Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім
1.1.Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.2.Ақын өлеңдерінің көркемдік құралы мен тақырыптық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3.Мифтік құбылушылықпен желілерінің көркемдік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15Қор ытынды ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25Пай даланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты:Жанат Әскербекқызының шығармаларындағы мифтік сарынды анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:Жаныт Әскербекқызының шығармашылығына тоқталып және өлеңдеріндегі мифтік сарынды табу.
Курстық жұмыстың өзектілігі:Жанат Әскербекқызы поэзиясына тоқталыу.

1.1.Жанат Әскербекқызы өмірі мен шығармашылығы
Поэзия- ұлы әлeм, тылсым күш. Мұңайғанның жүзіне күлкі сыйлатқан, бейқам көңілді тұңғиық ойға шомдырған нe құдірет?...Әрине, ол-поэзия.Өлең - сөздің патшасы екендігі ықылым заманнан бері айдан анық. Сонау замандағы Алып Ер Тұңғаны жоқтау жырынан бастап, қазақ жазба әдeбиетінің негізін қалаған Абай атамызға дейінгі һәм одан кейінгі барша ақындаросыны дәлeлдеп берді емес пе?! Поэзия туралы айтылған ой-пікірлердің,тұжырымдардың сілемі тым әріден бастау алып,үзіліссіз жалғасып келеді.Солардың кейбіріне тоқталар болсақ, грек Вольтор кескін өнері-мылқау поэзия,ал - кескін өнері десе,Лессинг поэзия мен кескін өнерінің ұқсаса құбылыс екенін алғаш аңғарған адам нәзік сезім иесі болса керек деп топшылайды.Сөйте тұрып, ақынның үнінен естілер әуенді муызка жеткізе алмайды,картина бейнелей алмайды, бұл-поэзияныі ешкім аңғармас мүмкіндігі деген қорытындыға келеді.Гегель поэзияда сәулет,мүсін,кескін, өнерінде көрінбейтін ішкі әлемнің мазмұны көрінетінін айтады.Қарап отырсақ,поэзияға деген ілтипат пен құрмет шексіз.Неліктен бұлай екеніне алысқа ұзамай-ақ, ұттық рухани мұрамызға көз жібере отырып, жауап таба аламыз.Сөздің інжу-маржанынан сүзілген батырлық, ғашықтық дастандар,жыраулар поэзиясы, ұлы Абай поэзиясы,Мағжан мен Мұқағалидың жырлары...Осылай ой көзімен шола келе,тылсым құдіреті бар өлең әлеміне еріксіз тартыласың. Сөз патшасы, сөз сарасы (Абай) - өлең терең сырлы, жүрек шөлін қандырып, жанды рахатқа бөлер ғажайып табиғаты түрғанда, сол патшалық тағын ешкімге,ештемеге бере қоймас.Үндемесі келіскен дыбыстар жүйесімен өріліп, сезімді бейнелеу арқылы түйсікке ерекше әсер ететін өлең туралы айтылар сөз де таусылмақ емес Абай ата көрсетіп кeткeн ұлы жолдың үстімeн жүріп, поэзия көгінің ай- қанат қырандарына айналған қаншама ақын-жазушылар бар:М.Жұмабаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин... бертін келе М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Қ.Мырзалиев, Ф.Оңғарсынова, К.Ахметова, М.Шаханов... Осы аталған ақындардың (аты аталмаған қаншама жыр дүлділдері бар) жыр - дастандарының куәсі ХХ ғасыр.Аты аталған ақындар шоғырының бeл ортасында қазіргі кeздe қазақ поэзиясының қызыл гүлі атанған Жанат Әскербекқызы бар. Әскербекқызы - қазақ поэзиясына 80 - жылдардың бeл ортасында келген үркердей топтың бeлгілі өкілдернің бірі. Ақын өзінің әр жылдары жарық көрген Ғарыш билeр ғұмырымды, Қаңтардағы қызыл гүл, Көнe түркілeр әуeні, Қаз қанатындағы ғұмыр, Ай-тамғы тәрізді жинақтарымен танымал.Ұлттық поэзиясының патшайымы Фариза апамыз бастаған қазақтың талантты ақын қыздарының көш кeруeніндe тұрған Жанат Әскербекқызы өз шығармалары арқылы ұлттық поэзия дәстүрін тeрeң мeңгeріп, шeбeр жаңғырта білудің үлгісін көрсeтіп кeлeді. Жыр әлемінде өз ойын, өмір шындығын көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты жоғары, өзін жыр жолына арнаған үлкен таланттың ғана қолынан келеді.Сондай таланттың бірі - аты алты алашқа танымал Тарбағатай ауданының тумасы Жанат Әскербекқызы . Ол 1966 жылдың 1 қаңтарында шырайлы Шығыс өңірінде Тарбағатай өлкесінде Қарасу елді мекенінде өмір есігін ашқан. Ақын, Еуразия Ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Әлем әдебиеті журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 1982-1987 жылдар аралығында Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазак мемлекеттік университетінің филология факультетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алған. 1987-1995 жылдары Шығыс Қазакстан облысы Тарбағатай ауданы Құйған ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. Сонымен қатар жазушы 1995-2000 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аға оқытушысы болды. 1999 жылы ҚР ҰҒА академигі С.А.Қасқабасовтың жетекшілігімен "Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі" атты тақырыпта кандидаттық диссертация, ҚР ҰҒА академигі Р.Нұрғалидың кеңесшілігімен Мифтің поэтикадағы қызметі (қазіргі қазақ поэзиясы арқауында) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Республикалық АҚҚҰС жыр мүшәйрасының (1993) жүлдесін алған. Шығармашыл жастардың республикалық Шабыт фестивалінің Гран-при жүлдегері (1999), Президент стипендиясының иегері (1999), Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының (2001), Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген мүшәйраның жүлдегері (2001), Қазақстан аграрлық партиясы тағайындаған Әбдіраштың Жарасқаны атындағы сыйлықтың лауреаты (2004), Шығыс шынары халықаралық жыр мүшәйрасының жүлдегері (2010, 2011). ҚР БҒжМ ЖОО үздік оқытушысы - 2011 мемлекеттік грантының, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Күлтегін төс белгісінің иегері.Жанат Әскербекқызының 1995 жылы Қарлығаш жас ақындар жинағына өлеңдері енген. Ғарыш билер ғұмырымды (1999), Қаракөз бұлақ (2001), Қаңтардағы қызыл гүл (2001), Көктүріктер әуені (2002), Қаз қанатындағы ғұмыр (2007) жыр жинақтары шыққан. Орыс ақындары М.Лермонтовтың, Н.Гумилевтің, жапон ақыны Сайгёнің, тәжік ақыны Фарзонаның өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Өз өлеңдері қырғыз тілінде шыққан Қазақ поэзиясының антологиясы жинағына енген.Жарық көрген шығармалары. Ғарыш билер ғұмырымды (өлеңдер жинағы, 1999); Қаракөз бұлақ(өлеңдер жинағы, 2001); Қаңтардағы қызыл гүл (өлеңдер жинағы, 2001); Көктүріктер әуені (өлеңдер жинағы,2002), Қаз қанатындағы ғұмыр(өлеңдер жинағы,2007); Сакура гүлдегенде (Жапон поэзиясының аудармасы, 2011), Ай-тамғы (өлеңдер жинағы, 2014).

1.2.Ақын өлеңдерінің көркемдік құралы мен тақырыптық ерекшелігі
Дүниедегі бар құбылысты, адамзат санасындағы сан қырлы сезімді сөз арқылы жеткізуге болады.Сондықтан да осы сөз құдіретінің мән- мағынасына терең бойлап, мың сөзден бір сөз таңдап, сөз маржанын бейнелі өрнекпен кестелеу ақыннан үлкен шеберлікті қажет етеді. Осы шеберлікті жақсы меңгерген Жанат Әскербекқызының тілі көркем де шұрайлы. Қазақтың танымал ақын ұлдарының бірі Қалқаман Сарин ақын жайлы ойын былай білдіреді:Жанат ақынның әдебиет хақындағы ғылыми еңбектері танымал профессорлармен баяғыда-ақ мойындалған.Ол сондай-ақ, Байронды, жапон ақыны Сайгены, түрік,орыс ақындарының бір шоғырын қазақша сөйлеткен шебер аудармашы. Қазақ мифологиясына алғаш түрен салған бірден-бір ақын. Жанат Әскербекқызы - өмір жолын жыр әлеміне арнаған, қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі. Ақын жырлары - қазіргі қазақ поэзиясында бітім- болмысымен ерекше тұрған өз алдына бір дүние.Оның өлеңдерінің ерекше сипаты- қиялыңды қыдыртып, ой- теңізіне жүздіріп жіберуінде. Жанат Әскербекқызы өзінің поэзияға деген махабатын мына өлең жолдары арқылы жеткізген екен.
Өзім жайлы ақпарды не деп берем...
Пенде емеспін тірлікті өбектеген.
Қалжыраған жұмбақтау жүрегімді,
Қара өлеңнің күшімен демеп келем [3,81 бет] Ақын өмірдің бар құбылысына қалам тартқан. Соның ішінде табиғат,туған жер лирикасы ақынның арналы тақырыптарының бірі. Әркімнің туғанжері - жерұйығы дегендей ақынның шығармаларынан туған жеріміздің таңғажайып табиғаты анық көрініп тұрады. Табиғаттың әдемі сұлу бейнесі ақын жырында жай суреттеле салмайды, онда адам мен табиғат арасындағы нәзік байланыс философиялық таным тұрғысынан талданып, ерекше шабытпен жырланады. Табиғаттың әрбір сәтін көңіл-күйімен үндестіріп, сол табиғатқа жан-тәнімен сіңіп кететін ақын жанының жаратылысқа деген ынтықтығы әдемі тіркес, астарлы сөздермен, нәзік те сыршыл тұспалдаулармен өріледі.
Көп ұзамай тіршілік басталады,
Табиғаттың жылиды қас-қабағы.
Қонақтайды қайыңға мың жапырақ
- Былтырғы емес бірақ та, басқа бәрі. [3,18 бет] Жанат Әскербекқызының табиғат лирикасында жел, қар, шың, бұлақ, тал образдары жиі көрініп қалып отырады.
Есілден соққан ерке жел
Ерте кел үнін өзеннің,
Шежірең болса шерте бер,
Сергелдеңіңді сезермін ... [3,25 бет]
Таңырқап ай қарайды,
Тосырқап сай қарайды
Бағынып балақты жел
Балтырын аймалайды [3,65 бет]
Шынар тұр бойын тік ұстап,
Жапырағымен тыныстап.
Күңкілін жұрттың не қылсын,
Кімімен қалай ұғыспақ... [3,34 бет] Ақын жырларында көзге жиі түсетін табиғат образдарының бірі Ай образы. Мысалы,
Ай жатыр.Жылжымайды,
Тұншығып кім жылайды..
Етегін қымтай түсіп,
Түн-әйел түнжырайды. [3,62 бет]
Ай түнсіз.Тіл қатпайды,
Жұлдыздар сырғақтайды.
Түн жалғыз.Бейсауыт жел
Әйнегін бір қақпайды. [3,63 бет]

Анау Ай да
Міз бақпады,
Жүрегімді сыздатқаны,
Ішім - ақпан,
Сезіміме мұз қатқаны. [3,69бет]
Ақын әрдайым өз өлеңдерінде туып өскен жерін рухани тірегі ретінде қабылдап, оның қадыр - қасиетіне бас иеді.Оның көңілі, ойы туған жерінен бір сәт болса да ажыраған емес.Оған ақынның мына өлең жолдары куә:
Сағым жөңкілген белім аман ба,
Жалпақ жұрт - жайлау - төрім аман ба?
Аңыз боп жеткен ата қонысым -
Қос Арғанаты, желің аман ба? [6,24 б]

Ынтызар едім желіңе бұла,
Демеу жетпей жүр деміме мына.
Кеудемді жарған керімсал өлең
Тіріге сәлем, өліге дұға [1,4 б]- деген өлең жолдары жүректі елжіретері сөзсіз.
Сондай - ақ:
Кеудемнен шырқыратып жанымды үзіп,
Ақ сағымда барады ауыл жүзіп.
Жүрегімді шеңгелдеп қысып алып,
Тамырымда ойнайды қаным қызып, [1,33 б]- деген жолдардан ақынның туған жеріңе деген сағынышың кеудеңнен шырқыратып жаныңды үзетін қимас сезімді әсем де әдемі суретпен шебер жеткізе білгендігін көре аламыз.
Көмкеріліп сұлбасы сағымменен,
Алыстап бара жатыр ауыл менен.
Қайта-қайта бұрылып қарай бердім,
Қарай бердім, тербетіп жанымды өлең, [1,33 б]- деген жолдар расында да ауылдан ұзап шыға бергенде әркімді-ақ мазалайтын көңіл-күй құбылысы екенін айтып жатудың өзі артық. Ал ақынның сол бір құбылысты мөлдіретіп өлеңге айналдыруы, сол арқылы көптің көңілінде жүрген сағыныштың сырын сөзбен кестелеп жайып салуы тек шынайы ақынға ғана тән ерекшелік деп білемін.
Өлең құрылысы.
1.Жанат Әскербекқызы - әдебиетке өткен ғасырдың 80-90-жылдарында келген поэзиядағы жаңа буынның өкілі.Бұл ұрпақ ұлттық дәстүрлерді ғана емес,әлемдік үздік үлгілерді жақсы игерген дайындығы,эстетикалық талғамы аса мол толқын.Бұл қатарды біз білгенді Нұрлан Мәукенұлы, Нұржанов, Гұлнәр Салықбаева, Маралтай Райымбеков секілді дарынды ақындар шықты. Осы топтың ішінде ерте көзге түскен,студент кезіндегі өлеңдерімен оқырманды жалт қаратқан Жанат Әскрбекқызының өнерпаздығы ет пен терінің арасындағы алғашқы қызу емес, лаулап жанған, үдеп өрістеген құнарлы қазына екендігі оның оқырманға ұсынылып отырған өлең жинақтарынан айырықша байқауға болады.
Оның өлең жолдарында қазақтың оралымды да бай тілінің көркемдік құралдары мол да шебер пайданылған.Әдеби шығармалардың ажарын келтіретін нәрсе- дыбыс қайталаулар.Бұл тәсілдер әдебиет теориясында аллитерация және ассонанас деп аталады.Өлеңнің үнділігіне көп көңіл бөлген ақын бұл тәсілдерді өнімді пайдаланған.Оны ақын өлеңдерінің кез-келгенінен да табуға болады.
Жалғыз тал көрсең,қимай жүр дейді,
Жақынды жаттай сыйлай жүр дейді.
Жалғыздық зарын тартпаған жандар
Жалғанға мынау сыймай жүр дейді...[4,11 бет]
Көкпеңбек аспан...көк дала,
Көк сағым толқып ойнаған.
Көңілде ,сірә,жоқ нала
Кеудеге мәңгі орнығар.[4,18бет]

Жанат Әскербекқзы өз өлеңдерінде эпитеттерді өте көп пайдаланған.
2.Ақын өз шығармаларында көркем бейне жасауда, сөзбен сурет салуда теңеу сөздерді талғампаздықпен шебер пайдаланып, заттың, құбылыстың ерекше ұқсас белігілерін екінші нәрсемен салыстырып, құбылтып, түрлендіріп, эстетикалық әсерін одан әрі күшейтіп отырған. Ақын шығармаларында - дай, дей,- тай, -тей жұрнағы арқылы жасалган теңеулерді жиі қолданған.
Оған ақынның мына өлең тармақтарынан байқауға болады.
Қаһарына мінген түлей,
Сілкіледі тулақтай.
Арашаны күннен тілей,
Өліп кетті тіл қатпай. 3.Ақын шығармаларында көркемдік тәсілдердің бірі ауыстыру (метафора) кең қолданылған. Ақын шығармаларында жалғаусыз, жұрнақсыз бір нәрсені екінші бір нәрсеге балау арқылы жасалатын метафораның жай түрі жиі қолданылады.Ақынның жыр жинақтарында нәзік сыршылдық,тылсым дүние саздары, табиғатпен үндестік,сағыныштың мұңлы әуені көрініс тапқан.Өлеңдерден мысалдар келтіретін болсақ;

Терең мұңмен астасып сыңғыр үні,
Тұнығына тұншыққан сыр дүбірі.
Түн құшағын ашқанда жылайтын ол
Нәзік жанын ауыртып гүл-ғұмыры.

Маңдайында алаштың - шер таңбасы,
Таңдайына татыды сордың дәмі

Үш жастағы сәби онда не білсін,
Боп жатқанын өлім - оңай, өмір - сын,

Өмір - жалған, қалайша білмей өтем.
Егіле ойлап, ертеңді түндей етем.
Өткен күндер - үзілген жапырақтар,
Көретұын тағдыры бірдей екен.

Мен - тылсыммын...
Тілімді түсінбей
Сен күрсіндің..

Мен -өлеңмін,
Көктен қол созып,
Қуат берермін.
Ақын жырларын оқысаң көз алдыңа керемет бір көркем сурет галереясы елсетейді. Ақын өзінің көптеген өлең - жырларын табиғат атты сұлулық әлеміне арнайды. Оның әрбір өлеңінен табиғатқа деген құштарлық сезімін байқауға болады.Көріп отырғанымыздай, ақын көңілі табиғатқа құмар, онымен сырласуға құштар жан.Табиғатты өзінен немесе өзін табиғаттан бөлек деп санамайды.Содан да ол табиғатты кейіптендіреді, жан бітіреді, табиғатпен сырласады.
Түн дегенің... өксіп, өксіп жылаған,
Өксігенін естімейді бір адам.
Сүріндім кеп мүрдесіне абайсыз
Тылсым көктің шырқауынан құлаған.

Кірпігіне мұз қатқан қыс-құданың
Болар ма екен пейілі бізге лайық.

Қас-қабағын қар шалады
- Көктем-қыз ғой аңсағаны.
...Ақбоз атын ойқастатып,
Ақпан-жігіт ән салады.

Қара тастың сия алмай ұғымына,
Риза болмай тентек жел қылығына,
Үні шықпай жылайды бейкүнә гүл,
Нала болып бір сәттік ғұмырына
Жалпы алғанда Ж. Әскербекқызы өз туындысында бабалар сөзінің асыл қасиеттерін сақтай білген. Сол арқылы көркемдік қуаты зор, жаңа сипатты шығарма жазып шығарған. Елім-жұртым деген перзенттің, халық мүддесін қорғаған қағанның жан тебіренісі көрінетін шығарманың құндылығы қашанда жоғары. Ж.Әскербекқызы поэзиясында сыршылдық басым. Ол өзінің басынан өткізген көңіл-күй құбылыстарын әрдайым өзіне ғана тән нақышпен, сезімді қозғайтын нәзік иірімдерді суретті сөзге айналдыруда өзгелерде көп кездесе бермейтін қарама-қайшы құбылыстарды салыстыра суреттеу тәсіліне жиі жүгінеді. Сол қарама-қайшылықтың әсерінен шындықтың бейнесі айқын да әсем көрінеді.
Қазіргі қазақ әдебиетінің дамуы мен көркемдік ізденістері әдебиеттану ғылымының алдыңғы күрделі міндеттерін шешуді басты орынға қойды.Сондай міндеттердің бірі әдебиеттегімифологизм мәселесі, мифопоэтникалық құрылым, оның көркемдік-идеялық қызметі.Әдебиеттегі мифологизм, мифоэтникалық туралы тұжырымдар әлемдік әдебиеттануда өзінің бастауын әріден алады.Адамзат санасының алғашқы дәуіріне тән деп саналатын мифологиялық ойлау уақыт өте келе көркемдік шындықтың бейнелеуінде мифтік негізде туындаған обрыздар мен сюжеттер жүйесі маңызды қызмет істегені белгілі.Ұлттық әдебиетімізде де мифтік дүние таным көркемдік . Филология ғылымдарының докторы, белгілі ақын Жанат Әскербекқызының "Ай-тамғы" атты жаңа жыр жинағы жарық көрді. Ақынның аталған кітабы Астана қаласындағы "Профи-Медиа" баспасынан 1200 данамен жарық көріп отыр. Жаңа кітап жөнінде автордың өзі: "Ай-тамғы" атты жаңа кітаптың шығуына демеушілік жасаған Шыңғыс Риаханов атты ініміз. Кітап 15 баспа табақ көлемінде "Профи-Медиа" атты баспадан шықты. Осы баспа директоры Жандос Бәделұлының ұсынысымен кәдесый даналары әзірленді. Жалпы өлең кітабының мазмұны мен формасы бір-біріне толық сай болып, оқырманға қай жағынан да эстетикалық ләззат сыйласа деген ойымды осы кітапты шығарарда орындауға талпындым. Осы мақсатыма жетуіме қолдау көрсетіп, көмек жасаған Шыңғыс ініме және айтқанымдай безендіре білген Жандос ініме, графикалық суреттерді салған Толқын атты жас суретшіге, осы бала сурет салады деп ұсынған Жанарбек Берстен атты суретші әрі мүсінші бауырымызға шын көңілден ризашылық білдіремін. Бұл жыр жинаққа жаңадан жазылған өлеңдер кірді және бұрын жарияланған кітаптардан таңдалып берілді", - дейді. Ал, кітаптың атауына қатысты қойған сұрағымызға автор: "Кітап атына келер болсақ, кішкентай күнімізден "тамғы" деген сөзді естіп өстік. Қайыр, үміт, шарапат деген ұғымды да беретін бұл сөздің астарында үлкен мән бар. "Жақсыдан тамғы дәметер көңіл бар" демей ме қазақ... "Ай" мен үшін ерекше мәнге ие. Рухани ағам Светқали Нұржан тарапынан кітап атын осылай десең деген ұсыныс түскенде бірден ұнаттым. Өз көңілімдегі атау болатын...", - деп ғалым ағынан жарылды..


1.3.Мифтік құбылушылықпен желілерінің көркемдік қызметі
Қандай дәуірде ғұмыр кешсе де адамның ой-аңсары, ғұмырлық мақсаты мәңгілік мұраттармен байланысты. Адам баласының өмір, қоғам алдындағы міндеті үнемі жадында жүреді. Жалпы, адамның айналысатын әрекеті, қызығушылығы оның дербес, табиғи қасиеттерімен үйлесіп жатады. Сондай болмысына дарыған дарын мен ой, таным тереңдігі Жанат Әскербекқызының табиғатында - ақындығы мен ғалымдығында жарасым тапқан. Жаратылыстың алуан түрлі көрінісін суретші бояумен бедерлеп, ақын сөзбен айшықтап көркем дүниелер жасайды. Осы өнер үлгілерінде нағыз өмірдің бейнесі алуан түрлі құбылыстар арқылы танылып жатады. Поэзия - адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күш пен сезімнің рақатына бөлейді, жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату - осының бәрі тұтастай алғанда адам жанының табиғи нәрі. Поэзия сезінуге тәрбиелейді, адам жүрегінің кез келген қара байыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында, деп Мұқағали Мақатаев айтатын жайлар да сол жарасымның ішінен табылмақ. Көркемдік таным үрдісінде уақыт пен кеңістік арқылы өл - шенетін сезімдік-көрнекі дүние, негізінен, аңдау, байқау, ба - йып - тау арқылы тұтас, бірегей кө - рініс ретінде қабылданады. Ақын Жанат Әскербекқызының Ғарыш билер ғұмырымды (1999), Қаракөз бұлақ (2001), Қаңтардағы қызыл гүл (2001), Көк түріктер әуені (2001) жыр жинақтарының ерекшелігі де жаратылыс пен адам болмысы арасындағы үндестік, адам сыры, көнеден келе жатқан ұлттық сипат, көк пен жер арасындағы тіршілік, тылсым дүние, сезім-күй әуендерінен танылады. Жанаттың жырларындағы тәні - тас, жаны - жас, мыстан-пиғыл, жорға-сезім, сағым-мұнар, сәйгүлік-күн, қыраулы дем, күз кермек, қызыл іңір-жалғанның үзігі, тірлік-арба, сәукелелі сағыныш тіркестері тосындығымен, дәлдігімен қайран қалдырады. Осындай сан алуан бейнелі тіркестер ақын жырларындағы тұтас идеяны ашып береді. Қаз қанатындағы ғұмыр (2007) жинағына академик Р.Нұрғали: ...бұл жеке өлеңдерден тұратын қалыпты жинақ емес, мәтіндік құрылымы ерекше ойластырылған, жеке бөлімдер бір-бірімен терең бай - ланыстағы, мазмұн мен форма бірлігі тұтаса біткен күрделі поэтикалық шығарма, - деп баға берген екен. Жалпы, ақынның көңілі кең, ойы терең болған са - йын өзі сезініп, меңгерген дүниесі көптің игілігіне көбірек айналады. Адам болмысы қаншалықты күрделі, жұмбақ болса да, ақын оның осы күрделі табиғатына дендей ене алады. 2009 жылы Жазушы баспасынан жарық көрген Өлең өлкесі (қазақ табиғат лирикасының антологиясы) жинақты құрастырушы ретінде жазған алғысөзінде Жанат: А.Блок тұжырымына сүйенсек, жай адамның көзі ажырата алмайтын қырларды шалса, табиғаттың бергі қабатын ғана көрмей, оның ар жағындағы сырды ұғып, сезінсе, сол адам - суреткер, - дейді. Бұл пікірі Жанаттың өз табиғатына үйлеседі. Өзі де үнемі беймәлім, меңзеулі, астарлы дүниенің сырын іздеп жүретін Жанаттың поэзиясы да, ғылыми ізденісі де осы сипаттан құралған. Айнала қоршаған жаратылыс сырларына қанығу, оның тылсым сырларына үңілу адам баласына оның көрінетін құбылыстарды ғана емес, көзге көрінбейтін тыл - сымдардың құпиясына бойлау - ды үйретті. Сонда оның қызықты әрі шытырман, мейлінше күрделі екендігі ашылады. Жанаттың болмысы осындай беймәлім, елес дүниелерге жақын. Жанаттың ерекшелігі - тылсым дүниенің тереңіне ақын болып та, ғалым болып та бойлауы. Ж.Әскербекқызының Көр - кемдік өріс (Е.Раушанов поэ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттану ілімінде тәуелсіздік жылдарында жарық көрген әйел ақындар поэзиясының өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Қазақ энциклопедиясы
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ
Аристофан туралы мағлумат
ҚАЗАҚТЫҢ АҚЫН ҚЫЗДАРЫ
Көркем әдебиеттегі аңыз және мифтің мәні
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Қазіргі қазақ поэзиясының зерттелуі
Пәндер