Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күнтізбе (ағылш. calendar) - уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.
Уақыт санаудың табиғат берген есептеу бірліктері - тәуліктер, ай және жыл -- ең ежелгі күнтізбелердің негізіне алынды.
Календарь сөзі латынша саlеndar, яғни әр айдың бірінші күні деген сөзінен шыққан, бірақ табиғаттың кезеңді құбылыстарына негізделген уақыт санау жүйесінің өзі едәуір ертеде шыққан.
Күнтізбені алғашқы құрастырушылар үлкен қиыншылықтарға ұшырады, өйткені жоғарыда аталған уақытты есептеу бірліктері өлшем болып шықпады. Синодистік айдың тәулік саны бірдей болмады, ал астрономиялық жылды ай мен тәуліктің бірдей санына бөлуге болмайды. Бұл жағдай адамдарды берілген бірліктердің келісілген деректерін іздеуге мәжбүр етті, бұл бірнеше күнтізбелік жүйені тудырды.[1,48б.]
Курстық жұмыс бойынша деректер мен тарихнамасы. Геродоттың Тарихында Дарийдің жорығын суреттеу барысындасипатталады.Сібірдің бірқатар халықтары (сахалар,эвенкилер,мансилер) XIX ғасырдың аяғына дейін қолданданулары бар Э. Бикерман, Н.И.Ермолаев [3] еңбектері пайда болды. Дегенмен, XVI ғасырдың соңында Папа Григорий XIII жыл санаудың басқа жүйесін ұсынғандығын Юлиандық және Григориан күнтізбесіПронштейн А.П., Кияшко В.И.[4] еңбектері шығарылды. Оқулықтар сондай ақ кеңес одағынының алғашқылары ішінде Маргулан А. Х [5]. еңбектері жарық көрді. Ресей реформаны соңғылардың қатарында қабылданған 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін күнтізбені "прогрессивті"алмастырылуы Хренов Л.С., Голуб К.Я. [6] оқулықтарынан, сондай ақ бірнеше күнтізбелік жағдайаттар қолданылды. ХХІ ғасырда Халықтың уақыт санау есібінің тарихы, қазіргі қоғам арасындағы мәселелер , халықтық күнтізбелер(ай-күн санау жүйесі) Амрина М.С.[7] ғылыми тәжірибелік еңбектері жарық көрді.Юлиан және Григориан күнтізбелері бірге өмір сүруді жалғастырды, бірақ әлемнің көптеген елдерінде дәл григориан күнтізбесін пайдаланады, ал Юлианский христиан мерекелерін есептеу үшін қалады.Ресей реформаны соңғылардың қатарында қабылдады. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін күнтізбені "прогрессивті"алмастырды. Орыс Православие Шіркеуі 1923 жылда "жаңа стильге" көшіруге тырысты, бірақ Қасиетті Патриарх Тихонның қысымында шіркеуден үзілді-кесілді бас тарту болды. Православиелік христиандар апостолдардың нұсқауларын басшылыққа ала отырып, Юлиан күнтізбесі бойынша мейрамдарды есептейді. Католиктер мен протестанттар мейрамдарды Григориан күнтізбесі бойынша санайды.
Тақырыптың мақсаты. Ежелгі замандағы күнтізбелер түрлеріне сипаттама бере отырып, Юлиан күнтізбесі мен Григориан күнтізбелері туралы кең көлемді мағлұмат беру. Бұлардың ең тараған түрі айлық жүйе, мұнда тәуліктер аймен үйлестіріледі, айлық-күндік, мұнда тәулік пен ай жылмен үйлестіріледі және күндік, мұнда жыл мен тәулік үйлестірілетін еді.
Айлық күнтізбе бойынша жаңа айдан бастап әрбір ай ауыспалы түрде 29 және 30 тәулікке созылады. 12 ай айлық жылды құрайды, бұл 354 тәулікке тең болады. Іс жүзіндегі тәуліктер күнтізбеліктен біраз көп болғандықтан, синодистік ай да күнтізбелік айдан біраз (44 минут 2,9 секундқа) артық еді. Бұл қайсыбір жылдар саны өткеннен кейін күнтізбелік жылға бір жыл қосуды керек етті.
Курстық жұмыстың міндеті. Қосалқы тарихының ғылыми тарих пән ретінде хронологияның пайда болуы мен дамуын зерттеу, Уақыт ұғымының өлшемін қарастыру, Күнтізбе және оның бөлінуін анықтау, Ежелгі өркениеттің күнтізбесін анықтау , Юлиан және григориан шығу тарихы, Жаңа санат- ескі санат, Юлий Цезарь тұсындағы күнтізбе реформасына байланысты көзқарас және оның міндетті маңызын талдау.
Зерттеудің нысаны. Юлиан және Григориан күнтізбесін арнайы күнтізбе ғылым саласы ретінде қолданылуы мен шығу тарихын зерттеу.
Зерттеу пәні. Адам баласының күнтізбелік есептеулерді ( күн, ай, жыл, ғасыр) қолданудағы ерекшелігі. Жалпы әлем қоғамындағы қолданылу жүйесін зерттеу.
Зерттеу әдістері.Зерттеу барысында жан-жақты обьективті зерделеу, оның сипаттамасы, тарихи жады, санақ жүйесі әдістері қолданылды. Көреген мәліметтердің ғылыми зерттеулер мен оқулықтардың баспасөз құралдарына тоқталды.
Зертеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Ғылыми-тарихи пəн ретінде хронологияның пайда болуы мен дамуы

0.1 Хронологияның пайда болуы мен дамуы.

Уақыт ішінде белгілі бір жүйелікпен тарихи оқиғаларды орналастыру принципін ежелгі дүниенің сонау алғашқы тарихшылары да білген. Осы принциптің өзі орта ғасырлар тарихи шығармалары орыс жылнамаларымен Батыс Еуропа мемлекеттері хроникалардың негізіне алынды.
Хронология проблемалары бойынша алғашқы ғылыми трактаттар да ерте пайда болды. Шежірелік оқиғаларға даталар қоюмен байланысты бір қатар мəселелерді шешудің қажеттілігнен ежелгі Русьте, ҮІІ ғасырдың өзінде-ақ, хронологиялық мəселелерге арналған новгородтық Кириктің еңбегі шықты. Бұдан былай да Орыс мемлекеттерінде православие шіркеуінің қажеті үшін календарьлық анықтағыштарды шығару жұмыстары талай рет жүргізілді. Бұл жұмыстар, əсіресе ХҮ ғасырдың аяғынан бастап белсенді түрде жүргізіле басталды, өйткені дүниенің жаралуынан (бұдан былай СМ (сотворения мира) деп алынады) бастап есептелген жыл санауда жетінші мыңдық бітті (1492+5508), пасхалийді келесі мың жылдыққа құрастыру қажеттігі туды [3, 45 б.].
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда хронология мəселелеріне ынта қою Россияда кейбір практикалық қажеттіктерге де байланысты болды. Бірақ тарихи хронология дербес ғылыми пəн ретінде ХҮІІІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады.
Россияда хронологияға ғылыми тұрғыдан ынта қоюды дамытудағы маңызды кезең ХХ ғасырдың басына жатады.
Ол юлиан календары реформасын дайындауға байланысты болды. Бұл кезеңде орындалған тарихи хронология жөніндегі жұмыстардан, ең алдымен Н.В.Степанов пен Д.О.Святскийдің еңбектерін атауға болады. Алайда ұлы Октябрь социалистік революциядан кейін хронология ғылымұғымдарды шатыстырулар, оқиғаларға дата қоюда қателер жиі ұшырайды. Бұл ғылыми пəн бойынша жинақталған еңбектер болмады. Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін хронология қосалқы тарихи пəн ретінде түпкілікті қалыптасты. 20-жылдары мұнымен А.М.Большаков, И.Ф.Полак, Г.П.Саар, С.Н.Быковский, ал 30-жылдары В.А.Россовская, В.К.Никольский жəне басқалар шұғылданады. 1939 жылы хронология жөнінде Н.В.Устюговтың лекциялар курсы, ал 1944 жылы Л.Ф.Черепниннің оқу құралы пайда болды. Ұлы Отан соғысынан кейін тарихи ғылымның жалпы өрлеуімен байланысты хронологияға, оның ішінен тарихи хронологияға ынта қою едəуір өсті [3,54 б.].
Жалпы хронология жөнінде С.И.Серешниковтың жылнама жөнінде Н.Г.Берешковтың, А.Г.Кузминнің еңбектері, сондай-ақ мұсылман, түрік-моңғол жəне жыл санаудың басқа да жүйелері бойынша бірқатар жұмыстар жарияланды. 1967 жылы университеттің студенттеріне арналған хронология жөніндегі Е.И.Каменцеваның оқу құралы басылып шықты [4,17 б.].

1.2 Уақыт ұғымы және оның өлшемі.

Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады [6,56 б.].
Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он екілік жүйесінен алады.
Тәуліктер уақыттың біршама қысқа аралығы болып табылатындықтан, уақытты өлшеудің бірте - бірте ірі өлшемі ойластырылды. Алғашқы кездерде тәулік есебі саусақпен жүргізілді. Осының нәтижесінде уақытты өлшеудің он күндік және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Уақытты өлшеуге Айдың екі біркелкі фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында Ай мен Күннің жақындасуы болады деп есептеді. Сондықтан жаңа айдан жаңа айға дейінгі мерзім синодистік ай деп саналды. Бұл ай шамамен 29 жарым тәулікке, тіпті нақты көрсетсек, 29 тәулік 12 сағат 44 минут 2,9 секундқа тең болды.
Шаруашылық тіршіліктің, әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысымен, ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі -- Жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 36514 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда -- 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.
Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.
Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы - ХVІІ ғасырдың басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің Об улучшении счета времени (1583), Сокровище времен (1606) т.б. еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның юлиандық кезең деп аталатын календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды [9, 96 б.].
Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д'Антин- және Дюран Искусство проверки дат, оның соңғы баспасы 44 томнан тұрды. ХІХ - ХХ-ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.
Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің Справочник по математической и технической хронологии еңбегі маңызын жойған жоқ. Осы аттас Ф.Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс ғалымдары Х.Гротефенд (Леточисление немецкого средневековья и нового времени) және Ф.Рюльдің (Хронология средних веков и нового времени), француз авторы А.Жиридің (Учебник дипломатики) және венгр И.Сентпетеридің (Справочник по хронологии) еңбектері ортағасырлық хронологияны дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым Р.Шрамның Календариографические и хронологические таблицы еңбегі Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі календарлық стильдерді байланыстырды.
Кеңестік авторлардың ішінен Н.И.Идельсон, С.И.Селешников, И.А.Климишин, Е.И.Каменцова, Я.И.Шур, В.В.Цыбульский, М.Я.Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс техникалық хронологиясының негізгі элементтері Вспомогательные исторические дисциплины под ред. В.Г.Тюкавкина. - деген еңбектің Хронология деген бөлігінде жазылған [10,21 б.].

1.3Уақыт есебін жүргізетін құралдар

Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда Орта Азия ғұламаларының үлесі Уақыт есебін жүргізетін құралдар жасауда , аспан əлемін ертеден бастап-ақ арнаулы жабдықтармен зерттеуде Орталық Азия ғұламалары да қалыспаған. ХIII - XIV ғасырларда моңғол езгісінен зардап шегіп, іш-құсада ХV-ХVІ ғасырда Орталық Аэияда ғылым мен өнер қаулап өсіп, бұрынсоңды болмаған дəрежеде гүлденді. Оған билік басындағылар белгілі бір дəрежеде қамқорлық жасап , оның өркендеуіне көмектесіп отырса, ал кейбіреулері - мəселен Ұлықбек, Бабыр, Байқара, Əбілғазы сияқтылар өздері тікелей ғылыми жұмыспен айналысқан. Бірақ, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы рухани өмірдегі қайта құлдырау ғылым мен өнердегі қол жеткен жетістіктердің көбін қайта көмескіледі. Оған біріншіден, Орталық Азия хандықтарының өзара қырғын соғыстары, қалмақтар шабуылы себеп болса, екіншіден діннің де əсері аз болмады. Осы кезеңде жарқ етіп шыққан жаңа ғылыми көзқарас, ой-пікірлердің қанат жаюына мүмкіндік берілмеді.Бұған шыдай алмаған ғалымдар, соның ішінде, əл-Құсшы, Мəриям Шелеби басқа елдерге (Түркияға) барып еңбек етуге мəжбүр болды. Бұл жөнінде қазақтың көрнекті ғалымы Ш.Уəлиханов былай дейді . Қазіргі Орта Азия хандары өздерінің арғы ата-бабалары сияқты ғылыммен шұғылданбайды, мемуарлық шығармалар жазбайды, тек екі əтешті немесе бөденелерді төбелестіріп қойып, қарап отырумен күнін өткізеді, соларды ғана ермек етеді. Міне , осындай тоғышар басшылық, бейқам өмір , арамтамақтық ғылым мен өнердің өркендеуіне тұсау болды. Сондықтан, ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Орта Азия тарихы Хорезми, Фараби, ИбнСина, Бируни,Ұлықбек сияқты ұлы ғалымдарды немесе Рудаки , Фирдоуси, Жəми,Науаи сияқты ұлы ақындарды тудыра алмады [10,36 б.].
Орталық Азиядан шыққан астрономдардың ішінде өзбек ғалымы Əбурайхан Мұхаммед бин-Ахмед əл-Бируни 973 жылы 4 қазанда Қият қаласының (Қобыланды жырындағы Қараманның елі) іргесіндегі бір елеусіз жерде туған. Бирун -үлкен қаланың сырты деген сөз. Араб, парсы, грек тілдерін меңгеріп ,Шығыс елдерін талай аралаған ғалым бірнеше жыл Үндістанда тұрады. Ұлы ғалымның ірі еңбектерінің бірі - Үндістан 1030 жылы жазылған , екі том. Кітапта Үндістанның табиғаты , тарихы, мəдениеті, тілі, ғылымы ,календары айтылады. Үнді ғалымдарының астрономиялық еңбектері баяндалады . Ұмтылыс есімдер. (Құрастырған Б. Ысқақов). А., 1994. 1000 жылы Бируни 27 жасында ежелгі Шығыс халықтарының календарларын баяндайтын көлемі 50 баспа табақтық Əл-əсер Əл-Бақия ,яғни өткен буындардың ескерткіштері деген кітап жазады. Ескерткіштерді неміс ғалымы Эдуард Захау 1876-78 жылдары неміс тіліне аударып, Лейпцигте Бұл еңбекте əр халықтың астрономиялық білімдері, қол жеткен табыстары, қателіктері баяндалады. Уақытты есептеу əдістері, жыл мен ай, апта мен күн есептері, көптеген эралар-замандар айтылады.
Тəжік жəне парсы халықтарының орта ғасырларда өмір сүрген ғұлама ғалымы, дарынды ақыны Омар Хайям зерттеулері математика мен астрономияны жаңа сатыға көтерді. Ертеде парсылар фервердиннің бірін жыл басы етіп есептейді де, оны жаңа жыл күні - наурыз деп атайды (нау - жаңа, руз - күн деген сөз). Күн мен түннің жазғытұры теңелуі - наурыз 22 мартқа сəйкес келген. Ал, күн мен түннің күзгі теңелуін парсылар меhран деген, бұдан қазақтың мейрам сөзі жасалған. Алайда абыздар дұрыс бақылап отырмағандықтан, наурыз 22 марттан тайып, жылдың басқа айларына шығып кеткен. Бұл жағдай парсы шаруаларын күйзеліске ұшыратып отырған, өйткені жер өнімдерінен патшаларға, əкімдерге төленетін салық наурызға шейін төленіп бітуге тиісті болған. Ерте кезде Иран жерінде наурызға шейін егін пісіп, халықтың көпшілігі салықты мерзімінде төлеп келген. Бертін наурызда егін жиналмаған, тіпті кейбір жерлерде жаңа ғана көктей бастаған. Осының салдарынан календарды түзету жайында патшаға шаруалардан көптеген арыздар түскен. Патшалардың көпшілігі ол арыздарға құлақ аспай, ескі күнтізбені сақтап, салықты төлемеген кедейлерді қатал жазалап отырған. Ақыры, шаруаларды мыңдап жазалағанмен қазынасы толмайтынын түсінген. Мүтəуəкіл халиф (847-861) хиджра жыл санауының 243 жылғы мұхаррам айының 11 күні (біздің календарымызша 875 жылғы 10 май ) арнаулы декрет шығарады. Декрет бойынша наурыз Сирия есебімен хазиран (біздіңше июль) айының 17-не көшірілген. Бірақ Мүтəуəкіл өлгеннен кейін декрет жүзеге аспай қалған. Наурыз Мүтəдид патшаның (892-902) тұсында біраз орнықты. Мүтəдид хазиран айының 11 наурыз болсын деген декрет шығырады. Бұл да наурыздың тиісті орны емес, өйткені 11 хазирдан күн мен түн теңелмейді Селжүректерден шыққан үшінші сұлтан, жоғарыдан айтылған Жəлеледдин Мəлікшəһ, шатасқан календарды түзеуге мəжбүр болды [11].

1.4 Эра және олардың дәуірлері.

Эралар жəне олардың дəуірлері Эралар. (Дəуірлер). Мысалы Олимпиадалар бойынша (б.з.д. 776 жыл.), Рим орнаған (б.д.д. 754 жыл.), Диоклетиан дəуірі (б.з. 284 жылы, 29 тамыз), т.б. Испандық дəуір - б.з.д. 38 жылығы 1 қаңтардан басталады. Португалияда ол ХV ғасырда да сақталды. Православие елдерінде византиялық дəуір ІV ғасырда пайда болды. Оны б.з.д. 5509 жылдан пайдаланып келеді деген түсінік бар, яғни дүние жаралғалы бері. Кейде оны б.з.д. 5508 жылыдың 1 наурызынан бастайды.Христиандар антиохийская эра - б.з.д. 5969 жыл, александрийская эра - б.з.д. 5501 жыл деп əр түрлі даталарды атайды. Ал христиандық эра aera vulgaris - Христос туған жылдан бастау алатын, 525-ші жылы римдік монах Диониси Малый воплощенного слово жылы (annus ab verbi incarnati), милость жылы (annus gratiaе)... Диониси Христостың туған жылын Рим негізі қаланған 753 жылды, немесе Диоклетиан дəуіріне дейінгі 284 жылды алды. Бұл христиандық дəуір VIІ-ші ғасырдың бірінші жартысынан бастап қолданыла бастады. ХV-ші ғасырдан бастап барлық рим папаларының құжаттары Хоистос туған жылдан деген датамен белгіленді. Жалпы пайдалану тек ХVІІІ-ші ғасырдың соңынан бастап қолданыла бастады [12].
Ортағасырдаосысанақпенқатарөзгедедə уірлерсанағыжүргендіктен, ортағасырлыққұжаттардыңдатасындəлес ептеуқиындықтуғызады.Əрзаманның дəуірі əр түрлі. Бірінші жыл - ежелгі еврейлерше - "Адам ата жаралған жыл", вавилондықтарша - Набонассардың патша болған жылы, римдіктерше - Диоклетианның таққа отырған жылы, христиан дініндегілерше - Христостың туған жылы, арабтарша - Мұхаммедтің Меккеден Мəдинаға көшіп барған жылы, т.с.с. Рим империясына қараған елдер жылдар жүйесін бірсыпыра уақыт Диоклетиан заманы бойынша есептеген. Император Диоклетиан өз кезінде римдіктердің ескі дінін қолдаған, христиан дінін қабылдаушыларды қуғындаған адам болатын. Сондықтан Диоклетиан заманының 248 жылы өткен жиынында христиан шіркеуінің дінбасылары Диоклетиан айтылатын күнтізбені мүлде жойып, заманды Христостың (ислам дінінде - Ғайса пайғамбар) туғанынан бастап есептеу туралы шешім қабылдаған. Христиан дінінің басқарушыларының айтуынша, Христостың туған нақты жылын анықтауды сақтардың діни мейрамдарының өткізілетін уақыттарын есептеу тəжірибесі бар Римдік монах, тегі сақ Кіші Дионисийге (497 - 540) тапсырады. Дионисий есептеп шығарған болып, "Христостың туғанына 532 жыл болыпты" деп жариялайды. Оған болмашы дерек іздеп отырған діншілдер сене қояды, ешкім тексермейді. Сөйтіп, Диоклетиан заманының 248 жылы "Христос туғаннан" кейінгі 532 жыл болып есептеледі. Келесі жыл 533 жыл, одан соң 534 жыл, т.с.с. Болып, қазіргі 2000 - 2002 жылдарға жетіп отыр. Алғашқы 532 жылда Христостың қашан туғаны жөнінде ешқандай əңгіме болмаған. "Христос туғаннан" деп есептелетін заман, көбінесе, "біздің Заманымыз" делінеді. Ресейде ерте кезде "Дүние жаралғаннан" деп есептелетін заман қолданылған. Петр I патша арнайы жарлық шығарып, "дүние жаралғаннан" басталатын 7209 жылы Христос туғаннан басталатын 1700 жыл болып өзгерді. Өзара қарым-қатынасты оңайлату мақсатымен, дүние жүзінің көпшілік елдерінде "біздің заманымыз" қолданылады. Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана.
Ежелгітарихтаболғаноқиғалардыңуақыт ыбіздіңзаманымызданбұрынғы (б.з.б.) Жылдарарқылыкөрсетіледі. Мысалы, Архимедб.з.б. 287 жылытуған. Дионисий 532 санынжəйалажылы 21 маусымдаайдыңбіріншіширегі (дөңесжағыоңғақарағанжартыдөңгелек) көрінді, ол 1980 жылыжəне 1999 жылы 21 маусымда тағы қайталанады. Əрбір 28 жылда апта күндері қайталанып, айдың сол күнін екеліп отырады. Мысалы, Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусым, жексенбі күні басталды, 1969 жылы жəне 1997 жылы 22 маусым күні де жексенбі болды. Сонда ай орағының белгілі бір кейпі, ай мен аптаның күндері - үшеуі бірдей қайталану үшін 532 жылы өтуі керек. 532 саны діни мейрамдардың мерзімдерін есептеуде жиі кездеседі. Дионисий тұсында Христос жайындағы аңыздардың шыққанына 5 ғ-дан асқан. Дионисийдің қолында мейрамдардың ескі таблицасы бар еді. Осыларды есте ұстай отырып, сақтардан шыққан сауатты монах мейрамдарды ертеде өткізілген күндеріне келтірді, ал Христос тек "тілге тиек" болды. "Христос туғаннан" басталатын заман Шіркеу құжаттарының өзінде тек 742 жылдан бастап қана кездеседі [13].

II Күнтізбелік ұғым.

2.1 Күнтізбе

Күнтізбе, календарь (латынша: calendarium -- қарызкітабы) -- ұзақ уақыт мезгілін Ежелгі Римде əрбірайдың 1-күні календы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар несие қорларға өсім төлеп отырған. Осыған байланысты календылары көрсетілген қарыз кітаптары болған. Күнтізбенің негізгі ұғымдары-тəулік, ай жəне жыл. Күнтізбе жасау үшін күннің, айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың арақатынастарын анықтау керек. Тағылық дəуірден өтіп, азды-көпті мəдениетке қолжеткен халықтардың бəріндеде күтізбе болған, өйткені күнтізбе сіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. Мекеніне, шаруашылығына жəне даму дəрежесіне қарай халықтардың күнтізбелері əртүрлі болған.
Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің - тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Қазақстан жерінің ежелгі халықтары жыл есебін құстардың көктем де келіп, күзде қайтуы бойынша жүргізіп отырған. Жыл құстары атауы сол ертедегі күнтізбе негізінде қалыптасқан. Ежелгі славяндар жылды жаз бойынша есептеген. Шаруашылық күрделеніп, еңбек бөлісу аясы кеңейген кезде дəлдігі құбылмалы ауа райына тəуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дəйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дəрежеге жетті.
Мұндай күнтізбелер алғаш рет Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Жуық түрде тропиктік жылдың ұзақтығы 365 күн тəулігі 5 сағ 48 мин 46 с, синодтық айдың ұзақтығы 29 күн тəулігі 12 сағ 44 мин 3 с. Орташа күндік тəулік 24 сағ. Демек, жылдың ұзақт. өз құрамындағы айлар мен күндердің сандарына бүтін сан ретінде бөлінбейді. Бұл үшеуі бірдей қалдықсыз бөлінетін сан да жоқ. Бөлшектерін тастап, жылды 365, айды 29 күн деп немесе жыл ұзақт. 366, айды 30 күн деп алғанда, уақыт есебі бірнеше жылда табиғи тұғырынан тайып, шатасып кетеді. Сондықтан кейбір жылдардың ұзақт. 365, екінші біреулерін 366 күн деп, айларды 28, 29, 30, 31 күнге тең деп алып, орташа мəндері бойынша жоғарыда келтірілген сандарға жақындатып отырады. Орташа мəндерге келтіру де оңай емес.
Бұл мəселені ертедегі халықтар əр түрлі жолмен шешуге талаптанған, соның арқасында əр түрлі К-лер шыққан. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады, олар: күн күнтізбелері, ай күнтізбелері жəне аралас күнтізбелер [13].

2.2 Күн Күнтізбесі

Күн күнтізбесі Ежелгі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығы дəл 365 тəулікке тең деп ойлап, оны əрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндср деп есептеген. 5 сағ 48 мин 46 с жылда 25 күн дерлік озып кетеді. Мұны түзету үшін Мысыр патшасы Птолемей III Эвергеттің б.з.б. 238 ж. 7 наурызда шығарған жарлығы бойынша алғашқы 3 жыл 365 күнге тең болып, одан кейінгі 4-жыл 366 күн болып есептеледі. Сонда жылдың ұзақт. орташа есеппен 365,25 күн болып, əрдайым тот айының 1- інде (бізше 29 тамыз) басталады. Бірақ Эвергет қайтыс болғаннан кейін Мысырда күнтізбе қолданылмай қалды.
Эвергет күнтізбесі осы күні Эфи-опияда қолданылады. Мысыр күнтізбесі еуропакүнтізбелерге арқау болды. Б.з.б. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі рим күнтізбесін өзгертіп, жаңа К. жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі Деп аталады.
Юлий күнтізбесі Эвергет күнтізбесіне ұқсас, бірақ Эвергет күнтізбесінде жыл басы 1 тот, Юлий күнтізбесінде -- 1 януарист (қазіргі қаңтар, ақпан, т.с.с. ай аттары -- рим айларының орыс тілінде қалыптасқан аттары). Юлий күнтізбесі ескі санат (стиль) деп те аталады. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықтығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Сондықтан 325 ж. 21 наурызда күн мен түннің жазғытұрымғы теңелуі 16 ғ-да 11 наурызға сəйкес келген. Теңелу күнін əрдайым 21 наурызға келетін етіп тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий XIII 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу жəне əрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.
Григорийкүнтізбесіндегі жыл тропиктік жылдан 26 с ұзақ. Бұдан 3280 жылда 1 күн жиналады. Григорий күнтізбесі Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана қолданыла бастады. 1918 ж. 24 қаңтарда (6 ақпанда) РКФСР Халком-кеңесі "Ресей республикасында батысеуропалық күнтізбені қолдану туралы" декрет қабылдады. Декрет бойынша К. 13 күнге жылжытылып. 31 қаңтардан кейінгі күн 14 ақпан болып есептелді[14,13 б.].

2.3 Ай күнтізбесі.Қазақ әдебиеті-мен байланысы.

Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда əр-бір 8 жылдың 5-інің ұзақт. 354 күннен, ал қалған 3-інікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақт. (354*5+384*3):8- -365,25 күн-ге тең болады. Ұзақт. 354 күн-дік жылдар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 6 айдан -- барлығы 12 айдан, 384 күндік жылдар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 7 айдан -- барлығы 13 айдан тұрады. 29 жəне 30 күндікай-ларкезекалмасыпотырады. Апта есебіде бұдан 4000-5000 ж. Бұрын осы ежелгі Вавилонда шыққан, содан біртіндеп басқа елдерге тараған. Араб күнтізбесі Ай қозғалысын апайғамбар (571 -- 632) нəсиді есептен мүлдем шығартып тастаған. Содан бері араб жылы 12 айдан құралады. Əрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Сонда араб жылының орташа ұзақтығы (354*19+355*11):30=354,37 күнге тең болады. Нақты жылдан 11 күнікемболғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады. Мысалы, 1 мұхаррам 1971 ж. 27 ақпанға, 1972 ж. 16 ақпанға дəлкелді.
Сондықтанбізше 33 жыларабша 34 жылғажуық. Бізге 622 ж. арабша 1-жыл, Мұхаммедтің Меккеден Мединеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай-һижрасы деп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін б.з.б. 4 ғ-да жылдарды Күн қозғалысы, айларды Ай қозғалысы бойынша есептейтін аралас күнтізбеге көшкен. Еврей жылында 353, 354, 355 күн (жай жылдар, 12 ай) немесе 383, 384, 385 күн (кібісе жылдар, 13 ай) болады. Бұлар жөнінде арнайы ережелер бар.Израильеврейлеріндеминут, секундұғымдарыжоқ, олардыңорнынахелекпенрэгқолданылады . Сағат -- 1080 хелек, хелек -- 76 рэг. Еврейше жылдар есебі б.з.б. 3761 жылдан басталады. Діншілдердің долбарынша сол жылы "дүние жаралған Бұл К. Израиль мемлекетінде қолданылады. Аралас К-нің бір түрі Ежелгі Қытайда қолданылған. Онда əрбір 19 жылдың 12-сі 12 айдан. 7-і 13 айдан есептелген. Қытайда 60 жылдық мүшел мен цзеци (жарты ай) есебі де болған. Жылдар есебінің жү-йесі заман деп, заманның басталған уақыты оның дə-уірі деп аталады. Əр күнтізбенің дəуірі əр түрлі. Ежелгі славяндар табиғи К. қолданған.
Русь 998 ж. Юлий күнтізбесіне көшкен, бірақ жылдар "дүние жаралғаннан" саналған. Онда бұрынғы сухий, березозол, травень, т.с.с. айлардың орнына наурыз, сəуір, мамыр, т.с.с. рим айлары алынған. Жыл қыркүйектен басталған. Петр I патшаның жарлығымен Ресейде "дүние жаралғаннан" делінген 7209 ж. "Ғайса туғаннан" делінетін 1700 болып қабылданды, жыл қаңтардан басталатын болды, Бұл күнтізбе 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келді [14,44 б.].
Ежелгі түркілер негізінен күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, əзербайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болған. Жылдың ұзақт. 30 күндік 12 айға бөлінген, айлардың ұзақтығы-нан тыс калған 5 -- 6 күн қосылып, жылдың ұзақт. 365,25 күн тəулігіне тең болып алынған, жыл басы -- 1 наурыз (яғни 1 амал -- 22 наурыз) болған. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді. Күнтізбе кітапшаларының бізге жеткен ең көнесі -- 354 ж. Римде қолмен жазылған қарыз кітабы. 1448 ж. неміс өнертапқышы И.Гутенберг тұңғыш рет күнтізбе кестесін басып шығарды.
Неміс аст-рономы И.Мюллер (латын-ша аты Региомонтан)күнтізбе кітабын журнал түрінде бас-тырып шығарды (1474). 1491 ж. Краковта (Полыпа) көне еңбек сіңірді, 1877 - 1922 ж. ол орыс тілінде сан алуан К. кітаптарын бастырып шығарды. Қазақ халқы орта ғасырларда тақтайшаға, жез қаңылтырға жазылған, тоқыма бұйымдарға кестеленген, т.б. К қарапайым К-лерді, Омар һайям (қ. Дарихи Жəлели күн-тізбесі) мен М.Т. Ұлықбек күнтізбелерінің көшірмелерін қолданған, ал 18 -- 19 ғларда ғасырларда түрік ғалымы М.Дəурендəуидің "Рузнамасын" пайдаланған. 1870 - 75 ж. татар тілінде "Гəреліктер", 1877 жылдан бастап Қайым Насыридың "Күнтізбе" Кітапшалары (Қазанда басылған) таралған. 1889 жылдан бастаи СанктПетербургте шағатай тілінде Ш. Тадивидің "Мұсылман күнтізбесі шығып тұрған. 1897 ж. Орынборда жекелеген əріптері қазақ дыбыста-рына ыңғайланып реформаланған орыс əліпбиімен, қазақ тілінде, қазақтарға арналған "Календарь для киргизов на 1897 год. 1897 жылға қазақ үшін шығарған кален-дарь" атты 91 беттік кітап ба-сылды. Қазақ тіліндегі тұңғыш күнтізбе кітабы сол болатын, одан кейін алғаш рет араб əрпімен (төте жазумен) жа-рық көрген қазақша күнтізбе -- 1922 ж. Орынборда басылып шыққан "1923 жылдың қазақ календары". 1929 -- 31 ж Б.Майлин мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эралар және олардың дәуірлері
Қазақ халқының уақыт есебі
Романдық өнердің стильдік формалары
Омар Хайям - парсы математигі, астрономы, ақын, философы
Қалалардың қалыптасуы
Қазіргі замандағы әлемдік діндер
Математика және күнтізбе
Омар Хайям шығармашылығының қазақ тіліне аударылуы
Христиан діні туралы
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Пәндер