлі іс-шаралардың баспасөз орталығы ретінде құрылады. Жиналыс, мерейтойлық салтанат, кинофестиваль және тағы басқа нақты жағдайларда қысқа мерзімді маңызды жариялауға құрылған.
Нақты шаралар мен жағдайларда баспасөз орталығы құрылады, бірақ ол уақытша болып саналады. Қандайда бір нақты оқиғалар - жиналыс, мерейтойлық салтанат, кинофестивальдар сияқты маңызды қысқа мерзімді жағдайларды жариялайды. Құрылымдық белгілеріне қарай баспасөз орталығына ведомстволық құрылымдар ұқсас болады. БАҚ-пен үйлесімді байланыс орнатумен қатар, барлық әлеуметтік институттармен, қоғамммен байланыс қызметіне бағытталған.
Пресс-орталықта байланыс құралдары, көлік, жедел полиграфиялық құралдар болады. Сондай-ақ онда техникалық қызметкерлермен қатар журналистер де жұмыс істейді. Біреуі газеттермен байланысқа мамандандырылса, екіншісі ТВ-топ құрады, үшіншісі тақырыптық контент-талдаумен айналысады. Журналист-практиктердің уақытша шығармашылық тобы қоғамдық-саяси науқандар мен ресми шараларда құрылуы мүмкін.
Баспасөзбен байланысқа жауапты адамның негізгі 3 міндеті:
* баспаға материалдар беру (мақала, очерк т.б. түрінде жазылуы мүмкін)
* баспасөздің сұрақтарына жауап беру және кешенді ақпараттық қызмет көрсету;
* газет, радио, және ТВ жаңалықтарын бақылауға алу, хабарламалардағы қателіктерді жөндеу, қажетінеде шара қолдану немесе жалған екенін дәлелдейтін мәлімдеме жасау.
Пресс-орталықтың сараптама тобында белгілі бір мәселені газет, журнал беттерінде, теле-радио бағдарламаларда қандай сипат алғанын қадағалап отыратын бақылаушы болады. Ол осы жарияланымның сапасын анықтайды, оқиғаның сипат алуына болжам жасайды және қорытындыы шығарады. Кезекті баспасөз конференциясын дайындау барысында бақылаушы мәселенің тақырыптық документтер жинағын, бэкграундер, әртүрлі құжаттар мен ескертпелерді құрастырады. Бақылаушыға журналистік қызметпен жақын таныс болған жөн.
Сарапшылар тобын әлеуметтену, саясаттану, саяси жарнама, ПР, әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаратын ғылыми білімі бар мамандар құрайды.Олардың міндеті - басшылықтың қоғаммен байланысының тиімділігін арттыратын пресс-орталықтың тәжірибелік қызметін ғылыми-зерттеу бағдарламаларымен үйлестіру.

9
Осы мақсатта сараптау тобы іске кіріседі:

* редакциялық, журналистік қызметке қатысты кепілдемелер жасау арқылы БАҚ аудиториясына әлеуметтік зерттеулер концепциясын және бағдарламаларын жасау үшін;
* проблемалық іс-әрекетке дайындалу, қоғам дамуының маңызды мәселесін алдыға қоюға байланысты шығармашылық топ, журналистер, қоғамдық корреспонденттердің консультацияларын өткізу;
* конференция, дөңгелек үстел, дискуссия және журналистік тәжірибедегі сұрақтарды талқылау, саяси жарнама, ПР жүргізу мақсатында ғылыми күштермен байланыс (қоғамтану, саясаткер, журналистиканы зерттеушілермен қарым-қатынас);
* Пресс-орталықтың бақылаушылары мен сарапшылардың мәселесіне жататын кітаптарды, брошюралар, өзге де баспа өнімдерін рецензиялау;
* Саяси науқан, қоғаммен байланыс саласындағы арнайы оқиғалар, имидж, бедел, паблисити концепциясын жасау.
Баспасөз қызметінің құралдары. Журналистер арасында тек мәлімдемелер мен баспасөз конференциясында айтылған сөздердің мәтінін ғана емес, сонымен қатар түрлі баспасөз хабарламаларымен қоса анықтамалар, қабылданған шешімдерге байланысты негізгі ақпараттар мен алда болатын оқиғалардың анонстарын, баяндамалар мен саяси құжаттардың тезистерін, құжаттарға аса маңызды пунктердің талдауларын және басқа да құжаттарды таратып отырған жөн. [1.37]
Көптеген мемлекеттерде ақпаратты журналистерге жеткізудің себепші визуальді және ауызша құрал түрлері пайдаланылады. Кең таралған ақпарат берудің түрлеріне мынадарды жатқызамыз:
Баспасөз хабарламасы. Баспасөзге ақпарат берудің кең тараған тәсілі - ақпараттық хабарлама немесе баспасөз хабарламасы. Кең аудиторияға арналған қажетті және маңызды ақпараты бар хабарлама. Баспасөз хабарламасы нақты бір жаңалықты бере отырып, кім, не, қайда, қашан, неге және қалай деген басты алты сұраққа жауап беруі тиіс. Ол 1-2 беттен артық болмауы керек. Барлық ақпарат кері аударылған пирамида түрінде беріледі. Онда 70-80% ақпарат болу керек. Оны қарапайым пошта арқылы немесе факс, интернет поштасы арқылы барлық БАҚ-қа жіберіледі. Сонымен қатар еліміздің барлық баспасөзімен тікелей байланыс жасайтын ақпарат агенттіктеріне де оперативті түрде жіберіп отыру керек. Бірақ ақпарат агенттіктері баспасөз хабарламаларын редакторлап, толық мәтінін таратпауы мүмкін. Сондықтан кейбір адресанттар телетайп арқылы алдын ала қабылдаған болса да, баспасөз хабарламасының толық мәтінін жіберу арқылы оның мүмкіндігінше кең таратуын қамтамасыз ету керек.
Баспасөз хабарламасының екі түрі болады. Баспасөз хабарламасы-анонс - болатын іс-шараға журналистерді шақыру арқылы қатысуына жіберілетін бір беттен көп емес қысқаша хабарлама.

10
Ақпараттық баспасөз хабарламасы - ауқымды аудиторияға арналған маңызды және қажетті ақпараты бар хабарлама. Оның жазылу көлемі 1-2 бет болуы мүмкін. Баспасөз конференциясы барысында журналистерге тараталады.
Баспасөз хабарламасы еш кедергісіз таратылу үшін материалдарды қабылдаған баспасөздің тізімін жасап отыру керек. Өзгерістер болған жағдай жаңартып отыру қажет. Көптеген ұйымдарда баспасөз хабарламасының түріне қарай әрқайсысына жеке тізім жасау қажет болады. Тізім әрдайым нақты болу керек. Егер орталық газет болса, баспсөз хабарламасы жаңалықтар редакторының меңгерушісіне жіберіледі. Ал басқа баспасөзге қатысты жағдайда материалдарды бас редакторға жіберуге болады. Кейбір жағдайда баспасөз хабарламасының мазмұнына қарай мақсатты түрде соған мүдделі бөлімдеріне жіберуге болады. Мысалы қаржы жаңалықтар бөлімінің редакциясына, әлеуметтік және фотобөлімдерге т.б. жіберген дұрыс.
Егер баспасөз қызметі компанияның әртүрлі мүддедегі топтарымен жұмыс жасаса, баспасөз тізімін жасау ауырлауы мүмкін. Мұндайда әр салаға түрлі бұқаралық құралдарының тізімін көптеген түрін жасауға тура келеді. Бұл мәселіні шешудің жолы - іздеудің электронды жүйесін пайдалану.
Баспасөз хабарламасын жазу кезінде редакциялардың күнделікті көптеген осындай матриалдарын алытындығын, яғни баспасөзге келетін бұндай хабарламалармен бәсекелестінін ескеру керек. Сол үшін баспасөз хабарламасында нақты бір жаңалық және маңыздылық болу керек. Сонымен қатар баспасөз хабарламасындағы ақпараттың қайнар көзін анықтайтын, тақырыпшасын бірден көзге түсердей және жинақы, ұйымның стилі үлгісінде жазған дұрыс.
Егер баспасөз хабарламасы үнемі үйлесімсіз тілмен және ешқандай маңызды ақпараты болмаса, көзге түсетін тақырыпшасы мен ұйымның нақты құралдары көрсетілмесе, редакцияның елемей тастауы мүмкін.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру үшін жіберушінің аты мен мекен-жайы, телефон нөмірі нақты көрсетілуі маңызды. Тіпті шет елдере кейбір газет редакцияларының тәулік бойы істейтіндіктен, түнгі уақытта да хабарласуына болатын телефон нөмірлері көрсетіледі.
Анонс. Баспасөз хабарламасына ұқсайды, бірақ ол алда болатын оқиғаларды хабарлауға арналған. Соған қарап БАҚ оқиғаларды тез бағалай алады және оны тарату қажет пе деген мәселені шешеді. Анонс та кім, не, қайда, қашан, неге деген басты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Көлемі бір беттен аспауы керек.
Бэкграундер. Ол кең көлемді баспасөз хабарламасы. Тақырыпқа қатысты егжей-тегжей ақпарат береді. Онда фактілер мен статистикалық деректер беріледі, бірақ сілтеме түрінде емес. Анықтама баспасөз хабарламасымен бірге таратылады. Ол ұйым қызметі туралы базалық ақпарат ретінде 4-5 беттен тұрады. Оны журналистердің ақпаратты толық және бұрмалаушылықсыз алуға көмектеседі.
Визуалды материалдар. Ол баспасөз хабарламасына қосымша ретінде суреттер, графиктер, диаграмма мен карталардың берілу тәсілі.
11
Өмірбаян. Баспасөз хабарламасымен қосамша беріледі. Онда сөз сөйлейтін немесе оқиғаға қатысты бар лауазымды адамның кәсіби жолы мен табыстары қысқаша баяндалады.
Сарапшылар тізімі. Ол сіздің жолдауыңызды күшейте түседі. Тізімде сарапшылардың аты-жөні мен телефондары болуы керек.
Өзге де мәтін түрлері түрлі материалдарды қамтуы мүмкін. Олар брифингтердің транскриптері т.б. болуы мүмкін.
Іріктеу жағымды материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне ұнаған материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне ұнаған материалдар көшірмесін жасап, оларды медиа-комплекстерге немесе баспасөзге арналған пакеттерге сақтайды.
Медиа-кит немес пресс-кит - БАҚ-қа толық ақапарттардың жиынтығы.
Онда журналистерге арналған бір тақырыпқа арналған бірнеше материалдар: бэкграундер, өмірбаян, фото және т.б. болады.
Бағдар хат немесе телефонограмма материалдардың идеясын бір абзац
көлемінде қорытындылап, оның оқырмандар мен көрермендерді несімен қызықтыра алатындығын түсіндіреді. Онда адамдардың аты-жөні, түсіру жұмысының мүмкіндіктері мен материалдардың концепциясы қысқаша баяндалады.
Бейне және аудио-релиздер жазбаша баспасөз хабарламасы сияқты кім,
не, қашан, қайда, неге, қалай? принципі бойынша құрылады. Бірақ ол радио мен теледидарға арналған сюжет түрінде болады.
Спутниктік технология жетекші саясаткерлердің түрлі кездесулер өткізіп
сұхбат беруіне және ол материалдардың немесе хабарламаларды ел ішінде телекомпанияларға жіберуге мүмкіндік береді. Әдетте бұқарамен байланыс жөніндегі мамандар сюжет түсіріп, содан кейін оларды спутниктік байланыс арқылы тарату үшін спутникті уақыт сатып алады.
Радиоролик - сұхбат сияқты мемлекеттік лауазымды тұлғаның қысқаша
мәлімдемесінің аудио жазбасы.
Баспасөз конференциялар арқылы лауазымды тұлғалар белгілі бір
мәселелер бойынша өздерінің жаңа хабарламаларын көпшілікке жариялай алады.
Сұхбат барысында лауазымды тұлғалар журналистпен бетпе-бет отырып, өз
ойын тереңірек жеткізіп дамытуға баспасөз хабарламасынан гөрі көбірек мүмкіндік алады.
Редакция алқасы - танымал саясаткерлер мен газет редакторларының,
мақалалар мен комментарий авторларының және жаңалықтар бөлімінде істейтін репортерлердің әр түрлі тақырыптарды талқылау үшін өзара кездесуі. Мұндай кездесулерді ірі телевизиялық және кабельді торап арқылы ұйымдастырады. Редакция алқасы лауазымды тұлғаға өз идеясын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді, сол арқылы БАҚ мекеменің саясатын жақсырақ түсініп хабарламалар мен редакция мақалаларының жиі жарияланып тұруына ықпал етеді.
Медиа-карта. БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу үшін олар жайлы мәліметтер
12
жинағы, яғни ұйымның медиа-картасын жүйелендіріп және үнемі жаңартып отыру керек. Онда БАҚ тізімінің басазы, өздерінің қызмет саласына байланысты мамандандырылған БАҚ тізімі.
Тараламы, аудиториялық ауқымы, шығу мерзімі, мақсаты мен құрылымы және бас редакторлары туралы толық мағлұматтар болады.
Медиа-турлар. Астанадан тыс жерлерге тарап, аймақтарда жұмыс істейтін
БАҚ-ты қамтиды. Медиа-турлар аймақтық баспасөзге сол аймақ үшін арналған жаңалықтарды жеткізеді, ол жерде тұрып жатқан азаматтарға қызметінің олардың өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіреді.
Интернет - БАҚ-тың фильтрінсіз тұрғындармен тікелей қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік беретін қызмет арнасы. Ол сол сияқты журналистермен тез арада байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Интернет ұйым мен аудитория арасында тікелей және кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды. Баспасөз қызметі өзінің хабарламалары үшін жеке локальды электрон тақтасын аша алады. Интернет мәтін, графика, бейне мен дыбыс сияқты барлық құрал түрін пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде интернеттің көмегінсіз өздерінің қызметі туралы ашық ақпараттық қарым-қатынасты орнату мүмкін емес. Сондықтан кез келген мекеме өздерінің жеке сайттарын ашып, одан өздерінің күнделікті қызмет барысы мен болашақтағы жобалары туралы толық мағлұматтарды беру арқылы ақпаратты кеңінен тарата алады.
Интернет жаңалықтары. Виртуалды жаңалықтар ең жаңа ақпараттық орта. Радио мен телеарна сияқты интернеттің сайттарындағы жаңалықтар лезде тарайды. Интернетте жаңалықтардың барлық түрлері - газет, журналдардан бастап, пікірталас форумдарына дейін ұсынылады. Сол сияқты электронды пошта арқылы белгілі бір аудиторияға арналған жолдамалар жіберуге мүмкіндік бар.
Электронды поштада клавиатурадан берілетін бір команда арқылы оп-оңай
ақпарат алуға қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың мекен-жайлары көрсетілген.
Көптеген журналистер материалдарды күнде, кейде сағат сайын өткізетін
болса да, оларға ақпарат іздестіру, сұхбат алу және мақала жазу үшін уақыт қажет болады. Кейде журналистер жедел ақпарат бойынша төтенше оқиғалар кезінде оқиға ізін суытпай жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай сапалы материал жазу қиын. Сондықтан баспасөз қызметі мамандары БАҚ-пен журналистер тарапының қажеттілігін өтеу үшін ақпаратты мейлінше көп және қол жететіндей етіп жұмыс істеуі керек. Сол арқылы журналистердің жақсы материалдар тудыруына ықпал ете алады. Сондай-ақ оның қандай БАҚ екендігіне байланысты материалдарды сараптап беру керек. Өйткені БАҚ-тардың түрлеріне және аудитория ауқымына байланысты олардың мүмкіндіктері де әртүрлі.
Баспасөзбен байланыста жедел және тиімді жұмыс істеу барысында
баспасөз қызметінің түрлері де пайда болуы мүмкін. Бұл жерде оқиға орнында құрылатын баспасөз орталықтары мен пресс-атташе қызметін атап өткен дұрыс.
13

Ақпараттық әрекет етудің жоспары. Ақпарат берудің түрлері.
Ақпараттық өзара әрекет баспасөз қызметінің жұмысының негізгі өзегі
болып табылады. Ұйым арасында сапалы ақпараттық әрекетті қамтамасыз ететін журналистерге дер кезінде ақпаратты беру мақсатында баспасөз қызметі келесі кезеңді атап өткен жөн.
БАҚ бойынша мәліметтер жинағын құру:
БАҚ-тың мәліметтер жинағы - барлық бұқаралық ақпарат құралдарының тізімі. Оларды аймақтық белгілеріне қарай үш түрге бөлуге болады:
1. Аймақтық. Тек белгілі бір аймақта шығатын.
2. Орталық. Астанада жіберіледі және аймақтарда тек басылып шығарылады
3. Орталық БАҚ-тың аймақтық қосымшасы.
БАҚ-тың мәліметтер жинағында қандай ақпараттар болуы керек?
1. БАҚ-тың аталуы, мекені және редакциялық телефоны, таралымы.
2. Бас редактордың және белгілі бір тақырыппен немесе бір бетті жүргізетін журналистің аты-жөні. Электронды бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы мен бағдарламаларының бағыты.
3. БАҚ-тың бағыты мен негізгі тақырыбы (саяси, экономикалық, көңіл көтеретін т.б.)
4. Газетте қандай айдарлар бар және оны кім жүргізіп отырады? Барлық жастарға арналған ақпарат міндетті түрде жастардың бетінде жарық көрмейді. Мысалы, экономикалық сипаттағы ақпарат экономикалық бөлімде орналасуы мүмкін.
5. Жергілікті телеарна және радиода қандай бағдарламалар бар?
6. Газеттің шығу мерзімі, ТВ және радиода бағдарламалардың берілу кезеңі

2.1. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және оның қызметкерлері
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті -мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне қалай әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында мемлекеттің және оның органдарының жұмысы тез арада жұрттың қолы жететін және қоғамдық түсінушілік сипат алады. Мемлекеттік баспасөз қызметі БАҚ-пен үнемі байланыста болып, үкімет қызметінің жағымды жақтарын мәлімдейді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Адманың баспасөз жариялым атауынан алатын әсері
Газет тілінің және ондағы шағын жанрлардың орны
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
Баспасөз қызметінің құралдары
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Әлем журналистикасының тарихы
Баспасөз жарияланым аттарының тілдік – стильдік ерекшеліктері
Пәндер