Қант өнеркәсібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Aбылай хAн Aтындағы ҚAзақ хAлықаралық қAтынастар жәHе әлEм тIлдері университEті

Мeнеджмент жәнe маркетинг кафедрасы

МУНИЦИПAЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДAРДА КЛAСТЕРЛІК ЖYЙЕЛЕРДІ ДАMЫТУ ЖӘНE БЮДЖEТТІК ҚAРАЖАТТАРДЫ БӨЛУДE МOНОПОЛИЯҒА ҚAРСЫ МEХАНИЗМДЕРДІ ҚOЛДАНУ AРҚЫЛЫ ӨНIМДЕРДІ ИMПОРТ-ЭКСПОРТТAУ MӘСЕЛЕЛЕРІ
тaқырыбына aрналған
ЖOБА

Орындaған:
MжЖБмaмандығының
441 тoп студeнті
Исaғұл Сaхи

Жетекшілер:
э.ғ.к., доцент К.Камали

э.ғ.к., доцент С.Серикбаев

э.ғ.к., доцент У. Бакытгуль

Алматы, 2019

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
I МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III БЮДЖЕТТІК ҚАРАЖАТТАРДЫ БӨЛУДЕ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ МЕХАНИЗМДЕРДІ ҚОЛДАНУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Қазiргі тaңда елiміздің муниципaлдық құрылымдaрында aуыл шaруашылығы сaласын дaмыта oтырып, клaстерлік жүйeні қaлыптастыру өзeкті мәсeлелердің бiрі бoлып отыp. Жoбаның объектісі негізінде қарастырылып отырған Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінде ең ірі муниципалды құрылым. Aуыл шaруашылығы aгроөнеркәсіптік кешeннің өңдeуші салалaры үшiн негiзгі шикiзат көзi бoлып тaбылады, сoндықтан oлардың арaсында тығыз бaйланыс қaлыптасқан. Агрoөнеркәсіптік кешeннің өңдeуші сaлаларына: тaмақ өнeркәсібі (тaмақ, eт, cүт,бaлық, ұн, жaрма) мeн жeңіл өнeркәсіп (былғaры, aяқкиім, киiм) жaтады. Атaлған салaлар рeспублика өнeркәсібінің мaңызды сeкторлары бoлып тaбылады.
Eлімізде тамaқ индуcтриясын шикiзат көздeріне жәнe тұтынушыға жақын орналастыру өндірісті мамандандыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу салалары шикізат көздеріне жақын, ал дайын өнімдер шығаратын өндіріс тұтыну орталықтарына жақын орналастырылады. Технологиялық процестердің аумақ бойынша бөлінуіне шай өнеркәсібі мысал бола алады.
Қант өнеркәсібі. Қант-маңызды тағам түрлерінің бірі, оны өндіру үлесі 2014 жылғы есеп бойынша 481419 т - ны құраса, жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіші 21,7кг - ға жетті.
Алматы облысының 10 ауданы қант қызылшасын өсіреді. Соңғы жылдары Алматы облысы қант қызылшасын өсіруге баса мән беріп, жергілікті шаруалардың байырғы кәсібінің бойына қан жүгіртті. Жыл басында Алматы облысы әкімі Амандық Баталов өңірдегі шаруалардың қатысуымен қант қызылшасы өндірісін дамыту мәселесін талқылаған жиын өткізіп, биылғы Жетісудағы қант қызылшасының алқабын 11,2 мың гектарға ұлғайту, одан 414,4 мың тонна өнім жинауды алдына мақсат етіп қойды.
Жобаның мақсаты муниципалдық құрыламдарда кластерлік жүйені дамыту және бюджеттік қаражаттарды бөлуде монополияға қарсы механизмдерді қолдану арқылы өнімдерді импорт-экспорттау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Жоба міндеттері болып жергілікті өзін-өзі басқарудағы кластерлік жүйенің теориялық негіздерін, қарастырылып отырған жобаның объектісі - Алматы облысында қант қызылшасы өнімдерін өндіру бойынша кластерлік жүйені дамыта отырып, монополияға қарсы механизмдерді қолдану арқылы қант қызылшасы өнімдерін экспорттау мәселелеріне зор көңіл бөлінді.

I МУНИЦИПАЛДЫ ҚҰРЫЛЫМДАРДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Кластер өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро -- өндіріс секторының өнеркәсіптері. Кластер немесе өндіріс топтары - М.Потердің жазуынша - бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы. Олар белгілі ортада әрекететеді және өзара толықтырушы сипатта болады. Кейін, М.Потердің нұсқауынша, кластердің географиялық масштабы бір қаладан немесе басқа территориялар әкімшіліктік бірліктен нұсқалануы мүмкін, мысалы, әкімшіліктік облыстаң елдің барлық территориясына кейде көрші елдерге дейін созылуы мүмкін. Бұл кезде кластерге бөлуді, оның өнеркәсіп -- өндірісті ошақты анықтаудан бастаудан жөн. Сосын таңдап алынған ошаққа тиесілі тауар мен қызмет көрсетудің инфраструктуралық сигменттері анықталады. Кластерді қалыптакстырудың критерийі ретінде өндіріс пен оның құраушыларының тиімділігінің өсуін айтады.
Қазақстандық кластерлердің ең басты мақсаты - елдің бәсекелестік қабілетін барынша тиімді пайдалануға жағдай жасау. Шикі заттық емес экономика секторын дамыту мақсатында бизнес құрылымдарды тарта отырып, отандық кәсіпорындардың бәсеке қабілетті болуын қамтамасыз ету керек.
Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады. Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді.
Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді. Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсанда жасаған Қазақстан-2050 стратегиясы атты халыққа жолдауы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты республика алдына 2050 жылға қарай әлемнің отыз дамыған елі қатарынан табылуды мақсат етіп қойды. Қазақстан-2050 стратегиясын іске асырудың басты құралы кластер болуға тиіс екенін баса айтамыз, өйткені сонда ғана бизнес, ғылым және мемлекеттің өзара әрекеттесуі жолымен синергетикалық нәтиже пайда болып, үш шиыршық моделі жұмыс істей бастайды. Осыны ескерген мемлекет басшысы мынадай міндеттер қойды: кластерлік даму модельдерін белгілеу; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру бойынша жол картасын жасау; перспективалы ұлттық кластер қалыптастыру Концепциясын жасау.
Қазақстанда келешегі бар ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамытудың негізгі қағидалары келесідей:
- Қазақстан-2050 стратегиясы міндеттерінің сабақтастығы, бұл жағдай экономикалық өсудің басым бағыттарын және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін дамытуды қамтамасыз етеді;
- кластерлік бастамаларға қозғау салу үшін бір тәртіппен қимылдауды қамтамасыз ететіндей бизнес, ғылым және мемлекеттің өзара байланысы арқылы үш шиыршық құру;
- халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің, өндірістік инновацияның және аймақтағы инвестициялық тартымдылықтың артуына қолайлы жағдай тудыруды көздеген мемлекеттік қолдау таныту арқылы кластерлік бастамаларды ынталандыру;
- стратегиялық маңызы зор аймақтық кластерлік жобаларды іске асыруға бағытталған жекешелік-мемлекеттік серіктестіктің жаңа түрлерін дамыту;
- кластерді қалыптастыру және дамыту кезіндегі барлық маңызды белгілер мен әлеуеттерді ескеретін жүйелілік;
- ұлттық кластерлерді қалыптастыру және дамыту бағыттары мен кезеңдері жайлы ақпараттың қолжетімділігі, бұл өз кезегінде аймақтық және жергілікті кластерлердің тиімді жұмыс істеуіне халықтың белсенді түрде қатысып, селбесуіне әсер етеді. Кластердің негізгі белгілері мынадай:
- кластерге қатысушының отандық және халықаралық саудадағы берік бәсекелестік ұстанымы әрі үлкен экспорттық әлеуеті; мультифакторлық өнімділік немесе өнім мен қызмет экспортының биік деңгейі бәсекеге 25 қабілеттіліктің көрсеткіші ретінде қарастырылуы мүмкін;
- аумақтың бәсекелік артықшылығы, оған оңтайлы географиялық орналасушылық, кадрлық ресурс, жеткізушінің, толықтаушының және сервистік қызметтің, арнаулы оқу орны мен зерттеу ұйымының және қажетті инфрақұрылымның болуы жатады; тікелей салынған инвестициялардың әлеуеті мен жинақталған көлемін аумақтағы бәсекелік артықшылықтың көрсеткіші ретінде қарастыруға болады;
- кластерге қатысушылардың географиялық шоғырлануы мен жақын орналасуы өзара белсенді әрекеттесуіне мүмкіндік береді; аймақтың нақты бір өнім шығаруда немесе қызмет көрсетуге биік деңгейде мамандануын сипаттайтын көрсеткішті геграфиялық шоғырланудың индикаторы ретінде қарастыруға болады;
- қатысушылар саны кластерлік өзара әрекеттесудің пайда болуына жеткілікті болуы; кластерді құрайтын кәсіпорындар мен ұйымдарда жаңа жұмыс орындарын ашу көрсеткішін индикатор ретінде қарастыруға болады;
- кластер мүшелерінің өзара ұтымды әрекеттесуі, оған субконтрактация тетіктерін пайдалану, кәсіпорындардың білім беру және зерттеу ұйымдарымен серіктестігі, ішкі және сыртқы саудада тауар мен қызметті ұжымдаса өткізу бойынша жұмысты үйлестіру тәжірбиесі де жатады;
- орташа алғанда бүкіл ел бойынша басқа да ұқсас бизнес саласы мен аясындағы кәсіпорындармен салыстырғанда кластер мүшелерінде жаңа жұмыс орындарын ашу қарқынының, пайда мен түсімнің жоғары деңгейлігі; кластерлік өзара әрекеттесуді оң нәтижелі ететіндей қатысушылардың көп жиналуы;
-жоғары деңгейлі өндірушілікті, табыстылықты және жұмысбастылықты, өнім мен қызмет экспортының биік деңгейлігін сипаттайтын көрсеткіш индикатор ретінде қарастырылуға тиіс;
Қазақстандық кластерлік бастаманың негізгі мақсаттары - экономиканың шикізаттық емес секторларын жеке бизнес құрылымдары арқылы дамыту мақсатында, мемлекеттің бәсекеге қабілетті артықшылықтарын барынша пайдалану, әрі отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

II АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстанда қызылша өсіруді қайта дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Республиканың табиғи-климаттық жағдайы бұл дақылды Алматы облысының 10 ауданында (Алакөл, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қаратал, Көксу, Сарқанд, Талғар), өсіруге мүмкіндік береді. Әрине, бұл ретте өнімділіктің, өнімнің сапасы мен шығын көлемінің айтарлықтай әртүрлі болары анық. Өткен жылдардағы қант қызылшасын өсірудің тәжірибесі республикада суармалы жердің әр гектарынан 400 центнерден, тәлімі жерден 200-250 центнерден тұрақты өнім алуға болатынын көрсетеді.
Жетісу - қант қызылшасының орталығы. Ерекше атап айтатын жайт, Алматы облысында қант қызылшасын өсірудің қайтадан қарқынды түрде өріс алуы қуантады. 2015 жылы қант қызылшасының алқабы 4020 гектарға жетіп, 124,7 мың тонна тәтті түбір жиналды. Көптен бері тоқтап тұрған Көксу қант зауыты іске қосылды. Барлық қажетті ауқымды істер атқарылды. Хильниченко және К серіктестігінің қызылшашылары орта есеппен әр гектардан 730 центнерден алды, ал кейбір учаскелерінде өнім 810 центнерге дейін жеткен. Облыста 2016 жылы қант қызылшасының егістігі 6,8 мың гектарға ұлғайды. Әр гектардың шығымдылығы орта есеппен 376 центнерден айналып, жалпы 250 мың тоннадан астам тәтті түбір алынған. 2017 жылы 380 центнерден алынды.
2021 жылға қарай Алматы облысында бұл дақылдың егістігін 15,0 мың гектарға жеткізу көзделуде. Осы жылдары өнім дайындау көлемін 580 мың тоннаға дейін өсіру де жоспарланып отыр. 2017 жылы облыстың негізгі қант қызылшасын егетін аймақтарынан бөлек, оны өсірумен Алакөл ауданы мен Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінің шаруа қожалықтары да айналыса бастады.
Облыстық бюджеттен 200 млн теңге бөлініп, оған Жетісу ӘКК-сы арқылы француз және неміс селекциясының жоғары өнімді будандары тұқымының 8422 егістік бірлігі әкелінді.
Бұған қосымша Панфилов ауданындағы Қамқорлық ЖШС-де жергілікті будандардың 2000 егістік бірлігі көлеміндегі тұқымы әзірленді. 2016 жылдан бастап Жетісу ӘКК-сы инвесторларды тарта отырып, он жылға жуық тұрып қалған Ақсу қант зауытын қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізді. Оған 6 млрд теңгеден артық күрделі қаржы бөлініп, соның
арқасында 2017 жылдың күзінде өндіріс іске қосылды. Зауыт 60 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, оны өңдеді. Ақсу қант зауытының іске қосылуы қызылшаны тасымалдауды жеңілдетіп, жаңадан 500-ден аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Қазіргі кезде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамы­тудың 2017-2021 жылдарға арнал­ған мемлекеттік бағдар­ламасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша 2021 жылы қант қызылшасы алқабын 32 мың гектарға дейін жеткізу, өнім көлемін 1,0 млн тоннаға өсіру жоспарланып отыр. Осы ар­қылы ішкі нарықты отандық шикізаттан алынған қантпен толтыру, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнеркәсібінің салалары
Тамақ өнеркәсіптерінің орналасқан жері, басты өнімдері және кәсіпорындары
Тамақ өнеркәсібі туралы толық танысу
МАВИД ЖШС өнеркәсіптегі кәсіпорындық өндірісті ұйымдастыру
Агроөнеркәсіптік кешен
Қант қызылшасынан қант өндіру технологиясы
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Тамақ өнеркәсібі
Қоюландырылған сүт
Азық - түлік биотехнологиясы
Пәндер