Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5
1.1 Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы, түсінігі
5
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
7
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢДАРЫ БОЙЫНША ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІК
9
2.1 Жеке кәсіпкерлік түсінігі, түрлері
9
2.2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу
11
2.3 Жеке кәсіпкерлік аясындағы жауапкершілік
18
ҚОРЫТЫНДЫ
25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан жақты дамытуды ұйғарады, ал Қазақстанның 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды. Сондықтан нарықтық қатынасқа өту біздің қоғамымыздың алдында бірнеше міндеттер қояды, олардың ішінде кәсіпкерліктің дамуы маңызды орынға ие. Ал кәсіпкерлік даму үшін оны құқықтық реттеу ең басты міндет болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет заман талабына сай нормативтік өзгертулер мен бағдарламалармен қамтамасыз етілген. Осыған байланысты жаңаша теориялық кешенді зерттеуді қажет ететіндіктен және дербес ғылыми зерттеу пәні болғандықтан аталған тақырыптың өзектілігін құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Зерттеу барысында кәсіпкерлік түсінігі, нысандары және түрлерін, оның ерекшеліктерін, кәсіпкерлікке қатысты құқықтық-теориялық және тәжірибелік мәселелерді зерттеу.
Зерттеу барысында алға қойылған міндеттер:
- Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтау;
- Қазастандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен бүгінгі таңдағы жағдайын, даму ерекшеліктерін зерттеу және дамудағы жаңа беталыстарды анықтау;
- Кәсіпкерлік аясында еңбекті жалдауды құру мен қолдану;
- Кәсіпкерлікті реттейтін қолданыстағы заңдар мазмұнын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар жасау.
Зерттеу жұмысының пәні кәсіпкерлік қатынастарынан туындайтын қоғамдық қатынастар.
Жұмыс құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен нормативтік актілерден, қосымшадан тұрады. Курстық жұмысының нормативтік негізін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикаының Азаматтық кодексі және осы кодекске сәйкес қабылданған азаматтық заңдар мен заң актілері.Зерттеудің теориялық негізін азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық ғылымдарының дамуына үлес қосқан отандық және жақын, алыс шетелдік заңгерлердің ғылыми еңбектері құрайды.
Курстық жұмысын зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кәсіпкерлікті реттейтін нормалар жете сараланып, өз тарапымнан зерделеніп заңнамаға ұсыныстар жасаумен анықталады. Кәсіпкерлер саласындағы осы кәсіпкерлердің қызметті жүзеге асыруындағы проблемаларды анықтап, анықталған проблемаларды шешу мақсатында төмендегідей ұсыныстар келтірдім:
1. Тапсырыстарды қарау мерзімін қысқарту туралы мәселені қарау;
2. Сараптамалық кеңестердің қызметін жақсарту үшін 2006 жылғы 31.01 Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының Заңына және Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестер жөніндегі Үлгі ережені бекіту туралы 2006 жылғы 2.06 № 496 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жолымен кәсіпкерлік мәселелері бойынша олардың қызметтік міндеттерін кеңейту;
3. Кредит беру нысандарын қайта қарау, өйткені кәсіпкерлердің көбінде қаржылық қаражаттарының жоқтығынан жаңа өндірісті дамытуға немесе ашуға мүмкіндік жоқ, сондай-ақ сыйақы ставкілерін жылдық 8 % төмендету, бірақ аса қатаң жағдайларда және Даму кәсіпкерлікті қолдау Қоры арқылы.

Кәсіпкерлік қызметтің даму тарихы, түсінігі
Бұл кешенді оқу пәні, оның құрамына ұлттық құқық жүйесінің кейбір нормалары мен институттары кіреді (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының). ҚР кәсіпкерлік құқығы - бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Рынок экономикасы жағдайында шаруашылық байланыстардың күрделілігі мен санқырлысы мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді. Дәл осындай кезде экономикалық және құқықтық білімдерді синтездеуге қабілетті мамандар қажет, бұл барлық мамандардың құқықтық дайындығының маңызын белгілейді. Мысалы, экономикалық категорияларды білмейтін заңгер экономикалық дауларды шеше алмайды, ал кадрлармен жұмыс істейтін менеджер еңбек заңнамасын білмей өзінің міндеттерін атқара алмайды. Осы айтылған жағдай кәсіби жоғары білім аламын деген барлық мамандардан құқықтық білімдерді талап етеді.
Қазақстанда рынок экономикасын құру бұрын болмаған кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру және оны жүйелі түрде одан әрі жетілдірумен байланысты болды. Бұл кәсіпкерлік құқығының пән ретінде қайта қалыптасуына себеп болды, кеңес дәуірінде ол шаруашылық құқық деп аталып келді, бірақ оның мазмұны жоспарлы социалистік экономикасының мәселелеріне бағытталған болатын. Жаңа кәсіпкерлік құқығының оқу пәні ретіндегі құрылымдық мазмұны осы кезге дейін заңгер-ғалымдардың дауларының объектісі.
Кәсіпкерлік құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар кәсіпкерлік құқықтың пәнін құрайды. Яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Кәсіпкерлік құқық - бұл мемлекеттің және қоғам мүддесінің қамтамасыз ету мақсатындағы шаруашылық қызмет субьектілерінің қатынастарын мемлекеттік реттеу бойынша және олардағы кәсіпкерлік қатынастар реттелетін нормалардың жиынтығын білдіреді.
Сондай-ақ кәсіпкерлік құқық пәні ретінде кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің арасында туындайтын мүліктік қатынастарды да атауға болады.
Мүліктік қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан оның белгілі бір деңгейдегі мүліктік құндылыққа иелігі дараланып тұрады. Мүліктік қатынастар әрқилы нысандарда көрініс табады. Сондықтан да олар тек кәсіпкерлік құқық емес, сонымен қатар басқа да құқық салаларымен қоса реттеледі. Мысалы,тұлға ұрлық жасауға оқталса, онда азаматтық жауаптылыққа емес, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, ұрлыққа оқталу қоғамдық қатынастардағы тәртіпті бұзуға бағытталғанымен, меншік иесіне ешқандай зиян тигізбейді. Ал, егер қылмыстық әрекет не әкімшілік құқықбұзушылық салдарынан мүлікке зиян келсе, онда тұлға азаматтық жауаптылыққа да тартылады.
Құқықтық реттеудің әдісі - құқықтың қоғамдық қатынастарға нормативтік әсер етуін қамтамасыз ететін арнайы құралдар мен тәсілдердің жүйесі, олар қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтау арқылы осылардың әрекет ету ережелерін белгілейді. Басқаша айтқанда, құқықтық реттеудің әдісі - бұл белгілі қатынастардың қатысушыларынан мемлекет талап ететін әрекеттілікті қамтамасыз ететін құралдар мен тәсілдердің жүйесі.
Кәсіпкерлік құқығының әдісіне келетін болсақ, оның өзіне тән ерекшелігі бар. Кәсіпкерлік қатынастар жоғарыда айтып кеткендей бірнеше құқық салаларының нормаларымен реттеледі (азаматтық, қаржылық, еңбек, жер, банктік, салықтық және өзге де құқық салаларының), осыған байланысты нақты құралдар мен тәсілдер туралы айту мүмкін емес. Жалпы құқық теориясында орын алған императивтік және диспозитивтік әдістер кәсіпкерлік қатынастардың реттелуін толық қамтамасыз етеді. Сонымен, кәсіпкерлік қатынастарды құқықтық реттеу әдісінің негізінде әдеттегі рұқсат беру, талап ету және тыйым салу тәсілдері жатады.
Кәсіпкерлік құқығының принциптері оның негізгі бастаулары ретінде шаруашылық қызметті реттеуге бағытталған барлық құқықтық нормалардың жиынтығын қамтиды. Оларға жататындар:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде екіжақты қызығушылыққа көздеуге бағыттау принципі;
2) меншік нысанына, қызмет түріне, өндіріс көлеміне және өзге де белгілерге қарамастан кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің теңдігін сақтау принципі;
3) экономикалық бостандықты және кәсіпкерлік әрекеттілікті қолдау принципі;
4) адал бәсекелестікті қолдау және монополизмнен қорғау принципі;
5) кәсіпкерлердің мотивациясын қоғамға қажетті шаруашылық нәтижелерге жетуге бағыттайтын экономикалық, құқықтық, ұйымдық-әкімшілік және саяси механизмдерді пайдалана отырып кәсіпкерлік қатынастарды мемлекеттік реттеуде кешенді шаралар қолдану принципі;
6) заңдылық принципі (құқықтық мемлекет құруды қамтитын негізгі принцип болғандықтан міндетті түрде қоғамдағы барлық қатынастарға қолданады).
Құқықтың қайнар көзі - бұл құқықтың сыртқы сипатын білдіретін нысана. Қазақстандық құқық континентальдық құқықтық жүйеге жатады, сондықтан оның негізгі қайнар көзі болып нормативтік құқықтық акт табылады.
Нормативтік құқықтық акт құқықтық нормаларды бекітуге, өзгертуге немесе олардың күшін жоюға арналған.
Кәсіпкерлік құқықтың негізгі қайнар көздері болып кәсіпкерлік саласында қатынастарды реттейтін нормалар табылады. Оларға жататындар: Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасы, халықаралық шарттар. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, егер заңда тиісті құқықтық нормалар болмаған жағдайда, қосымша құрал ретінде іскерлік айналым әдеттері қолданылуы мүмкін.
Сонымен, кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері болып табылатындар: ҚР Конституциясы, кодекстер, конституциялық және ағымдағы заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары, министрліктердің (агенттіктердің, комитеттердің) бұйрықтары, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі басқару органдарының актілері.
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік іс - мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы жүзеге асырылады.
Нарық қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Нарықты экономиканың қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді. Негізгілері: икемді нарық жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары нарықтық қатынастар кезінде ғана емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән ерекшеліктері бар құбылыс.
Сонымен қорыта айтқанда "Кәсіпкерлік, "Бизнес", және "Коммерция" түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана енгізілді.
"Кәсіпкерлік" және "бизнес" түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн. Орыс тілінде "бизнес" - кәсіпкерлікті, ал "бизнесмен" - кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді, сонымен қатар, қосымша мағына да береді. Кәсіпкерлік сөзінің ар жағында - "іс" және жай ғана "іс" емес, "кәсіпорын", яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.
Кәсіпкерлік нарықтық экономикада құлашын кең жайған құбылыс. Кәсіпкерліктің негізгі және маңызды нышандары (сипаттары) мыналар:
Шаруашылық субъектілерінің жеке даралылығы (өзінің қалауымен қызмет етуї) және тәуелсіздігі.
Әрбір кәсіпкер өнірістік, коммерциялық, қаржылық және тағы басқа да мәселелерді жеке дара тәуелсіз шешеді.
Экономикалық қызығушылық.
Кәсіпкерлік қызметтің қозғаушы және алға тартушы күші мен факторы - экономикалық -әлеуметтік тиімділік. Өз пайдасын көздей отырып, кәсіпкер, сонымен қатар қоғамдық мүдделерге де қызмет етеді.
Новаторлық, шығармашылық алғышарт.
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігі өнімнің жаңартылуы, ешкім ойламаған
мүлдем жаңа шешімдер қабылдау қабілеті, икемділігі, біліктілігі, туындаған жағдайды дұрыс және дәлме-дәл бағалауы, батыл шешім қабылдап он жүзеге асыруы.
Шаруашылықтағы нар тәуекелділігі.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізу әрқашан да нар тәуекелмен жүзеге асатын, күрделі де жауапты шаруа. Мамандар бағалауы бойынша, тексеруден өткізілген жаңа ойлардың ішінен тек екеуге жуығы ғана өз қолдауын табады.
Қызмет бабының қысқа мерзімділігі, икемділігі және тиімді тактикалық әдістерін қолдану.
Кәсіпкерлік қызмет үздіксіз және қосарлана, ілеспелі түрде жүргізілетін келісім-шартты әр текті және жан-жақты кешенді жұмыстардың, іс-қимылдың жиынтығы. Осылардың әрқайсысы салыстырмалы түрде әрі қысқа, әрі мәмілелі келісілген мерзім уақытымен және нақтылы кезеңдер шеңберінде шектеулі жағдайда болады. Демен, әр жұмыстың шегі, тиімді және оңтайлы әдістері бар. Мақсат - дұрыс іс-қимыл жасау, жаңалықты іздеп табу, оны кәсіпкерлік жұмысында пайдалану.

Заңдарға сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері төмендегілерді орындауға құқылы:
егер ҚР заңымен басқадай көзделмеген болса, жеке кәсіпкерліктің кез келген түрін жүзеге асыруға;
ҚР заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлікті жалдама еңбекті пайдаланып жүзеге асыруға;
ҚР заңдарымен көзделген тәртіпте филиалдар мен өкілдіктер құруға;
ҚР заңдары белгілеген жағдайларды есептемегенде, өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) өз бетінше баға белгілеуге;
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтем негізінде қаражат (қарыз) беруге;
өз құқығы қабілеті шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;
шағын кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін құруға;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелген бірлестіктері арқылы сараптама кеңестері жұмысына қатысуға;
жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуына кінәлі болған тұлғаларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша бақылау және қадағалау қызметтерін атқаратын құқық қорғау және мемлекеттьік органдарға шағымдануға;
өз құқытары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сот органдарына шағымдануға;
жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің орындалмауына немесе тиісті емес дәрежеде орындалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы мемлекеттік органдарда қарауға ұсыныстар беруге (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 8-бабы, 1-тармағы).
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік - азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес зңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.Ол әсіресе серіктес мүліктік жауапкершілікті бірінші дәрежеге қоятын әрқандай іс-әрекет қимылдарды тиымды пайдаланатын тұлға болып есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік бұл заң әрекеті қимылы жағынан екіге бөлінеді:
жеке тұлғалы кәсіпкерлік;
заңды тұлғалы кәсіпкерлік
Жеке тұлғалы кәсіпкерлікпенен заңды тұлғалы кәсіпкерліктің төмендегідей айырмашылығы бар. Жеке тұлғалы кәсіпкерлік ресми түрде барша экономикалық қатынастардан пайдаланады:
а) қаржы көздері жағынан;
ә) қажетті тауарлармен қызметтерді қамтамасыз ету жағынан;
б) өндіріс процесін тиымды дәрежеде ұйымдастыру жағынан;
в) несие беру жағынан;
г) жаңа техника мен технология жағынан қамтамасыз ету.
Жеке кәсіпкер дегеніміз бұл заңды тұлға құрмай, заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылданатын жеке азаматтар.Осыған байланысты жеке кәсіпкерлік екі топқа бөлінеді:
1.өзіндік кәсіпкерлік;
2.бірлескен кәсіпкерлік
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланыст дербес жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобі (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:
ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншіші негізіндегі жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншіші немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестк
Ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі, бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың өзара келісуі арқылы, ынтымақ бірлесуі арқылы, аудан әкімі жағынан тіркеуден өткен соң өтініш білдіріледі. Егер кәсіпкер дәйекті түрде басқа тұлғалармен экономикалық қатынас жасауды қалайтын болса, осы қызмет үшін лицензия алуы тиіс. Лицензия бергені үшін аудан әкімінің аппараты алым алмайды. Ал бұл лицензия өнеркәсіп, аул шаруашылық, құрылыс және жөндеу қызметтері үшін, сауда үшін шектелген мерзімде лицензия беріледі. Лицензия мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін. Ал жеке дәрігерлік, мал дәрігерлік қызметін жүзеге асыру үшін лицензия мерзімі шектелмейді. Ал көлік қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия кемінде 5 жыл мерзімге беріледі. Ал жеке қызметтердің кәсіпкерлік түрлеріне лицензия кемінде 1 жылға бері леді.
Тауар сататын азаматтар импорт, экспорт үшін лицензия беру Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік" туралы заңында белгіленген дәрежеде беріледі.
Жеке кәсіпкерліктің әр алуан түрлерін жүзеге асыру кезінде іскерлік айналымда іс-қимыл жасау, өндіріс процесінің 2 түрін анықтадық, соның екінші түрінде бірлескен кәсіпкерлік жағдайында тұлғалардың құқықтық іс-қимылы төмендегідей жағдайда болуы керек:
Біріншіден: кәсіпкерлікті жүзеге асыруда ерлі-зайыптылардың мүддесі бір-біріне қайшы болмауы керек. Бір-біріне пайдалану жағынан мүлікті әр түрлі дәрежеде пікірі болмауы керек. Яғни пайдалануға зайыбының өзара келісімі көзделеді.
Екіншіден: ерлі-зайыптылардың іс-әрекетінде, яғни кәсіпкерлікті жүзеге асыру ретінде ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінің келісімімен ерлі-зайыптылардың атынан іс-қимыл жасайды. Мұның өзге жеке кәсіпкерлікті тіркеу кезінде расталуы керек.
Үшіншіден: кәсіпкерлік қызметінің объектісі болған үйді пайдалануға байланысты кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде іскерлік айналымда тұрғын үйге меншік иелерінің куәландырған келісімі болуы тиіс. Осы жағдайда ғана бұл субъектілер жеке кәсіпкерлердің іс-қимылын жүзеге асырады.

Мемлекеттік реттеудің тікелей әдістері, негізінен, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлқына ықпал етудің әкімшілік құралдарын пайдалануға байланысты. Мемлекеттік реттеудің ондай әдістеріне кәсіпкерлік қызмет субъектілерін мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау және т. б. жатқызуға болады.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің сапасына бақылау жасау болып табылады.Нарықтық қатынастар жағдайында тұгынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері маңызды және елеулі мағынаға ие болады. Нормативтік-құқықтық актілерде қазіргі таңда негізге алынатын ұстанымдар айқын тұжырымдалған:
-- тұтынушылардың тауарлар қауіпсіздігіне құқығы;
-- тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы дұрыс ақпарат алу құқығы;
-- сапасы нашар тауарлар мен қызметтер келтірген залалды өтеу.
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің келесі бағыты бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде баға басқарудың маңызды құралы және мемлекеттік реттеу нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасында баға белгілеу жүйесі сұраныс пен ұсыныс ықпалымен қалыптасқан еркін (нарықтық) бағалар мен тарифтерді қолдануға негізделген және бағалардың төмендегідей: еркін бағалар; көтерме (босату) бағалар; бөлшек сауда бағалары; реттелетін бағалар түрлерін қарастырады.Еркін бағалар тараптардың келісімімен тағайындалады және ҚР Үкіметі белгілеген тізбеден басқа барлық тауарлар мен қызметтерге таралады.Еркін бағалар екі түрлі болады: көтерме және бөлшек. Көтерме (босату) бағалар дайындаушының тұтынушымен келісімі бойынша кұрылады, олар қосылған құн салығы мен акциздерді қамтиды және жұртшылықтан басқа барлық тұтынушылармен есеп айырысқанда қолданылады. Бөлшек сауда бағаларын халыққа тауар сатумен айналысатын коммерциялық ұйымдар анықтайды, ол бағалар қосылған кұн салығын және сауда үстемақысын енгізе отырып белгіленеді. Реттелетін бағаларды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары тауарлар мен қызметтерге ҚР Үкіметі тағайындаған тізбе бойынша белгілейді. Кәсіпкерлік қатынастарды салықтық реттеу бір мезгілде мемлекеттің бюджетке түсетін салықтардың және баска да міндетті төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету бойынша қызметі де, мемлекеттің орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында жеңілдіктер мен артықшьшықтар берудегі қызметі де болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті ынталандыратын салық құралдары қатарына, мысалы, салық мөлшерлемелерін саралау, негізгі құралдардың жеделдетілген амортизациясын өткізу, әр түрлі салық жеңілдіктерін, кейбір арнайы салық режимдерін жатқызуға болады. Арнаулы салық режимдері төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі, ал оған кіретіндер: патент негізіндегі арнаулы салық режимі; онайлатылған мағлұмдама негізіндегі арнаулы салық режимі;
2) шаруа және фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимі;
3) занды тұлғалар -- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі (ҚР СК 426-бабының 1-тармағы).
Патент негізіндегі арнаулы салық режимін келесі шарттарға сай келетін жеке кәсіпкерлер қолданады:
1) жұмыскерлер еңбектерін пайдаланбайтындар;
2) қызметін жеке кәсіпкерлік формасында жүргізетіндер;
3) салық кезеңі (күнтізбелік жыл) ішіндегі табысы ең аз 200 жалақы мөлшерінен (ары қарай -- ЕАЖМ) аспайтындар. Патент құнын жеке кәсіпкер жарияланған табыстың 2 %-ы көлемінде мөлшерлеме қолдану жолымен есептейді.
Патент құны бюджетке:
1) жеке табыс салығы түрінде -- патент құнының 12 көлемінде
2) әлеуметтік салық түрінде -- Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы ҚР Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын шығарып тастағандағы патент құнының 12 көлемінде төленеді. Лицензиялау туралы заң лицензиялауға жататын қызметтің түрлерінің, қосымша түрлерінің жете қарастырылған тізбесін белгілейді. Сөйтіп, Лицензиялау туралы Заңның 11-бабына сәйкес, лицензиялауға төмендегі салалардағы қызметтің жекелеген түрлері жатқызылады:
1) өнеркәсіп;
2) атом энергиясын пайдалану;
3) улы заттар айналымы;
4) техникалық қауіпсіздік;
5) көлік;
6) есірткі, психикаға эсер ететін заттар;
7) ақпараттық қауіпсюдікті қамтамасыз ету;
8) жедел іздестіру шараларын өткізу үшін арнайы техникалық құралдар;
9) қаруландыру, әскери техника және қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар және олар пайдаланылатын бұйымдар айналымы;
10) ғарыш кеңістігін пайдалану;
11) ақпараттандыру және байланыс;
12) білім беру;
13) бұқаралық ақпарат құралдары
14) ауыл және орман шаруашылықтары, жерге орналастыру, геодезия жэне картография;
15) денсаулық сақгау;
16) жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету;
17) ойын бизнесі;
18) ветеринария;
19) сот-сараптау;
20) мәдениет;
21) қаржы саласы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет;
22) сәулет, қала кұрылысы және құрылыс;
23) ҚР мемлекеттік рәміздерін әзірлеу;
24) кеден ісі;
25) этил спирті мен алкоголь өнімі өндірісі және айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі;
26) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызмет;
27) тауарлар экспорты және импорты. [1]
Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы:
- ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
- халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
- Монополияға қарсы әлеуеті бар;
- ғылыми-техниалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
- нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді.
Кәсіпкерлік қызметін қолдау және дамыту жөнінде ел президенті биылғы 31 қаңтар 2017 жылғы жолдауында: Біздің стратегиялық мақсатымыздың бірі -- елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50 % болуын қамтамасыз ету. Бұл -- өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеңде мынадай қадамдар жасалуы қажет. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс. Сондай-ақ, бизнестің қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімнің жаңа моделін жасау міндетімен үйлеспейді. Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.Бұл жұмысты әсіресе өңірлік деңгейде атқару маңызды.-делінген. [2] Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек. Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытуды жүзеге асыру жолдары ретінде келесілерді атауға болады:
-- Мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлік проблемеларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлейтін ғылыми-зерттеу институттарын құру;
-- Орталық мемлекетік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылық орталықтарды ұйымдастыру;
-- Жеке бизнесті мемлекеттік қолдау және дамытудың қаржы институттарын құу;
-- Бизнес-инкубаторлардың және идустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру.
Елімізде бизнесті, соның ішінде шағын және орта бизнесті, әсіресе инновациялық бизнес пен венчурлік бизнесті дамытуға мемлекеттік даму институттарының қызметін ұтымды пайдалану және үйлестіру едәуір ықпал етеді. Олар жеке бизнес субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай-ақ елдегі жалпы инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру, оның ішінде жоғары технологиялық, ғылыми сиымдылықты өндірістерді, өндірістік инфрақұрлымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға жәрдемдесу, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту мақсатында құрылады. [3] Кәсіпкерлік қызметті дамыту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz