ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА
1.1 Сауданың сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жәрмеңкелер тарихы мен сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Жәрмеңкенің әлеуметтік-мәдени қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 СЫРТҚЫ САУДА МЕН КЕРУЕН ЖОЛДАРЫ
2.1 Орта Азиямен керуен саудасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазақстан-Қытай сауда қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 Қазақстандағы көлік қатынасының дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі қазақ өлкесінде орын алған сауданың дамуы ,әсіресе жәрмеңкелердің пайда болуы, жергілікті халыққа сауда саласында жаңа мүмкіндіктерді беруімен байланысты. Жәрмеңке тек сауда-саттық ісінде ғана емес, көршілес елдермен тұрақты экономикалық байланыс жасауда, халықтың өнері мен мәдениетін дамытуда аса маңызды орын алды. Көшпелілердің өмір сүру салты кең байтақ территориясы мен байланыс құралдары дамымаған Қазақстанда жәрмеңкеге қатысушылардың көпшілігі кең ауқымды сауданың ыңғайлы нысаны болды. Сонымен қатар,қазақ жері өзінің географиялық ерекшелігіне байланысты Ресей мен Азия елдерінің сауда қатынастарының транзиттік сауда көпірі ретінде рөл атқарды. Жәрмеңкелер қазақ даласына сауда капиталының енуіне қолайлы жағдай жасады және ол жәрмеңкеге қатысты уездердің ғана емес, округтардың да шаруашылық өміріне белгілі әсер етті.
ХІХ ғасырдың ортасында қазақ халқының Ресей құрамына қосылу процессі қазақ даласында патша үкіметінің тек саяси билігін ғана үстем етіп қана қойған жоқ, сондай-ақ, қазақ көшпелі қоғамының шаруашылығын капиталистік жолмен дамып бара жатқан Ресей экономикасымен тығыз байланыстыра түсті. . Жәрмеңкелерде дала қазақтарына айырбасқа Ресейге қарасты Тобыл, Том, Қазан қалаларынан, Орта Азиялық Бұқар, Ташкент қалаларынан халықтық тұтыну тауарлары әкелініп, сауда кең дамыды. Осылайша, қолөнердің, сауданың жалпы алғанда ауыл шаруашылығының дамуына өте үлкен жағдайлар жасалынды.

Бұл мәселенің қазіргі таңда зерттелуі өзекті болып табылады, өйткені еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде өзгерістер болып жатқанда, өткен тарихынан сауданың даму жолын біліп, тәжірибесін пайдалана білгеннің артықтығы жоқ екендігі даусыз. Ол ең алдымен, XIX ғ Қазақстандағы жәрмеңкелер тарихындағы жетістіктер мен кемшіліктердің объективті бағалауына, сонымен қатар, жалпы Қазақстандағы сауда дамытудағы әр түрінің өзіндік орнын, ерекшелігі мен маңыздылығын айқындауға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыс мақсаты: XIX ғ.Қазақ өлкесіндегі сауда дамуына ықпал еткен факторлар, керуен жолдары мен жәрмеңкелердің мәнін және тигізген әсерін зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыс міндеттері:
1) сауда түрлерінің сипаттамасын анықтау
2) жәрмеңкелерді талдау жасаған дереккөздерге шолу
3) теңсіз сауда үлгілерін табу
4)жәрмеңкенің әлеуметтік ортада атқарған рөлін зерттеу
Тақырыпты зерттеу барысында

I ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ САУДА

1.1 Сауданың сипаты

Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті.
Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.
Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Қазақ жерінен орыс көпестері елтірі мен кілем, тері-терсек, жүн, май және басқа да мал өнімдерін айырбастап, әрі сатып алды. Жергілікті тоқымашылар тоқыған қазақ шекпені орыс көпестерінен үлкен сұраныс тудырды. Ешкінің салалы түбіттері де өтімді тауарға айналып, одан атақты Орынбор шәлісі тоқылды. Қазақтардың сұранысында Ресейлік балта, пышақ, қазан, темір ошақ, ағаштан жасалған ыдыс-аяқ, шай мен қант, кенеп, былғары, мақта-мата және металл бұйымдары, ине-жіп, айна, әшекейлік бұйымдар тәрізді заттар болды. Қазақстанға әкелінетін тауар мен шығарылатын тауар көлемі алғашқы кезеңде шамалас болғанымен қазақ тауарларының аздаған артықшылығы болған.
Қала мен селоның арасындағы экономикалық байланыс сауда арқылы әсіресе, жәрмеңке саудасы арқылы орнады. Қазақ даласындағы жәрмеңке саудасының рөлі туралы Дала генерал-губернаторы 1883 жылғы патшаға берген есебінде былай деп жазады: Жалпы алғанда географиялық орналасуы жағынан біздің Орта Азиямен сауда жолымызда жатқан, мемлекеттің құрамына кіретін Дала генерал-губернаторлығы өте кең өлкені алып жатыр, Даланың көшпенді тұрғындары сауда керуендерін жүк тасымалдайтын көліктерімен қамтамасыз етіп сауданың өрістеуіне жағдай жасайды, өздерінің қойларын, жылқыларын, ірі қараларын сату арқылы мемлекеттің азық-түлік қорын молайтуда. Ал мал шаруашылығының өнімдеріне Европалық Ресейдің шығыс губернияларынан, Сібірдің жақын маңдағы аймақтарынан зауыт өнеркәсібінің тауарларын айырбастап алады. Бір жарым миллиондай көшпелі тұрғындар Ресейдің ауыл шаруашылығы, қолөнер және мануфактуралық өнеркәсіптік өнімдерін өткізетін орасан зор тұтыну рыногы болып табылады. Жәрмеңке саудасы таза мал шаруашылығы дамыған қазақ даласы үшін басты маңызы бар сауданың түрі болды. Өйткені көшпелі қазақ ауылының тұрғындары үшін өте ыңғайлы болды. Олар мал мен мал шаруашылығының өнімдерін өздеріне аса қажетті галантериялық, мануфактуралық, темір және басқа бұйымдарға айырбастап ала алды. Алысқа бармай, жақын маңда ашылған жәрмеңкелерден бар қажетті бұйымдарын табуға тырысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің қазақтармен саудасының басым көпшілігі тепе-тең баламасыз айырбас түрінде жүрді. Барлық нәрсенің бірдей баламалы эквиваленті қой (ісек) болды. Ресей көпестері түкке тұрмайтын арзан өнеркәсіп бұйымдарын бағалы мал өнімдері мен шикізаттарға айырбас жасап, шаш-етектен пайда тапты. Мәселен, Ірбіт жәрмеңкесінде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.
Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсімқорлық операциялары да кеңінен етек алды. Онымен көпестер де, қазақтар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнімдерін малмен төленетін етіп берді, оның пайыздық өсімін де мал басымен алып отырды.

1835 жылы Қазақстанға әкелінетін астық пен егіншілік құрал-саймандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бірқатар шаралар Ресей көпестерінің Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түсті. XIX ғасырдың екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды. Сауда-саттық айырбас және ақшамен балама түрінде де жүргізілді.
Жүк бұрынғысынша арбамен және түйемен тасылды. Әр түйеге 16 пүт жүк артуға болатын еді. Қазақ даласындағы сауда-саттыққа деген ынта-жігерді қолдау үшін түйе басына ешқандай салық салынған жоқ.
Қазақ саудагерлерінің едәуір бөлігінің сауда айналымынан табатын табысы мардымды бола қоймады. Сондықтан да олар саудаға онша қызыға қойған жоқ. 1897 жылы, Ресейде өткізілген Жалпыға бірдей халық санағының деректері бойынша, Қазақстан аумағында сауда-саттықпен айналысатын адамдардың саны 40 мыңға жуық болса, соның ішінде қазақтардың саны небары 4,6 мың немесе 11 пайыздан сәл-ақ алатын еді.

Жәрмеңкелік сауда мал өсірушілер мен отырықшы диқандардың екі арасында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрі мал сатушы қазақтарға өте-мөте тиімді болды. Олар жәрмеңкеде өздерінің малдары мен мал өнімдерін көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелік сауданың кеңінен өріс алуына бірқатар себептер болды. Біріншіден, Қазақстанның негізгі халқы көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуы және егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтан азық-түлік өнімдерін молынан сатып алуы өте қолайлы болды. Екіншіден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесі нашар дамыған еді.
1900 жылы қазақ өлкесінде 104 жәрмеңке бар еді. Олардағы сауданың жылдық айналымы 32,7 миллион сомға дейін жетті.
Жәрмеңкелік сауданың дамуы, сатылатын малдың құрамы да өзгеріске ұшырады. Орыс көпестері бұрын көбіне жылқыға құмар еді, енді мүйізді ірі қара-сиыр малына деген сұранысын күшейтті. Ресей қалаларының сиыр етіне деген қажеттігі арта түсті. Мұның өзі сиыр түлігін көптеп өсіруге алып келді. Сиыр малын өсіретін негізгі аймақтар Семей, Торғай, Ақмола және Орал облыстары болды

Жәрмеңкеге тауар мен мал әкелген адамдардың саны жыл сайын өсіп отырған. 1846 жылы 1750 адам келсе, 1847 жылы 2184 адам келген. Әр губерниядан келгендер малдың өздеріне қажетті түлігін сатып алып отырған. Мысалы, ірі қара малды көбіне Владимир және Саратов губерниясының көпестері, жылқыны - Саратов губерниясы саудагерлері, Дон және Жайық казактары, қойды - Пенза мен Тамбов, түйені - Орынбор губерниясының көпестері сатып алған. Сонымен бірге жәрмеңкеге қазақтар қойдың жүні мен терісін көптеп әкелген, оларға да сұраным көп болғанын көп болғанын көреміз. Теріні Мәскеу мен Симбирск көпестері сатып алса, жүн мен ешкі түбітін Тамбов көпестері алған.

Дүкендер және әдетте тұрақты сауда желілері дамымағанға дейін, жәрмеңкелер елдің негізгі сауда алаңдары болды. Тауарлардың көпшілігінде ауылшаруашылық өнімдері болғандықтан, ассортимент белгілі маусымдық сипатта болды, жәрмеңкелер жылдың белгілі айларында өткізілді.
Жалпы Ресей империясында ХХ ғасырдың басында 18 452 жәрмеңке болды. Бір қызығы, тауар айналымы бойынша ең үлкен сауда жәрмеңкелері Ресей империясының еуропалық бөлігінде емес, Еділ бойында, Оралда, Сібірде және Қазақстанда болды.
Жәрмеңкеде қазақтар сататын негізгі тауарлар мал (қой, жылқы, түйе, сиыр), жүн, былғары, терісі (қасқыр, түлкі т.б.) болды. Олар мата, шай, жарма, астық, ұн, қант, ағаштан жасалған бұйымдар, ыдыс-аяқтың барлық түрлерін, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сатып алатын. Сондай-ақ, бұл жәрмеңкелерде Орталық Азия мен Ираннан келетін тауарлар сатылды - мақта мен жібек маталар, құрғақ жемістер, кілемдер, ыдыс-аяқ, алтын, күміс, бағалы және жартылай бағалы тастар және т.б.

Қазақстанда сауда қатынасы үш түрлі жолмен жүргізілді: 1) тұрақты сауда - қалалар мен үлкен елді мекендер мен селолардағы дүкен, дүнгіршек, сауда үйлерінде жүргізілді; 2) қазақ ауылдарын аралап жүріп жасайтын айырбас сауда. Сауданың бұл түрімен көбінесе өсімқорлар айналысты; 3) маусымдық сауда - жәрмеңкелерде жүретін сауданың түрі. Қазақтар үшін де, сырттан келген саудагерлер үшін де жәрмеңкелердің маңызы ерекше болды. Өйткені, қазақ даласында өңдеу өнеркәсібінің нашар дамуына байланысты қазақтар өздеріне қажетті фабрика, зауыт өнеркәсібінің өнімдерін айырбас сауда арқылы таба алса, бұлармен сауда қатынасына түскен орыс, татарлар көшпелілерге өз заттарын өткізу арқылы кәсіпорындарына қажетті шикізаттарын тауып отырды. Жәрмеңкелер саудаға түсетін заттардың сипатына қарай көктемде, жазда, қыста, күзде өткізіліп тұрды. Тауар айналымының қуаттылығы жағынан жазғы жәрмеңкелер бірінші орында тұрды.

Жәрмеңкелерге әкелетін тауар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, ұн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілген. Ал орта Азия саудагерлері әртүрлі шапан, кілемдер, жібек және мақта-мата кездемелерін, ер-тұрман әбзелдерін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сататын. Қазақ өлкесінде жәрмеңкенің өтуі халқымыз үшін пайдасы да зор болды. Көбіне бабаларымыздан келе жатқан көшпелі өмір салтын ұстанған халқымыз үшін жәрмеңкелер айырбас саудасын жүргізу үшін тиімді. Өйткені көшпелі өмір салтын ұстанған халқымызда мал өнімдері көп болды. Қазақтардың ірі жәрмеңкелердегі негізгі сауда-саттық түрі жылқы, ірі қара, қой, ешкі сияқты малдарды сату болған. Төрт-түлік малды әр түрлі елден келген көпестерге қалаған заттық бұйымына айырбастай алды. 1855-1862 жылдары қазақтардың мал санының азайып кетуіне қарамастан 1869 жылы Қоянды жәрмеңкесінде саудаға түскен мал басы жарты миллионнан асып түскен. Оңтүстік өңірді мекендеген отырықшы халқымыз егін шаруашылығы өнімдерін жәрмеңкелерге ұсынды. Сондай-ақ қазақ даласында жәрмеңке саудасы арқылы жол қатынастары реттелді. Алайда ақ шом сауда жүйесінің бұзылуы да осы кезге жатады.
Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты, Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді, Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.
XIX -XX ғасырлар шебінде жәрмеңкелердің маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептері болды. Біріншіден, қазақтар барлық жерде бірдей жаппай ауыл шаруашылығына (отырықшылыққа) көше бастады. Екіншіден, уездік және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңінен етек алды. Сауданың бұл түрі қалаларда барынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнімдердің тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажетті бұйымдарын қазақтар мен қоныс аударушы шаруа, қазақтар емін-еркін сатып алатын еді.
Қалаларда кең көлемді сауда жасайтын дүкендер мен дүңгіршіктер ашылды. Олардың жылдық сауда айналымының мөлшері де өсе түсті. Мәселен, ірі қалалардың бір жылдық сауда айналымы Петропавлда 4 миллион, Омбыда 3,5 миллион, Семейде 1,5 миллион, Қостанайда 0,9 миллион сомға дейін жетті. Қалаларда тұрақты жүргізілетін сауданың күшейе түсуі ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегі сауданың жағдайын әлдеқайда әлсіретіп жіберді. Қазақ өлкесінде тауарлы-ақша қатынастары дами түсті.
Ірі сауда Петропавл, Омбы, Орал, Семей, Кустанай сияқты қалаларда жүзеге асырылды. Қалаларда стационарлық сауданың күшеюі саяхат пен жәрмеңкені әлсіретті. Айтарлықтай кеңею аймақтағы тауар-ақша қатынастарының дамуы болды.Дүкенге келушілер - азаматтар да, ауданда орналасқан ауылдардың қазақтары да. Ақмолада бұл суретті П. Голованов қалай сипаттаған: ... бір қарағанда, бұл қалада қырғыздар мен шетелдіктер басым болып көрінеді ... қырғыздар базар алаңында, дүкендер мен дүкендерді толтырып жатыр ... көптеген қырғыздар дала өнімдерін сату үшін қымызы бар қала. Барлық дүкендер мен дүкендер оларға толы ... .

1.2 Жәрмеңкелер тарихы мен сипаты

Қазақ өлкесіндегі алғашқы жәрмеңке ошақтары Бөкей ордасы, Ақмола, Семей жерлерінде ашылды. Жәрмеңкелердің ашылуы барысында ел аралап сауда сату үлкен жобаға айналды. Сауда айналымының көлемі ұлғайып, қазақ жеріне Ресей, Қытай, Моңғолия, Орта Азия мемлекеттерінен көпестер мен саудагерлер келе бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның әр түкпірінде маңызды жәрмеңке орталықтары ашылды. Солардың қатарында Қоянды (Қарқаралы уезі), Қарқара (Верный уезі), Шар (Семей уезі), Ойыл (Ақтөбе), Константинов-Еленов (Ақмола уезі), Тайыншакөл (Павлодар) жәрмеңкелері болды.

1848 жылы Қарқаралы станицасынан 52 шақырым қашықтықтағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды. Алғашында оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана еді. Кейіннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кетті. Жәрмеңке ұзындығы 11 шақырым, ені 5 шақырым алып жатты. Талды өзенінің бойында орналасуының басты себебі, сатуға әкелінген малды уақытша жаюға жері құнарлы суы мол, шөбі шүйгін. Осы орайда, жәрмеңке комитеті сату малын жаюға 55 шақырым жер бөлген.

Жәрмеңке қазақ даласының алғашқы сауда элитасын қалыптастырған. Жәрмеңкенің алғашқы саудасы қазақи киіз үйлерде жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары салына бастайды. Жәрмеңкедегі негізгі сауда -- төрт түлік мал, оның ішінде қой саудасы негізгі роль атқарған. Сонымен қатар, жергілікті мал және мал өнімдеріне батыс Қытай, Моңғолия, Үндістан, Батыс Сібір, орталық Ресей саудагерлері өз жерінен қолданыстағы сауда бұйымдарын айырбасқа салған. Бұл Қоянды жәрмеңкесінің халықаралық маңызының зор болғандығын куәландыра алады. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкені ашылды. Қоянды пошта бекетінің ғимараты да, пошта-телеграф бөлімшесінің үйі де, мұсылмандардың намаз оқитын ғибадатханасы да осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегіл, көл-көсір етіп жеткізіп тұрды. Қымыз үлкен ыдыста - бес биенің сабасында сақталынды. Ресейдің қаржы министрлігі Қоянды жәрмеңкесінде Мемлекеттік банк бөлімшесінің ғимаратын салдырды. Сауда қатарларының аяқ жағында шенеуніктер орынын деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемлекеттік банк бөлімшесін, пошта-телеграф кеңсесі салынды. Қарқаралы уезі бастығына, бітістіруші судьяға, мал дәрігерлерімен адам дәрігерлеріне, сондай-ақ полицияға орын берілді.
Жәрмеңке тек сауда-саттық ісінде ғана емес, көршілес елдермен тұрақты экономикалық байланыс жасауда, халықтың өнері мен мәдениетін дамытуда аса маңызды орын алды. Оларды қалың қазақ қауымының бас қосатын, халық өнерін насихаттаудың орталығы болды. Арқа өңірінің небір тарландары жиылып, өнер сайысын ұйымдастырып, жәрмеңкені қыздыра түскен. Жалғыз өзіміздің жерден ғана емес әншілер, палуандар, цирк әртістері Қытай, Ресей, Жапониядан да келген.
1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды бекітеді. Қоянды жәрмеңкесі жылдан жылға күшейе түседі. 1872 жылы Қояндыда жоспарсыз, жобасыз сауда орындарын көптеп салу қолға алынды. 1876 жылы он алты дүкен, 120 киіз үй болған. 1883 жылы бұлардың саны тиісінше 110-ға және 250-ге, ал 1890 жылы 247-ге және 1000-ға жеткен. 1889 жылы телеграф тартылып, 1894 жылы банк бөлімшесі ашылды. 1900 жылы 30 дүкен, 276 балаған, 707 киіз үй болады.

1855 -- 1862 жж. қазақтардың мал санының азайып кетуіне қарамастан 1869 жылы Қоянды жәрмеңкесінде саудаға түскен мал басы жарты миллионнан асып түскен.

Қарқара жәрмеңкесі ресми ашылғанға дейін Жетісу өңіріндегі шұрайлы атырап - Қарқара малды, қалың ел дауылдаған жайлау болғандықтан қазақ ортасында пайда іздеген саудагерлердің жыл сайын базар ұйымдастыратын жері еді. Уақыт өткен сайын бұл базарға алыс қалалардан келген көпестер тауарламен байытып, оның атын әр тарапқа таныта бастайды. Осыны ескере келе Жаркент уезінің басшылары Қарқара өзеніндегі сауда-саттықты заңдастыру мақсатымен жоғарғы орындардан рұқсат сұрайды. Оны мына хаттан байқаймыз: Дала генерал-губернаторы мырзаға! 15-ші мамырдан 15-ші тамызға дейін Жаркент уезіне қарасты Қарқара өзенінде жыл сайын жабағы жүн, мал және басқа да тоқыма өнімдерін сатуға және алуға Верный, Ферғана, Жаркент және басқа да жерлерден қазақтар жиналып 200-ге дейін үй тігіліп, үлкен және ұзаққа созылған сауда қыза түседі. Жәрмеңке ресми түрде 1893 жылы 29 науырызда ашылып, жұмыс жасау мезгілі 15 мамыр мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
ҚАЗАҚСТАНДА ҚАЛАЛЫҚ, ОТЫРЫҚШЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫ
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
ХІХ ғасырдағы қазақтардың шаруашылығындағы өзгерістер
Сауданың сипаты
Орта Азиямен керуен саудасы
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
VІ-ХІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЛАЛАР МЕН ҚОНЫСТАР. ХIV-ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА ҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ӨСУІ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
ХІХ ғ. және ХХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы жаңа сословиелік құрылымның қалыптасуы
Пәндер