Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

«Экономика және менеджмент» кафедрасы

Батыс Қазақстан облысы

«Мемлекеттік Кірістер Департаменті»

мемлекеттік мекемесінен

өндірістік сараманнан өту туралы

ЕСЕБІ

Орындаған : 5В050600 «Экономика»

мамандығының 2 курсының Э-21 топ

студенті Губайдуллин М. Н.

Тексерген: оқытушы Шарафутдинова А. Н.

Орал-2019

Күнтізбелік жоспар

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің

«Экономика» мамандығының 2-курс студенті

Губайдуллин Мирхат Наушаевичтың 2019 жылдың 6 мамырдан 17 мамыр

аралығында Батыс Қазақстан облысы, «Мемлекеттік Кірістер департаменті» ММ

өндірістік сараманнан өтуі

Атқарылған жұмыс тізімі
Күнтізбелік мерзімі
№: 1
Атқарылған жұмыс тізімі: Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік Кірістер Департаменті ұжымымен танысу.
Күнтізбелік мерзімі: 06. 05. 2019
№: 2
Атқарылған жұмыс тізімі: Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік Кірістер Департаменті бөлімдерімен танысу.
Күнтізбелік мерзімі: 08. 05. 2019
№: 3
Атқарылған жұмыс тізімі: Кіріспе нұсқамадан өту, ішкі тәртіппен және қауіпсіздік ережелерімен танысу.
Күнтізбелік мерзімі: 13. 05. 2019
№: 4
Атқарылған жұмыс тізімі: Түрлі құжаттармен танысып, жұмыс бабына араласу.
Күнтізбелік мерзімі: 14. 05. 2019
№: 5
Атқарылған жұмыс тізімі: Мамандардың басшылығымен түрлі тапсырмаларды орындау.
Күнтізбелік мерзімі: 15. 05. 2019
№: 6
Атқарылған жұмыс тізімі: Тәжірибе есебі бойынша қорытындылау жұмыстарын жүргізу және оларды топтау.
Күнтізбелік мерзімі: 16. 05. 2019-17. 05. 2019

«Батыс Қазақстан облысы

Мемлекеттік Кірістер Департаменті»

мемлекеттік мекемесінен

сараман жетекшісі Картмагамбетов Б. З.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің

«Экономика» мамандығының 2-курс студенті

Губайдуллин Мирхат Наушаевичтың 2019 жылдың 6 мамырдан 17 мамыр

аралығында Батыс Қазақстан облысы, «Мемлекеттік Кірістер департаментін» ММ

өндірістік сараманның

КҮНДЕЛІГІ

Айы, күні
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы
Тәжірибе жетекшісінің қолы
Айы, күні: 06. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Батыс Қазақстан облысы, «Мемлекеттік Кірістер Департаменті» ММ қызметкерлерімен танысу
Тәжірибе жетекшісінің қолы:
Айы, күні: 08. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанымен, азаматтық қатынастарымен танысу
Тәжірибе жетекшісінің қолы:
Айы, күні: 13. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Батыс Қазақстан облысы, «Мемлекеттік Кірістер Департаменті» ММ ережесімен, заңдарымен танысу
Тәжірибе жетекшісінің қолы:
Айы, күні: 14. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Мекеменің ұйымдастырушылық басқарушылық құрылымын қарастыру
Тәжірибе жетекшісінің қолы:
Айы, күні: 15. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Мамандардың басшылығымен түрлі тапсырмаларды орындау
Тәжірибе жетекшісінің қолы:
Айы, күні: 16. 05. 2019-17. 05. 2019
Орындалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы: Керекті мәліметтерді жинақтап, толтырып, өндірістік тәжірибені аяқтау. Тәжірибе бойынша есеп жұмыстарын қорытындылау.
Тәжірибе жетекшісінің қолы:

«Батыс Қазақстан облысы

Мемлекеттік Кірістер Департаменті»

мемлекеттік мекемесінен

сараман жетекшісі Картмагамбетов Б. З.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті

Тарих, экономика және құқық факультеті

Экономика мамандығының

2 курс Э-21 топ студенті Губайдуллин Мирхат Наушаевич

Мінездеме

Губайдуллин Мирхат Наушаевич 06. 05. 2019ж. -17. 05. 2019ж. аралығында

Батыс Қазақстан облысы, «Мемлекеттік Кірістер департаменті» ММ өндірістік сараманнан өтті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Мирхат тәжірибе барысында мекемеге уақытылы келіп, үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Өткізген тәжірибесін «5» өте жақсы деп бағалаймыз.

Біздің мекемеде алған тәжірибесі Губайдуллин Мирхат Наушаевич болашақта мемлекеттік қызмет саласында жақсы қызмет етуге көмегін тигізеді деп сенім білдіреміз.

Сараман жетекшісі Картмагамбетов Б. З.

Мазмұны:

1. Комитет туралы Ереже

2. Басшылық

3. Құрылым

4. Стратегия

5. Кадрлық қамтамасыз ету

6. Бағынысты ұйымдар

7. Халықпен жұмыс

8. Баспасөз орталығы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - Комитет) орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынңың айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізумен, оларды Еуразиялық экономикалық одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен байланысты қатынастарды, мемлекеттік кірістер органдары мен көрсетілген тауарларды заңнамада көрсетілген шектерде иелену, пайдалану және билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау функцияларын жүргізу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған мемелекеттік мекемелер жатады.

3. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Комитеттің өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан әрекет етеді.

6. Комитеттің егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.

7. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Комитет төрағасының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Комитеттің құрылымы мен штат саны лимитін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Комитеттің заңды мекенжайы: почта индексі 01, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.

14. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері

15. Комитеттің міндеттері:

1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждардың толық және уақтылы түсуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының салық саясатын іске асыруға қатысу;

4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының егемендігін қорғауды және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының салық, кеден және өзге де заңнамасының орындалуын, Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының мемлекеттік кірістер органдарына жүктелген сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

6) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін жеделдету мен жеңілдетуге жағдайлар жасау;

7) этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын, сондай-ақ мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

8) кеден ісі саласындағы, оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы органның жүргізілуіне жататын әкімшілік құқық бұзушылықтардың анықтау және қарау;

10) ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымдың дамуын қалыптастыру және салық төлеушілер үшін электрондық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

11) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастық;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

16. Комитеттің функциялары:

1) Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді жетілдіруге және іске асыруға қатысады;

2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына және Еуразиялық экономикалық одақтың комиссиясына кеден баждарының сомалары жөнінде ақпарат дайындайды және жібереді;

3) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімге енгізу туралы шешім қабылдайды;

4) зияткерлік меншiк объектiлерін кедендік тiзілімінің нысандарын және жүргізу қағидаларын әзірлейді;

5) салықтық және кедендік әкімшілендіруді жүзеге асырады;

6) салық және кеден заңнамасында көзделген нысандар мен өзге де құжаттарды әзірлейді;

7) ұсталған тауарларды өткізу, пайдалану немесе жою, ұсталған тауарларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстар, ұсталған тауарларды өткізуге дайындауға және өткізуге байланысты өзге де шығыстар, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомасын қайтару қағидаларын әзірлейді;

8) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін мемлекеттік кірістер органдары ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін әзірлейді;

9) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны тіркеу немесе тіркеуден бас тарту қағидаларын әзірлейді;

10) транзиттік декларациядағы мәліметтерді мәлімдеу ерекшеліктерін және тауарларды Қазақстан Республикасының аумағымен өткізу кезінде оны пайдалану тәртібін әзірлейді;

11) тауарларға арналған декларация және транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген құжаттарды пайдалану қағидаларын әзірлейді;

12) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерінің тәртібін әзірлейді;

13) мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамының кеден декларациясын толтыру қағидаларын әзірлейді;

14) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына жеке пайдалануға арналған тауарларды олардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкетілгеннен кейін әкелуін растау қағидаларын әзірлейді;

15) құқық қорғау органдары және (немесе) уәкілетті орган ұсынатын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға ықтимал қатысы болуы туралы ақпарат алған кезде, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ұстап алуды (тоқтата тұруды) жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

16) теміржол тасымалдаушылары уақытша әкелінген халықаралық тасымалдаудың теміржол көлік құралдарының және (немесе) теміржол көлік құралдарымен тасымалданатын, оның ішінде ішкі тасымалдау үшін пайдаланылатын контейнерлердің тұрған жері туралы ақпаратты кеден органының талабы бойынша ұсынудың қағидаларын әзірлейді;

17) қос дәліз жүйесі қолданылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындары тізбесін, сондай-ақ осындай Тізбені құрастыру қағидаларын әзірлейді;

18) тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді қабылдағаны туралы тұлғаның өтініші нысанын әзірлейді;

19) тауарды сыныптау туралы шешімдерді қабылдау қағидалары мен шешімнің нысанын әзірлейді;

20) тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша тауардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын, сондай-ақ тауардың шығарылған жері алдын ала шешімдерді қабылдағаны туралы тұлғаның өтініші нысанын әзірлейді;

21) консультация өткізу қағидаларын әзірлейді және мерзімдерін бекітеді;

22) аванс төлемдерін енгізудің қағидаларын және нысандарын әзірлейді;

23) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдау туралы өтініштің нысандарын әзірлейді;

24) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді қабылдау туралы өтініштің нысандарын және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысан бойынша құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді тіркеу журналында тіркеу қағидаларын әзірлейді;

25) әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері жөніндегі алдын ала шешімдер беру қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ осындай алдын ала шешімді қолдану тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;

26) көлік саласындағы уәкілетті органмен бірге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде көліктік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;

27) радиациялық бақылауды жүргізу қағидаларын әзірлейді;

28) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында реттелмеген бөлігінде кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын әзірлейді, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіретін мамандандырылған мемлекеттік мекемелер орналасқан жерлерде және аумағында кедендік операциялар жасалуы және кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін өзге жерлерде кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекітеді;

29) қайта өңдеу жөніндегі операциялар нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін әзірлейді;

30) белгіленген мерзімде төленбеген кедендік баждардың, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы және кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомаларын өтеу туралы хабарламалардың нысандарын әзірлейді;

31) уәкілетті кеден органы өзге уәкiлетті сараптама ұйымдарын (сарапшыларды) тартуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, кедендік сараптама уәкілетті орган айқындаған тәртіппен өзге уәкiлетті сараптама ұйымы (сарапшы) жүргізу үшін тағайындау қағидаларын әзірлейді;

32) кедендік, көліктік (тасымалдау), коммерциялық және өзге де құжаттарға, сәйкестендіру құралдарына қатысты кедендік сараптаманы жүргізу үшін мұндай құжаттар мен сәйкестендіру құралдарын алып қою қағидаларын әзірлейді;

33) уәкілетті кеден органы кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және кедендік сараптама жүргізуді тағайындау туралы мемлекеттік кірістер органдарының шешімнің нысанын әзірлейді;

34) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған еркін қоймаға қою үшін еркін қойма кедендік рәсімімен міндетті түрде орналастыруға жататын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының жекелеген санаттарының тізбесін әзірлейді;

35) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанты болатын заңды тұлға иесі болып табылатын бірнеше еркін қойманың аумақтарына қойылуы және соларда болуы мүмкін жағдайларда осындай тауарлардың және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың осындай қоймалар арасында орын ауыстыруын, сондай-ақ мұндай жағдайларда кедендік операцияларды жасау ерекшеліктерін және осындай тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу ерекшеліктерін әзірлейді;

36) Қазақстан Республикасының аумағында еркін қойма кедендік рәсімі қолданылмайтын шетелдік тауарлардың тізбесін және (немесе) шетелдік тауарлардың санаттарын әзірлейді;

37) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалған не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалған және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы таныған жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай аяқтау тәртібін әзірлейді;

38) мемлекеттік кірістер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік базасын дамытуға қатысу;

39) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған, тауарды дайындау (алу) тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін өндірістік процестерді қамтамасыз ету, еркін қойма аумағында пайдаланылатын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерін салу мақсатында жабдықтарды, машиналар мен агрегаттарды күтіп ұстау мен пайдалану процесінде қайтарымсыз жоғалған тауарлар толық немесе ішінара жұмсалған (тұтынылған) (өндірістік шығындар) жағдайларда кедендік рәсімдермен орналастырылмай еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін әзірлейді;

40) қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтаумен жабдық немесе еркін қойманың иесі пайдалануға енгізген және қолданатын өзге де негізгі өндірістік құралдар не көрсетілген негізгі өндірістік құралдардың бөлшектері болып табылатын көрсетілген еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау тәртібін әзірлейді;

41) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырған тауарларға және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларға қатысты еркін қойма аумағында сақтау, тауарларды тиеу (түсіру) жөніндегі операциялар және сақтауға байланысты өзге де жүк операциялары, тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар, сондай-ақ партияларды бөлшектеуді, жөнелтілімдерді қалыптастыруды, сұрыптауды, орауды, қайта орауды, таңбалауды қоса алғанда, тауарларды тасымалдауға (тасуға) және сатуға дайындау жөніндегі әдеттегі операциялар, тауарларды қайта өңдеу (өңдеу), тауарларды дайындау (жинауды, бөлшектеуді, монтаждауды, шақтауды қоса алғанда), тауарларды жөндеу және тауарларды дайындау (алу) процесінде мұндай шетелдік тауарлар толық немесе ішінара жұмсалса (тұтынылса) және (немесе) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлардың құрамында болмаса, тауарларды дайындауға (алуға) қатысатын немесе септігін тигізетін операциялар жасау қағидаларын және шарттарын әзірлейді;

42) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарларды еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларда сәйкестендіру қағидаларын әзірлейді;

43) еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар авария немесе еңсерілмейтін күш әсері салдарынан жойылған және (немесе) қайтарымсыз жоғалған не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи кему салдарынан қайтарымсыз жоғалған және осындай жойылу немесе қайтарымсыз жоғалу фактісін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының тану қағидаларын әзірлейді;

44) еркін қойманың иесі таратылған кезде еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау уәкілетті орган айқындаған тәртібін әзірлейді;

45) арнайы экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, оларға қойылатын талаптар тәртібін әзірлейді;

46) арнайы экономикалық аймақтың аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртібін әзірлейді;

47) арнайы экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы көрсетілген хабарламаны беру және арнайы экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық арнайы экономикалық аймаққа немесе логистикалық арнайы экономикалық аймаққа әкелуге хабарламалар беру қағидаларын әзірлейді;

48) арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;

49) арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды есепке алуды жүргізу, сондай-ақ кеден органына осындай тауарлар туралы есептілікті ұсыну тәртібін әзірлейді;

50) мемлекеттік кірістер органының рұқсатымен арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың аумағында кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін қойманың аумағынан еркін қойма кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге өзге еркін қойманың аумағына қою және сонда болуы үшін әкетілетін жағдайларда беру тәртібін әзірлейді.

2. Басшылық

Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі
Жемқорлыққа қарсы қызмет пен экономикалық тергеу қызметі
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтері
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері
Кедендік төлемдер
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Еуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Кедендік одақ құрылуының алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz