Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ХХІ ғ. Мектебінде оқу - тәжірибелік учаскені ұйымдастыру: проблемалары мен оларды шешудің мүмкіндіктері.
Орындаған: 5В011300-Биология мамандығының 3-курс студенті Сарбас Ж. С.
Тексерген: Биология және ОӘ кафедрасының доценті, б. ғ. к. Дурмекбаева Ш. Н.
Көкшетау, 2019 жыл
МАЗМҰНЫ
3 Тәжірибелік бөлім
3. 1 Тірі ағзалардың сан алуандығы
Қорытынды
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Биология оқу пәні ретінде өзіндік оқыту пәні мен әдістері мен формалары бар ерекше пән болып табылады. Бұл пәнде нақты объекттер мен қоса күрделі табиғат құбылыстары, олардың өзгерісі, дамуы зерттеледі.
Оқушылар ойын дамытуды биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор болып келеді. Биологияның басқа пәндерден айырмашылығы ол тіршіліктің қарапайымнан күрделіге қарай, жеке мен жалпының құрылысы мен қызметінің өзара байланысын және олардың бір - біріне қарым - қатынасын айқындауға, табиғат құбылыстарының байланысының себептерін түсініп білуге жағдай жасайды [1] .
Мектепте оқылатын кез - келген пән тәрізді биологияны оқыған кезде оқушылар бақылайды, салыстырады, анализ жасайды, қорытынды шығарады, бақылап отырған құбылыстың себебін анықтайды. Жалпы биология ғылымының мақсаты - зерттеу арқылы табиғаттың әр түрлі қыр - сырларын анықтау, жаңалықтар ашу, жаңа білім алу. Жаратылыстану ғылымдарының көшбасшы пәндерінің бірі және бірегейі биология пәні болып табылатыны белгілі. Биология сабағында оқушылар белсенділігі, қызығушылығы артады. Биология сыныбында сабаққа қажетті құрал - жабдықтар ботаника, зоология, тіршіліктану, тәнтану курстары бойынша жабдықталады. Биология сабақтарында оқушылардың белсенділігін арттыру үшін әр түрлі әдіс - тәсілдер қолданылады, солардың бірі биология сабағанда оқу-тәжірибе учаскесін ұйымдастыру болып табылады [2] .
Табиғаттың оқушыларды тәрбиелеуде маңызы өте зор. Тірі табиғатпен байланыс балаларға оң әсерін береді сонымен қатар әр түрлі сырларын білуге, пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, табиғатқа деген құрмет, махаббатқа тәрбиелейді. Тірі табиғат бұрышы биология сыныбында орналасқан кішігірім табиғат бөлшегі десек болады. Оның дұрыс ұйымдастырылуы оқушыларда байқағыштық, логикалық ойлауды, барлық тіршілік иесіне деген құрметке тәрбиелейді. Табиғатқа деген махаббат, тірі ағзаларға қамқорлық, қызығушылық бұның барлығы оқушыларда патриоттылық, еңбекқорлық, сыйластық, біреудің еңбегіне деген құрмет т. б. қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізеді. Мектеп қабырғасында жоғарыда аталып өткен барлық қасиеттерді оқушының бойына сіңіру үшін тірі табиғат бұрышының маңызы өте зор болып келеді. Тірі табиғат бұрышында жануарлардан омыртқасыздар, қарапайымдылар, көп жасушалылар, буынаяқтылар, балықтар болса, өсімдіктерден бөлме өсімдіктерінен бастап төменгі сатыдағы өсімдіктер және кеппешөптер болады.
Тірі табиғат бұрышында орналасқан өкілдерін оқушылар күнде көріп бақылайды, күтеді, қамқорлық жасайды. Бақылау, күту барысында оқушылар өсімдіктер және жануарлар дүниесінің өкілдерінің алуан түрлілігін олар қалай өседі, дамиды қандай жағдайларда тіршілік етеді осының барлығын үйренеді. Сондықтан мектептегі биология сыныбында тірі табиғат бұрышын дұрыс ұйымдастыру оқушылар үшін өте маңызды.
Жұмыстың мақсаты: биологиядан сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту болып табылады.
Жұмыстың міндеті:
- Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.
- Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.
- Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.
- Мектептің оқу-тәжірибе участогінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.
- Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.
- Ботаникалық білімнің практикалық мәні - өсімдік шаруашылығының ғылыми негізі екенін көрсету.
1. 1 Сыныптан тыс ұйымдастырылатын шаралар
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі [1] .
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.
Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған - балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты - сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді [1, 2] .
1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.
1 - сурет. Оқу- тәжірибе алаңының жоспары
Тәжірибе жасау арқылы - зерттеуші (экспериментатор) қойған мәселені шешуге жан-жақты жауап іздеу нәтижесінде күрделілігі, маңыздылығы, ұзақтылығы әртүрлі көптеген сұрақтардың жауабын табады (1-сурет) .
Мектеп жанындағы тәжірибелік - машықтану (практикалық) жұмыстарын оқушылардың келешек мамандығын саналы түрде таңдауға дайындайтын еңбек тәрбиесінің алғашқы сатысы деп қарау керек және бұл еңбекке оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесінің өзіндік көрсеткіші қызметін атқарады.
Тәжірибе жұмыстары көптеген пәндердің - еңбекке баулу, табиғаттану, биология, география, экология, химия және физика-математиканың кейбір тақырыптарының оқу бағдарламаларының жалғасы болып табылады.
Осы пәндерден игерілген теориялық білім далалық және зертханалық эксперимент жүргізгенде пайдаланылатын болады. Алайда бұл білім әдетте аздық етеді, сондықтан іс барысында туындайтын мәселерді шешу үшін қосымша хабар көздеріне жүгіну, танымның жаңа әдістерін игеру керек болады.
Тәжірибелік жұмыстарға балалардың білім деңгейі мен жас ерекшеліктерін, олардың икемімен қызығушылығын ескере отырып, 1-11 класс шәкірттері тақырыптар бойынша түгел қатыстырылуы керек.
Тәжірибе жұмыстарының бағытына қарай негізгі алға қойылатын мәселе оның қортындысының ғылыми құндылығы болуы керек. Яғни, тәжірибе жұмыстары бұрыннан белгілі әдістермен жүргізілуі керек, оның қорытындылары дәлелді де сенімді, қорытындысы қатесіз болуы керек. Жас натуралист ұзақ тәжірибе жасау үстінде көптеген беймәлім жайттарға жауап табады. Кейде алғашқы мәліметтер болмауы мүмкін, оларды алдын-ала арнаулы әдебиеттерден, шаруашылықтың статистикалық материалдарынан, мерзімді баспа сөздерден, ұзақ та қыруар еңбек жұмсаған эксперимент үстінде табуға болады.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі бақылаулар мен тәжірибелер барысындағы оқушылардың агробиологиялық дағдысын қалыптастыру және дамыту.
Оқу әдісі ретінде бақылауды тәжірибемен үйлесімде оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін сабақтарда кеңінен пайдалану қажет. Өсімдіктер құрылымы мен тіршілігін ғылыми зерттеудің маңызды әдістері - бақылау мен тәжірибе кейбір өзгерістерге ұшырай отырып, ғылыммен бірге мектепке енді. Мектеп учаскесінде оқушылар мәдени және арам өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін зерттейді, олардың өсуі мен фазалар бойынша дамуын бақылайды. Оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілген тәжірибелер мен бақылаулар материалында негізгі биологиялық-экологиялық ережелер мен ұйымдарды ашу өте тиімді.
Бұл зерттеуде оқу-тәжірибе учаскесі базасы негізінде агробиологиялық білімді қалыптастыруға бақылаулар мен тәжірибелердің әсері анықталды. Бақылаулар мен тәжірибелерді толық түсіну себеп-салдарлық байланыстарды, анықтаумен және оларды жинақтаумен байланысты. Ол сыртқы нақты фактілерді қабылдаудан бақыланатын құбылыстардың мәнін ашатын ұғымдарға өтуді болжайды.
Бақылау - қоршаған табиғатты танудың маңызды тәсілдерінің бірі. Ол сезім органдары көмегімен табиғат нысандары мен құбылыстарын тікелей қабылдауға негізделген. Бақылау оқушылардың мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын табиғат құбылыстарын, еңбек үдерістерін, өсімдіктер мен жануарлар тіршілігін өздігінше зерттеудің әдісі болып табылады. Бақылауды жылдың кез келген уақытында ұымдастыруға болады.
Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т. б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген:
1. Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;
2. Белгілі бір мазмұнның сырқы көрінісі;
3. Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;
4. Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.
Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп - бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады.
«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша
Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн [3] .
Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді.
Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т. с.
Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама, әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы) ;
2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру) ;
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:
1. Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби -музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;
2. Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
3. Негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;
4. Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;
5. Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу. Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді.
Пікірталас
Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын -жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет. Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн. Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. П. Т. мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек [6] .
1. 2 Мектеп оқу - тәжірибелік учаскесі
Біздің басқа мамандықтарға қарағанда тандап алған мамандығымыз "Биолог" немесе табиғат жөніндегі ғылымды оқытушы болғандықтан да басқалардан ерекшелігі бар. Сол ерекшелік негізінде бір нәрсеге бас ию керек болса, онда өсімдікке бас иіп, тәжім ету қажет, өйткені, өмірге, тіршілік етуге қажеттінің бәрін адам өсімдіктен алады. Табиғат - тілін білгенге, сырын ұққанға тәлімі мол мектеп. Дала - адамды еркіндікке баулыса, таулар ерлікке шақырады, орман сергектікке, еңбекке үйретсе, өзен - көл пәктікке, мөлдірлікке үйретеді. Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығуы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие учаскесінің маңызы өте зор.
Мектеп жанындағы учаскеде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім (2-сурет) . (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары) .
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі.
2 - сурет. Жылыжайлар мен көшеттер бөлімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz