Құқықтық сананың жалпы түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТІРЛІГІ

Ш. Есенов атындағы Каспий Мемілекеттік

Технологиялар және Инженеринг универсететі

<<Бизнес және құқық факультеті>>

<<Құқықтану кафедрасы>>

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні:Мемілекет және құқық теориясы

Тақырыбы:Құқықтық сана және қоғамдық қатынастардың

Дамуындағы оның рөлі

Орындаған: ЮП 19-7 тобының

студенті Ербосын Дәулет

Рецензент:з. ғ. к. доцент

Абилшеева. Р. К

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 5

  1. Құқықтық сананың жалпы түсінігі . . . 5
  2. Құқықтық психология . . . 11
  3. Құқықтық идеология . . . 14

2 ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАНЫҢ РӨЛІ . . . 19

2. 1 Қоғамдық қатынастар мен құқықтық сананың арақатынасы . . . 19

2. 2 Қоғамдық қатынастардың дамуындағы құқықтық сананың маңызы . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыстың тақырыбы “Құқықтық сана” деп танылады. Сана - объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.

Құқықтық сана - қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.

Тақырыптың өзектiлiгi - отандық мемлекеттiлiктiң жаңа даму сатысы, меншiк түрiнiң өзгеруi, экономикалық реттеудiң тәсiлдерiнiң өзгеруi құқықтық тәрбие нысанының әдеттегi қалыптасқан салттарының өзгеруiн талап етедi. Алайда бұрынғы қалыптасқан ережелердi жаңа талаптарға сай етiп өзгерту де жаңа құқықтық тәрбиенiң алдына қойған негiзгi мақсаттардың бiрi болып табылады.

Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.

Қазақстандық қоғамдағы құқықтық мәдениет деңгейiн қарастыра отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын насихаттауға бағытталған ұлттық идеяның қажеттiлiгiн айта кету қажет. Қазiргi таңда бiздiң қоғамда келешектегi даму ориентирiнiң қалыптасу деңгейi өте нашар, ал барлық мемлекеттiк саясаттың өзi осы ориентирлер негiзiнде құрылатынын ескерсек, бұның неге апарып соқтыратыны айқын. Жоқ болып кеткен әлеуметтiк саяси құндылықтар қоғамға өзiнiң керi әсерiн көптеп тигiзуде. Осының негiзiнде мемлекет азаматтарды қорғау функциясын белгiлi бiр дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр. Қазiр мемлекет екi парралельдi әлемде қатар өмiр сүрiп келедi; оның бiрi - фантомдық легитимдiлiк, яғни заңның қағаз жүзiнде ғана болуы, ал екiншiсi - бiздiң қоғамның нақты жағдайы-онда заң да, құқық та қағаз жүзiнде қала бередi. Бұл құқықты әлеуметтiк құндылық ретiнде жоққа шығарып, құқықтық нигилизмге әкелiп соғады. Бұндай жағдайдың орын алу себебi - қазақстандық экономика деңгейi және көптеген азаматтардың өмiр сүру деңгейiнiң құлдырауы. Қоғамда ертеңгi күнге деген сенiмсiздiк, үмiтсiздiк дертi өршiп келедi. Бұның барлығы әлеуметтiк теңсiздiк негiзiнде болып отыр.

Мынаны атап өткен жөн: қазiргi қоғамның батыстық сипат алуы қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нолрмаларына түбегейлi қайшы келуде. жастардың қалыптасқан әлеуметтiк бақылау нормаларымен келiспейтiндiгi, қазiргi қоғамдағы құықтық мәдениет және тәрбие деңге йiн құлдыратуы мүмкiн, ал аз ғана уақыттан кейiн бұл қылмыспен күресу деңгейiнiң де құлдырауына әкелiп соғатындығы рас. Сондықтан бiздiң елiмiз сықылды жас мемлекетке идеалды содель ойластырып табу керектiгiн атап өткiм келедi. Мiне, соның негiзiнде құқықтық мәдениеттi әлеуметтiк құндылық ретiнде танытуға болады. Бұл орайда баспасөз ақпарат құралдарының шексiз мүмкiндiктерiнiң бар екендiгiн атап айтайық және осы шексiз мүмкiндiктердi Қазақстан Республикасының гүлденуi үшiн жұмыс жасатуымыз керек.

Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі таңдағы құқықтық сана мен мәдениет туралы түсінік бере отырып, аталған бағыттағы басты мәселелерді қарастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Құқықтық мәдениет пен сананың теориялық аспектілерін қарастыру;
  • Құқықтық сананың негізгі функцияларына тоқталу;
  • Құқықтық сана мен мәдениеттің негізгі мәселелерін толықтау .

Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Жұмыста Ғ. Сапарғалиев, А. Ибраева сияқты қазақстандық авторлардың, сонымен қатар, ресейлiк Хропанюк В. Н., А. В. Малько, Н. И. Матузов., сияқты авторлардың еңбегi қолданылды.

Курстық жұмыстың объектісі : құқықтық сана мен мәдениеті.

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасы құқықтық жағдайы.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

  1. Құқықтық сананың жалпы түсінігі

Құқықтық сана - мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.

Философияда қоғамдық - сана қоғамдық болмыстан туындайтын идеядар мен көзқарастардың материалдық қатынастардың жемісі. Сонымен қатар сана болмысының қалыптасуына үлкен ықпалын тигізіп оны дамытуға үлесін қосады. Ал, қоғамдық сана құрамдық жағынан алып карағанда көптеген түрлерге бөлінеді: саяси, көркем, теориялық, кәдімгі, эстетикалық, діни, атникалық және т. б. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір түрі, бөлігі болып саналады. Басқа саналардың түрлеріне қарағанда құқықтық сананың өзіне ғана тән ерекшеліктері бар:

1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады.

2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі - азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б. ғ. дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б. ғ. дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т. б. сондай қарулы көтерілістер) . Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады.

3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты.

4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін.

Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы.

Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар:

1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды.

2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады.

3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады.

4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі.

Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы - олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады.

Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т. б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді.

Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.

Кұқық әуел баста әлеуметтік құбылыс және қоршаған ортаның нақты шындығын бейнелеуші ретінде, адамдардың әділеттілік ұғымына негізделген құқықтық нормалар, зандар жайындағы ниеттерінен барып қалыптасады. Әділеттілік деген бұл жерде бостандық, теңдік және коғамдық татулық, келісім деп түсініледі. Сөйтіп қоғам дамуының объективті қажеттіліктерін бейнелей отырып құқықтық сана құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Құқықтық сана, құқықтық мә­дениет және құқықтық тәр­бие әрбір азаматтың қалыпта­суының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс.

Құқықтық сана дегеніміз - тұ­л­ғаның қолданыстағы не­ме­се қабылданатын құқық норма­ла­рына деген көзқарас­та­ры мен сезімдерінен, олар­ға тиісінше баға беру мүмкін­дік­терінің жи­ын­тығы болып та­былады.

Бұдан құқықтық сананың не­гізінен құқықтық психология және идея жиынтығынан құра­латынын көреміз. Өйткені, құ­қық­тық психология қолданыс­тағы құқық нормаларын же­тіл­діруге, жаңа құқықтық норма­ларды қабылдау қажеттілігінің деңгейін, сезімін білдірсе, құ­қықтық идея құқықтық сананың өз дәрежесіне көтерілуінің нәти­жесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қа­жет­тілігін білдіреді.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты - адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­ғаттандыратын құқықтық нор­маларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса - құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

Құқықтық мәдениет құқық­тық сана-сезіммен тығыз бай­ланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нор­маларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіре­ді.

Құқықтық тәрбие - қоғам мү­шелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалып­тастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым­дардың іс-әрекетінің көрінісі бо­лып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе - құқықтық са­на, құқықтық мәдениет, құқық­тық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құ­қық­тық сана, мәдениет, құқықтық ғылым - тәртіптің қайнар көзі, бастауы.

Тәртіп - барлық жетістік­тер­дің қайнар көзі, негізі Президент дәрісіндегі осы ай­тыл­ған идеяларды жүзеге асы­ру үшін не істеуіміз керек де­ген сұ­рақ тұындайды. Ол үшін - от­ба­сында, балабақшада, орта мектепте, жоғары оқу орын­дарында құқықтық тәрбие, бі­лім беруді заман талабына сай же­тілдіру қажет. Әрбір отбасы бала тәрбиесінде дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының тиім­ді жақтарын ұрпақтар сана­сы­на сіңіріп, оларды заңды құр­меттеуге, әділеттілікке, тура­шыл­дық жолға түсетіндей етіп тәр­биелеуі қажет.

Балабақшаларда - еліміз­дің Ата Заңы Конститу­ция­да көр­сетілген - адамның, аза­маттың басты құндылықта­ры - құқықтары мен бостандықтары туралы айқындалған түсініктер­дің мазмұнын мемлекеттің, мем­лекетіміздің рәміздерінің маңызын, мемлекеттік құрылы­сының негізгі ұғымдарын тү­сіндіру қажет. Орта мектепте оқылатын құқық негіздері пә­нін қайта сапалы түрде да­йын­дап, Қазақстанның негізгі заңы Конституциясына негіз­деп шығару керек, осы пәнге бөлінген сағат санын көбейтіп, бір жүктемеге толтырып, дә­ріс беретін пән мұғалімінің ар­нау­лы заң білімі болуына та­лап қойған жөн. Өйткені, білім сапасы ұстаздың мамандығына, білгір­лігіне тікелей байланысты.

Жоғары оқу орындарында қазіргі кезде «Мемлекет және құқық негіздері» пәні балама пән ретінде оқытылады. Яғни, студенттердің қалауы бойынша оқу жоспарына енгізіледі. Бұл дұрыс емес. Мемлекет және құ­қық негіздері пәні барлық жо­ғары оқу орындарының оқу бағдарламасында міндетті түрде оқытылатын пән болуы қажет. Президент дәрісінде, сондай-ақ, Президенттің «Жал­пыға ортақ ең­бек қоғамына қарай 20 қадам­ды» атты мақа­ласында да құқық не­гіздері оқу­лығын даярлау, жо­ғары білімді оқу орындарын бі­тірген жас­тардың құқықтық бі­лімді меңгеру қажеттілігі нақты көрсетілген. Осыған орай, осы аталған пән бойынша жаңа оқу­лық дайындау қажеттілігі өзінен-өзі туындап отыр. Құ­қық­тық білімді жетілдіру са­ла­сында бұқаралық ақпарат құ­ралдарының маңызы да ерек­ше. Осыған орай, құқықтық са­уаттылықты насихаттайтын ар­наулы телехабар арнасы да қажет. Бұқаралық ақпарат са­ласында құқықтық насихат, тәр­бие беру мен жұмыс істейтін жур­налистердің құ­қық­тық білі­мі болғаны жөн. Университеттерде журналист кадрларын даяр­лай­тын фа­культеттерде құқық­тық журна­лис­тика деген маман­дық ашып, болашақ жур­на­лис­терге заң мамандығы бойынша қосымша пәндерді оқытуды енгізіп, са­уат­ты, білімді журналист-заң­гер­лерді дайындауды жү­зеге асырған дұрыс болар еді, өр­ке­ни­ет­ті елдердің журналис­терінің құ­қықтық сауаттылығы осындай талаптарға не­гіз­дел­ген.

Құқықтық білімді, сананы, тәрбиені жетілдіру кең байтақ Қазақстанның барлық жерінде үздіксіз, біркелкі, биік дәрежеде жүзеге асырылуы керек.

Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген жоғары және арнаулы оқу орындарында заңгер мамандырын даяр­лау жарысқа түскендей көбе­йіп кетті. Көп­теген оқу орын­да­рында бо­ла­шақ заңгер­лер­ге са­палы білім беретін ұс­таз­дар же­тіс­пейді, заң оқу ор­ын­дарында оқитын студент­тер мемле­кет­тік тілдегі оқулықтар, оқу құралдарына, заң түсіндір­ме­леріне зәру, көптеген заң ма­мандарын даярлайтын оқу мекемелерінің ұстаздары, бас­шылары мемлекеттік тілде дә­ріс бере алмаса да, басшы­лық жасай отырып, мемле­кет­тік тіл­дегі оқулықтар мен бағ­дар­ла­малардың дайын­далуына немқұ­райлы қарауда. Міне, ос­ын­дай кемшіліктер болған рет­те құқықтық білім деңгейінің өз дәрежесінде көтерілуі қиын шаруа. Сапасыз даярланған заң­герлердің көбі қазіргі кезде жұмыссыз қалып отырғаны да осыдан. Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған жа­ңаша бағдарлама қажет сияқты.

Құқықтық сана сезімнің бас­ты мақсаты - адам, азамат, қоғам мүддесіне сәйкес ке­ле­тін, олардың мүдделерін қа­на­ғаттандыратын құқықтық нор­маларды ортақ игілік үшін қа­былдау қажеттілігінің не­гіз­гі бастамашысы болып табы­латындығында. Құқықтық мәде­ниет болса - құқық нормаларын білу, толық түсіну, оларды бас­шылыққа ала отырып, адам­зат­тың ортақ мүддесіне қызмет іс­теуді білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік құбылыс
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Құқықтық сана, жалпы түсінігі
Құқықтық сананың ұғымы
Құқықтық сана түрлері
Құқық және құқықтық сана
ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Құқықтық сана және мәдениет
Моральдік сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz