Азаматтық құқық қатынастарының түрлері


Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Қоғамдық қатынастар
1. 1. Қоғамдық қатынастар ұғымы
1. 2. Қоғамдық қатынастар түрлері
2. Азаматтық құқықтық қатынастар
2. 1 Азаматтық құқық ұғымы
2. 2 Азаматтық құқықтық қатынастар
2. 3 Азаматтық құқықтың реттеу тәсілдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір қоғам немесе қоғамның қалыптасу қатынастарының барлық түрлерінің жиынтығы. Қоғамдық қатынастар саяси, экономикалық қатынастармен бір реттік болмай, олармен тек пен түр ретінде қатынасады. Осындай қатынастардың жалпы жүйесінде өзіне белгіленген рөлін ойнайды. Қатынастар жүйесінде қоғамдық экономикалық қатынастар, басқа қоғамдық қатынастардың сипаты мен мазмұнына қарай басым рөл атқарады. Экономикалық қатынастармен қатар әлеуметтік, идеологиялық, саяси қатынастар да бар. Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Бұл ұғым әлеуметтанудағы ең маңызды ұғымдардың бірі болып табылатынына қарамастан, оны қолдану әсіресе оның екінші өзіндік отбасылық, экономикалық және саяси институттары мен анық шекаралары бар әйгілі ұлттық мемлекеттерге қолданыла алатын мағынасында пайдалану бірқатар қиындықтар мен кикілжіңдер туғызып отыр.
Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа жай ғана жауап беру қиын. Қоғам - өте нәзік әрі күрделі материя. Оны қолымен ұстауға немесе микроскоппен қарап көруге болмайды. Олай болса, қоғамды анықтайтын өлшемді табу қажет. «Қоғам» деген сөздің мағынасы кең: алғашқы қауымдық қоғам, феодалдық қоғам, капиталистік қоғам, француз қоғамы, демократиялық қоғам т. б. Бұл арада алдымен белгілі бір қауымның немесе жеке бір елдің тарихи даму кезеңдері еске түседі. Ал осы сөзді жалпы мағынада алсақ, онда бүкіл адамзат тарихы және оның болашағы туралы ойлаймыз. Бұл - әлемнің барлық халықтарының жиынтығы жөніндегі ұғым. Басқа сөзбен айтсақ, адамдардың өзара қатынас тәсілі және бірігу формаларынан тұратын, табиғаттан ерекшеленген дүниенің бір бөлігі.
Қоғам туралы түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Біріншісі, қоғам - адамның өмір сүру тәсілі. Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Екіншіден, қоғам жеке адамдардан ғана тұрмайды, ол сол жеке адамдардың өзара қатынасын көрсетеді. Жеке адам қоғамға ұжым арқылы енеді. Ол сонымен қатар бірнеше ұжымдардың мүшесі болады (еңбек, партия, кәсіподақ, т. б. ) . Демек, қоғам - ұжымдардың ұжымы, бірлігі болып көрінеді. Адамдар қоғамда белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа жатады. Әлеуметтік топтардың, таптардың, ұлттардың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени өмірдегі көп салалы байланыстары мен іс-әрекеті қоғамдық қатынас деп аталады.
Сонымен, қоғамды адамдардың өмір сүру тәсілі деп түсіну үшін, олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды білу қажет. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:
1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;
2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;
3) қоғамның объективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме, жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
Қоғамның материалдық өндіріс саласындағы қатынасы мен рухани саласындағы қатынасын ажырата білу керек. Біріншісі - қоғамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, ал екіншісі (идеологиялық, саяси, құқықтық, имандылық т. б. ) - адамдардың рухани-мәдени құндылықты жасаудағы өзара байланыстарының нәтижесі. Сонымен қатар материалдық және рухани қатынастар.
Қоғамдық қатынастар - белгілі бір өндіріс тәсілі негізінде өндірісте және өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар. Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық және идеологиялық деп екіге жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективтік, адамдардың санасы мен еркін байланысты емес. Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы. Өндірістік қатынас қоғамдық өндірістін қажетті жағы. Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы болады, өндірісі орын алады. Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең маңыздылары саяси, құқықтық, моральдік, ұлттық, діни т. б. қатынастар. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы - өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу, оның ең бастысын, негізін анықтау. Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу - ғылымның зор еңбегі. Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде және сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.
Қоғамдық қатынас антогонистік және антогонистік емес болып екіге бөлінеді. Антогонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда болады. Антогонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады. Мәселен, алғашқы қауымдық қоғам Марксизм болашақ комунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.
Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т. б. күрделі мәселелер құықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылады. Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым- қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т. б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективті үдеріс, қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процес әр түрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекеттің шеңбері кеңейеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдік, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б. байланыстар. Бұл байланыстар - қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады. Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес нормативтік актілер мынадай мерзімдерде:
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес елімізде республиканың Жоғарғы сотының нормативтік қаулылары ғана қолданыстағы құқық деп танылады. Мысал ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының 1995 жылғы 22-желтоқсандағы пленумының «Сотттардың моральдық залалдың орнын толтыру туралы заңдарды қолдануы туралы» қаулысын атауға болады.
1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі нарықты қайта құру жылдарында қалыптасқан азаматтық заң шығарудың ірі біріктіруі болып табылады, сонымен бірге онда бұдан бұрын Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында болмаған көптеген нормалар пайда болды.
Азаматтық заңдар адамдардың тобы бойынша да нақ осылайша қолданылады. Атап айтқанда, азаматтық заңдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына қолданылады. Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағында шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар нақ сондай құқықтарды сатып алуға құқықты емес және заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшін қандай міндеттер көзделсе, нақ сондай міндеттерді орындауға міндетті.
Азаматтық заңдар және олардың жүйесі.
Азаматтық заңдар және халықаралық құқық нормалары. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 8-бабында былай деп баянды етілген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады». Конституциялық ережелер бұдан әрі Азаматтық кодексінде дамытылады.
Азаматтық заңдар, іскерлік дағдылар, іскерлік айналым ғұрыптары, мораль және адамгершілік ережелері. Азаматтық кодекстің 3-бабының 4-тармағында азамттық қатынастар ғұрыптармен, соның ішінде, егер Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңдарға қайшы келмесе, іскерлік айналым ғұрыптарымен реттелетін ережелермен белгіленетінін атап өту маңызды.
Азаматтық заңдар, сот пленумының қаулылары, сот практикасы және сот прецеденті. Батыстың көптеген елдері үшін азаматтық құқық деректемелері ретінде сот және төрелік практикасы қолданылуы мүмкін.
Азаматтық заңдарда 1994 жылы 27 желтоқсанда он үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ІІ сессиясы қабылданған жаңа Азаматтық Кодекс ерекше орын алады. Азаматтық Кодекске 1996 жылғы 15 шілдедегі, 1997 жылғы 5 наурыздағы, 1997 жылғы 2 шілдедегі, 1997 жылғы 11 шілдедегі, 1998 жылғы 2 наурыздағы өзгерістер енгізілгенін ескеру қажет.
Азаматтық заңдардың кеңістікте және адамдар тобы бойынша қолданылуы. Азаматтық-құқықтық нормативтік актілер Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Алайда азаматтық-құқықтық нормативтік акт шығарған орган сол актінің қолданылу аумағын шектеуі мүмкін.
Азаматтық заңдардың қолданылуы.
Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға, заңға сәйкес жасалған сатып алу-сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп беру және т. б. сияқты әртүрлі азаматтық-құқықтық мәмілелерді алуға болады.
Азаматтық заңдардың уақыт бойынша қолданылуы. Қазақстан Республикасының Конституциясы 4-бабының 4-тармағына сәйкес, барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар деп жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Азаматтық заңдардың қолданылуы:
Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқмүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеуке келбет құқығы, жеке өмірдің құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-шы бабындаазаматың ар- намысымен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық атап көрсетілген.
Азаматтық кодекстің 1-ші бабының1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделгенөзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ м. үліңктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарреттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жекеқатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық кодекстің 3-бабында Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының жүйесі анықталған. Ең алдымен ол жалпы республикалық болып табылады және Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Президетінің заң күші бар жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан, сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2 тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Президетінің жзарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық кодекстің 3-бабының 5-тармағында Азаматтық кдексте және азаматтық заңдардың өзге де актілерінде көзделген жағдайлар мен шекте министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар азаматтық қатынастарды реттейтін актілер шығара алады деп белгіленген.
Азаматтық кодекстің 4-бабында азаматтық заңдардың кері күші болмайтыны және олар күшіне енгізілгеннен кейін пайда болатын қатынастарға қолданылатыны туралы ереже белгіленген. Азаматтық заң актілерінің ол күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға заңдық күші бұл онда тікелей көзделген жағдайларда қолданылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы қаулысын мысалға келтіруге болады, оның 2-тармағында заңның 6-тармағының күші осы заңды күшіне енгізуге дейін пайда болған құқық қатынастарына да қолданылады деп белгіленген.
Азаматтық кодекстің272-бабында іскерлік дағдылардың қолданылу мүмкіндігі көзделген. Атап айтқанда, міндеттеме тиісті түрде, міндеттемелердің ережелері мен заңдардың талаптарына сәйкес, ал мұндай ережелер мен талаптар болмаған жағдайда іскерлік айналым ғұрыптарына немесе әдетте қойылатын өзге талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Сонымен, азаматтық айналымда орныққан мінез-құлық ережелері іскерлік дағдылар деп түсініледі. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызмет саласында іскерлік айналым ғұрыптары кең таралып отыр. Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының Пленумы мен Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік соты Пленумының 1996 жылғы 1-шілдедегі «Ресей Федерациясының Азаматтық кодексі бірінші бөлімінің қолданылуына байланысты кейбір мәселелер туралы» қаулысының 4-тармағында мынадай түсіндірме беріледі. Азаматттық кодекстің 5-бабына сәйкес іскерлік қызметтен туындайтын дауды шешу кезінде соттың қолдануы мүмкін іскерлік айналым дағдысы деп заңдарда немесе шартта көзделмеген, бірақ қалыптасқан, яғни мазмұны жағынан жеткілікті дәрежеде айқындалған, кәсіпкерлік қызметтің қайсыбір саласында кеңінен қолданылатын мінез құлық ережесін түсіну керек.
Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына сала ретінде тек анықтамағана емес, оның басқа көрсетуге болады.
Азаматтық құқық
Азаматтық құқық қатынастары әдетте: а) мүліктік және мүліктік емес; ә) абсолютті және салыстырмалы; б) заттық және міндеттемелік деп ажыратылады.
Азаматтық құқық қатынастары мүліктік қатынастар мен мүліктік емес қатынастарға бөлу мынаған негізделген: мүліктік құқық қатынастарының белгілі бір экономикалық мазмұны бар, сонымен бірге мүліктік емес құқық қатынастарының мұндай мазмұны болмайды және жеке адамның кейбір материалдық емес мүдделерін қамтамасыз етеді.
Азаматтық құқық қатынастарын дамытуға, азаматтық-құқықтықактілерді қоспағанда, өзге де құқық салаларының нормаларына сәйкес жасалатын заң актілерінің ықпал етуі мүмкін және олар ықпал етеді де. Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 7-бабында азаматтық құқықтар мен міндеттердің әкімшілік актілерден пайда болуы көзделген. Мысалға азаматты жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу актісін алуға болады.
Азаматтық құқық қатынастарының ерекшеліктері мыналар болып табылады:
Азаматтық құқық қатынастарының туындауына заңдық фактілер негіз болып табылады. Азаматтық кодекстің 7-бабында әртүрлі заңдық фактілер азаматтық құқық қатынастарының негіздері ретінде көзделген. Бұл тізбенің бәрін түгел қамтымайтынын атап өту қажет. Өйткені азаматттық құқықтар мен міндеттер қолданылып жүрген заңдарға тікелей көзделмеген өзге де заңдық фактілер негізінде пайда болып, өзгеріліп және тоқтатылып отырады, бірақ оның жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейді.
Азаматтық құқық қатынастарының түрлері
Азаматтық құқық қатынасы санатының азаматтық құқық түсінігі үшін зор маңызы бар. Азаматтық құқықпен реттелген мүліктік қатынастар, сондай-ақ қатысушылары бір-бірімен субъективті азаматтық құқықтармен және міндеттермен байланысатын соларға қатысты жеке мүліктік қатынастар азаматтық құқық қатынастары деп аталады. Г. Ф. Шершеневич өзінің «Орыс азаматтық құқығының оқулығы» деген кітабында былай деп жазған: «кез келген тұрмыстық қатынас оның заңдық нормалармен қашан және қаншалықты анықталса да заңдық қатынастар болады. Нақ осы жағынан заңдық жағы да болады, өйткені біреуі екіншісінен талап ету құқығын алады, ал соңғысы заң ережелерінде айтылғандары орындауға, мысалы, белгіленген жалдау ақысын енгізуге міндеттенеді».
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны
Азаматтық құқық қатынасының мазмұны және түрлері.
Азаматтық құқық қатынасының ұғымы және оның ерекшеліктері.
Азаматтық құқық негізінен алғанда мүліктік қатынастарды реттейтіндіктен, азаматтық құқық қатынастарына қатысушылар көбінесе мүліктік құқықтардың иелері ретінде әрекет етеді. Ондай құқықтарды, әдетте, беруге болады, яғни олар басқа адамға берілуі мүмкін не оған жалпы құқықтық мирасқорлық тәртібімен ауысуы мүмкін. Мүліктік құқықтың жеке, оларды иеленушілердің жеке басынан ажырағысыз, басқаға берілмейтін болуы жиі кездеседі. Оларды басқа адамға беруге не оған жалпы құқықтық мұрагерлік бойынша ауыстыруға болмайды. Мысалы, атақ, ар-ождан құқығы, авторлық құқық осындай болады.
Азаматтық құқық нормаларының көпшілігі диспозитивтік сипатта болады. Алайда азаматтық заңдарда тыйым салулар мен нұсқаулар сипатындағы ережелер де белгілі. Құқықтың тыйым салу нормалары азаматтық құқық қатынастары қатысушылардың міндеттерін де айқындайды. Мысалға, тараптардың шарттан бір жақты бас тартуын немесе оның ережелерін бір жақты өзгерту.
Азаматтық құқық сала ретінде толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты азаматтық құқығының реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтың құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу прцесінде бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің теңдігі және заң алдында бір текті қорғалуы.
Азаматтық құқық дегеніміз - бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас.
Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері
Азаматтық-құқықтық нормативтік актінің күшіне ену кезімен қатар оның қолданылуын тоқтату кезінің де маңызы зор. Көптеген жағдайларда азаматтық-құқықтық нормативтік актілер бұрын қолданылып келген нормативтік актінің күшін жоятын немесе оның мазмұнын өзгертетін жаңа нормативтік актінің қабылданылуы нәтижесінде өз күшін жояды. Мәселен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін күшіне енгізу туралы» 1994 жылғы 27-желтоқсандағы қаулысымен «Меншік туралы», «Кәсіпорындар туралы», «Кепіл туралы» заңдардың күші жойылды деп танылды.
Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері.
Азаматық заңдармен реттелетін қатынастаржиынтығын анықтай келе, бүл қатынастардың субъектілерін де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік -аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азамтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған Азаматық Кодекістің ерекшелігі сол, мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.
Азамматық құқық туралы ұғым.
Басқаруға құқықты адамға алдын ала белгілі алдын ала белгілі адамдардың белгілі бір айқын тобы қарсы тұратын құқық қатынастары салыстырмалы деп сааналады. Олар бірнешеу болуы мүмкін, бірақ олар әрқашанда дәл анықталған болады. Мысалы, азаматтар немесе заңды тұлғалар жасасқан шарттан туындайтын құқық қатынастары салыстырмалы.
Біріншіден, азаматтық құқық қатынастарының субъектілері заң жүзінде тең құқылы, бір-біріне тәуелсіз, сол арқылы олар басқа құқық қатынастарынан ажыратылады. ;
Бұлайша бөлудің негізіне әртүрлі белгілер алынғандықтан, бір ғана құқық қатынасы бір мезгілде мүліктік, абсолютті, заттық, не мүліктік, салыстырмалы, міндеттемелік және т. б. болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz