Аффект


ЖОСПАР
Кіріспе
І тарау Психологиядағы аффектінің теориялық негіздері
1. 1. Аффект сипаты, оның негіздері
1. 2. Психоаналииткалық концепциядағы аффект мәселесіне шолу
1. 3. Аффектінің адам өміріндегі алатын орны
1. 4. Жас ерекшеликтерине қарай аффектiнiң корiнiс беру ерекшеликтері
1. 5. Аффектінің психоаналитикалық концепциясын психологиялық дамыту
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адам баласы тек білім арқылы ғана дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады және болашағын болжап, келешекке бағыт белгілейді. Білім, ең алдымен, тіл арқылы, әсіресе, ана тілі арқылы игеріледі. Ана тілі - білімнің негізгі құралы.
Тіл екі түрде қызмет етеді. Бірі - ауызша сөйлеу тілі, екіншісі -жазба тіл. Ауызша сөйлеу тілі мен жазба тілдің бір-бірінен үлкен айырмашылықтары бар. Ауызша сөйлеу тілі бетпе-бет сөйлеу арқылы жүзеге асады. Ауызша сөйлеу тілі тікелей бетпе-бет сөйлесу арқылы және сұрақ-жауап, түсіндіру негізінде көрінетіндіктен, сөйлем құрамы да ерекше болады. Онда дауыс ырғағы, ым, ишара, бет, қас қозғалыстары да белгілі мәнде жұмсалады. Тілдің екінші қызметі - адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі - адам өзінің бірнәрсе туралы көзқарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру, жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.
Қазіргі білім беру саласындағы қызметкерлердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқыту әрекетінің барлық түрінде жетістіктерді шығармашылықпен дамыту, жаңа технология элементтерін қолдана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Тіл - естімейтін баланы окытуда ең негізгі пән. Мектептің естімейтін баланың алдына койған талабы бойынша - ол тілді, сөйлеуді меңгеру арқылы білім алуы керек. Естімейтін балаларды окыту - арнайы оқу жоспарымен жүргізіледі. Естімейтін балаларға арналған мектептердің басты міндеті - оқушының есту қабілетін дамыту, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, дыбыстардың дұрыс айтылуын үйрету, есту, есту-көру арқылы байланыс кызметін дамыту. Бұл міндетті жүзеге асыруда естімейтін баланың байланыстырып сөйлеу тілін дамытудың орны ерекше.
Арнайы мектептерде қызмет ететін ұстаз-тәрбиешілердің алдында тұрған ең маңызды мәселе мүмкіндігі шектеулі жандардың ерекшелігін терең зерделей отырып, оку-тәрбие ісін тиімді ұйымдастыру негізінде, қоршаған өмірмен қарым-қатынас жасауға бейім тұлғаны қалыптастыру міндеті қойылып отыр.
Жалпы байланыстырып сөйлеу дегеніміз - ойлау мен грамматиканың заңы бойынша құрылған, белгілі-бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастық. Естімейтін балалар мектебіндегі байланыстырып сөйлеу тілін оқытудың басты міндеті - оқушы сөйлемдер көмегімен өз ойын, толғандыратын сезімін және талабын мүмкіндігінше баяндап айтуға үйрету, сонымен бірге өз өміріне жақын тақырыпта мәтін құрастыра білуге баулу.
Байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру, меңгерту оқу пәндерінің ұйымдастыру барысыңда жүзеге асырылады.
Зерттеудің мақсаты: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру.
Зерттеудің міндеті:
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тілін қалыптастыра отырып тәрбиелеу
- Дамуында ауытқушылығы бар балаларды қоршаған ортамен араластыру
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың өз мүмкіндіктеріне сай білім беру
- Дамуында ауытқушылығы бар балалардың кемшілігіне сай көмек көрсету және зейнетақы тағайындау
Зерттеу болжамы: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тіліндегі әртүрлі кемістіктерді болдырмау үшін немесе түзету үшін мамандардың әртүрлі коррекциялық жұмыстар жүргізуі тиіс.
Зерттеу пәні: Дамуында ауытқушылығы бар балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзете отырып зерттейтін ғылым - логопедия.
І тарау Психологиядағы аффектінің теориялық негіздері
1. 1. Аффект сипаты, оның негіздері
Дислалия-(гр «бұзылу» және logos «сөйлеу» деген сөздерінен құралған. Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз-есту қабілеті дұрыс, сөйлеу тілі ақпараттық инервациясы сақталған қалпында сақталған, сөйлеу тілінің айтылуының бұзылуы. Этнологиялық себептері бойынша дислалия- механикалық (органикалық) және функцианалдық болып екіге бөлінеді.
Механикалық дислалия, оның себептері
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз-сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттерінің құрылысы, ақаулықтырының салдырынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себебіне жатады. бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да дыбыс шығарудағы сөйлеутілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістер ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып, түйіскенде тістену дұрыс болып шығады.
Кемиек (прогнатия) үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер, астыңғы тістермен тістенбейді.
Опырауыз (прогиния) астыңғы жақ сүйегі сойдиып, алға шығып кетеді де, үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады.
Тістенудің қабыспауы-үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады.
Ауыз тістердің қабыспауы. Сол жақтық, оң жақтық және екі жақтық болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасындағы алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп бұзылады. Стаматологтар арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тілінің дыбыстары айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зияның тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісіншеаласа тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді [1. 15] .
Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салынып тұруы, немесе қысқы, әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерні тісті дыбыстардың айтылуына кедергі келтіреді.
Функцияналды дислалия және оның себептері.
Функцияналды дислалия дегеніміз- дыбыс шығару апаратында ешқандай кемістік болмасы да, сөйлеу тілінің дыбыстарының дұрыс айтылмауы, басқа сөзбен айтқанда органикалық негіз жоқ.
Функцияналды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін уүйде дұрыс тәрбиелеуден. Кейде ересектер баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп, шылдыңдасып сөйлесетін болады. Қорытынды да көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тілінің дыбыстардың дұрыс айтуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қалыптасып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді.
Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалануынан жиі еліктейді. Балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін быдық, кейде жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздердің тыңдаудың да көп зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілдің сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшеліктерінен, екінші тілдің айтылу ерекшеліктеріне жиі аусып отырады. Балалардың дыбыс айтылу кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің де себебінен де жиі пайда болады. Баланың сөйлеу тілінің айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетеді.
Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мыс, ұяң және қатаң, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанды қорытындысында дыбыстардың дұрыс айтылмауындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді.
Сонымен бірге, дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер әсіресе, сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уақытында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін. Ал, егер, олай болса қалған жағдайда оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз [1. 18] .
Сақаулық сонымен қатар, дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауынан болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілінің қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті кезде тез арады орын алмастыра алмайды. Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10 %-іне дейінгілердің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық. Ұяң және қатаң дегеніміз дыбыстарды бөлшектеп мүшелегенде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін.
Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың 55 %-ттен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айта алмайтындығы белгілі.
Дислалияның түрлері
Сөйлеу тілінің мүшелерінің күрделі қимылдары және тілдің қатысуын онша көп керек етпейтін м, н, т, п, дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кез-келгені жиі бұзылып, айтылатындығы байқалады.
Әсіресе сөйлеу тілінің мүшелерінің қиын айтылатын р, л, дыбыстары. Ысқырық с, з, ц және ызың ш, ж, ч, щ дыбыстары жиі бұзылады. Әдетте қатаң және ұяң дауыссызда сыңарларымен қоса бірдей бұзылады. Мысалы, бала, с, з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда олардың жіңішке сыңарларының да ақауы болады. Р, л, дыбыстарының ғана жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады. Өйткені, бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу тілінің ыңғайына қарай келіп тұрады.
Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады. Мысалы: кез-келген бір дыбыс сөз ішіндегі айтылмай түсіп қалса, ал қайсі бірі оларды бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырылып айтуы мүмкін.
Бұзылудың осы түрлі жеке-жеке қалыптастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді. Мысалы: батыр-баты, ракета-акета. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде, тіл дыбыстардың жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарыды. Мысалы: Р болмаған айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағы дірілдеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тербеліп көмейден ырылдаған тұрпайы, Р дыбысы.
Тіл дыбыстарының жүйесіндегібір дыбыс, екінші дыбыспен алмастырылып айтылады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
- Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тіл мүшелеріндегі айтылуындағы айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы: тілдің артықтығы, түзелмелі дыбыстарын, тіл алды т, д, шұғыл дыбыстарына алмастырылады. (Камила-Тамила)
- Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады. Мысалы: тіл алды с дыбысы т дыбысына алмастырылады. (сабын-табын)
- Жасалу жолдары ұқсас ал, сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар с дыбысына алмастырылады. Мысалы: (Самат- Фамат)
- Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен. Мысалы: Ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады. (Болат-Полат)
- Жасалу жолдары ұқсас дыбыстармен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілермен айқындалатын дыбыстармен, Мысалы:жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады. (Өрік-Өріқ) [2. 78] .
Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары, дыбыс шығару арқылы әрекетіндегі бір топтағы дыбыстары болса оларды маналорфиялық дислалия дейді. Егер бұндай ақаулықтыр шығарудығы сөйлеу тілінің мүшелерінің әрекетіндегі бірнеше топтардағы дыбыстарды болса полиморфиялық дислалия дейді.
Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөлінеді.
- Сигматизм-гректің сигма дейтін әрпімен дыбысталуымен ысқырық және ызың дыбыстардың айтылу мүкісінен білдіреді.
- Ротацизм- гректің «РО» деген әрпі Р дыбысын білдіреді.
- Ламбдацизм- гректің «ламбда» деген әрпі, Л дыбысын білдіреді.
- Каппацизм- (к, кі дыбыстары)
Гаммацизм-г, гі.
Хитизм-х, ха.
Естацизм -й дыбысы. ( гректің «кап», «алма», «хи», «еста» деген әріптері х, r, е, к дыбысы)
Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы.
Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан, зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми қан тамырларының каңейіп жарылуының, тамырлардағы қан ұюынан бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің шаншып ауруынан кеселденуінің және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінді афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады [2. 85] .
Афазия бас миының қан айналымының шамамаен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қорғаушы моторлы афазия жиі байқалады.
Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің, пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың салдарынан ғана болады.
Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан сөйлеу тілі құрамына барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық.
Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделігі зақымның орнына мысалы, ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен қалыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді.
Афазияның кез-келген түрінің негізінде сөйлеу тілін түсінуінің, жазуының, оқуының есептеуінің өзіне тән өзгеше жүйелікпен бұзылуына әкеп соғатын динамикалық немесе конструкциялық машыққа немесе әдеттенген қимылдарды өте дұрыс, бұлжытпай орындауының, фонематикалық өсу қабілетінің, артикулияциялық аппаратының мақсатты бағытта қимылдау қабілетінің қайсі бірінің бастапқы бұзылуы жатады. Афазияны кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді естуінде сақтауы, фонематикалық есту қабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әр түрлі деңгейдегі орындалуы ерекше жүйелікпен бұзылады. Афазияның кезіндегі сөйлеу тілін бұзылуын анықтауға нейрофизиология қалай үлкен үлес қосса, нейропсихология мен лингвистика да сондай үлес қосады [3. 40] .
1861 жылы француз П. Брока деген дәрігері афазиямен ауырған адамның бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Верника 10 ауру адамның бас ми қабығының сол жағындағы самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы афазияның дамуын жоғары самай қатпарының артқы жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.
Невролгия, лингвистика, психология, физиология ғылымдарының дамуына байланысты афазияны топтастырудың әртүрі кездеседі. Сонғы уақытта А. Р. Лурияның афазияны нейропсихологиялық тұрғыдан топтастырудың ми қыртысының күрделі әрекетін ұйымдастыруға А. Р. Лурияның нейропсихологиялық тұрғыдан қарауы И. П. Павловтың, Н. А. Бернштейннің және П. К. Анохинаның әрекеті жүйелікпент ұйымдастыру және «кері афференттік» туралы ашқан жаңалықтарын, сондай-ақ Л. С. Выготскидің, А. Н. Леонтьевтің және басқа психологтардың және басқа көзқарастарының жалғасы болып саналыды. 1947 жылы А. Р. Лурия ми қыртысының күрделі әрекетінің жүйелі құрылысы және оның динамикалық, кезектікпен орналасу туралы қағидасын тұжырымдайды. Ол адамның психикалық әрекеттерін және танылатын процестерін зерттеудің тәсілдерін өңдеп жетілдіреді.
А. Р. Лурия афазияны бас миы қыртысының самай бөлігінің зақымдануынан пайда болатын акустико-гностикалық және акустико-мнестикалық афазия, бастың төбе ми қыртысының ішкі бөлігінің зақымдануынан пайда болатын семантикалық және афференттік маторлы афазия, бас ми қыртысының қимыл алды және маңдай арты бөліктерінің зақымдануынан пайда болатын эфференттік маторлы афазия және динамикалық афазия деп алты түрге бөлінеді.
Акустико-гностикалық сенсорлы афазия. Сенсорлы афазияның ең алғашқы рет немістің психиаторы Вернике сипаттады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғары самай қыртысының зақымдануынан пайда болатын көрсетті. Афазияның бұл түрінің ерекшелегі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келді. Тек 20-ғасырдың 30 жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустиканың агнозия фонематикалық есіту қабілетінің бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.
Акустико-гностикалық афазияда жазу тілі оқуына қарағанда қатты бұзылады, себебі ол фонематикалық есіту қабілетінің жағдайына тікелей байланыста болады.
Акустико-мнестикалық афазия самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады.
А. Р. Лурия есіту қабілеті белгілерінің қатты тежелуінен есіткен кезде сөзді жадында сақтауы төмендейді деп есептейді. Бұндай ақаулықтар сондай-ақ буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда да байқалады.
Жекелеген сөздердің қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш төрт сөзді қайталау мүмкіндігігің бұзылуының араларындағы диссоциация психикалық процестердің байланыстарының бұзылуы акустико-мнестикалық афазияға тән қасиет. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің алғашқысын және соңғысын, ал одан гөрі қиындау сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есінде сақтай алмайтындығын айтып, тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздердің екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектік реттік қатарын сақтай алмайды немесе біреуін қалдырып айтпай кетеді.
Есіткен сөзді жадында сақталуының бұзылуы афазияның басқа түрлерінде де байқалады, бірақ бұл кемістік тек акустико-мнестикалық афазияның ғана негізгі ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық есіту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі мүшелерінің қызметі бұзылмаған. Аурудың айналасындағылармен қарым-қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.
Семантикалық афазия бас миының жарты шарының артқы төбе аймағындағы сөйлеу тілі жөнінен үстемділік орталақтарының зақымдануынан пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқа төбе бөлігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің синтагмалық құрылысының жатықтығы сақталады, сөздің дыбыстық құрамына керекті дыбысты іздестіруі ешқандай байқалмайды, естіген сөзді есінде сақтауы төмендейді немесе фонематикалық есіту қабілеті бұзылмайды.
Семантикалық афазияда керекті сөзді немесе заттың атын өз бетімен іздестіріп табуда өзіне тән ерекшелігі бар амнестикалық қиыншылық байқалады, ауру адам лексикалық сөздердің септелу және жіктелу үлгісін табуды қиналғанды заттың іс-әрекетінжәне сапасын синтагматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды, бір сөздің орнына бүтін сөзді айтады: «Ия, әлгі жазатын нәрсе сол, әлгә көрсететін нәрсе сол» және т. б. бір жағынан афазияның бұл түрінде тілдің сөйлем құрылысын түсінбейтін өзіне тән ерекшелігі бар [5. 95] .
Септелгенде, жіктелгенде өзгерген сөздердің және қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі септеулік шылаулар мен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағыналарын түсінудегі ауытқуын импрессивтік аграмматизм деп атайды.
Аурулар себеп-салдарға, уақытқа және кеңістіке байланысты есімше мен қосымша тіркестерін көрсететін күрделі синтаксикалық байланыстарын бірден түсіне алмайды. Мысалы, «мен асханаға апайыммен сөйлескен соң кеттім» деген сөйлемнің мағынасы немесе «ылғал болды сондықтан жаңбыр жауып тұр» деген сөйлемнің қиынсыздығын түсінбейді.
Семантикалық афазияда метефораны, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.
Афференттік маторлы афазия бас ми қыртысының төбеден төменгі және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық немесе Ролланд атқызының зақымдануынан пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz