Мемлекет нысаны ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Титулка үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
Мемлекет нысаны ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі және дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...6
2.МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК-ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Жәй мемлекеттік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Күрделі мемлекеттік құрылым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мемлекет - бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері - басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Аталмыш жұмыста мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық, федеративтік және конфедеративтік нысапндарының түсінігі, олардың анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы, түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.
Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, үйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Курстық жұмыста алға қойылған мәселелерді тек теориялық және құқықтық тұрғыларда ғана қарстырылып қана қоймайды, сондай-ақ қандай да бір тарихи жақтары мен ұқсастықтары қарастырылады, мемлекеттік құрылым нысандарына қатысты кейбір мысалдар келтіріледі және өзімнің жауаптарым баяндалады. Курстық жұмыстағы қарастырылатын мәселелердің біршама жалпы түсініктеріне тоқталамын, өйткені әрбір сұрақ үлкен ғылыми зерттеудің объектісі болуы мүмкін және сондай болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұнын оған байланысты құқықтық және теориялық мәселелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Мемлекеттік басқару нысаны туралы, олардың құрылымы мен құзыретімен, саяси режиммен танысу;
Республикалық басқару нысанының мәнін және маңызын қарастыру;
Республикалық басқару нысанының түрлерін талқылау;
Шетелдердегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері;
Қазақстан Ресбупликасындағы мемлекеттік басқару нысанының ерекшелігін талдау.
Мемлекет нысаны бағытындағы негізгі мәселелеріне талдама жасау.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Курстық жұмыстың тақырыбына арқау болған осы мәселелер туралы әдебиеттерде аз айтылып жүрген жоқ, соған қарамастан мен аталған мәселелер бойынша өз бетiмше құқықтық теориялық сараптау жасап кеткiміз келедi. Сондай-ақ мен осы курстық жұмыс барысында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының басқару нысандарының ерекешелiктерiде қарастырылып кеттi.
Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамалары аясындағы мемлекет билік жүйесіндегі басқару органдарының деңгейін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАН МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Мемлекет нысаны ұғымы

Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілген және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді. [1]
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер - министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар - бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады. [2]
Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде­мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады. [3]
Осы заманғы теория бойынша мемлекеттік құрылым унитарлық және федеративтік болып бөлінеді.

Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтың құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынады унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет болып табылады. Унитарлық мемлекет тек әкімшілік - аумақтық бөлшектерге бөлінеді де, мемлекеттік ішкі әкімшілік - аумақтық құрылымын құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылымдарға ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекеттерде бір ғана конституция, бір заң шығаратын жоғарғы орган, бір жоғарғы басқару органы, біртұтас азаматтық болады.
Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады.
Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация құрамында екі немесе одан да көп мемлекеттер болады. Федеративтік мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару, басқару органы бар.
Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден өріс алады. Бұл әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер федерациясына кіретін үкімет одақ мемлекеттің ең жоғарғы билігін құруы мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген. Мысалы, барлық республикалық одақ мемлекеттерінде палаталарының бірі федерация мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде федерация субъектілерінің теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне федерацияға енетін, конституцияны өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек мемлекеттерге депутаттарының санының теңдігін ұсынғанда көрінеді.
Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмперикалық түрлілігіне куә болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерациялардың унитарлық мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады.
Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады.
Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп құрылады. Конфедерация белгілері бар құрылым мемлекет конфедерациялық одаққа кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық сақтайды.
Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін толығымен сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект бола береді. Әдетте конфедерацияның бір әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның маңызы бойынша шапқыншылық немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау керек. Оларға қарағанда конфедерация тиісті тұрақты болады және оның мемлекеттік заңды сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге асырылмайтын, басқарудың конфедералдық органдары бар.

Мемлекеттің құрылым нысаны түсінігі және дамуы

Мемлекет формасының екiншi элементiне мемлекеттiк құрылымының нысаны жатады. Бұл мемлекеттiң әкiмшiлiк-жергiлiктi бөлiнуi, сол бөлiмдердiң бiр-бiрiмен қатынасы және мемлекеттiң және бөлiмдердiң арасындағы байланыстары. Мемлекеттiк құрылым - ұлттық мемлекеттiк қатынастарды, әкiмшiлiк-территорияларлық жүйесi, олардың ерекшелiктерiн бейелейдi. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтiк және конфедеративтiк мемлекеттерге бөлiнедi.
Тұтас мемлекеттер. "Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет" делiнген Конституцияның 2-бабының 1-тармағында ("унус" деген сөз- бiр, жалғыз деп латын тiлiнен аударылады) [4]. Тұтас мемлекеттер тек қана әкiмшiлiк- жергiлiктi аудандарға бөлiнедi. Мысалы, Қазақстанда әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкiмдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкiлерге бөлiнедi. Ал жергiлiктi өкiлдi органдар маслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергiлiктi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстердiң құқықтары тең. Жергiлiктi атқару орган -- әкiм.
Федерация "федус" деген сөз - одақ деп латын тiлiнен аударылады. Құрама мемлекет бiрнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама мемлекет -- күрделi мемлекет, ол федерацияның мүшелерiн бiрiктiредi. Мемлекеттiк органдар екiге бөлiнедi: жалпы федерацияның органдары және әрбiр мүшесiнiң жеке органдары. Федерацияның субъектiлерi iшкi iстерiн ерiктi өздерi шешедi, ал федеративтiк орталық органның қолында барлық iшкi-сыртқы билiк болады. Федеративтiк республика халықаралық құқықтың алдында тек бiр мемлекет болуға тиiс. Бiрақ тәжiрибеде кейбiр федерацияның субъектiлерi өздерi халықаралық қатынастарға шығуға құқығы бар едi, мысалы, СССР (Украина мен Белоруссия ООН мүшесi), Югославия, АҚШ, Канада. Көбiне олардың тәуелсiздiгi формальды түрiнде қалғаны мәлiм. Халықаралық құқық федерацияның өкiлi ретiнде шарттарға орталық билiк қолын қойғанын дұрыс санайды.
Федерацияда конституция, астана, азаматтық, заңдар, сот және қаржы жүйесi бәрi екiге бөлiнедi. Федерацияның екi түрлерi бар: ұлттық құрама және жергiлiктi құрама. Бiрiншiсiне бұрынғы КССО, Югославия, Ресей, Үндiстан жатады, ал екiншiсiне АҚШ, Австрия, ФРГ, Швейцария жатады. Олардың мемлекеттiк құрылысы тарихи дамумен байланысты.
Конфедерация. Бұл өте көлемдi және күрделi конфедерациялы мемлекеттердiң одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын. Конфедерация -- белгiлi мақсатқа жету үшiн бiрнеше ерiктi мемлекеттердiң уақытша одағы. Конфедерация мүшелерi өздерiнiң тәуелсiздiгiн толық сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттiк аппаратты, сот және қаржы жүйесiн, өздерiнiң ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешiмдердi олардың жоғарғы органдары мақұлдау керек. Тарихта конфедерацияның бiрнеше түрлерi кездеседi: Америкада 1781 жылы Конфедерацияның баптары қабылданған болатын, бұл бұрынғы Англияның 13 отарларын бiрiктiрдi. Вашингтон бұл федерацияны "құмнан iстелген арқан" деп атады. Конфедерацияның жалпы Конгресс деген органдары құрылды, ол тек қана үш сұрақты шештi: әскер, ақша, шет iстер, басқа қызмет бабы әр штаттың қолында сақталған едi. Германияда конфедерация 1815-1866 жылдары, Швейцарияда - 1815-1845 жылдары, Египет пен Сирия 1958 жылы бiрiккен Араб республикасын құрды, 1961 жылы Сирия бұл одақтан шықты. Сонымен, конфедерацияда отарлық билiктiң шешiмдерi тек конфедерация субъектiнiң мемлекеттiк органдарына жайылады да, жеке адамдарға және ұйымдарға жайылмайды. Конфедерацияның субъектiлерi халықаралық қарым-қатынастардың субъектiлерi болып қала бередi. Конфедерациялар өте әлсiз және тұрақты емес.
Мемлекеттiң тарихи даму процесiнде оның нысанына бiрнеше жағдайлар әсер етедi. Бiрiншi жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оың шекарасы теңiзге, мұхитқа шықса, бұл екi жағдайда екi мемлекеттiң нысаны екi түрлi болады. Аралда орналасқан мемлекеттердiң континенттiк мемлекеттермен салыстырғанда демократиялық режимдерi күштiлеу екендiгi байқалады. Шығыс мемлекеттерде бiрiншi iрi цивилизациялардың дамуы ұлы өзендермен байланысты болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Нiл, Вавилонда-Тигр және Евфрат, Үндiстанда-Ганг. Шығыс мемлекеттерде- монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика құрылған. Ежелгi демократиялық республикалар Жерорта теңiзiнiң жағасында орналасқан мемлекеттерде болғаны жақсы белгiлi. Қазақстанның географиялық жағдайы, екi -- Ресей және Қытай сияқты iрi мемлекеттермен көршiлес болуы, теңiзге қашықтығы және ашық жолдың жоқтығы мемлекеттiң дамуына едәуiр нұқсан келтiрiп отыр. [5]
Мемлекеттiң құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерiн тигiзедi. Ежелгi-феодалдық немесе шығыс мемлекеттерде рулық қоғамның қалдықтары көп уақытқа дейiн сақталып келдi. (Ману заңдарында, Салистiк жинағында- (Салическая правда), Орыс мемлекетiнiң жинағында -- Русская правда). Кейiн алғашқы қоғамның ыдырау процесiнде ол қалдықтар жойылады да мемлекеттiң нысаны қатты өзгередi. Мысалы, Үндiстанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған: патшаның әдiлеттi болуы, жеке меншiктi бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы мiндеттi болған. Бұл туралы Ману заңдарында айтылған. Ресейдiң феодалдық мемлекетiнде халық жиналысының, соттың, рулық қауымның рөлдерi көпке дейiн сақталып келдi. Саяси жағдай, топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиеленiскен жағдайларда демократиялық басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезiнде көбiне мемлекеттi басқару бiр адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттiң экономикасы жақсы қолданылатыны мәлiм (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттiң құрылымына қоғамның ұлттық құралы, тарихи әдет-ғұрыптары немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерiн тигiзедi. Ресей, Үндiстан, Америка, Мексика мемлекеттерi көп ұлттық мемлекеттерге жатады, сондықтан олардың мемлекеттiк құрылымдары -- федерация. Ал Жапония, Германия, Польша бiр ұлттық мемлекеттер, бiрақ бiреулерi тұтас мемлекет, екiншiлерi, мысалы, Германия -- федерация. Бұл жағдайды анықтау үшiн Германияның мемлекеттiк процесiн және тарихын жақсы бiлу керек. ХІХ ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшiн күресi Пруссияның жеңiсiмен аяқталды. Бiрақ феодализм кезеңiнен Германияның капитализiмге көшкенiмен, буржуазиялық мемлекеттiң қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан қазiр де немiстер бiрнеше тәуелдi мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия -- олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерiнде көне дәуiрден қазақтың арғы атасы -- түрiктер, бергi атасы -- қыпшақтар өмiр сүрген. ХV ғасырда қазақ хандығы құрылып өзiнiң тәуелсiз мемлекетi болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы ХХ ғасырда болды. Сондықтан Қазақстан республикамыздың қазiргi Конституциясы бiртұтас, бөлiнбейтiн мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттiң нысанына халықаралық жағдай, мемлекеттердiң арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күштi адамдардың iстерi де әсер етедi. Отарлық мемлекеттердiң басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттерiнiң нысаны үлгi болатыны мәлiм. Дамыған елдердiң саяси-мемлекеттiк құрылысы, олардың демократиялық iс-әрекеттерi дамушы елдерге көп әсер етуi объективтiк процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкiл Еуропа континентiне, Жапония және Скандинавия мемлекеттерiне өзiнiң шектелген конституциялық монархиясын үлгi ретiнде сыйлағаны мәлiм. Ал АҚШ өзiнiң көршi мемлекеттерiне және посттоталитарлық мемлекеттерге президенттiк республикасының әсерiн тигiздi. Франциядағы Де Голль құрған парламенттiк республика да кейбiр мемлекеттерге әсерiн тигiздi. [6]
Республиканың мемлекеттiк құрылысына саяси күштi адамдардың қызметi және жүргiзген саясаты әсерiн тигiздi: Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, Петр Бiрiншi, Ататүрiк және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Лениннiң саясаты бiр континенттiң мемлекеттерiне 70 жылдан аса уақытқа үлгi болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың мемлекеттерiнiң тарихына ықпал жасағаны мәлiм.
Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі халықтардың консолидация құралы болады.
Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары - жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.
Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды. [7]

2. МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК-ҚҰРЫЛЫМ НЫСАНЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 Жәй мемлекеттік құрылым

Аумақтық-мемлекеттік құрылыс нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, орталық және жергілікті биліктің өзара қатынас қағидаттарын айқындайды. Заманауи мемлекеттерді әкімшілік-аумақтық белгілері бойынша бөлу негізіне келесідей принциптер қойылады: -- мемлекеттің жекелеген бөліктерінің құқықтық мәртебесі, -- орталық пен аймақтардың өзара қатынас түрі.
Қазіргі күнде аумақтық-мемлекеттік құрылыс нысанының үш негізгі түрлері туралы айтуға болады: біртұтас, федеративтік және конфедеративтік. Біртұтас мемлекет -- әкімшілік-аумақтық бірліктерден құралатын біртұтас мемлекет. Федерация -- дербес бірліктерді қамтитын және оны құрайтын бөліктер мемлекеттік суверенитеттің бірқатар белгілеріне ие одақтас мемлекет. Конфедерация -- бірлескен саяси, әскери, немесе басқа да мақсаттар үшін құрылған уақытша сипатқа ие одақтас мемлекет.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Унитарлық мемлекет-бұл мемлекеттің орталық органдарына бағынатын, мемлекеттік егемендігі жоқ, әкімшілік-аумақтық бірліктерден тұратын бір тұтас мемлекеттік құрылым. Мысалы, Қазақстан, Италия және т.б.
Унитарлық мемлекет белгілері:
-барлық мемлекетке ортақ заң шығарушы, атқарушы, сот органдарының болуы;
-бір конституция, бір азаматтық, бірыңғай заң жүйесінің болуы;
-мемлекеттік егемендігі жоқ, құрамдас бөліктерден тұруы;
-шағын саны бар ұлттар тұратын біртұтас мемлекетте ұлттық және заңнамалық автономияға жол берілуі;
-сыртқы мемлекет аралық қарым-қатынастарды орталық органдардың жүзеге асыруы;
-бірыңғай қарулы күштердің болуы.
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында "Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет" делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. [7]
Унитарлық мемлекет түсінігін басқаша біртұтас мемлекет ретінде қарастырады. Біртұтас құрылыс үкіметтен бастап жеке аумақтардың билік органдарына дейінгі аралықтағы жоғарғы билік органдарының біртүтас жүйесімен, біртұтас басқару мен құқық түрімен, ортақ Конституциясымен, біртұтас сот жүйесімен, бір азаматтықтың болуымен сипатталады.
Біртұтас биліктегі басқару тетіктері орталық органдардың қолдарында жинақталады. Яғни бұл құрылыста үкіметтен бастап жекелеген аумақтардың билік органдарына дейінгі билікті қамтитын елді басқарудың бірыңғай жүйесі өмір сүреді. Орталық үкімет заңдарды сапалы түрде орындау мақсатында өкілеттіліктердің бір бөлігін жергілікті әкімшілік органдарға береді.
Біртұтас мемлекетте ортақ азаматтылықтан бөлек, жекелеген аймақтардың азаматтығына жол берілмейді. Мәселен, Ресейде Татарстан тұрғыны бір мезгілде өз автономиясының (федерация субьектісінің) және федерация азаматы болып табылса, Қазақстандағы Павлодар облысының тұрғыны облыс азаматы болып саналмайды, өйткені ол еліміздің барлық азаматтары тәрізді Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады [8].
Қазіргі күндегі заманауи мемлекеттердің көпшілігі билікті аумақтық ұйымдастырудың біртұтас нысанына басымдық береді. Бұл мемлекеттегі негізгі құзырет үкіметтің қолында жинақталгандықтан, орталық мемлекеттік (жалпымемлекеттік) органдар маңызды биліктік функцияларды иеленеді. Елде заңдарды тек Парламент шығара алады, атқарушы билік үкіметтің қолында болады, ал Жогарғы Сот шешімі барлығына міндетті болып табылады. Мемлеқет басшысы конституцияға сәйкес жекелеген өкілеттіліктерді жергілікті билік органдарына береді.
Біртұтас мемлекетте орталық органдар суверенитет иесі болып табылады. Аймақтар суверенитетті иеленбейді. Яғни жекелеген облыстар өз конституциялары мен заңдарын шығара алмайды. Біртұтас мемлекетте заңнамаларға қайшы келетін кез келген шешімдер лезде жойылады. Осы ретте, жекелеген біртұтас мемлекеттердің белгілі бір провинцияларының немесе аумақтарының мемлекеттің құқықтық жүйесін бүзуға талпынатын жағдайлар ішінара болса да орын алып отыратынын айта кету керек.
Ел тұрғындарының басым көпшілігі бір ұлттан тұратын, сонымен қатар көпұлттардан тұратын елдер де біртұтас мемлекет бола алады. Осы ретте, бір ұлттан тұратын біртұтас мемлекеттердің қатарында Польша, Түркия, Египет, Жапония, Швеция елдерін айта кетуге болады. Ал көп ұлттардың өкілдері қатар өмір сүріп отырған біртұтас мемлекеттерге мысал ретінде Қытай, Финляндия, Украина, Ұлыбритания, Қазақстан және тағы басқа да елдерді айтуға болады. Қазіргі күнде бұрын бір ұлт өмір сүретін елдердің өздері көпұлттық елдерге айнала бастауда. Мәселен, Францияда поляк, неміс, орыс, қытай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Қазақстан Республикасының мемлекет нысандарының жүйесі
Қоғам және мемлекет. Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің механизмі
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Құқықтық қатынастардың классификациясы
Мемлекеттің ұғымы мен белгілері
Қaзaқстaнның қылмыстық құқығының бaстayлapы (қaйнap көздepі)
Кінәнің түсінігі
Құқық нысаны
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Пәндер