Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ философиясы кафедрасы
Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің Жат қолында романындағы жай мен бүгінгі кездегі жайлар сәйкестігі туралы
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі
Орындаған: ______________Сайранова А.Қ.
Тексерген: ______________ ф.ғ.к., аға оқытушы Есмағұлов А.Ы
Бағасы: _____________
Көкшетау, 2019
МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Сөз зергерінің тағлымды тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Ғасыр туындысы - Жат қолында романы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
І.КІРІСПЕ
Eлiмiз eгeмeндiк aлғaн жиыpмa жыл iшiндe хaлқымыздың ғacыpлap бoйғы apмaны жүзeгe acыpылып, қaзaқ дeгeн хaлықтың кeмeл oйлы ұлдapы бapлығы, oлapдың әлeмнiң көpкeмдiк үpдiciне, рухaни қaзынacынa қocқaн қыpуap үлecі бapлығы әлeмгe тaнылып, бiздiң жaнымызды жaдыpaтудa. Ocы жылдap iшiндe қaзaқтың бipтуap acыл aзaмaттapын тaнып-бiлудiң бip қыpындaй жылмa - жыл oлapдың aйтулы күндepi, хaлқынa ciңipгeн eңбeктepi әлeмдiк aқыл - oйдың жинaқтaлып, қopытылaтын Бipiккeн Ұлттap Ұйымының Юнecкo төңipeгiндe aтaлып жaтуы қaндaй ғaнибeт. Қaзaқтың жapық жұлдыздapының eңбeгiн apдaқтaу Aбaйдaн бacтaлып Жaмбылғa, Мұхтapғa, Дулaтиғa, Қaнышқa, Сәбиткe жaлғacca, 2002 жыл Ғaбит Мүcipeпoв үлeciнe тиiп, сoл жыл әлeм бoйыншa Ғaбит жылы aтaлды. Мұның өзi үлкeн мaқтaныш. Pacындa дa дapынды ғaлым Зeйнoллa Қaбдoлoв aйтқaндaй ...Мүcipeпoвтi мaқтaудың кepeгi жoқ, Мүcipeпoвпeн мaқтaну кepeк.
Осыған орай біз жұмысымызда ұлы жазушы, драматург, Социалистік Еңбек Ері, қарымды қаламгер Ғабит Мүсіреповтің шығармашылығына барып, оның жалпы атауы Оянған өлке деп аталып, қазақ даласындағы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған өндіріс туралы жазған, қазақ әдебиетін үлкен биікке көтерген шығармасындағы образдар жүйесіне тоқталдық та оны негізінде екінші кітап - Жат қолында[1] романы бойынша қарастырдық. Алайда образдар жүйесін саралағанда бірінші кітапқа соқпай кету мүмкін емес, сондықтан жұмыс барысында Оянған өлке романына да көп көңіл бөлінді.
Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда, әлем экономикасы үлкен дағдарысқа ұшыраған сәтте, бұл жай, әсіресе, ғасырлар бойы бар экономикасы шет ел билігінде болған, тәуелсіздікке жеткеніне жиырма жыл ғана болған біздің ел үшін аса қиындық туып отырғаны бесенеден белгілі. Бүгінгі заманда елінің келешегін алдын ала болжай алатын көреген де іскер адамдар аса қажет. Ал оларды дер кезінде танып-білу үлкен көрегендікті қажетсінеді.
Заманының өткені мен бүгінін, жарқын болашағын салыстыра келе халқы үшін, халқының тығырықтан шығуы үшін еңбек етер ұшқыр ойлы да іскер жандар қажеттігін адам жанының инженерлері (Горький айтқанындай), атап айтқанда үлкен әріппен атар қаламгерлер ғана дөп басып айта алады. Осындай жандардың бірі - өз заманының заңғар жазушысы Ғабит Мүсірепов еді де, оның заманын өрге сүйрер іскер де дарынды кейіпкері Оянған өлке романының бас тұлғасы - Игілік Өтепов болатын да, оны екінші кітапта жалғастырған Кенжеғара еді. Сондықтан да біз осы тақырыпқа бардық..
Зерттеу нысанасы ретінде жазушы қаламынан шыққан, ғасыр туындысы атанған Оянған өлке романының жалғасы Жат қолында романын алдық та, образдар жүйесінің сабақтастығын ашу мақсатында Оянған өлке романын да пайдаландық.
Жұмыстың жаңалығы. Зерттеу барысында бұрыннан үстем тап өкілі ретінде жағымсыз бейнеде суреттелді деп келген Игілік Өтепов және оның ісін жалғастырушы Кенжеғара мен замандастары бейнелері арқылы жазушының өз заманы, дәлірек айтсақ бүгінгі күндер үшін ең Қажетті адамдар - іскер де, қайраткер адам ретінде көрсеткенін сөз етіп, соны шығарма негізінде айқындауға тырыстық.
Зерттеудің ғылыми - практикалық мәні. Еңбекті орта мектеп пен жоғары оқу оқулықтары мен құралдарында әлі де бұрынғыша - әдебиетке таптық көзқараспен қараушылық басым болғандықтан, жаңа көзқараспен жазылған дүниелер жекелеген мақалалар мен еңбектер деңгейінде ғана болғандықтан қосымша құрал ретінде пайдалануға болады деп ойлаймыз.
Жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, тараушаларға бөлінген екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі берілген.
1.1 Сөз зергерінің тағлымды тағдыры
Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзіңді-өзің зертте.
Конфуций
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған адамдар болады. Ол аңыз оның ел сүйсінген ерекшеліктерінен туындайды. Біртуар азаматын сүйген халықтың ырза көңілінен туған ол аңыздар ақиқаттан онша алыс та емес.
Түнде де жарқырайтын жақұттай жауһар шығармаларымен ғана емес, ұлт үшін жасаған ұлы ерлігімен де ел сүйіспеншілігіне бөленген сөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жайлы да аңыз әңгімелер аз емес. Осындай қайта тумас, қайталанбас, таланттың кейбір қырлары мен сырлары, рухы биік ұлылығы мен сымбаты бөлек жан сұлулығы ел есінде мол қалған жанның бірі - Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов болатын. Біздің ендігі сөз етеріміз де сол абзал жан.
Мүсрепов Ғабит Махмұтұлы - ойшыл жазушы, әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері. Ол қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Жаңажол ауылында 1902 жылы 22 наурызда дүниеге келген.
Әкесі Махмұт шаруа адамы болған, өз ісіне пысық, жинақы, елге сыйлы елағасы атанған жан. Ғабит Мүсірепов 9 жасқа дейін өз ауылында оқып, арабша хат таниды. 1916 жылы екі сыныпты ауылдық орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді, осы кезде оған белгілі ағартушы-педагог, ХХ басындағы қазақ әдебиетінің белгілі өкілі - Бекет Өтетілеуов болатын. Одан Ғабит Мүсірепов орыс тілін ғана біліп қойған жоқ, болашақ жазушыға ең қажетті дүние - сөз шеберлігіне үйреніп, болашақ сөз зергері атануының басқы сатысы - көркемдік дүниесін меңгеруге жол бастады.
1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне түсіп, онда үш жыл Сәбит Мұқановпен бірге оқыды, Сәкен Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы жұмфакты бітірген соң, Омбыдағы ауылшаруашылық институтында бір жыл оқып, 1927-1928 жылдары Бурабай техникумында оқытушылық қызмет атқарды. Өзінің тұңғыш шығармасы - Тулаған толқында повесін де осында (1927) жазды. Он жыл бойы баспасөз орындарында, кеңес, партия мекемелерінде жауапты жұмыстар жасай жүріп (баспа директоры, Қазақ әдебиеті, Социалистік Қазақстан газеттерінің бас редакторы, Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы Өнер істері басқармасының бастығы) әдеби шығармашылығын үдете түсті. 1938-1955 жылдары бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды. 1955-1966 жылдары Ара журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы болып істейді. 1958 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкіл-одақтық комитеттердің мүшесі. Азия, Африка елдерімен әдеби байланысты нығайтуға, қазақ әдебиеті табыстарын дүние жүзіне уағыздауда елеулі еңбек сіңірген. Осы орайда оның мына сөздерінің ұлылығы адамзат ойының асыл қорытындысындай болары айғақ: Қазақ ойы, қазақ ақылы, казақ сезімі, қыскарак айтқанда туған еліміздің санасезімі топас емес, тотыққан деуге келмейді. Тіршілік жағдайы оңынан келіп калғанда Абай, Сүйінбай, Ыбырай, Шоқан, Жамбыл, Құрманғазы, Дина сияқты ой-сезім даналары топас ойлы елден шықпаса керек.
Қолынан қаламын түсірмей өткен алпыс жылдай уақыт ішіндегі елдің қоғамдық және мәдени өмірдегі қадау-қадау оқиғалары суреткер шығармашылығының өзекті тақырыбына айналды. Мүсірепов әңгімелері мен пьесалары, повестері мен романдары, ұлттық әдебиеттің қалыптасуына игі ықпалын тигізді, олар қазақ қоғамы мен қазақ халқы психологиясындағы бүкіл әлеуметтік өзгерістерді шынайы бейнелеп берді.
30-жылдардың басында Мүсірепов әдеби шығармашылықтың өте бір күрделі саласы саналатын драматургияға ден қойған еді, сөйтіп, ол қазақ әдебиетінде осы жаңа жанрдың негізін салушылардың бірі саналады.
1934 жылы алғашқы пьесасы - Қыз Жібек, сосын опера либреттосын жазды. Мұның қатары кейін Амангелді (1935), Қозы-Көрпеш - Баян сұлу (1939), Ақан сері - Ақтоқты (1966) пьесаларымен толықты. Ал, Қазақ солдаты (1945), Оянған өлке (1953), Ұлпан (1974) романдары - ұлттық әдебиетініздің алтын қорына қосылған шығармалар.
Жазушы Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін 1968 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Ол туралы белгілі әдебиет зерттеушісі, қазақ әдебиет сынының басты тұлғасы, әдебиет сынының тарихының оқулығының [2] авторы, Сәкентанушы Ғалым, филология ғылымдарының докторы академик Тұрсынбек Кәкішев былайша ой қорытады: ...Кездеспей кеткең бір бейнені әңгімелегенде, оның жанрыңа, творчестволық тәсіліне назар аудару айрықша қажет. Прозалық поэма - қазақ әдебиеті үшін соны жаңалық. Бізде қара сөзбен жазылған өлеңдер аз да болса кездескенімен, прозалық дастан осы уақытқа дейін туа қоймаған еді. Өзінің терең сырлы, шығармаларымен әдебиетімізге үлкен олжа салып келе жатқан Ғ.Мүсрепов жаңа жанрдың кіндігін кесіп, тың үлгі көрсетіп отыр.
Қара сөзбен дастан жазу үшін, ең алдымен, сюжеттік желіні өрбітуге өзек болар оңтайлы оқиға көрініс, кейіпкер табу, оны ақындық асқақтықпен суреттей білу шарт. Кеңілдегі көрікті ойды сыртқа шығарарда, жазушы қолданар көркемдік тәсілдің мәні зор болмақ. Осы жөнінен келгенде, Кездеспей кеткен бір бейне поэмасы реалистік шындыққа, тарихи оқиғаға арқа сүйеп, романтикалық пафоспен жазылғанын көреміз. Аты аңызға айналған ардагер азамат, атақты ақын, дала дауылпазы туралы тебіренбей, шабыт шалқарына құлаш ұрмай, ер қиялды жыр шертпей салмақты да салиқалы ой айту, қайталанбас сурет салу, көріқті бейне жасау қиын екендігін автор қатты ескерген.
Атақты Оянған өлкенің[3] заңды жалғасы - Жат қолында романы арада ширек ғасырдай уақыт өткен соң, 1984 жылы оқырман қолына тиді.
Жазушының қоғамдық, публицистік, сыншылық еңбектері Суреткер парызы (1970), Заман және әдебиет (1972), Уақыт іздері (1988) атты кітаптарына енген. Ғ.Мүсрепов аудармашылық қызметпен де айналысты.
Ол - әдебиет жөніндегі оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Қазақ әдебиетінде Мүсреповтің алған орны айрықша: оның артына қалдырып кеткен ұланғайыр әдеби мұрасы қымбат.
Ғ.Мүсрепов бесінші сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 6, 7, 8, 9, 10, 11- сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. 1974-1975 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
Ол - Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958), Қазақстанның халық жазушысы (1984), үш рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Ол өз шығармашылық жолының басына ақ қазақтың халық әдебиетінің байлығын, қазақтың от ауызды би-шешендерінің шебер сөздерін, терең мағналы шығыс поэзиясының жауһарларының асыл мұраларын, орыстың атақты ақын - жазушыларының шығармаларын оқып білді. Оның орыс әдебиетіне баруының бастауы ауыл мектебінде өзін оқытқан әдебиетші мұғалім Бекет Өтетілеуовтің әсер-ықпалы болатын. Осынысы болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізеді. Орынбордағы рабфакта оқып жүргенде ол әдеби білімін, эстетикалық сезімін одан сайын жетілдіре түседі. Содан кейін Омбы қаласындағы ауыл шаруашылығы институтында оқып жүрген оны Қазақстан үкіметі қайта шақырып алып қазіргі Көкшетау жеріндегі (Бурабай поселкасы) орман шаруашылығы техникумына ұстаз етіп тағайындады да партия - кеңес жұмыстарына жекті. Осы кезде өзінің тырнақалды туындысы Тулаған толқында (1927) повесін жазады. Содан былай қарай баспа орындарында, партия - кеңес мекемелерінде жауапты қызмет атқара жүріп, шығармашылық жұмысын толассыз дамыта береді. Соның нәтижесіндей болып, Қос шалқар, Көк үйдегі көршілер, Шұғыла, Талпақ танау әңгімелері мен Бір адым кейін, екі адым ілгері повесі жыл аралатып барып, бірінен кейін бірі жарық көреді. Оның бұл шығармалары қазақ әдебиетіне жазу стилі қалыптасқан, көркемдік шеберлігі ерекше жаңа суреткердің келгенін жария еткен еді. Шығармашылық жолының бір белесін аналар туралы әңгімелер топтамасымен түйіндеген жазушы енді кең тынысты туынды жазуға кіріседі. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғын ала ол өзінің тұлғалы туындысы Қазақ солдаты (1944) романын жазады. Роман тың тақырыбымен, образдарының көркем бейнеленуімен, сюжет құру шеберлігімен, тартымды тамаша тілімен таңдаулы қазақ романдарының қатарына қосылады. Бұдан кейін ол араға біраз уақыт салып барып, өзінің ең ірі салалы да салиқалы шығармасы Оянған өлке (1953) романын жариялайды.
Қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы саналған осы романынан кейін жазушы қайтадан шағын жанрға ойысады. Сөйтіп, әңгіме жанрында зергер суреткерлігімен танылған ізденімпаз жазушы, көркемдік шеберлігін барған сайын шыңдап, әр әңгіме, повесі сайын жаңа бір белеске көтеріліп отырады. 1968 жылы Кездеспей кеткен бір бейне кітабы үшін Абай атындағы республикалық сыйлық алады. Араға бес-алты жыл салып барып, прозадағы соңғы елеулі туындыларының бірі Ұлпан повесін жариялайды. Сонау отызыншы жылдарда-ақ үлкен драматург екенін танытып, Қыз Жібек операсының либреттосын, Қозы Көрпеш Баян сұлу пьесасын берген Ғ.Мүсірепов кейінгі жылдарда да бүкіл қазақ драматургиясының тамаша туындысы болып табылған Амангелді, Ақан сері - Ақтоқты драмаларын жазады. Оның шығармаларының негізінде кинофильмдер түсіріледі, жетпісінші жылдары қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен белгілі батыр, шешен, тарихи тұлға Сырым Датов туралы Болашаққа аманат, Азербайжанның классик жазушысы Низамидің творчестволық ғұмырына нәр берген қыпшақ қызы Аппақ туралы Аппақ наме драмасын жазып қазақ драматургиясы мен театр өнеріне үлкен үлес қосады.
Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, қүрмет тұтады. Ол бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, бір рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Екі мәрте Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды. 1974 жылы КСРО Жазушылар Одағының 40 жылдығына орай ең таңдаулы қаламгерлер қатарында Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, кеудесіне үшінші Ленин ордені мен Алтын жұлдыз қадады.
Алыптар тобының өкілі Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов жазушы ғана емес, сонымен бірге, қоғам қайраткері, зерттеуші ретінде бай мұра қалдырған қайталанбас тұлға. Оның әр шығармасы тарихи негізде жазылып, Отан тарихының қилы кезеңдерінің әдебиеттегі көріністеріне айналды.
Зерттеушілердің көпшілігі Мүсіреповтануда ең алдымен оның әдеби мұрасын назарға алады. Бұл әрине заңды. Себебі Ғ.Мүсірепов алдымен жазушы. XX ғасырда қазақ әдебиетіне кесек туындылар әкелген көркем сөз шебері, дара суреткер. Жазушының суреткерлік қыры өз заманында жеткілікті қарастырылды. Оның көркемдік әлемін ашуға бағытталған ізденістер әдебиеттану ғылымында әлі де жалғасын таба бермек.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеп, баға беру Отан тарихын танудағы толық ашылмаған тақырып. Қазіргі тарих ғылымы алдындағы міндеттер мен мүмкіндіктер бұл тақырыпты терең зерттеуді талап етеді. Өйткені Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда, ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ. Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы тану мүмкіндігі - тәуелсіздік жемістерінің бірі. Бүгінде адам баласы сан алуан кәсіпті игерді, талай қүпиялардың сырын ашты. Бірақ қиынның қиыны - өзіңді тану. Өзіңді тануды ұлттық зиялыларды танудан бастасақ, тар жол, тайғақ кешуге ұшырамай, ұлы көштен өз орнымызды табарымыз сөзсіз.
Тақырыптың өзектілігі бұл тұрғыдан да айқын көрінеді. Ғ.Мүсіреповтің тарихи көзқарасында дәстүрлі қазақи ұғым-түсінік пен тарихи құндылықтар да, социализм тұсындағы саяси құндылықтар да шоғырланып, үйлесімді жарасым тапқан. Демек, осы құпиясы мол құбылысты зерделеу өткеніміздің тағылымын бүгінгі күнге қолдануға септігін тигізеді. Тақырыптың ғылыми-практикалық маңызы осында жатыр.
Ғабит Мүсірепов шығармаларына үңілген сайын замана зәрулігімен байланысты проблемаларды суыртпақтап атай беруге болады. Жазушы үшін шығармасының өміршеңдігінен артық дүниеде не керек? Тілімізді, ділімізді, келер дәуірлерде, туар заманаларда да амандап қалсақ, Ғабит Мүсіреповтей сөз ұстасының мұрасы талай қағаз мұхитынан Алатаудай асқақтап, кейінгі нәсілдерді, болашақ ұрпақтарды өнер сұлулығының небір мәйегімен тамсандыратынында шек бар ма?!
Ғ.Мүсірепов мұрасының бір саласы көркемдік-эстетикалық ойлар. Ол профессионал сыншы да, көп әдебиетшінің бірі де емес. Соған қарамастан Ғабит Мүсірепов әдеби процесті терең саралаған профессионал жазушы ретінде көріне білді. Оның бұл саладағы еңбектері Суреткер парызы [4] кітабында топталып берілді. Оның осы сан салалы еңбегінің маңыздылығын айта келіп, белгілі әдебиет сыншысы С.Әшімбаев... Көп жылдардағы сыни еңбектері мен әңгіме, очерк, новеллаларын айтпағанда тек Оянған өлке, Ұлпан, Жат қолында, сынды көркем де мазмұнды еңбектерін талдай отырып даусыз тұжырымға келесің - Ғ.Мүсірепов - қазақ әдебиетінің классигі [5], деп ой қорытады.
2.1 Ғасыр туындысы - Жат қолында романы
1984 жылы оқырмандар қолына тиген Ғ.Мүсіреповтің соңғы да мәнді туындысы - Жат қолында романы Оянған өлкенің заңды жалғасы. Қаламгердің көзі тірісінде-ақ жақсы ілтипатқа ие болып, оң бағасын алған бұл туындыда жаңа дәуірдің жаңа адамдары, қазақ қоғамының нағыз оянған кезі - екі ғасыр аралығы мен XX ғасырдың бас кезін қамтыған оқиғалар суреттеледі.
Автор өзі айтқандай, өз қанаушыңмен өзге қанаушының, жат елдік алыпсатарлардың айла-әрекеттері көз алдыңызға келеді: Байырғы көшпелі жерлестерімнің тіпті сонау патша тұсында-ақ жаңа өмірді аңсап іздегенін, болашақ Қарағандының жез бен кен орындарында жұмысшы болғандарын жазғанмын. Олардың тауқыметі мол тағдырларын Оянған өлке романында айттым. Екінші кітапты әзірше Жат қолында деп атап отырмын. Бұл кітапта не айтылады? Туған жерімнің байлығын революцияға дейінгі кезде шет ел капиталистерінің қомағайлықпен ысырап еткені, талан-таражға салғаны айтылады [6] - деп барып, халқымыздың тарихын, революцияға дейінгі әлеуметтік өмірін, Қазақстанның еңсе көтере бастаған жұмысшы табының өкілдері тағдырына арналған эпопеялық ауқымдағы шығармаға кіріскендігін айтады.
Жат қолында да қаламгерден көп дайындықты, жан-жақты білімді, ыждаһаттылықты талап етті. Ұзақ жылдар аңсаған іңкәр дүниесін жазу кезінде әр түрлі жұмыстар да араға киліккен. Бұл уақытында тек бір-ақ Жат қолынданы жазумен айналысып қана қоймаған, композитор Е.Рахмадиев екеуі Майра пьесасының либреттосын дайындаған. Осы кездегі біраз ой-толғаныстары мен уақыты Ұлпанға да жұмсалған, Болашаққа аманат, Қышпақ қызы пьесалары да жазылған. Осының бәрі де жазушыны Жат қолынданың ырғағынан шығарып жіберіп жүрген. Байқап отырғанымыздай, жазушының уақыты, күш-жігері, қаламгерлік қарымы бір мезгілде бірнеше шығарманың туыңдауына негіз болған.
Ол кезде Ғабеңнің материалым жеткілікті дегеніне таңданатынмын да қоятынмын. Кейінірек, қазір жазушының артында қалған архивіне үңілгенімде барып бұл сөздердің ақиқатына көзім жетіп жүр. Сөйтсем, жазушының дайындығы мол екен. Олардың әрқайсысы История горной техники, Карагандинское угольное месторождение деген сияқты жеке-жеке тақырыптарға арналыпты. Барлық жазылар материал ол кісінің басыңда болатын. Шығармаларының бәрін араб жазуымен қағазға түсіретін. Жазғанын шимайлап, үстінен сызып түзететін. Ондай тұстары болса, өшіргішпен өшіріп, қайта жазатын немесе сол бетті түгелдей қайта көшіріп шығатын демінген Ғабеңнің соңғы бес жыл өмірінде серігі болған Ғазиза Бисенованың естелігінде. Жазушының соңғы жазған шығармаларын машинқаға басқан шешейдің естелігінен Жат қолына апарар алғашқы белгілерін көреміз, романның жазылу тарихы, сол кезеңге сәйкес қызықты жәйттерге ортақтасып, жазушы лабораториясына құмарта үңілеміз.
Жат қолынданың да Оянған өлке сияқты, өз алдына жазылу тарихы бар. Оған байланысты естелік, көзқарас-пікірлер де жетерлік. Солардың романның жазылар алдында, жазылу барысындағы, жарыққа шыққаннан кейінгі түрлерімен танысар болсақ, бұл романның да, бір адам тағдырына ұқсас өмірі бар екеніне көз жеткіземіз. Автордың өзі екі романның арасына біршама уақыттың салыну себептерімен де бөліседі: Екінші кітап неге созылып кетті. Бірқыдыру себептер айтылды. Оның үстіне үлкен коллектив, жұмысшылар ортасы туралы жазу бір ұрпақ тағдыры жөнінде жазу емес қой. Қазақ жұмысшы табының қалыптасуын көрсететін романның екінші кітабын аяқтауды өзімнің азаматтық, жазушылық парызым, борышым санаймын. [7]
Ғ.Мүсіреповтің қолымен сызылған карталар, бұрынғы керуен жолдарын, төте соқпақтарды өзі жүріп өтіп өлшеген цифрлар, бүкіл Орталық Қазақстандағы үлкенді-кішілі кен орындары мен заводтардың тарихына байланысты өз болжамымен салған суреттер, түрлі диаграммалар да аса қажет болыпты.
Ғабит Мүсірепов Жат қолында романында ұзақ тарихтың хикаясын, қазақ жерінің, елінің бүкіл болмысын, өмір-тұрмысын, ой-тұлғасын суреттейді. Еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістер, қозғалыстар, жаңалық белгілері, қазақ жұмыскерлерінің қалыптасуы, оның сана-сезімінің өсуі - роман қойған басты мәселелер болып қоймай, өз шешімін тапқан мәселелер ретінде де көрінеді. Ұзақ ойланып, араға көп жылдар салып жазылған романның айтар идеясы - тұңғиық - енжар қауымға ой салып, санасына сәуле құйып, намысын оятудың амалын тынымсыз іздеу жолында мұрат-мақсатына жетеді. Халқының ел қатарында өркендеуі үшін барын салып, өзгеге өзіміздің рухани тереңдігімізді, тамыры тереңде жатқан мол тарихымызды, ұлттық қадір-қасиетімізді жан-жақты танытатын шыншыл шығармалар тудыруда Ғ.Мүсіреповтің алатын лайықты бағасы да, өзіндік орны да ерекше болып, қайталанбас сөз зергері ретінде танымал болып қала бермек.
Ғабит Мүсіреповтің шығармашылық мұрасына дилогия болып кірген екі романы - Оянған өлке мен Жат қолынданың дүниеге келу мерзімдерінің арасындағы алшақтық отыз жылға созылып еді. Бірінші кітаптың жалғасы болатыны жөнінде хабардар оқырман, қаншама асыға күткенімен, оны ұсына қоюға жазушы асыққан жоқ және қашан жарық көретіні, не себептен кешігіп жатқаны жайында да жұртшылыққа ләм-лим деген емес.
Сонымен, екінші кітап сексенінші жылдардың бас кезінде, жазушы өмірінің соңғы кезеңінде ғана дүниеге келді. Сөйтіп, бұл, екінші жағынан, Мүсірепов шығармашылығының ең соңғы туындысы, яғни оның жазушылық жолының ең ақырғы нүктесі болып қалды.
Оянған өлкедегі оқиғалардың қалай басталып, немен аяқталғаны есімізде. Осы орайда екі кезеңдегі екі түрлі жағдай көзге елестейді. Біреуі - Рязанов пен Ушаков Қарағанды жеріне алғаш рет келіп, Майқұдық басында кен орындарын сатып алғандағы жағдай. Сонда ел тарапынан бой көрсеткен жалғыз адам Игілік еді. Ол - бір жағынан, өз пайдасын жұрттан бұрын ойлайтын әккі есепқор болса, екінші жағынан, қанша дегенмен, қанына тартатын осы елдің бас көтерер тұлғалы адамы. Бәрібір қазынаға кетіп бара жатқан соң, иесіз демесін, босқа кетпесін деген ойдың жетегіндегі естияр ел ағасы. Одан бөтен ел мүддесін ойлаған, жерін жоқтаған бір жан жоқ.
Ал қазір ше! Тұтасқан қалың қауым - шахтерлер ауылы бар. Күні кеше аштықтан, жұттан қашып, жалаңаш-жалпы шұбырып келген кедейлер қазір - тепсе темір үзетін, бұлшық еттері бұлтиган көміршілер, қорыту пешінің ыстығына қақталған мыс қайнатушылар, тағы басқа маман жұмысшылар. Бір кезде Жұман, Игілік байлардың жалшылығында ақысыз-пұлсыз салпақтап, солардың намысы үшін барымтаға бас тіккен қос балуан Бұланбай мен Сүгірәлі, солардың үзеңгілес жолдастары Байшегір мен Алшағыр, ұста Баяңды мен балғашы Жабай - бұл күнде әрқайсысы бір-бір топ шәкіртке ұстаз болғандай толысқан, ақылгөй ағалар; өрқайсысы бір-бір әулеттің үйелмеңді ұрпағын тәрбиелеп отырған орнықты отағасылар. Әрқайсысының бойында кешегі ауылдан алып келген қазақы мінез-машықтармен қоса жаңа өмірден дарыған жарасымды жақсы нышандар байқалады.
Бұлар маңайдағы мал баққан әлі де көшпелі күйдегі ауылдар мен мына орныққан отырықшы жұмыскер қауымды байланыстырып, біріне-бірін жақындастырып отырған сенімді дәнекер сияқты болып көрінеді. Оларды осы жолдан тайдырмай, өздеріне мықты таяныш, сенімді серік больш жүрген, ауылдың ақ жаулығын салып келіп, енді қымызын жаңаша сапыратын, самаурынын жаңаша қайнататын Көпей мен Наргөз, Нәзира мен Нәзікеш сияқты шешелер мен жеңгелер өз алдына. Әсіресе көз қуантар, көңіл тоғайтар бір шоғыр топ - әуелі ауылдағы бастауыш мектепті, сонсоң Ақмоладағы тау-кен техникумын бітіріп, біразы әрі қарай оқуға кеткен, ал біразы өндіріске келіп, жемісті жұмыс атқарып жүрген Нартай мен Әлішер, Жәния мен Нұрила, анау Жомарт пен Қарлығаш, мынау ерке мінез Гүлбәден сияқты жаңа заманның жас өркен түлектері.
Жазушы уақыт мөлшерінен ілгерілеп кетпей, кешегісі мен бүгінгісін қоса көрсете отырып, осы жайларды екінші кітаптың алғашқы бөлімінде ерекше сүйініш сезімімен сүйсіне суреттейді. Сонымен бірге осы көріністердің барлығы жиналып келгенде, төніп келе жатқан жаңа қауіптің - шетелдік құбыжықтардың алдына тосқауыл болардай немесе соларға бір елеулі қарсылық көрсетердей айбын ретінде көрінеді.
Әлбетте, кен көздерінің шетелдіктерге сатылуы жайындағы сыбысқа мүлделі жақтар арасында әрқилы көзқарас бары да автор назарынан тыс қала алмайды. Сондай мүдделілердің бірі бұл кеніштерге ертеден бауыр басып қалған Ушаков екені белгілі. Өзі компаниядан қуылып, акциялары сатылып кеткеннен кейін, есеп-қисабын дұрыстап, біржола көшіп кету үшін бұл араға қайта оралған ол өзінің ізінше бір кездегі француз президентінің баласы, кенші-инженер Клод Эрнст Карно мен Рязановтың адвокаты фон-Штейннің келе қалғанынан анық секем алған. Сондағы Ушаковтың жай күйі өзінше ауыр.
Әлде не алыстан елес беріп, туған елінің байлығы талан-таражға түсетін лебі келетін сияқтанады. Талау-талау! деп айғайлағысы келеді. Бірақ ол ешкімге айқайлап, араша сұрай алмайтынын біледі. Рязанов ұзамай құлайды. Мына келген жер дүниенің тазғыр мойын қара құстары мен құзғындары өлімтік иісін сезіп айналып жүр. Қазақ жерінде әлі де ортақтас болармын деген он шақты кен байлықтары бар еді. Қош болыңдар! Бәрің де кетесіңдер жат қолында! Кетесіңдер жат қолында!. [1]
Жан ашуыңдай қатты күйзеліс үстінде ол шынын да айтып қалған. Оның күңіреніп тұрғаны - жатқа кетіп бара жатқан қазақтың жері үшін емес, өзі әлі де пайда көрермін деп үміттеніп жүрген кен байлықтары үшін екен. Тумағанның түбі шикі дегеннің бір көрінісі осы болса керек.
Әр нәрсені алыстан болжап, тереңіне қапысыз көз жеткізе білетін Игілік ойы басқаша. Ішкі күйініші де, дағдарған күйзелісі де шынайы: Қазақ жері қазынаны кі деген заң барын білетін. Ішке орнаған бір тас кірнесі осы болатын. Енді сол жер жат елге сатылатын болса, еліңді бірге сатқаның емес пе? Жерінен айрылған ел қандай ел болмақ? Әлде өз зығырданы аз болғандай, ақ патшамыз қазақ даласына қосалқы қожа қоймақ па? Мына кісі (Ушаковты айтады - Ж.Ы.) қазақ елінің осындай қайғы-зарына ортақтасып отырған жоқ, бос жатқан байлықтан айрылып қалғанына күйініп отыр. Жерің мен елің бірге сатылайын деп отырғанда біз қайтуымыз керек... Біз қайтуымыз керек? - деп назалана қайталайды.
Міне бұл шын мәнісіндегі жан күйзелісі, аһ ұрып арпалысқан ішқұсталық. Игіліктің бұдан кейінгі іс-әрекеті де осыған сәйкес, тікелей осынау көңіл күйінен туындайды. Игілік өмір бойы жанын салып келген дүние-малдан енді біржола баз кешіп, безіп шыққандай.
Ол алдына салып мың-мыңдап бағып отырған малдан ада болмақ. Сол оймен қалың жылқысын төртке бөліп, балаларына енші береді. Содан соңғы шешімі - кіреден құтылып, өндіріс шаруасынан біржола арылып шықпақ. Ана жолы, Қызылжардағы ашық саудада өз малының құны шамалы екеніне көзі жеткеннен кейін, пайданың көзі өндірісте ғой деп, Қарағандыдағы барлық кірені өз қолына түсіріп алуды ойлап еді. Ол үшін сатылатын жылқы санын да есептеп, шотқа қағып қойған.
Енді сол райынан қайтып, қолындағы барлық тасымал малын, арба-шанасымен, әбзел-сайманымен, жол бойындағы қора-қопсылы бекеттерімен қоса компанияға сатып жібереді. Және қулық ойлап келген Сикорский мен Жұмабек төреге құндап, пұлдап, көтеріңкі бағамен сатады.
Игіліктің бұдан кейінгі тындырған үлкен бір жұмысы - үлкен баласы Ордабайды орнынан түсіртіп, Кенжеғараны болыс сайлатты. Малын төртке бөліп, балаларына енші бергендегі бір үлес Кенжеғараға ұйғарылған. Оны балам деп ашық түрде жариялаудың бір белгісі де осы болатын.
Кенжеғара еншісіне тиген малдан, әрине, бас тартты. Әке орнында жүрген Күреңкөз қожаның құнынан бас тартқанда-ақ ол өзінің кім екенін ел-жұртқа анық танытқандай еді. Бұл жолы да сол бетінен кайтқан жоқ. Маған мал керегі жоқ, - деп бірден кесіп айтты. Өз болмысының өзге бір қырын осы жерде және танытты. Өзіне тиер үлес Игілік әкесінің есігінде өмір бойы жалшылықта жүріп, ақы алмаған Бұланбай, Жабай, Сейіт сияқты жалшы-малшылардың тірісіне ақы, өлісіне қүн ретінде қайтарылсын деген ұсыныс айтты. Игілік те мұны қостай кетіп: артығымен қайтар, үстіне тағы мал қосамын, - деді.
Ал болыстықтан Кенжеғара бас тартқан жоқ. Оның да жөні бар еді. Былтыр Омбыдан семинария бітіріп келгенде, әрі қарай оқытпай, осында алып қалған Игіліктің өзі болатын. Соған бұл алғашында іштей наразы да болып жүрді. Қаладан қол үзіп кетті, ауылға жақындай алмады. Жүмыскерлер қауымымен де сыйыса алмастай көрген. Сөйтіп, өзінің кім екенін біле алмай, дағдарып та қалған.
Ал биыл Сейіттің өлімі үстінде, тағы басқа жерлерде ол жұмысшылар ортасын дұрыстап анық танығандай болды: өзінің байқағаңдарын барлап қараса, жұмыскерлер деген бір жаңа жұрт екен. Ақ жарқын, ақ көңіл, ашық жүзді еркектер Қарағандыға жиналған екен, - деп бірде үйдегі шешесіне айта келгені бар. Біріне-бірі жау емес, біріне-бірі күрегімен де, білегімен де қолқабыс тигізіп отырған қарапайым қауымға көзін үйретіп, көңілін ортақтастыруға пейіл білдірген.
Сол үшін оны Сикорский жүмыскер тобының ұлы адвокаты деп кекеткенде, бүл оған үзілді-кесілді тойтарыс берген:
- Оныма мен арланбаймын... Өрем жетсе, жалғыз жұмысшылар емес, барлық елімнің адвокаты болғым келеді [8], - деген. Ал мына лауазым оның алдынан бұл бағытта кең жол ашатын еді. Және ол жол жөніндегі мұның ұғымы да өзгеше, өзіндік ұғым болатын. Игілікті іштей әке деп сезіне жүріп, бүгін екеуара ашық әңгімеде бұл оны түңғыш рет аға деп атаған. Өзінің перзенттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz