ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ҰҒЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ ... ... .5
Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік...5
Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.1 Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы ... ... ... ... ...12
2.2 Жалған қорғанудың құқықтық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.3 Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әрбір азаматтың конституциялық борышы -- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдык белгісі болып табылатын басты белгі -- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.
Жұмыстың өзектілігі. Бұл жұмыста қажетті қорғаныс институтының пайда болу және дамуы, түсінігі және мәні, қажетті қорғану құқығының талаптары мен шектері, әсіресе, құқық қорғау органдарының әрқайсысы әр түрлі шешетін ғылымдағы даулы сұрақтарға көп көңіл бөлінді. Осыған орай, тақырыптың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, магистрлік жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғанудың маңызды функцияларымен байланысты болуы. Екіншіден, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қажетті қорғану ережесін зерттеу қажеттілігі, жаңа мазмұнға ие болған бұл түсінікті анықтау, сондай-ақ қылмыстық қол сұғушылыққа ұшыраған азаматтардың, құқық қорғау органдарының қажетті қорғануға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын қолдануда түсініктеме беру қажеттілігіне негізделеді. Қоғамдағы құқықтық реформаларды әрі жетілдіру мақсатында 2002 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясы да жарық көрді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары [1].
Қазақстан Республикасы азаматтары заң олардың жағында екенін біліп, сенімді әрекет жасауы тиіс. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына берген Қазақстан - 2030 жолдауында: Біз міндеттіміз: ... - заңның абсолютті заңдық жоғарғы күшін бекітуіміз қажет және заңға тәуелді азаматтарды қорғауымыз қажет, - деп көрсетеді [2, 61-б.].
Құқықтық мемлекетте азамат өз құқығын білуі және оны қорғауы қажет. XYII ғасырдың өзінде итальяндық ғалым Ч. Беккариа былай деп айтқан екен: әрбір азамат қандай болмасын зардаптан қауіптенбей, кез-келген заңға қайшы емес әрекет жасауға құқылы болуы тиіс... [3].
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірде-бір мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қандай кәсіби дайындалған болмасын, тек құқықтық тәртіп органдары күшімен қамтамасыз ете алмайды. Қылмыстылықпен күресуде маңызды орын қылмыстық-құқықтық әдістер мен құралдардың тікелей қолданылуына беріледі, оның ішінде қажетті қорғану институты алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабында, әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы деп көрсетіледі. Қажетті қорғану құқығы адамзатқа табиғатынан берілетін құқық болып табылады. Сондықтан да қажетті қорғану институты өте өзекті мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР ҰҒЫМЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік

Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы - бұл қауіпті қолсұғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру өлім немесе ауыр дене жарақаттары). Аса қажеттілік - бұл қылмыстың заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай.
Қылмыстық-құқықтық тәжірибеде құқыққа қайшы әрекеттің белгілі бір жағдайларда қоғамға қауіптілігі мен кінәлілігін жоққа шығаратын және адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын жағдайлары аз кездеспейді.
Мұндай мән-жайларға жататындар:
Қажетті қорғану;
қолсұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру;
жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру;
аса қажеттілік;
орынды тәуекел ету;
күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу;
бұйрықты немесе өкімді орындау.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға төнген нақты қауіп-қатерді жоюға бағытталған қоғамдық-пайдалы және мақсатқа сай әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығарады.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін, басқа адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қолсұғушылықтан қорғауға құқығы бар. Қажетті қорғану кез келген азаматтың заңды құқығы. Кез келген азамат билік өкілдерінің немесе басқа адамдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне немесе қашу арқылы қол сұғушылықтан құтылуына қарамастан қажетті қорғану құқығын пайдалана алады. Қажетті қорғану әрекеті қолсұғушылыққа жатқызатын және қорғану ретінде сипаттайтын шарт-жағдайлпр болғанда ғана құқыққа сай деп есептелінеді.
Қолсұғушылық мынадай болуы тиіс:
қоғамға қауіпті болу, яғни жеке тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне елеулі зиян тигізетіндей болуы қажет;
қол сұғушылықтың нақты бар болуы, яғни басталған, бірақ аяқталмаған;
шынайылық. Ол қылмыстың әрекеттің қорғанушының қиялында ғана емес, объективтік шынайылығында opын алуын білдіреді;
жеке адамдардың құқықтары мен мүдделері ғана емес, басқа адамдардың, сонымен бірге қоғам мен мемлекеттің мүдделерін де қорғауға жол беріледі;
зиян тек шабуылдаушыға келтіріледі, үшінші тұлғаға зиян тигізілмеуі керек;
қажетті қорғаныстың шегінен шықпауы тиіс.
Қажетті қорғаныстың шегінен шығуы -- бұл қауіпті қолсуғушылықтың сипатына сай келмеуі немесе қорғаныс жағдайының сәйкес келмеуі салдарынан қолсұғушыға анық шектен тыс жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіру (өлім немесе ауыр дене жарақаттары).
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.(32-бап, 2-бөлік). Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскісін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде,егер бұл орайда қажетті қоғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып танылмайды делінген (32-бап, 1-бөлігі).
Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Қажетті қорғану -- әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Коститутцияда көрсетілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы әрекет деп саналады.
ұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады. Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгілеген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына, көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша барлық азаматтар -- кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғанудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставқа, басқадай нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы арқылы 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық қауіптерден қорғаудағы коститутциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі екендігіне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қуіпті шабуылға қарсы залал жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап бермейді деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық шарттары: оныңбіріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру қауіпін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32- бабында қорғанушылықты немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекет шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл - бұл ашықтан -- ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе не төндіргені қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге, қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті корғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа татылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын қоғамға зиянды қасақана әрекеттің өмірге, денсаулыққа, бостандыққа, меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ. Мұндай құқылық міндетті орындаушылық орын алған жағдайда оған зиян келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты - қорғану қол сұғушылық нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол сұғушылықтың бастамасы болып, қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтады. Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып, іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер қол сұғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты - болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын көрсеткен. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған қол сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырыта алмаудан қолдану жағдайлары да кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-тармағына сәйкес мұндай реттерде Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолданса, ол әрекетті қажетті қорғануға жатқызуы керек делінген. Егер қорғанушы қауіптің біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегініен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану қолданса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты - қоғамға қауіпті қол сұғу айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анық зиян келтіретін болуы керек. Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану дейміз.

Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар түрлері

Жасалған әрекетке байланысты қылмыс жасаған адамды, мемлекеттік органдарға жеткізу үшін құқыққа сай ықпал ету актісі қылмыскерді ұстауды сипаттайды. Егер ол ұстаудан жалтаратын болса, оған күш қолдану қажеттілігі пайда болады және оның қоғамға қажеттілігі бар.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес адамның қылмыс жасауы устаудың құқықтық негізі болып табылады. Қылмыскерді устау кезінде зиян келтірудің құқыққа сай болатын шарттары мынадай:
кінәлі адамның қылмыс жасауы. Басқалай құқық бұзушылық жасаған адамға зиян келтіруге жол берілмейді және ол қылмыстық жауапкершілікті туындатады;
тек қылмыс жасаған адам ғана ұсталады және соған ғана зиян келтіріледі;
адамды ұстау кезінде қолданылатын шаралар мәжбүрлі болып табылады, яғни қылмыскерді басқа құралдар арқылы ұстау мүмкін емес;
Қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылың жасау мүмкіндігін тыю -- ұстаудың мақсаты болып табылады;
ұстау кезінде қажетті шараларды асыра сілтеуге жол берілмеуі керек.
Қолсуғышылық жасаған адамды ұстау кезінде ұсталған адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.
Аса қажеттілік -- бұл қылмыстық заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерге, адамның, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін зиян келтіруге мәжбүр болатын ерекше жағдай. Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттердің құқыққа сай болуының шарттары екі топқа бөлінеді: біріншісі, қауіп көзін, екіншісі, қауіпті жою жөніндегі әрекеттерді сипаттайды.
Қауіп-қатерге жатқызылатын шарттар:
аса қажеттілік жағдайында әрекеттер жасағанда қауіп көздері әр түрлі болуы мүмкін: апатты құбылыстар (найзағай, су тасқыны, вулкан атқылау), тетіктердің бұзылып қалуы (басқару тетігі істен шыққан автокөліктің қозғалысы), адамдар әрекеті (шабуыл жасау), физиологиялық процестер (ашығу, қатты мұздау). Мысалы, адам тонаушылардың шабуылынан қашып, бөтеннің автокөлігін айдап қашады;
қауіп шынайы және бар болуы тиіс, яғни, ол қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге тікелей қауіп төндіреді және кез келген сәтте жүзеге асырылуы мүмкін.
Қауіптен қорғану мынадай талаптарға сәйкес келуі керек.
зиян келтіру мәжбүрлі түрде болуы керек және үлкен қауіпті жоюдың жалғыз амалы болуы қажет. Соған орай, қорғанушының зиян келтірмей кауіпті жою мүмкіндігі болмайды;
келтірілген зиян алдыңғы зиянға қарағанда анағұрлым аз болуы керек.
Орынды тәуекел ету
Өндірістің, медицина мен ғылымның даму үдерісі сынақтар жүргізуге және соған орай тәуекелге де байланысты. Тәуекел ету әрқашан ең аз үлесті болса да сәтсіздіктермен байланысты болады. Тәуекел етуде зиян келтірудің ықтималдылығы да болмай қоймайды. Зиян келтіруге әкеліп соққан тәуекел әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаруы үшін ол негізді болуы тиіс.
Мынадай критерийлер тәуекелдің негізділігін анықтайды:
орынды тәуекел ету қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізуге негізделеді;
аталған мақсатқа тәуекел іс-әрекетпен байланыссыз қол жеткізу мүмкін емес;
адам құқықпен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірмеуі үшін барлық іс-шараларды қолдануы керек.
Егер тәуекел ету адамдардың өміріне немесе денсаулығына көрінеу қатер төндірумен, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзеліске ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды. Орынды тәуекел ету шартын бұзып, қылмыс жасау жазаны жеңілдететін мәнжай болып табылады.
Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрдеудің нәтижесінде заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып есептеледі. Мәжбүрлеу арқылы жасалған әрекеттің салдары қылмыс болып есептелмейді. Олар әрекетпен де, әрекетсіздікпен де сипаттала береді. Күштеп мәжбүрлеудің екі түрі бар: әл жетпейтін және жететін. Әл жетпейтін күштеп мәжбүрлеуде -- адам толықтай өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылады (қолы бойланған немесе қамалған күзетші). Әл жететін күштеп мәжбүрлеуде -- адамның өз әрекетін басқару мүмкіндігі сақталады.
Психикалық мәжбүрлеу -- адамның еркіне сөз, символ, ымдау, қаруды немесе оның сұлбасын көрсету арқылы әсер ету. Мұндай әрекеттер адамды өз өміріне, денсаулығына және жақын адамдарына қауіп төнуі мүмкін деген қорқынышқа итермелейді. Психикалық мәжбүрлеу кезінде адамның өз әрекетін таңдау мүмкіндігі сақталады. Егер ол талап етілетін әрекетті жасаса, ол қоғамға қауіпті болады. Ол келетін күштеу және психикалық мәжбүрлеу салдарынан әрекет жасағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе қажеттілік ережелері бойынша шешіледі. Сондықтан мұндай жағдайда қылмыстық жауапкершілік егер алдынғы зиян, келтірілген зияннан көп болған жағдайда ғана жоққа шығарылады.[1]

2 ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп - қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып, алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып жетіп, артына ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп танылған.
Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапқа тартылады. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып, бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан төсектің қасында тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның қорғануы, бұл ретте, заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.
Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулысының соттар шын қорғануды жалған қорғанудан айыра білуі керек. Мұндай жағдайда өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарауы керек делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

2.2 Жалған қорғанудың құқықтық сипаты

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше. Жалған қорғану деп - қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып, алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып жетіп, артына ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп танылған.
Жалған қорғану - қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапқа тартылады. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді. С. деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып, бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан төсектің қасында тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның қорғануы, бұл ретте, заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.

Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7 қаулысының соттар шын қорғануды жалған қорғанудан айыра білуі керек. Мұндай жағдайда өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарауы керек делінген. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

2.3 Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік

Қылмыстық кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Жалған қорғанудың сипаты
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Іс - әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән – жайлар
Қажетті қорғану
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Пәндер