Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

4
1.1 Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы

4
1.2 Көркем проза шебері

7
1.3 Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың басындағы шығармаларының өзектілігі
9
ҚОРЫТЫНДЫ

20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
21

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М.Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мұхтар Әуезов шығармаларының басты тақырыбын анықтау;

Курстық жұмыстың міндеттері:
Мұхтар Әуезовтің өмір жолымен таныстыру;

Шығармашылығына тереңнен тоқталу;

Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың басындағы шығармаларының өзектілігін анықтау;

Тарихнамасы: М.Әуезов - қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, талғампаз зерттеуші. М.Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.

Курстық жұмыстың нәтижесі: Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыра отырып, тақырыпты жан-жақты ашу.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Мұхтар Әуезовтің шығармашылық ғұмырнамасы
Қазақ халқының ұлы жазушы-классигі, ғұлама ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүниеге келген.
Әуезовтар отбасы белгілі қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың отбасымен туыстық байланыста болды. Мұхтардың атасы Әуез Абайдың досы болған, әрі оның шығармаларын өнеге тұтқан. Абайдың әкесі Құнанбай Әуездің әпкесі Нұрғанымға үйленген. Абай Мұхтар дүниеге келгенде Әуездің шаңырағына барған деседі.
Мұхтар Әуезов ата-анасынан жастайынан айырылған. Әкесі Омархан 1900 жылы, ал анасы Нұржамал 1912 жылы қайтыс болады. Жетім қалған кішкентай Мұхтар ағасы Қасымбектің қолында тәрбиеленеді. Кейіннен ағасы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде білім алған бала Мұхтарды бес сыныптық орыс мектебіне оқуға береді. Онда Мұхтар соңғы сыныпта оқып жүріп Дауыл атты алғашқы шығармасын жазады.
1912-1913 оқу жылында Мұхтар мұғалімдер семинариясының бірінші сыныбын үздік бітіреді. Ғылым-білімге талпынған Мұхтар Семей педагогикалық семинариясында оқып, оны 1919 жылы бітіріп шығады. Жас Әуезов мінсіз талғамымен, ерекше талантымен, сырт келбетімен және нәзік, талғампаз мінезімен, ақсүйектерге тән сымбатты дене бітімімен мұғалімдердің назарын өзіне аударады. Өзгелерден ерекшеленген спортшы қаладағы алғашқы Ярыш футбол командасында ойнады.
1917 жылы Абайдың әйелі Әйгерімнің киіз үйінде Абайдың немересі Ақыштың ұзатуына жиналған жұрттың алдында Мұхтар Әуезовтың алғаш жазған шығармасы Еңлік-кебек пьесасы қойылды. Осылайша, жазушының шығармасына қойылған алғашқы сахналық көрсетілімді Абайдың немерелері мен пьеса авторының жақын туыстары тамашалады.
1917 жылдың жазында Мұхтар бұрынғы әдет-ғұрып және жақын туыстарының өтініші бойынша 15 жасар Райханға үйленді. 1918 жылы олардың қызы Мұғамиля, ал бір жылдан кейін Шоқан есімді ұлдары дүниеге келеді. Алайда, Шоқан ерте қайтыс болып, 1920 жылы олардың некелері бұзылып, Әуезов әйелімен ажырасып кетеді. Сонда Мұхтар қызын өзімен бірге алып, оған өмір бойы қамқорлық көрсетеді.
Кейінірек Мұхтар Абайдың кенже ұлы Тұрағұлмен достасып, ұлы ақынның немересі, Мағауияның қызы Кәмилаға үйленді. Бірақ бұл неке де көпке бармайды.
1918 жылы Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов Семейде Абай журналын шығарады. Бірақ, бұл басылымның он екінші нөмірі шыққаннан кейін идеологиялық себептерге байланысты жабылуға мәжбүр болады.
1919 жылы Мұхтар Әуезов большевиктер партиясына қосылып, кейіннен партия желісі арқылы Семей губерниясы атқарушы комитетінің төрағасы және Орынбордағы ҚазССР хатшысы қызметін атқарып, сонымен қатар драма және журналистика саласында бақ сынап көрді.
1922 жылдың күзінде партиялық тәртіпті бұзу және ұлтшылдық көріністері үшін Әуезов большевиктер партиясынан шығарылады. Ол партия құрамында үш жарым жыл болған. Осылайша, Әуезов ірі мемлекеттік лауазымын тастап, Ташкенттегі Ортаазиялық Түркістан университетіне ерікті тыңдаушы ретінде түсіп, Шолпан журналында жұмыс істейді.
1923 жылдың көктемінде Әуезов Орынбор кадет корпусының түлегі, тарихшы және фольклорист Әбубәкір Диваевтың ұсынысы бойынша Қарқаралы ауданының Шыңғыс болысында ғылыми комиссияға қатысады. Онда олар Абайдың философиялық жазбалары мен өлеңдерін, Дрейпер, Льюис, Спенсердің шығармаларының сақталған қолжазбаларын жинап, қабылдаумен айналысты. Сол уақытта оған Халел Досмұхамедов және Мағжан Жұмабаев көмектесіп, серігі болды. Кейінірек патша үкіметі бұл ынтымақтастығы үшін Әуезовті Алаш Ордаға қатысы бар деп жазушыны айыптайды.
Әуезов 1923 жылдың қазан айында Ленинград мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. Мұнда Мұхтар Әуезов болашақ үшінші жұбайы Валентина Николаевна Кузьминаны кездестіреді. Бірақ, Әуезов бірінші курстан кейін Қазақстанға оралады. Дегенмен, 1925 жылдың күзінде Ленинградқа қайтып барады да 1928 жылы университетті бітіріп шығады.
1928 жылдың тамыз айында Ленинград университетін бітірген соң, жас отбасы Ташкентке көшіп кетеді. Мұнда Әуезов Орта Азия университетінің аспирантурасына оқуға түседі. Ал 1929 жылы олардың қызы Лейла дүниеге келді. Кейіннен Лейла Мұхтарқызы тарих ғылымдарының докторы, Мұхтар Әуезов мұражай-үйінің директоры болды.
1930 жылы Әуезовты Алқа жас қазақ жазушыларының ұйымына байланысы бар деп айыптап, екі жарым жылға түрмеге қамайды. Сол кезде әйелі мен қызы Ленинградқа қайта оралады.
Әуезов бостандыққа шыққаннан кейін Алматының университеттерінде сабақ беріп, пьесалар жазуын жалғастырады. Жазушының досы, әрі ақын Ілияс Жансүгіров Әуезовке саясатты тастап, танымал туысының шығармашылығын зерттеуге кеңес береді. Осылайша, қазақ ақынының асыл мұрасын зерттеуді қолға алған Әуезов 1933 жылы Абайдың толық өлеңдер жинағын латын қарпімен басып шығарады. Қызылордада жарық көрген бұл жинақ Абай Құнанбайұлының толық жинағы деп аталады.
Содан кейін Абай шығармаларының алғашқы ғылыми жинағын дайындайды. Және сол аралықта Әуезовтың жазған пьесалары қазақ музыкалық театрында сахналанды.
Сондай-ақ, ол отбасымен қауышады және 1935 жылы болашақ биолог, Ернар есімді ұлы дүниеге келеді. 1937 жылы мамыр айында өткен Қазақстан жазушылар одағының алғашқы пленумына қарай Әуезов - Қазақстанның әдеби көкжиегіндегі ең жарқын тұлға болды.
Бірақ, жергілікті органдар оның ескі және ең көп қудаланған еңбектерін оқуға тыйым салып, кітапханадан алып тастап, жұмысынан шығарып жібереді. Содан кейін Әуезов Мәскеуге кетіп, жазушы Леонид Соболевпен көп жұмыс істейді. Онда олар Абай трагедиясын, Қазақ халқының эпосы мен фольклоры ғылыми зерттеуін жазады және Қазақ халқының әндері жинағын шығарады.
Соғыс басталарда Әуезов Қазақстанға оралады. Еліне оралған жазушы тіл, әдебиет және тарих институтында жұмыс істейді. 1942 жылы ол Абай романының алғашқы кітабын шығарды. Сол жылдары Әуезов 1937 жылы қуғын-сүргіннің құрбаны болған досы Ілияс Жансүгіровтың жесірі Фатима Ғабдуллинамен азаматтық некеге отырады. 1943 жылы олардың Мұрат есімді ұлдары дүниеге келді. Мұрат Мұхтарұлы кейінірек мәдениет қайраткері, Мұхтар Әуезов қорының негізін қалаушысы болды.

1.2 Көркем проза шебері
Мұхтар Омарханұлы Әуезов шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне тылсым құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М.Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай - қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М.Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады.
Өмірлік шындық пен көркемдік шешімнің қарым - қатысы көп мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің теке - тіресі, талас - тартысы, жеке тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре - сарсаңға, қуғын - сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік. Осы орайда қаламгердің азаматтық қызметі, шығармашылық қағидасы, дүниетанымы мен саяси ауыздықтау XX ғасырдың 20 - 30 жылдарында бірде ашық, кейде астыртын сапада жүріп жатты. Қалыптасқан жағдайға көндігу, партиялық күшті мойындау, сырттай икемделу, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, астарлы түрде жалғастыру, ашық қарсы шығу - сол кезең қойған таңдау еді. Әр әдеби тұлғаның қай жолды таңдағаны жөнінде біршама зерттеулер бар, бірақ әлі ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер де жеткілікті. Соның бірі - кеңестік жүйенің алғашқы кезеңдегі әдебиеттегі ұлт - азаттық идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал - тәсілдердің табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен ғылымы үшін аса маңызды, бірақ әлі күнге дейін арнайы сөз бола қоймаған, көпшілікке беймәлім сыры мен қыры жетерлік кезеңі бар. Ол қаламгердің азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған қазақ зиялыларының қатарында Алаш қозғалысының идеясымен суарылған шығармашылық қызметі.
Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы жазылған шығармаларының барлығына дерлік Кеңес үкіметінің алғашқы дәуіріндегі өмір кезеңі қамтылғанымен, кеңестердің іс-әрекетін көтере дәріптеу, көзсіз мақтау, мадақтау жоқ. Үйлену, Оқыған азамат, Ескілік көлеңкесінде, Кінәмшіл бойжеткен сынды әңгімелерінде жаңа қоғамның жаңалықтары бой көрсеткенімен, бұларда кеңестік дәуірдің зор жетістіктеріне сүйсіне қарау жоққа тән. Жазушының бұл уақытта жазған шығармалары ішінде Жуандық әңгімесінде ғана Кеңес үкіметіне зор үміт артып, сеніп қарау байқалады. Алайда, шығарма соңы кеңестерді арқау еткен жатақтың опық жеп, жерінен айырылып, көшіп кетуіне ойысады.
М.Әуезов шығармаларында кеңес үкіметінің жетістігін көзсіз мадақтаған жоқ.
Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы шығармашылық қызметіндегі ұлт - азаттық идеясының бейнеленуі мен көріну жолдары туралы азды - көпті пікірлер айтылған зерттеулер бар. Олардың кезеңдік тұрғыдан алғанда әрқилы екендігі, кереғар пікірлердің барлығы, орнықты бағасын күткен асығыс тұжырымдардың кездесетіні - арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай. Соған қоса осы тұрғыдағы жазушы көзқарасының өзгерісі мен дамуы да әрі қарай жүйелі зерттеуді қажет ететіні даусыз. Алаш идеялары қатарында М.Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүние таным эволюциясын айқын аңғартты.
Кеңестік жүйе тұсында 1919-1921 жылдары ол Семей губерниясының революциялық комитеттерінде губерниялық атқару комитетінде қызмет етіп, Қазақ тілі газеті арқылы саяси-әлеуметтік және әдеби, ғылыми бағытта мәнді көсем сөздерін жариялады. Дүние астаң-кестең болып замана көші өзге бағытқа бұрылған шақта М.Әуезовтің амалдап, саясатқа ауғанын байқап қимылдауға көшуі заңды еді. Бұл жылдар М.Әуезовтің замана болмысы туралы ұғым-талғамын екшеп, сауатты саясаткер болып қалыптасуына негіз болды.
Халқының мақтанына айналған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы, ізденістері жөнінде кеңес дәуірінде көлемді зерттеулер жүргізілгенімен, оның кейбір туындылары тұрпайы саяси сынға төтеп бере алмай, көз бен көңілден таса қалды. Шығармаларындағы ұлттық өрнектер, дәстүр ерекшеліктері дұрыс қабылданбай, пролеткульт талабына сай келгендей ғана әдеби айналымға түскен. Енді бүгін жоғалтқанымызды тауып ойсырағанның орнын толтырудың уақыты жетті. Сондықтан жазушының бұған дейін тыйым салынып, көпшілік назарына ұсынылмай келген шығармаларының қайта жарияланып, лайықты бағасын алатын кезі туды.

1.3 Мұхтар Әуезовтің ХХ ғасырдың басындағы шығармаларының өзектілігі
Заманымыздың ұлы суреткері М.Әуезов - тарихта сирек кездесетін жан-жақты, терең білімді, парасатты, шын мәніндегі асқан талант иесі. Ұлы жазушы М.Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміз, бүкіл адамзат мәдениетінің жетістігі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған әңгімелері мен повестері ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алтын қорына енеді.
Қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтің алғашқы кезеңде 1919-1932 жазылған шығармаларын қарастырудың ерекше мәні бар. Суреткердің бұл кезеңдегі шығармалары оның іздену, өсу жолынан, әдеби стилі мен творчествосының қалыптасуынан мол хабар береді. 1916-1917 жылдары қолына қалам алған М.Әуезов өз тұсындағы өзгерістерден еш бейтарап қала алмады. Патшалық құрылыстың құлап, елдің ескі отаршыл құрылысқа қарсы атой салуы жас қаламгерді әлеуметтік өмірге араластырды.
Адамдық негізі - әйел (1917ж), Мәдениетке қай кәсіп жуық, Оқу әдісі, Ғылым тілі секілді мақалаларында ол оқу ағартудың, мәдениеттің маңызды мәселелерін көтереді. М.Әуезовтің 1923 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінде қырғыз эпосы Манас туралы жасаған баяндамасы ғылыми қауымның назарын аударды.
Жазушының алғашқы кезеңдегі шығармаларының көлемдісі де, көркемі де прозаның әңгіме, повесть жанрларында жазылды. М.Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер (Қорғансыздың күні, Жетім, Жуандық, Ескілік көлеңкесінде, Кім кінәлі, Барымта т.б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді, қоғам өмірінің, халық тіршілігінің терең қатпарларын, ішкі қайшылықтарын білгірлікпен суреттейді. Өмірдің ақиқат ағысын, типтік құбылыстарын зерттеу - жазушыға қазақ коғамының көкейкесті мәселелерін көтеруге мүмкіндік берді.
1925-1928 жылдары Ленинград университетінде оқып жүрген кезде Қаракөз, Қараш-Қараш оқиғасы, Қилы заман 1928 жылы повестерін жазады.
Қорғансыздың күні (1921) -- М.Әуезовтің алғашқы жарық көрген әңгімесі. Шағын шығармада қоғам бойын жайлаған дерттің бір көрінісі зор көркемдік қуатпен ашылған. Мұнда Ғазиза деген панасыз жетім қыздың адам айтқысыз озбырлық, қорлықка шыдамай, боранда үсіп өлгені айтылған. Бұл шығармада Ақан сияқты қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. Қорғансыздын күні өзінің көркемдік бітімі жағынан қазақ әдебиетіне жаңа өрнек енгізді. Қорғансыздың күні атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерілді. Осыдан бастап өрбіген қазақтың көркем прозасы... уақ жанрда да, повесть, роман сияқты көлемді жанрда да көптеген шығармалар туғызып, көп тілді совет прозасының алдыңғы қатарынан орын алды, -- деген С.Мұқановтың пікірінде зор шындық жатыр. Әңгіменің құрылысы шымыр, көркемдік бояулары қанық, оқиғалары мен адам мінездері мейлінше шыншыл. Мұнда М.Әуезовтің кейінгі шығармаларында тереңдеп қалыптасқан ерекшеліктер де көрініс берді. Ең негізгісі Қорғансыздың күнінде қазақ прозасында тұңғыш рет өмір ағыстары мен қаһармандар мінезі тұтас бірлікте көрсетілді.
М.Әуезов Қорғансыздың күні әңгімесінде қозғаған тақырыбында яғни қазақ әйелінің аянышты тағдыры жайына кейін де талай рет оралды. Сөйтіп, Кім кінәлі?, Ескілік көлеңкесінде сияқты шығармаларын жазады. Жалпы М.Әуезовтің әйел жайын толғап, әйел анаға деген құрметін білдіруі алғашқы қаламгерлік қадамынан-ақ байқалады. Адамдық негізі әйел атты мақаласы М.Әуезовтің жазушылық жолының негізгі тұғыры болуымен қатар орыс әдебиетіндегі Тургенев әйелдері секілді Әуезов әйелдері деп өзіне ғана меншіктей айтылатын кең құлашты, арналы тақырыпқа айналды.
Әйелге деген табынушылық сонау ерте заманда грек әдебиетінде Эсхилдің Орестеясы, Софоклдың Антигонасы арқылы көрінсе, қазақ ауыз әдебиетінде ерлеріне адал серік бола білген Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс бейнелері арқылы көрінеді. Ал, ХХ ғасырдың бас кезінде Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, С.Торайғыров т.б. әдебиеттегі әйел тақырыбын шығармаларына негізгі өзек етті. М.Әуезов те осы тақырыпты өзінше өрбітті. Жазушы жаңсақтыққа ұрынып, жалған мақтаудан бойын аулақ салған. Кейіпкерлері асқан ақылды, бойына бар қасиетті дарытқандар емес, сыршылдығымен, қарапайымдылығымен ерекшеленген бойжеткендер. Үй арасы күйбіңінен аспай, көкірегі оянбай қалған, ойы таяз қазақ қыздары тірлігін де айналып өтпеген. Қазақ қыздары басындағы аяушылық тудырарлық ауыр халді суреттей отырып, ескі салттан ұзамай, ойы да шырмалған бойжеткендердің білімсіздігіне де сынмен қарайтын сияқты. Бұл жөнінде Р.Бердібаев М.Әуезовтің 20 жылдардағы шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі - әйел теңдігі деп көрсетеді. Сөйтіп, бұл шығармалардың Сөніп жану, Кім кінәлі?, Үйлену, Ескілік көлеңкесінде, Қаралы сұлу т.б. жатады деп атап көрсетеді.
Қыр суреттері (1923), Қыр әңгімелері (1923), Жуандық (1925), Оқыған азамат (1923), Жетім (1925), Қаралы сұлу (1925), Барымта (1925) сынды әңгімелерінің тамаша суреті, қазақтың тарихы мен тұрмыс тіршілігінен мағлұмат берерлік шындығы, көркемдік қасиетімен де, жазушы шығармашылығының жарқын беттеріне айналды. Жазушы шығармашылық дарыны шыңдалған кейінгі жылдардағы әңгімелерінде жиырмасыншы жылдары жазған прозалық шығармаларындай көркемдік құдіретіне бас идірер қасиет бере алмаған секілді.
Жетім әңгімесінде Қасым атты жетім баланың қасіретті балалық шағы, Иса деген жамағайынның қорлығына шыдамай, ауылдан қашып шыққан бетінде, қараңғы түнде, тоғай ішінде өлгені айтылады. Өмірден зәбір көргендердің мұңы мен наласын үлкен әлеуметтік толғақты мәселе ретінде сипаттау сыншыл реализмнін негізгі белгісі еді. Классикалык орыс әдебиетінің дәстүрлі үлгісінен үйренген, көп тағылым алған М.Әуезовтің алғашқы шығармаларын осы рухта бастауы табиғи болып көрінеді.
Енді бір шығармада (Барымта) таптық санасы оянбаған, байлардың алдауына оңай түсіп, тура жолын таба алмаған кедейлер тағдыры сөз болады. Досбол деген байдың сойылын соғып, намысын жыртып жүріп, қайғылы қазаға ұшыраған кедей жігіттер Қалбағай мен Қонқайдың өкінішті тарихы осы жағдайды аңғартады. Жазушы ертеден келе жатқан барымта әдетінің құрбаны болған жазықсыз жандар тағдырын жанашырлықпен суреттейді.
Ескілік көлеңкесінде ескі салт бойынша өлген апасының орнына кәрі жездесіне тоқалдыққа баруға ризалық білдірген, өзін сүйген жігіт Қабыштың тілегімен есептеспеген Жәмеш атты қыздың халі әңгімеленген. Жазушы оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ырғағына сай өрбітеді. Кертартпа, жалған дәстүрдің құрбаны болған Жәмештің жат шешіміне әрі күйінетін, әрі дағдаратын Қабыштың ішкі сезім арпалыстары шебер бейнеленді. Кейіпкерлердің жан толқындарын көрсетуге терендеп бару жазушының басты әдісіне айналғанын шығарма анық байқатады. М.Әуезов өмір қайшылықтары мен теңсіздіктерін әр қырынан көрсету арқылы қазақ әдебиетінде психологиялық прозаның үлгілерін тудырды.
Бұл шығармалардың қай-қайсысы да өмірде болған немесе болуы мүмкін жағдайларға негізделген. Таптық теңсіздіктерді, қоғамның ілгері басуына кедергі келтіретін құбылыстарды талғап, тап басып көрсете білуі, әлеуметтік типтерді терең зерттеуі жазушының қоғамдық мәселелерге сергек қарап, тегеурінді бағыт ұстағанын, сыншыл реализмнің көркемдік тәсіліне жетік төселгенін танытады.
Жуандық (1926) әңгімесінен жазушы шығармаларындағы жаңа бет алыстың нышаны аңғарылады. Мұнда момын кедей Жақсылықтың өз жолын тауып, ерікті, баянды өмір жасауға ұмтылғаны, бірақ бұрыннан кедей-кемтарды уысында ұстап, тізе батырып үйренген Әбіш, Құрман секілді байлардың оған қиянат, зорлық жасағаны көрсетіледі. Совет өкіметінің саясаты ауыл кедейлеріне күшті ықпал жасай бастағаны Жақсылықтың өзгелермен бірге егін салып, өнім алуынан, соның арқасында малды ауылдарға жаутаң көз болмай, ел қатарына қосылуынан көрінеді. Бұл арадан жазушының қарапайым еңбек адамының ұнамды бейнесін жасауға ден қойғаны байқалады.
М.Әуезовтің жиырмасыншы жылдардағы шығармаларындағы негізгі тақырыптың бірі -- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов – абайтанушы
Абайтану ғылымы
Абайдың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
Сәбит Мұқанов
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы
Көкбай Жанатайұлы
Абай поэтикасының Абай жолы эпопеясында әлеуметтік, теңсіздік мәселелері
Мақаладан алынған осы үзіндіде
Пәндер