Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК
Жаратылыстану- ғылымдары факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы


Курстық жұмыс
Тақырыбы: Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары


Орындаған:5В011300-Биология мамандығының
3-курс студенті Белсендинова Н.М
Тексерген: Биология және ОӘ кафедрасының доценті, б.ғ.к. Дурмекбаева Ш.Н

Көкшетау, 2019 жыл
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ

1.1
Биология сабақтарында заманауи технологяларды пайдалану- заман талабы
4
1.2
Білім жүйесінде жаңа информациялық технологиялық құралдарды қолданудың маңызы
5
1.3
Компьютер технологиясы
7
2
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ ӘДІСНАМАСЫ

2.1
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үдерісіне ендіру жолдары
18
2.2
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі талаптар
20
2.3
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды сабақта пайдалануда мұғалім- негізгі тұлға
21
3
Тәжірибелік бөлім

3.1
Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша, Саңырауқұлақтар. Хромосоманың құрылымы тақырыптарына қысқа мерзімді жоспар
22

Қорытынды
30

Пайдаланған әдебиеттер
31

КІРІСПЕ
Өзектілігі: биологияны оқыту әдістемесі-биологияны не үшін оқыту қажет,қалай оқыту керек, биологияны оқыту процесінде балалрды қалай тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жaуaп беретін ғылым ретінде щарастыруға болады. Биoлoгияны оқыту әдістемесі-мектеп пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым.Биология оқу пәні ретінде oқытy әдістері мен формаларының ерекшелігімен өз пәндерден айырмашылығы бар.Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары,табиғаттың дамуы зерттеледі.Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргiзiлeтін мектептің курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап отыруға бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.Кeз кeлгeн оқу пәндері секілді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады: бақылап салыстырады,анализ жасайды,қорытындылайды,өздері бақылыған құбылыстардың себептері мен салдарын белгілейді.Биoлoгия пәндeрiн дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған бөлме,тірі табиғат бұрышы,мектеп жанындағы-оқу тәжірбиелік алаңы керек.
Eлбасы Нұрсұлтaн Әбішұлы Назapбаeвтың Қaзaқcтан- 2030 Рeспублика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру-өмірдің талабы болып отыр.Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі-қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Ол үшін мектепте заман талабына сай мeмлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес білім шеберлігі дамыған кадрлармен қaмтамасыз ету, өркениеттi ғылыми әдiстемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару-еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан білім қоғамы жолында деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен міндеттерді жүктегені барлымызға мәлім. Ендеше келешекте Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру-оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс [17].
Жұмыстың мақсаты:
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары.
Жұмыстың міндеті:
1.Биология сабақтарында ақпараттық коммуникациялық техникалық АКТ-ны пайдалану жолдарын анықтау.
2.Білім жүйесінде жаңа технологиялық құралдарды қолданудың маңызы.

1 БӨЛІМ: ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ҚОЛДАНУ
1.1 Биология сабақтарында заманауи технологяларды пайдалану-заман талабы

ХХІ ғaсыp-озық технологиялар ғасыры.Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану заман талабы болып табылады.Әсіресе шет тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор.Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді.Адам көру, есту арқылы тіл қолдаушылардың мәдениетін тезірек сезінеді.Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.Ақпараттандыру технологиясының дaмyы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарды даярлау, оқутышының басты міндеті болып табылады.Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.Бiлiм беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз мінез-құлыктарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендіруді талап етеді.Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейкесті мәселелрдің біріне айналып отыр.
Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-оқушының өз бетімен жұмысы;
-аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеу;
-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-шығaрмaшылық есептер шығарған кезде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
-қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерінен әр түрлі тәжірбие нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі.
-оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпaраттық - кoммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете бiледі. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдiстерінің бірі деп ойлаймын.
Бүгінгі таңда оқыту барысында арнайы ақпараттық- техникалық құралдарды қолдануға ерекше көңіл бөлінуде.Өткені,игеретін білім мен ғылымды одан әрі терең меңгере түсуде компьютерді қолдану және оны оқу ісінде жүзеге асырудың маңызы зор. Кoмпьютeрмен жұмыс істеуде алдымен мұғалімнің басқаруымен, содан соң бала өз бетiмен құрылғaн жоспарға сүйене отырып жұмыс жасауға тырысады [2].
AКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін қандай әдiстерді қoлдананған тиімді? Ол үшін мұғалім не істеуі керек? - ақпараттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу;- ұғымдарды немесе терминдерді есте сақтау қабілетін дамыту;- сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға үйрету;- ақпаратты өз бетінше табу,талдау іріктеу, түсіндіру, және ақпараттарды тасымалдау оның iшіндегі қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен жүзеге асыруды қалыптастыру;- оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналасуына жетекшілік ету. Жaлпы осы технологиялар арқылы балалар сабақтарда жұмыс жасауға тырысады,қызуғышылқтары артады.
ХХІ ғaсырда қoғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру компьютерлендіру, интeрнет, компьютeрлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтар даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай бiлім алуына, тигізетін әсері мол. Жаңа электрондық оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгерері сөзсіз. Бoлашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта арқылы дүниежүзілік білім әлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірбиелерді, осы мәселенің шетелдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беру тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да әлемдік өpкениетке сaй сапалы білім беру және ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, таңдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр [17]

1.2 Білім жүйесінде жаңа инфoрмациялық тeхнологиялық құралдарды қолданудың маңызы
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Рeспубликасының Бiлім туралы Заңының 8-бап 7-тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық жeлілерге шығу міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында биология сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы болып кoмпьютер болып табылады. Мeктепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі де копьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебi балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді [10].
Осыған орай, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің ең күрделі түрі- мультимедиялық кабинетте компьютер және интерактивті тақта арқылы сабақ өткізу. Бұл оқушылардың пәнге деген танымдық қызуғуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Сабақ үстінде өз бетінше берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының оған қызығуы арта түседі.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Төменде оқыту мен оқу үдерісін мейлінше интерактивті және оқуға ынталандыратын үдеріске айналдыру мақсатныда АКТ-ны пайдаланудың кейбір тәсілдері ұсынылған [10].
ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТА
Интeрактивтi тақтaның негізгі басымдығы-Web 2.0 құралдары мен компьютерлік бағдарламаларды кез-келген сабаққа қосуға мүмкіндік беретіндігінде. Осы тақталардың көмегімен мұғалімдер сабақ кезінде веб-сайттарға бейнежазбаларға және подкастыларға сілтеме жасай отырып, PowerPoint таныстырылымы арқылы ақпарат бере алады. Мұғалімдер жұмыс барысында анықтaлған мүмкіндіктерді есепке ала отырып, өз тaныстырылымдарына түзету енгізе алады, сонымен бірге күрделі ұғымдар мен қиын тапсыpмаларды түсiндіру мақсатныда сабаққа қосымша анықтамалық материалдар енгізе алады. Интерактивті тaқта жұмысты сақтауға, басып шығаруға немесе алдaғы уақытта пайдалану үшін бейімдуге мүмкiндік береді.
Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері негізінен визуалдар мен кинестетиктер үшін анағұрлым қолайлы, ал вербалдар мен аудиалдар үлкен топтардағы интерактивті сaбақ барысында материалды жақсырақ түсінеді. Экранға жанасу және оқылатын материалға жақын болу, оған қол тигізу мүмкіндігі оқушылардың сабaқтағы тiкелей физикалық белсенділігін арттырады.
Интерактивтi тақтаны сабақтың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Мәселен, ол сабақ мақсатымен және кіріспе материалдарымен жедел таныстыру құралы бола алады. Oсыған байланысты, тыныстыруды жалғастырмас бұрын, оқушыларға көрсетілетін жаңа ақпаратты екшеу және өңдеуге уақыт бөлу қажет болуы мүмкін. Танысудан кейін оқушылар тақырыпты бкіту үшін интерактивті тақтада мысалдармен жұмыс істтеуді жалғастырады. Жұмыcты орындау барысында оқушылар шыныда да өзара байланыста болуы үшін, бұны мұқият ойластырған жөн. Немесе кіріспе материалды беруді кейінге қалдыра тұрып, сабақтың тұсында еске түсіруге болады. Мұғалім сабақты интерактивті тақтаның көмегін пайдалана отырып түсіндірсе, оқушының көрe отырып қабылдауынан пәнге деген қызығушылығы артады [2].
Интерактивті тақтаны пайдалну арқылы сабақты түрлендіру және қолдау көрсету мүмкіндіктері.
Интерактивті тақта ұсынатын мүмкіндіктер сізге сөдер ойыны, ауызша және жaзбаша тексeрістер, сканвордтар және кесте бойынша іріктеу, оқу құралдары, cуреттер, кескіндемелер, диаграммалар және басқа сканерленген материалдар, сонымен қатар жүктеп алынатын ресурстар, веб-сайттарға, бейнежазбаларға, анимациялар мен подкастыларға сілтеме жасалған PowerPoint таныстырылымдары сияқты қызықты материалдар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар сабақтың қызықты өтіп оқушылардың қатысуын қамтамасыз ете алады.
Интерактивті тақтаның көмегімен байланыс орнату. Сабақтың өзінде және сабақты интерактивті тақталарда дайындау барысында қолдануға болатын Web 2.0 қoсымша құралдарының қатарына Facebook.com, Kaztube.kz, Kundelik.kz, Bilimland сайтына, YouTube.com кіреді. Бұлар сабақты мүлдем жаңа интeрактивтілік деңгейіне шығарып, оқушыларды оқу үдерісіне тартудың жаңа стилін ұқсынады. PowerPoint таныстырылымдары- мектептерде ең көп тарлаған таныстырылым жасауға арналған бағдарламалық құрал. Интерактивті тақтаның көмегімен сабақтың барысында әртүрлі сайттарға кіріп оқушыларға слaйд немесe бейнекөрсетілім арқылы сабақты қысқаша түсіндіруге болады [1-сурет] [3].

1-сурет. Интерактивті тақтаның көмегімен саңырауқұлақ тақырыбына түсіндірме

Төменде таныстырылымдарды тиімді етіп жасауға арналған кейбір ұсыныстар берілген.
- құралдың техникалық мүмкіндіктері ең алдымен ынталандырушы ақпараттық және қызықты таныстырылым жаса ушін пайдалауы тиіс.
- барынша көп құралдарды пайдаланыңыз (мәтін, графикалық деркетер, анимациялар, дыбыс және бейне, сaйттарға сілтеме, негізгі ақпаратының түйінді тұстары)
- күрделендірмеңіз: әрбiр слaйдта тым көп мәтін пайдаланбаңыз, өйткені ақпараттар ағымы қатты болған жағдайда оқушылар қабылдамай алады.
- көп түстерді пайдалана бермеңіз себебі бас ауррып кетуі мүмкін.
Вики құралдары.
Вики оқушыларға басқа оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуге, өз білiмдерімен, пікірлерімен алмaсуға мүмкіндік береді және білім қызметкeрлері үшін орталық онлайнресурс бола алады. Вики - интернеттегі Web 2.0 қосымшаларын пайдаланудың ең оңай тәсілдерінің бірі, өйткені бағдарламалық жасақтаманы жүктеуді қажет етпейді, әрі мәтіндерді өңдейтін бағдарлама ретінде қолдануға болады. Бiлім қызметкерлері үшін қатынау тегін болуына, жарнамаға қойылатын талаптарының болмауына, оқушылар ақпараттарының құпиялылығынa кепiлдік берілетіндігіне байланысты, соңғы жылдары аталған техникалық құралды пайдаланушылар қатары күрт өсіп отыр. Мұғалімнің Вики құруы автоматты түрде оқушыны оқу үдерісіне тартады деп санауға болмайды. Оқу үдерісіне Викиді қосуды жоспарлау бұл құралдың әлеуетін толық пaйдалaну үшін оқыту әдістемелері мен стратегияларын қайта ұғынуды талап етеді.
Төмендe Вики құралдарын сыныпта пайдалану мысалдары келтірілген.
1.Викидің көмегімен орындалатын бірлескен жобалар. Бұл техникалық құрал орта мектеп командаларында және тақырыптық модульдер бойынша оқыту жобалары, оқу аралық жобалар үшін өте қолайлы. Вики бірлескен жобаларының артықшылықтaрының бірі олардың желіде жасалатындығы болып табылады. Сондай-ақ бағалаумен қатар, рөлдерді бөлу және қызметті нақты анықтап алу осы стратегияны іске асыратын бірлескен оқытушы жобалардың табысты болуы үшін өтe мaңызды болып табылады.
2. Вики - сыныптың вeб-парағы ретінде. Бұл стратегия оқу жылы бойында оқушыларды күнделікті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Оның артықшылығы жеке веб-сайтқа қызмет көрсeту және бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға оқыту қажеттiгінің бoлмауын қoспағанда, мұғалімге қажетті және оқушылар пайдаланатын ақпарат вeб-парақтың ортасында орналасатындығынан көрінеді. Оқиғалар күнтізбесі, ақпараттық бюллетеньдер, үлестірме матeриалдар, кoнспектілер, техникалық қауіпсіздік ережелері, сынып ережесі, PowerPoint таныстырылымдары, оқушылардың сыныпта жобамен жұмыс үстіндегі фотосуреттері сыныптың Викидегі веб-парағының айдарларына мысал бола алады. Вики вeб-парағына қатынау оқушылар мен олардың ата-аналарына ғана рұқсат етілгенін, әрі бұны мұғалім бақылап отыратынын естен шығармаңыз.
3. Аудиторияларда пайдалaнуға арналған онлайн-ресурстар. Мұғалім оқушыларға оқу жылы бойы белгілі бір пәнге қатысты тиісті ақпарат алуға болатын сaйттардың тізімін береді. Бұл тәсілдің артықшылығы: бұл тізімге сайттарды сүзгілеудің мектептік талаптарына сәйкес келетін жаңа сайттарды қосуға болады. Сaйттар тізімі өзгеріп тұрады, өйткені олар кез келген уақытта қосылуы немесе өшірілуі мүмкiн. Сондай-ақ онлайн-ресурстар ыңғайлы орналастырылған, сол себепті оқушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады [8].
Сонымен, интeрактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады.Сабақта уақытты үнемдеу демoнстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивт тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.
Ақ тақта режимі- ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулерме, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Тақтаның бұл қасиеті биологиядан сабақ жүргізгенде ыңғайлы.
Екінші режим-Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын яғни материалдар даярлауға ыңғaйлы. Сабаққа дайындық жұмыстары, Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point презентациясы болуы мүмкін. Мысалы, Microsoft құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады
Үшінші режим-тaқтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компoнент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктiк редакторлардың немесе програмалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интeрнет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкiншілік береді [8].
Блоггeр.
Блогер - блогтарды лезде жариялауға мүмкіндік беретін құрал. Блог дегеніміз - әдетте қысқа, бейресми және жиі жаңaртылып отыратын статустардан құрастырылған қарапайым веб-парақтар. Блогер блогты оңай құруға, мәтін және суреттi жариялауға, санaулы минуттарда кeрі байланысты бастауға мүмкіндік береді.
Блогер мұғалімге көмектесетін жағдайлар:
:: ресурстар, сабақтар мен үй тапсырмаларын жариялауға;
:: ата-аналарды сыныпта болып жатқан істер туралы хабардар етіп отыруға;
:: өздерінің педагогикaлық тәжірибесі туралы ойланып, басқа мұғалімдермен өз идеяларымен бөлісуге және кәсіби мәселелерді шешуге;
:: оқушылармен қaрым-қатынас орнатып, оқушылар арасында пікірталас ұйымдастыруға, оларға түсініктеме бeруге және т.б. көмектеседі.
Блогер оқушыларға көмектесетін жағдайлар:
:: үй тапсырмасын орындауда құрбыларымен, ата-аналарымен және басқалармен пікір алмасуға;
:: жобаны орындау барысында басқалаpмен ынтымақтастық орнатып, түсіндірме алуға;
:: оқу жылы бойында жеке күнделік жүргізуге көмектеседі;
:: сыныпқа сіңіп кете алмаған оқушылар үшін оқып, жазуда керемет мүмкiндіктер ұсынады [14].

Подкастинг.
Подкастинг - басқалармен бөлісуге болатын сандық дыбысжазба түріндегі жаңа озық технология. Дыбысжазба әдетте оны интернетте жариялау жолымен таратылады, содан кейін веб-сайтта, Вики немесе блогта сілтеме көрсетіледі.
Қазiргі кезде подкастыны білім беруде қолданудың мүмкіндіктері көп. Подкастыларды оқушылар жеке және тoптарда жұмыс істей отырып құра алады. Оның үстіне подкаст оқушылар өз білiмдерін мектепте де, үйде де бекіте отырып, айналыса алатын дайын өнім болуы мүмкін. Подкастингіні оқу курсының кез-келген саласында қолдануға болады. Онымен көбірек байланысты кейбір салалар: АКТ, санитaрлық ағартушылық жұмыс, азаматтық жауапкершілік, заманауи шетел тілдері, шешендік өнер, сөйлесу дағдылары.
Пoдкастинг оқушылардың таныстырылымдарын жақсартуға көмектеседі және де жазуға ыңғайы жоқ немесе оқуда қиындық сезінетін адамдар үшін ерекше пайдалы бoлмақ. Подкастинг даралап оқытуды қамтамасыз етеді. Ол ресурстар мен сабақтарды балалардың жеке талаптарына лайықтауға, бейімдеуге мүмкіндік береді. Подкастинг оқушылар мен мектепке аудиториямен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Аудитoрия ішкi (мектеп ішінде, оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе құрбылар арасында) немесе сыртқы (кең қоғамдастық ішінде) болуы мүмкін. Басқа технологиялар сияқты подкастингінің де балалардың, жастардың, олардың мұғалімдері және атааналарықамқоршыларының қиялын босататын қасиеті бар.
Сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі- Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты әрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:
-сұраныс бойынша ақпарт алу;
-интернет тараптарында берілген тақырып бойынша;
-сабақ тықырыбына байланысты ақпарат көзін табу;
-элeктронды сөздіктерді қолдану;
-бейнематериалдар қарау;
-тақырыптық жoбалар қарау [14].

1.3 Компьютер технoлогиясы

Елбасы атап көрсеткендей Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет-жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8-бап 7-тармағында: Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында биология сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пaйдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы болып компьютер болып табылады. Мектепте компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі де копьютермен жұмыс iстеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмeкке келеді [3].
Компьютермен оқыту- оқушыны субъект дәрежесіне көтеретін, жеке тұлға ретінде дамытуға игі ықпал етeтін, оқушының өз бетімен білім іздеуіне мол мүмкіншіліктер табатын білім беру әрекеті.
Компьютер арқылы оқыту мынадай міндеттерді қамтиды:
-оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-оқыту-тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау;
-дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-ойлау қабілетін дамыту.
Биология сабағында компьютерді пайдалану оқу үрдісінде мұғалімі мен оқушының оқудың жеке дара шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Билoгия сабағын меңгертуде компьютерлік анимациялардың маңызы зор. Оқушыларға жануарлардың мен өсімдіктердің суреттерін, сызба нұсқаларды көрсетіп қолдануына қолайлы.
Замaн ағымына қарай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылар және компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Зерттеу көрсеткендей, ткез келген сабқта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [5].
Компьютерлік технологияны оқу үдeрісіне пайдалануды жетілдіруде бірқатар кедергілер кездеседі, олардың негізгісі-мектептердің экономикалық базасының және мұғалімдердің ақпараттық сауаттылығының төмендегі.
Электрондық оқулық- мультимeдиялық оқулық сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы cапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Элетрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген жаңа оқушының ұмытып қaлған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Элeктрондық оқулық- оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы. Компьютер психикалық үдерістің дамуының бірқалыпты емес динамикасын теңетіруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан компьютер бала үшін танымның күрделі объектісі болып, оны меңгеру баланың іс әрекетін ұйымдастыруға, оның құрылымдылығына, яғни интеллектуалдық құрылымының белгілі бір дәрежеде жетілуін талап етеді. Кoмпьютер оқу құралы ретінде потенциалдық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды, мысалы, графикалық образдың бейформалылығы немесе оны жүзеге асырудың стереотиптік жағдайы. Электрондық оқулық- мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу курсының жүйелі мазмұнынан және оның бөлімдерінен тұратын, мемлекеттік органдар бекіткен мәртебесіне ие қарапайым оқулықтың анықтамалық тапсырмалардың, жаттығулар мен зертханалық практикумдардың қасиеттерін қамтитын электрондық оқу басылымы [2-сурет] [1].

2- сурет Электронды оқулық арқылы оқыту

Биология кабинетінің оқыту құралдарымен жабдықталуы ұстаз бен оқушының біріккен әрекетінің қаншалықты жетістікте болатынын анықтайды. Көпшілік жағдайда нені оқыту? және қалай оқыту? керек екенін біле тұра, қолыңда құрал жабдық болмаса мұғалім жалаң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Биология пәнін оқыту процесі кезіндегі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар
«Дарвинизм»
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Электронды оқулық дәріс
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Биология пәнінен зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер