Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Кіріспе
Өзектілігі:Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан - жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау, нарықтық функцияларды, даму принциптерін қарастыру болып табылады. Сонымен қатар меншік қатынастарының әртүрлі нысандары, нарық инфрақұрылымын жасау болып табылады.
Экономикада нарықтың келесі түрлерін атаған жөн: еңбекті қоғамдық бөліністен бәсекелестікті шектеу және бағдарлану деңгейіне, нарықтық айырбас етуі ұйымдастырылуына, заңдық нормалардың сәйкестігіне, нарықтық қатынастардың обьектілерінің арналуына байланысты бөлінеді. Нарықтың осы аталған түрлері өзара байланысқан және экономиканы толығымен қамтамасыздандыратын жүйе ретінде қолданылады.
Мақсаты:Нарық ұғымына анықтама бере отырып,оның түрлеріне,құрылымна,принциптеріне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы:Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде нарық туралы жалпы түсінік және нарықтың жіктелуі мен атқаратын қызметтері мен функциялары туралы айқындалады.Екінші бөлімінде нарықтық құрылым және нарықтық құрылымның жіктелуіне тоқталдым.
1. Нарықтың түсінігі
1.1 Нарық туралы жалпы түсінік
Нарыққа бірнеше анықтама беруге болады. Нарық - тауар өндірісі және пайдалану заңдарына сай ұйымдастарылған тауар айырбасы қатынастарының жиынтығы. Нарық - сатып алушылар мен сатушылар арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру механизмі, яғни сұраныс пен ұсыныс қатынасы болып табылады. Нарық - ел ішінде және мемлекетаралық айырбас шеңбері, өнімді өндірушілермен тұтынушыларды байланыстырады. Осылай, нарықты тауар айырбасы жиынтығы немесе тауар өндірісі мен пайдалану заңдарына сай ұйымдастырылған тауар айырбасы ретінде қарастырады. Ф. Котлердің еңбегінде нарық қазіргі уақытта бар және болуы мүмкін сатып алушылардың жиынтығы деп айтылады. Ал, Экономикс кітабында нарық қандай да болсын өнім немесе қызмет түрінің сатушыларын және сатып алушыларын біріктіретін механизм деген анықтама беріледі. Нарық туралы өзіндік қызықты пікірлерін американ ғалымдары Р. Липси, П. Стейнер, Д. Первис айтқан. Олар нарық деген сахна, мұнда қойылатын қойылым экономикалық мәселелерді шешетіндер жиыны қатысады: миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды, кандай мөлшерде сатып алуды шешеді; аса көп кәсіпкерлер нені және қалай өндіруге деген сұрақтарға жауап табады; өндіріс факторы иесі кімге жіне қалай осы таурларды сату мәселелерін қарастырады. Нарық экономикалық дамудың маңызды, әрі тиімді жолдарын түсінуге және микро және макро деңгейдегі тиімділікті арттыруға арналған фундамент, негіз болады. Оның негізі барлық шаруашылық етуші 6 субьектілерінің, адамдар мен жалпы қоғамның арасындағы тауар айырбасы қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Экономисттердің нарық айырбас саласында сатушы мен сатып алушы арасында арнайы экономикалық қатынастардың жүйесін құрайді деген пікірі толығымен расталған. Нарықтың сатушы мен сатып алушы арасындағы экономикалық қатынастарға тигізетін әсері баға, сұраныс және ұсыныс, бәсекелестік, табыс және шығын, яғни нарықтық механизм ұғымына кіретін элементтердің барлығын қолдану арқылы қамтамасыздандырылады. Нарық нақты әлеуметтік-экономтикалық шарттармен өмір сүреді. Ол толығымен меншік институтына тәуелді болады. Нарық қоғамның жаңғыртылуының бүкіл кезеңдерінде - өндірісте, таратылуда, айырбас және тұтынуда аса маңызды рөлі бар.
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру, қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір - бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір - бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім, жер - жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.Сөйтсе де нарықтық экономиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқажеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады, бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекелес көптеген қызметті өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алып бостандығына; өндірісшінің жаңа бір іс бастауына, не бұрыңғы ісін ұлғайтуға, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып, оның зейнетін көру бостанғына, қызметкерлердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу, кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық механизмді еңжалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не? Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді.Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды.Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып алушылармен тікелей байланыспай - ақ,олардың тапсырыстарын телефонмен жинап,тауарларды пошта арқылы жібере алады.Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген.Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым - экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ.Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі.
Нарық бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Осы көзкарастын әркайсында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірак мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастырдың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүдде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар -- ақша, нарық байланыстары сату -- сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.Бастау айырбас пен айналыс аясының қатынасынан бастамайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп. экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы -- акша қатынасы болатындығы айқындалады.
Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуте, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі аян.
Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен,олар проблеманың бір жағын ғана қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес,айырбастың категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар деп көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.
Кәсіпкерлер де,еңбеккерлер де,соңғы тұтынушылар да,қарыз капиталының,бағалы қағаздардың иелері де,т.б. көреді.Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениет тік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:
1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге,әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету,білім алу,табыс табу сияқты әлеуметтік - экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми - техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз,ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:
1. табыс алуға кепілдік бермейді;
2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар.Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдай да өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандары мен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Үшінші маңызды элемент - баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.
Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайла өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:
а) меншік түрлерінің көп болуы;
ә) нарыктағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;
б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз
дегенде 5-7 бәсекелес);
в) белгісіз нарыққа өнім шығару;
г) өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;
д) керекті инфрақұрылымның болуы.
5.1 Нарықтың жіктелуі
Нарық - күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:ішкі (ұлттық) нарық, еларалық,аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық, әлемдік нарық. Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежізілік нарық қалыптасуда.Қазіргі ішкі нарық - түгел алып қарағанда елдің ұлттық нарығы:өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмышы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату - сатып алу немесе өндіріс факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатаынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы - еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:дамыған нарық, қалыптасқан нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
a. Мемлекеттік нарық - бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқа да субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны өзгертуге шамасы келмейді;
b. Олигополиялық нарықта азғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
c. Монополиялық бәсеке нарығы - еркін нарық (бәскелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде ле бағаны кең өрісте вариациялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі.Сатушы нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алумен түсіндіріледі. Сатып алушы нарығы деп сатып алушылар көп билікке ие болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай - азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады:нан-бәлішке өндірунарығы, ұн және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз:тігін, тоқыма тауарлар, бас киім мен шүлке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасау бір-бірімен байланыста және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.
3.1 Нарықтың атқаратын қызметтері мен функциялары
Нарықтың мазмұнын оның атқаратын қызметтерінен толық көруге болады. Нарықтың атқаратын негізгі қызметтері:
1) Нарықтың ақпараттық қызметі - нарықтың экономиканың қазіргі жағдайлары туралы маңызды мәліметтерді тарата алуы. Бұл жерде нарық арқылы өнім өндіруге кеткен шығындар, олардың бағаларының ауытқуы, сатылуы мен сатып алынуы сияқты ақпараттар үнемі ағылып отырады.
2) Нарықтың делдалдық қызметі - нарықтың тұтынушыға өзіне қолайлы сатушыны тауып беруіне және өндірушіге өзіне пайдалы сатып алушыны таңдай алуына мүмкіндік жасау қабілеті. Бұл жерде нарық арқылы сатып алушылар мен сатушылардың байланысы орнап екі жақты операциялар жасалынып отырады.
3) Нарықтың баға белгілеушілік қызметі - нарықтың тек қоғамға ғана қажетті шығындарды қабылдауды және төлеуді талап етуі. Бұл жерде нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеу жүзеге асырылады. Баға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен ауытқып отырады.
4) Нарықтың реттеушілік қызметі - нарықтың ақша қаражаттарының тиімсіз саладан тиімді салаға көшуін қамтамасыз етіп болашағы бар салалардың дамуына жағдай жасауы. Бұл жерде нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеу не, қалай және кім үшін деген мәселелерді шешу жолымен жүзеге асырылады.
5) Нарықтың сауықтырушылық қызметі - нарықтың қоғамдық өндірісті бәсекеге төтеп бере алмайтын, әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазарта отырып бәсекеге жарамды аса белсенділер мен тапқырларға жол ашып отыруы.
Нарықтың осындай қызметтері арқылы жұмыс істеу механизмі басты үш принципке негізделеді:
1)Маржиналды (шекті) талдау принципі - нарық субъектілерінің, тұтынушылар мен өндірушілердің өздерінің шектеулі мүмкіндіктері тең болғанша дейін қосымша пайда алуға және қосымша пайдалылықты сезінуге әрдайым ұмтыла беруін сипаттайтын мінез-құлықтың қағидасы. Бұл жерде оларға орташа шамалар емес, шекті шамалар шешуші әсер етеді.
2) Баламалы (экономикалық) таңдау принципі - берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей баламалы нұсқалардың ішінен ең дұрысын және жақсысын таңдап алу. Бұл жерде нарық субъектілері тікелей шығындары мен жіберіп алған мүмкіндіктерін немесе алынбаған пайдаларын салыстырып отырады, яғни, осындай қағиданың орын алуы нарық субъектілерінің қолда бар мүмкіндіктерді тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Экономикалық ұтымдылық принципі - рационалды субъектінің өз алдына қойған мақсаттарын жүзеге асыру барысында берілген шығындар деңгейінде немесе ең аз шығынмен максималды нәтижелілікке жетуіндегі ұтымды шешім қабылдау әрекеті мен мінезқұлқы. Бұл жерде нарықтың әрбір субъектісі аса жоғары көрсеткішке жетуіне тырысады: тұтынушы өз қажеттіліктерін максималдауды, фирма өз пайдасын арттыруды, мемлекет халықтың әл-ауқатын көтеруді мақсат етеді. Осы аталған принциптер негізінде нарық механизмі сұраныс пен ұсыныс сияқты қарама-қарсы күштерді және нарықтық бағаларды пайдалануға негізделген нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыруға мүмкіндік береді
Нарық мынадай қызметтерді атқарады:
- ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;
-- ұсынымның көлемі мен құрылы-мының жедел өзгеруі және оның сұраным телем қабілетіне икемделуі;
-- бәсеке аркылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау) тазалау;
-- экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
-- құрылымдық тұтыну, тұтынысынан (табыстын осы кездегі денгейіне қарай) ыңғайлы рацио-нальды тандауға тұтыну-шыны экономикалық мәжбүр ету;
-- экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат кезі (барометрі, экономиканың айнасы);
-- ендірістік шығындарды темендетуге тауар өндіру-шілерді экономикалық ынталандыру және олар-ды ете қажетті қоғам аясына жұмсау;
-- тауар мен еңбекгің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал.
-- Тауар ендірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек енімділігіне экономикалык тұрғыдан мәжбүр ету.
Қоғамда өмір сүретін нарықтық қатынастар қазіргі функциялар жиынтығын атқара отырып, шаруашылық іс-әрекеттің барлық жағынан әсер етеді.
Функциялар мынадай болады:
1.Ақпараттық.Әрқашан өзгеріп отыратын бағалар,пайыздың мөлшерлемесі өндіріс қатысушыларына нарыққа өткізілетін қоғамға қажетті тауарлардың мөлшері, құрамы, сапасы және саны туралы обьективті ақпарат береді.
Өтіп жатқан операциялар нарықты жинақтайтын және өңдейтін ірі компьютерге айналдырады. Ол нақты өте көп ақпаратты өңдейді және оның ауқымындағы барлық шаруашылық кеңістік туралы жалпы, әрі нақты ақпарат беріп отырады. Бұл әрбір кәсіпорынға әрқашан өзінің өндірісін нарықтың өзгермелі шарттарына байланысты бағдарлап отыруға мүмкіндік береді.
2. Делдалдық. Экономикалық ерекшеленген өндірушілер терең қоғамдық еңбектің бөлінуі негізінде бір-бірін анықтап, өз іс-әрекеттерінің нәтижесімен алмасу қажет. Нарықсыз қоғамдық өндіріс қатысушылары сол немесе басқа да технологиялық және экономикалық тиімділігін анықтай аламыз.
3. Баға құрушы. Нарыққа түскен өнімдер мен қызметтер материалдық және еңбек шығындары бірдей емес мөлшерде болады. Бірақ нарық қоғамға керекті шығындарды ғана мойындайды, тек осы тауарды сатушы сатуға келіседі. Осыған байланысты баға мен құн арасында тұрақты қатынастар орнайды.
4. Реттеуші функциясы - ең маңыздысы. Ол нарықтың экономиканың барлық саласына, соның ішінде өндіріске қатынасында байланысты. Нарықты бәсекесіз елестету мүмкін емес. Ішкі салаларға бәсекелестік өніс бірлігінің шығындарының өтелуін реттейді, өндірістік еңбектің, техникалық дамудың, өнім сапасының өсуі деңгейін қадағалайды. Салааралық бәсеке саладағы капиталды алу жолымен экономикалық жағынан тиімді құрылымын құрады. Бәсекелестік ортасының мазмұнын сақтауда нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік реттеу тапсырмалары бірден бір маңызды.
Нарықты реттеуде маңызды рөлді бағаға әсер ететін сұраныс пен ұсыныс қарым-қатынастары атқарады. Бағаның өсуі - бұл өндірістің ұлғаюын, ал бағаның төмендеуі - сәйкесінше оның қысқаруын көрсетеді. Адам Смит: Кәсіпкер тек өз мүддесін ғана көдейді, өз көзқарасын ғана есепке алады, бұл жағдайда ол оның ойына да кірмеген мақсатқа көрінбейтін қолмен бағыт алады. Өз мүддесін бақылай отырып, ол жиі қоғам көзқарастарына қызмет етеді, - деп жазған. Осы көрінбейтін қол қазіргі таңдағы экономикада реттеуші қызметін атқарады.
Қазіргі кезде экономика тек көрінбейтін қолмен ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқармалармен басқарылады, бірақ нарықтық негізгі реттеуіш рөлі өзінде сақталады.
1. Сауықтырушы. Нарықтық механизм бұл - қайырылымсыздық жүйесі. Ол әрі қатал, әрі қатты. Оған әлеуметтік, қабаттану, әлсіздерге қарағандағы қайырымсыздық тиіс. Бәсекенің көмегімен нарық қоғамдық өндірісті экономикалық тұрақсыз өндірістен, өмір сүруге бейімсіз шаруашылық бірліктерінен, тазалайды, сонымен қатар тапқыр және тиімді блолып келеді. Бұның нәтижесінде барлық шаруашылық тұрақтылығының орташа сатысы көтеріледі.
2. Нарықтық құрылымдар
2.1 Нарықтық құрылым түсінігі
Нарықтық құрылым көптеген белгілерімен ерекшеленетін күрделі ұғым ретінде саналады. Нарықтық құрылым бәсекелестіктің әртүрлі дәрежесімен анықталады.
Нарықтық құрылым - бұл фирмалардың салалық нарықта өзара әрекеттесу сипатын анықтайтын және нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу әдістерін көрсететін нарықтық ұйымдастыру белгілерінің жиынтығы.
Нарықтық құрылымның типі салалық нарықтың негізгі белгісі ретінде көрінетін ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да әрекет ететін көптеген факторлармен анықталады. Нарықтық құрылымның типін анықтайтын негізгі факторлардың бірнешеуін бөліп көрсетуге болады:
1. Өндірушілердің шоғырлануы;
2. Сатып алушылардың шоғырлануы;
3. Өнімді ерекшелендіру дәрежесі;
4. Нарықтық ақпараттың толықтылығы;
5. Салаға кіру және одан шығып кету мүмкіндіктері;
6. Өндірушілердің бағаға бақылау жасай алу дәрежесі;
7. Фирмалардың өзара әрекеттесу сипаты.
2.2 Нарықтық құрылымның жіктелуі
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады: 1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық, қызметі бойынша:
* игіліктер мен қызметтер нарығы;
* өндіріс құралдарының нарығы;
* ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
* құнды қағаздар нарығы;
* жұмыс күші нарығы.
Нарықтық көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара өсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуді талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктестерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
* өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
* халық тұтынатын тауарлар;
* азық-түлік тауарлар нарығы;
* шикізат пен материалдар және т.б. нарықтары.
Ауылшаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауылшаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлары нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндірілу көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбейуін тілейді.
3. Кеңістік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:
* аймақтар ішіндегі;
* аймақаралық;
* республикалық;
* республикааралық;
* халықаралық (әлемдік) нарықтар.
Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенің шектелуі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
* монополиялық;
* олигополиялық;
* салааралық нарықтар.
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
* көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
* бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар -- жеке азаматтар.
* ауылшаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар -- ауылшаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер және т.б
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі -- жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланыста болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын зауыттар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі -- коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметгік жағдайларда мүмкін болады.
6. Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
* занды, ресми нарықтар;
* занды емес, көлеңкеленген нарықтар, т.б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді. Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
* тұтыну тауарларының нарықтары -- азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
* қызметтер нарығы -- тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер:
* тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндіріс факторларының нарығы. Бұған жататындар:
* жылжымайтын мүліктер нарығы;
* енбек құралдарының;
* шикізат пен материалдардың;
* қуат ресурстарының;
* пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
* капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
* несие нарықтары:
* құнды кағаз нарықтары -- акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстік контрактардың т.б.;
* валюта-ақша нарықтары.
Интеллектуалдық өнімдер парығы -- инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық кызметтердің, әдебиет және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz