Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар


Титулдық бет үшін
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ . . . 5
- Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері . . . 5
- Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың олардың субъектілері мен объектілері . . . 9
2 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ИГІЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 11
2. 1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы . . . 11
2. 2 Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік бедел құқықтық категориялар ретінде . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28
КІРІСПЕ
Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тәуелсіз туының аясында өзінің мемлекеттігін құрып жатқан Қазақстан Республикасына биыл 19 жыл толып отыр. Қазіргі таңда елімізде жүргізіліп жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси реформаларының түпкілікті мақсаты - жеке адамның бостанды өмір сүруіне және ілгері қарай дамуына жағдай жасау және құқықтарына кепілдік беру. Мемлекеттің басты ұраны - жеке адамның материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық заңнама соның негізінде дамиды.
Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жеке мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектілері болып табылады. Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастар адам мен тұлғаның өзіндік құқықтарынан бастап мүліктік құқықтар, оның ішінде заттық құқықтардың, жалпы азаматтық құқықтардың құрамына сіңген құқықтарға дейін қамтиды. Жеке жеке мүліктік емес қатынастар тек азаматтық заңнамамен ғана емес барлық заң актілерімен реттелінеді. Аталған объектілер жеке мүліктік емес сипатта болады және тиісті тұлғадан ажыратылмайды.
Аталмыш жұмыс жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды азаматтық құқықтық қорғау мәселелеріне арналады. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар әр түрлі құқық салаларымен қорғалады. Әр құқық саласының нормаларының қолданылу шеңбері және тәсілдері болады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің шаралары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Әрине бұзылған жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіру өте қиын. Бірақ та олардың бұзылғандағы үшін өтемақыны төлеу немесе моральдық зиянды өтеу құқығы бұзылған тұлғаның жағдайын жақсартады деген пікір бар.
Азаматтық құқықтық қорғаудың ерекшелігі бұзылған жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қалпына келтіретін белгілі бір шараларды қолдану. Мысалы, құқықтарды тану; ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін кір келтіретін мәліметтерді жалған деп тану және т. с. с. шаралары.
Әтүрлі құқық салаларында қолданылатын қорғау шаралары бірдей болмайды. Сондықтан да әр түрлі құқық салаларының нормаларын қолданған кезде, жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар және заңды мүдделер толық көлемде қорғалады. Әсіресе қылмыстық құқықтың және азаматтық құқықтың нормалары қолданылатын жағдайлар болады. Мысалы, егер жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қол сұғатын әрекет азаматтық құқық бұзушылық болып, қылмыстық белгілеріне ие болады.
Жұмыстың мақсаты - жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды азаматтық құқықтық аспектіде реттеудің кейбір көкейтесті мәселелерін айқындау табылады. Сонымен бірге қазіргі ұлттық заңнамаға және соттардың оны қолдану тәжірибесіне талдау жасап, жаңа әлеуметтік - экономикалық және саяси жағдайларда азаматтық заңнаманы жақсарту жолдарын айқындап беру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. 1 Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың ұғымы және олардың түрлері
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Мүліктік емес жеке қатынастың негізгі тобына, біріншіден жеке мүліктік байланысты емес, екіншіден олардың объектілері мүліктік емес жеке құқық жатады. Олар жеке тұлғаның мүліктік емес жеке ізеттілігіне, ботандығы мен құқығына, жасайтын қызметінің түрін таңдауына байланысты туындайды.
Жалпы ереже бойынша азаматтық-құқықтық қорғау құралдарын тек олар бұзылған жағдайда ғана қолданады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 1-бабының 1-тармағына сай мүліктік қатынастар байланысты мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқықпен реттеледі. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады, жеке мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынас реттелмейді
Бірақ, егер мүліктік емес жеке қатынас азаматтық құқық пәніне жақын болса, онда олар мүліктік қатынас болса да, болмасада да реттелуге міндетті. Бұл ғылымның күші ҚР АК ережелердің жазылуы мен азаматтық заңдардың нормативтік актілеріндегі ережелермен шектелмеу керек. Олардың міндетіне азаматтық құқықпен мүлікті - бағалыжәне мүліктік емес қатынасты айқындау жеткілікті емес, сонымен қатар азаматтық құқық пәнінің бірлігі деп дәлелдеу керек.
Бұл қатынастардың жасалуына байланысты мүлікті - бағалы қатынас осы қатынастың қатысушыларының материалдық игілігі үшін жасалған еңбектерінің саны мен сапасына өзара бағасын болжап көрсетеді.
Мүліктік емес жеке қатынасқа қатысатын қатысушылардың жеке дара қасиеттерін алдын ала болжап баға береді. Барлық қоғамдық қатынастар баға бере алатыны туралы айту қажет, алайда өзара бағалау қабілеті тек қана азаматтық құқығы пәніне жататын қоғамды қатынастарда болады. Адамның кандай да қызметіндегі және қандай субъектілік құрам болса да, бұл болған жалпы белгілерде мүліктік емес жеке және мүлікті-бағалы қатынастар бір бірлік болып табылады
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастың екі топтың түрін атап көрсетуге болады
жеке тұлға және субъектінің өз ойын айту формалары
әлеуметтік бостандығын жүзеге асыру формалары
Бірінші топтағы қатынасқа субъектінің өзінің өміріне, денсаулығына, ар - намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне, имиджіне, жеке басты өміріне, күш-жігерінің бостандығына, атына, және т. б деген қызығушылығын жүзеге асыратын қатынастар жатады.
Екінші топтағы қатынасқа қозғалыстың бостандығын жүзеге асыру бойынша, қызметінің түрін таңдау, қоғамдық ұйымдарға қатысу, ғылым, өнер, әдебиет жетістіктерін қолдану, офис, тұрғын үй және басқа да әлеуметтік игіліктердің дербестік қатынастары жатады.
60- жылдары профессор О. А. Красавчиков ұйымдастыру қатынастарын азаматтық-құқықтық пәнінде бөліп көрсету туралы пікірін дәлелдеді. Ғылымда азаматтық қоғамдағы мүліктік және мүліктік емес салаларда мұндай байланысты ешкім жоққа шығарған жоқ, бірақ бұл пікірді заңда орнын анықтай алмады. Бұл жерде ұйымдастыру деген сөздің мағынасы негізгі мүліктік және мүліктік емес қатынасты тәртіпке келтіру мақсатындағы тең субъектілердің қатынасы болып табылады. Олардың көздеген объектілері негізгі қатынастардың орындалуына немесе тоқталуына және пайда болуына жағдай жасау мақсатындағы жасалынатын белгілі бір жұмыс болып табылады. Нақтырақ бірінші топтағы мүліктік емес жеке қатынасқа жататын, яғни, ар- намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел деген қатынастарға тоқталамыз.
Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолюттік деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған орай анықталады. [9]
Конституцияның нормаларын көрсете отырып, мына шешімге келдік: адам құқықтары мен бостандықтары Конституциялық деңгейде реттеледі және қорғалады. Жалпы нормативтік құқықтық актілер жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды реттеген кезде, оның нормалары шартты түрде екіге бөлінеді: жалпы және арнайы нормалар. Жалпы нормалар жеке мүліктік емес өзіндік қатынастарды жалпы түрде сипаттайды. Ал арнайы нормалар жеке мүліктік емес өзіндік қатынатсардың жеке түрлерін реттйді және қорғайды. Жеке мүліктік емес өзіндік қатынатсар жеке тұлғаға тәсілі негізінен азаматтық құқық нормаларымен жүзеге асырылады.
Сонымен егер жеке мүліктік емес өзіндік қатынастар отбасылық, еңбек, әкімшілік және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелінетін болса, онда олар азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқықтың нысанасына кірмейді. Қалған жағдайлардың барлығында азаматтық құқық нормаларымен реттелінеді. Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аталған игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар азаматтық құқықтың объектілері болып табылады. Олардың мынадай үш ерекшеліктері бар:
1) мүліктік мазмұны болмайды;
2) жеке тұлғадан ажыратылмайды, яғни олар бөлінбейді, сатылмайды, берілмейді және т. с. с. ;
3) жеке тұлғаны дараландыріу қасиетіне ие болады. Ескертетін бір жайт-жеке мүліктік емес игіліктер және оларға байланысты жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттемейді, ол тек қана қорғау қасиетін жүзеге асырады. Ал екінші топ ғалымдардың пікіріне келсек, жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың реттелінуін және қорғалуын пара-пар қоюға болмайды. Өйткені аталған құқықтарды реттеудің өзі оларды қорғау болып табылады. Соңғы кезде ғалымдардың копшілігі осы пікірді қолдайды. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды реттеген кезде азаматтық құқықтың мүмкіндіктері шексіз емес. Соның салдарынан Азаматтық кодексте жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды құқықтық реттеудің біртұтас жүйесі жоқ.
Азаматтық кодекс азаматтық заңдардың ірге қалаушы актісі бола отырып, жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың бүкіл алуан түрлілігін көрсете алмайды. Жеке мүліктік емес өзіндік қатынастар жеке мүліктік емес сипаттағы игіліктермен байланыста болып құрылады. Жеке мүліктік емес игіліктер жеке тұлғаларға тиесілі болады. Олар тумысынан беріледі(өмір, денсаулық, және т. с. с. ) немесе заңға сәйкес пайда болады, яғни заң күшімен белгіленеді(есім алу құқығы, тұрғын үйге қол суғылмау құқығы) . Жеке мүліктік емес игіліктер құқық субъектілерінің ққоғамдық маңызы бар қасиеті болып келеді. Аталмыш игіліктер құқықтық қатынастарында жоғары бағаланады. И. А. Покровский адамның жеке мүліктік емес игіліктеріне өмірін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын жзатқызады. Аталған игіліктер адам үшін өте маңызды әрі қажетті болғандықтан оларды қорғау әрекеттері ежелден-ақ пайда болды.
Осы әрекеттерді біз көптеген жаратылыстық - құқықтық доктриналар құлады да позитивизмнің дамуына әкеп соқтырды, яғни ерекше субьективтік құқықтары және жеке тұлғаның құқықтары еңсерілді. Позитивистік теория бойынша, заң азаматтардың өмірлерін, денеге қол суғылмаушылығын, бостандығын және ар-намысын қорғайды, ал жаңа ғана аталған өмірге, босьандыққа ешқандай субьективтік азаматтықт құқықтары болмайды. Субъективтік азаматтық құқықтарының құрылымы жасанды болады. Жеке тұлғаның субъективті азаматтық құқығы заң бұзылған жағдайда пайда болады. Ал оның мазмұны келтірілген зардаптакрды өтеумен айқындалады. И. А. Покровскийдің айтуынша жеке мүліктік емес игіліктер мен оларға байланысты жеке мүліктік емес құқықтар концепциясының дамуы мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік айналымның өсуіне байланысты болады. Өйткені мүліктік қызығушылық арасынан жеке мүліктік емес сипаттағы қызығушылық көріне бастады. Алғашында олар есім алу құқығына негізделеді. Егер белгілі бір тұлға саудамен айналасатын болса, онда аталмыш игіліктер оның іскерлік бедел саудада маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар осы концепцияның дамуына адамның жеке өмірін қорғау әрекеттері өз әсерін тигізе бастайды.
Мысалы, жеке бастың құпиясын сақтау, адамның суреттік бейнесін оның келісімінсіз пайдалану мәселелері және тб. Қазіргі кезде аталып өткен мәселе Конституциялық деңгейде шешіледі. ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес, әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарынң, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар. [10]
Жоғары келтірілген адам құқықтары танылғанна кейін олар субъективтік құқықтар деген мәртебеге ие болды. Себебі аталмыш құқықтар адам болмысымен тығыз байланыста болады. Сондықтан да жеке тұлғаның өзіндік құқықтары деп аталып кетті - “Personlich-keitsrechte” Кеңестер заманында бірқатар ғалымдардың ойынша, жеке мүліктік емес өзіндік құқықтар тұлғалардың субъективтік құқықтары ретінде қарастырылып, олардың азаматтық құқық қабілеттілігін құрап отырды. Екінші жағынан жеке мүліктік емес өзіндік құқықтары тұлғаның құқық қабілеттілігінің элементі ретінде қарастырылды. [11]
Сол кездегі заң әдебиеттеріне жүгінсек мынадай ой-пікірлерді кездестіруге болады. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың пайда болуы нақты бір заңды фактілерге байланысты емес. Тұлғада құқық қабілеттілігі пайда болғаннан кейін оның жеке мүліктік емес өзіндік құқықтары сол кезден басталады және заңды фактілерге тәуелді болмайды. [12]
М. М. Агарков субъективтік құқықты керісінше сипаттады. Субъективтік құқық дегеніміз мемлекеттік аппараттың мәжбүрлеу шарасын жүзеге асырудың жеке тұлға мүмкіндігі, яғни субъективтік құқықтың пайда болуы нақты бір заңды фактіге байланысты болады. Мысалы, жеке мүліктік емес игіліктерге қол сұғушылығы. Бірақ та жоғары келтірілген пікірлер бір біріне қайшы тұрғанымен, мынадай көз-қарас өзгеріске ұшыраған жоқ.
Субъективтік құқық ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйеніп әрекет жасау мүмкіндігі, құқықтық қатынастардағы субъектілердің екі жақты мүдде- мақсаттарының орындалуы деп танылады. Оның ішінде әрекеттер жасау мүмкіндігі жеке мүліктік емес игілік ретінде қарастырылмайды. Субъективтік құқық тұлғаға мүліктік және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін береді, яғни тұлға әлеуметтік игіліктерді ешбір кедергісіз пайдаланып жүреді. Сөйтіп азаматтық құқық ғылымы жеке мүліктік емес игіліктерді және жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсетеді. Қазіргі кездегі құқықтық доктринаға сүйенетін болсақ, ешбір құқық саласы тұлғаға ар-намысын, қадір-қасиетін, денсаулығын, есімін және т. б. жеке мүліктік емес игіліктерді бере алмайды. Арнайы құқықтық нормалар болғандықтан субъектілерде олардың өмірлері, ар-намыстары және қадір- қасиеттері, жеке бас бостандығы және қол суғылмаушылығы танылады. Осындай арнайы құқықтық нормалар болғандықтан жеке мүліктік емес игіліктерді қорғау мүмкіндігі пайда болады, яғни тұлғаның белгілі бір жеке мүліктік емес игілікке жеке мүліктік емес өзіндік құқығы бар екені делінеді. Қазіргі кездегі әдебиеттеріне сәйкес жеке мүліктік емес игіліктердің экономикалық сипаты болмайды.
Сонымен бірге олардың жеке мүліктік емес өзгермелі көріністерге ие болады. Олар бізге белгілі тұлғадан ажыратылмайды. Жеке мүліктік емес өзіндік құқықтары жеке мүліктік емес игіліктерге бағытталған қатынастардан пайда болады. Бірақ ҚР Азаматтық Кодексінде жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтары ажыратылып көрсетіледі. Жеке жеке мүліктік емес игіліктерге және құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір- қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа да материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. [13] Жоғары келтірілген нормаға сәйкес заң шығарушы орган жеке мүліктік емес игіліктерді және жеке мүліктік емес өзіндік құқықтарды ажыратып көрсеткен жоқ. Олар бір деңгейде қарастырылады. Сонда цивилисттердің қаншама пікірлері болғанымен заң шығарушы орган аталған игіліктер мен құқықтарды бөліп қарастырған жоқ. Жоғары аталған пікірлерге сүйеніп мынадай шешімге келуге болады. Жеке мүліктік емес игілік-азаматтық құқықтық ерекше объектісі, оның экономикалық және мүліктік сипаты болмайды. Олар нақты жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болады және өзгермелі қасиетке ие болыпкеледі. Жеке мүліктік емес өзіндік құқық-тұлғаның субъективтік жеке (өзіндік) құқығы, ал осы құқықтың объектісі жеке мүліктік емес игіліктер болып табылады.
1. 2 Жеке мүліктік емес құқықтық қатынастардың олардың субъектілері мен объектілері
Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке) : заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiкжатады.
Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Субъектілер. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері - пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т. б. жатады.
Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен объектілері. Меншік құқығы дегеніміз заң актілерімен танылған және қорғалатын субьектіге тиесілі мүлікті қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Меншік иесіне тиесілі мүлік дегеніміз оның меншігіндегі барлық обьектілер. Мүлік мүліктік құқықтар ретінде кең мағынада емес, тар мағынада−зат, қолма қол ақша, құжаттық бағалы қағаз түрінде түсіндіріледі. Меншік құқығынан тыс құқықтар билік ету құқығынан туындайды. Меншік обьектілері жалпы және арнаулы режмге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға жіне оған билук етуге қатысты бекітіліген арнайы нормативтік ереженің болуы. Арнаулы режим бірқатар обьектілер үшін белгіленген. Мысалы, жылжымайтын мүлік. Меншікті ең маңызды обьектілері жер мен тұрғын үй б. т.
Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық, құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады. [1]
2 ЖЕКЕ МҮЛІКТІК ЕМЕС ӨЗІНДІК ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ИГІЛІКТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Жеке мүліктік емес игіліктер мен жеке мүліктік емес өзіндік құқықтардың арақатынасы
Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің 2 сессиясы қабылдаған жаңа Азаматтық кодекс (жалпы бөлім) ерекше орын алады және сонымен қатар, 1 шілдеде 1999 жылы қабылданған Азаматтық кодексті (ерекше бөлімін) атап көрсетуге болады.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзгеде заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан(заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-ші тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 - бабының 1 - тармағында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік танылып, оның бірдей қорғалуы бекітілген. Сондай-ақ, мемлекетіміздің экономикалық даму жолының жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерінің пайда болуына алып келді. Айтып отырған жаңа қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу азаматтық заңдарда көрініс тапқан. 1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде алғаш рет азаматтық құқықтардың объектілері жеке қарастырылды. Бұл жерде азаматтық құқықтар мен азаматтық құқығының арасындағы айырмашылықты атап өткен жөн. Азаматтық құқықтар қоғамдық қатынасқа қатысушы субъектілерге қатысты айтылатын құқықтарды қамтыса, азаматтық құқығы, бұл - ғылым және оқу пәні.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz