Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді
МДДББжӘП кафедрасының меңгерушісі
______________ п.ғ.д., профессор Қыяқбаева Ұ.Қ(қолы)

____, ___ ______ 2020ж.

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту

6М010101 - Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Орындаған: Абдусаттарова.Б.А

Ғылыми жетекші: Тасжүрекова Ж.Т.
п.ғ.к., доцент

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Дене тәрбиесын дамытуда мектепке дейінгі жастағы балаларды қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы тәрбиелеудың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Мектепке дейінгі 4-5жастағы балалардың анатомо-физиологиялық дамуының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1.3 Мектепке дейінгі 4-5жастағы балалардың дене тәрбиесінің қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

2. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ТҮРЛЕРІНДЕГІ ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӘЖРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінде қимыл қозғалыс ойындарды қолданудың тәжірибелік әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.2 Тәжірибелік-эксперименталды жұмыстың мазмұны мен барысы ... ... .44
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... .66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып, бүкіл дүниежүзілік саяси аренадағы орны айқындалып жатқан сәтте, қазақстандық әр жеке адамның әлуметтік дамуы мен ұлттық санасының өсуіне, денсаулығын сақтау мәселесіне терең ден қойылуда.
Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бағыт-бағдар беретін негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конституциясы[1], Білім беру туралы Заңы[2], Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы[3], Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті [4], Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары[5], Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын білім беру бағдарламасы[6] .
2016 жылдың 12 тамызында қабылданған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес білім, білік, дағды, жалпыұлттық идеяға негізделген жалпы адамзаттық құндылықтар, ерік-жігер, физикалық және зияткерлік қасиеттер мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сай бойларында болу қажет құзіреттіліктер болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, мәдени және эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру.
Бағдарламада Денсаулық білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
Мақсаты денсаулықты сақтау технологиясын қолдана отырып, балалардың толыққанды денесін жəне психикасын дамытатын, ағзаны шынықтыратын, негізгі қимылдарды дамытатын жағдайлармен қамтамасыз ету болып табылады Міндеттері: балалардың өмірін қорғауға жəне денсаулықты нығайтуға жағдай жасау; жүру, жүгіру, өрмелеу, лақтыру, секіру, тепе-теңдікті жетілдіруге мүмкіндік беретін негізгі қимыл түрлерін дамыту жəне үйлестіру; денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мəдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру; дербестікке, дене жаттығуларын орындауға ынтасын тəрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Мектепке дейінгі ұйымдар отбасымен қатар бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтап, нығайтуды жүзеге асырады, - делінген.
Қоғамдағы Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің және мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытуды талап етілуде.. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларадың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленіп жүрген кезінде олардың денсаулығын шынықтыру, ойлау белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту,білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындап отыр. [7]
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру - Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп көрсетілген .
Ал, мектепке дейінгі кезең - бала организмінің өте қарқынды дамитын, қалыптасқан маңызды кезеңі. Осы кезеңде организмнің бүкіл жүйелері мен мүшелері, дене және жүйелік-психикалық дамуы қалыптасады, жетіле түседі. Осыларды ескере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса назар аударылуда. Болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Cалауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің құрылымы мен байланыстары жасалып, материалдық-техникалық ресурстары қамтамасыз етілді; құқықтық-нормативтік базасы жасалды; гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологиялар енгізілді; денсаулық сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін салауатты өмір салтын қалыптастыратын мамандар даярлау қолға алынды; салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі ретінде Салауатты өмір салты атты кешенді бағдарлама жасалды. [8].
Ендеше, қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат пен дені сау бала тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақша мен барша халықтың міндеті.
П.Ф.Лесгафттың іс қимыл ойындарының теориясы мен әдістемесін құруы. Орыстың тамаша педагогы П.Ф.Лесгафт Ресейде дене тәрбиесінің ерекше жүйесін жасады. Әрбір ойын дейді Лесгафт белгілі бір мақсатты көздеуі керек, ал ойынның түрі осы мақсатқа жауап бергені жөн. [9].
Дене тәрбиесін дұрыс жүргізу үшін ағзаның дамуына әсер ететін жағдайдың бәрін пайдалану қажет,- деп И.П.Павлов адам ағзасының біртұтастығын, дене мүшелерінің бәрі де бір - бірімен және сыртқы ортамен байланысты екенін танытты[10].
Дене тәрбиесі теориясы қоғамдық, жаратылыс және педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстандық дене тәрбиесі теориясының идеологиялық негізгі ұлттық-халықтық педагогика мен интернационалдық тәрбие практикасының озық үлгілеріне сүйенеді. Дене тәрбиесі осы жалпы адамзаттық тәрбиенің ажырамас бөлшегі болып табылады. Демократиялық қоғамның негізін салушылар адам тәрбиесі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, ал ол өз кезегінде адамдардың санасы мен білім деңгейіне, мәдениетіне, бір ауыз сөзбен айтқанда, алған тәрбиесіне тәуелді екенін дәлелдеп берген болатын. Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, тәрбие беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап өтуге болады:
-Мектепке дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін қалыптастырудың тұлғалық негізділігін психологтар Л.С.Рубинштейн, Л.И.Божович, Л.А.Венгер, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец, Д.Б.Эльконин, Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Х.Шерьязданова және т.б., мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық, танымдық және эмоциялық-еріктік сипаттамаларында белсенділікті А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова т.б., танымдық әрекет, жеке тұлғалық даму, белсенділікті арттыру Ш.А.Амонашвили, Т.И.Шамова, Ә.М.Мұханбетжанова т.б., мектепке дейінгі тәрбие мәселелері жөнінде ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеулер Б.Б.Баймұратова, А.Меңжанова, М.С.Сәтімбекова, М.Т.Тұрыскелдина, Ә.Әмірова, А.Е.Манкеш, Қ.Меңдаяқова, Ф.Н.Жұмабекова, Ж.С.Хасанова, Ж.Рысбекова, А.Т.Искакова, А.Х.Казетова т.б., мектепке дейінгі білім беру теориясы және әдістемесі Ұ.Т.Төленова, Н.С.Сайлауова, Г.З.Таубаева, К.М.Метербаева т.б. еңбектерінде зерттелінген.
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің аспектілері (Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова, Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова, А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева)
- мектеп жасына дейінгілердің дене дамуы (Е.Ф.Вертякова, Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева) [11];
-Қазақстанда денсаулық сақтау технологиясы мәселесі салауатты өмір салтының түрлі аспектілері бойынша балалардың денсаулығын сақтау теориясы мен тәжірибесіне елеулі үлес қосқан Г.Д.Әлімжанованың, Р.Р. Амангелдиевтың, З.К.Дунаеваның, С.А. Жампеисованың еңбектерінде ашып көрсетілген [12].
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова, Ұ.Т.Төленова).
Көптеген зерттеулердің әдіснамалық бағдарына профессор М.Т.Тұрыскелдина Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі тұжырымдамасы алынды.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарды талдау барысы балалардың дене тәрбиесін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі мекеме жұмысының мазмұнында дене тәрбиесі элементтердің өз мүмкіндігіне сай қолданылмайтынын көрсетті. Аталған зерттеуші ғалымдардың еңбектері мен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының нәтижелерін қарастыра келе, мектеп жасына дейінгі балалардың Мектепке дейінгі жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту мәселесінің ғылыми теориялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналмағандығы, сонымен қатар бүгінгі таңда жалпы дене тәрбиесіге деген бірыңғай көзқарастың толық қалыптаспағандығын ғылыми жұмыстар мен заңнамалық құжаттарға талдау жасау барысы көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда төмендегідей бірнеше қарама-қайшылықтар туындады:
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында көрсетілген жас ерекшелігіне сай күтілетін нәтижелер мен дене жаттығуларын орындауға ынтасы бала бойында жеткілікті деңгейде болмауы; ;
- Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке дейінгі мекеменің балалардың дене тәрбиесі қалыптастыру жүйесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың дене тәрбиесі қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің арасында бірнеше қарама-қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешімін табу мақсатында дене тәрбиесі мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыру жолдарын анықтау біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты:
-Балалардың дене тәрбиесі бойынша дағдыларын, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы дамытудың мазмұны мен әдістемесін теориялық жағынан айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудің маңызын талдау;
- Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың рөлін нақтылау;
- 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың құрылымдық-мазмұндық модельн құру;
- 4-5 жастағы балалардың балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі ұйымдардағы 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамыту үдерісі.
Зеттеудің пәні: 4-5 жастағы балалардың дене тәрбиесін қимылды ойындар арқылы дамыту.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: дене тәрбиесі, физиология, психология, дене тәрбиесінің педагогикасындағы алдынғы қатарлы мамандардың еңбектері болып келеді: К.. Адамбеков, Ә.Ж.Тастанов, Т. М. Тұрыскелдина, Х.Ф. Анарқұлов, Б.И. Иманбеков еңбектеріне ерекше көңіл бөлдік. Шұғылданушылармен дене шынықтыру қуралдарын қолдануда пайдаландық
Зерттеу әдістері: теориялық - анализ, синтез, жобалау, модельдеу, педагогикалық- бақылау, сауалнама өткізу
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: диссертациядағы теориялық тұжырымдар, зерттеу нәтижелері мен қорытындылары осы мәселе бойынша болашақта жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз бола алады; жұмыстың материалдары мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім Туралы Заңы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу-дің стандарты, Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік бағдарламасы, зерттеу мәселесі бойынша философтардың, психологтар мен педагогтардың ғылыми еңбектері.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Әуезов ауданына қарасты МКҚК № 46 бөбекжай-бақшасы.
Зерттеу кезеңдері: ғылыми зерттеу жұмысы бір-бірімен өзара байланысты екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде (2018-2019 жж.) зерттеу мәселесінің тақырыбы нақтыланып, ғылыми аппараты мен теориялық негізі анықталды. Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер және мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларға, отандық, жақын және алыс шет елдік ғылыми зерттеулерге талдау жасалынды. Ғылыми мақалалар дайындалып, басылым бетіне шықты. Орта жастағы балалардың қимыл-қозғалыс ойындар көмегімен дене тәрбиесін дамытудың теориялық негіздері айқындалып, қимыл-қозғалыс ойындар жөнінде мәліметтер жинақталып, талданды. Ортанғы жастағы балалардың дене тәрбиесін қимыл-қозғалыс ойындары арқылы дамытудың модель құрылып, өлшемдері мен деңгейлері анықталды.
Екінші кезеңде (2019-2020 жж.) Орта жастағы балалардың қимыл-қозғалыс ойындарының көмегімен дамуының деңгейі анықталып, педагогикалық эксперимент жұмыстарының мақсат-міндеттері, мазмұны айқындалып, эксперименттік жұмыс жүргізілді. Эксперименттік жұмыс барысында алынған барлық мәліметтердің нәтижелері қорытындыланды. Зерттеу нәтижелері талқыланып, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер мен озат практика негізінде дамиды. Біздің елімізде жаңа педагогиканың - жас ұрпаққа жан - жақты тәрбие берудің ірге тасын қалады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға жан - жақты тәрбие беру жайындағы теорияның дамуына Н.К.Крупская баға жетпес үлес қосты. Н.К.Крупская алғашқы жылдарынан бастап қоғам міндеттерін ескере отырып, тәрбиенің жаңа теориясын жасау қажеттігін меңзеді. Ол баланы дамыту, тәрбиелеу және білім беру мәселелеріне педагогика, психология мен физиология саласындағы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, нағыз ғылыми тұрғыдан қараудың міндет екніне назар аударды. Н.К.Крупская тәрбиелеу және білім беру методикасын жасау кезінде баланың жас шамалық ерекшеліктерінің ескерілуі қажеттілігін атап көрсетті[13]..
Н.К.Крупская баланың дене тәрбиесіне үлкен мән берді. Ол шымыр да шыныққан жас ұрпақ тәрбиелеу міндетіне байланысты физкультураны айрықша маңызды деп санады. Дене жаттықтырудың бала организіміне пайдалы әсерлерін атап отырып, Надежда Константиновна организмді тек шынықтыра нығайтып қана қоймай тәрбие беру мақсатында да пайдалануға болатын ойындарды бөліп көрсетті. Ол ойынның ұжымдық нығайтудағы өзін-өзі ұстай білуге, ұйымдаса әрекет етуге, мінез қалыптастыруға тәрбиелеудегі маңызды ролін атап айтты. Н.К.Крупскаяның мектеп жасына децінгі балалардың дене тәрбиесі туралы айтқандардың жаңа қоғамдық-саяси құрылыс жағдайындағы дене тәрбиесі теориясы дамуының жаңа кезеңін айқындап береді. Дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры орыстың көп ғасырлық халықтық педагогикасынына тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасына әсерімен қалыптасты.
ХVII ғасырдың екінші жартысында-ақ сол кездің аса білімді адамдарының бірі - Епифаний Славинецкий балалардың дене тәрбиесі жөнінде озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол Бала әдеттерінің азаматтылығы деп аталатын тамаша кітап жасап шыққан. Бұл кітапта балалар ойынның ерекше тарау арналады және тәрбиелік-білім берудегі үлкен мәні көрсетіледі[14].
Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И.И.Бецкой, Н.И Новиков, А.Н.Радищев дене дамуын ақыл-ой және еңбек тәрбиесімен тығыз бай- Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудің маңызын талдау;
- Мектепке дейінгі 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың рөлін нақтылау;
- 4-5 жастағы балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың құрылымдық-мазмұндық модельн құру;
- 4-5 жастағы балалардың балаларды қимылды ойындар арқылы дене тәрбиесін дамытудың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.
ланыста қарастырған [15]. Орыстың революцияшыл демократтары А.И. Герцен, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов, Д. И. Писаревтің айтқан пікірлерінің дене тәрбиесі мәселелерінің талдап жасау үшін үлкен мәні болды. Олар дене тәрбиесінің жан-жақты тәрбие берудің бір бөлігі екенін анықтай отырып, оның ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен байланысын көрсетті. Олар дене тәрбиесінің мақсаты - жүйелі жаттығу, ойнау, серуендеу және организмді шынықтыру жолымен баланың дене күшін дамыту мен денсаулығын нығайту деп біледі. Мұның өзінде олар маңызды рольді еңбек пен демалыстың алмасып келуінен, ұйқының, тамақтанудың нормаландырылуынан көрінетін режимге бере отырып, мұны сергек рухты, адамның жарқын болашақ күресіне қабілетті болуы үшін қажетті дұрыс негіз деп санады[16].
Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға балалардың таза ауада жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысқа мерзімді қимыл-қозғалыс орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды. К.Д. Ушинский орыстың халықтық ойындарын қуатты Құрал санай отырып, оларды кеңінен пайдалануды ұсынды және педагогтарды осы ойындарды балалар үшін жинастыруға шақырды. К. Д. Ушинский педагогтарға жоғары талап қоя отырып, балаға жетекшілік етуге үлкен қателіктер жібермеу үшін олар анатомия, физиология, психология, педагогика сияқты ғылымдарды білуге міндетті деп санады[17].
Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың, дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің отандық теориясын жасауға алғы шарт болды. Мәскеуде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П.Ф.Лесгафт болып табылды. Аса ірі ғалым-педагог, медицина және хирургия докторы П.Ф.Лесгафт өз заманының озық ойлы адамдарының қатарында болды. П.Ф.Лесгафт ғылыми-материалисттік көзқарастары оның педагогикалық жүйесінің ірге тасы болып қаланды, онда дене шынықтыру білімі теориясы басты орын алған. П.Ф. Лесгафт балаларға арналған дене жаттығуларының біртұтас жүйесін жасады, оны автор дене тәрбиесімен өзара байланысты қарастырады (дене жаттығуларының гимнастикалық және сауықтырушылық маңызы). П.Ф.Лесгафт дене жаттығуларын іріктеуге балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жаттығуларды бірте - бірте күрделендіруді және түрлендіруді негіз етіп алған. Ол белгілі бір жаттығулар жүйесінің адам организмін жан-жақты дамуға және дұрыс қызмет етуге алып келуіне, оның дене күшінің бірте - бірте жаттығуына жәрдемдесуіне ұмтылды. Дененің дамуын П.Ф.Лесгафт ақыл - ой, адамгершілік және эстетикалық дамумен, еңбек іс -әрекетімен өзара байланыста ғана мойындалады. Лесгафт дене жаттығуларын орындау процесін рухани және жетілуімен тұтаса бір уақытта жүретін процесс ретінде қарастырған. Лесгафт мұғалімнен сабақтарға жүйелі әзірленуді талап етті. Үйрету процесінде мұғалім денеге түсетін ауыртпалықты бірте-бірте арттыруды, жаттығуларды ауыстыруды және түрлендіруді алдын ала қарастыруға тиіс. П.Ф.Лесгафт қимыл-қозғалыс ойындары теориясы мен әдістемесін жасады. Ол қимыл-қозғалыс ойынын бала соның көмегімен өмірге әзірленетін жаттығу ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға, әдеттерге ие болады, онда мінез қалыптаса бастайды. Ойындағы ережелердің заң ретінде маңызы бар, балалардың оған деген көзқарасы саналы және жауапты болуы тиіс. Оны орындау баршаның міндеті, сондықтанда оның үлкен тәрбиелік күші бар. Ойындар моральдік қасиеттері - тәртіпті, адалдық, шындықты, ұстамдықты дамытады. П.Ф.Лесгафт ойынды жеке адамды тәрбиелеудің аса маңызды құралы ретінде қарастырады. П.Ф.Лесгафт теориясы балалардың дене тәрбиесі туралы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік іргетас болып табы лды. П.Ф.Лесгафттың шәкірті дәрігер-педиятр және гигиенист, профессор В.ВГориневский өзінің дәрігерлік-педагогикалық қызметінде және баспа еңбектерінде П.Ф.Лесгафт дене тәрбиесі туралы ілімін тереңдете түсті.
В.В.Гориневскийдің қызметі 80-90 жылдарды қамтыды. Ол ғылыми зерттеулер базасында дене тәрбиесі, дене жаттығулары гигиенасы, организмді шынықтыру, емдік дене тәрбиесі мәселелерін талдап жасады[18]. В.В.Гориневский дене жаттығулары мен спортпен айналысуды жүзеге асыруға дәрігерлік және педагогикалық бақылау жасаудың негізін салушы болып табылды. Ол Лесгафттың жаттығулары іріктеу принципіне сүйене отырып, дене дамуының әр жас шамалық кезеңіндегі өзіндік ерекшеліктерін эксперименттік жолмен анықтады. Оның Бегілі бір жас шамасына сәйкес дене жаттығулары атты кестесі кеңінен тарады. Дене тәрбиесі, гигиена және балаларды шынықтыру мәселелері жөніндегі көптеген ғылыми еңбектердің арасынан Мектеп жасына дейінгілер дене тәрбиесі деген кітап көпшілікке айрықша белгілі болды. П.Ф.Лескафттың және В.В.Гориневскийдің идеяларын профессор, Педагогика ғылымдары академиясының толық мүшесі, педагогика ғылымдарының доктоы, дәрігер-гигиенист Е.А.Аркин жалғастырды.
Е.А.Аркин Халық ағарту комиссариатының мектепке дейінгі бөлімінің Мәскеу халық ағарту бөлімінің тұрақты дайындаушысы болды, балабақшалар дәрігерлерін біріктірді, тәрбиешілермен үнемі байланыста болды, оларды өзінің зерттеулеріне қатыстырды. Е.А,Аркин оларды жоғарғы жүйке қызметінің балалар тіршілігі режимінің және оны ұйымдастырудың заңдылықтары туралы И.М.Сеченев пен И.П.Павлов ілімінің негізі қағидаларымен түсінікті де тартымды түрде таныстырды,балабақша мен отбасының бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын негіздеп берді. Оның мектепке дейінгі педагогика, анатомия, физиология және гигиена мәселелері жөніндегі еңбектері арасынан осы күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған Мектепке дейінгі жас! Атты кітап ерекше ілтипатқа ие болды[19].
Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі саласында дәрігер және педагог Е.Г.Леви-Гориневскаяның үлкен рөлі бар. өз жолбасшыларының бағытын ұстана отырып, ол дене тәрбиесі теориясы мен практикасын дамытуға үлкен үлес қосты. Оның жариялаған еңбектерінен А.И.Быковамен бірлесіп жазған Бала организмін шынықтыру атты кітабы, сондай-ақ оның Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл-қозғалыстарын дамыту атты соңғы еңбегі көпшілікке мейлінше кең тараған.
А.И.Быкова мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс мәселесін қорытып талдай отырып, балаларды қимыл-қозғалысқа уйрету процесін, оның мәнін, мазмұнын, ұйымдастыру мен әдістерін негіздеді және ашып көрсетті. Ол үйретудің, оның өзіндік өзгешелігінің тәрбиелік сипатын атап көрсетті, мұны ол ойынмен, балалармен өткізілетін сабақтарда ойын амалдарын кең қолданумен, оларды, эмоциялы өткізумен тығыз байланыста қарады. А.И.Быкова мен Е.Г.ЛЕви-Гориневскаяның бірлесіп жазған еңбегң мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты[20].
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен практикасын дамытуға Н.А.Метловтың, М.М.Конторовичтің, Л.И.Михайлованың, А.И.Быкованың ғылыми-методикалық еңбектері айтарлықтай әсерін тигізді. Басқа авторлармен бірлесе отырып,олар балалардың дене тәрбиесі жөніндегі бағдарламаларды, мектепке дейінгі мекемелер үшін қозғалыс ойындарының жинақтарын жасап шықты.
Сонғы жылдарда балалар дене тәрбиесі саласында едәуір мөлшерде күн режимін ғылыми негіздеуге, сәби жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға, қозғалыс ойындарының және олардың ережелерінің тәрбиелік мәніне, кеңістікті бағдарлауды, шығармашылық белсенділікті, балалардың қозғалыс іс-әрекеттеріндегі дене қасиеттерін, жарыстың тәрбиелік рөлін, негізгі қимыл-қозғалыстар мен спорттық жаттығуларды үйретуге арналған ғылыми зерттеулер жүргізілді.[21].
Зерттеулерден шыққан нәтижелер балалар дене тәрбиесі теория мен практикасының дамуына айтарлықтай әсер етеді және бағдарламада, жасап жатқан оқулықтар мен оқу құралдарынада өз бейнесін табады.
Сонғы он жылдықта дене тәрбиесі процесінде үйретудің мазмұнын, ұйымдастырылуын, әдістерін жетілдіруге Э.И.Адашкявичене, Л.М.Артемова, Е.Н.Вавилова, М.П.Голощекина, А.В.Кенеман, Д.В.Хухлаева және басқаларының зерттеулері арналды. Баланың дұрыс дамып өсуінің, тәрбиеленуінің негізі - күн тәртібі. Күн тәртібі дегеніміз баланың күнделікті қайталанып отыратын іс - әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты, белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін күн тәртібі жас шамасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-ананың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Күн тәртібіне сергіту, ұйықтату, тамақтандыру, серуендету, ойнату, оқыту әр түрлі еңбекті ұйымдастыру жатады. Бұлар тұрақты түрде белгілі уақыт аралығында бір ырғақпен қайталанып келіп отырады, ол бала ағзасындағы өзгерісті табиғат құбылыстарының ауысуын, асқазанның жүректің, ми қызметін жүйеге салып, бір әрекеттен екіншісіне ауысуды оңайлатады. Күн тәртібінің дұрыс орындалуы баланың жүйкесіне және ағзасындағы барлық өсу, даму процесінің дұрыс жүруіне игі әсерін тигізеді. Тұрақты күн тәртібі баланың денсаулығын жақсартады, ал күн тәртібінің бұзылуы баланың денсаулығына, мінез - құлқына кері әсер тигізеді. Бала миының жүйке клеткалары ұзақ қызмет етуді көтермейді. Күн тәртібінің өзгеруі дене қызметінің бұзылуына, дене күшінің әлсіреуіне, шаршауына, шамадан тыс қозуына әкеліп тірейді. Сондықтан күн тәртібінің тұрақты болғаны дұрыс[22].
Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында жас шамасына қарай құралған әрбір топтың күн тәртібі белгіленген, әр кезеңге лайықты іс - әрекеттің түрлері, дене, ақыл - ой күшіне сай сергектігі, таза ауада болуы, демалысы, тамағы, ойыны, қимылы нақты анықталған[23].
Сырқаттану деңгейі тұрақты халықтың орта жылдық санына бірінші рет белгіленген диагнозы бойынша ауырған балалардың санының қатысына қарай анықталады. Халықтың сырқаттануы туралы статистикалық деректерді әзірлеу үшін Аурулар мен денсаулыққа байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктемесі халықаралық аурулардың жіктелімі қолданылады. [24] 1-кесте

1-кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті
(денсаулық сақтау және салауатты өмір салты)


5 жасқа дейінгі балалардың алғашқы ауруы атаулары
2014
2015
2016
2017
2018
1
барлық жағдайлар
1 188,7
1 153,5
1 249,0
1 329,9
1 115,8
2
жұқпалы және паразиттік аурулар
34,8
30,8
28,8
30,3
29,3
3
тыныс алу мүшелерінің аурулары
748
725
781
842,2
692
4
оның ішінде жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы, пневмония, грипп
465,3
438,6
466,9
489,8
399,8
5
ас қорыту органдарының аурулары
57,4
54,6
57,5
59,7
56,0
6
туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар
20,3
23,4
32,3
36,7
34
7
жарақаттар, уланулар және сыртқы себептер әсерінің басқа да салдарлары
13,3
12,3
14,0
15,1
12,5

Денсаулық жағдайы мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалар үшін,
дене дайындығының төмен деңгейде екендігі олардың жартысынан көбі осы саладағы тәсілдерді жаңартуды талап етеді. Бұл ұйымдастырылған физикалық қоғам-және жаттығу процесті іске асыру ретінде мүмкін қазіргі заманғы деректерді есепке алу кезінде-баланың қозғалыс қабілеті төмен. Барлық мектеп жасына дейінгі топтағы балалардың демалысы мен іс - әрекетінің түрлері ортақ, тек жылдан жылға олардың мазмұны күрделеніп, тапсырма көлемі артады, ұйқысы мен сергектігінің ұзақтығы өзгереді.
Күн тәртібін түзгенде мына талаптарды ескерген жөн:
:: Негізінен балалардың жас ерекшеліктерін ескеру. Жасына қарай қимылдарының күрделенуі, жаңа қимылдарды ойындарды енгізу, ойын уақыты ұзартып, үлкендер тарапынан қарым - қатынастың өзгеруі.
:: Жоғары жүйке ерекшеліктерін ескеру (ми клеткаларының жұмысқа қабілеттілігі, ұйқысы мен сергектігі.)
:: Баланың денсаулығы, психикалық даму дәрежесі және қарым - қатынас жасау мүмкіндігін ескеру.
:: Ауа райының жағдайын, жыл мезгілдерін ескеру.
:: Күн тәртібінің тұрақтылығын және ата - аналарының жұмыс істейтін мерзімін ескеру.
Балалардың өсіп, дамуы үшін күн тәртібінің дұрыс жасалуы - бала көңілінің байсалды, сергек, шат - шадыман, мінезінің бірқалыпты болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сондықтан нәрестелік, бөбектік, сәбилік шақтағы балалардың күн тәртібін жасауда жүйке клеткаларының жұмыс істеу қабілетін ескеру (ойнату, сергіту, тамақтандыру, серуендету мерзімін), жүйке қызметін қалпына келтіру үшін ұйықтау мерзімін анықтау, тамақтану уақытын тұрақтандыру, бұл шақта бала жүйкесінің жұмыс істеу қабілеті өзгеріп отырады (жаңа туған бала тәуліктің көп уақытын ұйқымен өткізсе 2 - 3 айлық бала 1,5 сағатқа дейін ұйқысыз жата алады, 1 жасқа 3 - 3,5 сағат бойы сергек күйде болады, 3 жаста 5,5 - 6 сағат, мектеп жасына дейінгі кезеңде 6 - 7 сағатқа дейін ұзарады) [27;28;].
Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін жасауда жүйкенің жұмыс қабілетінің артуын, ұйқы ұзақтығы, тамақтану арасы азайып, уақытын өзгерістерін ескеру керек.
Мектеп жасына дейінгі бала үшін сергек жүру мерзімі 5,5 - 6 сағаттан 6 - 7 сағатқа ұзарады, ол бір тәулікте 12 - 12,5 сағат ұйықтауы қажет, оның 2 - 2,5 сағаттын күндіз ұйықтайды.
Күн тәртібінің жасалу принциптері мыналар:
1.баланың ұйқысын, сергектігін, іс - әрекетін, демалысын дұрыс ұйымдастыру;
2. күнделікті өмірде, түрлі қимыл - әрекетте жұмсалған күшін қалпына келтіру, баланы аса көп шаршаудан сақтандыру;
3. тамақтану мезгілін ас қорыту органдарының және ішкі секреция бездерінің қызметіне сәйкес ұйымдастыру;
4. ойын, серуен, еңбек, оқу тәрізді күнделікті іс - әрекет түрлерін, демалыс кезеңдерінде серуен, ұйқы, бой жазу әрекеттерін дұрыс алмастырып отыру;
5. таза ауада болу мерзімін белгілеу сияқты принциптерге сәйкестендіріліп құрылады.
Сауықтырудың аса тиімділігіне сабақты ашық ауада - дене мәдениет алаңында немесе табиғи жағдайларда өткізген кезде жетуге болады.
Сабаққа арналған бөлме таза және жинақы болуы тиіс. Бала күтуші әрбір сабақ алдында еденді дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.
Қолданылатын құралдар мен ойыншықтар құрылысы, көлемі және салмағы жағынан балалардың жасына, олардың дайындығына сай болуы қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Бөлмеде және жылдың жылы кездерінде учаскеде олар бойларына қарай іріктелініп алынған таза, жақсы үтіктелген майкамен жаттығады. Суық күндері жүннен тоқылған трикотаж немесе жылы костюмдер қолайлы; жеңіл шәркейлер, шарф пен қолғаптар қажетіне қарай киіледі. Киімдер шақ және жеңіл, балалардың қозғалысына оңтайлы болуға тиіс.
Аяқ киімдерден чешки немесе резенке табанды жабады. Жылдың жылы кезінде жай сабақтар суықта далада жылы бәтеңкелер киген қолайлы. Сабақтардың алдында тәрбиеші балалардың киімдері мен сырт көріністерін қарап шығады. Тәрбиешінің өзі де қайтадан киінеді: шалбар немесе сабаққа арналған шолақ шалбар, шаңғымен және коньки тебуге арналған спорттық костюм киеді, күнделікті аяқ киімін арнаулы аяқ киіммен ауыстырады[25].
Дене жаттығуларына үйретудің әдістері мектеп жасына дейінгілерге дене тәрбиесін беру тәжірбиесінде дене жаттығуларын үйретудің мынадай әдістерімен тәсілдері қолданылады: Сөздік (жаттығуларды түсіндіру, көрсету, нұсқау және команда беру, әңгімелеу, әңгімелесу), көрнекілік (көрсету, еліктеу, дыбыстық және көру бағдары, көрнекі құралдарды пайдалану) тәжірбиелік (жаттығу, нақтылы тапсырма, ойын тәсілдері, қолдану және көмек).
Мектеп жасына дейінгілерді дене жаттығуларына үйретуде тәрбиелеу мен үйрету міндеттерін, үйрету кезеңдерін, жас ерекшеліктерін, балалардың даярлығын, олардың эмоционалдық жағдайын ескере отырып, методикалық тәсілдердің барлық түрлерін шебер үйлестіре білгенде ғана елеулі табысқа жетуге болады.
Жаттығуларға үйреткен кезде тәрбиеші оларды балалардың сапалы орындауын қадағалайды. Бұл шеберлік пен дағдылардың дұрыс қалыптасуы қозғалыстың сапалы түрде меңгеруі үшін қажет[26].
Мектеп жасына дейінгілерді қимылдауға үйреткенде тапсырмалар қолданылады. Мәселен, балаларға екі сызықтың арасымен, оларды басып кетпей, жалаушаға дейін жүгіріп өту және қоңырау сыңғырлату және т.б. ұсынады. Көру және сезім бағдарымен орындалатын тапсырмалар берген дұрыс, өйткені онда балалардың өздері орындайтын тапсырмалар айқынырақ болып келеді, олардың әрекеті неғұрлым мақсатты және саналы бола бастайды.
Жаттығуларды орындауда қозғалыстың амплитудасын (сермеу) ұлғайту немесе азайту үшін, бұлшық еттердің белгілі бір тобына әсер ету үшін балаларға керекті әуелгі жағдайда да көрсету өте маңызды. Бірнеше мысалдар қарастырайық. Егер жаттығуларда тұлғаның төменгі бөлігі бұрылулар кезінде қозғалмауға тиісті болса, онда тәрбиеші әуелгі жағдайды отырып таңдайды. Егер дененің бұрылуын ұлғайту қажет болса, аяқ бірге қойылып, тік тұрады. Тұлғаны еңкейту аяқты бірге қойып тұрғаннан гөрі иықтың еніндей алшақ қойып тұрып орындаған әлде қайда жеңіл [27].
Негізгі қозғалыстар кезінде тыныс алуда өзгеше. Жүру және жүгіру кезінде тыныс алу ырғақты болуы керек, тыныс алу - дем шығарудан гөрі біршама қысқарақ; ұзындыққа бір орында секіру дайындық сатысында және итеруде дем алынады, көтерілгенде шамалы дем алмай тұрып, жерге түскенде толық дем шығарылады. Лақтыру кезінде сермеу дем алумен, лақтырып жіберуде шығарумен сәйкес келеді. Тепе-теңдіәк сақтау, егер ол машықтану түрінде атқарылса тыныс алуды шамалы кідірте тұру керек. Динамикалық тепе-теңдік біркелкі тыныс алу қозғалыстарымен атқарылады. Өрмелеу кезінде тыныс алуды кешіктірмей, біркелкі дем алуға тырысу керек.
Мектеп жасына дейінгілерді қимылға үйреткенде ойындық әдіс қолданылады. Кіші топтағыларға қимылдарға үйреткенде ойындық тәсілдер қолданылады. Мектеп жасына дейінгілерді дене жаттығуларына үйретуде тәрбиелеу мен үйрету міндеттерін, үйрету кезеңдерін, жас ерекшеліктерін, балалардың даярлығын, олардың эмоционалдық жағдайын ескере отырып, методикалық тәсілдердің барлық түрлерін шебер үйлестіре білгенде ғана елеулі табысқа жетуге болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбисі теориясының қазіргі кездегі мәселелерін дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты. Сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады. Сондықтан балалардың дене тәрбиесі теориясы саласындағы мәселелер сан алуан және келелі. Олар баланың психо-физиологиялық дамуына және оның туған күнінен басталатын қимыл-қозғалыстарына қатысты заңдылықтарды ас маңызды мәселелерін: балалардың потенциалды мүмкіндіктерін және олардың дамуын қамтамасыз ететін жағдай жасауды зерттеуді; барлық жас кезеңдеріне бүкіл тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұны мен әдістерін-ғылыми негізделеген қозғалыс режимін, нерв жүйесінің, шынығудың гигиенасын қорытып жасап шығуға комплексті қарауды; қажетті бағдар таба білуге тәрбиелеуді, адамгершілікті сана мен мінез-құлыққа, өзінше ойлануға, сабақтың алуан түрлерінде және ойындық іс-әрекетте шығармашылық белсенділікке, спортқа, еңбекке т.б. деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуді қамтиды. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балалар дене тәрбиесінің міндеттері бала ағзасының нәзіктігіне, оның бойы мен ағза дамуының теңсіздігіне, біркелкі еместігіне қарай отырып, өмірінің алғашқы жылдары сауықтыру міндеттерін енгізу зор маңызға ие болды.
1) Өмірін қорғау, аурумен күрес, шынығу, қоршаған ортаның кері әсерлерінен ағзаның қарсылығын жетілдіру.
2) Барлық ағза жүйесінің уақытылы, жүйкелі дамуын, оның қызмет мүмкіндігінің кейеюін, омыртқасы мен табандарының дұрыс пішінінің, жылдамдығын, ептілігін, төзімділігінің дамытуды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Бала өзгермелі шарттарға, дене жүктемесіне тез икемделеді. Оны игеру, қабылдауы, биіктігі ерекшелендіреді. Сондықтан білім беру міндеттерін шешу аса маңызды.
1)Жеке бас және қоғамдық гигиенаны ұстану.
2)Өмірге ең қажетті қимылдық қозғалыстарды (жүру, жүгіру, секіру т.б.), сонымен бірге жүзу, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүгіру, велосипед тебу сияқты жаттығулардың негізін құрайтын қимылдарды реттеу.
3)Атқарылып жатқан дене жаттығулары жайында алғашқы білім беруді ретте.
Сонымен тәрбиелеу міндеттерін де естен шығармау керек:
1) Рухани-ерікті сапаларын тәрбиелеу адалдық, шешімге келу, батылдық, табандылық т.б..
2) Ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік еңбекке тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
Дене тәрбиесінің мазмұны: Жасына лайықты қимыл - қозғалыс ерекшеліктермен оған деген қажеттілікті ескере отырып, алғашқы жылы дене тәрбиесінің арнайы құралдары қолданады.
Бала дене тәрбиесінде, әсіресе өте жас кезінде күн режимі басты маңызға ие болады. Күн режимін сақтау (жүйелі сергу, ұйқы, тамақ т.б.) баланың ырғақтылығын қамтамасыз етеді, жүйке жүйесін әлсіреуден сақтайды. Күн режимінің тәрбиелік маңызы да зор: белсенділікті, дербестікті, үлгерушілікті арттырады. Бала даму үшін санитарлық тазалық құрылымының да зор мәнге ие. Тәртіп пен тазалықты ұстану, бөлменің ауасын, жарығын, жылылығын реттеу, дұрыс киіну - дене тәрбиесіндегі ең басты нәрсе. Бала ағзасын шыңдауда табиғат әсерлері де кеңінен қолданылады, олар: ауа, су және күн. Әр баланың жеке бас ерекшелігіне байланысы шыңдайтын процедураларды жүйелі қабылдау жүйке жүйесін нығайтады, бейімділікті арттырады, аурудың алдын алуға көмектеседі. Негізгі қозғалыстар кезінде тыныс алуда өзгеше. Жүру және жүгіру кезінде тыныс алу ырғақты болуы керек, тыныс алу - дем шығарудан гөрі біршама қысқарақ; ұзындыққа бір орында секіру дайындық сатысында және итеруде дем алынады, көтерілгенде шамалы дем алмай тұрып, жерге түскенде толық дем шығарылады. Лақтыру кезінде сермеу дем алумен, лақтырып жіберуде шығарумен сәйкес келеді. Тепе-теңдік сақтау, егер ол машықтану түрінде атқарылса тыныс алуды шамалы кідірте тұру керек. Динамикалық тепе-теңдік біркелкі тыныс алу қозғалыстарымен атқарылады. Өрмелеу кезінде тыныс алуды кешіктірмей, біркелкі дем алуға тырысу керек. Мектеп жасына дейінгілерді қимылға үйреткенде ойындық әдіс қолданылады. Кіші топтағыларға қимылдарға үйреткенде ойындық тәсілдер қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың қимылын жетілдіру әдісі ретінде жарыс қолданылады. Жарыстарға қатысу денелік және эмоционалдық үлкен шабытпен байланысты. Соңғысы жарысушылардың күштерін түгел жұмсауына және қимылдарда елеулі жетістікке жетудің нәтижесі ретінде организмнің мүмкіншіліктерінің барынша пайда болуына ықпал етеді. Жарыс балалардың жетістігін анықтайтын және бағалайтын тәсілдердің бірі болып табылады. Балалар өз жетістіктерін өз жолдастарының нәтижелерімен өз бетінше, саналы түрде салыстыруға мүмкіндік алады.

1.2 Мектепке дейінгі 4-5жастағы балалардың анатомо, психо-физиологиялық дамуының ерекшеліктері
Балалардың анатомо-физиологиялық ерекшеліктері-жалпы ағзаның және оның жеке жүйелері мен мүшелерінің жас ерекшеліктері. Бұл ерекшеліктерді білу және есепке алу әртүрлі жастағы балалармен оқу-тәрбие жұмысын дұрыс қою үшін қажет, сонымен қатар олардың дене бітімі мақсатында ғана емес, тәрбие сондай-ақ ақыл-ой дамуы. Ең көрнекі көрсеткіштермен физикалық, бала денесінің өсуі мен салмағының жыл сайынғы өзгеруі.
Төрт жастағы ұлдардың өсуі-100,3 см. бес жасқа қарай ол шамамен 7,0 см. төрт жастағы қыздардың орташа өсуі -- 99,7 см, бес жастағы қыздардың орташа өсуі -- 106,1 см. ұлдар мен қыздар тобындағы дене салмағы тиісінше 4 жылда 15,9 және 15,4 кг, ал 5 жылда 17,8 және 17,5 кг. тірек -- қимыл аппаратының ерекшеліктері. Бес жылға қарай балада омыртқаның әртүрлі бөліктерінің өлшемдерінің арақатынасы ересектерде бірдей болады, бірақ омыртқаның өсуі жетілген жасқа дейін жалғасады. Мектепке дейінгі баланың қаңқасы икемділігімен ерекшеленеді, өйткені қабыну процесі әлі аяқталмаған. Осыған байланысты 4-5 жастағы балаларға дене шынықтыру сабақтарында күш жаттығуларын беруге болмайды, олардың дұрыс қалпын үнемі қадағалап отыру қажет. Бір қалыптың ұзақ сақталуы бұлшықеттердің шамадан тыс күшеюін тудыруы мүмкін және сайып келгенде бұлшықеттің бұзылуы. Сондықтан статикалық қалпын сақтаумен байланысты сабақтарда дене шынықтыру үзілісінің әртүрлі түрлері қолданылады. Бұлшықеттер белгілі бір ретпен дамиды: алдымен ірі бұлшықет топтары, содан кейін ұсақ. Сондықтан жүктемені, атап айтқанда, ұсақ бұлшықет топтары үшін қатаң мөлшерлеу керек. Сурет салу үшін қарындашпен балаға үлкен қағаз парақтарын бермейді, өйткені ол үлкен бетті бояу қажет. Орта топта жеке заттарды бейнелеу үшін жазылатын парақтың жартысындағы қағазды, сюжеттік суреттер үшін-28 х 20 см. Тыныс алу органдары. Бала ағзасының оттегіге қажеттілігі 3-тен 5 жасқа дейінгі кезеңде 40% - ға өседі. Сыртқы тыныс алу функциясы өзгереді. 2-3 жастағы балаларда басым тыныс алу түрі 5 жылға қарай емшекпен ауыстырылады. Осы жасқа қарай өкпенің өмірлік сыйымдылығы біршама артады (орташа 900-1060 см3 дейін), ал ұлдарда ол қыздарға қарағанда көп. Жүрек-қан тамырлар жүйесі. Осы жастағы жүректің абсолюттік салмағы 83,7 г, Пульс жиілігі -- минутына 99 соққы, ал қан қысымының орташа деңгейі 9860 мм сынап бағанасы. Дегенмен, жүрек қызметі мен тыныс алу көрсеткіштерінің үлкен жеке ауытқулары байқалады. 4 жылда жүрек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдермен байланысы
Дене шынықтыру және спорт туралы
Дене тәрбиесінің әдістері
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнері арқылы адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Пәндер