Сапа көрсеткіштерінің атауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Смартфон (Smartphone - ағылшын термині болып табылады) - өзіне ұялы телефонның сөйлесу мүмкіндіктері мен қалта компьютерінің ғаламторға шығу, файлдармен жұмыс істеу, пошта тәрізді мүмкіндіктерімен біріктірілген гибрид болып табылады. Осындай модельдердің күннен-күнге өсіп келе жатқан функционалы мен есептеу қуатын көрсету үшін смартфон термині енгізілді. Тура аудармасында бұл термин ақылды телефон дегенді білдіреді.
Смартфонның ұялы телефоннан айырмашылығы -- оның амалдық және операциондық жүйесі болады. Амалдық жүйе болмаса, қазіргі заманғы компьютерлердің жабдықтары мен бағдарламаларына қатынасу мүлде мүмкін емес. Барлық аппараттық, сонымен қатар бағдарламалық жабдықтар пайдаланушыға тек амалдық жүйе арқылы ғана ұсынылады. Ал операциялық жүйе смартфонда жұмыс істеп тұрған ең маңызды бағдарламалық жасақтама жадыны, процесстерді, барлық бағдарламалық және аппараттық жасақтамаларды басқарады.
Техника сапасын арттырудың өзекті мәселесі, яғни оның техникалық жетілуіне қол жеткізу, тәжірибеде смартфондардың техникалық деңгейін бағалаумен, басқару шешімдерін қабылдаумен және тиісті іс-шараларды орындаумен шешіледі. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапа көрсеткіштерін бағалауды жүргізу процесін білу қажет.
Смартфонның сапа көрсеткіштерін бағалау арқылы біз қазіргі нарықтағы сан алуан тауар арасында өзімізге эргономикалық тиімді, баға мен сапаның үздік ара қатынасын таба аламыз. Себебі, бүгінгі таңда кейбір өндірістік компаниялар техниканың сапасын жоғалтпай, өзіндік құнын азайта отырып, тұтынушыға ұсынылатын тауардың төмен бағасының сақтап отыр. Бұл өз кезегінде басқа өндірушілер арасында бәсекелестікке қабілеттілігін жоғарылатады.
Келесі проблема - ақпараттық сауатсыздық. Себебі, жақсы смартфон таңдау жақсы білімді талап етеді. Мысалға, бағасы мен келбеті сырт көзге бірдей бірнеше өнімнің жұмыс қуаты, өнімділігі, атқаратын іс-шараларының ауқымы мен жалпы сапасы әртүрлі болуы мүмкін.
Курстық жұмысты орындау барсында жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдарын табуды, экономикалық тиімді, ыңғайлы смартфонды анықтау; нарықтағы смартфондардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау; квалиметрия пәні бойынша теориялық білімді бекітуді мақсат етемін.

1 ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Жалпы анықтамалар мен терминдер

Ажыратымдылық - аудан бірлігіне (немесе ұзындық бірлігіне) нүктелердің (растрлік бейнелеу элементтерінің) санын анықтайтын шама.
Растр (ағыл. Raster) - қағазда, мониторда, теледидар экранында кескінді құрайтын нүктелердің екі өлшемді жиымы.
Экран диагоналі - экран диагоналі дисплейдің қарама-қарсы бұрыштарының ара қашықтығымен анықталады және сантиметрмен немесе дюйммен өлшенеді.
Экран ажыратымдылығы - пикселдер арқылы анықталатын экрандағы сурет өлшемін айтады.
Пиксель - растрлық графикадағы, екі өлшемді сандық бейненің ең кіші логикалық элементі немесе суретті қалыптастыратын дисплей матрицасының элементі.
Дисплей - экранға мәтіндік және графикалық ақпаратты шығаратын құрылғы.
Процессор - ақпаратты түрлендіру бағдарламасында берілген ақпаратты орындайтын және барлық есептеу процесін басқаруды жүзеге асыратын компьютердің орталық бөлігі.
Процессор жиілігі - процессор қандай да бір шартты элементарлық операцияны орындайтын минималды уақыт кванты.
Жедел жады (ағыл. RAM) - қазіргі уақытта смартфонда іске қосылған бағдарламалардың жұмысына жауап береді.
Аккумулятор сыйымдылығы - толық зарядталған аккумулятор батареясының бере алатын энергия мөлшерін анықтайтын физикалық шама. Әдетте батарея сыйымдылығы ампер-сағат, миллиампер-сағатпен өлшенеді.
Ішкі жады - барлық физикалық деректер сақталатын, көлемі өзгермейтін, смартфонға кіріктірілген флеш-қойма.
Сыртқы жады - смартфон жадысын ұлғайту мақсатында орнатылған қосымша жады, флеш карта.
Габариттік өлшемдері - номиналды сыртқы өлшемдер: смартфонның ұзындығы, ені және биіктігі.
Амалдық жүйе - бұл құжаттармен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және бағдарламаларды жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.
Операциялық жүйе (ОЖ) - смартфонның барлық басты әрекеттерін басқаратын, көбінесе тұрақты сақтаушы құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа.
iPhone - бұл Apple компаниясы жасаған смартфондардың сериясы. Олар iOS операциялық жүйесімен жұмыс істейді, бұл MacOS-тың мобильді құрылғыда жұмыс істеуі үшін оңтайландырылған жеңілдетілген нұсқасы.
Гаджет (ағыл. gadget) - арнайы, әрі шектеулі тапсырмалар орындайтын және кішігірім өлшемдермен ерекшеленетін құрылғы бұйым. Гаджет ыңғайлы және ақылды дизайнымен, функционалдығымен қолданысты жеңілдетін құрал.
Бағдарлама (ағылш. Programm) - белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі.
Бағдарламалық жасақтама - бұл жеке компьютердегі, смартфондағы және басқа да гаджеттер мен цифрлық техникадағы барлық бағдарламалардың жиынтығы.
Функционалдылық - әдетте техника мен бағдарламалық жасақтамада бұл жүйе немесе құрылғы ұсынатын мүмкіндіктер (функциялар) жиынтығы.

Бағаланатын үлгі сипаттамалары

Толық функциялы операциялық жүйенің болуы смартфондарды көптеген пайдаланушылардың көзінше тартымды етеді. Заманауи телефондар (орташа баға санаты және жоғары модельдер) телефон шеңберінен шығатын көптеген міндеттерді жақсы орындайды: электрондық поштамен жұмыс істеу, мәтіндік құжаттар мен электрондық кестелерді қарау, тапсырмаларды жоспарлаушымен жұмыс істеу және т.б. Телефондардың функционалдығын J2ME-бағдарламалар есебінен кеңейту мүмкін, олар іс жүзінде барлық ұялы телефондармен, смартфондармен және коммуникаторлармен қолдау көрсетеді. Көптеген модельдер жад картасына арналған ұяшықпен жабдықталған.
Смартфонның немесе коммуникатордың операциялық жүйесі үшін арнайы жазылған бағдарламалар екілік кодқа төменгі деңгейлі микропроцессорлық командалар тізбектерімен толыққанды жинақталғанын атап өткен жөн. Арнайы қосымшалар процессор ресурстарын ұтымды пайдаланады және әдетте, J2ME-бағдарламалардан әмбебап қарағанда үлкен функционалдылыққа ие. Алайда көптеген пайдаланушылар үшін бұл жағдай таңдаудың негізгі өлшемі болып табылмайды. Смартфондарды өндірушілер озық мультимедиалық мүмкіндіктер (сапалы камера, кеңейтілген бейнелерді ойнату мүмкіндіктері, жетілдірілген музыкалық қабілеттер), Wi-Fi, GPS және тағы басқа сияқты басқа факторлардың есебінен жылжытады[4].
Техниканың бұл түрін бағалауда келесі негізгі параметрлер қарастырылады:
а1 - экран диагоналі;
а2 - процессор жиілігі;
а3 - ядролардың саны
а4 - жедел жады
а5 - негізгі камераның ажыратымдылығы
а6 - аккумулятор сыйымдылығы
а7 - салмағы
а8 - орташа құны;
а9 - ішкі жады;
а10- қалыңдығы;
а11- экран ажыратымдылығы.
Смартфондарға арналған ең көп таралған операциялық жүйелер мен платформалар:
Android - Open Handset Alliance әзірлейтін Linux негізіндегі ашық бастапқы коды бар смартфондарға арналған платформасы (Google бастаған компаниялар тобы);
BlackBerry OS - бұл жүйедегі құрылғылар негізінен АҚШ-та кеңінен қолданылады, өйткені кейбір елдердің арнайы қызметтері барлық кірісшығыс деректері AES арқылы шифрланғандықтан, осы смартфондарды өз елінде пайдалануға мүдделі емес;
iOS - iPhone смартфондарында қолданылатын Apple компаниясының операциялық жүйесі;
Windows Phone - Microsoft компаниясының ықшам ОЖ, 1996 жылдан бері шығарылады және смартфондарға арналған ОЖ нарығының ірі сегментін алатын Windows Mobile-дан түбегейлі ерекшеленетін Microsoft компаниясының жаңа әзірлемесі[1].

Зерттелетін үлгілер мен сапа көрсеткіштерін таңдау

Смартфондар 2-ші сынып (өнім қолданылғанда оның ресурстары шығындалады, өнім техникалық және моральдік тозуына дейін қолданылады) және 5-ші топ өніміне жатады (жөндеуге келетін бұйымдар).
Курстық жұмысқа үлгі ретінде қазіргі уақытта танымал Apple IPhone 6 Plus, Huawei P30 Lite, Xiaomi Redmi Note 8 Pro смартфондарды алынды. Үлгілер бірінші кезекте құндық спектр, содан кейн функционалдылық бойынша таңдалынды.
Өнімнің сапасын бағалауды жүргізу үшін базалық үлгі - сапа көрсеткіштерінің оңтайлы мәндерінің нақты қол жетімді жиынтығымен сипатталатын үлгіні таңдау қажет.
Базалық үлгі ретінде Apple Iphone 6 үлгісі таңдалды. Себебі Apple компаниясы смартфондардың әлемдік жетекші өндірушісі болып табылатыны және тұтынушылар арасында танымал белгілі. Мұндағы операциондық жүйенің қалған екі үлгімен салыстарғанда айырмашылығы бар. Алайда, iOS-тың Android жүйесімен бәсеке қабілеттігі жетерлік.
Өнімнің осы үлгілерінің сапасын бағалау келесі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі: экран диагоналі, процессор жиілігі, ядролардың саны, жедел жады, негізгі камераның ажыратымдылығы, аккумулятор сыйымдылығы, салмағы, орташа бағасы, ішкі жады, қалыңдығы, биіктігі, экран ажыратымдылығы.
Смартфондардың сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістері 1-ші кестеде келтірілген.

1 кесте
Сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістері
№ рб
Сапа көрсеткіштерінің атауы
Алу тәсілі
Алу көзі
Қателіктің шамасы
1
Экран диагоналі
Өлшеу
Сараптамалық
Жеңілдетілген
2
Процессор жиілігі
Есептік
Сараптамалық
Жеңілдетілген
3
Ядролардың саны
Тіркеу
Дәстүрлі
Жеңілдетілген
4
Жедел жады
Тіркеу
Сараптамалық
Жеңілдетілген
5
Негізгі камера ажыратымдылығы
Есептік
Сараптамалық
Жеңілдетілген
6
Аккумулятор сыйымдылығы
Өлшеу
Сараптамалық
Жеңілдетілген
7
Салмағы
Өлшеу
Дәстүрлі
Жеңілдетілген
8
Орташа құны
Тіркеу
Дәстүрлі
Жеңілдетілген
9
Ішкі жады
Тіркеу
Сараптамалық
Жеңілдетілген
10
Қалыңдығы
Өлшеу
Дәстүрлі
Жеңілдетілген
11
Экран ажыратымдылығы
Есептік
Сараптамалық
Жеңілдетілген

1.4 Өнім сапасының деңгейін бағалау алгоритмі

Бұйым сапасының деңгейін бағалауды жүргізу кезеңдерінің дәйектілігі мен мазмұны бағалау жүргізілетін өнімнің өмірлік циклінің сатысымен тікелей байланысты және өнім сапасының деңгейін бағалау өнім сапасын басқару жүйесінде қажетті басқарушылық шешімдерді әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Өнімнің өмірлік циклінің негізгі кезеңдерінде - өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу, өндіру және пайдалану немесе тұтыну сатыларында бағалау жүргізу кезеңдерін қарастырайық.
Өнімді әзірлеу келесі іс-шараларды көздейді:
өнімнің сыныбы мен тобын орнату;
өнімді пайдалану шарттарын анықтау;
тұтынушылардың, оның ішінде сыртқы нарықтың талаптарын белгілеу;
өнім сапасының деңгейін анықтайтын көрсеткіштер номенклатурасын таңдау және негіздеу;
өнеркәсіптік игерілген өнімнің үздік отандық және шетелдік аналогтарын анықтау, базалық үлгіні таңдау;
патенттік құжаттаманы пайдалану негізінде үздік техникалық шешімдерді таңдау және өнім сапасының оңтайлы деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің мәнін белгілеу;
бағаланатын (болжанатын) өнім сапасының есептелген көрсеткіштерін және базалық үлгіні анықтау;
өнім сапасының деңгейін бағалау әдісін таңдау;
бағалау нәтижесін алу және шешім қабылдау;
өнімнің сапасына қойылатын талаптарды белгілеу және нормативтік-техникалық құжаттамада көрсеткіштерді нормалау
Өнімді дайындау келесі әрекеттерді қамтиды:
өнімнің сапасын бақылау және сынау көлемін, кезеңділігін, әдістерін, құралдарын белгілеу;
бақылау және сынау нәтижелері бойынша сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтау;
өнім сапасының көрсеткіштерін статистикалық бағалау;
ақаулық көрсеткіштері бойынша сапа деңгейін бағалау;
бағалау нәтижесін алу және шешім қабылдау.
Пайдалану немесе тұтыну:
өнімді пайдалану немесе тұтыну шарттарын белгілеу;
пайдалануда немесе тұтынуда өнімнің сапасы туралы ақпаратты жинау және алу тәсілін белгілеу;
пайдалану немесе тұтыну нәтижелері бойынша сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтау;
бұйымды пайдаланудан немесе тұтынудан жиынтық пайдалы әсерді анықтау, өнімді әзірлеуге, өндіруге және пайдалануға немесе тұтынуға арналған жиынтық шығындарды есептеу;
пайдалану немесе тұтыну деректері бойынша сапа көрсеткіштерін статистикалық бағалау, рекламацияларды бағалау;
өнім сапасының деңгейін кешенді (интегралдық) бағалау;
бағалау нәтижесін алу және басқарушылық шешімдерді қабылдау.
Өнім сапасының деңгейін бағалау келесі міндеттерді объективті шешу үшін жүргізіледі:
қамтамасыз ету және сапаны басқару;
сапа категориялары бойынша өнімді аттестаттау;
өнімнің ең жақсы (оңтайлы) нұсқасын таңдау;
құрылатын техника сапасының көрсеткіштерін жоспарлау;
сапасын бақылау;
сапа деңгейінің өзгеруін талдау.
Сапа деңгейін бағалау кезеңі белгіленгеннен кейін оны жүргізудің негізгі кезеңдері бөлінеді. Жалпы түрде басқару шешімдерін қабылдау үшін өнім сапасының деңгейін бағалау келесі кезеңдерді қамтиды:
бұйымның сапа деңгейін (техникалық деңгейін) бағалау мақсатын белгілеу;
бағаланушының номенклатурасын, сапа көрсеткіштерін таңдау
олардың қажеттілігі мен жеткіліктілігін негіздеу;
сапа көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістері мен тәсілдерін таңдау немесе әзірлеу;
сапа көрсеткіштерінің базалық мәндерін таңдау немесе анықтау және бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтау үшін бастапқы деректерді іздеу;
сапа көрсеткіштерінің нақты мәндерін анықтау және оларды базалық;
сапа деңгейін бағалау және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу [5].
Сапаны бағалау үшін таңдалған үлгілердің техникалық құжаттамасының негізінде тұтынушы үшін аса маңызды сапа көрсеткіштерінің жүйесін қалыптастырамыз және олардың мәнін белгілейміз. Деректерді 2-кестеге енгіземіз.

2 кесте
Смартфондар сапасының абсолютті көрсеткіштері
№ рб
Сапа көрсеткіштерінің атауы
Бағаланатын үлгілер

Apple Iphone 6 Plus
Xiaomi Redmi Note 8 Pro
Huawei P30 Lite
1
Экран диагоналі, дюйм
5,5
6,53
6,15
2
Процессор жиілігі, Гц
1400
2050
2200
3
Ядролардың саны
2
8
8
4
Жедел жады, Мбайт
2048
6144
4096
5
Негізгі камера ажыратымдылығы, МПиксель
8
32
20
6
Аккумулятор сыйымдылығы, мАс
2915
4500
3750
7
Салмағы, гр
172
200
172
8
Орташа құны, теңге
164000
109890
119900
9
Ішкі жады, Гбайт
64
128
128
10
Қалыңдығы, мм
7,1
8,8
7,6
11
Экран ажыратымдылығы
1920х1080
2340х1080
2340х1080
12
Операциондық жүйе
iOS 8.0
Android 9.0
Android 8.0

Сапаны бағалау дифференциалды, кешенді және аралас әдістерімен жүргізілді.

2 ӨНІМ САПАСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ӘДІСІ

Техникалық бұйымдардың сапасын бағалаудың дифференциалды әдісі бірінші кезекте біліктілік әдісі бар, ол бұйымдарды асып түседі, сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді сияқты сапа санаттары бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік өнімнің техникалық деңгейін дифференциалды бағалау әдісі кезінде бұйымның жеке қасиеттері сандық бағаланады, бұл осы өнімнің сапасын басқару бойынша нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұйымдарды бағалаудың дифференциалды әдісі - бағаланатын бұйымдар сапасының бірлік көрсеткіштерін базалық үлгінің тиісті көрсеткіштерімен салыстыруды болып табылады. Бұл ретте бағаланатын бұйымның сапасы тұтастай базалық үлгінің сапасына жететінін; бағаланатын бұйымның қандай бірлі-жарым көрсеткіштері базалық үлгінің сапа көрсеткіштерінен асып түсетінін немесе оларға сәйкес келмейтінін, сондай-ақ қасиеттердің бір-бірінен ұқсас бірлі-жарым көрсеткіштері қаншалықты ерекшеленетінін анықтайды.
Дифференциалдық әдісте қатынастардың квалиметриялық шкаласын қолданамыз. Базалық модель ретінде Apple Iphone 6 Plus үлгісі таңдалған, сәйкесінше, оның сапа көрсеткіштері базалық болады және оның көрсеткіштерінің деңгейі 1-ге тең болып есептелінеді.
Салыстырмалы көрсеткіштерді есептеу кезінде мынадай қағидаттарды ұстанады.
Көрсеткіштің мәні ұлғайған кезде өнім сапасы жақсарса, келесі (1) формуланы пайдаланады:

(1)

мұнда
Qi - тауар сапасының і-ші көрсеткішін бағалау мәні;
Рі - бағаланатын тауар сапасының i-ші көрсеткішінің мәні;
Рiбаз - i-ші көрсеткіштің базалық мәні.
Егер көрсеткіштің мәні ұлғайған кезде өнімнің сапасы нашарласа, онда келесі (2) формуланы пайдаланады:

(2)

Көрсеткіштерді дифференциалды әдіспен салыстыру нәтижесінде бағалаудың келесі нәтижелері сапалы түрде жасалуы мүмкін.
Q1x1=6,535,5=1,187
Q1x2=6,155,5=1,118
Q2(x1)=20501400=1,464
Q2x2=22001400=1,571
Q3(x1)=82=4,000
Q3x2=82=4,000
Q4(x1)=61442048=3,000
Q4x2=40962048=2,000
Q5(x1)=328=4,000
Q5x2=208=2,500
Q6(x1)=45002915=1,543
Q6x2=37502915=1,286
Q7(x1)=172200=0,860
Q7x2=172172=1,000
Q8(x1)=164000109890=1,492
Q8x2=164000119900=1,367
Q9(x1)=12864=2,000
Q9x2=12864=2,000
Q10(x1)=7,18,8=0,806
Q10x2=7,17,6=0,934
Q11(x1)=23401920=1,218
Q11x2=23401920=1,218
Алынған мәндер 3-кестеге енгізіледі.

3 кесте
Сапа көрсеткіштерінің салыстырмалы мәні
№ рб
Сапа көрсеткіштерінің атауы
Бағаланатын үлгілер

Xiaomi Redmi Note 8 Pro, x1

Huawei P30 Lite, x2
1
Экран диагоналі
1,187
1,118
2
Процессор жиілігі
1,464
1,571
3
Ядролардың саны
4,000
4,000
4
Жедел жады
3,000
2,000
5
Негізгі камера ажыратымдылығы
4,000
2,500
6
Аккумулятор сыйымдылығы
1,543
1,286
7
Салмағы
0,860
1,000
8
Орташа құны
1,492
1,367
9
Ішкі жады
2,000
2,000
10
Қалыңдығы
0,806
0,964
11
Экран ажыратымдылығы
1,218
1,218
3-кестенің деректері бойынша қатынастардың шкаласын тұрғызамыз(1-сурет). Ордината осі бойынша Apple iPhone 6 Plus, яғни базалық үлгі көрсеткіші 1-ге сәйкес. Абсцисса осі бойынша сапа көрсеткіштерінің атаулары келтірілген.

1 сурет Смартфон көрсеткіштерінің қатынастар шкаласы
Қорытынды келесі деректердің негізінде жасалады:
Q=1-бағаланатын үлгі базалық модельдің сапа деңгейінен асып түседі;
Q=1-бағаланатын үлгі базалық модельдің сапа деңгейіне жол береді;
Қорытынды: Есептеу нәтижелеріне қарап, бұл әдіс бір мәнді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аяқ киімге арналған аяқ киімнің сапа көрсеткіштерін бағалау
Сертификаттау мақсатында сынауларды өткізу
Пластмассаның сапа деңгейін бағалау
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Тоңазытқыш сапасының көрсеткіштері
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
“ҰССО” жағдайында құрлыс материялдарының сапасын талдау
Фотоаппараттың сапасын бағалау
Қуысденелі қабырғалық бетон тасы материалының сапа көрсеткіштері
«Алматы экстертиза» ЖШС жағдайында өнім сапасын талдау
Пәндер