ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І-Бөлім. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі ... ... ... 4
1.2Оқытудың белсенді әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3Жаңа технология элементтерін оқыту үрдісінде пайдалану - мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... .10

ІІ-Бөлім.АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Ағылшын тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану ... ... ... ... ..18
2.3 Ағылшын тіліне оқытуда интернет мүмкіндіктерін қолдану ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

КІРІСПЕ
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді[9.3Б.]. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты- оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту;
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелеттін міндеттер жүйесі жасау.
Осы курстық жұмыста Оқытудың жаңы инновациялық технологияларына терең тоқталынады. Курстық жұмыс кіріспеден, және үш тараудан тұрады. Бұл курстық жұмысты жазу барысында әдістемелік нұсқауға сай орындалған және отандық, шетелдік әдебиеттер тізімі, кезекті басылымдар қолданылған.

1. ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1.1 Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі
Адам ұрпағымен мың жасайды - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні - қараң, келешегі тұман ,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Қазақстан-2030 атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді.
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне,
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін, дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
репродуктивтік деңгей-жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
эвристикалық деңгей оқушы қзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады

1.2 Оқытудың белсенді әдістері
Оқытудың белсенді әдістері - технологиялары туралы тоқталғанда орынды да тиімді қолданылған жағдайда оқытудың барлық әдістерінің белсенді әдістер бола алатынын ескертуіміз керек.
Педагогикалық технологияларға арналған соңғы және көлемді де беделді еңбектердің бірінде оларды сараптап, жеке-жеке атап шығады. Олар: ұжымдық оқыту; программалап оқыту; проблемалық оқыту, оқытудың белсенді әдістерін пайдалану; ойынды пайдалану; оқушының жеке басының дамуы ерекшеліктерін ескеріп оқыту және педагогтық ынтымактастық; интегративтік оқыту; модулдік оқыту; этнопедагогикалык окыту; ақпараттық технологиялар.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндет-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін үйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі, одан туындайтын мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекщеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап караудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани адамзаттық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі даматып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады.
Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады:
1 кезең-оқып үйрету; 2 кезең- меңгеру;
3 кезең- өмірге ендіру; 4 кезең- дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақтастығын болдырмау; ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік себептеріне үнемі талдау жасау.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып окыту (С.Лысенкова); іс - әрекетті бағалау (Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап окыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
:: балаға ізгілік тұрғысынан карау;
:: оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
:: баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
:: баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
:: баланың танымдылык және шығармашылық икемділігін дамыту
:: оқу үрдісін оқушының сезінуі. т.б.
Дамыта оқыту - күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісі мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-катынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, т.б.
Бүгінгі таңда П.Эрдиневтің дидактикалык бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Л.Занков, Д.Эльконин, мен В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.Амонашвилидің ізгілікті тұлғалық технологиясы, В.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың мәселелік модулді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модулді оқыту технологиясы. В.Монаховтың, В.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал .

1.3 Жаңа технология элементтерін оқыту үрдісінде пайдалану - мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту- үйретудегі амалдардың жиынтығы - деп, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс - тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Олай болса, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор. Ал осы жаңа технология таратушы, үйретуші, өзінің шығармашылық еңбегінде жүйелі қолданушы, насихаттаушы ол - мұғалім. Жаңаша ойлай білсең ғана- ұстазсың. Сол себептенде жаңа технологияны енгізуші - таратушы тұлғаға үлкен талаптар қойылып отыр.(Қосымшада 1-кестеде қараңыз)

М.Горький Мұғалім-әрбір алғаш ашатын кілт дегендей мұғалімнің білімдарлығы, саналылығы, абыройы, беделі оқып отырған шәкіртінен көрінері сөзсіз. Біздің басты міндетіміз - Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл,білімді, интеллекетуалдық деңгейі биік, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу.
Ұстаздардың алдына қойған міндет - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіру. Әрбір педагогикалық технология - жеке тұлғаның өзін - өзі дамытуға, оның өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективтік әдістемелік мүмкіндіктерді қамтиды. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту;
Оқыту - үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту мен тәрбие егіз үрдіс. Сондықтанда мұғалім инновациялық технологияны пайдалануға ықпал ететін көптеген шартты жағдайларды танып білуі талап етіледі.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болу керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты.
Жаңаша оқытудың негізгі түрлеріне: оқытудың дербес және топтық формасы жатады. Бұл жерде алға қойылған басты мақсат, оқушыларға деген сенім, өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен идеяларын, қалыптастыру, қадір қасиет сезімін дамыту;
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелеттін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Оқушылардың базалық білім, ептілік дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
Оқыту үрдісінде оқушылардың теориялық және өнімділік ой - құрастыру әрекетерін танымдық қабілеттерін белсендіру;
Оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивін дамыту.
Оқу материалын игеруде және оқу іс әрекетінде жете ұғынуға талпындыру.
Белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын ұйымдастыру.
Көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
Оқушыларыдң өзіндік жұмыстарының ізденісті - зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
- Оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
Дамытуша оқытуға арналған ойындарды қолдану;
Жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау, т.б) арналған дамыту жаттығулары;
Осы іс тәжірибелерді жинақтай отырып, оқытудың озық технологияларын өз сабақтарында пайдалану маңыздылығы ерекше.

2. АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Шет тілінде коммуникативті оқыту технологиясы
Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет - тілді коммуникативті бағытта оқыту. Ондағы мақсат - оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізумен ғана шектелмей, өзара тіл табысып, пiкip алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектепте берілетін бүкіл білімнің негізгі мақсаты - оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру. В. Риверс айтып кеткендей, тілді үйретудің әдістемелерін қабылдаудан бұрын, тіл дегеніміз не? соны қарастырғанымыз артық, болмас.
Tіл - ешқашан солмайтын, мәңгі жасарып жайыла түсетін гүл -деп бейнелеген ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский.
Шет тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді. Әрине соншама уақыт көлемінде оқыту әдістемесі де әр кезде тілдің әр аспектісе көңіл аудара отырып көп өзгерісе ұшырап отырды.
Ғылыми әдістеменің объективті түрде дaмyы шет тілін оқыту әдістемелерінің жаңа тиімді түрлерін қарастырып, табуына әкеліп соқтырды. Бұл салада еңбектенген ғалым-педагогтардың ішінде Е.И.Пассовтың шет тілін үйретудегі коммуникативтік оқыту әдістемесін атап айтуға болады. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме.
Ал адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бipiн-бipi түсініп, пікір алыса алады.
Оқушыларды белгілі бip дәрежеде шетел тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, шет тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиic. Өйткені жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бip-бipiмeн байланысып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқытудың бірыңғай технологиясын жүзеге асыруға даярлау
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Оқыту технологиясы мен әдістері
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Қазақ тілін жаңаша оқыту технологиялары
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Қазіргі кезеңдегі тарих пәнін оқыту сипаты және заманауи әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары
Жаңаша оқыту технологиялары
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Интерактивті оқыту
Пәндер